Алматы қаласына шолу экскурсиясы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Кіріспе 3
Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
Экскурсия қызметінің тарихы 6
Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 7
Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 11
«Алматы. әсем қала» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары 13
«Алматы. әсем қала» бойынша экскурсияның кіріспесі 14
«Алматы. әсем қала» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы 16
«Алматы. әсем қала» бойынша экскурсияның қорытындысы 21
«Алматы. әсем қала» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 22
Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40

Экскурсиятанудың негізі- экскурсияның ерекшеліктері мен заңдылықтарын көрсететін экскурсиондық теория. Экскурсиондық теорияның енгізілуі- он мыңдаған экскурсия жетекшілері мен методистердің танымдық орындарда практиканы іске асырудың нәтижесі арқылы іске асты. Экскурсиондық методика экскурсияның бір бөлігі ретінде, экскурсияның бір қатар ережелері мен талаптарын, экскурсия жүргізудің методикалық дайындығын үйретеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: экскурсиялық іс- халық арасындағы мәдени- танымдық жұмыстың маңызды бөлігі. Экскурсиондық істің пайда болғанына жұз жылдан аса уақыт болды, бірақ шарықтап дамыған кезі өткен ғасырдың 1970-1980 жылдары. Бұған куә ретінде- мыңдаған адамдардың экскурсияға қатысуы, он мыңдаған экскурсиялық тақырыптар, экскурсия жетекшілерінің тобы, мыңдаған ұйымдар, экскурсия теориясы мен методикасының дамуын атап өтуге болады.
Қазақстанға деген қызығушылық шетелде де артып келеді. Кіріс және ішкі туризмді ұйымдастыру бойынша турфирмалардың белсендігі артып келеді. Егер 2000 жылы кіріс және ішкі туризммен шамамен 20 фирма айналысса, қазіргі уақытта олардың саны 50-ге жетті.
Әлемнің көптеген елдерінде туризм берілген елдің тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани және діни құндылықтарымен және халқымен таныстыратын жүйе ретінде дамып, және қазынаға табыс түсіреді. Туризм маңызды кіріс мақаласынан өзге, мемлекеттің, оның әлемдік ұйымдар алдында және қатардағы азаматтардың алдында престижін нығайтуға арналған күшті факторлардың бірі.
Әрбір туристік кәсіпорын арсеналында экскурсияның бірнеше түрі болу керек: туристерді жергілікті мақтанышты орындармен, салт-дәстүрімен және әдет-ғұрпымен таныстыру үшін тақырыптық және шолу экскурсия қолданылады.

1. Емельянов Б.В. «Экскурсоведение. Учебное пособие». Мәскеу, 2002;
2. М.В.Соколова «История туризма», М:«Академия», 2008;
3. «Экскурсиятану негіздері», Өскемен: С.Аманжолов атындағы Шығыс
Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 2007ж;
4. Ягофаров Г.Ф., Тынчерова З.В., Саипов А.А. Экскурсоведение.
Алматы, 2001;
5. Савина Н.В. «Экскурсоведение. Учебное пособие». Мәскеу, 2009;
6. Ердавлетов С.Р. «Достопримечательные места Казахстана» Алматы.,
1989жыл;
7. http://www.silkroadadventureset/ru/Kazakhstan/17Cities/04Almaty-15.html
сайты;
9.http://www.madenimura.kz/kk/culturelegacy/region/zambyl_oblast/memora
l/zhambyl_zhabaev сайты;
9. «Экскурсиятану негіздері», Өскемен: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазасқтан Мемлекеттік Университеті, 2007ж;
10. Уварова А.К. «Составление туристских карт», А. К. Уварова. - Алматы Қазақуниверситеті, 2009. - 144 б.
11. М.В.Соколова «История туризма», М:«Академия», 2008;
12. Савина Н.В., Горбылева З. «Экскурсоведение. Учебное пособие», Мәскеу, 2005;
13. Гецевич Н.А. Основы экскурсоведения. Учебпое пособие для географических спеңиальностей вузов. Минск, 1988;
14. «Алматы» энциклопедиясы. Бас ред. Қаз.Энциклопедия, 2005- 450 б.
15. http://ukrainianplaces.com/ru/aziya/kazahstan/almaty/pamyatnik-tarasu-
shevchenko сайты;
16. Қазақ туризм және спорт академиясы. Алматы: Дайк – Пресс, 2005-
50 б.
17. http://kk.wikipedia.org/wiki/Абай_ескерткіші сайты;
18. Губайдуллин О. «Когда гора идет. Гора Кок-Тобе» // «Караван». – 23 қаңтар 2004 – 70 б.
19. http://www.medeu.almaty.kz/page.php?page_id=144&lang=2&parent_id=2
сайты;
20. Абишева З.М. «Основы туристско-краеведческой работы»,З. М. Абишева ; КазНУим.Аль-Фараби. - Алматы :Қазақуниверситеті, 2007. - 92 бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. РЫСҚҰЛОВ ат. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ
Әлеуметтік қызмет және бизнес факультеті
Туризм кафедрасы
Экскурсиятану пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Алматы қаласына шолу экскурсиясы бойынша туристік-экскурсиялық
маршрутты өңдеу
Орындаған:
3 курс студенті, 341 топ __________________ Рахимова А.
Студенттің қолы
Тексерген:
_______________________ Сайдуллаев С.З.
Ғылыми жетекшінің қолы
Алматы, 2013
Мазмұны
Бет.
Кіріспе 3
1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
1.1Экскурсия қызметінің тарихы 6
1.2Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 7
1.3Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 11
2 Алматы- әсем қала бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары 13
2.1Алматы- әсем қала бойынша экскурсияның кіріспесі 14
2.2Алматы- әсем қала бойынша экскурсия маршрутының технологиялық 16
картасы мен схемасы
2.3Алматы- әсем қала бойынша экскурсияның қорытындысы 21
2.4Алматы- әсем қала бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 22
Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40
Кіріспе
Экскурсиятанудың негізі- экскурсияның ерекшеліктері мен заңдылықтарын
көрсететін экскурсиондық теория. Экскурсиондық теорияның енгізілуі- он
мыңдаған экскурсия жетекшілері мен методистердің танымдық орындарда
практиканы іске асырудың нәтижесі арқылы іске асты. Экскурсиондық методика
экскурсияның бір бөлігі ретінде, экскурсияның бір қатар ережелері мен
талаптарын, экскурсия жүргізудің методикалық дайындығын үйретеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: экскурсиялық іс- халық арасындағы мәдени-
танымдық жұмыстың маңызды бөлігі. Экскурсиондық істің пайда болғанына жұз
жылдан аса уақыт болды, бірақ шарықтап дамыған кезі өткен ғасырдың 1970-
1980 жылдары. Бұған куә ретінде- мыңдаған адамдардың экскурсияға қатысуы,
он мыңдаған экскурсиялық тақырыптар, экскурсия жетекшілерінің тобы,
мыңдаған ұйымдар, экскурсия теориясы мен методикасының дамуын атап өтуге
болады.
Қазақстанға деген қызығушылық шетелде де артып келеді. Кіріс және ішкі
туризмді ұйымдастыру бойынша турфирмалардың белсендігі артып келеді. Егер
2000 жылы кіріс және ішкі туризммен шамамен 20 фирма айналысса, қазіргі
уақытта олардың саны 50-ге жетті.
Әлемнің көптеген елдерінде туризм берілген елдің тарихымен,
мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани және діни құндылықтарымен және
халқымен таныстыратын жүйе ретінде дамып, және қазынаға табыс түсіреді.
Туризм маңызды кіріс мақаласынан өзге, мемлекеттің, оның әлемдік ұйымдар
алдында және қатардағы азаматтардың алдында престижін нығайтуға арналған
күшті факторлардың бірі.
Әрбір туристік кәсіпорын арсеналында экскурсияның бірнеше түрі болу
керек: туристерді жергілікті мақтанышты орындармен, салт-дәстүрімен және
әдет-ғұрпымен таныстыру үшін тақырыптық және шолу экскурсия қолданылады.
Берілген экскурсияны құрастыру үшін интернет жүйесінің әртүрлі
сайттарын жіне осы пәнге негіз болатын оқулықтарды пайдаландым.
Бұл экскурсияның мақсаты – біздің экскурсиямыз арнайы жастар
аудиториясына жасалғандықтан, жастар арасында қалаға деген махаббатын
оятып, студенттердің дүниетанымын кеңейту. Сонымен қатар экскурсанттарды
қаланың көрікті орындарымен, сәулет өнерімен және мәдени-тарихи
ескеткіштермен таныстыру болып табылады.
Алматы қаласы дамыған мәдени инфрақұрылымға , мамандандырылған кадр
әлеуетіне ие – еліміздің мәдениет пен өнер кадрларын даярлау жүйесін
қамтамасыз ететін жетекші театр – сурет, музей және кітапхана ұйымдары ,
оқу орындары. Қалада барлығы 270 меншік құқығы бар түрлі ұйымдар, оның
ішінде 15 театр, 31 мұражай, көркем галереялар және көрме залдары, 30-дан
астам концерттік – ойын-сауық ұйымдары мен ұжымдары, 32 республикалық,
қалалық кітапханалар, 30 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді.
Мегаполистің аумағы 7 ауданға бөлінген. Республика алаңындағы қалалық
әкімшілік Бостандық ауданында орналасқан. Оны Оңтүстік астананың ғылым –
білім орталығы деп атауға болады. Жиырма алты оқу орны бар.Табиғаттың ең
әсем бөліктерін қамтыған, тамаша табиғатпен таныса аламыз. Ең алдымен
өзіміздің әсем қала Алматыға келейік:
Қазақ ССР астанасы Алматы, Іле бойы жазығы оңтүстігін ала Тянь Шань
таулы сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік
шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз
деңгейінен 700-900 метр жоғары.Үлкен және кіші Алматы өзендері аңғарында
жайласқан. Солтүстік жағында ұала территориясы сәл еңістеу жазыққа ұласады.
Атырабының алты жүз метрден жоғары орналасқан атырабы қалың ағаш өскен
шұрайлы алқап.
Алматыда 179 жылжымайтын ескерткіш – 99 сәулеттік, 52 – монументалдық
өнердің, 28 – археология ескерткіштері бар. Мәдени құндылықты құрайтын
обьектілерді анықтау, мемлекеттік есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр,
соңғы екі жылда тарих пен мәдениеттің 33 ескерткішіне жөндеу жұмыстары
жүргізілді.
Қалада технопарк, бизнес-инкубаторлар бар, 2006 жылдан бастап аймақтық
қаржы орталығы жұмыс істейді, Алатау Ақпараттық технологиялар паркі
даму үстінде. Ән және би ұжымдары , қазақ,орыс және басқа да ұлттық
театрлардың талантты актерлары, ақындар, суретшілер мен жазушылар еліміздің
мәдениетін байытуда
Қазақстан Азия мен Еуропаның ірі елдерін қосып жатқан тоқсан жолдың
торабында, Еуразияның нақ ортасында орналасқан. Мұндай географиялық жағынан
жақсы орналасуы халықаралық туристік байланыстарды дамытуға қолайлы жағдай
туғызады.
Соңғы жылдары туристік бағыттардағы Қазақстанға деген қызығушылық бүкіл
әлемде айтарлықтай өсті, тиісінше жергілікті туроператорлар ұсынатын,
саяхатшылар санын барынша көп тартуға бағытталған туристік қызметтер аясы
да жылдан жылға кеңейе түсуде. Осы фактіні ескере отырып, республикада ең
алдымен танымдық, белсенді, сауықтық және экологиялық туризм секілді
туристік бағыттар дамуда.
Бүгінгі күндері Қазақстан туризмнің барлық түрін – танымдық, сауықтық,
сауықтық , этникалық, экологиялық және басқа да түрлерін ұсынады. Туристер
үшін Қазақстанның барлық аумағы бойынша саяхаттардың көптеген бағыттары
ұсынылады. Қазақстан – бірегей табиғи қорықтарға, сумен емдеу орындарына,
архитектуралық және тарихи ескерткіштерге бай.
Сонымен қатар Қазақстанда Германия, Англия, Жапония, Корея, Қытайдан
келген туристер көп. Оңтүстік астананың қонақтары үшін күрделілігі әр түрлі
деңгейдегі тау экспонаттары, шөл даламен авто-трекингтер, өзендермен
рафтингтер, жаяу және атпен серуендеу, альпинизм жартаспен өрмелеу, табиғи
жерлердегі аңшылық пен балық аулау, қарапайым адамдардың аяғы жете
бермейтін ғажайып пейзаждарды суретке түсіру секілді қызметтер ұсынылады.
Шетелдік қонақтарға сондай-ақ Алматыны , Медеуді, Горельниктегі кемпингке
кіре отырып Шымбұлақ тау шаңғысы базасын шолу экскурсиялары ұсынылады.
Соңғы уақытта экологиялық туризм дами түсуде, табиғаттағы тек қарапайым
демалу емес. Мұндай бағыттардағы ең маңызды нәрсе – тірі пейзаждардан
рахат алу, болған жерлер туралы білім алу, жергілікті халықтың әдет-
ғұрыптарымен танысу және сонымен қатар адамзаттың флора мен фаунаға қол
сұғуынан болған теріс салдарларды барынша азайтуға тырысу. Демалудың мұндай
түрінің тағы бір ерекшелігі жергілікті тұрғындардың оған қатысуы және
туристік қызметтен кіріс алуы, бұл олар үшін табиғатты қорғауға деген
экономикалық талпынысын арттырады. Қазақстанда қазіргі кезде он үшке жуық
экосайт бар және бірнешеуі әзірлену барысында.
Қала басшылығы мен халқы Алматының жаңа болашағын сырттан келетін
туристік бизнесті дамытумен де байланысады. Мамандардың ойынша, Алматының
коммуникациялық меншігіне берілген Медеу биік таулы кешені, Шымбұлақ
және Алматау спорт базалары туристер тарту үшін болашағы зор жерлер.
Дәл осы жерде шетелдік инвестициялар тарту есебінен халықаралық
стандарттарға сай келетін туристік бизнестің инфрақұрылымын дамыту
жоспарлануда.
Шетелдік инвесторлар Іле Алатауы және Алтай тауларының қойнауларына
қонақүйлер, тау шаңғысы курорттарын орналастыруға үлкен қызығушылық
танытуда. Қапшағай қаласында және Шортанды – Бурабай курортты аймағында
дамыған сауық – сайран индустриясы бар тартымды туристік орталықтар салу,
Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы бөлігі – Түркістанда мәдени танымдық
туризмді дамыту инвестициялаудағы басым бағыттар болып табылады.
Жетісу – берекелі туристік өлке екендігін атап өткен жөн, мұнда әлемнің
ең үздік деген жобалары деңгейінде жұмыстар қолға алынып, іске асырыла
бастады. Бұл – жаңа Шымбұлақ , жаңа Іле, тағы басқалары.
Іле Алатауы Тянь –Шань тау елінің солтүстігінде орналасқан Алатау
деп оны қазақтардың көшпелі тайпалары атап кеткен (аударғанда ала тау
дегенді білдіреді). Іле Алатауы табиғатының әр түрлі тіршілік көзін
бейнелеуімен де ғажап. Түрлі аймақтардың айрықша бөлініп жатуы парктің
ерекшелігі болып табылады. Бірнеше сағаттардың ішінде сайын даладан бастап
биік тауға дейін аралап шығуға болады.
1. Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
1. Экскурсия қызметінің тарихы
Экскурсия пәні оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы
ХVIII-ХІХ ғасырларда енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде Орталық экскурсиялық
комиссия құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет
үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918
жылы Мәскеуде Орталық оқушылар экскурсиялық бюро құрылды. Экскурсиялар
туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың
сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928 жылы Советский турист АҚ
құрылды, 1930 жылы Бүкіл советтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін
қоғамы (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда Норкампросаның
эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 жылы бастап туризм және
экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды.
Экскурсия - латын тілінен аударғанда серуендеу деген мағынаны
білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі)
туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын
уақытқа барып көруі [1].
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени- ағарту жұмысының маңызды
белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен, ең дамыған кезі өткен
ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан
экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген.
Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи,
архитектуралық, әдеби және т.б..
Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі.
Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы
айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды
атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану,
мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың
белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған.
Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу,
айналамен танысуда экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен
қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте
аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға,
шет ел курорттарына саяхат жасаған.
Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы
прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып,
қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен.
Экскурсия сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIXғ енгізген.
Басында бұл сөз әскери шапшаңдық, кейіннен серуенге шығу, жорық деп
белгіленген [2].
2. Экскурсия және оның мәні мен мазмұны
Экскурсия дегеніміз латын тілінен аударғанда серуендеу деген мағынаны
білдіреді.
Экскурсияның уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа
дейін созылады, 1 сағат = 45 минуттан есептелінеді.
Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттардың саны 1-ден 70-ке дейін
болады. Экскурсовод – уақытша болатын елдегі ресурстармен таныстыру
жөніндегі туристерге экскурсиялық ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге
лайықты біліктілігі бар кәсіби даярланған жеке тұлға.
Экскурсант – бір жерге, елді мекенге немесе аймаққа, сол жердегі басқа
елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа
уақытша келген жеке тұлға.
Экскурсия маршруты тақырыпты толығымен ашатын және экскурсиондық топты
алып журуге көмектесетін ең оңай жол. Маршрут берілген экскурсияда
көрсетілуі керек объектілердің реттілігіне, аялдамалар санына,
экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ыңғайластырып
жасалады. Маршруттың басты міндеттерінің бірі — тақырыптың барынша толық
ашылуына әсер ету.
Маршрут құрастырушы маршрутты құрастыру барысында ескеру керек
негізгі талаптар — объектілерді көрсетуді логикалық реттілікпен ұйымдастыру
және тақырыпты ашу үшін экскурсанттарға ыңғайлы көрініс негізін қамтамасыз
ету. Экскурсиондық мекемелер тәжірибесінде маршрут құрудың үш тәсілі бар:
хронологиялық, тақырыптық, тақырыптық-хронологиялық. Хронологиялық
маршрутты құрастырудың мысалы ретінде ұлы тұлғалардың өміріне арналған
экскурсияларды айтуға болады. Ал тақырыптық тәсілде экскурсия құрастыру
қала өміріндегі белгілі бір тақырыпты ашуға бағытталады [3].
Экскурсияда көрсету тәсілдері объекті бақылауды жеңілдетеді.
Экскурсияның объектінің ерекшелігін көрсетеді және объектіні бірнеше
бөліктерге бөлініп көрсете алады.
Көрсету тәсілдері 7 түрге бөлінеді:
- Экскурсиондық объектті алдын ала көрсету. Бұл тәсіл
экскурсанттар оъектінің қасында тұрғанда қолданылады. Алдын ала
тәсілі қарастырып жатқан объектің тарихын сонымен байланысты тарихи
оқиғаларды қарастырады. Алдын ала көсету тәсілі экскурсиондық объектке
баға береді. Егер де экскурсиондық объект табиғи ескерткіш болса, қоршаған
ортаға баға беріледі. Экскурсанттар бұл тәсілде өздері экскурсоводтың
көмегінсіз объектіні қарастыра алады. Алдын ала көрсету тәсілінде
объектіні көрсету, ақпарат берілумен бірге жүргізіледі.
- Панарама тәсілі. Бұл тәсілде экскурсанттар объекттерді
биіктіктен көруге мүмкіндігі бар. Панарама тәсілін қолданған кезде
экскурсанттар бір ғана объектті емес, бірнеше объектілерді қарастырады.
Экскурсовод панарама тәсілінің көмегімен көптеген объектің ішінде жүргізіп
жатқан экскурсияға байланысты объекті таңдап алып, экскурсанттарға
көрсетеді.
- Реконстукция тәсілі. Экскурсиялық объектілер экскурсовод алғашқы
түрін сөзбен айтып жеткізеді. Бұл тәсіл ескерткіштерді, ғимараттарды және
мекемелерді көрсетке кезде қолданылады. Экскусовод объектіні көрсету
алдында өзі сол объект туралы толық мәліметтерді жинап алу керек.
Ғимараттарды көрсеткен кезде объектілердің сақталған бөліктерін көрсетіп,
жетіспеген бөлігін сөзбен айтып жеткізеді. Егер объект толығымен жойылғанда
экскурсовод порфелінің көмегімен объектіні көрсетеді. Егерде ескерткіштер,
ғимараттар және туристік объектілер толығымен жойылса экскурсовод
объектілердің ежелгі көрінісін экскурсанттарға айтып жеткізеді.
- Монтаж тәсілі. Бұл тәсіл реканструкция тәсіліне ұқсап келеді. Монтаж
тәсілінің көмегімен экскурсовод бір объектіні көрсеткенде сол объект туралы
толық мәліметтерді береді.
- Локализация тәсілі. Бұл тәсілдің көмегімен туристердің назарын бір
объектіге немесе сол объектінің бір бөлігіне көңіл аударады.
- Обстрагирование тәсілі. Обстрагирование тәсілдерін қолданып
экскурсовод объектінің бөліктерін экскурсанттардың ойында мысалы ретінде
келтіреді. Бұл тәсілдің көмегімен экскурсовод объектінің керек емес
бөліктерін көрсетпей тек қана экскурсияның тақырыбын ашуға көмектесетін
бөліктерін көрсетеді.
- Салыстыру тәсілінде экскурсовод бір объектіні басқа бір
объектімен салыстырып, экскурсанттарға ерекшелігін айтып береді [4].
Бизнес жоспар – экскурсиялық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес
жоспарды экскурсияның жаңа тақырыптары экскурсияға берілген
уақыты және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес жоспарды жазу
үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелген соң фирманың
меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың
қызметшілеріне жаңа экскурсияның дайындалу уақыты, мақсаты және
экскурсияға жауапты адамдар тағайындайды.
Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады. Экскурсияның
негізгі мақсаты туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи,
мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық
ұйымның негізгі мақсаты табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды
ақпаратты және табысты болуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі
міндеттерді атқару керек:
- экскурсанттарды туған аумақтың табиғатымен, тарихымен және
архитектурасымен таныстыру керек;
- экскурсияның мақсатына жету және экскурсияның тақырыбын
ашып жеткізу;
Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі
кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі талаптардан
тұрады:
- потенциялдық сұраныс;
- нақты экскурсия.
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты
экскурсияның тақырыбына байланысты болу керек.
Экскурсиондық объектілерді таңдау. Экскурсияның объектілері
келесі түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени;
- құжаттық.
Экскурсиялық объектілердің классификациясы:
Мазмұны бойынша – экскурсиондық объектілер бір жоспарлы және көп
жоспарлы болып екі түрге бөлінеді.
Функциондық қызметі бойынша – экскурсиондық объектілер негізгі,
қосымша болып екіге бөлінеді.
Сақталу дәрежесі бойынша – экскурсияның объектілері келесі түрлерге
бөлінеді:
- толық сақталған;
- өзгерістерге ұшыраған;
- жоғалтылған объектілер.
Экскурсиялық объектілерді таңдап алу принциптері . Объект атақты,
данқты, көрнекті болуы керек. Сонымен бірге танымды мәнерлі,
орналасу орны бойынша, уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
Жол ақпарат дайындаудағы негізгі пунктер:
- жол ақпараттың мақсаты мен міндеттерін таңдалуы;
- тақырыпты анықтау;
- экскурсияға қажетті әдебиеттерді зерттеу;
- экскурсия барысында көрсетілетін объектілерді таңдау;
- экскурсовод портфелін толықтыру;
- экскурсияны жүргізу техникасы;
- көрсету және айтыпберу әдістемелерін таңдау;
- экскурсоводтың индивидуалды текстін дайындау;
- экскурсиондық ақпаратты қорғау;
- жол ақпаратты бекіту.
Жол ақпаратты дайындауға қажетті құжаттар:
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі экскурсия бойынша қолданылатын
барлық кітаптардың, газет журналдардың тізімі болуы керек.
Объектінің құжаты қарастырылып жатқан зерттеу объектіге толық сипаттама
беретін мәліметтер объекттің құжатын жазған кезде келесідей мәселелер
қарастырады:
- объектінің түрі;
- атауы;
- объектке байланысты оқиғалар;
- қысқаша сипаттамалар;
- авторы;
- орналасу уақыты;
- экскурсияның бақылау тексті экскурсияның тақырыбы, сұрақтары
толығымен ашылып жазылады;
- индивидуалды текст – бақылау текстінен алынады, яғни мұнда
экскурсовод өзі үшін қысқаша мәліметтерді түртіп алады;
- маршруттың схемасы – онда экскурсияның басталуы және
аяқталу орны туралы, объекттің орналасуы, аялдамалар
көрсетіледі;
- экскурсияның портфелі ішінде: экскурсия тақырыбына
байланысты суреттер, құжаттар, кестелер, схемалар,
карталар, т.б.;
- әдістемелік қабылдаулар көрсету және айтып беру
әдістері;
- жол ақпаратқа қажетті мәліметтер (газет-журналдар, кестелер,
мақалалар);
- экскурсоводтың тізімі – қарастырып жатқан экскурсияны
жүргізе алатын экскурсияның тізімі [5].
Жаңа экскурсияны дайындау.
1. Бизнес-жоспар. Бизнес-жоспар — экскурсиялық жұмыстың негізгі
құжаты. Бизнес- жоспарда экскурсияның жаңа тақырыбы,
экскурсияға берілген уақыт және әртүрлі нұсқаулар
қарастырылады. Бизнес-жоспарды жазу үшін туристік нарықты
зерттеу керек. Туристік нарық зерттелгеннен соң фирманың

қызметкерлеріне жаңа экскурсияның орындалу уақыты, мақсаты және
экскурсияға жауапты адамды тағайындайды. Жаңа экскурсияны
жасайтын адам анықталған соң экскурсоводтар тақырыбы бойынша
мәліметтер жинайды.Экскурсияда көрсетілетін объектілерді
таңдайды және экскурсиның маршрутын қарастырады.
2. Жаңа экскурсияның мақсаты және міндеттері анықталады.
Экскурсияның негізгі мақсаты — туристерді археологиялық,
архитектуралық, тарихи, мәдени, әдеби ақпараттармен таныстыру.
Әрбір экскурсиондық ұйымның негізгі мақсаты — табыс. Сондықтан
әрбір экскурсия ақпараттық, танымдық және табысты болу керек.
3. Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі кезде
экскурсиның тақырыбын таңдап алуға бірнеше талап қойылады:
- потенциалдық сұраныс;
- нақты экскурсия.
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты экскурсияның
тақырыбына байланысты болуы керек.
4. Экскурсияға қажетті ақпаратты таңдап алу. Экскурсияға қажетті
ақпаратар екі түрге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша.
Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет-
журналдардан, архивтен, интернеттен ашуға болады.
5. Экскурсиондық объектілерлі таңдау. Экскурсиондық объектілер келесі
түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени және т.б [6].
Экскурсиондық объектілер классификациясы:
1) мазмұны бойынша экскурсиондық объектілер бір жоспарлы және
көпжоспарлы болып бөлінеді;
2) функциялық қызметі бойынша экскурсиондық объектілер негізгі және
қосымша болып 2 түрге бөлінеді;
3) сақталу дәрежесі бойынша экскурсиондық объектілер: 1)толық
сақталған; 2)өзгерістерге ұшыраған; 3)жоғалтылған объектілер.
4) экскурсиондық объектілерді таңдап алу принциптері. Объект атақты,
даңқты болу керек. Сонымен бірге танымды, мәнерлі орналасу орны бойынша,
уақыты бойынша ыңғайлы болу керек;
5) маршрутты құрастыру. Экскурсиондық маршрутты құрастырудың үш түрі
бар:
- хронологиялық;
- тақырыптық;
- хронологиялық-тақырыптық.
6) Маршрутты айналып өту. Экскурсияны құрастырған кезде хронометраж
анықталады. Хронометраж дегеніміз - экскурсиондық объектіге бөлінген
уақытты есептейді. Хронометраж бір объектіден екінші объектіге дейінгі
болған уақытты есептеп шығарады. Маршрут объектілерінің орналасу
принциптері: маршрут қайталанбауы керек; туристік объектінің қасында
туристерге арналған орын болу керек; бір объектіден екінші объектіге
дейінгі уақыт 10 минуттан аспауы керек; қалалық экскурсияның маршруты
шеңберлі болу керек; маршруттың қосымша нұсқасы болады; қала шетіндегі
экскурсияларда санитарлық аялдамалар болукерек; маршрут жол полициясымен
келісілген болу керек.
7) Бақылау мәтінінде экскурсия бойынша жиналған мәліметтер зерттеледі
және әдеби тілмен жазылуы керек.
8) Экскурсоводтың портфелі. Портфель ішінде суреттер, көшелердің
схемеалары, жануарлардың суреттері, ғимараттардың сызбалары және маңызды
құжаттардың көшірмелері болады.
9) Технологиялық карта. Оның бірінші парағында экскурсияны дайындаған
адамның аты-жөні, экскурсияның аты және түрі, экскурсияның ұзақтығы,
экскурсанттардың құрамы және жүргізуші туралы толық мәліметтер беріледі.
Екінші парағында, экскурсияның міндеттері қарастырылады. Үшінші парағында,
ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Экскурсовод экскурсияның алдында 15
минут бұрын келу керек [7].
3. Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі
Қазіргі кезеңде экскурсиялық қызметтер саудасының қарқынды дамыған
халықаралық формасына айналуда.Соңғы 20 жылда әлемде туристік қызметтің
жылдық өсімі 5,1%, ал одан түсетін валюталық түсім көлемі 14% құраған. БҰҰ
анықтамасына сай 2010- 2025 жылдары әлемдік туристік нарықтың маңызды
сегменттеріне круиздер, тақырыптық парктер, мәдени туризм, спорт, саяжай
демалыстары жатады.Осы кезде туристер саны 1561,1млн болуы қажет. Бұл
мәселелер Қазақстан үшін өте маңызды болып саналады. Себебі Қазақстанда
және оның аймақтарында туристік- экскурсиялық дамытуға табиғаттың тартымды
жерлері жеткілікті. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан
аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып көрікті жерлер ежелден саяхат және
туризм нысандары болып табылған.
Қазақстандағы алғашқы туристік-экскурсиялық ұйымдар 20- ғасырдың 20-30
жылдары пайда болды. 1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік-
экскурсиялық жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин
басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы
жанында Пролетарлық туризм жэне экскурсия Қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс
істей бастады. Оның алғаш төрағасы В.Г. Горбунов сайланды. Күйгенсай
шатқалында туристер үшін 1936 жылы республикадағы ең алғашқы 50 кісілік
Горельник турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында
алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991
жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан
Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды және осы жылы туризм индустриясын
дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 жылы Қазақстан
Республикасының Ұлы Жібек жолының тарихи орталығына қайта өрлеу, түрік
тілдес мемлекеттерінің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы,
жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды.
Елімізде Қазақстандық және шет елдік азаматтардың әр түрлі туристік-
экскурсиялық қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге
қабілетті туристік кешенді іске асыруға жағдай жасалып жатыр, ұлттық
туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленді және
қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалды-техникалық
базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды. Бұл ретте әлемдік
деңгейдегі "Жаңа Іле" туристік орталығын құру жөніндегі серпінді жобаны
іске асыру маңызды мәнге ие болып отыр.
Қазақстанда экскурсияның барлық түрлері этно, экология, денсаулық
сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу
бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағында 900-ден астам саяхаттық
маршруттар белгіленген.Қазақстандағы туристік ресурстарға-туристік қызмет
көрсету нысандарын қамтитын табиғи климаттық, тарихи, әлеуметтік- мәдени,
сауықтыру нысандары, туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра
алатын, олардың күш-жігерін күшейтуге, сергітуге жәрдемдесетін нысандар
жатады.
1. Алматы-әсем қала бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
Бекітемін
АҚ Интурист компаниясының
директоры Сайдуллаев С.З.
27.11.2013 ж
Экскурсия: Алматы - әсем қала бойынша
Түрі: автобуспен
Ұзақтығы: 8 сағ
Маршрут ұзындығы: 78 км
Экскурсанттар құрамы: 18 турист.
Экскурсия мақсаты: Алматы қаласының әсем жерлерімен толықтай
таныстыру, кешен туралы қызықты ақпараттар беру, жетістіктерін атап
өту.
Экскурсия тапсырмасы: Алматы қаласымен таныстыра отырып, осы жердің
бар байлығымен туристерді тамсандыру және қызықтыру.
Экскурсия маршруты: Алматы – И.В.Панфилов ескерткіші –Балалар
кітапханасы - Жамбыл ескерткіші - Т.Шевченко ескерткіші -
Қазақстанқонақ үйі - Абай ескерткіші, Республика сарайы.
Құрастырушы:
Интурист компаниясының
Менеджері Рахимова А.Т.
Құрастырылған күні
27.11.2013ж
2.1 Алматы – әсем қала экскурсиясына кіріспе
Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер! Сіздердің алдарыңызда Интурист
туристік фирмасы және оның қызметкерлері, мен – сіздердің
экскурсоводтарыңыз боламын.
Алматы әлемдегі ең тамаша қалалардың бірі екеніне келісуіңіз керек деп
ойлаймын. Алматы- еліміздің Оңтүстік астанасы деп саналады. Бұл қала
Қазақстанның мәдени, тарихи, қаржылық, ғылыми орталығы. Алматы қаласы
Еуразия континентінің ортасында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-
шығысында, Іле Алатуының етегінде – Тянь-Шаньның ең солтүстік жотасында
орналасқан. Бұрынғы Верный, содан кейін Алма-Ата, ал тәуелсіз
мемлекетіміздің Конституциясын қабылдаумен қала атауы өзгеріп, қазір ол
Алматы деп аталады. Қала жылдың қай мезгілінде де сұлу: бұл ауқымды алаңдар
және кең даңғылдар, қазіргі заман үлгісіндегі архитектуралық ансамбльдер,
скверлер мен қала маңы аймағының орманды парктерімен қосылатын бульварлар.
Алматы Іле Алатауының Солтүстік баурайында теңіз деңгейінен 650-1200 метр
биіктікте орналасқан. Қала үш жағынан үлкен таулармен қорғалып орманды
алқаптармен жабылған кең орында орналасқан. Алматының тарихы өз бастауын
1954 жылдан бастайды. Жойқын шапқылықтар мен соғыстардың салдарынан мүлдем
қирап бос қалған қазақтардың ежелгі мекені- Алматының маңында әскери
бекініс салынып, кейіннен байтақ Жетісу өлкесінің орталығы- Верный
қаласына айналды. Яғни Іле Алатауының етегінде Верный қамалы тұрғызылған
уақыт. Іле Алатауының жасыл желек жамылған тамаша баурайына орналасқанымен,
Верный патшалық Ресейдің шалғай түкпіріндегі елеусіз қала болды. Климаттың
жайлы болуы, табиғатының көркем болуы өз кезегінде жаңа қаланың өркендеп
дамуына көп үлесін қосты.
Алматы Еуразиялық континетте маңызды және қолайлы орынға ие, Ұлы
Жібек жолының транзитті тармақтарының бірі болып табылады және туризмді әрі
қарай дамыту мен жетілдіру үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Бұнда 470 туристік
ұйым орналасқан (Қазақстанда тіркелген 713 фирманың ішінен). Онда шамамен
3000 адам жұмыс істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.
Туризм саласын дамыту мен жетілдіруде қолданып отырған шаралар
нәтижесінде шетелдік туристердің Алматы қаласына келуі едәуір өсті, егер
2000 жылы қалаға 20 700 турист келсе, қазіргі уақытта 42 000 адамнан артық,
ішкі бағдарда қызмет көрсетілген туристердің саны 3600-дан 2000 жылы 20000-
ға дейін артты. Мамандардың санауынша қала жыл сайын 300000 астам турист
қабылдай алады.
Бұрынғы Верный, содан кейін Алма-Ата, ал тәуелсіз мемлекетіміздің
Конституциясын қабылдаумен қала атауы өзгеріп, қазір ол Алматы деп аталады.
Қала жылдың қай мезгілінде де сұлу: бұл ауқымды алаңдар және кең даңғылдар,
қазіргі заман үлгісіндегі архитектуралық ансамбльдер, скверлер мен қала
маңы аймағының орманды парктерімен қосылатын бульварлар.
Алматы Іле Алатауының солтүстік баурайында теңіз деңгейінен 650-1200
метр биіктікте орналасқан. Қала үш жағынан үлкен таулармен қорғалып орманды
алқаптармен жабылған кең орында орналасқан.
Қазіргі таңда Алматы қаласы Қазақстандағы жалғыз мегаполис екенін
білесіз бе? Сонымен бүгін мен сіздерді асем қаламызбен таныстырғым келіп
отыр. Бұл әсем қаламыздың көшелері бойымен өтетін серуеніміз барысында
көптеген қызық ақпаратқа ие болып, бұл көшелерге, қалаға басқаша
көзқараспен қарайсыз. Абай даңғылы Алматы қаласының ең үлкен және әсем
көшелерінің бірі болып табылады. Аталған даңғыл қазіргі заманғы қала
көрінісі және Верныйдың кішігірім тарихи құрылыстары мен тау етегі
бойымен созылып жатқан, Төмеңгі және Жоғарғы Бақ учаскелерінің (Садовые
участки) территорияларының арасындағы шекара болып табылады. Қабанбай батыр
көшесінен жоғары жатқан ауданды қалалықтардың Компот деп атайтын себебі –
мұндағы ескі көшелер жүйесінің Вишневая, Грушевая және т.б. жемісті
атауларына байланысты. Соңғы жылдары бұл кварталдар күшті қарқынмен қайта
құрылуда, биік те сұлу коттеджлер мен аз қабатты кеңселер Кіші Алматы және
Жарбұлақ (Казачка которые органично вписываются в обширную зеленую зону
между реками Малой Алматинской и Жарбулак
()161616161616161616161616161616161 61616161616161616161616) өзендерінің
арасындағы кең, көгалдандырылған мекенге өте жарасымды болып бой көтеріп
келеді.
Алматы қаласының ең ұзаққа созылған көшелерінің бірі Достық көшесі, ол
таулы ландшафтпен қоршалған қаланың ескі орталығымен байланысып тұр. Даңғыл
тарихи магистраль болғандақтан көшенің абаттандырылуы өте жоғары деңгейде
болды: тратуарлар, арықтар жүйесі, даңғыл бойымен созылып таулы көшелер
арқылы Медеу шатқалына дейін жеткен аллеялардың пирамидалық теректермен
көгалдандырылған көрінісі біздің күндерге жеткен.
Біздің маршрутымыз 2 астрономиялық сағаттан тұрады. Экскурсиямыз
барысында 28 панфиловшылар паркі, Г.Бегалин атындағы Ұлттық кітапхана,
қазақ халқының ұлы ақыны – Жамбыл Жабаевқа қойылған ескерткіш секілді
объектілерді және 2 музей кездеседі – археологиялық және геологиялық,
сонымен қатар Тарас Щевченкоға, Абай Құнанбаевқа, Ғани Мұратбаевқа
орнатылған ескерткіштерді кездестіреміз. Республика Сарайының, 25-қабатты
Қазақстан қонақ үйінің және оқушылар Сарайының ғимараттарын тереңірек
қарастыратын боламыз.
Белгіленген маршрут бойынша топтың орын ауыстырудағы тәртіп және
қауіпсіздік ережелері жайында айтып кетуді қалар едім. Құрметті
экскурсанттар топтан қалып қоймауға және топтың алдына түсіп кетпеуге
тырысуыңызды өтінемін. Себебі, сіз мынадай тамаша көше туралы және жалпы
қала туралы құнды да қызық мәліметтерді жіберіп алуыңыз мүмкін. Егер қандай
да бір мәселе немесе сұрақ туындап жатса маған айтыңыз,сізді қызықтыратын
барлық сұрақтарға мен жауап беремін. Сонымен, экскурсиямызды бастайық!
2. Алматы-әсем қала бойынша экскурсия маршрутының
технологиялық картасы мен схемасы
маршрут жолы
экскурсияның басталуы; - экскурсияның аяқталуы
- аялдама
- И.В. Панфилов ескерткіші
- Балалар кітапханасының ғимараты
- Жамбыл ескерткіші, археологиялық музей
- Т. Шевченко ескерткіші
- "Қазақстан" қонақ үйі
- Абай ескерткіші, Республика Сарайы
Сурет 1- Алматы қаласы бойынша маршрут картасы
1- кесте – Алматы- әсем қала экскурсиясының технологиялық картасы
Маршрут Аялдама Көрсету объектісі Уақыт Экскурсия Ұйымдастыру Әдістемелік
(мин) тақырыпшасының ережелері ережелер
атауы
28 панфиловшы Сол жерде 4 Кіріспе
паркіне кіре Топты жинау,
берісте түгендеу, өзін-өзі
таныстыру,
қауіпсіздік
ережелерімен
таныстыру
28 панфилов И.В. И.В. Панфилов 5 Т-а. Қазақстан Объектті
паркіне Панфилов ескерткіші тарихындағы аса Топты ескерткіш көрсеткенде
Қазбек би ескерткіші көрнекті тұлғалар алдына объект алдын-ала көрсету
көшесінен кіреалдында көрінетіндей етіп тәсілін, әңгіме
берісте 1. Монумент орналастыру, жол айту барысында -
құрылысының датасы,қауіпсіздік сипаттау тәсілін
авторы 2. И.В. ережелерін сақтай пайдалану
Панфилов - қолбасшыотырып жолдан өту
Бегалина Сол жерде Балалар 6 Экскурсанттар Көріністік
атындағы кітапханасы Т-а. Қала назарын осы реконструкция,
Республикалық ғимараты архитектурасы объектке сипаттау және
кітапхана 1.Верный аудару,себебі ол әңгімелеу тәсілін
қарсысында гимназиясын архитектура мен қолдану
сипаттау сәулетшілік
2. Кеңес ескерткіші б.т.,
дәуіріндегі ғимараттопты объект
көрінетіндей етіп
орналастыру
1 кестенің жалғасы
Жамбыл Сол жерде Жамбыл ескерткіші,7 Т-а. Қазақстан Топты ескерткіш Әңгіме айтуда
ескерткіші археологиялық тарихындағы аса алдына орналастыру,алдын-ала көрсету
алдында музей көрнекті тұлғалар сосын археологиялықтәсілін, назар
1. Монумент музейдің кіру есігіаударту әдісін
құрылысының датасы,және үй түгелімен және сипаттау
авторы көрінетіндей етіп тәсілін пайдалану
2. Ақын туралы сол жағынан тұру
Т-а. Қала
архитектурасы
1. Три богатыря
тұрғын үйі;
2. Археологиялық
музей
Т. Шевченко Сол жерде Т. Шевченко 3 Ескерткішті көруге Сипаттау тәсілін,
ескерткішінің Сол жерде ескерткіші 7 Т-а. Қазақстан уақыт беру экскурсиондық
алдыңғы "Қазақстан" қонақ тарихындағы аса анықтама тәсілін
бөлігінде үйі, геологиялық көрнекті тұлғалар Топты бас есікке қолдану
"Қазақстан" музей Монумент алып келу, сосын Алдын-ала көрсету
қонақ үйінің құрылысының датасы,Достық даңғылы тәсілін пайдалану,
бас есігінің авторы бойынша жоғары қонақ үй және
алдында 2. Кобзарь Т. қарай жүріп, музей туралы айтып
Шевченко жолдың арғы беру
бетіндегі
Т-а. 25-қабатты геологиялық музейді
мақтаныш көрсету
1. Алматы маржаны;
2. Геологиялық
музей
1 кестенің жалғасы
Абай Абай Абай ескерткіші, 20 Т-а. Қазақстан Постаменттегі жазу Алдын-ала көрсету
даңғылында ескерткішініРеспублика Сарайы, тарихындағы аса көрінетіндей етіп тәсілін пайдалану,
ң алдында "Көк-Төбе" канатты көрнекті тұлғалар ескеркішке Абай алаңын,
жолы келу,топты Республика
экскурсовод алдындаСарайының
1. Монумент жартылай шеңберен ғимаратын және
құрылысының датасы,орналастыру.Сосын аспалы канатты
авторы; Республика Сарайынажолды
2. Ұлы Абай бару. Экскурсовод үйлестірімділік
көрсетіп, әңгімелеппен кезеңділігін
Т-а. Республика болған соң топты сақтай отырып
Сарайы шамалы оңтүстікке әңгімелеу және
1.Мәдениет Сарайы; қарай объект анық көрсету көрсету
2. Эффект парения көрінетіндей етіп
"Көк-Төбе" канатты
Т-а. Қала құстар жол станциясына
биіктігінен алып барады
1. Алматы тұздығы
2. Жас жұбайлар
дәстүрі
1 кестенің жалғасы
Республикалық Г.Муратбаев Г. Муратбаев 10 Топты сквер арқылы Алдын-ала көрсету
оқушылар ескерткішініескерткіші, Т-а. Қала ескерткішке алып тәсілін пайдалану,
Сарайының ң алдында оқушылар Сарайы архитектурасы келу, ескерткіштен сипаттау тәсілі,
территориясынд 1.Оқушылар Сарайы; оқушылар Сарайына прием описания,
ағы сквер 2. Жалғасып жатқан бару жаңа материалдарды
қазіргі заманғы цитаталау тәсілі
биік үйлер
Т-а. Қазақстан
тарихындағы аса
көрнекті тұлғасы
1. Монумент
құрылысының датасы,
авторы;
Сатпаев көшесіСатпаев 25 Қорытынды Қажет болған
мен Достық көшесі Топты жинау, жағдайда
даңғылының жағынан экскурсовод сұрақ-жауап
қиылысында оқушылар айтылған материал тәсілін пайдалану
Сарайы туралы қорытынды
скверінің сөз сөйлейді және
шығу экскурсанттарға
есігінде берілген тақырып
бойынша
экскурсоводқа сұрақ
қоюға мүкіндік беру
Е с к е р т у – [ 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 16] әдебиеттер негізінде автор құрастырған
3. Алматы-әсем қала бойынша экскурсияның қорытындысы
Сонымен, біздің бүгінгі экскурсиямыздың аяқталуына аз қалды. Менің
міндетім сіздерге әсем қаламыз Алматының зәулім ғимараттарын көрсету,ал ең
маңыздысы, біздің экскурсиямыздың негізгі тақырыбы- ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz