Ішкі істер органдарының арнайы күзет қызметі туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады.
Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады
Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн ескеруге негiзделедi.
Күзет қызметiн жүзеге асыру үшiншi тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы № 85 «Күзет қызметі туралы» Заңы Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды. [6]
Заңның күші жеке күзет ұйымдарына, жеке күзетшілерге, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріне, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелеріне қолданылады. Осы Заңның күші, егер ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелеріне қолданылады.
Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады. [7]
Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады.
Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлерге:
1) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары.
Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады.
Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
Зерттеудің мақсаты: Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары. Ішкі істер органдарының арнайы күзет қызметі басқармасының іс әрекетімен таныстыру, заңнамада белгіленген күзет қызметін ұйымдастыру талаптары, принциптері, құрылымы.
Зерттеудің міндеті :
- Заңнама бойынша Күзет қызметі туралы жалпылама шолу;
- Күзет қызметінің субъектілері, түрлері және күзет қызметін
құқықтық ресімдеу;
- Мемлекеттік күзетілуге тиіс объектілердің сипаттамасы;
- Мамандандырылған күзет қызметінің бүгінгі күнгі ерекшеліктері.
Диплом жұмысының пәні: Объектілерді және азаматтардың жеке меншігін қорғау бойынша Ішкі істер органдарының арнайы күзет қызметі басқармасының жұмысы және күзет қызметіне тән шаралар.
Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Күзет қызметі.
Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау, синтездеу, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасының және шет ел ғалымдарының оқулықтары пайдаланылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік құқық, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бойынша тиісті арнайы курс шеңберінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысында ішкі істер органдарымен жүзеге асырылатын күзет қызметі және оны ұйымдастыру бойынша ІІО-ның функцияларына кешенді зерттеу жүргізілген және талдау жасалынған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы .
Дипломдық жұмыстың құрылымы жұмыс сипатына, оның орындалу деңгейіне, зерттеу мақсаттары мен логикасына негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспеден; 2 тараудан, бірнеше бөлімнен; қорытындыдан; қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Күзет қызметі
1. 1 Күзет қызметі: ұғымы, міндеттері, принциптері, субьектілері, түрлері
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы № 85 «Күзет қызметі туралы» Заңы Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды. [6]
Заңның күші жеке күзет ұйымдарына, жеке күзетшілерге, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріне, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшелеріне қолданылады. Осы Заңның күші, егер ішкі істер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелеріне қолданылады.
Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады. [7]
Осы Заңның күші, егер заңдардан өзгеше туындамаса, азаматтар мен заңды тұлғалардың денсаулық сақтау саласына, санаткерлік меншікке, мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға байланысты өзге де игіліктері мен заңды мүдделерін қорғауға қолданылмайды.
Мемлекеттiк күзетiлуге жататын объектiлердi күзетудi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi, Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдары жүзеге асырады.
Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді.
Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады.
Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды. [7]
Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.
Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн ескеруге негiзделедi.
Күзет қызметiн жүзеге асыру үшiншi тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.
Күзет қызметi, лицензиялау туралы заңдарда белгiленген тәртiппен, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып лицензиялануға тиiс. Күзет қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға күзет қызметiн көрсетуге тыйым салынады.
Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi жүзеге асыратын күзет қызметi лицензиялауға жатпайды.
Жеке күзет ұйымында, күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру (арнаулы оқыту курсы) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.
Күзет қызметінің субъектілері мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, тәжірибе алмасу, өз мамандарының біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы техникалық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мақсатында күзет қызметі саласындағы шетелдік компанияларды тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердiң күзет ұйымдары қызметiне тыйым салынады.
Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың:
1) күзет қызметiнің барлық түрін жүзеге асыруға;
2) жеке күзет ұйымдарын құруға немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болуға;
3) сенiмгерлiк басқарудағы жеке күзет ұйымын ұстауға.
Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметтi жүзеге асыруы кезiнде мемлекет азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепiлдiк бередi және оны қамтамасыз етедi.
Күзет қызметiн жүзеге асыратын және үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған адам жәбiрленушiге келтiрiлген материалдық және моральдық зиянды заңдарға сәйкес өтеуге мiндеттi.
Күзет қызметiн құқық тәртiбi мен адамгершiлiк негiздерiне көрiнеу қайшы келетiн мақсаттарға жету үшiн жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
Күзет қызметiн жүзеге асырушы адамның iс-әрекеттерi арқылы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған адам ондай адамнан тиiстi түсiндiрмелер мен ақпарат талап етуге құқылы, сондай-ақ мұндай iс-әрекетке сотқа және заңдарда белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға шағым жасауға құқылы.
Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің, оның iшiнде олардың қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы кезiнде өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. [9]
Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлерге:
1) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi;
2) жеке күзет ұйымдары;
Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттiк органдарға заңдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттiк органдарға жәрдемдесуге мiндеттi.
Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер құқық қорғау органдары, арнаулы органдар және әскери құрылымдар заңдарда көзделген жедел-iздестiру, тергеу немесе күзет шараларын жүргiзген кезде мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң барлық заңды талаптарын, қаруды уақытша тапсыру туралы талабын қоса, орындауға мiндеттi.
Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің талап етуі бойынша терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аймақтағы күзет қызметін тоқтата тұруға міндетті.
Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері мемлекеттік мекеме болып табылады және Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді ғана күзетуді жүзеге асырады.
Ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Тізбеге енгізілген жеке тұлғаларға шарттық негізде күзет қызметтерін көрсетеді.
Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметi ретiнде күзет қызметтерiн көрсететiн коммерциялық ұйым жеке күзет ұйымы болып табылады. Жеке күзет ұйымының, хабарлама жасау тәртібінің шарттарын сақтаған жағдайда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Жеке күзет ұйымы заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, жарғының және күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның негiзiнде күзет қызметiн жүзеге асырады.
Жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерiнде күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы талап етiлмейдi.
Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған және күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсынан) өткен азаматтары қабылдана алады.
Күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшiлердi арнайы даярлаудың және бiлiктiлiгiн арттырудың (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсының) мазмұнын, бағдарламасы мен бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне:
1) жүйке ауруы, маскүнемдiгi немесе нашақорлығы себептi денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын;
2) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгiндегi баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шегiндегi мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
4) жеке меншiкке, мемлекеттiк билiк институттарына, белгiленген басқару тәртiбiне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетшiсі болып жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;
5) мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған;
6) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған адамдарды қабылдауға болмайды.
Жеке күзет ұйымының басшысы үшiн оның жеке күзет ұйымының күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне қойылатын талаптарға сәйкес болуы мiндеттi талап болып табылады.
Жеке күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жеке күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жеке күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:
1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруда, оның iшiнде ойын-сауық мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткiзу кезiнде iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзгеше әдiстермен қол жеткiзу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды шектен асыруға жол берiлмеуге тиiс;
4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткiзуге құқылы. Қажет болғанда, ұсталған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауiптi және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негiздер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсталған адамның киiмiн қарауға және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттiк билiк органына беру үшiн аталған заттарды алып қоюға;
5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге;
6) жеке тұлғалардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқылы.
Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактiлерi туралы iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға;
3) заңнамада көрсетiлген жағдайларда жеке тұлғалардың талап етуi бойынша өзінің күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін растайтын куәлiгiн көрсетуге;
4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiне жәрдемдесуге;
5) қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негiздерiн түсiндiруге мiндеттi. [18]
- 1. 2 ІІО арнайы күзет қызметі және жеке күзет қызметі
Лицензиялануға тиiстi күзет қызметiн күзет қызметiнiң субъектiлерi мынадай қызметтер көрсету:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;
2) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету;
3) күзету тәсiлдерi мен құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғану бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау нысанында жүзеге асырады.
Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер ерiктi түрде қоғамдық тәртiптi сақтауға тартылады.
Күзет қызметтерiн көрсету шарт (күзет қызметiн көрсету жөнiндегi шарт) негiзiнде жүзеге асырылады. Күзет қызметтерiн көрсету шартын жасасу, орындау, тоқтату тәртiбi, шарт бойынша тараптардың жауапкершiлiгi азаматтық заңдарға сәйкес, осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып анықталады.
Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру тәртiбiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Жеке күзет ұйымдарында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер күзет қызметiн өздерiнiң күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін бiлдiретiн арнаулы киiм киіп жүзеге асырады.
Арнаулы киім үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау жөніндегі қызметтер көрсету күзет қызметі субъектісіне тиесілілігін білдіретін арнаулы киімсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет хабарлама жасау тәртібін сақтаған жағдайда жүзеге асырылады.
Хабарлама жасау тәртібі «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын субъектілер төменде белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.
Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган осы қызмет түрімен айналысу үшін хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізеді.
Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар:
1) заңды тұлға маманының жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;
2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тексеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.
Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қойылатын талаптар:
1) жұмыс саласына сай келетін жоғары немесе орта техникалық білімінің;
2) күзет дабылы құралдарын баптауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді және монтаждалатын жабдықтың техникалық жай-күйін тескеруді жүзеге асыру үшін жабдығы бар үй-жайлардың (немесе оларды жалға алу шартының) болуын көздейді.
Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басшылары, қызметкерлері, жеке тұлғалар психикалық ауруына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмайтын, заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы жоқ не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің Ерекше бөлiмi бабының тиiстi бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның төменгi шектi мерзiмi өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. [17]
Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi клиентке тараптардың келісiмімен айқындалған күзет қызметтерiн осы шартта белгiленген тәртiпте, көлемде және ақыға көрсетуге мiндеттенедi.
Күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт бойынша қызмет көрсетушi ретiнде iс-қимыл жасауға (осы Заңнан туындайтын талаптарды ескере отырып) күзет қызметiнiң мынадай субъектiлерi:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz