Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторлары туралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Ішкі істер органдары уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп ережелерін бекіту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
1.1 Сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.2 Сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық.тұрмыстық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық.атқару комитетiнің жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
2.1 Уақытша ұстау изоляторларында қызмет атқаруды және сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз етуді, ұстау тәртібі ... ... ..
31
2.2 Уақытша ұстау изоляторында сезіктілер мен айыпталушыларды күзету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
42
2.3. Сезіктілер мен айыпталушыларды айдауылдау тәртібі ... ... ... ... ... 52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 62

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы № 85 «Күзет қызметі туралы» Заңы Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.[1]
Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі деп ұғынылады.
Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн ескеруге негiзделедi.
Бұл диплом жұмысында қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негізі талданады.
Еліміздегі соңғы кездері қылмыс санының артуы салдарынан арнайы мекемелерде қамауда, уақытша ұстау изолятарында ұсталғандардың саны артпаса кемімей отыр, сол себепті бұл жұмыста қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселлері қарастырылып отыр.
Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.

1 «Күзет қызметі туралы» ҚР заңы 01.01.2015 жыл.
2 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995 ж.
3 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы ҚР Заңы 01.01.2015ж.
4 «Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 01.01.2015ж.
5 «Төтенше жағдай туралы» ҚР заңы, 11.04.2014 жыл.
6 «Қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығы
7 «Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 тамызындағы №93 бұйрығымен бекітілген.
8 «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» ҚР заңы, 01 маусым 2005 жыл.
9 Сезіктілер мен айыпталушыларды айдап алып жүрудің тәртібін бекіту туралы, 04.03.2004 жылғы редакциясында.
10 Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы, 09.10.2008ж
11 ҚР Қылмыстық Кодексі, 01.01.2015 жыл.
12 Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі Алматы 23.04 2014ж
13 ҚР Қылмыстық-атқару кодексі, 01.01.2015 жыл.
14 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы
15 «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР заңы, 03.07.2013 жыл.
16 «Ұлттық қауіпсіздік туралы» ҚР заңы, 01.01.2015 жыл
17 ҚР прокуратурасы туралы» ҚР заңы, 07.10.2012 жыл
18 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» ҚР заңы, 07.12.2009 жыл.
19 «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» 16.10.2014;
20 Адам құқықтары жөніндегі Өкілеттіліктің қызметы туралы 2012 жылғы есебі 7
21 Мушкет И.И., Хохлов Е.Б. Полицейлік құқық (оқу құралы) А.-2005. 183 парақ
22 «Мемлекеттік құпиялар туралы», 21.11.2014 жыл.
23 «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР заңы, 01.01.2015 жыл;
24 «ҚР прокуратурасы туралы» ҚР заңы, 07.10.2012 жыл.
25 «Қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 Бұйрығы
26 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
27 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Алматы, 2013жыл.
28 “Заң және заман” газеті, 2003 жыл.
29 “Заң және заман” журналы 2004 жыл.
30 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 02.02.2011.
31 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 04.07.2014;
32 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 05.07.2014.
33 «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 03.07.2014ж.
34 «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Заңы;
35 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 Қаулысы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1 Ішкі істер органдары уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп
ережелерін 6
бекіту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
1.1 Сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және камераларға
орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1.2 Сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
... ... ... ... ... ... ... ...
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi қылмыстық-атқару
комитетiнің 31
жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
2.1 Уақытша ұстау изоляторларында қызмет атқаруды және сезіктілер мен
айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз етуді, ұстау тәртібі ... ... .. 31
2.2 Уақытша ұстау изоляторында сезіктілер мен айыпталушыларды
күзету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.3. Сезіктілер мен айыпталушыларды айдауылдау 52
тәртібі ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Пайдаланылған 62
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы №
85 Күзет қызметі туралы Заңы Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет
қызметінің құқықтық негіздерiн белгілейдi, күзетті және күзет қызметiн
жүзеге асыратын субъектілердің мәртебесi мен өкілеттігiн айқындайды.[1]
Заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ
заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін
көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет
қызметі деп ұғынылады.
Күзет қызметi заңдылықтың конституциялық принциптерiне, адам мен азаматтың
құқықтарын және бостандықтарын құрметтеу мен сақтауға, сондай-ақ жеке
бастың, қоғам мен мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн ескеруге
негiзделедi.
Бұл диплом жұмысында қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және
айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық
негізі талданады.
Еліміздегі соңғы кездері қылмыс санының артуы салдарынан арнайы мекемелерде
қамауда, уақытша ұстау изолятарында ұсталғандардың саны артпаса кемімей
отыр, сол себепті бұл жұмыста қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау
және айдауылдау жөніндегі полиция қызметінің жұмысын ұйымдастырудың өзекті
мәселлері қарастырылып отыр.
Күзет қызметін жүзеге асырудың құқықтық негізін Қазақстан
Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасы бекіткен
халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтiк құқықтық актiлерi құ райды.
Күзет қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа
қайшы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан
қорғау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 7-
бабында әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері
қарастырылған, яғни адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген
тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік
құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып
табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексте әікімшілік жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам,
қоғам немесе мемлекет үшін қандай әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып
табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де әкімшілік
– құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. [2]

Зерттеудің мақсаты: қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және

негізін әкімшілік-құқықтық саралау
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін өзінің алдына мынадай міндеттерді
қойды:
- Заңнама бойынша Күзету, ұстау, айдауылдау туралы жалпылама
шолу;
- Күзет қызметінің субъектілері, түрлері және күзет қызметін
құқықтық ресімдеу;
- Мемлекеттік күзетілуге тиіс объектілердің сипаттамасы;
- Мамандандырылған күзет қызметінің бүгінгі күнгі ерекшеліктері.
Зерттеудің міндеті: қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және

негізін әкімшілік-құқықтық мінездемесін теоритикалық апспектілерін
жинақтау, дәрежелеу.
Зерттеу обьектісі мен заты.
Диплом жұмысының пәні: Қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау және
айдуылдау жөніндегі полиция қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру және құқықтық
негізі
Зерттеудің объектісі: Ішкі істер органдарының күзету, ұстау, айдауылдау
қызметі.
Зерттеудің заты – Ішкі істер органдарының күзету, ұстау, айдауылдау
қызметінің жұмыс бабы, күзет қызметі саласындағы нормативтік құқықтық
актілер.
Зерттеудің әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында логикалық, талдау,
синтездеу, салыстырмалы тәсіл, тәжірибе жинақтау сынды әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының теориялық негіздері: Диплом жұмысын зерттеу барысында
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан
Республикасының және шет ел ғалымдарының оқулықтары пайдаланылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Диплом жұмысы материалдарын осы саладағы
одан арғы ғылыми зерттеуге пайдалануға және оқу процесінде әкімшілік құқық,
ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі бойынша тиісті арнайы курс
шеңберінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысының маңыздылығын мынада:
- Соңғы жылдары қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау
мәселесі бұқаралық ақпарат құраладарнда жиі көтерілуде.
- қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесі ғылыми
тұрғыдан аз зерттелуі.
- қылмыс жасаудағы күдіктілерді күзету, ұстау мәселесінің әлі де
болса шешілмеген жақтары көп.
Диплом жұмысында ішкі істер органдарымен жүзеге асырылатын төтенше
жағдайлардың құқықтық режимі және оны қолдау бойынша ІІО-ның функцияларына
кешенді зерттеу жүргізілген және талдау жасалынған.
Диплом жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыстың құрылымы жұмыс сипатына, оның орындалу деңгейіне,
зерттеу мақсаттары мен логикасына негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспеден;
2 бөлімнен, бірнеше тараудан; қорытындыдан; қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1. Ішкі істер органдары уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп
ережелерін бекіту
1.1 Сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру
Осы Ішкі істер органдары уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіп
ережелері (бұдан әрі - Ережелер) қылмыс жасауда сезіктілер мен
айыпталушыларды қамауда ұстау тәртібін қамтамасыз ету мақсатында "Қылмыстың
жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен
шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес ішкі істер
органдарының уақытша ұстау изоляторлары қызметінің тәртібін реттейді.
Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары,
олардың құқығын қорғау, олардың өз міндеттерін орындауы, оларды оқшаулау,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде
қарастырылған міндеттердің орындалуы режим сақтауды құрайды.
Ережелер уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлеріне, онда ұсталатын
сезіктілер мен айыпталушыларға, сондай-ақ уақытша ұстау изоляторына келетін
адамдар үшін міндетті.
Уақытша ұстау изоляторына өткізілетіндер:
1) қамауда ұстау орындарында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге
асырушы прокурорлар жеке куәлігін көрсеткен соң тәуліктің кез келген
уағында бөгетсіз кіре алады;
2) ішкі істер органында сезіктілер мен айыптаушыларды күзету жөніндегі
қызметінің ұйымдастырылуын және өткерілуін тексеруді немесе бақылауды
жүзеге асыратын лауазымды адамдарды, қамауда ұстау орындарының полиция
қызметкерлері - жеке куәліктерін көрсеткенде;
3) басқа қызметтердің қызметкерлері - жоғарыдағы ішкі істер органы бастығы
берген арнайы ұйғарымды көрсеткенде;
4) прокурорлар, ішкі істер органының тергеушілері және анықтауды жүргізуші
адамдар - жеке куәліктерін көрсеткенде, уақытша ұстау изоляторының тергеу
кабинеттеріне және тергеу іс-әрекеттері өндірісін жүргізу үшін ғана;
5) криминалдық полицияның қызметкерлері - жеке куәліктерін және қылмыстық
іс өндірісін жүргізуші адамның жазбаша рұқсатын көрсеткенде - уақытша ұстау
изоляторының тергеу кабинеттеріне;
6) қылмыстық процестің қатысушылары немесе оларға қатысатын полиция
қызметкерлері, тергеушінің немесе анықтауды жүргізетін адамның ертуімен,
жеке куәлігін көрсеткенде - уақытша ұстау изоляторларының тергеу
кабинеттеріне;
7) қорғаушылар - заң кеңесінің ордерін көрсеткенде - уақытша ұстау
изоляторларының тергеу кабинеттеріне;
8) белгіленген тәртіпте сезіктілермен және айыпталушылармен кездесуге
рұқсат алған адамдар - тиісті рұқсатты және төлқұжатын (оны алмастыратын
құжатты) көрсеткенде - кездесулерге арналған бөлмелерге ғана;
9) медициналық көмекке зәру адамға көмек көрсетуге келген медициналық
қызметкерлер - нарядты көрсеткенде және уақытша ұстау изоляторы
кезекшісінің (кезекші көмекшісінің) немесе уақытша ұстау изоляторы
бастығының ертуімен - ауру адамға;
10) қамауда ұстау орындарын санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын немесе
уақытша ұстау изоляторында індетке қарсы жұмыстар жүргізу үшін келген
денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері - арнайы ұйғарымды көрсеткенде
- уақытша ұстау изоляторының барлық үй-жайларына уақытша ұстау изоляторы
кезекшісінің немесе уақытша ұстау изоляторы бастығының ертуімен.
Уақытша ұстау изоляторына қарумен келген прокурорлар, ішкі істер
тергеушілері және анықтауды жүргізетін адамдар қаруларын ішкі істер
органына уақытша сақтауға тапсыруға міндетті. Бұл тәртіп уақытша ұстау
изоляторының режимдік үй-жайларына кіруге рұқсат алған ішкі істер органының
басқа да лауазымды адамдарының бәріне қатысты. [3]
Уақытша ұстау изоляторы кезекшісінің бөлмесінде уақытша ұстау изоляторы осы
Нұсқаулықтың 105-бабында санамаланған адамдарды өткізуге негіз болатын
құжаттардың үлгілері болуға тиіс.
Ережелерді бұзған адамдар заңнамада белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және камераларға орналастыру
Уақытша ұстау изоляторына жеткізілетін адамдарда қабылдаудың негіздерін
тексеретін уақытша ұстау изоляторының кезекшісі тәулік бойы қабылдау
жүргізеді, жеткізілгендерден жауап алады, олардың жауаптарын ұстау
хаттамасындағы (қаулыдағы, сот үкіміндегі) және басқа да құжаттардағы
деректермен салыстырады, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер
мен айыпталушыларды есепке алуға арналған журналға тіркейді.
Сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторында қабылдау және
ұстау үшін:
1) анықтаушы немесе тергеуші толтырған ұстау хаттамасы; оған: жеке адамды
тінту, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 134, 135, 138-
баптарының тәртібіне сәйкес толтырылған прокурорға және сезіктінің
туыстарына жіберілетін хабарлама (анықтаушы толтырған ұстау хаттамасын
анықтау органының бастығы бекітеді);
2) одан әрі тергеу изоляторына алып бару үшін Қазақстан Республикасы
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 150-бабы тәртібіне сәйкес қамауға алу
түріндегі айыпталушыға қатысты жолын кесу шарасын таңдау туралы сот немесе
прокурордың қаулысы, сондай-ақ тергеушінің, анықтаушының, прокурор немесе
оның орынбасарының рұқсаты, не сот үкімі;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 152-бабының
тәртібіне сәйкес қамауға алу түріндегі жолын кесу шарасы таңдап алынған
сезіктінің немесе айыпталушының тұтқындалғандарды ұстау орындарында
(уақытша ұстау изоляторы) ұстау туралы прокурордың, сондай-ақ тергеушінің,
анықтаушының прокурор немесе оның орынбасары рұқсат берген қаулысы;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 509-бабының
тәртібіне сәйкес қамауда болған адамға қатысты шығарылған арнайы үлгідегі
психиатриялық ауруханаға орналастыру туралы сот қаулысы.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар лауазымды адамдардың қолымен куәландырылуы
және тиісті мекеменің елтаңбалы мөрімен бекітілуі тиіс, уақытша ұстау
изоляторына қамауға алу түріндегі жолын кесу шарасын таңдап алу туралы сот
үкіміне (ұйғарымына, қаулысына) көшірмесі ұсынылатын жағдайларда мұндай
бұлтартпау шарасы қолданылған адамдардың толық деректері көрсетілуі керек
және көрсетілген деректемелерде қолы, мөрі болуы тиіс.
Ұстау хаттамасына оны толтырған адам мен сезікті қол қояды.
Тұтқындау хаттамалары, қамауда ұстау туралы қаулылар және басқа да тиісті
құжаттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Заңның
талаптары сақталмай ресімделсе, оған қатысты адамдар уақытша ұстау
изоляторына қабылданбайды. [3]
Сезіктілер мен айыпталушыларды қамауда ұстаудың мерзімі Қазақстан
Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексімен анықталады.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар үкімге сәйкес бас бостандығынан
айыру орындарына жіберу үшін түзеу изоляторларына ауыстырылады.
Басқа адам жасаған қылмыстық іс бойынша тергеу іс-әрекеттерін жүргізу қажет
болғанда, бас бостандығынан айырылған айыпталушылар:
1) басқа адам жасалған қылмыс жөнінде тергеу іс-әрекеттерін жүргізу үшін
прокурор бекіткен қаулының негізінде;
2) адамды басқа іс бойынша қылмыстық жауапқа тартқан жағдайда, егер соған
қатысты тұтқынға алу түріндегі жолын кесу шарасы таңдалған болса, осындай
жолын кесу шарасын таңдау туралы қаулының негізінде уақытша ұстау
изоляторында уақытша қалдырылуы мүмкін.
Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаларды орындайтын
мекемелерде жазасын өтеуші сотталғандар уақытша ұстау изоляторында:
1) сот қаулысы бойынша істі қарау кезінде - істің сотта қаралуына
байланысты;
2) прокурор бекіткен қаулының негізінде басқа адам жасаған қылмыс туралы
тергеу іс-әрекеттерінің өндірісіне байланысты ұсталуы мүмкін.
Тасымалданушы сезіктілер, айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына елтаңбалы
мөрмен расталған жеке құрам бойынша анықтаманың және жол бойы жасалған
тізімнің негізінде қабылданады және онда ұсталады.
Өздерімен бірге үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер уақытша ұстау
изоляторына оларды жақын туыстарына беру мүмкін болмаған жағдайда ғана
қабылдануы мүмкін. Әйелдерді балаларымен қабылдау үшін бала соныкі екенін
растайтын тууы туралы куәлік немесе басқа да құжаттар, ал мұндай құжаттар
болмағанда - анықтау жүргізген лауазымды адамның, тергеушінің, прокурордың
немесе осы іс өндірісінде бар соттың жазбаша нұсқауы негіз болып табылады.
Уақытша ұстау изоляторына жеткізілетін адамдарды қабылдаудың негіздерін
тексеретін кезекші тәулік бойы қабылдау жүргізеді, жеткізілгендерден жауап
алады, олардың жауаптарын ұстау хаттамасындағы (қаулыдағы, сот үкіміндегі)
және басқа да құжаттардағы деректермен салыстырады, уақытша ұстау
изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды есепке алуға арналған
журналға тіркейді. Уақытша ұстау изоляторына адамдар топталып жеткізілгенде
олар жеке тінтуді жүргізу бөлмелерінде жабдықталған кабиналарға (бокстарға)
2 сағаттан аспайтын мерзімге орналастырылады.
Тексеру кезінде уақытша ұстау изоляторының кезекшісі (фельдшері)
сезіктілерден денсаулық жағдайы туралы жауап алады. Уақытша ұстау
изоляторының кезекшісі (фельдшері) денсаулық жағдайына шағымдар айтылған
және аурудың нақты белгілері болған жағдайда жедел медициналық көмек
бригадасын шақыруға міндетті.
Кезекші сезіктілерде дене жарақаттары және денсаулығына зиян келудің нақты
белгілері болғанда олардың пайда болу себептерін анықтайды, ол жөнінде
уақытша ұстау изоляторы бастығына, ішкі істер органының бастығына жазбаша
түрде баяндайды.
Уақытша ұстау изоляторына жеткізілгендерді камераларға орналастырудан бұрын
медициналық тексеру тәртібі және олардың санитарлық тазартудан өтуі осы
Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жаңадан келіп жеткен сезіктілер мен айыпталушыларға жеке тінту, жауап алу,
санитарлық өңдеу жүргізілгеннен кейін, жұқпалы аурулар талдауының нәтижесі
алынғанға дейін, уақытша ұстау изоляторының кезекшісі оларды карантинді
өтуі үшін карантиндік камераларға орналастырады.
Қылмыс жасауда сезіктілер мен айыпталушылар карантин камераларында болған
уақытта уақытша ұстау изоляторындағы ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген
міндеттерді орындамау жауапкершілігі туралы ескертіледі.
Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары:
1) Заңның 32-бабында қарастырылған бөлек орналастыру талаптарына сәйкес
сезіктілер мен айыпталушылар жалпы немесе жеке камераларда ұсталады;
2) сезіктілер мен айыптаушыларды бір тәуліктен астам мерзімге жеке
камераларға орналастыруға уақытша ұстау изоляторы бастығының прокурор
рұқсат берген дәлелді ұйғарымы бойынша жол беріледі, мынадай жағдайларда
сезіктілер мен айыптаушыларды бір тәуліктен астам мерзімге жеке камераларға
орналастыруға прокурордың рұқсаты талап етілмейді: Заңның 32-бабында алдын
ала ескерілген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің
басқадай мүмкіндігі болмағанда; сезіктінің немесе айыпталушының не басқа да
сезіктілер мен айыпталушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мүдделерінде; сезікті мен айыпталушының жеке ұстау туралы
жазбаша өтініші болғанда; сезіктілер мен айыпталушыларды, егер де олар
күндіз жалпы камераларда ұсталған болса, жеке камераларға орналастыру
кезінде;
3) сезіктілер мен айыпталушылардың басқа камераларда және өзге үй-жайларда
отырғандармен сөйлесулеріне, қандай да бір нәрселерді беруіне және хат
алмасуларына тыйым салынады;
4) сезіктілер мен айыпталушылардың бостандықта жүрген адамдармен сөйлесуі,
оларға қандай да бір нәрселер беру және хат алмасуы Заң талаптарына сәйкес
жүзеге асырылады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторы аумағынан тысқары
жерлерге орналастыруда оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары
сақталуы тиіс.
Сезіктілер мен айыпталушыларды мұндай мақсаттарға арналмаған үй-жайларға
орналастыруға тыйым салынады. Оларды камераларға орналастыру жеке басының
және психологиялық сәйкестігін есепке алу арқылы жүргізіледі. Темекі
шегетіндер оны шекпейтіндерден мүмкіндігінше бөлек орналастырылады. [3]
Сезіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ сотталғандарды камераларға
орналастыруда мынадай талаптар міндетті түрде сақталуы тиіс:
1) еркектер мен әйелдер; кәмелетке толмағандар ұсталатын камералардағы
тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін қылмыстық жауапқа алғаш рет тартылған
оңды сипатталатын ересектерді ұстау қажет болған жағдайларды қоспағанда
кәмелетке толмағандар мен ересектер; қылмыстық жауапқа алғаш рет
тартылғандар мен бұған дейін бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған
адамдар; оларға қатысты үкімдер заңды күшіне енген сотталғандар сезіктілер
мен айыпталушылардан; бір қылмыстық іс бойынша немесе бір-бірімен
байланысты бірнеше істер бойынша сезіктілер мен айыпталушылар бөлек
ұсталады;
2) аса ауыр және ауыр қылмыстар жасауда сезіктілер мен айыпталушылар; аса
қауіпті қылмыстарды қайталап сотталғандар; өлім жазасына кесілгендер; шетел
азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, оларды басқа сезіктілер мен
айыпталушылардан бөлек ұстау жағдайлары болғанда; әділет органдарының
судьялары, адвокаттары, қызметкерлері, ішкі істер органдарының,
прокуратураның, қаржы полициясының, кеден органдарының қызметкерлері,
ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери полициясы мен тәртіптік бөлімдерінің әскери
қызметшілері болып табылатын немесе болған адамдар; қамауда ұстау орны
әкімшілігі бастығының шешімі бойынша не өндірісінде осы қылмыстық іс бар
органның немесе адамның жазбаша шешімі бойынша басқа сезіктілер мен
айыпталушылардың тарапынан өмірі мен денсаулығына қауіп төнген сезіктілер
мен айыпталушылар; жұқпалы аурулармен ауыратын немесе ерекше медициналық
күтімді және бақылауды қажет ететін ауру адамдар басқа сезіктілер мен
айыпталушылардан бөлек ұсталады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды ұстау режимі уақытша ұстау изоляторының осы
Ережелерді сақтаумен, сезіктілер мен айыпталушыларды үздіксіз бақылауда
ұстайтын арнайы жабдықталған және сенімді оқшауланған камераларда ұстаумен,
олардың айдауылдаусыз жүріп-тұруына тыйым салумен, тексерулердің, жеке
тінтудің және заттарын тексерудің жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Режим талаптарын бұзатын адамдарға осы Ережеде қарастырылған шаралар
қолданылады.
Ішкі тәртіп Ережелері сезіктілер мен айыпталушылардың уақытша ұстау
изоляторында және белгіленген шекаралар көлеміндегі аумақтарда барлық
қозғалыстары кезінде сақталуға тиіс.
Сезіктілер мен айыпталушылардың тәртіптерін үздіксіз бақылауды жүзеге асыру
үшін камераларға қараңғы түскеннен толық жарықтанған кезге дейін жарық
беріледі.
Сезіктілер мен айыпталушыларды таңғы тексеру және оларды әжетханаға апару
камералар бойынша екі кезекші нарядтардың - ауысатын және қызметке
кірісетін күзетшілердің күшімен және ішкі істер органдары басшыларының
немесе уақытша ұстау изоляторы бастығының бақылауымен жүргізіледі. Таңғы
және кешкі тексеруге камераларды аралап шығу, сезіктілер мен
айыпталушылардың санын тексеру, оларды жеке тінту, заттарын тексеру,
шағымдары жайлы сұрау, камералардың техникалық жағдайларын қарау және
тексеру кіреді. [3]
Камераларды тазалау, едендерді және ыдыстарды жуу сезіктілер мен
айыпталушылар күшімен кезекшінің және шығарушының бақылауы астында
атқарылады. Сезіктілер мен айыпталушыларды өздеріне өздері қызмет
көрсетумен байланысты емес басқа шаруашылық жұмыстарында пайдалануға тыйым
салынады.
Камера есіктерін уақытша ұстау изоляторы кезекшісі (кезекшінің көмекшісі),
уақытша ұстау изоляторы бастығы камералар жанындағы бекетшінің немесе
шығарушының міндетті түрде қатысуымен аша алады. Камералардың кілттері
уақытша ұстау изоляторы шегіне дейін толғанда уақытша ұстау изоляторы
кезекшісінің көмекшісіне тапсырылады.
Камераларға барлық қызметкерлерге бір мезгілде кіруге және өзімен бірге
кілттерді ұстауға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Сезіктілер мен айыпталушылар:
1) уақытша ұстау изоляторының тергеу кабинеттеріне;
2) кездесулер бөлмелеріне;
3) серуендеу ауласына;
4) уақытша ұстау изоляторының санөткізгішіне санитарлық өңдеуге;
5) медициналық қызметкерге;
6) әжетханаға (камераларда санитарлық жүйелер болмағанда ғана);
7) бару үшін;
8) айдауылдауға беру үшін;
9) уақытша ұстау изоляторы үй-жайларын тазалау, ыдыс-аяқ жуу үшін;
10) толық тінтуді жүргізу үшін ғана камералардан шығарылады.
Түнгі уақытта (жергілікті уақыт бойынша сағат 22-ден 6 сағатқа дейін)
камералар аса қажетті жағдайларда ғана ашылады, ал сезіктілер мен
айыпталушыларды камерадан шығару олардың өміріне және денсаулығына қауіп
төнген, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек қажет болған ерекше жағдайларда
және жағдай күрделенгенде ғана жүргізіледі.
Түнгі кездерде камераларды ашқанда және олардан сезіктілер мен
айыпталушыларды шығарғанда уақытша ұстау изоляторынан қашу немесе күзетке
шабуыл жасау мүмкіндіктерін болдырмайтын ерекше сақтық шаралары қолдануы
керек.
Серуенге, әжетханаға, санитарлық өңдеуге және уақытша ұстау изоляторы үй-
жайларын тазалауға шығарар кезде сезіктілер мен айыпталушыларға оларды
шығару мақсаттары туралы хабардар етіледі. Қалған басқа жағдайлардың
бәрінде камералардан шығару мақсаты хабарланбайды, тек қана сезіктінің
немесе айыпталушының қалай киінуі қажеттігі және оның жеке заттарын алуға
болатын-болмайтындығы көрсетіледі.
Сезіктілерге және айыпталушыларға, олардың туыстарына, жақындарына және
таныстарына уақытша ұстау изоляторынан таяуда жөнелтілетіндері немесе
босатылатындары туралы ескерту уақытша ұстау изоляторы әкімшілігінің
міндеттеріне кірмейді. [3]
Сезіктілер мен айыпталушылардың уақытша ұстау изоляторы ішінде немесе
серуен ауласында жүріп-тұруы (топпен немесе жеке) тек белгіленген бағыттар
бойынша ғана және шығарушының (шығарушылардың) айдап алып жүруімен ғана
іске асырылады.
Сезіктіні және айыпталушыны камерадан шығарғанда бір шығарушы есікте
қырынан тұрады, қалғандары дәлізді бойлай орналасады. Сезіктілер мен
айыпталушылар дәлізге жеке-жеке шығарылады және қозғалыс бағытына қарай бір
немесе екі қатардан сап түзейді.
Қозғалыс бағытының аяғына дейін шығарушылар сезіктілер мен айыпталушылардың
қолдарын арттарына ұстап жүруін, тыныштық сақтауын, бір қатардан екінші
қатарға өтпеуін, темекі тартпауын, камералар жанынан өткенде көру
саңылауларын және есік желдеткіштерін ашпауын, еш нәрсе лақтырмауын, дәліз
және баспалдақ алаңдарындағы қабырғаларға жазу жазбауларын қадағалауға
тиіс.
Ерекше қауіпті қылмыскерлерді және қашуға немесе полиция қызметкерлеріне
шабуыл жасауға ыңғайы бар адамдарды алып жүргенде әрбір 2-5 сезікті мен
айыпталушыға 5 шығарушы, әрбір 6-10 сезікті мен айыпталушыға 6-10
шығарушыдан келетіндей болуға тиіс. Қажет болған жағдайларда бір сезіктіні
немесе айыпталушыны алып жүруге 2 шығарушы белгіленеді.
Бір сезіктіні немесе айыпталушыны жалғыз шығарушы алып жүргенде шығарушы
айдауылшының соңында екі қадам аралықта еріп жүреді.
Бұрылыстарда шығарушы сезіктілер мен айыпталушыларды бұрышқа екі қадам
қалғанда тоқтатады, содан соң өтер жол бос екеніне көз жеткізгеннен кейін
ғана қозғалысты жалғастырады.
Күзетілмейтін есікке жақындағанда шығарушы сезіктіні есікке бес қадам
қалғанда тоқтатып, өзі есікті жабады және жолды әрі қарай жалғастырады.
Сезікті мен айыпталушыны серуендеу ауласына шығарған кезде де осы тәртіп
сақталады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды екі немесе одан да көп шығарушы алып
жүргенде олардың бірі алдында, қалғаны айдауылданушылардың соңында жүреді.
Сезіктілер мен айыпталушыларды камералардан тергеу кабинетіне шығаруға
прокурордың, тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның жазбаша талабы негіз
болады, бұл туралы камералардан шығаруды тіркеу журналына белгі қойылады.
[4]
Жауап алу үшін, жедел-тергеу әрекеттері мен кездесу (4-қосымша) жүргізу
үшін сезіктіні немесе айыпталушыны шығару талабы бір адамға толтырылады,
міндетті түрде ішкі істер органының хатшылығында тіркеуге алынады,
сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторынан тыс жерлерге
шығару үшін ішкі істер органы бастығының рұқсат визасы болуы керек.
Сезіктілер мен айыпталушыларды тергеу іс-әрекеттері өндірісі үшін уақытша
ұстау изоляторы үй-жайларынан ішкі істер органдарының қызметтік
кабинеттеріне шығаруға тыйым салынады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды камералардан уақытша ұстау изоляторы
санөткізгішіне шығаруды санитарлық өңдеуден өткізу күндері уақытша ұстау
изоляторы кезекшісінің көмекшісі, шығарушылар немесе бекетші жүзеге
асырады. Олар сезіктілер мен айыпталушыларды камералардан санөткізгішке
және кері қарай алып жүруді, сондай-ақ санитарлық өңдеу кезінде оларды
бақылауды қамтамасыз етеді.
Сезіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, дактилоскопияға, суретке түсіру
және заттардың тексеруін жүргізу
Уақытша ұстау изоляторына жеткізілген адамдар жеке тінтуге,
дактиласкопиялауға, суретке түсірілуге тартылады, ал олардың заттары -
тексеруге жатады. Сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторы
жағдайында дактилоскопиялауды, суретке түсіруді ішкі істер органының
криминалдық қызмет бөлімшелері жүзеге асырады. Жеке тінтуді тінтілушімен
бір жыныстағы адам жүргізе алады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту мен қарау аяқталған соң, олардың
қатысуымен тінтуді жүргізген адам және тінтілуші қол қоятын хаттама (5-
қосымша) жасалады.
Сезіктілер мен айыпталушылардың қол қоюдан бас тартуы және осы орайда
айтылған наразылықтар тінту хаттамасына жазылады.
Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құралдарды, заттарды және азық-
түліктерді сезіктілер мен айыпталушылардан алып қою.
Уақытша ұстау изоляторына қабылданған сезіктілер мен айыпталушылар
өздерімен бірге тек қана осы Ережелерде рұқсат етілген нәрселерді, заттарды
және азық-түлік өнімдерін қалдыра алады.
Тыйым салынған нәрселер, заттар және азық-түлік өнімдері сақтауға
тапсырылады немесе акт жасау арқылы уақытша ұстау изоляторы бастығының
дәлелді ұйғарымы бойынша жойылады.
Сезіктілер мен айыпталушылардың ақшалары, құнды қағаздары және бағалы
заттары (ордендер, медальдар және оларға берілген құжаттар) ішкі істер
органының қаржы бөліміне; жеке заттары - уақытша ұстау изоляторының сақтау
камерасына сақтауға тапсырылады. Иесі табылмаған құжаттар, құнды қағаздар,
хаттар, хат-хабарлар, жазу кітапшалары, фотосуреттер, ордендер және
медальдар көшірмесі сезіктінің немесе айыпталушының жеке ісіне қосылатын
акт бойынша анықтаушыға, тергеушіге, сотқа беріледі.
Ақшаларды және бағалы заттарды қабылдау туралы түбіртектің көшірмесі қолхат
арқылы уақытша ұстау изоляторына орналастырылған адамға беріледі, екінші
көшірмесі - оның жеке ісіне қосылады. Сезіктілер мен айыпталушыларды тергеу
изоляторына ауыстырғанда, ордендер, медальдар және оларға берілген
құжаттар, сондай-ақ жеке заттары, ақшалары (сәлемдемелер мен бандерольдар
пошта арқылы) тергеу изоляторының қаржы бөліміне жіберіледі.
Жеке тінтуде алып қойылған ақшалар, бағалы заттар, құнды қағаздар, заттар
мен азық-түлік өнімдері тек анықтаушының, тергеушінің немесе соттың
рұқсатымен ғана туыстарына не басқа адамдарға берілуі мүмкін.
Бағалы емес, сондай-ақ уақытша ұстау изоляторында сақтауға тыйым салынған
нәрселер мен заттар (спирттік ішімдіктер, ойын карталары және т.с.с.)
жойылады. Бұл жөнінде акт толтырылады.
Уақытша ұстау изоляторында табылған және иесі анықталмаған ақшалар, құнды
қағаздар мен бағалы заттар алынады, ол жөнінде хаттама жасалады және іске
асыру және тиісті бюджет табысына енгізу үшін белгіленген тәртіппен салық
органдарына беріледі.
Тексеру кезінде өз бетімен тапсырылған ақшалар, құнды қағаздар мен бағалы
заттар алынады және қамауда ұстау орындарына келгеннен кейін оларды қолдану
құқығынсыз ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес сезіктілер мен айыпталушылар
босатылғанға дейін сақталады. Соттау немесе оны қамауда ұстау орындарына,
бас бостандығынан айыру орындарына жіберген жағдайда, жоғарыда аталған
ақшалар, құнды қағаздар мен бағалы заттар тізімдеме бойынша қылмыстық
жазасын өтеу мекемелеріне жіберіледі.
Сезіктілер мен айыпталушылар пайдалануға және сақтауға тыйым салынған
заттар, бұйымдар мен азық-түлік өнімдері уақытша қамауда ұстау орнының
әкімшілігіне беріледі немесе сот шешімі бойынша жойылады.
Қылмыстық ісі өндірістегі сезіктінің немесе айыпталушының өтініші және сол
адамның не органның келісімі бойынша уақытша ұстау изоляторында сақталған
бұйымдары, заттары және азық-түлік өнімдері сезіктінің немесе айыпталушының
туыстарына немесе өзге адамдарға берілуі мүмкін.
Сезікті немесе айыпталушы қайтыс болған жағдайда, оның сақтаудағы ақшалары,
құндылықтары, басқа бұйымдары, заттары және азық-түлік өнімдері заңнамада
белгіленген тәртіппен оның мұрагерлеріне беріледі. [3]
1.2 Сезіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
Уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі сезіктілер мен айыпталушыларға
гигиена, санитарлық, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жағдай
жасауға міндетті. Санитарлық алаң нормасы бір адамға кемінде пайдалы алаң
2,5 шаршы метр есебінен белгіленеді.
Уақытша ұстау изоляторында ұсталатындар жеке пайдалану үшін:
1) ұйықтау орнымен;
2) төсек жабдықтарымен: матрац, жастық, көрпе;
3) төсек орын заттары: екі жайма, жастық тыс;
4) тамақ ішетін асханалық ыдыстармен;
5) орамалмен;
6) сабынмен қамтамасыз етіледі.
Уақытша ұсталу изоляторларында ұсталу кезеңінде уақытша пайдалануға
қазыналық мүлік ақысыз беріледі. Пайдалануға тізбесі және саны Ережелермен
белгіленетін өз төсек жабдықтары, сондай-ақ басқа да заттар мен нәрселер
қабылдануы мүмкін.
Уақытша ұстау изоляторларының камералары:
1) столмен;
2) санитарлық тораптармен (құбыр болмаған кезде табиғи қажеттіліктерін
өтеуге арналған ыдыстармен);
3) кран су құбыры суымен (су құбырлары болмаған кезде ілгекті пластмасс қол
жуғыштармен);
4) сырт киімдерін ілуге арналған ілгіштермен;
5) жуынып шайыну жабдықтарына арналған сөрелермен;
6) ауыз суға арналған кішкентай бакпен;
7) радиохабар тарату құралдары;
8) қоқысқа арналған урнамен жабдықталады.
Күн сайынғы тұтыным бойынша камераға ішу үшін қайнаған су беріледі.
Аптасына бір рет әрбір сезікті мен айыпталушыға ұзақтығы 15 минут душта
шомылу мүмкіндігі беріледі.
Сезіктілер мен айыпталушыларға қырынатын құралдар олардың өтініші бойынша
белгіленген уақытта, аптасына екі рет беріледі.
Сондай-ақ олардың өтініші бойынша шағымдар мен өтініштер жазу үшін жазу
құралдары (қағаз, шарикті қалам) беріледі.
Әрбір уақытша ұстау изоляторы тамақ ысыту үшін электр плита, су қайнатқыш,
шкаф, ыдыс жуу үшін үш ұялы ванна (ыдыс) бөлме, сондай-ақ төсек жабдықтарын
және камераларда сақтауға рұқсат етілмеген жеке заттарын сақтайтын бөлме
жабдықталады.
Сезіктілер мен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген
нормалар бойынша денсаулығы мен әл-қуатын қалыпты жағдайда ұстауға
жеткілікті үш мезгілгі тамақпен ақысыз қамтамасыз етіледі. Сезіктілер мен
айыпталушыларға осы Ереженің 46-тармағына сәйкес сақталуға және пайдалануға
тыйым салынғандардан басқасын, қолма-қол ақшасыз есеп бойынша бірінші
кезекте қажетті азық-түлік өнімдерін, заттарды, сондай-ақ басқа да
өнеркәсіптік тауарларды сатып алуға құқығы бар.
Сезіктілер мен айыпталушылар қамауда ұстау кезінде олардың өзге
әрекеттерімен мемлекетке келтірілген материалдық залал үшін, заңнамада
қарастырылған тәртіп және мөлшері бойынша материалдық жауапкершілікке
тартылады.
Мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері уақытша ұстау изоляторы бастығының
материалдық залалды өтеу туралы қаулысымен анықталады.
Ұйғарым сезіктіге немесе айыпталушыға қолхат арқылы хабарланады және жоғары
лауазымды адамға, прокурорға және сотқа шағымдалуы мүмкін.
Материалды залалды ерікті төлеуден бас тарту болған жағдайда ол сот
тәртібінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
жазаланады.
Келтірілген материалды залал үшін қателесіп алынған сомалар сезіктіге
немесе айыпталушыға қайтарып беруге жатады және оның жеке есепшотына
аударылады.
Келтірілген материалдық залал сезіктінің немесе айыпталушының өтініші және
олардың келісімі бойынша оның туыстарымен немесе басқа да адамдармен
төленуі мүмкін.
Сотталушыны бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны орындайтын
мекемеге жіберген жағдайда төленбеген материалдық залал сотталушының жеке
есепшотына түскен қаражаттың есебінен аталған мекеменің әкімшілігімен
төленеді.
Уақытша ұстау изоляторы әкімшілігінің кінәсімен сезіктіге немесе
айыпталушыға келтірілген материалдық залал, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес төленеді.
Уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі материалдық залал келтірген
кінәлілерді анықтау үшін ішкі істер органының бастығы тағайындайтын және
залал келтіру фактісі анықталған күннен үш күннен кешіктірілмей жүргізілуі
тиіс қызметтік тексеру жүргізеді.
Тексеру кезінде материалдық жауапкершілік жүктелетін жағдайлардың саны,
залалдың нақты сипаты мен мөлшері не негізгі материалдық жауапкершіліктің
болмауы анықталады.
Уақытша ұстау изоляторында ұсталушы сезіктіні немесе айыпталушыны
материалдық жауапкершілікке тарту мүліктік зиянды (материалдық залалды)
және осы адамның іс-әрекетіне қарама-қайшылығын анықтау кезінде орын алуы
мүмкін.
Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша залалды өтеу және зардап шеккенге
залал келтірген сезіктіге немесе айыпталушыға қолхат арқылы хабарланатын
ішкі істер органының бастығы бекіткен, мөр басылған қаулының негізінде
жүргізіледі. Өтем сезіктіні немесе айыпталушының жеке есепшотында бар
немесе уақытша ұстау изоляторы кезекшісінде сақтауда тұрған қаражат
сомасымен жүргізіледі.
Қолма-қол сомадан өтемді уақытша ұстау изоляторы бастығы жүргізеді (не оның
міндетін атқарушы адам) бұл жөнінде сезікті немесе айыпталушының қолма-қол
ақша қаражатынан материалдық залалды өтеу туралы үш данада хаттама
толтырылады. Оған уақытша ұстау изоляторы бастығы (ішкі істер органының)
және ақшалай сомасынан ұстап қалу жүргізілген адам қол қояды. Хаттаманың
бір данасы қаулымен және ұсталған ақшамен бірге ішкі істер органының
қаржылық бөліміне тапсырылады, екінші данасы залал келтірген адамның жеке
ісіне қосылады, үшіншісі оған қолхат арқылы беріледі.
Сотталушыда ақша болмаған кезде, сондай-ақ уақытша ұстау изоляторына өтем
залалы толық жүргізілмегенде, келтірілген залалға ұстап қалу жөніндегі
қаулы оның тұрған жеріне жіберіледі. Ұстап қалу сотталушының табысынан
жүргізіледі.
Келтірілген залалды өтеу туралы уақытша ұстау изоляторы әкімшілігінің
шешімінде белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін. Шағым беру залалды
өтеуді тоқтату үшін негіз болып табылмайды. Шағымы қанағаттандырылған
жағдайда, бұрын ұсталған сомасы қайтарылады.
Материалдық залалды қалпына келтірмеген сезікті немесе айыпталушы уақытша
ұстау изоляторынан босатылған жағдайда, азаматтық сот өндірісі тәртібімен
төлеуі мүмкін. Ішкі істер органы сотқа залалды қалпына келтіру туралы қарсы
өтініш береді. [3]
Материалдық залалды қалпына келтіру туралы талап ету арызы 2 данамен жауап
берушінің тұрғылықты орны бойынша сотқа беріледі. Жауап берушінің
тұрғылықты орны белгісіз болған жағдайда талап ету оның тұрған жеріндегі
мүліктері немесе оның белгілі соңғы тұрғылықты орны, не залал келтірілген
орны бойынша көрсетілуі мүмкін.
Талап ету арызына ішкі істер органының бастығы (қарсы өтінішті жазушы)
немесе оның орынбасары қол қояды. Егер де арыз сотқа өкілімен бірге барса,
арызда өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат қоса беріледі.
Талап ету арызы сотқа жауап берушілердің саны бойынша көшірмелерімен
беріледі.
Талап ету арызында:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талап ету арызын жазушының атауы (ішкі істер органы), оның тұрған жері,
сондай-ақ егер де арыз өкілімен бірге жіберілсе, өкілдің аты-жөні және оның
мекен-жайы;
3) жауап берушінің тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрғылықты жері;
4) талап ету арызын жазушы өз талаптарын және оларды растайтын дәлелдерді
негізге ала отырып ұсынатын жағдайлар;
5) талап ету арызын жазушының талаптары;
6) талап етудің бағасы, егер ол бағаланатын болса;
7) арызға ұсынылатын құжаттар тізбесі көрсетіледі.
Сезіктілер мен айыпталушылардың азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ бірінші
қажеттілікте керекті заттарды және басқа өндірістік тауарларды сатып алуы.
Қолма-қол есеп айырысу арқылы азық түлік өнімдерін, бірінші қажеттілікте
керекті заттарды, сондай-ақ басқа да өндірістік тауарларды сатып алуға ниет
білдірген сезіктілер мен айыпталушыларға берілген бланкілер (9-қосымша)
толтырып болғаннан кейін, ішкі істер органы қаржы бөлімінің жеке
есепшоттағы ақшасы туралы түбіртегімен бірге уақытша ұстау изоляторы
кезекшісіне беріледі. Сезіктілер мен айыпталушылар сатып алу жүктелінген
уақытша ұстау изоляторы қызметкеріне ішкі істер органы қаржы бөлімі
кассасынан олардың жеке есепшотындағы қажетті соманы есеп айырысу арқылы
алуға сенімхат береді.
Берілген ақшалар аванс есебінен және сатып алынған азық-түлік өнімдерін
және бірінші кезекте қажетті нәрселерді, бұл жөнінде өтініш жасаған
сезіктілер мен айыпталушыларға беруді растайтын құжаттардың негізінде сол
адамның есепшотынан шығарылады. Өтініштің және азық-түлік өнімдерін алуда
берілген қолхаттың негізінде, олардың құны сезіктілер мен айыпталушылардың
жеке есепшотынан шығарылады.
Уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі сезіктілер мен айыпталушыларға азық-
түлік өнімдерін және бірінші кезекте қажетті нәрселерді сатып алуға
жұмсалған ақша сомасы (датасы көрсетіледі) туралы жеке ісінің арнайы
парағына белгі жасайды.
Сезіктілер мен айыпталушыларға арналған сәлемдемелерді қабылдау мен беру.
Сезіктілер мен айыпталушыларға санының шектелуінсіз сәлемдемелер алуға
рұқсат етіледі, бірақ салмағы пошта тәртібінде қарастырылған нормадан
аспауы тиіс. Кәмелетке толмағандар мен ауруларға, ауыр науқастармен
ауыратындарға, жүкті әйелдерге, сонымен қатар өзімен бірге үш жасқа дейінгі
балалары бар әйелдерге берілетін сәлемдемелердің салмағын шектеуге жол
берілмейді.
Сәлемдемелерді қабылдау екі данадан белгіленген нысанда жасалған өтініштері
негізінде жүргізіледі.
Сезіктілер мен айыпталушылардың өзімен бірге ұстайтын азық-түлік
өнімдерінің, бірінші қажеттілікте керек заттар, аяқ киімдер, киімдер және
басқа да өндірістік тауарлардың саны мен тізбесі, оларды сақтау,
сәлемдемелерді алу және қолма қол есепсіз сатып алу, сондай-ақ белгіленген
қаржымен оларға қызмет көрсету тізбесі осы Тәртіппен анықталады.
Уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі дәрігердің қорытындысы бойынша
сезіктілер мен айыпталушылар үшін дәрі-дәрмектерді, олармен қамтамасыз
етуге мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қабылдайды.
Адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыс жасау құралы
ретінде пайдаланылуы мүмкін, қамауда ұстау мақсаттарына бөгет жасайтын
нәрселер, заттар мен азық-түлік өнімдерін сезіктілер мен айыпталушыларға
беруге тыйым салынады.
Сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселерді, заттарды, және азық-
түлік өнімдерін, ал осыларға тең кез-келген нәрселерді, заттарды және азық-
түлік өнімдерін тексеруден жасыру немесе беру белгіленген тәртіп бойынша
заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Құрамында кемінде екі полиция қызметкері бар комиссия сәлемдемелерді
тексеруді жүзеге асырады. Тыйым салынған заттарды тауып алған кезде хаттама
(акт) толтырылады. Онда нақты алынған немесе сақтауға тапсырылған заттар
көрсетілуі керек. Актіге комиссия мүшелері қол қояды, қолхат арқылы
сезіктіге, айыпталушыға хабарланады және оның жеке ісіне қосылады.
Сәлемдемемен келіп түскен азық-түлік өнімдері, заттар мен нәрселер хат
алушыға тапсырылмаса, хат алушы есебінен немесе жіберушінің төлемімен кері
қайтарылуы мүмкін.
Сәлемдемеден тауып алынған ақшалар анықтау арқылы сезіктілер мен
айыпталушылардың жеке есепшотына пошта тәртібіне, пошта аударымдарын
жібергені үшін төленетін тарифтер бойынша алымға сәйкес аударылады.
Басқа қылмыстық іс жүргізумен байланысты бас бостандығынан айрылу түріндегі
қылмыстық жазаға тартылған, мекемеден уақытша ұстау изоляторына
ауыстырылған сотталғандардың алған сәлемдемелер саны туралы әкімшілік жеке
істің арнайы парағына белгі жасайды.
Сезіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттарды, хаттарды, ақша аударымдарын
алуы және жөнелтуі.
Сезіктілер мен айыпталушыларға туыстары мен басқа да адамдарға айына
кемінде екі хат немесе жеделхат жіберуге және алуға рұқсат етіледі. Хат-
хабарларды алу мен жіберу сезіктінің немесе айыпталушының қаражаты есебінен
жүзеге асырылады.
Сезіктілер мен айыпталушылардың хат-хабар алысуы тек қана уақытша ұстау
изоляторының әкімшілігі арқылы осы қылмыстық істі жүргізетін органның
немесе адамның рұқсатымен жүзеге асырылады және осы Ереженің 86 тармағында
қарастырылған жағдайлардан басқасы цензураға тартылады. Цензураны уақытша
ұстау изоляторы әкімшілігі, ал қажет болған жағдайда қылмыстық істі
жүргізетін орган немесе адам жүзеге асырады.
Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны немесе мәжбүрлеп емдеуді
орындайтын мекемелерде ұсталушы сезіктілер мен айыпталушылардың хат-алмасуы
қылмыстық істі жүргізетін орган немесе адамның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Сезіктінің немесе айыпталушының атына келген хаттарды тапсыруды, сондай-ақ
оның хат алушыға жіберуді мерекелік және демалыс күндерден басқа, хат келіп
түскен немесе оны сезікті немесе айыпталушы тапсырған күннен үш күн
мерзімнен кешіктірмей уақытша ұстау изоляторы әкімшілігі жүргізеді. Хатты
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне және ресми қолданылған орыс
тілінен кері аудару қажет болғанда, хатты беру мерзімі аудармаға қажет
уақытқа ұзартылуы мүмкін.
Сезіктіге немесе айыпталушыға жақын туысының өлімі немесе ауыр науқасы
туралы мәліметтер оларды алғаннан кейін кешіктірілмей хабарланады.
Сезіктіге немесе айыпталушыға, ол уақытша ұстау изоляторынан кеткеннен
кейін келген хаттар, оларды алған күннен үш күндік мерзімнен кешіктірмей
кеткен жері бойынша жіберіледі.
Уақытша ұстау изоляторындағы сезіктілер мен айыпталушыларға келіп түскен
ақша аударымдары олардың жеке есепшотына аударылады. Уақытша ұстау
изоляторы әкімшілігінің рұқсатымен сезіктілер мен айыпталушылар жақын
туыстары мен өзге де адамдарға өз қаражаты есебінен ақша аударымын жіберуі
мүмкін.
Сезіктілер мен айыпталушылардың ұсыныс, өтініштер мен шағымдар жолдауы.
Уақытша ұстау изоляторы әкімшілігінің өкілдері күн сайын камераларды
аралайды және ұсталушылардан ұсыныстар, өтініштер мен шағымдарды жазбаша,
әрі ауызша түрде қабылдайды. Ауызша түрде қабылданған ұсыныстар, өтініштер
мен шағымдар журналға жазылады және оларға рұқсат беруші адамға баяндалады.
Жазбаша түрде жазылған және уақытша ұстау изоляторының әкімшілігіне
жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар журналға тіркеледі және оларға
рұқсат беруге шаралар қабылдайтын уақытша ұстау изоляторының бастығына
баяндалады.
Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық
бірлестіктерге, бұқаралық ақпарат құралдарына жолданған ұсыныстар,
өтініштер мен шағымдар уақытша ұстау изоляторы әкімшілігі арқылы жолданады.
Прокурорға және сотқа жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар цензураға
жатпайды және жабылған түрінде дереу жолданған адамға жіберіледі.
Мемлекеттік органдарға жолданған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар уақытша
ұстау изоляторы әкімшілігінде қаралуы керек және жолданған күннен бастап
бір тәуліктен кешіктірілмей жіберіледі.
Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға көмектесетін қылмыс жасауға ықпал
ететін құпия жазумен, шифрмен орындалған, мемлекеттік немесе өзге де заңмен
қорғалатын құпиядан тұратын ұсыныстар, өтініштер және шағымдар осы
қылмыстық істі жүргізетін адамға немесе органға беріледі.
Соттың, анықтау жүргізген адамның, тергеушінің немесе прокурордың іс-
әрекетіне және шешіміне қатысты шағымдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық
іс жүргізу кодексінің 104-бабында алдын ала қарастырылған жедел тәртіпте
жолданады.
Ұсыныстардың, өтініштердің, шағымдардың жауаптары сезіктілер мен
айыпталушыларға қолхат арқылы хабарланады және олардың жеке ісіне қосылады.
Сезіктілер мен айыпталушыларды олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне
бұзушылықтармен байланысты ұсыныстар, өтініштер немесе шағымдар жасағаны
үшін қудалаудың кез келген түріне жол берілмейді. Мұндай қудалауда уақытша
ұстау изоляторының лауазымды адамдары, кінәлілер Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Апелляциялықтардан басқа ұсыныстарды, өтініштерді және шағымдарды жіберу
бойынша шығындарды төлеу жіберушінің есебінен жүргізіледі. Сезіктіні немесе
айыпталушының жеке есеп шотында ақша болмағанда, шығындар ішкі істер
органдары есебінен жүргізіледі.
Сезіктілер мен айыпталушылар діни салт-дәстүрлерді камераларда, ал
мүмкіндік бар болғанда осы мақсатқа арнайы жабдықталған уақытша ұстау
изоляторындағы үй-жайларда олар жататын діннің барлық дәстүрлі
конфессияларына сәйкес жүргізеді.
Тек қана уақытша ұстау изоляторының ұстау режимін бұзбайтын салт-
дәстүрлерді жүргізуге рұқсат беріледі.
Сезіктілер мен айыпталушыларға өздерімен бірге діни әдебиеттерді, жеке
пайдалану үшін қалтаға салып жүретін, денеге тағатын дін мәдениетінің
нәрселерін, мәдени және тарихи құндылықты білдіретін үшкір және өткір
заттардан басқа қымбат тастардан жасалған бұйымдарды ұстауға және
пайдалануға рұқсат беріледі.
Сезіктілер мен айыпталушыларға, олардың өтініші бойынша және қылмыстық істі
жүргізетін органның немесе адамның рұқсатымен діни көмек көрсету үшін дін
мәдениеттерінің қызметкерлері шақырылуы мүмкін.
Сезіктілер мен айыпталушылар қылмыстық істі жүргізуші орган немесе адамның
рұқсатымен ішкі тәртіп Ережелерінде белгіленген тәртіппен, заңнамада
қарастырылған жағдайлардан басқа өз өкілдері арқылы немесе тікелей
азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуға құқығы бар.
Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыру үшін сезіктілер мен
айыпталушылар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 152-бабына
сәйкес уақытша ұстау орнының бастығы куәландыратын, белгіленген нысанда
сенімхат жазады.
Уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі сезіктілер мен айыпталушыларды
өтініштері бойынша олардың есебінен сенімхат бланкілерімен қамтамасыз етеді
және қажет болған жағдайда оны толтыру тәртібін түсіндіреді.
Қылмыстық істі жүргізуші орган немесе адам арқылы сенімхат иесіне беріледі
немесе жолданады.
Сезіктілер мен айыпталушылардан сенімхат алғысы келгендер, уақытша ұстау
изоляторы өкілінің жеке қабылдауда болуына өтінішпен өтініш жасайды не оны
пошта арқылы жібереді.
Айыпталушыларға Қазақстан Республикасының байланыс бөлімшесі арқылы
таратылатын газет және журналдарға жазылуына құқық беріледі.
Айыпталушылар жазылуды ресімдеу үшін өтінішпен уақытша ұстау изоляторының
бастығына өтініш жасайды. Өз есебінен жазылуды ресімдеуге ниет білдірген
айыпталушыға абонемент бланкісі және жеткізу карточкасы беріледі.
Байланыс бөлімшесінде жазылуды ресімдеу жұмыстарын айыпталушының қаражаты
есебінен уақытша ұстау изоляторының қызметкері жүргізеді.
Жазылуды басқа мекен-жайға жіберу жазылушының есебінен, оның жазбаша
өтініші бойынша уақытша ұстау изоляторы әкімшілігінің рұқсатымен жүзеге
асырылады.
Жазылу айыпталушының атынан оның туыстарына немесе өзге де адамдарға
ресімделуі мүмкін.
Жазылу ресімделетін басылымдардың санына шек қойылмайды.
Медициналық қызметкердің босату қағазы бар аурулар серуендеуге
шығарылмайды.
Жүкті және өзімен бірге балалары бар әйелдерге ұзақтығы үш сағат болатын
күнделікті серуендеу беріледі.
Кәмелетке толмаған сезіктілер мен айыпталушылар ұзақтығы кемінде екі
сағаттан аспайтын күнделікті серуендеуге шығарылады. Серуендеу кезінде
кәмелетке толмағандарға дене тәрбиесі жаттығулары және спорттық ойындармен
шұғылдануға мүмкіндік беріледі.
Сезіктілер мен айыпталушыларға серуендеу тәуліктің жарық кездерінде
жүргізіледі. Әр түрлі камерада ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды
серуендеуге шығару ауыспалы кестемен белгіленеді.
Серуендеу аулалары отыруға арналған орындықтармен және жауыннан қорғалатын
жабдықталады. Серуендеу кезінде кәмелетке толмағандарға дене тәрбиесі
жаттығулары және спорттық ойындармен шұғылдануға мүмкіндік беріледі.
Сезіктілер мен айыпталушыларды серуендеуге шығару күндізгі уақытта оқшаулау
тәртібін бұзбайтын уақытша ұстау изоляторы бастығы жасаған кесте бойынша
жүзеге асырылады.
Маусым бойынша киінген, бір камерада отырған сезіктілер, айыпталушылар
серуендеуге шығарылады.
Аса ауыр қылмыстар жасауда сотпен ең ауыр жаза өлім жазасы тағайындалуы
мүмкін сезіктілер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz