Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу



Кіріспе 3

Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
Экскурсия қызметінің тарихы 5
Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 7
Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 15

«Алматы театрлары» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары 17

«Алматы театрлары» бойынша экскурсияның кіріспесі 18
«Алматы театрлары» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы 21
«Алматы театрлары» бойынша экскурсияның қорытындысы 24
«Алматы театрлары» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 26

Қорытынды 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40
Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың экскурсиялық - белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады.Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.
Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген экскурсия адамның денсаулығын нығайтады,адамның мынадай мысалы: патриоттық,ынта-ықыластылық,батылдылық,қайсарлылық қасиеттерін тудырады,жұмысқа қабілеттілігін арттырады.Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды,экскурсанттың ой - өрісі кеңейеді,табиғатты қорғауға үйренеді.
Қазіргі адамдарға демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен, қоршаған ортаны белсенді танып - білумен қиыстыру тән болып келеді.Сондықтан да туристер өдерінің бағыттарына пайдалы қазбаларды іздестіруді,өздері барған ауданның табиғи ресурстарын зерттеуді,географиялық бақылауды енгізеді. Олар халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты жағдайлармен күреске қатысады.
«Қазақстан 2030» стратегиялық жоспарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев елдегі туризмді дамыту тақырыбын түртіп айтты.Бұл қызмет көрсету саласы жоғарыда айтылып кеткен жоспардың мақсаттарына жеткізетін басым бағыт болады.Сондықтанда,біз келешек туризм саласындағы маман болғандықтан, бұл құжатқа ерекше мән беруіміз керек.
Туризм қаласының экономикалық қызметiнiң жаңа саласына қызмет көрсетуге арналған рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың кешендi қалалық бағдарламасының Алматының тарихи - мәдени мұралары және бiрегей табиғи көрiнiстерi әлеуетiн пайдаланушы және тарихи мұра мен табиғат әлеуетiн сақтаудың,жаңғыртудың және қалпына келтiрудiң қаржы проблемаларын түбегейлi шешуге қабiлетті қала экономикасының жаңа тиiмдi секторын құру мақсаты бар.
1. « Экскурсиятану негіздері », Өскемен: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 2007ж;
2. Емельянов Б.В. « Экскурсоведение. Учебное пособие ». Мәскеу, 2002;
3. М.В.Соколова « История туризма », М:« Академия », 2008;
4. Савина Н.В., Горбылева З. « Экскурсоведение.Учебное пособие », Мәскеу, 2005;
5. Геневич Н.А. Основы экскурсоведения.Учебное пособие для географических спеңиальностей вузов. Минск, 1988;
6. Ягофаров Г.Ф.,Тынчерова З.В.,Саипов А.А.Экскурсоведение. Алматы, 2001;
7. Савина Н.В. « Экскурсоведение. Учебное пособие ». Мәскеу, 2009;
8. Емельянов Б.В. Экскурсионное обслуживание населения. М., 2000;
9. Қазақ энциклопедиясы, 5 том (Қ-әрпі);
10. «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдері,негіздері» пәні бойынша дәрістері,(лекциялары);
11. Мазбаев О.Б., Атейбеков Б.Н., Асубаев Б.К., «Туризм және өлкетану негіздері» Алматы ҚазҰПУ, 2006 жыл;
12. «Саяхат жорықтарын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері», Алматы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институты;
13. Ж.Н. Алиева «Туризмология негіздері» Алматы, Қазақ университеті;
14. Ердаулетов С.Р. «Қазаұстанның көрікті орындары», Алматы;
15. «Туристтің энциклопедиясы»-М 1993жыл;
16. Гуляев В.Г. «Туристік қызметті ұйымдастыру» М 1996жыл;
17. Маляр И., Фельф М. «Алматы 100көше, 1000шарттары» Алматы 1996жыл;
18. Алматы бойынша жол сілтегіш 2009;
19. «Ескерткіштер тарихы және Қазақстан мәдениеті» Алматы 2003жыл;
20. Нұрпеисов М.М., Малиновская Е.Г., Проскурин В.Н. «Ескерткіштердің тарихының байланысы және Алматы қаласының мәдениеті», Алматы 1988жыл

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ ат. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ

Әлеуметтік қызмет және бизнес факультеті
Туризм кафедрасы

Экскурсиятану пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Алматы театрлары бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу

Орындаған:
3 курс студенті, 341 топ __________________ Молдахан А.
Студенттің қолы

Ғылыми жетекші:
оқытушы _______________________
Сайдуллаев С.З.
Ғылыми жетекшінің қолы

Алматы, 2013
Мазмұны

Бет.
Кіріспе 3

1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
1.1Экскурсия қызметінің тарихы 5
1.2Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 7
1.3Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 15

2 Алматы театрлары бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары 17
2.1Алматы театрлары бойынша экскурсияның кіріспесі 18
2.2Алматы театрлары бойынша экскурсия маршрутының технологиялық 21
картасы мен схемасы
2.3Алматы театрлары бойынша экскурсияның қорытындысы 24
2.4Алматы театрлары бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 26

Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың
экскурсиялық - белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып
табылады.Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай
отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени
ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.
Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген экскурсия адамның
денсаулығын нығайтады,адамның мынадай мысалы: патриоттық,ынта-
ықыластылық,батылдылық,қайсарлылық қасиеттерін тудырады,жұмысқа
қабілеттілігін арттырады.Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу
сезімі нығаяды,экскурсанттың ой - өрісі кеңейеді,табиғатты қорғауға
үйренеді.
Қазіргі адамдарға демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен, қоршаған ортаны
белсенді танып - білумен қиыстыру тән болып келеді.Сондықтан да туристер
өдерінің бағыттарына пайдалы қазбаларды іздестіруді,өздері барған ауданның
табиғи ресурстарын зерттеуді,географиялық бақылауды енгізеді. Олар халықтар
арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты жағдайлармен
күреске қатысады.
Қазақстан 2030 стратегиялық жоспарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
елдегі туризмді дамыту тақырыбын түртіп айтты.Бұл қызмет көрсету саласы
жоғарыда айтылып кеткен жоспардың мақсаттарына жеткізетін басым бағыт
болады.Сондықтанда,біз келешек туризм саласындағы маман болғандықтан, бұл
құжатқа ерекше мән беруіміз керек.
Туризм қаласының экономикалық қызметiнiң жаңа саласына қызмет көрсетуге
арналған рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың кешендi қалалық
бағдарламасының Алматының тарихи - мәдени мұралары және бiрегей табиғи
көрiнiстерi әлеуетiн пайдаланушы және тарихи мұра мен табиғат әлеуетiн
сақтаудың,жаңғыртудың және қалпына келтiрудiң қаржы проблемаларын түбегейлi
шешуге қабiлетті қала экономикасының жаңа тиiмдi секторын құру мақсаты бар.

Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму
стратегиясымен тығыз ұласады.Әлеуметтік - экономикалық дамудың катализаторы
болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта
тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз
ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған
Қазақстан да еніп отыр.
Көптеген дүниежүзіндегі елдерде туризм жүйе ретінде дамып келеді, сол
елдің және халқының тарихымен, мәдениетімен,салт - дәстүрлерімен, рухани
және діни құндылықтарымен танысуға барлық мүмкіншіліктер бар және қазынаға
пайда алып келеді. Бұл жүйе өте көп туристік қызмет көрсетулермен
байланысқан жеке және заңды тұлғаларды асырап жатқанын айтып өтпеуге
болмайды. Табыстың түбегейлі табысынан басқа, туризм елдiң мәртебесiнiң
күшейтуiнiң қуатты факторларының бiрi болып табылады.
Әр туристік кәсіпорын өзінің қару - жарақ қоймасында бірнеше экскурсия
түрлері болуы қажет: тақырыптық немесе шолулық, экскурсанттарды жергілікті
көрікті орындармен,салт - дәстүрлерімен таныстыру керек.
Экскурсиятану пәні бойынша курстық жұмыс Алматы қаласының театрлары
бойынша менiң жеке маршрутымның өңдеуiн ескередi. Бұл экскурсияны құрастыру
үшін мен ұлттық кітапхана материалдарын, Ғаламтордың әр түрлі сайттарынан,
журналдар және газеттердiң периодты шығаруларын қолдандым.
Бұл экскурсияның мақсаты - экскурсанттарды Алматы қаласындағы театрлары
жайлы толық мағлұмат алуын қадағалау және студенттердің мәдени ой өрiсiн
кеңейту,себебі менің экскурсиям мұндай дәрiсханаға тап есептелiнген.
Міндеттері болып экскурсанттарды Алматы қаласының негізгі, қала
азаматтарына танымал,әрі қала қонақтары көптеп баратын театрлармен
таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: экскурсиялық саяхаттарды және туризмнің
барлық экскурсиялық түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу,туризмнің экскурсиялық
түрлерінің әдіс - тәсілдерімен толық таныстыру,туризмдегі экскурсия және
оның әдіс - тәсілдері ұғымдарын кең түрде қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Туризмдегі экскурсия түрлерін қарастыру;
- Транспорт және жаяу экскурсиялары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін
қарастыру және оларды ұйымдастыру;
- Экскурсия түрлерін өткізуге болатын Алматы қаласының негізгі театр
объектілерін бөліп қарастыру;
- Алматы қаласындағы театрлардың пайда болу тарихын экскурсанттарға
таныстыру;
- Алматы қаласындағы театрлардың әлемдік деңгей бойынша жетістіктерін
көрсету;
- Әлемге танымал театр әртістерінің Алматы қаласындағы театрларындағы
шығармашылығымен, яғни театрлардағы көріністерге қатысқандығын
таныстыру;
- Экскурсанттарды еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласындағы
театрлар жайлы патриоттық сезімді тәрбиелеу және т.б.

1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері

1. Экскурсия қызметінің тарихы

Экскурсия (excursio) латын тілінен аударғанда серуендеу деген
мағынаны білдіреді.Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі
(жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан
аспайтын уақытқа барып көруі.
Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары
арқылы 18-19 ғасырларда енгізілді.1910 жылы Мәскеуде Орталық экскурсиялық
комиссия құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін.Совет
үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды.1918
жылы Мәскеуде Орталық оқушылар экскурсиялық бюро құрылды. Экскурсиялар
туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың
сонымен 30 - жылдардың басында өрлей бастады.1928 жылы Советский турист
АҚ құрылды,1930 жылы Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін
қоғамы болып өзгертілді.Көптеген қалаларда Норкампросаның эксурсиялық-
туристік орталықтары ашылды. 1936 жылы бастап туризм және экскурсияны
дамыту төрағалығын және оның өкілдігіне иық артылды [1, 5 б].
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды
белгісі.Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен
ғасырдың 70-80 жылдары.Экскурсия білім алудың негізгі формасы.Сондықтан
экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген.
Экскурсияның бірнеше түрлері бар.Олар:тарихи,кәсіптік,табиғи,
архитектуралық,әдеби және т.б. [2, 5 б].
Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі.
Сол кезде жиі діни,әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы
айтқанда,экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды
атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану,
мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды.Өткен ғасырлардың
белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп
санаған.Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген.
Табиғатқа шығу,айналамен тануда,экскурсияның маңызы зор.Кейіннен оқу
экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады.Бірақ
олар алғашында өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен.Олар сол кезде
Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған.
Экскурсия кезінде білім алу мақсаты 18 ғасырда алдыңғы қатардағы
прогрессивті адамдар қойған.Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып,
қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен.
Экскурсия сөзі латын тілінен пайда болған.Орыс тіліне 19 ғасырда
енгізген.Басында бұл сөз әскери шапшаңдық, кейіннен серуенге
шығу,жорық деп белгіленген.
Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізудің
уақыты бойынша емес тақырыбы бойынша жүйелегені бекер емес. Экскурсия
кезінде білім алу мақсатын 18 ғасырдың алдыңғы қатардағы прогрессивті
адамдары қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы
мәселелерін ірі медицинаттар (спонсор) арқылы шешкен.
Экскурсияның бірнеше түрлері бар:тарихи, кәсіптік, табиғи, мәдени,
әдебиеттік. Алғашқы экскурсияларға себепші болған өткен ғасырлардың
қоғамдық өмірі. Діни әулие жерлерге қажылық жасаумен болды. Жалпы айтқанда
саяхаттар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде функцияларды атқарған ол ғасырдың
қызығушылығына байланысты болды.
Экскурсия терминіне берілген анықтамаларға тоқталайық. Ең алғаш
түсінікті 1973 жылы Антифер берген. Серуен өз мақсаты ретінде көруге
қолайлы объекті, тақырыпты нақты материал арқылы зерттеу. Ал Р.Бархаш
–экскурсия- ол белгілі білім алудың көрнекілік тәсілі. Алдын ала
өндірілген тақырып арқылы нақты объектіге бару кезінде тәрбие беру.
Уақыты бойынша соңғы жылдары жарияланған анықтама бойынша экскурсия
оқудың оқудан тыс жұмысының ерекше формасы оның барысында мұғалім немесе
экскурсовод, оқушылар,экскурсанттар бірігіп,болып жатқан процестерді табиғи
жағдайда бақылау.
Экскурсияның даму жолы оның негізінің өзгеруіне байланысты. Басында
экскурсия практикалық міндеттерді іске асыратынсеруен болып табыды.
Кейінірек оның алдында өлкетану мұражайларға экспонат табу сияқты ғылыми
міндеттер пайда болды. Өзінің білімін жоғарылатуда жаңа формаларды
іздестіруде экскурсиялар алдында жалпы білімді арттыру мақсатында пайда
болды. Қазіргі кезде экскурсия өзіне ғана тән функциялары мен белгілері
ерекше методикасы бар сала. Айтарлықтай ол мазмұны, өткізу саласы, формасы
және материалды ұсыну бойынша байып, идеялық-тәрбие, мәдени жұмысының
бөлігі болып сипатталады.
Сонымен экскурсия табиғи жағдайда немесе кәсіпорын ішінде
лабараторияларда, институттарда одан басқа жеке орналасқан объектілер
танудың көрнекілік процесі. Объекті дұрыс көрсетіп, экскурсия тақырыбын
дұрыс ашқан кезде экскурсия дұрыс деп есептеледі. Экскурсовод экскурсияға
объекті көруді, естелік жерге баға беруді сол объектімен байланысты тарихи
оқиғаларды түсінуді жеткізеді.
Экскурсия ісі дамыған сайын әр түрлі жүйелер ұсынылған. Бірақ 1970
жылдары ғана келесі жүйеге тоқталды:
1.Мазмұны бойынша;
2.Қатысушылардың құрамына, санына қарай;
3.Өткізген орнына қарай;
4.Жылжу тәсіліне қарай;
5.Экскурсияның ұзақтылығына қарай;
6.Өткізу түріне қарай.
Осы ұсынылған жүйелер бойынша экскурсия жұмыстары жүргізіледі.

1.2.Экскурсия және оның мәні мен мазмұны

Экскурсияның белгілері мен функциялары.Экскурсияның 8 белгісі бар:
1. Экскурсияның ұзақтығы - экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін
созылады. 1 сағат академиялық сағат бойынша есептеледі.Уақыт бойынша
ең аз созылатын музей және көрме экскурсиялары.Ең ұзақ созылатын -
қала сыртындағы экскурсиялар.
2. Экскурсанттардың болуы - негізінде экскурсанттар 1 адамнан 50 адамға
дейін болады. Кей кездері 70 адамға жетеді.
3. Жоғары маманды экскурсоводтың болуы.
4. Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.
5. Экскурсанттардың алдын ала құрастырылған маршрутпен жүру.
6. Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаттылығы.
7. Экскурсиялық құжаттар:
- Экскурсиялық маршруттың схемасы;
- Экскурсияның мәліметтері;
- Экскурсоводтың портфелі.
8. Экскурсанттардың белсенділігі.
Экскурсияның функциялары:
- Танымдық;
- Ақпараттық;
- Демалыс уақытын ұйымдастыру;
- Тәрбие,сауықтыру және т.б.
Экскурсияның классификациясы.Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия
дайындаған процесінде үлкен мағынасы бар.Экскурсияларды жүйелеу көптеген
экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілерінің көп уақыт ішінде
зерттеген.Бірінші бұл мәселе туралы өткен ғасырдың 20-жылдары
көрсетілген.Экскурсия ісі дамыған сайын әр түрлі жүйелер ұсынылған.Бірақ
1970 жылдары ғана келесі жүйеге тоқталды:
1. Мазмұны бойынша;
2. Қатысушылардың құрамына, санына қарай;
3. Өткізген орнына қарай;
4. Жылжу тәсіліне қарай;
5. Экскурсияның ұзақтылығына қарай;
6. Өткізу түріне қарай.
Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 шағын топқа бөлінеді:
1. Шолу экскурсиялар.Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай
экскурсиялар көпжоспарлы деп аталады.Оларда тарихи және қазіргі
мәліметтер қолданылады.Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді -
тарихи-мәдени ескерткіштер,ғимараттар мен құрылыстарды,табиғи
объектілерді,кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы
құрастырылады.
Шолу экскурсияларда оқиғалар ірі жоспармен баяндалады.Ол қала,
мемлекет,аудан туралы жалпы түсінік береді.Шолу экскурсияның ерекшеліктері
бар: кез келген қалада олар бір - бірімен құрылымы жағынан ұқсас
болады,қаланың тарихы,кәсіпорынның тарихы,сипаттамасы,ғылымы, мәдениеті
сияқты тақырыпшалардан тұрады.
2.Тақырыптық экскурсия.Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана
арналады.Тақырыптық экскурсия бірнеше топтарға бөлінеді:
1) Тарихи экскурсия - мазмұны бойынша бірнеше кіші топқа бөлінеді:
- Тарихи - өлкетану;
- Археологиялық;
- Этнографиялық;
- Тарихи - өмірбаяндық;
- Тарихи мұражайларға бару;
- Тарихи шайқастар болған жерге бару.
2) Өндірістік экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
- Тарихи өндірістік;
- Экономикалық өндірістік;
- Техникалық кәсіптік.
3) Өнерге байланысты экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
- Тарихи - театралдық;
- Тарихи - музыкалық;
- Халықтың қол өнері;
- Көрме залдарына экскурсия ұйымдастыру.
4) Әдебиет экскурсиялары келесі топтарға бөлінеді:
- Әдеби-өмірбаяндық;
- Тарихи - әдебиеттік;
- Көркем - әдебиеттік.
2) Қатысушылар құрамына, санына қарай. Қатысушылардың құрамына
байланысты келесі бөлімдерге бөлінеді:
- Жеке;
- Жергілікті халық үшін;
- Шетелдік туристер үшін;
- Ересек адамдар үшін;
- Мектеп оқушыларына.
Әр топтың өз ерекшеліктерін ескере отырып, экскурсия мазмұнына
жүргізілу техникасы мен тәсілінің ұзақтылығына өзгерістер енгізіледі.
3) Өткізген орнына қарай экскурсиялар келесі түрлерге бөлінеді:
- Қалалық;
- Қала маңы;
- Өндірістік;
- Мұражайлық;
- Комплексті.
1) Жылжу тәсіліне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
- Жаяу;
- Әр түрлі транспортты қолдану арқылы жүргізу.
2) Экскурсияның ұзақтылығына қарай 1 академиялық сағаттан 1 тәулікке
дейін болады.Қысқа мерзімді турлар (3-4 тәулікке дейін) демалыс күнгі
маршруттар деп аталады және солардың барысында бірнеше экскурсиялар
жүргізілуі мүмкін.
3) Өткізу түріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
- Экскурсия - серуендеу;
- Экскурсия - лекция;
- Экскурсия - музыкалдық;
- Жарнама экскурсиясы.
Сонымен,дұрыс жүйеленген экскурсия экскурсоводтың клиенттермен жұмысын
жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Заңдылықты пайдалана отырып
дайындалған экскурсия нақты топтың сұраныстарын іске асыруға мүмкіндік
береді.
Экскурсияны даярлау методикасы.Методика деген сөз грек тілінен пайда
болған метод деген сөз - бір нәрсеге жол деп аударылады. Методиканың
жалпы ұғымы - алдына қойған мақсатқа жетуі.
Экскурсия методикасының негізгі ережелері:
1. Экскурсантқа көруге,тыңдауға және сезуге көмек беру;
2. Экскурсантқа объекті көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру;
3. Тақырыпқа, әңгімеге,көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар
қамтамасыз ету.
Бұл ережелерді іске асыру үшін экскурсоводтан тек қана экскурсия
мазмұнын ғана білу емес,оны өткізу және жүргізу методикасын білуін қажет
етеді.
Экскурсия методика жұмысы 2 бөліктен тұрады:
- Экскурсия дайындау методикасы;
- Экскурсия өткізу методикасы [3, 8 б].
Экскурсия маршрутын жасау.Экскурсия маршрутын жасағанда экскурсиялық
топтың қозғалыс кезінде уақытты үнемді пайдалануды есте сақтау
керек.Бірқалыпты объектілерді көрсете беруде сақ боду керек. Экскурсияның
уақытын көрсетумен,әңгімелеумен және паузалармен толықтыру қажет.Көрсету
мен әңгімені пайдаланудың 4 варианты бар:
- Әңгіме мен көрсетудің бірге жүріп отыруы - экскурсанттар бейнеленіп
жатқан объектіні зерттейді;
- Тек қана әңгіме айтылады - қалаға сипаттама бергенде және тарихи
оқиғалар қарастырылғанда;
- Тек қана көрсету жүргізіледі - объектіні экскурсовод көмегімен
зерттеу;
- Көрсету де,әңгімелеу де жоқ - экскурсанттардың өзіндік жұмысы
(бақылау, алған әсер мен білімді меңгеру).
Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін
экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады.
Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы
тиіс.
Экскурсия жасаған кезде маршрутқа байланысты үзілістерді жоспарлайды.
Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау болады. Үзілістерді
дұрыс пайдалану керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау
дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді.
Лекция тыңдаушыларының зерттеуі бойынша 14-ші,25-ші,34-ші минуттарда
тыңдаушылардың назары төмендейді екен.Сондықтан экскурсиялық методика осы
уақыттарда жаңа объектті енгізеді.Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді
пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету).
Жаңа экскурсияны дайындау.Жаңа экскурсияны дайындау шығармашылық топқа
жүктеледі.Оның құрамын экскурсияның қиындығына қарай 3-7 адам
кіргізіледі.Топ жетекшісі тағайындалады.Көп жағдайда ол сол мекемелер жұмыс
істеп жүрген экскурсоводтар кіреді.Кеңесші ретінде әр түрлі салалардың
мамандары шақырылады.Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:
- Алдан - ала жұмыс - келешек экскурсияға мәліметтер жинау және сол
мәліметтерді зерттеу,сонымен қатар экскурсияда көрсетілетін
объектілерді таңдау;
- Тікелей экскурсия дайындау - бұл дегеніміз экскурсиялық маршрутты
құру,нақты мәліметтерді өңдеу,бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын
экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру,бақылау мәтінін
жасау, экскурсия методикасын жинақтау,әңгімелеудің,көрсетудің тиімді
методикалық тәсілдерін анықтау;
- Қорытынды кезең - экскурсияның маршрутты қабылдау мекеменің басшысымен
жаңа экскурсияны бекіту және экскурсияның алдында шығармашылық топ
экскурсияны қорғайды.
Жаңа экскурсияны дайындаудың кезеңдерін бейнелеуге болады.Олардың
өзіндік реті бар.Экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша
қарастырамыз.
Объектілерді таңдап алу.Объект болып бір оқиғамен байланысты
ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары
саналады.Экскурсия кезінде объекті көрсету басты орын алады.Дұрыс таңдалған
объектілер олардың саны, көрсетудің кезектілігі экскурсия сапасына әсер
етеді.
Объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
- Біздің халқының өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен,
мемлекеттің дамуымен байланысты орындар;
- Ғимараттар мен құрылыстар,мемориалды ескерткіштер,белгілі адамдардың
өмірі мен қызметіне байланысты орындар:архитектуралық
ансамбльдер,қоғамдық - инженерлік құрылыстар,мәдени саласындағы
ғимараттар және т.б.;
- Табиғи объектілер: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен
қорықшалар және реликті өсімдіктер;
- Мемлекеттік және халық мұражайлардың сурет экспозициясы, тұрақты және
уақытша көрмелер;
- Археология ескерткіштері: ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі
орындар және т.б.;
- Өнер ескерткіштері: бейнелеу өнерінің туындылары, қолтаңбалы өнер,
мүсін және т.б.
Экскурсиялық объектілер келесі топтарға бөлінеді:
- Мазмұны бойынша: бір жоспарлы және көп жоспарлы;
- Функционалды белгісі бойынша: негізгі және қосымша;
- Сақталу дәрежесі бойынша: толық сақталған, біздің уақытымызға дейін
біраз өгерістермен жеткендер, жартылай сақталған және жоғалтылған.
Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді
пайдалану ұсынылады:
- Танымдылық құндылығы - бұл дегеніміз объектінің бір нақты оқиғамен
белгілі мәдени қайраткерлердің өмері мен шығармашылығына байланысты.
- Объекттің әйгілігі - оның халық арасында белгілігі.
- Объектінің әдеттігіден тыс болуы - объектінің қайталанбас ерекшелігі
бір аңызбен немесе оқиғамен байланыстылығы.
- Объекттің айқын көрінуі - сыртқы айқындығы қоршаған ортамен,
ғимаратпен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.
Маршрутты аралап шығу.Маршрутты тексеріп шығу экскурсия жасалу кезінде
негізгі этаптың бірі болып табылады.Маршрутты тексеріп шығуды ұйымдастырған
кезде келесі міндеттер қойылады:
- Маршруттың жоспарымен,маршрутта қарастырылған көшелермен, алаңдармен
танысу;
- Объекттің орналасқан жерін анықтау,экскурсиялық автобустың тоқтайтын
жерлерін анықтау;
- Әрбір объектті көрсеткен кезде жұмсалатын уақытты есептеу
(хронометраж);
- Белгіленген объектілердің дұрыс таңдалғанын анықтау;
- Объектті дұрыс, тиімді көрсететін нүктелерді табу және сол объектінің
қасында туристерді орналастыратын орындарды анықтау;
- Объектпен танысатын методикалық тәсілдерін анықтау;
- Маршрутта қауіпті жерлерді анықтап, туристердің қауіпсіздігіне шара
қолдану.
Бақылау мәтінін дайындау.Бақылау мәтіні шығармашылық топпен
жасалады.Бақылау мәтіні басқаша фирма мәтіні деп аталады.Бақылау
мәтінінде әдебиеттен үзінділер,статистикалық мәліметтер,сонымен бірге
экскурсия кріспесі, мазмұны және қорытындысы толық жазылады.
Бақылау мәтінінде маршрутпен байланысты емес мәліметтерде кіреді.Осы
мәліметтер экскурсия басқа варианттарын жасаған кезде көмектеседі.
Бақылау мәтіннің көлемі,мысалы 3 сағаттан экскурсия болса 40-50 басылым
бет болу керек. ал жаяу экскурсияларда 25-30 бет болу керек.
Экскурсияның құрылымы
Экскурсия негізігі 3 бөлімнен тұрады:кіріспе,негізгі бөлім және
қорытынды.Бақылау мәтіннің материалдары кіріспе жазғанда,қорытынды және
тақырыпшалар арасында логикалық өткел кезінде негізгі мазмұн ретінде қызмет
етеді.
Кіріспе жеке мәтінде ұйымдастырушылық және ақпараттық бөлімдерге
бөлінеді.Оның мақсаты - экскурсовод пен топ арасында байланыс орнату,
экскурсанттың назарын тақырыпқа аудару.
Ұйымдастырушылық бөлімде экскурсовод төмендегі ақпараттармен хабардар
етеді:
- Өзінің аты-жөнін,қай турфирмада қызмет ететіндігін;
- Транспортты жүргізушінің аты - жөнін;
- Экскурсия тақырыбын, оның атауын;
- Маршрут, уақыт және экскурсияның аяқталу орнын;
- Экскурсиядағы тәртіп ережелерін;
- Қауіпсіздік ережелерін.
Ақпараттық бөлімде экскурсияның қысқаша мазмұны,экскурсияның мақсаты
мен міндеті,кейбір тақырыпшалар мен қызықты экскурсиялық объект туралы осы
бөлімде айтылады.
Кіріспе көрікті,эмоционалды,қызықты,3-15 мин аралықты қамтитындай болуы
керек.
Негізгі бөлім - тек қана экскурсия, бөлек тақырыпшалардан тұратын (5-
тен 12-ге дейін), экскурсиялық объектілерді көрсету барысында осы
тақырыпшалар ашылады.
Негізгі бөлім нақты экскурсиялық объектілер негізінде, көрсету және
баяндаудың бірлігінен тұрады.Оның мазмұны бірнеше тақырыпшалардан тұрады,
олар объектілер мен тақырыппен байланысты болуы қажет.Ондай тақырыпшалардың
саны 5-тен 12-ге дейін болады.Сонымен қоса экскурсия құрудағы маңызды
мәселе болып объектілерді таңдау,яғни тақырыптың мазмұнын ашатындарын ғана
таңдап алу және де олар тақырыпшаларға байланысты болуы керек.
Қорытынды негізгі бөлім сияқты экскурсиялық объектілермен байланысты
болмайды. Ол уақыт бойынша 5-7 минутты алуы керек және 2 бөлімнен тұру
керек.
Біріншісі - экскурсияның негізгі мазмұнының қорытындысы,тақырып бойынша
қорытынды, экскурсияның мақсатын жүзеге асыру.
Екіншісі басқа экскурсиялар жөнінде экскурсанттарға мағлұмат беру,
яғни олар берілген тақырыпты кеңейте және тереңдете алуы керек,қорытынды
негізгі бөлім,кіріспе сияқты өте маңызды [4, 11 б].
Экскурсия өткізудің техникасы
Кез келген экскурсияның тиiмдiлiгi көпшiлiгiнде оның өткiзу техникасына
тәуелдi болады,жүргiзу техникасы мен әдістеме арасында байланысқан.
Экскурсияның жүргiзу техникасына талаптардың қатары көрсетіледi.Олардың
ішіне экскурсоводтың топпен танысуы,топтың объекттің жанында дұрыс
тұруы,экскурсанттардың автобустан шығуы және қайтып автобусқа келуі,
экскурсоводтың микрофонды қолднуы,уақытты ұстану экскурсияға толығымен және
жеке тақырыпшаларды ашуға, экскурсанттардың сұрақтарына жауап және т.б.
Экскурсоводтың топпен танысуы.Экскурсовод автобусқа кiрiп,топпен
танысады.Ол топпен амандасады,өз аты-жөнін айтады, ұсынатын экскурсиялық
мекемемен таныстырады,экскурсанттарды автобустың жүргiзушiсiмен
таныстырады,басқаша айтқанда экскурсияны кіріспеден бастайды.
Өзінің қарым - қатынастың орналастырылған ережелерiмен экскурсовод
тобты өз әсерлерiн бағындыру үшiн маңызды.Ол бiрден сөйлемейді.Үзiлiс пайда
болады он-жиырма секундқа созылатын.Бiрiншi танысу болады, экскурсоводтың
топпен ары қарай байланысуларына тәуелдi болады. Экскурсанттар бiртiндеп
үнi өшедi,ыңғайлырақ отырысады,олардың ықыласы экскурсоводта ауысады.
Экскурсанттардың автобустан шығуы.Экскурсанттардың шығуын алдын ала
әзiрлеу керек.Мынандай жағдайда,бұл iстелiнбесе,топтың едәуiр бөлiгi
автобуста қалады,орналастырылған орындағы ескерткiштердiң бақылауы үшiн
шықпайды.Экскурсанттар нақ сол объектпен дербес танысумен мүмкiндiгін
жоғалтады.
Тоқтаулар санын топтың шығуымен кiрiспе сөзде ерекшелiкпен аталу
қажет, объекттiң ерекшелiгiмен мұндай шығуларды түсiндiрiп ынта қоюға
ұсынылады.
Экскурсанттардың орын ауыстыруы автобустан объектке,объекттен
автобусқа,объекттердiң арасында топпен iске асады.Экскурсоводтың орны -
топтың ортасында,бiрнеше адамдар алда жүредi,бiрнеше қасында, қалғандары -
арт жақта.Топ созылмалы болмау үшiн маңызды: оның алдағы бөлiгiнiң және
аралығында қашықтық, кім соңғы келеді 5-7 м аспауы керек.Экскурсовод
маршрутта топтың орын ауыстыруында бүтiндiктi бұзбау үшiн дегенiне жетуi
керек.Топтың созылғандығынан экскурсоводтың әңгімесін, түсiндiруiн және
жолда баяндалатын логикалық өткелдерін қалып ққалғандар ести алмайды.
Тәжiрибелi экскурсоводтар маршрутта орын ауыстырулармен шебер басшылық
етедi.
Топтың қимыл - қозғалыс қарқыны топтың құрамына (балалар, жастар,
орташа жас шамасы, егде адамдар) тәуелдi болады,жер бетiніңң рельфі,
мысалы,тауға көтерілу,жұмыс iстейтiн цехтардағы қауiптi аймақтардың орларды
жеңу және т.б.
Экскурсанттардың жаяу экскурсиясында қимыл - қозғалыс қарқынды
ақырын,асықпай,өйткенi көрсетудiң объекттерi бiр-бiрiмен қасында
орналастырылған.
Экскурсанттардың автобусқа қайтуы.Топтың орын ауыстырулары уақытында
экскурсовод басшылық етедi.Топты автобусқа отырғызу кезінде автобустың
кіретін оң жағында тұрады және салонға кіретін экскурсанттарды санайды.Бұл
елеусiз iстелiнедi.Экскурсияның барлық қатысушылары жиналғанына көзi
жеткенде,ол автобусқа соңғы кiредi және қозғалыстың басталуы туралы
жүргiзушiге шартты белгiнi береді.
Экскурсанттардың қайта санауына бой жасыру керек.Бұл керексiз
қызбалықты кiргiзедi,күлкiлi ахуалдар экскурсияның жүрiсiн кейде бұзуға
шақырады.
Экскурсоводтың орны.Автобустағы экскурсоводтың мұндай орын болуы керек,
оған сол объекттер жақсы көрiнетiндей орналасуы керек экскурсияда туралы
сөз болған, бiрақ оның көзiнiң өрiстерiне барлық экскурсанттар да болу
қажет.Сол уақытта экскурсанттар оныда көру керек.Әдеттегiдей,бұл
жүргiзушiнiң жанында әдейi апарылған алдыңғы орын.Экскурсоводқа автобусты
қозғалыста тұру қауiпсiздiк мақсаттарында рұқсат етiлмейдi.
Экскурсоводтың жаяу экскурсиясында объектке қырындап орналасуы керек.
Көрермен қабылданатын объекттерiнiң көрсетуiн өткiзу экскурсоводтың
көздерiнiң алдында болуы талап етедi,ол олардың өз көрермен анық
әсерлерiнiң негiзiнде талданады.
Экскурсиядағы уақытты сақтау.Әдiстемелiк құралда дәл уақыт көрсетiледi,
әрбiр тақырыпшаны ашуға апарылған минуттар жазылады.Бұл жерде барлығы
ескерiлген: объекттердiң көрсетлуi,экскурсоводтың әңгiмесi,келесiге маршрут
бойынша орын ауыстыру және бақылалатын объекттердiң жанында топтың
қозғалысы.Экскурсоводқа берілген уақытта аяқтай бiлу бiрден келмейді.Ол
үшiн үлкен тәжiрибе керек болады,соның iшiнде қолдағы бар сағатты
экскурсияның өткiзуi: үйде,нақты объектте.Уақытты сақтау логикалық өткелдiң
өткiзуi, бөлек алған тақырыптың жарығында қол жеткiзуi керек.
Автобусты қозғалыста әңгiменi өткiзуi техникасы.Автобустағы қозғалыс
әңгiме уақытында экскурсоводпен микрофон арқылы хабар алу мiндеттi.Егер
жабдық дұрыс жұмыс iстемесе немесе микрофон тiптi болмаса, қозғалыс
уақытында экскурсоводтың әңгімені өткізу пайдасыз.Қозғаушының шуы және
автобусты шайқалу естілуге шек қояды, түсiндiру тек қана алда отыратын
экскурсанттарға естулі болады.Экскурсовод осы жағдайда материалдарды
қозғалыстың басталуына дейiн бередi маршруттың ең жақын бөлiмшесi туралы,
объекттердiң тек қана атауы немесе жердi қозғалыс барысында хабарлайды.
Маңызды объекттер және тоқтатуға керег пункт болған жағдайда автобус
қозғаушы өшіріліп,тек қана содан кейiн түсіндіру керек.Бұл жүргiзушiмен
алдын ала келiсуi керек.
Экскурсиядағы үзiлiстер.Экскурсовод үздiксiз айтуы керек емес.Жеке
әңгiме,әңгiмемен және экскурсиялық мәлiметтердiң арасындағы жолда,объект
және болу тиiстi олардан сабақтас оқиғалар туралы логикалық өткелмен және
әңгiмемен аздап ептеген үзiлiстер болу тиiс.
Үзiлiстер келесi міндеттерді қудалайды:
- бiрiншi - мағыналы,үзiлiстердiң уақыты олар экскурсоводтардан естiген
және өз көздерiмен көретiн ойлану үшiн адамдармен қолданылады.Өз
жадағайлаларының құрастыруында нақты материалдың бекiтулерi үшiн жад, есте
сақтауының көрiлген.Экскурсанттар қабылдауға дербес тексеру, әзiрлеу үшiн
еркiн уақытты көрсету және әңгiмеден әрбiр объектте көрсетiлетiн және
келесi аялдамада әңгiмеленетiн алу үшiн маңызды;
- екiншi - экскурсанттарға қысқа мерзiмдi демалыс беру.Ол қандай
болмасын мағыналы жүктеме алып жүрмейдi.Бұл әсiресе мәдени-ағарту жұмыстың
белсендi формасына әлi дағдылануға жеткiлiксiз маңызды, экскурсия болатыны
үшiн.
Экскурсоводтың портфелiн қолдану техникасы.Экскурсоводтың портфелi
мазмұны,оның мәнi және әдiстемелiк әзiрлеу рөлі көрсетудiң қабылдауларын
қолданудағы және экскурсияның өткiзуiн әдiстемеге қатысты болады.
Әрбiр экспонат сурет, портрет, сызбаның фотосуреті, суретрепродукциясы,
документ көшiрмесi - өз реттiк нөмiрiн алады. Бұл экскурсанттарға осы
экспонатты демонстрация тiзбегiн анықтайды.
Экспонат экскурсоводпен оның жұмыс орнында көрсетiлу мүмкін,
экскурсанттардың қатарлар бойынша толық танысу үшiн қолдарына тапсырылады.
Кейде әдiстемелiк құралмен сәйкес экскурсовод магнитофон және
бейнежазбалардың көрсетумен ұйымдастырады.Аппаратураның дұрыстығын алдын
ала тексерiлуі,керекті жазулардың бар болуды, экскурсияның барлық
қатысушылары үшiн естiнгiштiк қамтамасыз ете алуы маңызды.Экскурсовод бұл
аппаратурамен пайдалануға икемi болуы керек [5, 14 б].

3. Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі

Қазіргі кезеңде экскурсиялық қызметтер саудасының қарқынды дамыған
халықаралық формасына айналуда.Соңғы 20 жылда әлемде туристік қызметтің
жылдық өсімі 5,1%, ал одан түсетін валюталық түсім көлемі 14% құраған. БҰҰ
анықтамасына сай 2010-2025 жылдары әлемдік туристік нарықтың маңызды
сегменттеріне круиздер, тақырыптық парктер, мәдени туризм, спорт, саяжай
демалыстары жатады.Осы кезде туристер саны 1561,1млн болуы қажет.Бұл
мәселелер Қазақстан үшін өте маңызды болып саналады.Себебі Қазақстанда және
оның аймақтарында туристік - экскурсиялық дамытуға табиғаттың тартымды
жерлері жеткілікті.Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан
аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және
туризм нысандары болып табылған.
Қазақстандағы алғашқы туристік - экскурсиялық ұйымдар 20-ғасырдың 20-30
жылдары пайда болды.1929 жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік-экскурсиялық
жорық ұйымдастырылды.Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17
мектеп мұғалімдері қатысты.1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында
Пролетарлық туризм және экскурсия Қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей
бастады.Оның алғаш төрағасы В.Г. Горбунов сайланды. Күйгенсай шатқалында
туристер үшін 1936 жылы республикадағы ең алғашқы 50 кісілік Горельник
турбазасының шаңырағы көтерілді.1938 жылы Көкжайлау шатқалында алғаш
қазақстандық туристер слеті өтті.Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан
туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 жылы Қазақстан Дүниежүзілік
туризм ұйымына мүше болды және осы жылы туризм индустриясын дамытуға
арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.1997 жылы Қазақстан Республикасының
Ұлы Жібек жолының тарихи орталығына қайта өрлеу, түрік тілдес
мемлекеттерінің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы
туризм дамуының стратегиясы жасалды.
2001 жылдың 13 маусымда Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет
туралы заң қабылданды.Онда республикадағы туристік саланы дамытудың
бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау,т.б. мәселелер
тұжырымдалды.Қазақстанның табиғи,тарихи,геосаяси орыны туристік нысандарды
ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді,сонымен қатар экономикалық басты
тармақтарының бірі ретінді дамытуды қажет етеді.
Елімізде қазақстандық және шет елдік азаматтардың әр түрлі туристік-
экскурсиялық қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге
қабілетті туристік кешенді іске асыруға жағдай жасалып жатыр, ұлттық
туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленді және
қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалды - техникалық
базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды.Бұл ретте элемдік
деңгейдегі Жаңа Іле туристік оралығын күру жөніндегі серпінді жобаны іске
асыру маңызды мәнге иеболып отыр.
Қазақстанда экскурсияның барлық түрлері этно,экология,
денсаулық,сауықтыру балалар,спорттық,аң аулау,балық аулау,атпен серуендеу
бойынша жүргізіледі.Бұл үшін Қазақстан аумағында 900-ден астам саяхаттық
маршруттар белгіленген.Қазақстандағы туристік ресурстарға-туристік қызмет
көрсету нысандарын қамтитын табиғи климаттық,тарихи,әлеуметтік - мәдени,
сауықтыру нысандары, туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын,
олардың күш-жігерін күшейтуге,сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады.

2 Алматы театрлары бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары

ҚР Білім және ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті

Қазақстан Республикасының Алматы театрлары бойынша экскурсияның
технологиялық құжаттары

Бекітемін
АҚ Саяхат компаниясының
директоры Сайдуллаев С.З.
24.11.2013 ж

Экскурсия: Алматы театрлары бойынша
Түрі: автобуспен
Ұзақтығы: 2 сағат 20 минут
Маршрут ұзындығы 7.2 км
Экскурсанттар құрамы: 22 студент,3 оқушы
Экскурсия мақсаты: Алматы театрлары толықтай таныстыру, кешен туралы
қызықты ақпараттар беру,.
Экскурсия тапсырмасы: Алматы театрлар кешенімен таныстыра отырып осы
жердің бар байлығымен туристтерді тамсандыру және қызықтыру.
Экскурсия маршруты: Райымбек данғылы - Абылайхан көшесі – Шаляпина көшесі -
Алтынсарын көшесі.

Құрастырушы:
Саяхат компаниясының
менеджері Молдахан А.
Құрастырылған күні
29.11.2013ж

2.1 Алматы театрлары экскурсиясының кіріспесі

Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер!Сіздердің алдарыңызда
туристік фирма Саяхат және оның қызметкерлері,ал мен сіздердің
экскурсоводтарыңыз боламын.
Алдымен сіздерге Қазақ театры тарихы туралы баяндап кетсем.
Өздеріңіз білесіздер қазақ театры өзінің тарихын өткен ғасырдың 50-60
жылдарында бастауын алғанын.
Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғасырдың 2-жартысынан
басталады.1859 жылы Оралда,1869 жылы Орынборда,1875 жылы Омбыда орыс драма
театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады.1890 жылы Семей қаласында
Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы ұйымдастырылды.Алғашқы
драм. шығармаларда Г.Д. Гребенщиков Жақсы жігіт пьесасының (1907) сюжетін
қазақ тұрмысына құрса, Н.П. Анненкова-Бернар ұлттық дастан негізінде 1908
жылы Бекет атты драма жазып,кейін оны сахнаға шығарды.
1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан
облысы,Абай ауданы) М.О. Әуезовтің Еңлік – Кебек трагедиясы алғаш рет
қойылып, оған автордың өзі жетекшілік етті.1918-24 жылы Ақмолада (қазіргі
Астанада),Әулиеатада,Көкшетауда,Оры нборда, Ташкентте, Түркістанда және
Шымкентте көптеген қазақ драмма үйірмелері ұйымдастырылып,
Ж.Аймауытовтың,Әуезовтің,М.Дулатовт ың,Е.Ерданаевтың,Қ.Кемеңгеровтің,
Б.Майлиннің,С.Сейфуллиннің,Серкебае втың,Ә.Сұлтановтың,т.б. драммалық
шығармалары сахнаға шығарылды.
1925 жылы Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби ұлт театрының (қ. Қазақ
драма театры) ұйымдастырылуы Қазақстанның мәдени тарихында мәні зор оқиғаға
айналды.Қазақ театрының өнерінің қалыптасып даму кезеңі спектакльдерде
натуралистік, әлеуметтік - тұрмыстық және фольклорлық-этнографиялық бояудың
қатаң сақталуымен, халық әндерін мол пайдалануымен ерекшеленеді. Мұның өзі
бір жағынан театр мен көрермендер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге
мүмкіндік туғызса,екінші жағынан актерлердің көп салалы өнерді меңгеруіне
жол ашты.Осы кезеңде Қазақ театры ұлттық пьесаларды ғана қоюмен
шектелмей,алғаш рет классикалық драматургия туындыларын игеруге талпыныс
жасады.
1928 жылы Қазақтың мемлекеттік драма театры республикасының жаңа
астанасы Алматыға көшіп келді.Әсіресе осы кезеңдегі Қазақ театры өнерінің
қалыптасу жолында Әуезов драматургиясы мен Шаниннің режисер қызметінің мәні
зор болды. Әуезовтың қуатты қаламынан туған Қарагөз, Қара қыпшақ
Қобыланды,Абай,Айман – Шолпан,Түнгі сарын,т.б. драммалық шығармалары
театр репертуарын жандандыра түсті.30 - жылдардың бас кезінде Алматыда
(1927 - 28 ),Риддерде (1930 - 33) және Қарағандыда (1932 - 34) жұмысшы -
жастар театры құрылды.Бұларды ұйымдастыруға Қ.Бадыров, К.Қармысов,
С.Телғараев көп еңбек сіңірді.
1944 жылы Алматы қаласында Балалар мен жасөспірімдер театры ашылды.
Оның алғашқы ұйымдастырушылары режисер Сац пен драматург В.С. Розов болды.2
- дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары республика театрлары халқымыздың
бейбіт құрылыстағы еңбегін көрсетуді басты мақсат етіп қойды. Осы кезеңде
Қазақ драма театрымен қатар қазіргі Атырауда,Таразда, Қарағандыда,Семейде
және Шымкент қалаларында облыстық драма театрлары жұмыс істеді.
1955 жылы Еңбекшіқазақ пен Қаратал ұжымшар - кеңшар театрларының
негізінде Талдықорған облыстық драма театры ұйымдасты.50 - жылдары театр
сахналарында ұлттық тарихи - фольклорлық драматургия бойынша спектакльдер
қою ісі қайта жалғастырылып,біршама жандана түсті.Осыған орай
Ғ.Мүсіреповтің Амангелдісі (1952),С.Мұқановтың Шоқан Уәлиханов (1955,
екеуінің де режисер М.И. Гольдблат) және Ә.Тәжібаевтың Майрасы (1957,
режисер А.Тоқпанов) секілді тарихи - ғұмырнамалық тақырыпта жазылған жаңа
пьесалар қойылды. Әуезов романының желісімен Абай спектаклі
(инсценировкасын жасағандар Айманов пен Л.С. Штейн, 1949) сахнаға
шығарылды.
1970 - 80 жылы республика театрларында осы заман тақырыбына арналған
Т.Ахтановтың Күтпеген кездесуі мен Махаббат мұңы,О.Бөкеевтің Құлыным,
менің, Ә.Әбішевтің Мансап пен ұждан, Н.Оразалиннің Шырақ жанған түн
пьесалары бойынша спектакльдер қойылды.Осы жылдардағы көркемдік деңгейі
жоғары,елеулі сахналық туындылардың бірі - Ә.Нұрпейісовтің трилогиясы
негізінде қойылған Қан мен тер спектаклі (1973) болды.Ол - қазан
төңкерісі қарсаңында қазақ даласындағы әлеуметтік жағдайдың диалектикасын
сахналық көркем тілмен шынайы бейнеледі. Спектакль 1974 жылы Мемлекеттік
сыйлығына (режисер Мәмбетов, суретші А.С.Кривошеин жөне актерлер
А.Әшімов,Ф.Шәріпова мен Ы.Ноғайбаев) ие болды.
Ұлт өмірінің тарихи белестерін жаңаша бағамдау мәселесі қазақ
қаламгерлерінің драмалық шығармаларынан басты орын алып,ол Б.Әбілдаевтың
Айша бибі (1986 жылы,режисер Ә.Құлданов пен М.Бекхожин, Жамбыл облысы
драма театры),Ш.Мұртазаның Сталинге хат (1988 жылы,режисер Р.Сейтметов,
Қазақ жастар мен балалар театры; 1989 жылы, режисер Б.Омаров, Талдықорған
драма театры),О.Бодықовтың Қорқыт (режисер Ш.Зұлқашев), Б.Қорқытовтың
Ақбөбек (екеуі де 1988 жылы, режисер А.Сұлтанғалиев, Атырау облысттық
драма театры), Әуезовтің Түнгі сарыны (1989жылы,режисер Асылхан) мен Хан
Кене (1992 жылы,режисер Қ.Жетпісбаев, екеуі де Талдықорған драма
театрында), Н.Әбутәлиевтің Өттің дүние (1992 жылы,режисер
Ә.С.Рақымов),Иран-Ғайыптың Шыңғыс хан (1994 жылы,режисер
Б.Атабаев),М.Байсеркеұлының Абылайханның ақырғы күндері (1996
жылы,режисер Байсеркеұлы),Оразалиннің Қилы кезең (Әуезовтің шығармасы
бойынша;1997 жылы,режисер Рақымов), Ә.Кекілбаевтың Абылай хан (1998
жылы,режисер Атабаев,бәрі де Қазақтың мемлекеттік академиялық драма
театрында), М.Байғұтов пен Ш.Орынбаевтың Қарлығаш әулие - Төле би (1993
жылы,режисер Құлданов,Шымкент облыстық драма театры), К.Н. Жұмабековтің
Қаз дауысты Қазыбек (режисер Ә.Оразбеков,Қарағанды облыстық драма
театры),О.Дастановтың Әзірет сұлтан (екеуі де 1998 жылы,режисер
Мәмбетов,Қазақ жастар мен балалар театры),т.б. спектакльдерде өзінің көркем
сахналық шешімін тапты.
20 ғасырдың 90-жылдары Ақмола,Павлодар,Арқалық,Орал,Ақтөбе ,
Көкшетау,Петропавл,Өскемен,Жезқазға н,Атырау,Түркістан қалаларында жаңадан
қазақ театрлары ұйымдастырылды.
1985 жылы Қазақстандағы әуесқой ұжымдардың жалпы саны 20191 жетті, оның
184 - і кезінде халық театры атағына ие болды. Қалың көпшілікке танымал
халық театрлары қатарында Абай (бұрынғы Семей облысы),Таран (Қостанай
облысы),Шаян халық театры (Оңтүстік Қазақстан облысы) болды. Қазақстанда
кәсіби 35 театр, оның ішінде 9 қазақ драма театры - Ақтөбеде (1993
жылы),Алматыда (1926 жылы),Атырауда (1938 жылы),Тараз бен Қарағандыда (1936
жылы),Қызылордада (1960 жылы),Оралда (1991жылы), Талдықорғанда (1975
жылы),Шымкентте (1934 жылы);6 қазақ музыкалы драма театры - Арқалықта
(1972 жылдан, 1988 жылы Жезқазғанға қоныс аударды), Жетісайда (1969
жылы),Көкшетауда (1995 жылы), Павлодарда (1990 жылы), Семейде (1934
жылы),Түркістанда (2002 жылы); 2 Балалар мен жас өспірімдер театры (1947
жылдан қазақ, ал 1945 жылдан орыс театры);Неміс драма театры (1980
жылы,Теміртау,қазір Алматы қаласында);3 музыкалы комедия театры -орыс
(1973 жылы,Қарағанды),ұйғыр (1934 жылы,Алматы) және корей (1968
жылы,Алматы);5 қуыршақ театры - Алматыда (1935 жылы,қазақ және орыс
группалары),Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985 жылы),Ақтауда (1981 жылы) және
Шымкентте (1983 жылы) жұмыс істеді [6, 19 б].
Біздің маршрут 2 сағат 20 минут академиялық сағаттан кішкене
асады.Экскурсия уақытында біз мынандай театрларды көріп өтеміз:
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен
жасөспірімдер театры,М.Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры,Қазақтың
Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры,Республикалық
неміс драма театры, Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған
Мемлекеттік академиялық орыс театры.
Топтың алдын ала бекітілген маршрут бойынша жүрген кезде тәртіптік және
қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды еске саламын.Құрметті экскурсанттар,
экскурсиялық топтан қатты артта қалуға немесе алдыға жүгіріп кетпеуге
тырысыңыздар.Себебі,сіздер осы қала және архитектуралық объекттілер туралы
қызықты дәлелдемелерді немесе әңгімелерді естімей қаласыздар.Егер мәселелер
немесе сұрақтар туындаса,маған келіп сұрасаңыздар болады, мен сіздерді
қызықтыратын барлық сұрақтарыңызға жауап беремін.
Енді,біздің экскурсиямызды бастайық!

2.2 Алматы театрлары бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы
мен схемасы

- маршрут жолы
- маршрут бағыты
- аялдама
1. - Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық
балалар мен жасөспірімдер театры
2. - М.Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театры
3. - Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық
драма театры
4. - Республикалық неміс драма театры
5. - Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған
Мемлекеттік академиялық орыс театры
1-кесте - Алматы театрлары бойынша экскурсияның технологиялық картасы

Маршрут Аялдама Көрсету Уақыт Экскурсия Ұйымдастырушылық Әдістемелік нұсқаулар
объектілері (мин) тақырыпшаларының нұсқаулар
атауы
Ғ. Мүсірепов Ғ. Мүсірепов 30 Топты жинап, тізім
атындағы Қазақ атындағы Қазақ Кіріспе. бойынша тексеріп шығу,
Мемлекеттік Мемлекеттік Тақырыпша. Алғашқы өзімді таныстыру,
Академиялық Академиялық жасөпірімдер театры.қауіпсіздік
балалар мен балалар мен 1.Объекттің авторы, ережелерімен
жасөспірімдер жасөспірімдер тұрғызылған уақыты. таныстыру.
театры театры 2. Театр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
«атакент» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсиондық объектілерді таңдау
Алматы қаласына шолу экскурсиясы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Aidana tour турфирмасы қызметтері
TOP MEDIA туристік фирмасының маркетингі
Туристік фирманың қысқа мінездемесі
Туристік экскурсиялық поездар маршруттары
Пәндер