Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу



Кіріспе 3

Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
Экскурсия қызметінің тарихи 5
Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 6
Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 14

«Абылай хан даңғылы» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары

«Абылай хан даңғылы» бойынша экскурсияның кіріспесі 16
«Абылай хан даңғылы» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы 18
«Абылай хан даңғылы» бойынша экскурсияның қорытындысы 22
«Абылай хан даңғылы» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 23

Қорытынды 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 41
Курстық жұмыстың өзектілігі: экскурсия «еxcursio» сөзі латын тілінен аударғанда "серуендеу" деген мағынаны білдіреді. Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген экскурсия адамның денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: патриоттық, ынта-ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды, экскурсанттың ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға үйренеді. Кез-келген экскурсияның негізгі мақсаты ­ туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әр туристік кәсіпорын өзінің қару-жарақ қоймасында бірнеше экскурсия түрлері болуы қажет: тақырыптық немесе шолулық, экскурсанттарды жергілікті көрікті орындармен, салт-дәстүрлерімен таныстыру керек. Әрбір экскурсиялық ұйымның негізгі мақсаты ол ­ табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды, ақпаратты және табысты болу керек.
Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген экскурсия адамның денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: патриоттық, ынта-ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды, экскурсанттың ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға үйренеді.
«Қазақстан 2030» стратегиялық жоспарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев елдегі туризмді дамыту тақырыбын түртіп айтты. Бұл қызмет көрсету саласы жоғарыда айтылып кеткен жоспардың мақсаттарына жеткізетін басым бағыт болады. Сондықтанда, біз келешек туризм саласындағы маман болғандықтан, бұл құжатқа ерекше мән беруіміз керек.
Көптеген дүниежүзіндегі елдерде туризм жүйе ретінде дамып келеді, сол елдің және халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани және діни құндылықтарымен танысуға барлық мүмкіншіліктер бар және қазынаға пайда алып келеді. Бұл жүйе өте көп туристік қызмет көрсетулермен байланысқан жеке және заңды тұлғаларды «асырап» жатқанын айтып өтпеуге болмайды. Табыстың түбегейлі табысынан басқа, туризм елдiң мәртебесiнiң күшейтуiнiң қуатты факторларының бiрi болып табылады.
1. «Экскурсиятану негіздері», Өскемен: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазасқтан Мемлекеттік Университеті, 2007ж;
2. Емельянов Б.В. «Экскурсоведение. Учебное пособие». Мәскеу, 2002;
3. М.В.Соколова «История туризма», М:«Академия», 2008;
4. Савина Н.В., Горбылева З. «Экскурсоведение. Учебное пособие», Мәскеу, 2005;
5. Геңевич Н.А. Основы экскурсоведения. Учебпое пособие для географических спеңиальностей вузов. Минск, 1988;
6. Ягофаров Г.Ф., Тынчерова З.В., Саипов А.А. Экскурсоведение. Алматы, 2001;
7. Савина Н.В. «Экскурсоведение. Учебное пособие». Мәскеу, 2009;
8. Емельянов Б.В. Экскурсионное обслуживание населения. М., 1983;
9. http://kk.wikipedia.org/wiki/Абылай_хан сайты;
10. http://dostoprim.almaty.kz/page.php?page_id=249&lang=3&article_id=791;
11. http://www.almaly.almaty.kz/page.php сайты;
12. http://conservatoire.kz сайты;
13. http://www.zhuzha.kz/shops/almaty сайты;
14. http://teatr-musrepov.kz/ сайты;
15. http://www.writers.kz/ сайты.
16. «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдері, негіздері» пәні бойынша дәрістері (лекциялары).
17. Қазақстан Республикасындағы статистика агенттігі . Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету. // 2010 жылы.
18. Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К., «Туризм және өлкетану неіздері», Алматы: ҚазҰПУ, 2006ж (22б.; 23б.; 23б.; 23б; 22б.)
19. http:// zhurnal. lib.ru сайты.
20. Казахстан и ОБСЕ: монография/Под общ. ред. Б. К. Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2009. – 288 с.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ ат. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ

Әлеуметтік қызмет және бизнес факультеті
Туризм кафедрасы

Экскурсиятану пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Абылай хан даңғылы бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты
өңдеу

Орындаған:
3 курс студенті, 341 топ __________________ Нұртлеуов Б.С.
Студенттің қолы

Тексерген:
_______________________ Сайдуллаев С.З.
Ғылыми жетекшінің қолы

Алматы, 2013

Мазмұны

Бет.
Кіріспе 3

1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
1.1Экскурсия қызметінің тарихи 5
1.2Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 6
1.3Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 14

2 Абылай хан даңғылы бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
2.1Абылай хан даңғылы бойынша экскурсияның кіріспесі 16
2.2Абылай хан даңғылы бойынша экскурсия маршрутының технологиялық 18
картасы мен схемасы
2.3Абылай хан даңғылы бойынша экскурсияның қорытындысы 22
2.4Абылай хан даңғылы бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 23

Қорытынды 39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 41

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: экскурсия еxcursio сөзі латын тілінен
аударғанда "серуендеу" деген мағынаны білдіреді. Дұрыс ұйымдастырылған және
мәнді өткізілген экскурсия адамның денсаулығын нығайтады, адамның мынадай
мысалы: патриоттық, ынта-ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін
тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның
ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды, экскурсанттың ой-өрісі кеңейеді,
табиғатты қорғауға үйренеді. Кез-келген экскурсияның негізгі мақсаты ­
туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени және әдеби
ақпараттармен таныстыру. Әр туристік кәсіпорын өзінің қару-жарақ қоймасында
бірнеше экскурсия түрлері болуы қажет: тақырыптық немесе шолулық,
экскурсанттарды жергілікті көрікті орындармен, салт-дәстүрлерімен таныстыру
керек. Әрбір экскурсиялық ұйымның негізгі мақсаты ол ­ табыс. Сондықтан
әрбір экскурсия танымды, ақпаратты және табысты болу керек.
Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген экскурсия адамның
денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: патриоттық, ынта-
ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа
қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей
білу сезімі нығаяды, экскурсанттың ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға
үйренеді.
Қазақстан 2030 стратегиялық жоспарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
елдегі туризмді дамыту тақырыбын түртіп айтты. Бұл қызмет көрсету саласы
жоғарыда айтылып кеткен жоспардың мақсаттарына жеткізетін басым бағыт
болады. Сондықтанда, біз келешек туризм саласындағы маман болғандықтан,
бұл құжатқа ерекше мән беруіміз керек.
Көптеген дүниежүзіндегі елдерде туризм жүйе ретінде дамып келеді, сол
елдің және халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани
және діни құндылықтарымен танысуға барлық мүмкіншіліктер бар және қазынаға
пайда алып келеді. Бұл жүйе өте көп туристік қызмет көрсетулермен
байланысқан жеке және заңды тұлғаларды асырап жатқанын айтып өтпеуге
болмайды. Табыстың түбегейлі табысынан басқа, туризм елдiң мәртебесiнiң
күшейтуiнiң қуатты факторларының бiрi болып табылады.
Қазіргі адамдарға демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен, қоршаған ортаны
белсенді танып-білумен қиыстыру тән болып келеді. Сондықтан да туристер
өдерінің бағыттарына пайдалы қазбаларды іздестіруді, өздері барған ауданның
табиғи ресурстарын зерттеуді, географиялық бақылауды енгізеді. Олар
халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты
жағдайлармен күреске қатысады
Әр туристік кәсіпорын өзінің қару-жарақ қоймасында бірнеше экскурсия
түрлері болуы қажет: тақырыптық немесе шолулық, экскурсанттарды жергілікті
көрікті орындармен, салт-дәстүрлерімен таныстыру керек.
Экскурсиятану пәні бойынша курстық жұмыс Абылай хан даңғылы бойынша
менiң жеке маршрутымның өңдеуiн ескередi. Бұл экскурсияны құрастыру үшін
мен ұлттық кітапхана материалдарын, Ғаламтордың әр түрлі сайттарынан,
журналдар және газеттердiң периодты шығаруларын қолдандым.
Бұл экскурсияның мақсаты – экскурсанттарды өз қаласын сүюге тәрбиелеу
және студенттердің мәдени ой өрiсiн кеңейту, себебі менің экскурсиям
мұндай дәрiсханаға тап есептелiнген. Міндеттері болып экскурсанттарды
Абылай хан даңғылындағы негізгі көрікті орындармен
(достопримечательностью), архитектурасымен және тарихи-мәдени
ескерткіштерімен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: экскурсиялық саяхаттарды және туризмнің
барлық экскурсиялық түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу, туризмнің экскурсиялық
түрлерінің әдіс-тәсілдерімен толық таныстыру, туризмдегі экскурсия және
оның әдіс-тәсілдері ұғымдарын кең түрде қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Туризмдегі экскурсия түрлерін қарастыру;
- Транспорт экскурсиялары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін қарастыру
және оларды ұйымдастыру;
- Экскурсия түрлерін өткізуге болатын А.Байтұрсынов мұражайының негізгі
объектілерін бөліп қарастыру;
- Абылай хан даңғылының пайда болу тарихымен экскурсанттарды таныстыру;
- Абылай хан даңғылындағы көрнекті де қызықты орындарына барып,
эккурсанттарды ол жерлермен жақынырақ таныстыру;

1. Экскурсия қызметінің тарихи

Экскурсия (excursio) латын тілінен аударғанда серуендеу деген
мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі
(жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан
аспайтын уақытқа барып көруі.
Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары
арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде Орталық экскурсиялық
комиссия құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет
үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918
жылы Мәскеуде Орталық оқушылар экскурсиялық бюро құрылды. Экскурсиялар
туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың
сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж Советский турист АҚ
құрылды, 1930 ж Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін
қоғамы (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда Норкампросаның
эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және
экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды [2].
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды
белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен
ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан
экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген.
Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи,
архитектуралық, әдеби және т.б..
Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі.
Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы
айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды
атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану,
мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың
белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған.
Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу,
айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен
қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте
аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға,
шет ел курорттарына саяхат жасаған.
Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы
прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып,
қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен.
Экскурсия сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIXғ енгізген.
Басында бұл сөз әскери шапшаңдық, кейіннен серуенге шығу, жорық деп
белгіленген [3].

2. Экскурсия және оның мәні мен мазмұны

Экскурсия дегеніміз латын тілінен аударғанда серуендеу деген мағынаны
білдіреді. Экскурсияның белгілері:
Экскурсияның уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа
дейін созылады. 1 сағат = 45 минуттан есептелінеді;
Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттардың саны 1-ден 70-ке дейін
болады. Экскурсовод – уақытша болатын елдегі ресурстармен таныстыру
жөніндегі туристерге экскурсиялық ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге
лайықты біліктілігі бар кәсіби даярланған жеке тұлға.
Экскурсант – бір жерге, елді мекенге немесе аймаққа, сол жердегі басқа
елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа
уақытша келген жеке тұлға.
Экскурсия маршруты тақырыпты толығымен ашатын және экскурсиондық топты
алып журуге көмектесетін ең оңай жол. Маршрут берілген экскурсияда
көрсетілуі керек объектілердің реттілігіне, аялдамалар санына,
экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ыңғайластырып
жасалады. Маршруттың басты міндеттерінің бірі — тақырыптың барынша толық
ашылуына әсер ету.
Маршрут құрастырушы маршрутты құрастыру барысында ескеру керек
негізгі талаптар — объектілерді көрсетуді логикалық реттілікпен ұйымдастыру
және тақырыпты ашу үшін экскурсанттарға ыңғайлы көрініс негізін қамтамасыз
ету. Экскурсиондық мекемелер тәжірибесінде маршрут құрудың үш тәсілі бар:
хронологиялық, тақырыптық, тақырыптық-хронологиялық. Хронологиялық
маршрутты құрастырудың мысалы ретінде ұлы тұлғалардың өміріне арналған
экскурсияларды айтуға болады. Ал тақырыптық тәсілде экскурсия құрастыру
қала өміріндегі белгілі бір тақырыпты ашуға бағытталады [4].
Экскурсияда көрсету тәсілдері объекті бақылауды жеңілдетеді.
Экскурсияның объектінің ерекшелігін көрсетеді және объектіні бірнеше
бөліктерге бөлініп көрсете алады.
Көрсету тәсілдері 7 түрге бөлінеді:
- Экскурсиондық объектті алдын ала көрсету. Бұл тәсіл
экскурсанттар оъектінің қасында тұрғанда қолданылады. Алдын ала
тәсілі қарастырып жатқан объектің тарихын сонымен байланысты тарихи
оқиғаларды қарастырады. Алдын ала көсету тәсілі экскурсиондық объектке
баға береді. Егер де экскурсиондық объект табиғи ескерткіш болса, қоршаған
ортаға баға беріледі. Экскурсанттар бұл тәсілде өздері экскурсоводтың
көмегінсіз объектіні қарастыра алады. Алдын ала көрсету тәсілінде
объектіні көрсету, ақпарат берілумен бірге жүргізіледі.
- Панарама тәсілі. Бұл тәсілде экскурсанттар объекттерді биіктіктен
көруге мүмкіндігі бар. Панарама тәсілін қолданған кезде экскурсанттар бір
ғана объектті емес, бірнеше объектілерді қарастырады. Экскурсовод панарама
тәсілінің көмегімен көптеген объектің ішінде жүргізіп жатқан экскурсияға
байланысты объекті таңдап алып, экскурсанттарға көрсетеді.

- Реконстукция тәсілі. Экскурсиялық объектілер экскурсовод алғашқы
түрін сөзбен айтып жеткізеді.
Бұл тәсіл ескерткіштерді, ғимараттарды және мекемелерді көрсетке кезде
қолданылады. Экскусовод объектіні көрсету алдында өзі сол объект туралы
толық мәліметтерді жинап алу керек. Ғимараттарды көрсеткен кезде
объектілердің сақталған бөліктерін көрсетіп, жетіспеген бөлігін сөзбен
айтып жеткізеді. Егер объект толығымен жойылғанда экскурсовод порфелінің
көмегімен объектіні көрсетеді. Егерде ескерткіштер, ғимараттар және
туристік объектілер толығымен жойылса экскурсовод объектілердің ежелгі
көрінісін экскурсантарға айтып жеткізеді.
- Монтаж тәсілі. Бұл тәсіл реканструкция тәсіліне ұқсап келеді. Монтаж
тәсілінің көмегімен экскурсовод бір объектіні көрсеткенде сол объект туралы
толық мәліметтерді береді.
- Локализация тәсілі. Бұл тәсілдің көмегімен туристердің назарын бір
объектіге немесе сол объектінің бір бөлігіне көңіл аударады.
- Обстрагирование тәсілі. Обстрагирование тәсілдерін қолданып
экскурсовод объектінің бөліктерін экскурсанттардың ойында мысалы ретінде
келтіреді. Бұл тәсілдің көмегімен экскурсовод объектінің керек емес
бөліктерін көрсетпей тек қана экскурсияның тақырыбын ашуға көмектесетін
бөліктерін көрсетеді.
- Салыстыру тәсілі. Салыстыру тәсілінде экскурсовод бір объектіні
басқа бір объектімен салыстырып, экскурсанттарға ерекшелігін айтып
береді [5].
Бизнес жоспар – экскурсиялық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес
жоспарды экскурсияның жаңа тақырыптары экскурсияға берілген
уақыты және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес жоспарды жазу
үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелген соң фирманың
меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың
қызметшілеріне жаңа экскурсияның дайындалу уақыты, мақсаты және
экскурсияға жауапты адамдар тағайындайды.
Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады. Экскурсияның
негізгі мақсаты туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи,
мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық
ұйымның негізгі мақсаты табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды
ақпаратты және табысты болуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі
міндеттерді атқару керек:
- экскурсанттарды туған аумақтың табиғатымен, тарихымен және
архитектурасымен таныстыру керек;
- экскурсияның мақсатына жету және экскурсияның тақырыбын ашып
жеткізу;
Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі
кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі
талаптарлдан тұрады:
- потенциялдық сұраныс;
- нақты экскурсия;
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты
экскурсияның тақырыбына байланысты болу керек.
Экскурсиондық объектілерді таңдау. Экскурсияның объектілер
келесі түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени;
- құжаттық;
Экскурсиялық объектілердің классификациясы:
Мазмұны бойынша – экскусиондық объектілер бір жоспарлы және көп
жоспарлы болып екі түрге бөлінеді.
Функциондық қызметі бойынша – экскурсиондық объектілер негізгі,
қосымша болып екіге бөлінеді.
Сақталу дәрежесі бойынша – экскурсияның объектілері келесі түрлерге
бөлінеді:
- толық сақталған;
- өзгерістерге ұшыраған;
- жоғалтылған объектілер.
Экскурсиялық объектілерді таңдап алу принциптері . Объект атақты,
данқты, көрнекті болуы керек. Сонымен бірге танымды мәнерлі,
оналасу орны бойынша, уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
Жол ақпарат дайындаудағы негізгі пунктер:
- жол ақпараттың мақсаты мен міндеттерін таңдалуы;
- тақырыпты анықтау;
- экскурсияға қажетті әдебиеттерді зерттеу;
- экскурсия барысында көрсетілетін объектілерді таңдау;
- экскурсовод портфелін толықтыру;
- экскурсияны жүргізу техникасы;
- көрсету және айтыпберу әдістемелерін таңдау;
- экскурсоводтың индивидуалды текстін дайындау;
- экскурсиондық ақпаратты қорғау;
- жол ақпаратты бекіту.
Жол ақпаратты дайындауға қажетті құжаттар:
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі экскурсия бойынша қолданылатын
барлық кітаптардың, газет журналдардың тізімі болуы керек.
Объектінің құжаты қарастырылып жатқан зерттеу объектіге толық сипаттама
беретін мәліметтер объектің құжатын жазған кезде келесідей мәселелер
қарастырады:
- объектінің түрі;
- атауы;
- объектке байланысты оқиғалар;
- қысқаша сипаттамалар;
- авторы;
- орналасу уақыты;
- экскурсияның бақылау тексті экскурсияның тақырыбы, сұрақтары
толығымен ашылып жазылады.
- индивидуалды текст – бақылау текстінен алынады, яғни мұнда
экскурсовод өзі үшін қысқаша мәліметтерді түртіп алады.
- маршруттың схемасы – онда экскурсияның басталуы және
аяқталу орны туралы, объекттің орналасуы, аялдамалар
көрсетіледі.
- экскурсияның портфелі ішінде: экскурсия тақырыбына
байланысты суреттер, құжаттар, кестелер, схемалар,
карталар, т.б.
- әдістемелік қабылдаулар көрсету және айтып беру
әдістері;
- жол ақпаратқа қажетті мәліметтер (газет-журналдар, кестелер,
мақалалар).
- экскурсоводтың тізімі – қарастырып жатқан экскурсияны
жүргізе алатын экскурсияның тізімі [6].
Жаңа экскурсияны дайындау.
1. Бизнес-жоспар. Бизнес-жоспар — экскурсиялық жұмыстың негізгі
құжаты. Бизнес-жоспарда экскурсияның жаңа тақырыбы, экскурсияға
берілген уақыт және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес-
жоспарды жазу үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік
нарық зерттелгеннен соң фирманың меңгерушісі бұйрық шығарады.
Бұл бұйрықта туристік фирманың қызметкерлеріне жаңа
экскурсияның орындалу уақыты, мақсаты және экскурсияға жауапты
адамды тағайындайды. Жаңа экскурсияны жасайтын адам анықталған
соң экскурсоводтар тақырыбы бойынша мәліметтер
жинайды.Экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдайды және
экскурсиның маршрутын қарастырады.
2. Жаңа экскурсияның мақсаты және міндеттері анықталады.
Экскурсияның негізгі мақсаты — туристерді археологиялық,
архитектуралық, тарихи, мәдени, әдеби ақпараттармен таныстыру.
Әрбір экскурсиондық ұйымның негізгі мақсаты — табыс. Сондықтан
әрбір экскурсия ақпараттық, танымдық және табысты болу керек.
3. Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі кезде
экскурсиның тақырыбын таңдап алуға бірнеше талап қойылады:
- потенциалдық сұраныс;
- нақты экскурсия.
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты экскурсияның
тақырыбына байланысты болуы керек.
4. Экскурсияға қажетті ақпаратты таңдап алу. Экскурсияға қажетті
ақпаратар екі түрге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша.
Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет-
журналдардан, архивтен, интернеттен ашуға болады.
5. Экскурсиондық объектілерлі таңдау. Экскурсиондық объектілер келесі
түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени және т.б [7].
Экскурсиондық объектілер классификациясы:
1) мазмұны бойынша экскурсиондық объектілер бір жоспарлы және
көпжоспарлы болып бөлінеді
2) функциялық қызметі бойынша экскурсиондық объектілер негізгі және
қосымша болып 2 түрге бөлінеді.
3) сақталу дәрежесі бойынша экскурсиондық объектілер: 1)толық
сақталған; 2)өзгерістерге ұшыраған; 3)жоғалтылған объектілер.
4) экскурсиондық объектілерді таңдап алу принциптері. Объект атақты,
даңқты болу керек. Сонымен бірге танымды, мәнерлі орналасу орны бойынша,
уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
5) маршрутты құрастыру. Экскурсиондық маршрутты құрастырудың үш түрі
бар:
- хронологиялық;
- тақырыптық;
- хронологиялық-тақырыптық.
6) Маршрутты айналып өту. Экскурсияны құрастырған кезде хронометраж
анықталады. Хронометраж дегеніміз —экскурсиондық объектіге бөлінген уақытты
есептейді. Хронометраж бір объектіден екінші объектіге дейінгі болған
уақытты есептеп шығарады. Маршрут объектілерінің орналасу принциптері:
маршрут қайталанбауы керек; туристік объектінің қасында туристерге арналған
орын болу керек; бір объектіден екінші объектіге дейінгі уақыт 10 минуттан
аспауы керек; қалалық экскурсияның маршруты шеңберлі болу керек; маршруттың
қосымша нұсқасы болады; қала шетіндегі экскурсияларда санитарлық аялдамалар
болукерек; маршрут жол полициясымен келісілген болу керек.
7) Контрольді текстте экскурсия бойынша жиналған мәліметтер зерттеледі
және әдеби тілмен жазылуы керек.
8) Экскурсоводтың портфелі. Портфель ішінде суреттер, көшелердің
схемеалары, жануарлардың суреттеріғимараттардың сызбалары және маңызды
құжаттарлың көшірмелері болады.
9) Технологиялық карта. Оның бірінші парағында экскурсияны дайындаған
адамның аты-жөні, экскурсияның аты және түрі, экскурсиның ұзақтығы,
экскурсанттардың құрамы және жүргізуші туралы толық мәліметтер беріледі.
Екінші парағында, экскурсияның міндеттері қарастырылады. Үшінші парағында,
ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Экскурсовод экскурсиның алдында 15 минут
бұрын келу керек [8].

3. Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі

Қазіргі кезеңде экскурсиялық қызметтер саудасының қарқынды дамыған
халықаралық формасына айналуда.Соңғы 20 жылда әлемде туристік қызметтің
жылдық өсімі 5,1%, ал одан түсетін валюталық түсім көлемі 14% құраған. БҰҰ
анықтамасына сай 2010-2025 ж.ж әлемдік туристік нарықтың маңызды
сегменттеріне круиздер, тақырыптық парктер, мәдени туризм, спорт, саяжай
демалыстары жатады.Осы кезде туристер саны 1561,1млн болуы қажет. Бұл
мәселелер Қазақстан үшін өте маңызды болып саналады. Себебі Қазақстанда
және оның аймақтарында туристік-экскурсиялық дамытуға табиғаттың тартымды
жерлері жеткілікті. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан
аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және
туризм нысандары болып табылған.
Қазақстандағы алғашқы туристік-экскурсиялық ұйымдар 20-ғасырдың 20-30
жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристік-экскурсиялық
жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17
мектеп мұғалімдері қатысты. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында
Пролетарлық туризм жэне экскурсия Қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей
бастады. Оның алғаш төрағасы В.Г. Горбунов сайланды. Күйгенсай шатқалында
туристер үшін 1936 ж. республикадағы ең алғашқы 50 кісілік Горельник
турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында алғаш
қазақстандық туристер слеті өтті. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан
туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзілік
туризм ұйымына мүше болды және осы жылы туризм индустриясын дамытуға
арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының
Ұлы Жібек жолының тарихи орталығына қайта өрлеу, түрік тілдес
мемлекеттерінің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы
туризм дамуының стратегиясы жасалды.
Елімізде қазақстандық және шет елдік азаматтардың әр түрлі туристік-
экскурсиялық қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге
қабілетті туристік кешенді іске асыруға жағдай жасалып жатыр, ұлттық
туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленді және
қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалды-техникалық
базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды.Бұл ретте элемдік
деңгейдегі "Жаңа Іле" туристік оралығын күру жөніндегі серпінді жобаны іске
асыру маңызды мэнге иеболып отыр.
Қазақстанда экскурсияның барлық түрлері этно, экология,
денсаулық,сауықтыру балалар,спорттық,аң аулау,балық аулау,атпен серуендеу
бойынша жүргізіледі.Бұл үшін Қазақстан аумағында 900-ден астам саяхаттық
маршруттар белгіленген.Қазақстандағы туристік ресурстарға-туристік қызмет
көрсету нысандарын қамтитын табиғи климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
сауықтыру нысандары, туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын,
олардың күш-жігерін күшейтуге, сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады.
1. Абылай хан даңғылы бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары

2.1 Абылай хан даңғылы экскурсиясына кіріспе

Сәлеметсіздер ме! Құрметті студенттер! Менің аты – жөнім Смагулова
Рабиға Байжанқызы.Мен Shine life турфирмасында гид болып қызмет
атқарамын. Көлік жүргізушінің есімі – Марат Нуржанулы. Бүгінгі экскурсияны
өздеріңізбен бірге қызықты, әрі танымдық мақсатта ерекше әсер аларлықтай
дәрежеде өткіземіз деп ойлаймын.
Экскурсиямызды бастамас бұрын экскурсия кезінде қолданылатын
қауіпсіздік ережелеріне қысқаша тоқталып өтейін:
- Экскурсия жүріп жатқан кезде, тыныштықты сақтап, экскурсияны шын
көңілдеріңізбен мұқият тыңдауларыңызды сұраймын.
- Экскурсияның өтуіне кедергі келтіретін жағдайларды болдырмауларыңызды
өтінемін.
- Өздеріңізді қызықтыратын сауалдарыңыз болса, гид түсіндіріп болғаннан
кейін қоюларыңызға болады.
- Топтан қалып қалмауларыңызды сұраймын, себебі, маңызды танымдық
мағлұматтарды естімей қалуларыңыз мүмкін.
- Көлік ішінде бағалы заттарыңызды қалдырмауларыңызды өтінемін, себебі
жоғалған заттарыңызға ешкім жауапты емес.
Құрметті студенттер! Біздің экскурсиямыз Алматы қаласының бизнес және
мәдени орталығы, көрікті көшелерінің бірі – Абылай хан даңғылында өтеді.
Сол себепті ұлы даңғылға есімі берілген, қазақ ханының елі үшін жасаған
ерліктерін еске түсіріп, халқы үшін аянбаған ғұмырына шолу жасайық.
Абылай хан Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет
қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары
Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім
хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.   Жәңгір
қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті
билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай
жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай
атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін
қазаққа хан болып Абылай атанған) ақтабан шұбырынды жылдарында жетім
қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп
кеткен шашына қарап Төле би оған Сабалақ деп ат қойып, түйесін бақтырады.
Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар,
қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де
белгілі. Ол - Ақ толқын, Алабайрақ, Бұлан жігіт, Дүние қалды,
Жетім торы, Қайран елім, Қара жорға, Қоржыңқақпай, Майда жел,
Садаққаққан, Сары бура, Шаңды жарық, т.б. күйлердің авторы. Абылай
өмір жолын ат үстінде жорықтарды өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс
болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде
Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12
әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы
мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып
келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.Азаттық
күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұқар,
Үмбетей, Шәді төре Жәңгірұлы жырларында, ақындар К.Жамантайұлы,
М.Айтбаевтың дастандарында, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың Қ.Жұмаділовтың,
т.б. ақын-жазушылардың туындыларында сомдалды. Оның ұлағаты өмірі мен ішкі,
сыртқы саясаты отандық және шет ел ғалымдарының назарын аударып келеді (1-
сурет), [9].

Сурет 1 – Абылай хан

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы Алматының басты
даңғылдарының біріне Абылай есімі беріліп, темір жол вокзалының алдына ат
үстіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жезқазған, Павлодар
қалаларында да бар. Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші төл теңгесінде
бейнесі бедерленді. 2005 жылы Абылайдың өмір жолына арналған Көшенділер
фильмі түсірілді. 2008 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Петропавлда
Абылай хан ордасы кешені ашылып, алдына ескерткіші орнатылды. Оның есімі
Алматыдағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне
берілген. Алматы қаласы Еуразия континентінің ортасында, Қазақстан
Республикасының оңтүстік-шығысында, Іле Алатуының етегінде – Тянь-Шаньның
ең солтүстік жотасында орналасқан. Бұрынғы Верный, содан кейін Алма-Ата,
ал тәуелсіз мемлекетіміздің Конституциясын қабылдаумен қала атауы өзгеріп,
қазір ол Алматы деп аталады. Қала жылдың қай мезгілінде де сұлу: бұл
ауқымды алаңдар және кең даңғылдар, қазіргі заман үлгісіндегі
архитектуралық ансамбльдер, скверлер мен қала маңы аймағының орманды
парктерімен қосылатын бульварлар. Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан
әсем қаланы бақша-қала деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік
алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге
айналады. Алматы қаласының атауы — алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде
аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.Кейбір деректерге сүйенсек, ескі
замандарда осы жерде, яғни керуен жолы — Жібек жолында Алматы сауда мекені
орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы
ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала
атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата
Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Атазаң қабылданған
сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.
Алматы теңіз деңгейінен 650-12-00 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік
бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар
мен жасыл массив қоршаған. Алматы — Еуразия континентінің орталығы.
Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында. Шыңдары мәңгі қармен жамылған
таулар ортасындаорналасуымен, өзіндік архитектуралық көрінісі мен керемет
жасыл жамылғысының арқасында Алматы қаласы Қазақстанның туристік орталығы
болып отыр.
Экскурсия кезінде Алматының тарихи бөлігнде болып, 28 гвардияшы
панфиловшылар паркін, Даңқ Мемориалын, Кафедральді соборды, қаланың танымал
алаңдарын, 20 ғасырдың 30-шы және 50-ші жылдары қалыптасқан ескі әкімшілік
орталығын, басқа да парктерді тамашалайсыздар. Қазақстанның бас алаңы –
Республика аалаңындағы архитектуралық ансамбльмен, Тәуелсіздік монументімен
танысасыздар. Тұрғындардың жақсы көретін даңғылдары - Абай, Достық, Aбылай
хан даңғылдарымен жүріп өтіп, алматының сауда, спорт және мәдени
кешендерінде боласыздар.
Эскурсияның тақырыбына байланысты Сіздің қалауыңыз бойынша Сіз Қазақстан
Республикасының Орталық мұражайына, Даңқ Мемориалына және т.б жерлерге бара
аласыз. Экскурсиялар тақырыбы, мысалы:
Қазақстан Республикасы мен қазақ ұлтының қалыптасу тарихы,
Алматы қаласының тарихы, Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қазақстан. Алматы –
мәдени орталық. Экскурсия кезінде Қазақстандағы театр өнерінің қалыптасу
тарихымен танысып, сіздерге Алматы қаласының ең танымал театрларын
көрсетеді. Сіздің қалауыңыз бойынша таңдалған театрда экскурсиядан кейін
спектакльге баруға болады. (билеттер қосымша ақыға және алдын-ала алынады).
Спектакльге барған кезде экскурсия уақытына қойылым уақыты
қосылады.Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда
көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар
мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына
Алматының мемлекеттік гербын әшекейлеген барс жатады. Тау баурайында дәнді,
бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер жидектер мен жеміс бақшаларына
ұласады. Қала территориясының 8 мың га астамын бақшалар, парктер, саябақтар
мен бульварлар алады. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің торабында
орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып
саналады. Алматы бүгінде, 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді. Алматы — елдің ғылыми, мәдени,
тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік
әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО
дамыту жөніндегі заңға қол қойылды.Басты қала құндылықтарының бірі —
Көктебе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте
орналасқан. Көктебенің басына шығу арқылы қаланың алақандай көрінісін
тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі
бола аласыздар.
Алматы – тек Қазақстан ғана емес, әлем қызыға қарайтын әсем қала. Арман
қала, болашақтың қаласы Алматының бойында қоныс тепкен көрікті көшелердің
бірі – Абылай хан даңғылына арналған экскурсиямызды бастаймыз!

2.2 Абылай хан даңғылы бойынша экскурсия маршрутының технологиялық
картасы мен схемасы

СХЕМА

- маршрут жолы

Х - аялдама
- маршрут бағыты
1. - Алматы-2 теміржол вокзалы
2. - Алмалы ауданы әкімінің аппараты
3. - Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория
4. - Орталық Әмбебап Дүкені (ЦУМ)
5. - Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге
арналған мемлекеттік академиялық қазақ театры
6. - Балалар әлемі дүкені
7. - Қазақстан Жазушыларң Одағы

1-кесте – Абылай хан даңғылы бойынша экскурсияның технологиялық картасы

Маршрут Аялдама Көрсету Уақыт Экскурсия Ұйымдастырушылық Әдістемелік нұсқаулар
объектілері (мин) тақырыпшаларының нұсқаулар
атауы
Алматы-2 Сол жердеАлматы-2 теміржол20 Топты жинап, тізім
теміржол вокзалы Кіріспе. бойынша тексеріп шығу,
вокзалы Тақырыпша. өзімді таныстыру,
Алматыдағы екінші қауіпсіздік
үлкен теміржол. ережелерімен
Объекттің авторы, таныстыру.
салынған жылы.
Теміржолдың
Алматыдағы рөлі.
Алмалы ауданы Сол жердеАлмалы ауданы 15 Тақырыпша. Ауданның Объектті көрсету
әкімінің әкімінің аппараты басқару органы. Топты объектіге жарты кезінде алдын-ала
аппараты 1.Объекттің авторы, дөңгелек ретінде бақылау әдісін қолдану
тұрғызылған уақыты. тұрғызу, керек, оқиғаларды оқшау
2. Архитектурасы экскурсанттарға объектбөлікке бөлу, әңгімелеу
және дизайны. анық көріну үшін, жол кезінде суреттеу әдісін
ережісін сақтай отырыпқолдану керек.
жолдың арғы бөлігіне
өту.
Құрманғазы Сол жердеҚұрманғазы 15 Тақырыпша. Осы объектке Локализация тәсілі
атындағы Ұлттық атындағы Ұлттық Қазақстандағы экскурсанттардың назарарқылы осы объекттің
консерватория консерватория алғашқы музыкалық аудару, себебі ол бір бөлігіне
жоғарғы оқу орны Қазақстандағы алғашқы экскурсанттардың
1.Объекттің авторы, музыкалық жоғарғы оқу көңілін аудару және оны
тұрғызылған уақыты. орны. Топты объект суреттеу, мінездеме
2. Алматының белгісібарлығына көрінетіндейберу
болып табылатын етіп тұрғызу.
теңдесі жоқ құрылыс.
1-кестенің жалғасы
Орталық ӘмбебапАбылай Орталық Әмбебап 10 Тақырыпша. Оңтүстік Әңгіме кезінде
Дүкені (ЦУМ) хан Дүкені, Заңғар астанамыздың ең Экскурсанттар тобын объектті алдын-ала
көшесі ойын-сауық орны престижді сауда Абылайхан көшесінің көрсету және салыстыру
орындарының бірі сол жағына өткізіп, тәсілдері арқылы
1.Объекттің авторы, ақырын жаяу жүріп, көрсету, назар аудару
тұрғызылған уақыты. Орталық Әмбебап Дүкенітәсілін қолдану, және
2. Ең алғаш ірі дейін бірнеше де суреттеу әдісін
көлемді универсам объектілерге қысқаша қолдану керек.
сипаттама беру. ОӘД
келгенде топты объект
көрінетіндей тұрғызу.
Ғабит МүсіреповСол жерде 20 Тақырыпша. Алғашқы Театрды бақылауға жәнеӘңгіме кезінде
атындағы Ғабит Мүсірепов жасөпірімдер театры.суретке түсуге уақыт экскурсанттарға
балалар мен атындағы балалар 1.Объекттің авторы, беру. салыстыру әдісін
жасөспірімдерге мен тұрғызылған уақыты. қолдану, суреттеу
арналған жасөспірімдерге 2. Театр әдісін қолдану.
мемлекеттік арналған шығаршылығындағы
академиялық мемлекеттік көрсетілімдер
қазақ театры академиялық қазақ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласына шолу экскурсиясы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсия маршрутын құрастыру
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Алаш арыстаны - Абылай хан
Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала
Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
Экскурсиялық туризмнің дамуы: мәселелері мен болашағын зерттеу
Туристік қызметтің теориялық аспектілері
Пәндер