«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Т. РЫСҚҰЛОВ ат. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті
«Туризм» кафедрасы
«Экскурсиятану» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Орындаған:
3 курс студенті, 341 топ Батырхан Г. Б.
Студенттің қолы
Тексерген:
Сайдуллаев С. З.
Ғылыми жетекшінің қолы
Алматы, 2013
Мазмұны
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың экскурсиялық - белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.
Дұрыс ұйымдастырылған және мәнді өткізілген экскурсия адамның денсаулығын нығайтады, адамның мынадай мысалы: патриоттық, ынта-ықыластылық, батылдылық, қайсарлылық қасиеттерін тудырады, жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Экскурсия кезінде адамның ұжыммен жұмыс істей білу сезімі нығаяды, экскурсанттың ой-өрісі кеңейеді, табиғатты қорғауға үйренеді.
Бұл экскурсияның мақсаты - жастардың отан сүю сезімін ояту, жергілікті жермен таныстыру. Уақытты қызықты және пайдалы өткізуге ықпал ету.
Қазіргі адамдарға демалысты қоғамдық пайдалы жұмыспен, қоршаған ортаны белсенді танып - білумен қиыстыру тән болып келеді. Сондықтан да туристер өздерінің бағыттарына пайдалы қазбаларды іздестіруді, өздері барған ауданның табиғи ресурстарын зерттеуді, географиялық бақылауды енгізеді. Олар халықтар арасында үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізеді, апатты жағдайлармен күреске қатысады [1] .
«Қазақстан 2030» стратегиялық жоспарында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев елдегі туризмді дамыту тақырыбын түртіп айтты. Бұл қызмет көрсету саласы жоғарыда айтылып кеткен жоспардың мақсаттарына жеткізетін басым бағыт болады. Сондықтанда, біз келешек туризм саласындағы маман болғандықтан, бұл құжатқа ерекше мән беруіміз керек.
Көптеген дүниежүзіндегі елдерде туризм жүйе ретінде дамып келеді, сол елдің және халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани және діни құндылықтарымен танысуға барлық мүмкіншіліктер бар және қазынаға пайда алып келеді. Бұл жүйе өте көп туристік қызмет көрсетулермен байланысқан жеке және заңды тұлғаларды «асырап» жатқанын айтып өтпеуге болмайды. Табыстың түбегейлі табысынан басқа, туризм елдiң мәртебесiнiң күшейтуiнiң қуатты факторларының бiрi болып табылады.
Әр туристік кәсіпорын өзінің қару - жарақ қоймасында бірнеше экскурсия түрлері болуы қажет: тақырыптық немесе шолулық, экскурсанттарды жергілікті көрікті орындармен, салт - дәстүрлерімен таныстыру керек.
Туризм индустриясы қазіргі таңдағы қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Бұл индустрияның үлесіне әлемдік тауарлар мен қызметтер экспортының 8%-ы сәйкес келеді. Қазіргі туризм бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Туризмді дамыту экономикадағы жалпы басқа салалардың да дамуына алып келеді. Соған орай елімізде шағын кәсіпкерлік пен жеке туристік фирмаларды ашуға мүмкіндіктер берілген.
Әрбір туристік фирманың қызмет арсеналында жергілікті жерді жақсы таныстыру үшін тематикалық немесе жай көрнекі экскурсиялар түрі болуы қажет. Турфирманың негізгі міндеттеріне жергілікті жердің әсем, көрнекі жерлерімен таныстыру кіреді. Кез келген туристің келген жерден алатын әсері туристік фирманың сол жерге экскурсияны ұйымастыру деңгейіне байланысты болады.
Біздің «Экскурсиятану» пәнінен жазған курстық жұмысымыз Әуезов атындағы орындарды таныстыруға арналады. Экскурсия ұлы жазушы Мұхтардың шығармашылық өмір жолымен байланысты. Экскурсия барысында экскурсанттар жазушының есімімен байланысты барлық жерлермен танысады. Бұл экскурсияны құру үшін мен ғаламтор желісіндегі түрлі сайттар, жаңа басылымдар, газет - журналдар мен ұлттық кітапханалардағы мәліметтер көзін қолдандым.
Курстық жұмыстың мақсаты: Экскурсиялық саяхаттарды және туризмнің барлық экскурсиялық түрлерін дұрыс ұйымдастыра білу, туризмнің экскурсиялық түрлерінің әдіс - тәсілдерімен толық таныстыру, туризмдегі экскурсия және оның әдіс - тәсілдері ұғымдарын кең түрде қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Туризмдегі экскурсия түрлерін қарастыру;
- Транспорт және жаяу экскурсиялары бойынша бағыттарды жүріп өту әдістерін қарастыру және оларды ұйымдастыру;
- Экскурсия түрлерін өткізуге болатын Әуезов көшесінің негізгі архитектуралық объектілерін бөліп қарастыру;
- Әуезов көшесінің пайда болу тарихын экскурсанттарға таныстыру;
1 Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
- Экскурсия қызметінің тарихи
«Экскурсия» (excursio) - латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі.
Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХ ғ. ғ. енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени - танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20 - жылдардың сонымен 30 - жылдардың басында өрлей бастады. 1928 жылы «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 жылы «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық - туристік орталықтары ашылды. 1936 жылдан бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды [2] .
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени - ағарту жұмысының маңызды белгісі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқанымен ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70 - 80 жылдары. Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т. б. .
Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған. Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу, айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған.
Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ. алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен.
«Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIXғ. енгізген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық», кейіннен «серуенге шығу», «жорық» деп белгіленген [3] .
Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия дайындаған процесінде үлкен мағынасы бар. Экскурсияларды жүйелеу көптеген экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілерінің көп уақыт ішінде зерттеген. Бірінші бұл мәселе туралы өткен ғасырдың 20-жылдары көрсетілген. Экскурсия ісі дамыған сайын әр түрлі жүйелер ұсынылған. Бірақ 1970 жылдары ғана келесі жүйеге тоқталды:
1. Мазмұны бойынша;
2. Қатысушылардың құрамына, санына қарай;
3. Өткізген орнына қарай;
4. Жылжу тәсіліне қарай;
5. Экскурсияның ұзақтылығына қарай;
6. Өткізу түріне қарай.
1) Мазмұны бойынша экскурсиялар 2 шағын топқа бөлінеді:
1. Шолу экскурсиялар. Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды. Бұндай экскурсиялар көпжоспарлы деп аталады. Оларда тарихи және қазіргі мәліметтер қолданылады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объектілерді - тарихи-мәдени ескерткіштер, ғимараттар ме нқұрылыстарды, табиғи объектілерді, кәсіп және ауыл шаруашылық орындарын көрсету арқылы құрастырылады. Шолу экскурсияларда оқиғалар ірі жоспармен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Шолу экскурсияның ерекшеліктері бар: кез келген қалада олар бір-бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады, қаланың тарихы, кәсіпорынның тарихы, сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардан тұрады.
2. Тақырыптық экскурсия. Тақырыптық экскурсия бір тақырыпқа ғана арналады. Тақырыптық экскурсия бірнеше топтарға бөлінеді:
1) Тарихи экскурсия - мазмұны бойынша бірнеше кіші топқа бөлінеді:
а) тарихи-өлкетану;
ә) археологиялық;
б) этнографиялық;
в) тарихи-өмірбаяндық;
г) тарихи мұражайларға бару;
ғ) тарихи шайқастар болған жерге бару.
2) Өндірістік экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
а) тарихи өндірістік;
ә) экoномикалық өндірістік;
б) техникалық кәсіптік.
3) Өнерге байланысты экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді:
а) тарихи-театралдық;
ә) тарихи-музыкалық;
б) халықтың қол өнері;
в) көрме залдарына экскурсия ұйымдастыру.
4) Әдебиет экскурсиялары келесі топтарға бөлінеді:
а) әдеби-өмірбаяндық;
ә) тарихи-әдебиеттік;
б) көркем-әдебиеттік.
2) Қатысушылар құрамына, санына қарай. Қатысушылардың құрамына байланысты келесі бөлімдерге бөлінеді:
1. Жеке;
2. Жергілікті халық үшін;
3. Шетелдік туристер үшін;
4. Ересек адамдар үшін;
5. Мектеп оқушыларына.
Әр топтың өз ерекшеліктерін ескере отырып, экскурсия мазмұнына жүргізілу техникасы мен тәсілінің ұзақтылығына өзгерістер енгізіледі. 3) Өткізген орнына қарай экскурсияларкелесі түрлерге бөлінеді: 1. Қалалық;
2. Қала маңы;
3. Өндірістік;
4. Мұражайлық;
5. Комплексті.
4) Жылжу тәсіліне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жаяу;
2. Әр түрлі транспортты қолдану арқылы жүргізу.
5) Экскурсияның ұзақтылығына қарай 1 академиялық сағаттан 1 тәулікке дейін болады. Қысқа мерзімді турлар (3-4 тәулікке дейін) демалыс күнгі маршруттар деп аталады және солардың барысында бірнеше экскурсиялар жүргізілуі мүмкін.
6) Өткізу түріне қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1. Экскурсия-серуендеу;
2. Экскурсия-лекция;
3. Экскурсия-музыкалдық;
4. Жарнама экскурсиясы.
Сонымен, дұрыс жүйеленген экскурсия экскурсоводтың клиенттермен жұмысын жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заңдылықты пайдалана отырып дайындалған экскурсия нақты топтың сұраныстарын іске асыруға мүмкіндік береді[4] .
- Экскурсия және оның мәні мен мазмұны
Экскурсия дегеніміз латын тілінен аударғанда серуендеу деген мағынаны білдіреді. Экскурсияның белгілері:
Экскурсияның уақыт бойынша ұзақтығы. Экскурсия 1 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады. 1 сағат = 45 минуттан есептелінеді;
Экскурсанттардың болуы. Экскурсанттардың саны 1-ден 70-ке дейін болады. Экскурсовод - уақытша болатын елдегі ресурстармен таныстыру жөніндегі туристерге экскурсиялық ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты біліктілігі бар кәсіби даярланған жеке тұлға.
Экскурсант - бір жерге, елді мекенге немесе аймаққа, сол жердегі басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға.
Экскурсия маршруты тақырыпты толығымен ашатын және экскурсиондық топты алып журуге көмектесетін ең оңай жол. Маршрут берілген экскурсияда көрсетілуі керек объектілердің реттілігіне, аялдамалар санына, экскурсанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ыңғайластырып жасалады. Маршруттың басты міндеттерінің бірі - тақырыптың барынша толық ашылуына әсер ету.
Маршрут құрастырушы маршрутты құрастыру барысында ескеру керек негізгі талаптар - объектілерді көрсетуді логикалық реттілікпен ұйымдастыру және тақырыпты ашу үшін экскурсанттарға ыңғайлы көрініс негізін қамтамасыз ету. Экскурсиондық мекемелер тәжірибесінде маршрут құрудың үш тәсілі бар: хронологиялық, тақырыптық, тақырыптық - хронологиялық. Хронологиялық маршрутты құрастырудың мысалы ретінде ұлы тұлғалардың өміріне арналған экскурсияларды айтуға болады. Ал тақырыптық тәсілде экскурсия құрастыру қала өміріндегі белгілі бір тақырыпты ашуға бағытталады [5] .
Экскурсияда көрсету тәсілдері объекті бақылауды жеңілдетеді. Экскурсияның объектінің ерекшелігін көрсетеді және объектіні бірнеше бөліктерге бөлініп көрсете алады.
Көрсету тәсілдері 7 түрге бөлінеді:
- Экскурсиондық объектті алдын ала көрсету. Бұл тәсіл экскурсанттар оъектінің қасында тұрғанда қолданылады. Алдын ала тәсілі қарастырып жатқан объектің тарихын сонымен байланысты тарихи оқиғаларды қарастырады. Алдын ала көсету тәсілі экскурсиондық объектке баға береді. Егер де экскурсиондық объект табиғи ескерткіш болса, қоршаған ортаға баға беріледі. Экскурсанттар бұл тәсілде өздері экскурсоводтың көмегінсіз объектіні қарастыра алады. Алдын ала көрсету тәсілінде объектіні көрсету, ақпарат берілумен бірге жүргізіледі.
- Панарама тәсілі. Бұл тәсілде экскурсанттар объекттерді биіктіктен көруге мүмкіндігі бар. Панарама тәсілін қолданған кезде экскурсанттар бір ғана объектті емес, бірнеше объектілерді қарастырады. Экскурсовод панарама тәсілінің көмегімен көптеген объектің ішінде жүргізіп жатқан экскурсияға байланысты объекті таңдап алып, экскурсанттарға көрсетеді.
- Реконстукция тәсілі. Экскурсиялық объектілер экскурсовод алғашқы түрін сөзбен айтып жеткізеді.
Бұл тәсіл ескерткіштерді, ғимараттарды және мекемелерді көрсетке кезде қолданылады. Экскусовод объектіні көрсету алдында өзі сол объект туралы толық мәліметтерді жинап алу керек. Ғимараттарды көрсеткен кезде объектілердің сақталған бөліктерін көрсетіп, жетіспеген бөлігін сөзбен айтып жеткізеді. Егерде ескерткіштер, ғимараттар және туристік объектілер толығымен жойылса экскурсовод объектілердің ежелгі көрінісін экскурсантарға айтып жеткізеді.
- Монтаж тәсілі. Бұл тәсіл реконструкция тәсіліне ұқсап келеді. Монтаж тәсілінің көмегімен экскурсовод бір объектіні көрсеткенде сол объект туралы толық мәліметтерді береді.
- Локализация тәсілі. Бұл тәсілдің көмегімен туристердің назарын бір объектіге немесе сол объектінің бір бөлігіне көңіл аударады.
- Обстрагирование тәсілі. Обстрагирование тәсілдерін қолданып экскурсовод объектінің бөліктерін экскурсанттардың ойында мысалы ретінде келтіреді. Бұл тәсілдің көмегімен экскурсовод объектінің керек емес бөліктерін көрсетпей тек қана экскурсияның тақырыбын ашуға көмектесетін бөліктерін көрсетеді.
- Салыстыру тәсілі. Салыстыру тәсілінде экскурсовод бір объектіні басқа бір объектімен салыстырып, экскурсанттарға ерекшелігін айтып береді [6] .
Бизнес жоспар - экскурсиялық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес жоспарды экскурсияның жаңа тақырыптары экскурсияға берілген уақыты және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес жоспарды жазу үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелген соң фирманың меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың қызметшілеріне жаңа экскурсияның дайындалу уақыты, мақсаты және экскурсияға жауапты адамдар тағайындайды.
Жаңа экскурсияның мақсаты мен міндеттері анықталады. Экскурсияның негізгі мақсаты туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени және әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық ұйымның негізгі мақсаты табыс. Сондықтан әрбір экскурсия танымды ақпаратты және табысты болуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді атқару керек:
- экскурсанттарды туған аумақтың табиғатымен, тарихымен және архитектурасымен таныстыру керек;
- экскурсияның мақсатына жету және экскурсияның тақырыбын ашып жеткізу;
Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі кезде экскурсияның тақырыбын таңдап алу келесі талаптарлдан тұрады:
- потенциялдық сұраныс;
- нақты экскурсия;
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты экскурсияның тақырыбына байланысты болу керек.
Экскурсиондық объектілерді таңдау. Экскурсияның объектілер келесі түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени;
- құжаттық;
Экскурсиялық объектілердің классификациясы:
Мазмұны бойынша - экскусиондық объектілер бір жоспарлы және көп жоспарлы болып екі түрге бөлінеді.
Функциондық қызметі бойынша - экскурсиондық объектілер негізгі, қосымша болып екіге бөлінеді.
Сақталу дәрежесі бойынша - экскурсияның объектілері келесі түрлерге бөлінеді:
- толық сақталған;
- өзгерістерге ұшыраған;
- жоғалтылған объектілер.
Экскурсиялық объектілерді таңдап алу принциптері . Объект атақты, данқты, көрнекті болуы керек. Сонымен бірге танымды мәнерлі, орналасу орны бойынша, уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
Жол ақпарат дайындаудағы негізгі пунктер:
- жол ақпараттың мақсаты мен міндеттерін таңдалуы;
- тақырыпты анықтау;
- экскурсияға қажетті әдебиеттерді зерттеу;
- экскурсия барысында көрсетілетін объектілерді таңдау;
- экскурсовод портфелін толықтыру;
- экскурсияны жүргізу техникасы;
- көрсету және айтып беру әдістемелерін таңдау;
- экскурсоводтың индивидуалды текстін дайындау;
- экскурсиондық ақпаратты қорғау;
- жол ақпаратты бекіту.
Жол ақпаратты дайындауға қажетті құжаттар:
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі экскурсия бойынша қолданылатын барлық кітаптардың, газет - журналдардың тізімі болуы керек.
Объектінің құжаты қарастырылып жатқан зерттеу объектіге толық сипаттама беретін мәліметтер объектің құжатын жазған кезде келесідей мәселелер қарастырады:
- объектінің түрі;
- атауы;
- объектіге байланысты оқиғалар;
- қысқаша сипаттамалар;
- авторы;
- орналасу уақыты;
- экскурсияның бақылау тексті экскурсияның тақырыбы, сұрақтары толығымен ашылып жазылады.
- индивидуалды текст - бақылау текстінен алынады, яғни мұнда экскурсовод өзі үшін қысқаша мәліметтерді түртіп алады.
- маршруттың схемасы - онда экскурсияның басталуы және аяқталу орны туралы, объекттің орналасуы, аялдамалар көрсетіледі.
- экскурсияның портфелі ішінде: экскурсия тақырыбына байланысты суреттер, құжаттар, кестелер, схемалар, карталар, т. б.
- әдістемелік қабылдаулар көрсету және айтып беру әдістері;
- жол ақпаратқа қажетті мәліметтер (газет - журналдар, кестелер, мақалалар) .
- экскурсоводтың тізімі - қарастырып жатқан экскурсияны жүргізе алатын экскурсияның тізімі [7] .
Жаңа экскурсияны дайындау.
- Бизнес - жоспар. Бизнес - жоспар - экскурсиялық жұмыстың негізгі құжаты. Бизнес - жоспарда экскурсияның жаңа тақырыбы, экскурсияға берілген уақыт және әртүрлі нұсқаулар қарастырылады. Бизнес - жоспарды жазу үшін туристік нарықты зерттеу керек. Туристік нарық зерттелгеннен соң фирманың меңгерушісі бұйрық шығарады. Бұл бұйрықта туристік фирманың қызметкерлеріне жаңа экскурсияның орындалу уақыты, мақсаты және экскурсияға жауапты адамды тағайындайды. Жаңа экскурсияны жасайтын адам анықталған соң экскурсоводтар тақырыбы бойынша мәліметтер жинайды. Экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдайды және экскурсиның маршрутын қарастырады.
- Жаңа экскурсияның мақсаты және міндеттері анықталады. Экскурсияның негізгі мақсаты - туристерді археологиялық, архитектуралық, тарихи, мәдени, әдеби ақпараттармен таныстыру. Әрбір экскурсиондық ұйымның негізгі мақсаты - табыс. Сондықтан әрбір экскурсия ақпараттық, танымдық және табысты болу керек.
- Экскурсияның тақырыбы мен атын таңдап алу. Қазіргі кезде экскурсиның тақырыбын таңдап алуға бірнеше талап қойылады:
- потенциалдық сұраныс;
- нақты экскурсия.
Тақырып бірнеше тақырыпшаларға бөлінеді. Экскурсияның аты экскурсияның тақырыбына байланысты болуы керек.
4. Экскурсияға қажетті ақпаратты таңдап алу. Экскурсияға қажетті ақпаратар екі түрге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша.
Экскурсияға қажетті ақпараттарды кітапханалардан, музейлерден, газет-журналдардан, архивтен, интернеттен ашуға болады.
5. Экскурсиондық объектілерлі таңдау. Экскурсиондық объектілер келесі түрлерге бөлінеді:
- тарихи;
- табиғи;
- археологиялық;
- архитектуралық;
- мәдени және т. б [8] .
Экскурсиондық объектілер классификациясы:
1) мазмұны бойынша экскурсиондық объектілер бір жоспарлы және көпжоспарлы болып бөлінеді
2) функциялық қызметі бойынша экскурсиондық объектілер негізгі және қосымша болып 2 түрге бөлінеді.
3) сақталу дәрежесі бойынша экскурсиондық объектілер: 1) толық сақталған; 2) өзгерістерге ұшыраған; 3) жоғалтылған объектілер.
4) экскурсиондық объектілерді таңдап алу принциптері. Объект атақты, даңқты болу керек. Сонымен бірге танымды, мәнерлі орналасу орны бойынша, уақыты бойынша ыңғайлы болу керек.
5) маршрутты құрастыру. Экскурсиондық маршрутты құрастырудың үш түрі бар:
- хронологиялық;
- тақырыптық;
- хронологиялық-тақырыптық.
6) Маршрутты айналып өту. Экскурсияны құрастырған кезде хронометраж анықталады. Хронометраж дегеніміз - экскурсиондық объектіге бөлінген уақытты есептейді. Хронометраж бір объектіден екінші объектіге дейінгі болған уақытты есептеп шығарады. Маршрут объектілерінің орналасу принциптері: маршрут қайталанбауы керек; туристік объектінің қасында туристерге арналған орын болу керек; бір объектіден екінші объектіге дейінгі уақыт 10 минуттан аспауы керек; қалалық экскурсияның маршруты шеңберлі болу керек; маршруттың қосымша нұсқасы болады; қала шетіндегі экскурсияларда санитарлық аялдамалар болукерек; маршрут жол полициясымен келісілген болу керек.
7) Контрольді текстте экскурсия бойынша жиналған мәліметтер зерттеледі және әдеби тілмен жазылуы керек.
8) Экскурсоводтың портфелі. Портфель ішінде суреттер, көшелердің схемеалары, жануарлардың сызбалары және маңызды құжаттарлың көшірмелері болады.
9) Технологиялық карта. Оның бірінші парағында экскурсияны дайындаған адамның аты-жөні, экскурсияның аты және түрі, экскурсиның ұзақтығы, экскурсанттардың құрамы және жүргізуші туралы толық мәліметтер беріледі. Екінші парағында, экскурсияның міндеттері қарастырылады. Үшінші парағында, ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Экскурсовод экскурсиның алдында 15 минут бұрын келу керек [9] .
1. 3 Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz