«атакент» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу



Кіріспе 3

Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
Экскурсия қызметінің тарихы 5
Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 7
Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 15

«Атакент» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
«Атакент» бойынша экскурсияның кіріспесі 17
«Атакент» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы 20
«Атакент» бойынша экскурсияның қорытындысы 23
«Атакент» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 24

Қорытынды 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 36
Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм – бұл қазіргі адамдардың экскурсиялық-белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.
Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген экскурсия адамның денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: патриоттық, ынта-ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды, экскурсанттың ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға үйренеді.
Қазіргі адамдарға демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен, қоршаған ортаны белсенді танып-білумен қиыстыру тән болып келеді. Сондықтан да туристер өдерінің бағыттарына пайдалы қазбаларды іздестіруді, өздері барған ауданның табиғи ресурстарын зерттеуді, географиялық бақылауды енгізеді. Олар халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты жағдайлармен күреске қатысады [1].
«Қазақстан 2030» стратегиялық жоспарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев елдегі туризмді дамыту тақырыбын түртіп айтты. Бұл қызмет көрсету саласы жоғарыда айтылып кеткен жоспардың мақсаттарына жеткізетін басым бағыт болады. Сондықтанда, біз келешек туризм саласындағы маман болғандықтан, бұл құжатқа ерекше мән беруіміз керек.
Туризм қаласының экономикалық қызметiнiң жаңа саласына қызмет көрсетуге арналған рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың кешендi қалалық бағдарламасының Алматының тарихи-мәдени мұралары және бiрегей табиғи көрiнiстерi әлеуетiн пайдаланушы және тарихи мұра мен табиғат әлеуетiн сақтаудың, жаңғыртудың және қалпына келтiрудiң қаржы проблемаларын түбегейлi шешуге қабiлетті қала экономикасының жаңа тиiмдi секторын құру мақсаты бар
1. «Экскурсиятану негіздері», Өскемен: С.Аманжолов атындағы Шығыс
Қазасқтан Мемлекеттік Университеті, 2007ж;
2. Емельянов Б.В. «Экскурсоведение. Учебное пособие». Мәскеу, 2002;
3. М.В.Соколова «История туризма», М:«Академия», 2008;
4. Савина Н.В., Горбылева З. «Экскурсоведение. Учебное пособие»,
Мәскеу, 2005;
5. Геңевич Н.А. Основы экскурсоведения. Учебпое пособие
для географических спеңиальностей вузов. Минск, 1988;
6. Ягофаров Г.Ф., Тынчерова З.В., Саипов А.А. Экскурсоведение.
Алматы, 2001;
7. Савина Н.В. «Экскурсоведение. Учебное пособие». Мәскеу, 2009;
8. Емельянов Б.В. Экскурсионное обслуживание населения. М., 1983;
9. http://kk.wikipedia.org/wiki/Атакент;
10. Закон РК О туристической деятельности в Республике Казахстан.
11. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация
международного туризма. – М. – 1996.
12. Биржаков М.Б. Введение в туризм. – Спб. – 2001.
13. Волков Н.Ф. Введение в гостиничный и туристический бизнес. –
Ростов-на-Дону. Феникс. – 2003.
14. Соколова М.В. История туризма. – М: Академия. – 2004.
15. Дяхтярь Г.М. Лицензирование и сертификация в туризме. – М.,
Статистика и финансы. – 2005.
16. Краковская Т.А., Карнаукова В.К. Сервисная деятельность. – М: Март.
– 2006.
17. Бабкин А.В. Социальные виды туризма. – Ростов-на-Дону. Феникс. –
2008.
18. Сенин В.С. Организация международного туризма. Учебник. – М.:
Финансы и статистика. – 2003.
19. Рябова И.А., Забаева Ю.В., Драчева Е. Л. Экономика и организация
туризма. – М: КНОРУС. – 2005.
20. Материалы семинаров по вопросам развития туризма. Агентство
Рес¬публики Казахстан по туризму и спорту. Астана, 2003 г.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ ат. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ

Әлеуметтік қызмет және бизнес факультеті
Туризм кафедрасы

Экскурсиятану пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Атакент бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу

Орындаған:
3 курс студенті, 342 топ __________________ Диханбаева. А.М.

Студенттің қолы

Тексерген:
_______________________ Сайдуллаев C.З.
Ғылыми жетекшінің қолы

Алматы, 2013

Мазмұны

Бет.
Кіріспе 3

1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
1.1Экскурсия қызметінің тарихы 5
1.2Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 7
1.3Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 15

2 Атакент бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
2.1Атакент бойынша экскурсияның кіріспесі 17
2.2Атакент бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен 20
схемасы
2.3Атакент бойынша экскурсияның қорытындысы 23
2.4Атакент бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 24

Қорытынды 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 36

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм – бұл қазіргі адамдардың
экскурсиялық-белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып
табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай
отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени
ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.
Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген экскурсия адамның
денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: патриоттық, ынта-
ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа
қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей
білу сезімі нығаяды, экскурсанттың ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға
үйренеді.
Қазіргі адамдарға демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен, қоршаған ортаны
белсенді танып-білумен қиыстыру тән болып келеді. Сондықтан да туристер
өдерінің бағыттарына пайдалы қазбаларды іздестіруді, өздері барған ауданның
табиғи ресурстарын зерттеуді, географиялық бақылауды енгізеді. Олар
халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты
жағдайлармен күреске қатысады [1].
Қазақстан 2030 стратегиялық жоспарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
елдегі туризмді дамыту тақырыбын түртіп айтты. Бұл қызмет көрсету саласы
жоғарыда айтылып кеткен жоспардың мақсаттарына жеткізетін басым бағыт
болады. Сондықтанда, біз келешек туризм саласындағы маман болғандықтан,
бұл құжатқа ерекше мән беруіміз керек.
Туризм қаласының экономикалық қызметiнiң жаңа саласына қызмет көрсетуге
арналған рекреациялық инфрақұрылымды дамытудың кешендi қалалық
бағдарламасының Алматының тарихи-мәдени мұралары және бiрегей табиғи
көрiнiстерi әлеуетiн пайдаланушы және тарихи мұра мен табиғат әлеуетiн
сақтаудың, жаңғыртудың және қалпына келтiрудiң қаржы проблемаларын
түбегейлi шешуге қабiлетті қала экономикасының жаңа тиiмдi секторын құру
мақсаты бар
Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму
стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы
болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта
тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз
ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған
Қазқстан да еніп отыр
Көптеген дүниежүзіндегі елдерде туризм жүйе ретінде дамып келеді, сол
елдің және халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани
және діни құндылықтарымен танысуға барлық мүмкіншіліктер бар және қазынаға
пайда алып келеді. Бұл жүйе өте көп туристік қызмет көрсетулермен
байланысқан жеке және заңды тұлғаларды асырап жатқанын айтып өтпеуге
болмайды. Табыстың түбегейлі табысынан басқа, туризм елдiң мәртебесiнiң
күшейтуiнiң қуатты факторларының бiрi болып табылады.
Әр туристік кәсіпорын өзінің қару-жарақ қоймасында бірнеше экскурсия
түрлері болуы қажет: тақырыптық немесе шолулық, экскурсанттарды жергілікті
көрікті орындармен, салт-дәстүрлерімен таныстыру керек.
Экскурсиятану пәні бойынша курстық жұмыс Алматы қаласындағы Атакент
іскерлік орталығы бойынша менiң жеке маршрутымның өңдеуiн ескередi. Бұл
экскурсияны құрастыру үшін мен ұлттық кітапхана материалдарын, Ғаламтордың
әр түрлі сайттарынан, журналдар және газеттердiң периодты шығаруларын
қолдандым.
Бұл экскурсияның мақсаты – экскурсанттарды Атакент іскерлік орталығы
жайлы толық мағлұмат алуын қадағалау және студенттердің мәдени ой өрiсiн
кеңейту, себебі менің экскурсиям мұндай дәрiсханаға тап есептелiнген.
Міндеттері болып экскурсанттарды Алматы қаласының негізгі, қала
азаматтарына танымал, әрі қала қонақтары көптеп баратын Атакент іскерлік
орталығымен таныстыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: экскурсиялық саяхаттарды және туризмнің
барлық экскурсиялық түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу, туризмнің экскурсиялық
түрлерінің әдіс-тәсілдерімен толық таныстыру, туризмдегі экскурсия және
оның әдіс-тәсілдері ұғымдарын кең түрде қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Туризмдегі экскурсия түрлерін қарастыру;
- Транспорт және жаяу экскурсиялары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін
қарастыру және оларды ұйымдастыру;
- Экскурсия түрлерін өткізуге болатын Алматы қаласындағы Атакент
іскерлік орталығы объектілерін бөліп қарастыру;
- Алматы қаласындағы Атакент іскерлік орталығының пайда болу тарихын
экскурсанттарға таныстыру;
- Алматы қаласындағы Атакент іскерлік орталығы әлемдік деңгей бойынша
жетістіктерін көрсету;
- Әлемге танымал Алматы қаласындағы Атакент іскерлік орталығы
шығармашылығымен, яғни Атакент іскерлік орталығында өткізілген
халықаралық көрмелермен таныстыру;
- Экскурсанттарды еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласындағы
Атакент іскерлік орталығы жайлы патриоттық сезімді тәрбиелеу және
т.б.

1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері

1. Экскурсия қызметінің тарихы

Экскурсия (excursio) латын тілінен аударғанда серуендеу деген
мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі
(жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан
аспайтын уақытқа барып көруі.
Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары
арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде Орталық экскурсиялық
комиссия құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет
үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918
жылы Мәскеуде Орталық оқушылар экскурсиялық бюро құрылды. Экскурсиялар
туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың
сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж Советский турист АҚ
құрылды, 1930 ж Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін
қоғамы (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда Норкампросаның
эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және
экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды [2].
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды
белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен
ғасырдың 70-80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан
экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген.
Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи,
архитектуралық, әдеби және т.б. [3].
Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі.
Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы
айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды
атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану,
мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың
белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған.
Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу,
айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен
қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте
аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға,
шет ел курорттарына саяхат жасаған.
Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы
прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып,
қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен.
Көрсету тәсілдері 7 түрге бөлінеді:

- Экскурсиондық объектті алдын ала көрсету. Бұл тәсіл
экскурсанттар оъектінің қасында тұрғанда қолданылады. Алдын ала
тәсілі қарастырып жатқан объектің тарихын сонымен байланысты тарихи
оқиғаларды қарастырады. Алдын ала көсету тәсілі экскурсиондық объектке
баға береді. Егер де экскурсиондық объект табиғи ескерткіш болса, қоршаған
ортаға баға беріледі. Экскурсанттар бұл тәсілде өздері экскурсоводтың
көмегінсіз объектіні қарастыра алады. Алдын ала көрсету тәсілінде
объектіні көрсету, ақпарат берілумен бірге жүргізіледі.
- Панарама тәсілі. Бұл тәсілде экскурсанттар объекттерді биіктіктен
көруге мүмкіндігі бар. Панарама тәсілін қолданған кезде экскурсанттар бір
ғана объектті емес, бірнеше объектілерді қарастырады. Экскурсовод панарама
тәсілінің көмегімен көптеген объектің ішінде жүргізіп жатқан экскурсияға
байланысты объекті таңдап алып, экскурсанттарға көрсетеді.
- Реконстукция тәсілі. Экскурсиялық объектілер экскурсовод алғашқы
түрін сөзбен айтып жеткізеді.
Бұл тәсіл ескерткіштерді, ғимараттарды және мекемелерді көрсетке кезде
қолданылады. Экскусовод объектіні көрсету алдында өзі сол объект туралы
толық мәліметтерді жинап алу керек. Ғимараттарды көрсеткен кезде
объектілердің сақталған бөліктерін көрсетіп, жетіспеген бөлігін сөзбен
айтып жеткізеді. Егер объект толығымен жойылғанда экскурсовод порфелінің
көмегімен объектіні көрсетеді. Егерде ескерткіштер, ғимараттар және
туристік объектілер толығымен жойылса экскурсовод объектілердің ежелгі
көрінісін экскурсантарға айтып жеткізеді.
- Монтаж тәсілі. Бұл тәсіл реканструкция тәсіліне ұқсап келеді.
Монтаж тәсілінің көмегімен экскурсовод бір объектіні көрсеткенде сол объект
туралы толық мәліметтерді береді.
- Локализация тәсілі. Бұл тәсілдің көмегімен туристердің назарын
бір объектіге немесе сол объектінің бір бөлігіне көңіл аударады.
- Обстрагирование тәсілі. Обстрагирование тәсілдерін қолданып
экскурсовод объектінің бөліктерін экскурсанттардың ойында мысалы ретінде
келтіреді. Бұл тәсілдің көмегімен экскурсовод объектінің керек емес
бөліктерін көрсетпей тек қана экскурсияның тақырыбын ашуға көмектесетін
бөліктерін көрсетеді.
- Салыстыру тәсілі. Салыстыру тәсілінде экскурсовод бір объектіні
басқа бір объектімен салыстырып, экскурсанттарға ерекшелігін айтып
береді.
Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады. Экскурсияның негізгі
мақсаты туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени
және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық ұйымның
негізгі мақсаты табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды ақпаратты және
табысты болуы керек.

2. Экскурсия және оның мәні мен мазмұны

Экскурсияның белгілері мен функциялары. Экскурсияның 8 белгісі бар:
1. Экскурсияның ұзақтығы – экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін
созылады. 1 сағат академиялық сағат бойынша есептеледі. Уақыт бойынша
ең аз созылатын музей және көрме экскурсиялары. Ең ұзақ созылатын –
қала сыртындағы экскурсиялар.
2. Экскурсанттардың болуы – негізінде экскурсанттар 1 адамнан 50адамға
дейін болады. Кей кездері 70 адамға жетеді.
3. Жоғары маманды экскурсоводтың болуы. Экскурсоводтар 4 категорияға
бөлінеді:
- 1-категориялы экскурсоводтар 1 тақырыпты біліп, 2-3 экскурсия
жүргізуі керек;
- 2-категориялы экскурсоводтар 2-3 тақырып біліп, 7-8 экскурсия
жүргізу керек;
- 3-категориялы экскурсоводтар 4-5 тақырып біліп, 15-20 экскурсия
жүргізу керек;
- 4-категориялы экскурсоводтар 10 тақырыптан жоғары және жеке
экскурсияларды жеке ұйымдастыру.
4. Экскурсия кезінде объектілерді көрсету.
5. Экскурсанттардың алдын ала құрастырылған маршрутпен жүру.
6. Экскурсиялық объектілерді көрсетудің мақсаттылығы.
7. Экскурсиялық құжаттар:
- Экскурсиялық маршруттың схемасы;
- Экскурсияның мәліметтері;
- Экскурсоводтың портфелі.
8. Экскурсанттардың белсенділігі.
Экскурсияның функциялары:
- Танымдық;
- Ақпараттық;
- Демалыс уақытын ұйымдастыру;
- Тәрбие, сауықтыру және т.б.
Экскурсияның классификациясы. Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия
дайындаған процесінде үлкен мағынасы бар. Экскурсияларды жүйелеу көптеген
экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілерінің көп уақыт ішінде
зерттеген. Бірінші бұл мәселе туралы өткен ғасырдың 20-жылдары көрсетілген.
Экскурсия ісі дамыған сайын әр түрлі жүйелер ұсынылған. Бірақ 1970 жылдары
ғана келесі жүйеге тоқталды:
1. Мазмұны бойынша;
2. Қатысушылардың құрамына, санына қарай;
3. Өткізген орнына қарай;
4. Жылжу тәсіліне қарай;
5. Экскурсияның ұзақтылығына қарай;
6. Өткізу түріне қарай.
Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 шағын топқа бөлінеді:
1. Шолу экскурсиялар. Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай
экскурсиялар көпжоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және қазіргі
мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді –
тарихи-мәдени ескерткіштер, ғимараттар ме нқұрылыстарды, табиғи
объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы
құрастырылады.
Шолу экскурсияларда оқиғалар ірі жоспармен баяндалады. Ол қала,
мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Шолу экскурсияның
ерекшеліктері бар: кез келген қалада олар бір-бірімен құрылымы жағынан
ұқсас болады, қаланың тарихы, кәсіпорынның тарихы, сипаттамасы, ғылымы,
мәдениеті сияқты тақырыпшалардан тұрады.
2.Тақырыптық экскурсия. Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана
арналады. Тақырыптық экскурсия бірнеше топтарға бөлінеді:
1) Тарихи экскурсия – мазмұны бойынша бірнеше кіші топқа бөлінеді:
- тарихи-өлкетану;
- археологиялық;
- этнографиялық;
- тарихи-өмірбаяндық;
- тарихи мұражайларға бару;
- тарихи шайқастар болған жерге бару.
2) Өндірістік экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
- тарихи өндірістік;
- эксномикалық өндірістік;
- техникалық кәсіптік.
3) Өнерге байланысты экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
- тарихи-театралдық;
- тарихи-музыкалық;
- халықтың қол өнері;
- көрме залдарына экскурсия ұйымдастыру.
4) Әдебиет экскурсиялары келесі топтарға бөлінеді:
- әдеби-өмірбаяндық;
- тарихи-әдебиеттік;
- көркем-әдебиеттік.
2) Қатысушылар құрамына, санына қарай. Қатысушылардың құрамына
байланысты келесі бөлімдерге бөлінеді:
- Жеке;
- Жергілікті халық үшін;
- Шетелдік туристер үшін;
- Ересек адамдар үшін;
- Мектеп оқушыларына.
Әр топтың өз ерекшеліктерін ескере отырып, экскурсия мазмұнына
жүргізілу техникасы мен тәсілінің ұзақтылығына өзгерістер енгізіледі.
3) Өткізген орнына қарай экскурсиялар келесі түрлерге бөлінеді:
- Қалалық;
- Қала маңы;
- Өндірістік;
- Мұражайлық;
- Комплексті.
1) Жылжу тәсіліне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
- Жаяу;
- Әр түрлі транспортты қолдану арқылы жүргізу.
2) Экскурсияның ұзақтылығына қарай 1 академиялық сағаттан 1 тәулікке
дейін болады. Қысқа мерзімді турлар (3-4 тәулікке дейін) демалыс күнгі
маршруттар деп аталады және солардың барысында бірнеше экскурсиялар
жүргізілуі мүмкін.
3) Өткізу түріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
- Экскурсия-серуендеу;
- Экскурсия-лекция;
- Экскурсия-музыкалдық;
- Жарнама экскурсиясы.
Сонымен, дұрыс жүйеленген экскурсия экскурсоводтың клиенттермен жұмысын
жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заңдылықты пайдалана отырып
дайындалған экскурсия нақты топтың сұраныстарын іске асыруға мүмкіндік
береді.
Экскурсияны даярлау методикасы. Методика деген сөз грек тілінен пайда
болған метод деген сөз – бір нәрсеге жол деп аударылады. Методиканың
жалпы ұғымы – алдына қойған мақсатқа жетуі.
Экскурсия методикасының негізгі ережелері:
1. Экскурсантқа көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру;
2. Экскурсантқа объекті көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру;
3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар
қамтамасыз ету.
Бұл ережелерді іске асыру үшін экскурсоводтан тек қана экскурсия
мазмұнын ғана білу емес, оны өткізу және жүргізу методикасын білуін қажет
етеді.
Экскурсия методика жұмысы 2 бөліктен тұрады:
- Экскурсия дайындау методикасы;
- Экскурсия өткізу методикасы [4].
Экскурсия маршрутын жасау. Экскурсия маршрутын жасағанда экскурсиялық
топтың қозғалыс кезінде уақытты үнемді пайдалануды есте сақтау керек.
Бірқалыпты объектілерді көрсете беруде сақ боду керек. Экскурсияның уақытын
көрсетумен, әңгімелеумен және паузалармен толықтыру қажет. Көрсету мен
әңгімені пайдаланудың 4 варианты бар:
- Әңгіме мен көрсетудің бірге жүріп отыруы – экскурсанттар бейнеленіп
жатқан объектіні зерттейді;
- Тек қана әңгіме айтылады – қалаға сипаттама бергенде және тарихи
оқиғалар қарастырылғанда;
- Тек қана көрсету жүргізіледі – объектіні экскурсовод көмегімен
зерттеу;
- Көрсету де, әңгімелеу де жоқ – экскурсанттардың өзіндік жұмысы
(бақылау, алған әсер мен білімді меңгеру).
Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін
экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады.
Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы
тиіс.
Экскурсия жасаған кезде маршрутқа байланысты үзілістерді жоспарлайды.
Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау болады. Үзілістерді
дұрыс пайдалану керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау
дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді.
Лекция тыңдаушыларының зерттеуі бойынша 14-ші, 25-ші, 34-ші минуттарда
тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Сондықтан экскурсиялық методика осы
уақыттарда жаңа объектті енгізеді. Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді
пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету).
Жаңа экскурсияны дайындау. Жаңа экскурсияны дайындау шығармашылық топқа
жүктеледі. Оның құрамын экскурсияның қиындығына қарай 3-7 адам кіргізіледі.
Топ жетекшісі тағайындалады. Көп жағдайда ол сол мекемелер жұмыс істеп
жүрген экскурсоводтар кіреді. Кеңесші ретінде әр түрлі салалардың мамандары
шақырылады. Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:
- Алдан-ала жұмыс – келешек экскурсияға мәліметтер жинау және сол
мәліметтерді зерттеу, сонымен қатар экскурсияда көрсетілетін
объектілерді таңдау;
- Тікелей экскурсия дайындау – бұл дегеніміз экскурсиялық маршрутты
құру, нақты мәліметтерді өңдеу, бірнеше негізгі сұрақтардан тұратын
экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру, бақылау мәтінін
жасау, экскурсия методикасын жинақтау, әңгімелеудің, көрсетудің тиімді
методикалық тәсілдерін анықтау;
- Қоыртынды кезең – экскурсияның маршрутты қабылдау мекеменің басшысымен
жаңа экскурсияны бекіту және экскурсияның алдында шығармашылық топ
экскурсияны қорғайды.
Жаңа экскурсияны дайындаудың кезеңдерін бейнелеуге болады. Олардың
өзіндік реті бар. экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша
қарастырамыз.
Объектілерді таңдап алу. Объект болып бір оқиғамен байланысты
ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары
саналады. Экскурсия кезінде объекті көрсету басты орын алады. Дұрыс
таңдалған объектілер олардың саны, көрсетудің кезектілігі экскурсия
сапасына әсер етеді.
Объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
- Біздің халқының өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен,
мемлекеттің дамуымен байланысты орындар;
- Ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың
өмірі мен қызметіне байланысты орындар: архитектуралық ансамбльдер,
қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саласындағы ғимараттар және
т.б.;
- Табиғи объектілер: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен
қорықшалар және реликті өсімдіктер;
- Мемлекеттік және халық мұражайлардың сурет экспозициясы, тұрақты және
уақытша көрмелер;
- Археология ескерткіштері: ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі
орындар және т.б.;
- Өнер ескерткіштері: бейнелеу өнерінің туындылары, қолтаңбалы өнер,
мүсін және т.б.
Экскурсиялық объектілер келесі топтарға бөлінеді:
- Мазмұны бойынша: бір жоспарлы және көп жоспарлы;
- Функционалды белгісі бойынша: негізгі және қосымша;
- Сақталу дәрежесі бойынша: толық сақталған, біздің уақытымызға дейін
біраз өгерістермен жеткендер, жартылай сақталған және жоғалтылған.
Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді
пайдалану ұсынылады:
- Танымдылық құндылығы – бұл дегеніміз объектінің бір нақты оқиғамен
белгілі мәдени қайраткерлердің өмері мен шығармашылығына байланысты.
- Объекттің әйгілігі – оның халық арасында белгілігі.
- Объектінің әдеттігіден тыс болуы – объектінің қайтланбас ерекшелігі
бір аңызбен немесе оқиғамен байланыстылығы.
- Объекттің айқын көрінуі – сыртқы айқындығы қоршаған ортамен,
ғимаратпен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.
Маршрутты аралап шығу. Маршрутты тексеріп шығу экскурсия жасалу кезінде
негізгі этаптың бірі болып табылады. Маршрутты тексеріп шығуды
ұйымдастырған кезде келесі міндеттер қойылады:
- Маршруттың жоспарымен, маршрутта қарастырылған көшелермен, алаңдармен
танысу;
- Объекттің орналасқан жерін анықтау, экскурсиялық автобустың тоқтайтын
жерлерін анықтау;
- Әрбір объектті көрсеткен кезде жұмсалатын уақытты есептеу
(хронометраж);
- Белгіленген объектілердің дұрыс таңдалғанын анықтау;
- Объектті дұрыс, тиімді көрсететін нүктелерді табу және сол объектінің
қасында туристерді орналастыратын орындарды анықтау;
- Объектпен танысатын методикалық тәсілдерін анықтау;
- Маршрутта қауіпті жерлерді анықтап, туристердің қауіпсіздігіне шара
қолдану.
Бақылау мәтінін дайындау. Бақылау мәтіні шығармашылық топпен жасалады.
Бақылау мәтіні басқаша фирма мәтіні деп аталады. Бақылау мәтінінде
әдебиеттен үзінділер, статистикалық мәліметтер, сонымен бірге экскурсия
кріспесі, мазмұны және қорытындысы толық жазылады.
Бақылау мәтінінде маршрутпен байланысты емес мәліметтерде кіреді. Осы
мәліметтер экскурсия басқа варианттарын жасаған кезде көмектеседі.
Бақылау мәтіннің көлемі, мысалы 3 сағаттан экскурсия болса 40-50
басылым бет болу керек. ал жаяу экскурсияларда 25-30 бет болу керек.
Экскурсияның құрылымы
Экскурсия негізігі 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және
қорытынды. Бақылау мәтіннің материалдары кіріспе жазғанда, қорытынды және
тақырыпшалар арасында логикалық өткел кезінде негізгі мазмұн ретінде қызмет
етеді.
Кіріспе жеке мәтінде ұйымдастырушылық және ақпараттық бөлімдерге
бөлінеді. Оның мақсаты – экскурсовод пен топ арасында байланыс орнату,
экскурсанттың назарын тақырыпқа аудару.
Ұйымдастырушылық бөлімде экскурсовод төмендегі ақпараттармен хабардар
етеді:
- Өзінің аты-жөнін, қай турфирмада қызмет ететіндігін;
- Транспортты жүргізушінің аты-жөнін;
- Экскурсия тақырыбын, оның атауын;
- Маршрут, уақыт және экскурсияның аяқталу орнын;
- Экскурсиядағы тәртіп ережелерін;
- Қауіпсіздік ережелерін.
Ақпараттық бөлімде экскурсияның қысқаша мазмұны, экскурсияның мақсаты
мен міндеті, кейбір тақырыпшалар мен қызықты экскурсиялық объект туралы осы
бөлімде айтылады.
Кіріспе көрікті, эмоционалды, қызықты, 3-15 мин аралықты қамтитындай
болуы керек.
Негізгі бөлім – тек қана экскурсия, бөлек тақырыпшалардан тұратын (5-
тен 12-ге дейін), экскурсиялық объектілерді көрсету барысында осы
тақырыпшалар ашылады.
Негізгі бөлім нақты экскурсиялық объектілер негізінде, көрсету және
баяндаудың бірлігінен тұрады. Оның мазмұны бірнеше тақырыпшалардан тұрады,
олар объектілер мен тақырыппен байланысты болуы қажет. Ондай
тақырыпшалардың саны 5-тен 12-ге дейін болады. Сонымен қоса экскурсия
құрудағы маңызды мәселе болып объектілерді таңдау, яғни тақырыптың мазмұнын
ашатындарын ғана таңдап алу және де олар тақырыпшаларға байланысты болуы
керек.
Қорытынды негізгі бөлім сияқты экскурсиялық объектілермен байланысты
болмайды. Ол уақыт бойынша 5-7 минутты алуы керек және 2 бөлімнен тұру
керек.
Біріншісі – экскурсияның негізгі мазмұнының қорытындысы, тақырып
бойынша қорытынды, экскурсияның мақсатын жүзеге асыру.
Екіншісі – басқа экскурсиялар жөнінде экскурсанттарға мағлұмат беру,
яғни олар берілген тақырыпты кеңейте және тереңдете алуы керек. қорытынды
негізгі бөлім, кіріспе сияқты өте маңызды [5].
Экскурсия өткізудің техникасы
Кез келген экскурсияның тиiмдiлiгi көпшiлiгiнде оның өткiзу техникасына
тәуелдi болады, жүргiзу техникасы мен әдістеме арасында байланысқан.
Экскурсияның жүргiзу техникасына талаптардың қатары көрсетіледi. Олардың
ішіне экскурсоводтың топпен танысуы, топтың объекттің жанында дұрыс тұруы,
экскурсанттардың автобустан шығуы және қайтып автобусқа келуі,
экскурсоводтың микрофонды қолднуы, уақытты ұстану экскурсияға толығымен
және жеке тақырыпшаларды ашуға, экскурсанттардың сұрақтарына жауап және
т.б.
Экскурсоводтың топпен танысуы. Экскурсовод автобусқа кiрiп, топпен
танысады. Ол топпен амандасады, өз аты-жөнін айтады, ұсынатын экскурсиялық
мекемемен таныстырады, экскурсанттарды автобустың жүргiзушiсiмен
таныстырады, басқаша айтқанда экскурсияны кіріспеден бастайды.
Өзінің қарым-қатынастың орналастырылған ережелерiмен экскурсовод тобты
өз әсерлерiн бағындыру үшiн маңызды. Ол бiрден сөйлемейді. Үзiлiс пайда
болады он-жиырма секундқа созылатын. Бiрiншi танысу болады, экскурсоводтың
топпен ары қарай байланысуларына тәуелдi болады. Экскурсанттар бiртiндеп
үнi өшедi, ыңғайлырақ отырысады, олардың ықыласы экскурсоводта ауысады.
Экскурсанттардың автобустан шығуы. Экскурсанттардың шығуын алдын ала
әзiрлеу керек. Мынандай жағдайда, бұл iстелiнбесе, топтың едәуiр бөлiгi
автобуста қалады, орналастырылған орындағы ескерткiштердiң бақылауы үшiн
шықпайды. Экскурсанттар нақ сол объектпен дербес танысумен мүмкiндiгін
жоғалтады.
Тоқтаулар санын топтың шығуымен кiрiспе сөзде ерекшелiкпен аталу
қажет, объекттiң ерекшелiгiмен мұндай шығуларды түсiндiрiп ынта қоюға
ұсынылады.
Экскурсанттардың орын ауыстыруы автобустан объектке, объекттен
автобусқа, объекттердiң арасында топпен iске асады. Экскурсоводтың орны -
топтың ортасында, бiрнеше адамдар алда жүредi, бiрнеше қасында, қалғандары
- арт жақта. Топ созылмалы болмау үшiн маңызды: оның алдағы бөлiгiнiң және
аралығында қашықтық, кім соңғы келеді 5-7 м аспауы керек. Экскурсовод
маршрутта топтың орын ауыстыруында бүтiндiктi бұзбау үшiн дегенiне жетуi
керек. Топтың созылғандығынан экскурсоводтың әңгімесін, түсiндiруiн және
жолда баяндалатын логикалық өткелдерін қалып ққалғандар ести алмайды.
Тәжiрибелi экскурсоводтар маршрутта орын ауыстырулармен шебер басшылық
етедi.
Топтың қимыл-қозғалыс қарқыны топтың құрамына (балалар, жастар, орташа
жас шамасы, егде адамдар) тәуелдi болады, жер бетiніңң рельфі, мысалы,
тауға көтерілу, жұмыс iстейтiн цехтардағы қауiптi аймақтардың орларды жеңу
және т.б.
Экскурсанттардың жаяу экскурсиясында қимыл-қозғалыс қарқынды ақырын,
асықпай, өйткенi көрсетудiң объекттерi бiр-бiрiмен қасында орналастырылған.
Экскурсанттардың автобусқа қайтуы. Топтың орын ауыстырулары уақытында
экскурсовод басшылық етедi. Топты автобусқа отырғызу кезінде автобустың
кіретін оң жағында тұрады және салонға кіретін экскурсанттарды санайды. Бұл
елеусiз iстелiнедi. Экскурсияның барлық қатысушылары жиналғанына көзi
жеткенде, ол автобусқа соңғы кiредi және қозғалыстың басталуы туралы
жүргiзушiге шартты белгiнi береді.
Экскурсанттардың қайта санауына бой жасыру керек. Бұл керексiз
қызбалықты кiргiзедi, күлкiлi ахуалдар экскурсияның жүрiсiн кейде бұзуға
шақырады.
Экскурсоводтың орны. Автобустағы экскурсоводтың мұндай орын болуы
керек, оған сол объекттер жақсы көрiнетiндей орналасуы керек экскурсияда
туралы сөз болған, бiрақ оның көзiнiң өрiстерiне барлық экскурсанттар да
болу қажет. Сол уақытта экскурсанттар оныда көру керек. Әдеттегiдей, бұл
жүргiзушiнiң жанында әдейi апарылған алдыңғы орын. Экскурсоводқа автобусты
қозғалыста тұру қауiпсiздiк мақсаттарында рұқсат етiлмейдi.
Экскурсоводтың жаяу экскурсиясында объектке қырындап орналасуы керек.
Көрермен қабылданатын объекттерiнiң көрсетуiн өткiзу экскурсоводтың
көздерiнiң алдында болуы талап етедi, ол олардың өз көрермен анық
әсерлерiнiң негiзiнде талданады.
Экскурсиядағы уақытты сақтау. Әдiстемелiк құралда дәл уақыт
көрсетiледi, әрбiр тақырыпшаны ашуға апарылған минуттар жазылады. Бұл жерде
барлығы ескерiлген: объекттердiң көрсетлуi, экскурсоводтың әңгiмесi,
келесiге маршрут бойынша орын ауыстыру және бақылалатын объекттердiң
жанында топтың қозғалысы. Экскурсоводқа берілген уақытта аяқтай бiлу бiрден
келмейді. Ол үшiн үлкен тәжiрибе керек болады, соның iшiнде қолдағы бар
сағатты экскурсияның өткiзуi: үйде, нақты объектте. Уақытты сақтау
логикалық өткелдiң өткiзуi, бөлек алған тақырыптың жарығында қол жеткiзуi
керек.
Автобусты қозғалыста әңгiменi өткiзуi техникасы. Автобустағы қозғалыс
әңгiме уақытында экскурсоводпен микрофон арқылы хабар алу мiндеттi. Егер
жабдық дұрыс жұмыс iстемесе немесе микрофон тiптi болмаса, қозғалыс
уақытында экскурсоводтың әңгімені өткізу пайдасыз. Қозғаушының шуы және
автобусты шайқалу естілуге шек қояды, түсiндiру тек қана алда отыратын
экскурсанттарға естулі болады. Экскурсовод осы жағдайда материалдарды
қозғалыстың басталуына дейiн бередi маршруттың ең жақын бөлiмшесi туралы,
объекттердiң тек қана атауы немесе жердi қозғалыс барысында хабарлайды.
Маңызды объекттер және тоқтатуға керег пункт болған жағдайда автобус
қозғаушы өшіріліп, тек қана содан кейiн түсіндіру керек. Бұл жүргiзушiмен
алдын ала келiсуi керек.
Экскурсиядағы үзiлiстер. Экскурсовод үздiксiз айтуы керек емес. Жеке
әңгiме, әңгiмемен және экскурсиялық мәлiметтердiң арасындағы жолда, объект
және болу тиiстi олардан сабақтас оқиғалар туралы логикалық өткелмен және
әңгiмемен аздап ептеген үзiлiстер болу тиiс.
Үзiлiстер келесi міндеттерді қудалайды:
- бiрiншi-мағыналы, үзiлiстердiң уақыты олар экскурсоводтардан естiген
және өз көздерiмен көретiн ойлану үшiн адамдармен қолданылады. Өз
жадағайлаларының құрастыруында нақты материалдың бекiтулерi үшiн жад, есте
сақтауының көрiлген. Экскурсанттар қабылдауға дербес тексеру, әзiрлеу үшiн
еркiн уақытты көрсету және әңгiмеден әрбiр объектте көрсетiлетiн және
келесi аялдамада әңгiмеленетiн алу үшiн маңызды;
- екiншi - экскурсанттарға қысқа мерзiмдi демалыс беру. Ол қандай
болмасын мағыналы жүктеме алып жүрмейдi. Бұл әсiресе мәдени-ағарту жұмыстың
белсендi формасына әлi дағдылануға жеткiлiксiз маңызды, экскурсия болатыны
үшiн.
"Экскурсоводтың портфелiн" қолдану техникасы. "Экскурсоводтың портфелi"
мазмұны, оның мәнi және әдiстемелiк әзiрлеу рөлі көрсетудiң қабылдауларын
қолданудағы және экскурсияның өткiзуiн әдiстемеге қатысты болады. Әрбiр
экспонат - сурет, портрет, сызбаның фотосуреті, суретрепродукциясы,
документ көшiрмесi - өз реттiк нөмiрiн алады. Бұл экскурсанттарға осы
экспонатты демонстрация тiзбегiн анықтайды.
Экспонат экскурсоводпен оның жұмыс орнында көрсетiлу мүмкін,
экскурсанттардың қатарлар бойынша толық танысу үшiн қолдарына тапсырылады.
Кейде әдiстемелiк құралмен сәйкес экскурсовод магнитофон және
бейнежазбалардың көрсетумен ұйымдастырады. Аппаратураның дұрыстығын алдын
ала тексерiлуі, керекті жазулардың бар болуды, экскурсияның барлық
қатысушылары үшiн естiнгiштiк қамтамасыз ете алуы маңызды. Экскурсовод бұл
аппаратурамен пайдалануға икемi болуы керек [6].

3. Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі

Қазіргі кезеңде экскурсиялық қызметтер саудасының қарқынды дамыған
халықаралық формасына айналуда.Соңғы 20 жылда әлемде туристік қызметтің
жылдық өсімі 5,1%, ал одан түсетін валюталық түсім көлемі 14% құраған. БҰҰ
анықтамасына сай 2010-2025 ж.ж әлемдік туристік нарықтың маңызды
сегменттеріне круиздер, тақырыптық парктер, мәдени туризм, спорт, саяжай
демалыстары жатады.Осы кезде туристер саны 1561,1млн болуы қажет. Бұл
мәселелер Қазақстан үшін өте маңызды болып саналады. Себебі Қазақстанда
және оның аймақтарында туристік-экскурсиялық дамытуға табиғаттың тартымды
жерлері жеткілікті. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан
аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және
туризм нысандары болып табылған.
Қазақстандағы алғашқы туристік-экскурсиялық ұйымдар 20-ғасырдың 20-30
жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристік-экскурсиялық
жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17
мектеп мұғалімдері қатысты. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында
Пролетарлық туризм жэне экскурсия Қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей
бастады. Оның алғаш төрағасы В.Г. Горбунов сайланды. Күйгенсай шатқалында
туристер үшін 1936 ж. республикадағы ең алғашқы 50 кісілік Горельник
турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында алғаш
қазақстандық туристер слеті өтті. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан
туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993 ж. Қазақстан Дүниежүзілік
туризм ұйымына мүше болды және осы жылы туризм индустриясын дамытуға
арналған ұлттық бағдарлама қабылданды. 1997 ж. Қазақстан Республикасының
Ұлы Жібек жолының тарихи орталығына қайта өрлеу, түрік тілдес
мемлекеттерінің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы, жалпы
туризм дамуының стратегиясы жасалды.
2001 ж. 13 маусымда Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет
туралы заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың
бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселелер
тұжырымдалды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орыны туристік
нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, сонымен қатар экономикалық
басты тармақтарының бірі ретінді дамытуды қажет етеді.
Елімізде қазақстандық және шет елдік азаматтардың әр түрлі туристік-
экскурсиялық қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге
қабілетті туристік кешенді іске асыруға жағдай жасалып жатыр, ұлттық
туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленді және
қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалды-техникалық
базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды.Бұл ретте элемдік
деңгейдегі "Жаңа Іле" туристік оралығын күру жөніндегі серпінді жобаны іске
асыру маңызды мэнге иеболып отыр.
Қазақстанда экскурсияның барлық түрлері этно, экология,
денсаулық,сауықтыру балалар,спорттық,аң аулау,балық аулау,атпен серуендеу
бойынша жүргізіледі.Бұл үшін Қазақстан аумағында 900-ден астам саяхаттық
маршруттар белгіленген.Қазақстандағы туристік ресурстарға-туристік қызмет
көрсету нысандарын қамтитын табиғи климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени,
сауықтыру нысандары, туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын,
олардың күш-жігерін күшейтуге, сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады.

2 Атакент бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары

2.1 Атакент экскурсиясының кіріспесі

Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер! Сіздердің алдарыңызда
туристік фирма Voyage және оның қызметкерлері, ал мен сіздердің
экскурсоводтарыңыз боламын.
Алдымен сіздерге Атакент іскерлік орталығы туралы баяндап кетсем.
Атакент — Қазақстандағы іскерлік ынтымақтастық орталығы, акционерлік
қоғам. 1992 ж. ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен құрылған. Негізгі
мақсаты — экон. және өндірістік-коммерц. байланыстардың, іскерлік
ынтымақтастықтың, кәсіпкерліктің, отандық экономиканың әлемдік экон.
жүйемен интеграц. байланысының дамуына ықпал жасау. Құрылтайшылары —
республиканың ірі компаниялары, банктері және жеке кәсіпкерлер. Құрамында
алты еншілес фирма мен компания бар. Олар Атакент-Экспо, Көрме сервис,
халықаралық Атакент-Сауда сауда үйі, Атакент-Сақтық, Атакент-Отель,
Атадан Қазақстан-Германия бірлескен кәсіпорны.
Атакент-Экспо халықаралық ұлттық арнайы көрмелер ұйымдастырады.
Жәрмеңке, бизнес-байланыстар ұйымдастырып, конференциялар өткізеді, көрме
стендтері құрылысы мен безендіру жұмыстарын жүргізеді. Көрме-Сервис
коммуникац. қызметпен толық қамтамасыз етеді. Халықараралық Атакент-Сауда
сауда үйі халықараралық сауда жұмысын, тауарларды сату алдындағы дайындық
және маркетинг, консигнация (тауарды сату үшін несиеге беру) жұмыстарын
орындайды. Атакент-Сақтық коммерциялық қаржыны сақтандырады. Атакент-
Отель шетелдік фирмалар мен компаниялар өкілдерін қабылдау, орналастыру
және сервистік қызмет көрсету ісімен шұғылданады. Ал, Атадан Қазақстан-
германия бірлескен кәсіпорны шетелдік, отандық фирмалар ұйымдастырған
жәрмеңкелер мен көрмелердің барлық түріне қызмет көрсетеді. Атакент
акционерлік қоғамының иелігінде 650 мың м2 жер бар, оның 15 мың м2-інде
үйлер, ғимараттар және түрлі құрылыс объектілері орналасқан. Олардың көбісі
көрме жұмысына лайықталып салынған ғимараттар, көрме алаңдары т.б.
құрылыстар [7].
Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық көрме индустриясында лайықты орынға
ие.
Қазақстандық Атакент іскерлік орталығымен іске асырып отырған көрме
қызметі ғылым мен өндіріс саласында келешектегі инновациялық жасалымдарды
анықтау мәселелерін шешуде елеулі рөл атқаруда, отандық өнім өндірушілерге
қолдау көрсетуде және Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық
өзгерістерді насихаттаудың пәрменді құралына айналып келеді.
Қазақстандық Атакент іскерлік орталығы мемлекеттің қатысуымен
акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылдың 26
тамызындағы №688 қаулысына сәйкес Республиканың халық шарушылығы
жетістіктерінің Көрмесінің мүліктік кешенінің базасы негізінде құрылды.
Акционерлер өз тұжырымдамасын жасау барысында Қазақстандық тауар
өндірушілердің іскерлік белсенділігін арттыруды негізгі міндеті деп біліп,
өмірге келіп жатқан кәсіпкерлік құрылылымдар мен өркениетті нарықтық
қатынастардың дамуына, сонымен қатар инновациялық жобаларға қатысу
барысында меншік иесіне тәуелсіз түрде тауар өндірушілер мен коммерциялық
құрылымдарды ұйымдастыруға қолдау көрсетті.
Көрменің құрылуы мен дамуына зор үлесін Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
қосқан еді. Ол үнемі бас көрменің дамуына зор қызығушылық танытып,
павильондар құрылысын қадағалап отырды, жаңа техника үлгілерін көрсетуге
арналған өндірістік көрменің белгілі бір құрылымдарын жасауды талап етіп
отырды.
Көрме қызметінің негізгі бағыттарын анықтау үшін және көрме кешенінің
материалдық-техникалық базасын жасау үшін Қазақстанның көптеген
министрліктері мен кәсіпорындары өз үлестерін қосты.
Салалық павильондар, көрсету алаңдары мен табиғи көрсету бөлімдері
көптеген халықаралық конференциялар, байқаулар өткізетін орынға айналды.
Көрме Қазақстанға келген ірі мемлекет басшыларының ресми делегациясы
келіп көретін міндетті орын болатын, жыл сайын көрмеге әлемнің түрлі
елдерінен бұрынғы Одақ елдері мен Қазақстанның әр облыстарынан мыңдаған
туристер келіп қатысатын.
Қайта құру кезеңдері (90-шы жылдар) көрме орталығы қызметінің
тұжырымдамасын қайта қарап, бұрынғы көрмені қазіргі Іскерлік Орталығына
айналдыру жұмысы қолға алынды. Көптеген ұсыныстардан соң акционерлік қоғам
құру жолы таңдалды. Бұл идея Үкімет тарапынан қолдау тауып, Ел Президенті
Н.Ә. Назарбаев мақұлдады.
Акционерлік қоғамға жетекшілік жасауға Үкімет Жарлығымен жоғары білікті
маман, іскер басшы тәжірибесіне ие адам тағайындалды. Акционерлердің
құрылтай жиналысында Атакент акционерлік қоғамының бірінші президенті
болып Қалық Абдұллаұлы Абдұллаев сайланды.
Қалық Абдұллаев КПСО ОК Қоғамдық ғылымдар Академиясын, Мәскеуден халық
шаруашылығын басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Aidana tour турфирмасы қызметтері
Алматы қаласының туристік фирмаларының экскурсиялық қызметін зерттей отырып, оны дамыту жолдарын ұсыну
Экскурсиондық объектілерді таңдау
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Туризм Қазақстандағы басты сала
Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
TOP MEDIA туристік фирмасының маркетингі
Туристік фирманың қысқа мінездемесі
Пәндер