Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық архитектурасы


М а з м ұ н ы

КІРІСПЕ . . . 3

1 - ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ АРХИТЕКТУРА ТҮСІНІГІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ . . . 7

1. 1. Білім беру саласындағы электрондық оқыту құралдарының құрылымы мен негізгі бағыттары . . . 7

1. 2. Ақпараттық архитектура түсінігі, анықтамасы және

маңыздылығы . . . 19

1. 3. Ақпараттық архитектураны қолдану мен оның негізгі принциптері . . . 26

2 - ТАРАУ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ АРХИТЕКТУРАСЫ . . . 46

2. 1. Электрондық оқыту құралдарын жасаудың ақпараттық

архитектурасын қолдану үдерісі мен әдіснамасы . . . 46

2. 2. Ақпараттық архитектураны практика жүзінде іске асыру . . . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 72

ҚОСЫМША . . . 74

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі жекелеген пәндер бойынша жасалып, пайдаланылып жүрген электрондық оқыту құралдарына тікелей байланысты. Сол себепті ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық технологияларын меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Алғашқы электрондық программалық оқыту құралдарын жасау үшін, сол кездегі бәріне мәлім программалау тілінде программалау технологиясы қолданылды. Программалаушы рөлінде әдетте, жоғары оқу орнының студенттері немесе аспиранттары болды.

Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану басынан бастап негізгі екі бағыт бойынша дамыды. Бірінші бағытта әр түрлі пәндер бойынша автоматтандыралған оқыту жүйелері жасалады және пайдаланылады. Мұндай жүйелер көп жағдайда қабықшалармен сәйкес келеді: автоматтандырылған оқыту жүйелерінің ядросы, педагогтарға мәліметтер қорына өзінің оқыту материалдарын енгізуге және арнайы тіл немесе инструментальды құралдар көмегімен оның оқыту алгоритмдерін бағдарламалауға мүмкіндік беретін авторлық жүйе болып табылады.

Ал осы жеке мұғалім немесе ұжым болып жасалынатын электрондық оқыту құралдары олардың алғашқы нұсқасы қағаз бетіне түсірілместен бірден жасалынады, соның салдарынан сапасыз, тіпті кейде мүлдем жарамсыз электрондық оқыту құралдары пайда болады. Яғни, бұл жасалынатын электрондық оқыту құралының (ЭОҚ) алғашқы нұсқасы алдын ала жоспарланып немесе ақпараттық архитектурасы (АА) сызылуы керек дегенді білдіреді.

Ақпараттық архитектура түсінігін зерттеуші ғалымдар (Р. Вурман, Л. Розенфельд, П. Морвиль, А. А. Телегин) берген анықтамасы бойынша «ақпараттық архитектура (АА) » ретінде - мәселелерді жедел шешу мен электрондық оқыту құралы қамтитындарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін электрондық оқыту құралдарының материалын, интерфейсін, навигациясын, визуалды дизайнын ұйымдастырудың сүлбелерін үйлестіру түсініледі [17] . Электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасы, көбінесе, жүйесіз құрастырылып, оқушыға оқытылып отырған пәндік саланың логикалық құрылымын қажеттілікке сай қабылдамай, оның «адасуына» әкеліп соқтырады. Электрондық оқыту құралы көркемдік жағынан да, орындалуы жағынан да ақпараттық толықтығы, әдістемелік құралдардың сапасы, технологиялық орындалу сапасы, көрнекілігі, ойдың логикалығы мен байланыстығы жағынан жоғары деңгейде болуы қажет. Өзінің анықтамасының ерекшелігінің арқасында электрондық оқыту құралдары визуалды және аудиоақпараттың сапасын көтереді, яғни, ақпарат ашық, әрлі, динамикалы болады. Осы тұрғыдан алғанда заманауи мультимедиалық технологиялардың мүмкіндігі зор. Мультимедиалық құралдардың, сонымен қатар, заман талабына сай жаңа технологиялардың көмегімен білім беру үдерісін әсерлі етіп, әрі тиянақтылай түсері сөзсіз.

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс. Компьютердің графикалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.

Электрондық оқу құралы: құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқаулар, практикумға, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.

Электрондық оқыту құралдарын жасау және оны қолдану ерекшеліктерін зерттеу мәселелері Е. Ы. Бидайбеков [5], В. В. Гриншкун [3], А. Ю. Уваровтың [10], Б. Ғ. Бостановтың [16, 17] еңбектерінде қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісіне АҚТ мен оның көмегімен жасалған электрондық оқыту құралдары қарқынды түрде енуде. Қазіргі заманда электрондық оқыту құралдарын қандай да болмасын, пайдаланбайтын бір пәнді атау мүмкін емес. Сондықтан да, ең бір ақпараттандырылған мектеп пәндерінің бірі информатика болатын және болып қала береді. Бұл пәннің ерекшелігі сонда, информатикаға оқыту мен оқу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін информатика құралдарымен бірге, білім беру ресурстары қатар пайдаланылады.

Өкінішке орай, информатика бойынша электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасы, көбінесе, жүйесіз құрастырылып, оқушыға оқытылып отырған пәндік саланың логикалық құрылымын қажеттілікке сай қабылдамай, оның «адасуына» әкеліп соқтырады.

Сондықтан да, жасалынатын электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасын жасап ұсына зерттеуді қажет ететін мәселе, ал бұл дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселеге арналғандығын білдіреді.

Мәселені шешу электрондық оқыту құралдарын жасау технологиясын ұсынушы және зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне талдау жасап, толықтырулар енгізу арқылы ғана мүмкін болмақ.

Зерттеудің мақсаты - электрондық оқыту құралдарын жасаудағы ақпараттық архитектураның маңыздылығын анықтап, болашақта жасалынатын электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасының өзіндік нұсқасын ұсыну.

Зерттеу нысаны - білім беру жүйесін заман талабына сай дамуына байланысты электрондық оқыту құралдарының ақпараттық архитектурасын жобалау.

Зерттеудің пәні - болашақта ақпараттық архитекторлардың рөлі жоғарылап, ЖОО - да сонымен қатар, орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне білімдерін қайта көтеруде арнайы курс ретінде оқытылуына ықпал жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер электрондық оқыту құралдарын жасаушылар немесе құрастырушылар оның ақпараттық архитектурасын алдын ала даярлап, содан кейін оны жасауға кірісер болсақ, сонда ғана сапалы электрондық оқыту құралын жасай алар едік, өйткені, дұрыс құрастырылған ақпараттық архитектура сапалы ЭОҚ жасауға әкелері хақ.

Қойылған мақсат пен жасалған ғылыми болжамға сәйкес зерттеудің мынандай зерттеудің міндеттері анықталды:

  • қазіргі таңдағы білім беру саласындағы электрондық оқыту құралдарының құрылымы мен негізгі бағыттарын анықтап, ақпараттық архитектураның маңыздылығын көрсету;
  • электрондық оқыту құралдарын жасауда ақпараттық архитектураны қолдану мен негізгі принциптерін анықтау;
  • электрондық оқыту құралдарын жасаудағы ақпараттық архитектураны қолдану үдерісі мен әдіснамасы;
  • келтірілген болжамның анықтығын тәжірибе жүзінде іске асыру.

Зерттеудің теориялық негіздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы; ақпараттандыруға байланысты нормативті құжаттар; озық педагогикалық тәжірибелер; белгілі ғалымдардың осы салаға сай ғылыми-әдістемелік еңбектері.

Зерттеудің әдістері: Теориялық және практикаға бағдарлы зерттеулерді, зерттеу мәселесі бойынша оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; тәжірибелік-эксперименттік жұмыс.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі : ақпараттық архитектураны меңгере отырып заман талабына сай жабдықталған электрондық оқыту құралын жасау.

Дипломдық жұмыстың құрылымдық мазмұны: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, тараулар бойынша келтірілген қорытындылардан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 - ТАРАУ. АҚПАРАТТЫҚ АРХИТЕКТУРА ТҮСІНІГІ

МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

  1. Білім беру саласындағы электрондық оқыту құралдарының

құрылымы мен негізгі бағыттары

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру мен онымен тығыз байланысты білім беруді ақпараттандыру ақпараттық және қатынастық технологияларды жетілдірумен және жаппай таратумен сипатталады. Олар ақпаратты тарату мен қазіргі заманғы білім беру жүйесінде мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуде кеңінен қолданылып отыр. Осыған байланысты қазіргі кезде болашақ мұғалім ақпараттық және қатынастық технологиялар саласында білімді болып қана қоймай, оларды өзінің кәсіби қызметінде қолдануда маман болуы тиіс [3] .

«Технология» сөзі өз тамырын грек тілінен алады және аудармасында ғылым, шикізаттарды, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, бұйымдарды өңдеу немесе қайта өңдеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын және оларды тұтыну затына айналдыруды білдіреді. Осыған орай, ақпараттық және қатынастық технологияларға ақпаратты өңдеу мен қайта құруға бағытталған технологияларды жатқызуға болады.

Ақпараттық және қатынастық технологиялар - бұл ақпаратты сақтау, жинау, өңдеу, ұсыну және берудің әр түрлі әдістерін, тәсілдерін және алгоритмін сипаттайтын қорытушы ұғым.

Бұл анықтамада «пайдаланушы» сөзі әдейі қосылмаған. Ақпараттық және қатынастық технологияларды пайдалану екінші бір басқа технология туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді - ол білім беруде, медицинада, әскери істе және адам қызметінің басқа да көптеген салаларында ақпараттық және қатынастық технологияларды пайдалану, ал бұл ақпараттандыру технологиясының тағы бір бөлігі болып табылады. Осы салардың әрқайсысы ақпараттандыру технологиясына өзінің шектеулері мен ерекшеліктерін қосады. Мысал ретінде, ақпараттық және қатынастық технология ретінде қарастырылатын Интернет технологиясын алуға болады. Ал білім беруде Интернетті пайдалану технологиясын ақпараттық және қатынастық технология ретінде емес, білім беруді ақпараттандыру технологиясы ретінде қабылдаған дұрыс [3; 5; 20] .

Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымының ауқымы білім беру саласында ақпараттық және қатынастық технологияларды пайдалану технологиясына қарағанда едәуір кеңірек. Бұл ұғымға білім беруді ақпараттандырудың мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін тәсілдердің, әдістердің амалдардың және көзқарастардың бүкіл кешені кіреді.

Мысалы, білім беруді ақпараттандыру технологияларына толығымен білім берудің ақпараттық ресурстарын құру мен сапасын бағалау тәсілдері, педагогтарды өздерінің кәсіби қызметінде ақпараттық және қатынастық технологияларды тиімді пайдалануға оқыту әдістері жатқызылады.

Білім беру саласында пайдаланылатын ақпараттық және қатынастық технологиялардың құралдарының негізі ретінде, перифериялық құрылғылар жиынтығымен жабдықталған жеке компьютер алынады. Компьютердің мүмкіншіліктері онда орнатылған программалық қамтамасыз етумен анықталады. Программалық құралдардың негізгі санаттары жүйелік программалар, қолданбалы программалар және аспаптық құралдар болып табылады [3, 5] .

Ақпараттық-қатынастық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, электрондық оқыту құралдарын, интерактивті тақтаны пайдалануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар қатынастық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді көздейді.

Ақпараттық және қатынастық технологияның ақпараттық және аспаптық программалық құралдардың дамуындағы таңқаларлық үрдіс әртүрлі жаңа дидактикалық идеялардың іске асуына техникалық жақсы мүмкіндіктер әкелді. Алайда, оқу бағытындағы отандық және шетелдік электронды жүйені талдау нәтижесі көрсеткендей, олардың кейбірі дидактикалық сипаты жағынан қанағаттандырарлық деңгейде деп те айтуға келмейді. Айта кетуіміз керек, оқу бағытындағы «иілгіш» өнімнің сапа деңгейі электрондық оқытудың мәліметтер базасын толықтыру мақсатындағы оқу материалын дайындау, үлгілеу түріндегі компьютерлік жүйемен оқу жұмыстарының сценариін жасау және тапсырмалар мен жаттығулар әзірлеу кезеңінде бекітіледі. Өкінішке орай, оқытуды қолдануға арналған электронды құралдар әдістемелік-техникалық даму жағынан қалыс қалуда. Өйткені, әдістемелік тұрғыдан электронды оқытуды қолдануға арналған электрондық құралдар психология, педагогика, математика, кибернетика, информатика секілді әртүрлі ғылымдар ілімін біріктіреді.

Жоғарыдағы қойылған мәселер бойынша болашақ информатика мұғалімдеріне ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалана алуды жан-жақты меңгерумен бірге, электрондық оқыту құралдарын жасай және пайдалана білуінің мәні ерекше.

Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды және жаңа білім әдістерін білім жүйесінде кеңінен пайдалану жүзеге аса бастады. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білім беру саласында білімнің негізгі принциптері жүзеге асырылуы тиіс.

Кез-келген елдің даму деңгейі әлемдік жаңа технологияларды қолдану деңгейімен өлшенетіні белгілі. Информатика негіздері мен ақпараттық технологиялар практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларымен қатысты.

Білім беру жүйесін ақпарттандыру білім беру саласының болашағына үлкен әсерін тигізеді. Информатика пәні бойынша жасақталған мемлекеттік білім стандарты білім мазмұнының міндетті минимумы мен оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Стандарт ережелеріне сәйкес оқушыларды информатика пәніне оқыту Қазақстан Республикасының орта жалпы білім беретін мектептерінде, олардың қай мекемеге тәуелді болғанына, ұйымдастыру құқықтық нысанына және оқыту түріне тәуелсіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру стандартында жазылған ережеде информатиканы: оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке сонымен қатар басқа пәндерді оқу үдерісінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауға бағытталсын, -делінген. Сондықтан орта мектепті компьютерлендірудің қамтитын мәселесі тек информатиканы оқытумен шектеліп қалмай, басқа пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалана білуді әр мұғалімге міндеттейді.

Білім саласындағы жаңа қатынастық технологиялар түсінігі компьютерлік технология және электрондық анықтамалық жүйелердің дамуымен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін іздеуінен пайда болды.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс.

Алайда білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологиялардың тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, өзі жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады.

Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену үдерісін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Ақпараттық технологиялар өте тез дамып келеді. Көптеген ғылым өз саласында қолданатын терминологиялық ақпаратқа көп көңіл бөлуі қажет. Білім саласындағы ақпараттық технологияларды қарастыру кезінде жиі пайдаланатын түсініктерге тоқталайық.

Технология - өнім шығару үдерісінде жүзеге асаырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып-күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті - практикадағы ең тиімді өндірістік үдерісті анықтау және оны пайдалану мақсатында химиялық, физикалық, механикалық және басқа да заңдылықтарды анықтау.

Оқыту - белгілі бір мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын, педагогтар, тәлімгерлер т. б. жетекшілігімен жүргізілетін білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру үдерісі.

Оқыту технологиясы мынадай шараларды:

- білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы түрде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру үдерісін;

- оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау үдерістерін қажет етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығын қамтиды.

Интербелсенді режим - бұйрықтар мен жауаптар алмасу арқылы атқарылатын тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режимі.

Оқытудың интербелсенділік режимі - оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын, әр түрлі оқыту, бақылау, навигация (бірінен-бірне ауысу) құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру үдерісі субъектілерінің диалогтық жұмыс режимі.

Оқытудың компьютерлік технологиялары - ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телеқатынастық байланыс құралдары және интербелсенді программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері құралдар жиыны.

Мультимедиялық технологиялар - бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интербелсенді программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және оны тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация - ақпаратты тасымалдап, жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақтап, жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Компьютер - есептеу жұмыстарын атқару және ақпаратты өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені.

Интернет - бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарты арқылы өзара байланысқан компьютер мен компьютер желілерінің жиынтығы.

Электрондық пошта - интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсы.

Электрондық оқулық - ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық оқулықтардың тиімділігі:

  • теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
  • сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысында пайдаланылған терминдер туралы қосымша мәліметтер дипломдық жұмыстың 1-қосымшасында берілген.

Мультимедиалық технологиялардың қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауды және де басқа оқып үйренуге арналған құралдар жасауда көп қолданылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялардын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді [7] .

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша оқу қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі күні қалыптасқан білім беруді ақпараттандырудың құралдары мен формаларының көптігі оқу үдерісінің дидактикалық тиімділігін максималды дәрежеге жеткізуге бағытталған. Сонымен қатар ақпараттық-іздестіру, тәжірибелік-зерттеу және өз бетінше жүргізілетін оқу қызметі және оқушының ақпаратты өңдеу қызметіндегі әртүрлі іс-әрекетінің түрлерінде озық ақпараттық және қатынастық технологияның жеке құралдарын кешенді пайдалануда да аса жоғары дидактикалық мақсатқа жетуге болады.

Оқу үдерісінде ақпараттық және қатынастық технология құралдарын кешенді пайдалану мүмкіндігін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру бұрыннан таныс бағдарлама құралдары мен дүниежүзілік алғы шепке сәйкес келетін жаңа құралдар болып табылатын көп функционалды білім берудің электрондық басылымдарын жасау және қолдану арқылы да жетуге де болады.

Жасалуына РФ Білім министрілігі, Ресей Білім беру акдемиясы, Ресейлік халықтар достығы универсиеті, Мәскеудің қалалық педагогикалық университеті, Томскідегі мемлекеттік университет, Самара экономикалық академия және басқа да оқу орындары мен ұйымдардың мамандары қатысқан “Білім берудің электрондық басылымын жасау концепциясына” назар саламыз. Бұл құжатта мынандай анықтамалар келтірілген: “ . . . оқу үдерісіндегі электрондық анықтама, энциклопедия оқытушы бағдарламалар, оқушының білім деңгейін автоматтандырылған бақылау жасау, компьютерлік оқулықтар мен тренажерлер сияқты әртүрлі электрондық құралдардың біріктірілген бағдарламалық-әдістемелік кешенін электрондық оқыту құралы (электрондық оқыту құралдары) деп қарастырамыз” [21, 22] . Зерттеуде қолданылатын барлық терминдер мен аббервиатуралар жеке қосымшада келтірілген (қосымша 1) .

Бұл анықтама осы зерттеуде аса кең түрде алынған деп болжам жасалады. Терминнің анықтамасын барынша ықшамдау қажет. Ол үшін электрондық оқыту құралдарына нақтырақ түсінік беретін электрондық оқыту құралдарының жіктелуін қарастырамыз.

Электрондық оқыту құралдары көп сатылы сипатта болады. Біріншіден, атқаратын функциясына қарай оларды оқу басылымдарына жатқызып, соған қарай оқу кітаптарына пайдаланатын топтау принциптерін қолданып жіктеуге болады [24] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
Қазіргі заманғы ЭЕМ - нің түрлері
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
Электронды оқулық жасау
Ақпараттық технологиялар сұрақ-жауап түрінде
ЭЕМ - нің буындары
Банктік ААЖ
Виртуалды жеке желілердің протоколдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz