Франция туризмінің даму ерекшелігі


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Т. РЫСҚҰЛОВ ат. ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

«Әлеуметтік қызмет және бизнес» факультеті

«Туризм» кафедрасы

«Халықаралық туризм тарихы» пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Франция туризмінің даму ерекшелігі»

Орындаған:

241 топ, 2 курс студенті

Тексерген:

Алматы, 2012

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Франция елінің тарихи сипаттамасы 5

  1. Францияның тарихи географиялық орналасу ерекшелігі 51. 2 Францияның негізгі туристік потенциялы 9

2 Франция туристік индустриясы 13

2. 1 Францияның туристік мәдениеті 17

2. 2 Франциядағы қонақ үй индустриясы 19

Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

Кіріспе

Туризм Францияда біршама жақсы дамыған және ол әлем бойынша туристерді ең көп қабылдайтын ел болып табылады. Әсіресе туристер Франция курорттарында демалуға келеді. Ал мұнда курорттар жетерлік, себебі Еуропадағы ең биік шың - Монблан шыңы және Альпі таулары осында орналасқан. Әсіресе туризм Жерорта теңізі жағалауында кең дамыған. Себебі туристерді тек курорттар ғана емес, керемет жағажайлар да қызықтырады.

Франция іскер адамдарды өзінің Ле-Бурждегі ірі халықаралық авиациялық және космостық техникасымен, сонымен қатар зергерлік өнерге, интерьер мен дизайнға, жеңіл өнеркәсіпке арналған көрмелерінің көптігімен қызықтырады. Франция астанасында ірі көрмелік алаңдары болып Paris CNIT (Дефанс ауданы), Paris EXPO (Версаль қақпалары), Paris Nord (Вильпант ауданы) табылады. 2005 жылы өткен ірі көрмелердің іштерінде - MIDEС (аяқ киім), Texworld (текстиль), Wotld Tourism & Travel Fair (туризм), Foire de Paris (халық тұтынатын тауарлар) және т. б. бар. Францияның ірі орталықтары болып Лион, Лилль, Бордо, Страсбург табылады. Бизнесмендер арасында ерекше танымал көрмелер, әрине, Көгілдір жағалауда, әсіресе, Ниццада (мұнда ауданы 17 мың м 2 болатын «Акрополис» көрме орталығы мен ауданы 54 мың м 2 болатын аттас конгресс-орталық бар) және Каннада өтетін көрмелер мен жәрмеңкелер болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - Франция мемлекетінің туристік индустриясын анықтау, зерделеу, оқып үйрену болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеті - Әртүрлі әдебиеттерді пайдалана отырып Франция мемлекетінің туристік индустриясын тану менің міндетім болып табылады.

Франция - әдемілік пен салтанатты, жақсы татым мен көптеген дәуірлердің тарихи мұрасын, ескіліктің жасырын ғажабын және қазіргі заман ұрпағының жетістіктерімен қызықтыратын ел. Франция Парижден басталады. Франция астанасы көркемдік колекциялардың байлығы мен әр алуандылығы жөнінде бірінші орынды иеленеді. Саяхатты Сенаның жағалаулары мен Латын кварталының ескі көшелерінен, Монпарнас бульварындағы әртістік атмосферада болып, Монмартрдегі көше суретшілерінің суреттерін тамашалаудан, Елисей Далаларындағы көптеген мейрамханаларға кіріп дүниежүзіне әйгілі француз ас үйі мәзірлерінен дәм татудан бастаған жөн. Теңіз жағалауындағы әйгілі курортты қалалар Ницца, Канны және де Монако княздігі. Таушаңғылы курорттарда Альпі тауларының тамаша табиғаты, тау жолдары, таулы аймақтардағы жанұялық қонақүйлер мен туристік орталықтар орналасқан қалашықтар туристерді қызықтырмай қоймайды. Париж бойынша саяхат оның символы - Эйфель мұнарасынан басталады. Ол 1889 жылы Бүкіләлемдік көрме үшін инженер Гюстав Эйфельдің жобасымен 7300 тонна болаттан тұрғызылған. Мұнарада әр деңгейде орналасқан үш қарау алаңы, «ALTIT UDE 95» және «JULES VERNE» мерамханалары бар. Жоғарыға көтерілу үшін лифт жасайды, ал шыдамдылар үшін 1652 баспалдақты жүріп өту керек. Мұнараның солтүстік бағанасы жанында мұнараның негізін қалаушы инженер Гюстав Эйфельге қола мүсін орнатылған. Мұнараның жоғарғы қарау алаңынан Парижді 300 метр биіктіктен көруге болады.


1. Франция елінің тарихи сипаттамасы

1. 1 Францияның тарихи географиялық орналасу ерекшелігі

Елдің ресми атауы - Франция, Француз республикасы. Рәміздері: Францияның мемлекеттік туы тігінен орналасқан көк, ақ және қызыл жолақтардан тұрады. Көк түс - Париж қаласының жебелеушісі Әулие Мартинийді бейнелейді. Қызыл түс - ошақтар мен жүректердің жалыны. Ақ түс - Францияның халық батыры - Жанна д , Аркті бейнелейді. Тудың қазіргі түрі 1794 жылы қабылданған.

Франция республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы элипс түрінде бейнеленген. Ортасында билік пен республиканың белгісі ретінде дикторлық буда бейнеленген. Лентада «еркіндік, бостандық, бірлік» деген сөздер жазылып, билік пен данқтың белгісі емен және оливка бұтақтарымен қоршалған. Елтаңбаның бейнесін қоршаған шынжыр - құрмет пен ізеттіліктің бейнесі. Элипстің төменгі жағында Құрметті Легион ордені белгіленген. Францияның әнұраны «Марсельеза» Ұлы Француз ревалюциясының ең атақты өлеңі. «Марсельеза» алдымен революционерлердің, содан соң бүкіл елдің әніне айналды. «Марсельеза» алғашында «Рейн армиясының әскери маршы» деп аталды. Маршты 1792 жылдың 25 сәуірінде әскери инженер Жозеф Руже , д Лиль жазды. Марш француздың революциялық үкіметі «Богем және Венгрия корольдігіне» соғыс ашқаннан соң бірнеше күннен кейін жазылған. 1793 жылдың 24 қарашасында конвент «Марсельезаны» Францияның Мемлекеттік әнұраны ретінде қабылдады. 1848 жылғы оқиғадан соң революциялық толқын бүкіл Еуропаға тарады, «Марсельза» бүкіл дүние жүзіндегі азаттық үшін күрес әніне айналды: Италияға, Польшаға, Венгрияға да тарады. Ән Париж коммунасы кезінде 1871 жылы ұрыс майданында шырқалды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Вишидің үстемдігі тұсында айтуға тыйым салынды, бірақ 1944 жылы Францияның әнұраны болып қайта жарияланды.

Географиялық орналасқан жері: Батыс Еуропада орналасқан. Батысы мен солтүстігін Атлант мұхиты шаяды және Ла-Манш бұғазы орналасқан, оңтүстігінде Жерорта теңізімен шектеседі. Солтүстігінде - Бельгия және Люксембургпен, шығысында - Германия, Швейцария; Италиямен, Оңтүстігінде - Монако, Андорра және Испаниямен шектеседі.

Мемлекет көлемі - 547026 шаршы км. Әкімшілік-территориялық бөлімі: Француз Республикасының құрамында 22 аймақ (Бретань, Бургундия, Прованс т. б. ) және 96 департамент, 4 теңіз артындағы департаменті(Гваделупа, Мартиника, Гвиана, Реюньон), 4 теңіз артындағы территоиялар ( Француз Полинезиясы, Француз Антарктида, Оңтүстік жерлер, Уоллис пен Футуна, Жаңа Каледония аралдары), сонымен қатар ерекше статусы бар территориялық құрылымдар (Микелон, Сен-Пьер және Майот аралдары) . Оның көбіне өзендер мен таулардың есімдері берілген. Департаменттер коммуналардан тұрады, олардың саны 37, 7 мыңға жуық.

Франция құрамына: Корсика аралы, Бискай шығанағы мен Жерорта теңізінің ұсақ аралдары кіреді. Францияның Америка, Африка және Океанарияда иеліктері бар. Олардың жалпы көлемі-127 мың км 2 , ал халқы-шамамен 1, 5 млн адам. Теңіздің ар жағындағы маңызды департаменттер мен территориялар: Гвиана(Француздық), Француздық Полинезия, Жаңа Каледония, Реюньон, Мартиника және Гваделупа аралдары.

Тарихи мәлімет: Франция - Батыс Еуропа территориясындағы ең көне мемлкеттердің бірі. V ғасырдың соңғы ширегінде қазіргі Францияның территориясын патшалық құрған франктер жаулап алды. Ол мемлекет шекарасын Батыс және Орталық Еуропаға дейін кеңейткен Ұлы Карл тұсында гүлденді. Карлдың өлімінен соң империя бірнеше мемлекетке ыдырады, оның біреуі Франция болды. 1337 жылдан 1453 жылға дейін созылған Жүзжылдық соғыс басталды. 1789 жылғы Ұлы Француз революциясы нәтижесінде монархия орын алды. 1789-1791 жылдардан бүгінгі күнге дейін Францияда 5 республика болып, 16 конституция қабылданған. 1792 жылы Франция республика болып жарияланды. Дегенмен республика көпке бармады, оны басында Наполеон Бонапарт тұрған империя ауыстырды. Наполеонның жеңілісінен кейін Францияда 1848 жылы ел қайтадан республика атанғанша конституциялық монархия (1815 жылы) орнады. Екінші Республика 1852 жылға дейін өмір сүрді. 1802 жылдан 1814 жылға дейін Францияда Наполеон Бонапарттың империясы, 1814-1830 жылдары - Бурбоновтың революцияға дейінгі династия монархиясы, кейін Луи-Филипп монархиясы болды. 1852-1875 жылдары Луи-Наполеонның ІІ империясы (ІІ республиканың алғашқы президенті Наполеон Бонапарттың інісі) . Бәрінен төртінші республика көп өмір сүрді. 1871 жылы Францияда республикалық басқару орнатылды. 1946 жылғы соғыстан кейінгі конституция Францияда парламенттік республиканы орнатты. Франция БҰҰ мен бұл ұйымның көптеген маманданған агенттіктерінің, ОБСЕ, ЕС, НАТО (North Atlantic Treaty Organization) 1949 жылы кірді), Экономикалық Бірлестік пен Даму Ұйымының мүшесі болып табылады 2 . [61-62бб. ] 1958 жылы көктемде елде үкіметтің үздіксіз ауысуынан пайда болған өткір саяси кризис болды, халық билікке сенуден қалды. Бұл жағдайда үкімет басшысы болып Францияның ұлттық батыры, ІІ дүниежүзілік соғыстың қолбасшысы генерал Шарль де Голль тағайындалды. Оған Францияның жаңа конституциясының жобасын жасап, референдумға шығаруға тапсырыс берілді. Сол 1958 жылы референдум қабылдаған бұл конституцияда биліктің, соның ішінде республика президентінің рөлі артқан. Шарль де Голль билігі тұсында ел еуропалық саясаттағы көшбасшылықты иеленді. 1968-1974 жылдарда елді Жорж Помпиду, 1974-1981 жылдарда Валери Жискар д , Эстен, 1981-1995 жылдарда Франсуа Миттеран басқарған, ал 1995 жылдың 17 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін Францияның президенті Жак Ширак.

Халқы: шамамен 58, 6 млн адам, соның ішінде 93% - француздар, қала халқы 75%. Тығыздығы 108, 3 адам/км 2 . Орташа өмір сүру деңгейі 77 жыл.

Ресми тілі: француз. Бретаниде - бретондық, Пиренейде - бак және каталандық, Провансте - провансалдық, Фландрияда - фламандтық, Эльзас пен Лотарингияда - неміс диалектері.

Астанасы: Париж (9 миллион 645 мың адам) . Уақыты: Астана уақытынан 5 сағат кем. Табиғи жағдайы: Францияның батыс және солтүстік аудандары - жазықтар мен аласа таулар, орталығы мен шығысында - орташа таулар, оңтүстік-батысында - Пиреней, оңтүстік-шығысында - Альпі (Франция мен Батыс Еуропаның биік нүктесі - Монблан, 4807 м) . Ірі өзендері: Сена, Рона, Луара, Гаронна, шығысында - Рейн ағысының бөлігі. Францияда 200-дей өзен бар. Ормандар территориясының 24%-ін алады.

Кен байлықтары: мұнай, табиғи газ, көмір, темір, мыс, алюминий, вольфрам, және Францияда ең көп АЭС бар.

Климаты: Францияда климаттың үш түрі байқалады: батысында - мұхиттық, оңтүстігінде - жерорта теңіздік, елдің орталығы мен шығысында - континентальді, Жерорта теңізінің жағасы - субтропикалық, . Қаңтардың орташа температурасы +3 0 С, шілденікі +20 0 С. Ал Көгілдір жағалауда қаңтардың орташа температурасы - 2-10 0 С, ал шілденікі -17-29 0 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері - 600-1000 мм, тауларда - 2000-нан астам мм.

  1. кесте - Париждің орташа температуралары (0С)

Қаңтар

ақпан

наурыз

Сәуір

мамыр

маусым

Шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Қаңтар: 7, 5
ақпан: 7, 1
наурыз: 10, 2
Сәуір: 15, 7
мамыр: 16, 6
маусым: 23, 4
Шілде: 25, 1
тамыз: 25, 5
қыркүйек: 20, 9
қазан: 16, 5
қараша: 11, 7
желтоқсан: 7, 8

Парижге жылдың кез келген уақытында баруға болады. Мұнда жазы ыстық, әйтседе жеңіл батыс желі салқындық алып келеді. Көпшілік демалыс кез - шілде-тамыз айларында париждықтар қаладан кетеді. Қысы дымқыл, бірақ қар сирек түседі. Көктем және қыркүйек-қазан - келуге қолайлы уақыт.

Экономикасы: Франция - жоғары дамыған индустриалды-аграрлы ел. Шаруашылықтың жетекші салалары: машина жасау, авиакосмостық, тау-кен өндіру, электротехникалық, химиялық, тағамдық, металлургия, жеңіл және орман шаруашылығы. Ең ірі индустрияланған орталықтары: Париж, Марсель, Гавр, Страсбург, Нант, Тулуза. Ауыл шаруашылығы құрылымында жетекші орын жоғарлы тауарлы мал шаруашылығы мен аз деңгейде өсімдік шаруашылығына тиесілі. Кірістің ірі қайнары - халықаралық туризм. Франция ет, сүт, ірімшік өндіруден және бидай, қант қызылшасы, жүгері, арпа, жүзім егу жөнінен Батыс Еуропада І орында 3 . Көпшілік ұлттық өнімі 1333, 7 млрд $. Жылдық өсімі 3, 3%. Инфляция деңгейі 1, 8%. Импорт 287, 47 млрд $; экспорт 291, 21 млрд $.

Мереке мен демалыс күндері: 1 қаңтар - Жаңа жыл; сәуір-Пасха; 1 мамыр - Еңбек күні; 8 мамыр -II дүниежүзілік соғыс аяқталған күн; 14 шілде - Бастилияны алған күн, Фрацияның ұлттық мерекесі; 1 қараша - Бүкіл әулиелер күні; 11 қараша - I дүнеижүзілік соғыстағы достасқан күн; 25 желтоқсан - Рождество. Мереке күндері мемлекеттік мекемелер, пошталар мен банктер жұмыс істемейді.

Виза: шенгендік. Француздық визада келіп-кету датасы болмайды. Француздық визада тек іске асырыла бастаған күн, максималды мерзімі, кетудің соңғы күні ғана көрсетіледі. Визаның кетудегі іске асу мерзімі-60 күн. Транзиттік виза 3күнге дейін келуге рұқсат береді.

Консулда құжаттарды қабылдау алдын-ала жазылумен жүреді. Визаны беру мерзімі көбіне 1-ден 5-7 күнге дейін, бірақ жұмыстың көптігіне байланысты созылуы мүмкін.

Кедендік бақылау: 200 темекі, не 100 кішкене сигар, не 50 сигар, не 250г табак; 1л мықты спирттік сусындар, 2л асханалық шарап, не күштілігі 22%-дан астам 1л алкогольді сусын, не 2л күштілігі 22%-дан астам шарап; 250мл иіссу, 50мл әтір; 500г кофе, не 200г кофе экстрактісі; 100г шай немесе 40 шай экстрактісі; шектелген мөлшерлі тағамдар (2кг балық, 250г уылдырық, 1кг жануарлардан алынған тағамдар) . Қалған тауарларға 200 евро салынады.

Автомобиль көлігі: Франция әлем бойынша автожолдардың ұзындығы жөнінен алдыңғы қатарды алады, олардың ұзындығы 810 мың км.

Францияда автомобиль жолдары 3 түрге бөлінеді:

1) автобандар («А» әрпімен белгіленеді), жылдамдығы 130 км/сағ-қа дейін шектелген (жауында 110 км/сағ) ;

2) ұлттық жолдар («N» әрпімен белгіленеді), жылдамдығы 90 км/сағ-қа дейін;

3) жергілікті жолдар («D» әрпімен белгіленеді), жылдамдығы 50 км/сағ.

Темір жол көлігі: Темір жолдар ұзындығы - 34 мың км.

Су көлігі: Теңіздік: Одесса-Марсель.

Ірі теңіз порттары: Марсель, Гавр, Дюнкерн, Руан, Нант - Сен-Назер, Бордо. Құрлықтық Сене (Париждің төменінде), Рейн және Сена-Солтүстік, Марна-Рейн бойынша.

Парижде қалалық көлікке бір жол билетін алуға болады: метро, автобус, трамвай. RER белгіленген метро мен электричканың жылдам желісіне басқа билет керек. Париждік Шарль де Голль және Орле әуежайлардан рейстік автобус немесе RER электричкасымен қала орталығына түсуге болады.

Әуежайлардан қашықтықтары: Шарль де Голль - 27 км, Орли - 14 км. Air France, Трансаэро, Uoftransa авиакомпаниялары бар.

Париж метросы - әлемдегі ең көне метролардың бірі. Метро құрлысы 1900 жылы басталған. Жерасты жолдарының ұзындығы 200 км. Орталық стансалары мүсіндермен, керамикалармен, белгілі суретшілердің туындылармен әсемделген.

Ақша бірлігі: 2002 жылдың 1 қаңтарында Еуропалық одақ территориясында 5, 10, 20, 50, 100, 200 және 500 евролық 7 банкноттар, 1 және 2 тиындар, 1, 2, 5, 10, 20 және 50 евроценттік (бір евро 100 центтен құралады) 6 тиын енгізілді. 2002 жылдың 28 ақпанынан (Францияда 17 ақпаннан) жалғыз төлеу заңды құралы евро болды (EUR) . 1USD=0, 8427 EUR (14. 05. 2004) .

Евроның қағазды купюрлері бүкіл елде бірдей, ал тиындары - әр түрлі. Олар бір-бірінен арт жағындағы бейнелерімен, көлемімен, салмағымен, түсімен, материалымен және қалыңдығымен ерекшеленеді 4 . Францияның ұлттық банкі (Banque de France) cайты: www. banque-france. fr Францияның ең көп тараған кредиттік картасы болып Visa табылады. Айырбастау бюросы әуежайларда, вокзалдарда, банктерде орналасқан. Олар күн сайын ашық, тек сенбіде түске дейін жасайды.

Телефон байланысы: Франция коды - 33. Францияның бүкіл территориясында 10 таңбалық нөмір. Барлық нөмірлер егер шекарадан соққанда термейтін 0-ден басталады. Келесі цифрі аймақты көрсетеді (Францияның телефон желесі 5 аймаққа бөлінген) . Таксофон үшін телефон картасын шылым сататын дүкендерден немесе пошта бөлімінен алуға болады. Ең арзан телефон картасы 7, 6EUR тұрады 4 . [37-38бб. ]

Діні: Көбі - католиктер - 76%, мұсылмандар - 5%

Ас үй: Франция мейрамханалары категорияларға бөлініп, жұлдыздарменен белгеленеді. Париждің ең әйгілі мейрамханасының бірі - MAXIM’S. Мұнда шошқа етіне, ванильді кремді жемістерге тапсырыс беруге болады. Кешкі астан соң, ереже бойынша, әр сортты ірімшік (сыр) ұсынылады: бри, камамбер, рокфор. Дәмсізі - бри ірімшігі 2 . [61-б. ]

Францияда тамақ дайындауда бұрынғы салт-дәстүрлер, халықтық рецептер қолданылады. Тағамдарды дайындауда ет, құс еті, балық, ірімшік, көкөністер мен жемістерді шаруа қожалықтарынан алдырады.

Ірі агломерациялары: Париж және Лион.

Франция дамуы жөнінен әлем бойынша ІV орында; АҚШ, Жапония және Германиядан кейін. Францияның жоғарыдағы аталған кереметтерін көру үшін саяхатқа шығар алдында мамандандырылған турагенттіктердің көмегін пайдалануға немесе Францияның Ұлттық Туристік Үйіне консультация үшін хабарласуға болады.

1. 2 Францияның негізгі туристік потенциялы

Қаланың әулиесінің әулиесі - Құдай-ана соборы - Сенаның Ситэ аралында орналасқан. Әлемдік өнер шедеврі, бұл собор Париждің ортағасырлық ансамблі архитектурасында басты орынды иеленді. Ол Сите аралының шығысында, Париждің қақ ортасында орналасқан. Собор өзінің ғажайыбымен, басты фасадының әсемдігімен, мүсіндік декордың байлылығымен таң қалдырады. Бұл жерде галло-римдік кезеңде Юпитерге арналған храм болған, кейін - Қасиетті Этьен шіркеуі. 1163 жылы париждік епископ Морис де Сюллидің инициативасы бойынша Құдай-анаға арналған собор болды. Жұмыс ХІІІ жүзжылдықтың соңына дейін жалғасты. ХҮІІІ ғасырда витраждарды храм жарық болу үшін мөлдір ашық әйнектермен алмастырды; 1771 жылы ХҮ Людовиктің архитекторы Ж. Суффло салтанатты процессия кезінде балдахинді өткізу үшін орталық порталды кеңейтті. Ұлы Француз революциясы кезінде француз корольдері деп санаған ірі порталдар мен библеялық патша мүсіндері қиратылды. Наполеон Бонапарт тұсында собор қайтадан іске асты, дегенмен оған түскен шығынның салдарынан ол нашар халге келді. Храмды сақтауда Виктор Гюгоның «Құдай-ана Соборы» романы маңызды рөль атқарды - ол оның жағдайына көңіл бөлгізді, 1844-1864 жылдары соборда архитектор-реставратор Э. Виолле-ле-Дюканың жетекшілігімен үлкен қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді 4 . Собордың мұнарасына көтерілуі қиын күрт баспалдақтарымен көтерілгенде жоғарыда Париждің қияли көрінісі көз алдыңызға келеді.

Триумфальды арка жобасын архитектор Шальгрен құрастырды. Алғашқы тасы 1806 жылы қаланды, дегенмен құрылысы үзілістермен 1836 жылға дейін созылды. Арка ежелгі римдік үлгімен салынды, бірақ олардың көлемінен асады: оның биіктігі 50 м, ені 45 м. Мүсінді декордың тақырыбы - Наполеонның басқару кезі мен революция кезіндегі Францияның жеңісі. Арканың сырқы бетінде әскери баталиялар өткен жерлер атауы мен генералдардың есімдері көрсетілген. Құндысы керемет мүсінші Франсуа Рюдом істеген горельеф болып табылады - «Марсельеза». Арканың төбісінде Дефанс аркасына дейін баратын Ұлы Армия даңғылы мен Елисей Далаларын қарауға мүмкіндік беретін платформа орналасқан 4 . [81-б. ]

Лувр - бұрынғы патша сарайының аты, сонымен қатар әлемдегі ең әйгілі және ең ірі мұражайдың да аты. Луврдың құрылысы көптеген жүз жылға созылды. XII ғасырдың соңында король Филипп II Август III Кресті жорыққа шығып бара жатып, ағылшындардың шабуылынан қауіптеніп, өздері салған Париждің қорғанын күшейтіп, қорғаныстың ең әлсіз жеріне, Сенаның жағасына, көптеген мұнаралармен қоршалған күшті қорған салуды ұйғарды. Филипп Августің Луврі қазіргі Луврдің Шаршы ауласының ширегінен астамдай көлемде болды, оның іргетасы сақталған, ал оларды мұражайға келгенде көруге болады. Корольдер Ситэ аралында сарайда тұра берді, бірақ Филипп IY қорғанға патшалық қазына мен арсенал орналастырды. Ү Карл тұсында жаңа қабырға салып, Лувр қорғаныс ғимараты ретінде рөлін тоқтатты. Карл оны патша резиденциясына айналдырып, оған өзінің атақты кітапханасын орналастырды. Дегенмен 1, 5 жүзжылдық бойына француз корльдері Луардегі қамалда тұрғанды жөн санады. І Франциск Парижге қайтуды шешті де, ескі қорғанды бұзып, оның іргетасына сарай тұрғызуды бұйырды. Соның тұсында жұмыс басталып, ІІ Генрих пен ІІІ Генрих тұсында жалғасты; Екатерина Медичи тұсында Тюилири сарайы тұрғызылып, Сена бойымен кететін галерея құрылысын бастады. Бұл 2 сарайды жалғастырып тұратын галереяны ІҮ Генрих салып аяқтады. ХІІІ Людовик тұсында жалғасып, ХІҮ Людовик тұсында Шаршы ауласы салынып аяқталды. Ал Наполеон Бонапарт Карузель алаңын кеңейтіп, Триумфалды арканы қондырды. ХХ жүзжылдық Лувр архитектуралық ансамблінің құрылысына өз үлесін қосты - сонымен Наполеон ауласында кірер жерде әйнек пирамида пайда болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция мемлекетінің туристік индустриясы
Экологиялық туризм географиясы.Ауылдық туризм географиясы
Іс-шаралар туризмінің қазіргі жағдайын талдау, жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда дамуы
Велосипед туризмінің теориялық негіздері
Халықаралық оқу туризмінің теориялық аспектілері
Греция мемлекетінің тризмдік бағытының дамуы барысы және халықаралық деңгейдегі алатын орыны
Сервис қызметінің мәдениеті және оның ерекшелігі
Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру
Ресейдегі велосипед туризмі
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz