Бразилияның туристтік индустриясы



Кіріспе 3

1 Бразилияға жалпы сипаттама 5
1.1 Бразилия тарихы 5
1.2 Бразилия мемлекетінің географиялық жағдайы және туристік
аймақтары 6
1.3 Бразилияның әлеуметтік.экономикалық жағдайы 10

2 Бразилиядағы туризм индустриясы 15
2.1 Туристерге Бразилия туралы пайдалы мәліметтер 15
2.2 Рио.де.Жанейро . туристтер қаласы 17
2.3 Карнавал . халықаралық туристік мереке 20
2.4 Қазіргі уақыттағы Бразилия туризмінің жағдайы 23


Қорытынды 25

Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Қазіргі уақытта туризм индустриясы қызмет көрсету саласында халықаралық деңгейде ең қарқынды дамып жатқан мемлекет түрлерінің бірі Бразилия болып табылады. Соңғы 20 жылда орташа жылдық дүниежүзінде шетелдік туристердің келу қарқыны 5,1% валюта түсімі 14% құрады. Егер 1950 жылы бүкіл әлемде туристер саны 25 млн, ал туристік индустриядағы айналым 2,1 млрд. АҚШ долларын құраса, онда Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мәліметтері бойынша 1995 жылы дүниежүзінде 576 млн. туристік келулер және халықаралық туризмнен түсім 372 млрд. долларға жетті.
Дүниежүзінде туризмнің маңызы әрқашан да қарқынды өсу үстінде. Көбінесе, бұл туризмнің жекелеген елдердің экономикасына әсерінің артуымен байланысты. Жекелеген елдердің экономикасында халықаралық туризм бірқатар маңызды функцияларды атқарады:
Халықаралық туризм – ел үшін валюталық түсімдердің бастауы және еңбекпен қамтамасыз етудің құралы. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандардың көбеюмен, халықтың пайда түсімдері де артып, ұлттың әл-ауқаттылық деңгейі өседі.
Халықаралық туризм ең ірі үш экспорттық салаларының ішіне кіреді, өз кезегінде әлемдік экспортта үлестік салмағы 11% және 8,6% болатын, мұнай өнеркәсібі мен көлікқұрастыру өндірісіне жол береді. Халықаралық туризмнің ең дамыған аймағы Батыс Еуропа елдері болып табылады. Бүл аймақтың үлесіне халықаралық туризм нарығының шамамен 70%-ы мен валюталық түсімдердің 60%-ы келеді. Халықаралық туризм байланыстарының осындай қарқынмен дамуы, бұл саладағы жұмысты жақсартуға бағытталған, көптеген халықаралық ұйымдардың құрылуына себеп болды. Франция, Швейцария, Австрия және Испания секілді көптеген жоғары дамыған Батыс елдері өздерінің әл-ауқаттылықтарының маңызды бөлігін туризмнен түскен пайдаларынан құрады.
1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 1996.
2. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы -Алматы: Санат, 1998.-1926.
3. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики.-Учеб. Пособие.-М: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО, 1997.
4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения -Учеб. Пособие.-М: Финансы и статистика, 1996.
5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика : Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2000. - 886.
6. Друкер, Питер Ф. Нарық: топжарып, алға шығу: Практика мен принциптер. / Орыс тілінен аударғандар Р.Шаймерденов, Н. Бөлекбаев.-Алматы: Білім, 1994-3206.
7. Кекенова А.Т. Сыртқы қарыз мәселелері және дамушы елдерде сыртқы қарызды басқару: 08.00. И- Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дис. авторефераты
8. Кешенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2000-328б.
9. Азар В.И.'Экономика и организация туризма' М.,1972ж
10. Азар В.И.,Туманов С.Ю. Экономика туристского рынка. М.,1998ж
11. Гуляев В.Г.'Туристские перевозки' М.,1998ж
12. Дурович А.П.,Копанев А.С Маркетинг в туризме: Учебное пособие Минск:1998ж
13. Долматов Г.М.ТТравовые основы туристского бизнеса:Учебное пособие М.;1997ж
14. Ердавлетов С.Р. Теография туризма:история,теория,практика
15. А.;2000ж
16. Исмаев Д.К. Основы стратегии и планирования маркетинга в
17. иностранном туризме'-'Высшая школа по туризму и гостиночному
18. хозяйству М.; 1994ж
19.http://www.turizm.ru/
20.http://reports.travel.ru/reports/

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Т. РЫСҚҰЛОВ ат. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АҚ

Әлеуметтік қызмет және бизнес факультеті

Туризм кафедрасы

Халықаралық туризм тарихы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бразилияның туристтік индустриясы

Орындаған: __________________
241 топ, 2 курс студенті

Тексерген: ___________________

Алматы, 2012
Мазмұны

Кіріспе
3

1 Бразилияға жалпы сипаттама
5
1.1 Бразилия тарихы
5
1.2 Бразилия мемлекетінің географиялық жағдайы және туристік
аймақтары
6
1.3 Бразилияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
10

2 Бразилиядағы туризм индустриясы
15
2.1 Туристерге Бразилия туралы пайдалы мәліметтер
15
2.2 Рио-де-Жанейро – туристтер қаласы
17
2.3 Карнавал – халықаралық туристік мереке
20
2.4 Қазіргі уақыттағы Бразилия туризмінің жағдайы
23

Қорытынды
25

Қолданылған әдебиеттер тізімі
27

Кіріспе

Қазіргі уақытта туризм индустриясы қызмет көрсету саласында
халықаралық деңгейде ең қарқынды дамып жатқан мемлекет түрлерінің бірі
Бразилия болып табылады. Соңғы 20 жылда орташа жылдық дүниежүзінде шетелдік
туристердің келу қарқыны 5,1% валюта түсімі 14% құрады. Егер 1950 жылы
бүкіл әлемде туристер саны 25 млн, ал туристік индустриядағы айналым 2,1
млрд. АҚШ долларын құраса, онда Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мәліметтері
бойынша 1995 жылы дүниежүзінде 576 млн. туристік келулер және халықаралық
туризмнен түсім 372 млрд. долларға жетті.
Дүниежүзінде туризмнің маңызы әрқашан да қарқынды өсу үстінде.
Көбінесе, бұл туризмнің жекелеген елдердің экономикасына әсерінің артуымен
байланысты. Жекелеген елдердің экономикасында халықаралық туризм бірқатар
маңызды функцияларды атқарады:
Халықаралық туризм – ел үшін валюталық түсімдердің бастауы және
еңбекпен қамтамасыз етудің құралы. Туризм саласында жұмыспен
қамтылғандардың көбеюмен, халықтың пайда түсімдері де артып, ұлттың әл-
ауқаттылық деңгейі өседі.
Халықаралық туризм ең ірі үш экспорттық салаларының ішіне кіреді, өз
кезегінде әлемдік экспортта үлестік салмағы 11% және 8,6% болатын, мұнай
өнеркәсібі мен көлікқұрастыру өндірісіне жол береді. Халықаралық туризмнің
ең дамыған аймағы Батыс Еуропа елдері болып табылады. Бүл аймақтың үлесіне
халықаралық туризм нарығының шамамен 70%-ы мен валюталық түсімдердің 60%-ы
келеді. Халықаралық туризм байланыстарының осындай қарқынмен дамуы, бұл
саладағы жұмысты жақсартуға бағытталған, көптеген халықаралық ұйымдардың
құрылуына себеп болды. Франция, Швейцария, Австрия және Испания секілді
көптеген жоғары дамыған Батыс елдері өздерінің әл-ауқаттылықтарының маңызды
бөлігін туризмнен түскен пайдаларынан құрады.
Туризм – халықаралық қатынастарда маңызды орын алады. Жыл сайын
шетелге туристік мақсатпен шамамен 500 млн.-дай адам сапар шегеді.
Халықаралық туризм жекелеген елдердің дамуына ғана емес, әлемдік
экономикаға да зор әсерін тигізеді. Халықаралық сауданың және халықаралық
экономикалық қатынастардың кеңеюімен, мәдениет пен білім деңгейінің өсуімен
халықаралық туризм де дами береді.Бразилия Оңтүстік Америка территориясының
жартысын алады.Солтүстігінде,батысында және оңтүстігінде Чили мен
Эквадордан басқа барлық оңтүстік-америкалық мемлекеттермен шектеседі.
Шығысында ол Атлант мұхитымен шайылады. Жағалық желісінің ұзындығы –
3000км. Мұнда әлемнің ең әдемі жағажайлары орналасқан.Бразилия астанасы
Бразилиа қаласы орналасқан федералды округімен бірге 26 штатқа бөлінеді.
Әр аймақ өзінің тамаша мінездемесімен ерекшеленеді. Губернатор билейтін
әрбір штат өз конституциясын ұсынады.Аймақтар арасындағы әлеуметтік,мәдени
және географиялық контрастыларының әр түрлілігі сондай,әрқайсысы – жеке
мемлекет.
Бразилияның территориясы 8512000 км кв,оның территориясы европалық
мемлекеттердің территорияларынан үлкен. Бразилия территориясының 98 %-ы
оңтүстік жарты шарда орналасқан, жыл мезгілдері мұнда Европа мен Ақш-қа
қарама-қарсы. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы –
7 қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.
Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы,
Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент.Жоғарғы заң шығарушы органы –
Ұлттық Конгресс федералдық сенат және депутатттар палатасынан тұрады.
Бразилия жері экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік ендіктерде
орналас қан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты,
негізінен, ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі.Батыс жағы ылғалды
экваторлық,шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте.Суы мол,энергия көзіне бай
өзендер көп,ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Паранамба, Парана.
Стратегиялық маңызды ниобий,уран,торий кендері бар. Одан басқа темір,
марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – танымдық және ғылыми-зерттеу
материалдары негізінде, Бразилия мемлекетінің туризмінің ерекшелігінің
отандық туризмді дамыту үшін маңыздылығын анықтау.
Сонымен қатар, бұл жұмыстың міндеттері:
- Бразилия мемлекетінің географиялық жағдайы және туристік
аймақтары;

- Бразилияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы;

- туристерге Бразилия туралы пайдалы мәліметтер;

- Рио-де-Жанейро – туристтер қаласы;

- Карнавал – халықаралық туристік мереке;

- қазіргі уақыттағы Бразилия туризмінің жағдайы.

1 БРАЗИЛИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Бразилия тарихы

Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған. XVI ғасырдың
басына дейін Бразилия жерін тупигуарани, тупинамбас,ботокуд
тамойос,короадос, т.б.үндіс тайпалары мекендеген. Олар аңшылықпен, балық
аулаумен, жер өңдеумен шұғылданып,темекі,какао, т.б. дақылдар өсірді.1500
жылы Бразилия жағалауына П.А. Кабрал келіп түсті де, өзі тапқан жерді
Португалия иелігі деп жариялады.Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты
Бразилиядан Португалияға тасып,елдің аты осы ағаштың атынан шыққан. 1549
жылы генерал-губернаторлық құрылып, астанасы Баия (Салвадор) қаласы болды.
1517 жылдан құлдар әкеліне бастады да, құл еңбегінің нәтижесінде ірі жер
иеліктері пайда болып, онда қант қамысы,мақта,күріш,жүгері
өсірілді.Кейіннен алтын мен алмас шығарылуына байланысты Бразилия
Португалияның ең бай отарына айналды. 1763 жылы астана Баиядан Рио-де-
Жанейроға көшірілді. XVIII ғасырдың 60-70 жылдары үндістерді құл ретінде
пайдалануға тиым салынды және мануфактуралар салуға,сауда компанияларын
құруға рұқсат етілді,бірақ Лиссабон сарайы 1785 жылы мануфактура
құруға,кітап басуға, кеме жасауға тиым салды. 1807 жылы Португалияға
Наполеон әскері басып кіргеннен кейін, Португалия корольдігінің әкімдері
Рио-де-Жанейроға қашып барды. 1815 жылы Бразилияға корольдік статус
беріліп, Португалия,Бразилия және Алгарва біріккен корольдігінің
құрамдас бөлігіне айналды. Португалияда 1820 жылы болған тамыз төңкерісінен
соң, король Жуан (Жуао) IV Бразилиядан кетуге мәжбүр болды да, өзінің
ұлы Педруды регент етіп қалдырды. 1822 жылы қаңтарда Педру I Бразилияның
тәуелсіздігін жариялады. 1824 жылы наурыз айында елдің тұңғыш конституциясы
қабылданып,конституциялы монархия орнады. Келесі жылы Португалия
Бразилияның тәуелсіздігін мойындады. 1850 жылы елге құл әкелуге тиым
салынып,1888 жылы құл иелену мүлде жойылды. 1889 жылы 15 қарашада либерал-
помещиктердің өкілдері әскери төңкеріс жасап, Бразилияны федеративтік
республика деп жариялады. 1891 жылы ақпанда құрылтай жиналысы АҚШ үлгісінде
жаңа конституция қабылдады. Елдің экономикасы баяу дамып, ағылшын-
америкалық капиталына тәуелді болды. 1-дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания
мен АҚШ-тың қысымымен Бразилия Германияға соғыс жариялап, 1918 жылы
Еуропаға бірнеше әсккери бригадаларын жіберді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде
Бразилияда АҚШ-тың ықпалы күшейеді де , 1942 жылы тамызда Германия және
Италияға, 1945 жылы маусымда Жапонияға қарсы соғыс жариялады. 1944 жылы 50
мыңдық әскери корпусын Италия майданына жіберді.1950-1960 жылдары Бразилия
аграрлы елден аграрлы-индустриялы елге айналды. Сан-Паулу, Рио-де-
Жанейро,Ресифи, т.б. өнеркәсіп орталықтары өсіп, аграрлық,финанс, оқу
реформалары жүргізілді.1960 жылы 21 сәуірде ел астанасы Бразилиа қаласына
көшті.Бұдан кейін 20 жылдай (1964-1985) елді әскери генралдар
басқарды.Кейінгі жылдары елдің экономикалық жағдайы біршамма
тұрақтанып,инфляцияға ауыздықталды. Осы кездегі экономика министрі
Ф.Э.Кардоза 1994 жылы 3 қазанда өткен президент сайлауында жеңіске
жетті.Үкімет елдің экономикасын көтеруге ат салысып,шет ел инвестицияларын
көптеп тартуда. Қазіргі кезде сыртқы қарызының өте көп болуы халықтың
тұрмысының нашарлығы, т.б. проблемаларға қарамастан, ел дамуы біршамма
алға жылжып, экономикалық күш-қуаты жағынан дүние жүзінде 8-орынды
алады.Бразилия Латын Америкасы елдері ішінде шешуші рөл атқарды.Негізгі
сауда серіктестері : АҚШ (22%), Батыс Еуропа елдері (26%), Латын
Америкасы елдері (21%), Азия елдері (16%).Қазақстанмен демократиялық қарым-
қатынас 1992 жылы орнатылды.
Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған. XVI ғасырдың
басына дейін Бразилия жерін тупигуарани, тупинамбас,ботокуд
тамойос,короадос, т.б.үндіс тайпалары мекендеген.
Жалпы айтқанда қорыта келе, экзотикалық табиғат мемлекеті,8000 көркем
жағажайлары бар,сондай-ақ әлемнің ең дамыған елдерінің бірі Бразилия
миллиондаған туристердің қызығушылығын тудыруда.Бразилияға саяхат – бұл
өзендер мен алқаптар, асқар таулар,көгілдір мұхит, түрлі түсті карнавал
бояулары, әр түрлері тағамымен қызықтыратын мейманханадағы кешкі
ас,сарқыраманың бас айналарлық биіктіктен құлауы, 16 ғасырдан бері қарайғы
мемлекет тарихын сақтаған ескі колониалды қалалардың көшелерімен
серуендеу.Мұндай әр түрлілік барлық демалыс түріне қолайлы жағдайлар
туғызады.Бразилияның үлкен территориясында 2 ірі табиғи облысты бөліп
көрсетуге болады: солтүстігінде Амозониялық ойпат және орталық, оңтүстік
бөліктерінде Бразилиялық қыраттар.
Амозонка бассейнінде және атлантикалық жағалауды жағалай - жалпақ
жапырақты тропикалық ормандар.Бразилия орталығының үлкен бөлігі cerrado-мен
жабылған – ағаш және қисық бұтақты, қатты қабықты және тығыз жапырақты
өсімдіктер.

1.2 Бразилия мемлекетінің географиялық жағдайы және туристік аймақтары

Батыстан шығысқа 4000 км, солтүстіктен оңтүстікке 4300 км-ге
дейін созылып жатқан Бразилия Оңтүстік Америка территориясының жартысын
алып, Эквадор мен Чилиден басқа континенттің барлық мемлекеттерімен
шектеседі.Бразилия тропикалық белдеудегі ең үлкен мемлекет. Солтүстігі мен
шығысын Атлант мұхиты шаяды. Архипелагтарды есептегенде, мемлекет ауданы
8511065 км кв., сулы беті – 55455 км кв. Бразилияның құрлықты шекарасы
14691 км, теңіздік – 7491 км. Мемлекеттермен шекараларының ұзындығы:
Аргентина – 1,224 км; Боливия – 3,400 км; Колумбия – 1,643 км; Франциялық
Гвиана – 673 км; Гайана – 1,119 км; Парагвай – 1,290 км; Перу – 1,560 км;
Суринам – 597км; Уругвай – 985 км; Венесуэла – 2,200км. Территориясы 8,5
млн км кв.,әлем құрлығының 5,7 млн. км кв.алады.Жазықтар мен ойпаттарда
Бразилия территориясының 38 бөлігі орналасқан.Мемлекеттің орталығы мен
солтүстігін Бразилиялық қырат немесе плато алып жатыр.Платоның ұзындығы 300-
ден 900 метрге дейін жетеді және оның көптеген жерлерін өзен аңғарлары мен
аласа та тізбектері кесіп өтеді.Бразилиялық платоның негізгі таулы
тізбектері – Сиерра –да-Мантикейра, Сиерра-до-Мар және Сиерра-Жераль,
олардың биіктігі әдетте 1200 метрден аспайды, бірақ бөлек шыңдар биіктікке
2200 метрге дейін көтеріледі.(Пика-да-Бандейра – 2890 метр және Недра-Аку-
2232 метр).Бразилия территориясының 13 бөлігін Амозониялық джунглилер алып
жатыр, оларды планетаның өкпесі деп атайды, өйткені жер шарындағы 50 %
оттегі сонда өндіріледі. Амозониялық ойпат 2 млн.км кв.,ал Амозонка
өзенінің бүкіл бассейні 4,7 млн.км кв. алады.Мұнда жазықтар басым, ал
территорияларынын ұзындығы 150 метрден аспайды.Бассейннің көп бөлігін
шалшықтар мен су басқан алқаптар,қалың джунглилер алып жатыр.Әлемнің ең
ұзын 20 өзендерінің 10-ы Амозонияда орналасқан. Амозонка – ірі мұхиттар
үшін 3700 км-ге дейін кеме қатынасы жақсы дамыған бүкіл әлемдегі ұлы өзен.
Жер шарының 20 % тұщы суы Амозонка мен оның салаларында. Амозонка
бассейнінің солтүстігінде Сиерра-Тумукумаке (ұзындығы 850 метрге дейін),
Сиерра-Акари (600м дейін) және Сиерра-Паримадан (1500 метрге дейін)
тұратын Гвиан таулы қыраты орын тепкен. Оңтүстігінде – Лаплат ойпаты,
Солтүстігінде – Гвиан ойпаты.Мемлекеттің ең ірі өзендеріне Мирим мен Патос
жатады.Солтүстік шекара мен Атлант жағалауының ен бойында аласа таулы
тізбектер созылған.Бразилия территориясының 0,5 %-ы ғана 1200 метрден
асатын биіктікте, ал 58,5 %-ы теңіз деңгейінен 200 метрдей биіктікте
орналасқан.Мемлекеттің ең биік нүктесі – Неблин шыңы (3,014м).Территорияның
көп бөлігі қыраттар, олардың ең үлкені – бразилиялықтар өздері атайтын
Бразилиялық Планалто.
Бразилияның үлкен территориясында 2 ірі табиғи облысты бөліп
көрсетуге болады: солтүстігінде Амозониялық ойпат және орталық, оңтүстік
бөліктерінде Бразилиялық қыраттар. Бразилияда материктің батыс бөлігіне
тән күшті таулы жоталар жоқ: мемлекеттің ең биік бөлігі Ла-Леблина 3000
метрден сәл ғана асады.Территорияның 3%-ы ғана 900 метр биіктікте
орналасады.Бразилиялық қырат мемлекет территориясының 23 бөлігін алады.Ол
жауын-шашынды шөгінділермен жабылған ежелгі кристалдық жыныстардан (гнейс,
кварцит, гранит, ми) тұрады. Орын-орнымен бұл шөгінділер бетіне шығады.
Бразилия қыраты бетінің биіктіктері солтүстігінде 250-300 метр және орталық
бөлігінде 500-1000 метр және оңтүстік, оңтүстік-шығысқа қарай көтеріледі.
Бразилияның өзен торы өте қалың және сулы.Батыстан шығысқа қарай
мемлекет ең суы мол және бассейн көлемі бойынша әлемдегі ең үлкен өзен
саналатын, мемлекеттің солтүстік аудандарын суландыратын Амозонка қиып
өтеді.Ол Бразилия шегі жанында Мараньон және Укаяли өзендерінің қосылуында
пайда болады және ұзындығы Мараньон бұлағынан 6400 км,Укаяли бұлағынан
7000км асады.Ұзындығы мемлекет шегінде – 3165км.Амозонка бассейнінің
ауданы Бразилия территориясында 4,8 млн.км кв.(бассейннің жалпы ауданының
60%-ы). Оның арнасының кеңдігі Перумен шекарада 1,5 км-ден асады,орта
ағыста,Манаус қаласының тұсында – 5 км,төменгі ағыста- 20км-ге дейін, ал
құйылысы 80-150 км-ге дейін жетеді.Өзеннің тереңдігі орта ағыста 70 км-дей,
Обидус қаласы маңында – 135м, құйылысында – 15-тен 45 метрге
дейін.Амозонкаға көптеген салалар құйылады.Ең ірі оң салалар – Пурус
(3000км),Журуа,Тапажос және Шингу (2000км), Мадейра (1,5мың км).Ірі сол
салалар – Рйу-Негру (1,5 мың км асады),Жапура,Иса.Көлемі бойынша Оңтүстік
Америкадағы 2-ші өзен – Парана Бразилияның оңтүстігі мен оңтүстік-батысын
суландырады.Парананың негізгі салалары –
Парагвай,Тиете,Игуасу,Паранапанема. Парана мен оның салаларында сарқырамалар
көп.Сарқырамалардың ең ірілері : Игуасу(биіктігі 80 м-дей) және
сарқырамалар каскады Сети-Кедас (Гуайра) (33м) Паранада.Парананың бөлігіне
Бразилияның гидроэнергетика потенциалының 57 %-ы келеді.Ол 79,4 млрд. кВт-
қа бағаланады.Шығыс бөлік Сан-Франсиску өзені бассейніне қарайды (ұзындығы
2900м),оның бөктерінде Паулу-Афонсу сарқырамасының каскады орналасқан,жалпы
ұзындығы 84м.Осы ауданның басқа да маңызды өзендері – Па-
райба,Парагуасу,Жекитиньбнья және т.б.Олардың барлығы суға толы және үлкен
гидроэнергетикалық потенциалға ие.
Амозонка бассейнінде және атлантикалық жағалауды жағалай - жалпақ
жапырақты тропикалық ормандар.Бразилия орталығының үлкен бөлігі cerrado-мен
жабылған – ағаш және қисық бұтақты, қатты қабықты және тығыз жапырақты
өсімдіктер.Мемлекеттің Солтүстік-батысында caatinga басым, оған
ылғалдылықты сақтау үшін жапырақтардан босатыла алатын және құрғақшылыққа
төзімді ағаштар мен бұтақтар тән.Оңтүстігінде Оңтүстік қыратты алып жатқан
қарағайлы ормандар орналасқан.Теңіз деңгейінде орналасқан жазықтар
жайлаулармен жабылған.Мемлекеттің орталық бөлігінің батысында Мату
Гроссудың шалшықтанған жерлері 230000 км кв.биік
жапырақтармен,ағаштармен,арам шөптермен жабылған. Жаңбырлар периодында
топырақты су басады.Бразилия территориясының жартысынан көбін қызыл
ферралитті топырақтардағы ормандар жауып жатады.Бразилияның өсімдік әлемі
өте бай әрі әр түрлі және 50 мың өсімдік түрі бар.Түрлер құрамының ерекше
байлығы мәңгі жасыл ормандар Амозонияның батыс бөлігін алып жатыр. Олар
қызыл-жасыл,кейде ферралитті топырақтарда өседі.Амазонияның орман
байлықтары және түр құрамы әлі де толық зерттелмеген.Мұнда 4000-нан астам
ағаш түрлері,соның ішінде 600 түрінің шаруашылық маңызы зор.Пальма
ағашының жүздеген түрі бар,соның ішіндегі ең ұзындары (60м-ге дейін)
варзеа зонасына тиесілі.
Амазонка джунглилері ауданы 5,5 млн.км кв.алатын ірі тропикалық
ормандарды соның ішінде 60 %-ы Бразилия штаттары Акри,Амозонас,Пара,Мато-
Гроссо және Мараньао территориясына тиесілі.Территорияның қалған 40 %-ы
Гвиан,Суринама,Венесуэла,Колумбия,Э квадор, Перу және Боливия
территорияларын жауып жатады.Тропикалық белдеудегі сүтқоректілердің 12
типінің, батыс жарты шардағы 11-і Бразилияда.Сонымен бірге, түрлерінің саны
600-ден асады.Бұл топқа мысық тұқымдас ягуар және өте майда
пума,сукуарана,жагуарунди және оцелот.Сондай-ақ сүтқоректілердің арасында
құмырсқа қоректілер,тапирлер,дельфиндер,капи варлар және маймылдардың 30
түрі.Тукан құсы осы мемлекеттің ұлттық визитті карточкасы
саналады.Бразилияда құстардың тотықұстарды қосқанда 1600 түрі бар.Мұнда ең
кемінде тасбақалардың 40 түрі,кесірткелердің 120,жыланның 230,қолтырауынның
5,331 қосмекенді және 1500 түрі престелген судағы балықтар тіршілік
етеді.Биологтардың сараптамалары бойынша, каталогқа омыртқасыздардың 100000
түрі кіреді,соның ішіндегі 70 мыңы жәндіктерге жатады.Бразилияда Амозонка
өзендері мен көлдерінде балықтардың 3000 түрінің мекен ететіні
анықталды.Ауданның типті балықтарының арасында пираруку;карацидов тұқымдас
тамбаки және пиранья.Пираруку ең ірі балықтар қатарына жатады,оның әр
экземплярының ұзындығы 2м,125кг.Тамбаки – жеміс жегіш,оның тісі каучук
ағашының сүйектерін де , жауари пальмасын да кеміреді.
Аудандар,аймақтар,штаттар атап өтсек солтүстік аймақ – Амозония.Ал
штаттары:Акре,Амапа,Пара,Рондония,Р орайма,Токантис.Ауданы:3870000 км
кв.Несімен қызықтырады: табиғаттың кереметі,тұрғылықты халықтың жылы қарсы
алуы,қараусыз қалған шахтада өз бетіңізбен алтынды барлауыңызға болады,
PARINTINS карнавалы,үйлер,көгілдір түсті мозаикалармен безендірілген
аузелуш, Белен мен Манауста тамаша тағам – жеміс шырындары және tupuci
соусындағы үйрек,Белендегі Вер-У-Пезу базары, жағажайлар,өзендер мен
аралдар,сондай-ақ,бақсының көмегімен туканға айналу.
Солтүстік-Шығыс аймақтары штаттары: Алагоас, Баия,Сеара,Фернанду-ди-
Норонья, Мараньян, Параиба, Пернамбуку,Пуауи, Риу-Гранди-ду-Норти,Сержипе.
Ауданы:150000 км кв.Несімен қызықтырады:күн,3500 км жағажайлар,жергілікті
тұрғындардың ілтипаттығы,ұят бағанасы,капоэйра,карнавалдар,барок ко
стиліндегі шіркеулер.
Рио-де-Жанейро аймағы және Оңтүстік-шығыс аймақтарының
штаттары:Эспириту-Санту,Минас-Жерай с,Рио-де-Жанейро,Сан-Паулу. Ауданы:
925000км кв.Несімен қызықтырады: Рио-де-Жанейро,барокко стиліндегі діни
құрылыстар, Ору-Прету,Тирадентисе,фантастикалық жағажайлар,карнавалдар,таң
қаларлық аспаздық,Маракана стадионындағы Футбол ойындары,Энгра душ Эйштегі
қайталанбас демалыс.
Орталық және Батыс аймақтарының Штаттары:Гояс,Мату-Гросу-ду-
Сул,Федералды округ.Жалпы ауданы: 1879000 км кв.Несімен
қызықтырады:Пантаналаның жануар әлемі,ыстық бұлақтар,үнді
резервациялары,үңгірлер,алмаз тастары,Бананалдағы балық аулау,қалалар-
аруақтар,оңашалану.
Шеткі оңтүстік штаттары:Парана,Санта-Катарина, Рио-де-Жанейро,Риу-
Гранди-ду-Сул.Несімен қызықтырады:Игуасу сарқырамалары,табиғи парктер,атпен
серуендеу,жағажайлар,қарағайлы ормандар,пампастар,бразилиялық Швейцария.

1.3 Бразилияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Бразилияның мың түрі.Көздері жасыл-көгілдір түсті мулаттар,негрлер
- сары шашты,ал еуропалықтар – жұмсақ және қатты қара шашты,үндістерге
ұқсайды.Егер сіз рассалардың араласуын зерттеуге бел
бусаңыз,Бразилиядағыдан жақсы мағлұмат таба алмайсыз.Бразилия халқының
қалыптасуына 500 жыл уақыт кетті.180 млн.адам 8511965 км кв.
территорияда,Үндістаннан 2 есе үлкен.Соған қарамастан,Бразилия – Жер
шарында халық саны бойынша тек 5-орында және тығыздығы 1 км кв. 17
адамнан. Бразилия халқы негізінен қалада:Бразилияның география және
статистика Институтының статистикалық деректері бойынша, 75% жанұя
урбандалған орталықтарда өмір сүреді.Рио-де-Жанейро штатында 100 кариоктың
90-ы қалада тұрады. Сан-Паулуда да сондай, пропорция 88-дің 100-ге
қатынасын құрайды.Бразилия халқының жартысынан астамы мемлекеттің оңтүстік
шығысында.
Нәсілдік жағынан европалық,моңғолдық және зәңгілер тобына
бөлінеді,португал тілінің солтүстік,солтүстік-шығыс және оңтүстік
диалектісінде сөйлейді.Испан тілі де кең тараған.Сондай-ақ зәңгілердің бір
бөлігі португал тілімен қатар африкалық кимбунду және йоруба тілдерінде
сөйлейді.Көпшілігі католиктер,аз бөлігі протестанттар.XVIғасырдан XIX
ғасырдың 2-жартысына дейін Бразилияның нәсілдік -әлеуметтік құрылымы
қалыптасты.Жоғарғы сатыны ақ нәсілдер (европалықтар),одан кейінгі басқышты
араласқандылар және мулаттар,төменгі сатыны зәңгілерден тұратын құлдар
құрады.Еуропалықтар үндістердің тұрмыс-тіршілігінен , өнері мен
мәдениетінен көп нәрсе үйренді.Сол себепті португал тілінің бразилиялық
вариантында 20 мыңдай үндіс тілінен алынған сөз бар.Елдің ішкі аймақтарына
қоныс аудару барысында әр алуан нәсілдік топтардың үндіс тайпаларымен
араласуынан Бразилияның сертан деп аталатын жаңа қауымдастығы
қалыптасты.Олар мал шаруашылығымен айналысады.Дәстүрлі үйлері үндістердің
аң терісімен жасалған лашықтарына ұқсас.Бразилияның солтүстік-шығыс
өңіріндегі халқының басым көпшілігі зәңгілер болғандықтан,бұл өңірде
африкалық тұрмыс-салт басымырақ.Тәуелсіздік күресі нәтижесінде 1888 жылы
құлдық жойылып,Бразиляның республика болып жариялануы халықтың этнос
ретінде топтасуын тездетті.Әр алуан халық пен ұлыстар құрылғандықтан
Бразилияның кәсібі,тұрмыс-тіршілігі де әрқалай.Егіншілік пен мал
шаруашылығы қатар дамыған ( кофе,каучук,дәнді-дақыл және т.б.).Теңіз
жағалауындағы тұрғындар балық аулаумен айналысады.Сәулет өнеріне еуропалық
стильге қоса африкалықтардың төбесін пальма жапырағымен жапқан балшық пен
шиден тұрғызған үйлері,үндістердің конус формалы лашықтары тән.Ұлттық
фольклорында үндістер мен африкалықтардың ауыз әдебиеті желісі ,музыкасы
мен би өнерінде португалдықтар әсері байқалады.Жыл сайын елде бірнеше күнге
созылатын мереке өткізіледі. география және статистика Институтының
статистикалық деректері бойынша, 75% жанұя урбандалған орталықтарда өмір
сүреді.Рио-де-Жанейро штатында 100 кариоктың 90-ы қалада тұрады. Сан-
Паулуда да сондай, пропорция 88-дің 100-ге қатынасын құрайды.Бразилия
халқының жартысынан астамы мемлекеттің оңтүстік шығысында.
Бразилия - тропик алабы.Бразилия – Латын Америкасындағы үлкен
аймақтардың ең ірісі.Мұнда айқын байқалатын көптеген белгілербүкіл аймаққа
тән.Бразилия – дүние жүзіндегі табиғат қорларына бай елдердің бірі.Мұнда
минералды шикізаттардың, 50 шақты түрлері өндіріледі.Ел өңделетін жерлердің
көлемі жөнінен жетекші орындардың бірін алады. Су қоры ,оның ішінде су
энергетикасы,орман қорлары орасан зор.Осының бәрі экономикалық даму үшін
өте қолайлы алғышарттар түзеді.Бразилия халық саны жөнінен дүние жүзі
елдерінің алғашқы бестігіне кіреді, елдің халқы жыл сайын 3 млн адамға
өседі.Бұл экономикалық дамуға қолайлы жағдай туғызады,бірақ жұмыспен
қамтамасыз етілу, жалған урбандалу және сол сияқты проблемаларды
шиеленістіреді.
Бразилия – дамушы дүниедегі түйінді елдердің ,оның
көшбастаушыларының бірі.Ол жалпы ішкі өнімі көлемі жөнінен Латын
Америкасында ғана емес,сондай-ақ дамушы елдердің ішінде де бірінші орын
алады,ал өнеркәсіп өндірісі көлемі жөнінен дүние жүзіндегі аса ірі елдердің
ондығына кіреді.Бразилия жыл сайын қант құрағынан алынатын этил спиртімен
жұмыс істеуге бейімделген 1 миллионнан астам автомобиль шығарады.Ол
миникомпьютерлер мен микрокомпьютерлер шығару жөнінен ГФР, Жапония және
АҚШ-тан кейінгі орынды алады. Ғылымды көп қажет ететін басқа да өндірістер
дамуда.Ірі әскери өнеркәсіп жасалды.Дүние жүзіндегі аса ірі СЭС-тер
салынды. Осымен қатар,Бразилия банан мен кофе,қант құрағын өндіруден дүние
жүзінде біріншілікті сақтап отырса,соя мен апельсинді жинаудан АҚШ-тан
кейінгі орынды алады.Осыған қарамастан,Бразилия экономикасының салалық
құрылымы әлі де ойдағыдай жетілмеген.Мұның ең алдымен кең-байтақ
территорияны аз өнімді тұтыну дақылдары алып жатқан ауыл шаруашылығына
қатысы бар.
Шаруашылықтың территориялық құрылымдарындағы өгерістер (батысқа
қарай ығысу). Бразилия – халқы мен шаруашылығының мұхит маңына орналасуы
айқын байқалатын ел. Мысалы,ені 300-350 км мұхит маңы алқабына Бразилия
халқы мен өндірісінің 910-ы шоғырланған.Оның ішкі территориясы нашар
игерілген әрі аз қонысталынған.Амозонияға қарағанда Рио-де-Жанейро
ауданында халықтың орналасу тығыздығы 800 есе артық. Рио-де-Жанейро ,Сан-
Паулу және Белу-Оризонти қалалары аралығындағы ауданды Бразилияның
индустриалдық үшбұрышы деп атайды.бұған қоса, оның үш шыңының
әрқайсысының арнайы мамандануы мен өзіндік келбеті бар.Рио-де-Жанейро
порт,банкир,туризм қаласы ретінде ұзақ уақыт бойы Бразилияның астанасы
болып келді.Алайда 1960 жылы елдің астанасын бәсекесі өскен Сан-Паулуға
көшіргеннен кейін , оның маңызы біраз кеміді. Сан-Паулу – Бразилияның аса
ірі қаласы әрі экономикалық астанасы.Оны Бразилия экономикасының бүкіл
құрамын тартып келе жатқан локомотив деп атайды.XIX ғасырдың ортасында бұл
шағын провинциялық қала еді.Ол кофе дәуірінде Еуропа мен Жапониядан
иммигранттардың ағылып келуінің арқасында тез өсті.Мұнда біртіндеп
Бразилия мен Латын Америкасының және оңтүстік жарты шардың басты
өнеркәсіпті ауданы қалыптасты.Осында барған сайын ғылымды көп қажет ететін
салалар кәсіпорындары,сондай-ақ банкілер шоғырлануда.Сан-Паулу зәулім үйлер
қаласы болғандықтан,оны Латын Америкасының Нью-Йоркі деп атайды. Көз
жететінбиіктікке дейін,- деп жазады журналистеріміздің бірі, - аспанға
қарай ұмтылған тікбұрыштар,жұмыр мұнаралар, иілген синусоидтар бір-біріне
тығыз жанасып тұр.Бразилия II дүниежүзілік соғыстан кейін өз
территориясының 35-ін алып жатқан Амозонияны игеруге және қоныстануға
бағытталған аймақтық саясат жүргізе бастады.Осы мақсатпен жағалаудан 1500
км жерде елдің жаңа астанасы Бразилиа салынып,елдің жаңа символына
айналды.70-жылдары ұзындығы 5,5 мың км басты бойлау сызығы Амозонияаралық
тас жолы салынды.Оның бойында кен өндіретін, ағаш дайындайтын
кәсіпорындар,мал өсіретін ранчолар,аграрлық елді мекендер,ірі СЭС-тер
тұрғызылды.Алайда Амозонияны игеру мен қоныстану едәуір дәрежеде бей-
берекет өтіп,қазірдің өзінде экологиялық тепе-теңдікті бұзуға әкеп
согқтырды.Латын Америкасы дамушы елдер мен экономикасы дамыған елдер
арасында аралық орынға ие бола отырып,едәуір жоғары деңгейде дамуымен көзге
түседі.
Бразилия мәдениеті бразилия ұлтын қалыптастырған мемлекеттердің
тарихи дәстүрлерінің араласуы барысында қалыптаса бастаған және әлі де
аяқталған жоқ.Португалия бастауы ең басым,өйткені бразилиялықтар
өзгертілген португал тілінде сөйлейді.Сондай-ақ католицизм –
португалдықтардың негізгі діні және ең алғаш мекендеген отарлаушылардың
дәстүрлері өте кең тараған.Бірақ үндістер мен африкандықтардың әсер етуі
де даусыз.XVI ғасырдағы дін қызметкерлері миссионерлердің олардан
катехизис алып отырған , Солтүстік Бразилиядағы өздерінің қызметтерін
жүргізу үшін қолданған тупи-гуарани тілі аса танымалдылыққа ие.Қазіргі
заманғы тілдегі көптеген сөздердің шығу тегі үндістерден тараған.Үнді
мәдениетінің әсері Амозонияда, ал Африка мәдениетінің іздері Рио-де-
Жанейродан басталып Бразилия жағалауында анық байқалады.Африканың әсері
Бразилияның әйгілі музыкасында,әсіресе ритмикалық Самбада
сезіледі.Африкалық ритмнен басқа,бразилиялық музыкаға вальс,полька,хот
сияқты Еуропалық музыка жанрларының да әсері тиді.Осыған дәлел, бразилиялық
композитор,классик Х.Вилла – Лобос африкандық,үнді және португал әуендерін
өз шығармаларында қолданған.Қазіргі бразилиялық музыкада самба,солтүстік
американдық және британдық әйгілі әндердің ритмдері бар.Бразилия тарихында
би өнері үздіксіз музыкаға еріп келеді.Әйгілі самба биі – Бразилияның
әйгілі би мектептерінің ішінде балет стажум (stagium) және Корпу
тобы (Grupo Corpo).
Бразилия сәулет өнерінде өзінің барабарлығын іздеу жолында
бірнеше фазалардан өтті.Барокко және рококодан бастап, үнді мотивтерімен
және тропикалық тақырыптармен араласып,бүгінгі күні Бразилия скульпторы мен
архитектурасын қайталанбас стилі мен авторлардың жаңашылдығының арқасында
бүкіл әлем мойындады.Соған дәлел, Оскар Нимайер және Лусио Косто жасаған
Бразилиа қаласы.Көркем өнерінің сәулет өнері сияқты көп жылдық тарихы
бар.1951 жылдан бастап Сан-Паулуда әр 2 жыл сайын әлемнің 50
мемлекетіндегі суретшілерді қызықтыратын халықаралық көркемөнер жәрмеңкесі
өткізіледі.
Бразилия әдебиеті әлем мәдениетіне үлкен үлесін тигізді.Әйгілі жазушылардың
қатарында И.Мачадо (XIXғ. жазушысы), Ж.Фрейре (XXғ.).Г.Рамос,
Ж.Амаду,Э.Вериссимо.Рио-де-Жанейрод ағы Бразилиялық Әдеби Академия бүкіл
әлемге мәлім.
Қазіргі кезде Бразилияның кинематографы әлі де бүкіл әлемде
өзінің жетістіктерімен танымал. Атлантида киностудиясындағы Шашадас
кинокомедиясынан бастап,Глаубер Рошидің жаңа кино дәуірінен өтіп,
андеграунд қозғалысы және бүгінгі күнге дейін кинематографиясының әр
периоды ең престижді халықаралық фестивальдердің көптеген жүлделерін жеңіп
алды. Дәстүрлі кинофильмдердің сіңілі ретінде телехикая индустриясы
саналады.Ол қазіргі күнде әлемнің көптеген мемлекеттеріне
экспортталатын үлкен телехикаялар фабрикасын ұсынады.Ұлттың үлкен
шығармашылық потенциалы бүгінгі Бразилияның қазіргі заманғы көркемөнер
түрлері: жарнама,сән,ландшафтты және индустриалды дизайнның дамуымен
көрінеді.
Футбол – Бразилияның мемлекеттік спорт түрі.Шешуші матчтарға әлемнің
түкпір-түкпірінен жанкүйерлер жиналады.Бұл спорт түріне қызығушылық
футбол алаңдарының саны мен көлеміне әсер етпей қоймады. Рио-де-
Жанейродағы Маракана стадионы 1950 жылы әлем кубогі жарыстарына арнап
салынған. Оның сыйымдылығы – 200 мың көрермен.Бразилия құрамасы Әлем
Кубогін 5 рет, 1958,1962,1970,1994 және 2002 жылдары жеңіп алған ең
алғаш команда.Сонымен бірге,Бразилияда сыйымдылығы 100 мың адамға жететін
5 стадион бар.Әлемнің ұлы ойыншысы атанған Пеленің есімі ( Эдсон Арантис
ду Насименту) футболды ұнатпайтындарға да мәлім. Бразилия футболында 18
жылдық мансабы бар Пеле 1200 допты қақпаға кіргізді.Профессионал атағына
ие болып, ол футболды АҚШ-та көпшілікке таратты және өзі Нью-Йорктағы
Cosmos Soccer CLUB командасында ойнады.
Волейбол әйелдер мен ерлер арасында өте танымал.Бразилияның
волейболдан құрама командасы 1991жылы Әлем Кубогін жеңіп алса,ерлер
командасы 1992 жылы болып өткен Олимпиада ойындарында алтын медальді
иеленді.Сондай-ақ Бразилия ірі баскетбол державасы ретінде
танылады.Өйткені ерлер арасындағы шешуші шайқастарда Бразилия екі мәрте
жеңіскер атанып,көптеген Олимпиада ойындарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бразилияда туризм дамуының ерекшеліктері
Халықаралық сауда теориясы
Халықаралық сауда фактілері
Бразилия
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Турагенттік және туроператорлық қызмет сақтандыруының мақсаты мен міндеттері
Бразилия мемлекеті
Мемлекеттің әлеуметтік имиджінің туризм индустриясы дамуына әсері
Дүниежүзілік туристтік ұйымдағы Халықаралық туризм
Рекреацияның әлеуметтік - эканомикалық мәні мен функциялары
Пәндер