Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі: қызмет этикасы және нормативтік негіз


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 19, 225-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 5 мамыр N 94

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлiк бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 2, 16-құжат) ;

2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 328 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 мамырдағы N 866 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 14, 137-құжат) .

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 3 мамырдағы
N 1567 Жарлығымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң
АР-НАМЫС КОДЕКСI
(Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет
этикасы ережелерi)

Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттiк қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп сенiм бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң осы ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi - Кодекс) "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.
Мемлекеттiк органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетiлген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары) осы Кодекстiң мәтiнiн мемлекеттiк органдардың ғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерлерге орналастыруды қамтамасыз етедi.
Ескерту. Төртiншi абзацқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 2007. 11. 27. N 446 Жарлығымен.

1. Мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiнде:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, мемлекет мүдделерiн қорғауға; Қазақстанның беделiн түсiретiн iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

2) Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға;

3) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын iс-әрекеттерге жол бермеуге;

4) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;

5) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, әдiл де сапалы атқаруға, ол үшiн өзiнiң жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға;

6) жоғары кәсiби жұмыс үшiн барлық күш-жiгерiн жұмсауға, қойылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы және үнемдi әдiстерiн қолдануға, сенiп тапсырылған мемлекеттiк мүлiктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға;

7) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға;

8) мемлекеттiк қызмет мүдделерiне залал келтiретiн iс-әрекеттi болдырмауға; мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерiн қозғайтын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметiне араласпауға;

9) кәсiпкерлiк қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектiлерiнiң мүдделерiн сүйемелдеуге жол бермеуге;

10) қызметтiк ақпаратты пайдакүнемдiк және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге;

11) қызметi жоғары немесе төмен тұрған не өзiмен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тәуелдiлiктегi адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктiк сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;

12) мемлекеттiк функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметiн пайдалану фактiлерiне жол бермеуге;

13) заңмен белгiленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдiк жеке және заңды тұлғалар есебiнен мемлекетiшiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақырулардан бас тартуға;

14) өзiнiң iске көзқарасымен және жеке мiнез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге;

15) мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс жасауына және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындауына бөгет болатын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;

16) кадрларды жерлестiк және жеке өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;

17) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерiне жол бермеуге және жолын кесуi;

18) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстануға тиiс.

2. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттiк қызметшiлер:

1) азаматтардың мемлекет институттарына сенiмiн нығайтуға ықпал етуге;

2) қарапайымдылық танытуға, өзiнiң лауазымдық жағдайын, соның iшiнде көлiк, сервис және өзге де қызметтердi алу кезiнде, баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өзiнiң iс-әрекеттерiмен және шешiмдерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға ұшырамауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, оған төзiмдiлiкпен қарауға, оң сын-ескертпелердi кемшiлiктердi жою мен өзiнiң кәсiби қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;

4) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;

5) шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге;

6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға; Z970151

7) сыпайы және әдептi болуға тиiс.

3. Өзiне бағынысты қызметкерлерi болатын мемлекеттiк қызметшiлер:

1) бағынысты қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк өкiлеттiктерiнiң көлемiн олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынысты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкiмдер бермеуге және олардан қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;

2) бағынысты қызметкерлерiне қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк фактiлерiне, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiтуге, жөнсiздiкке жол бермеуге;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық мәртебесі: түрлері, құқықтары және міндеттері
Жыраулар поэзасындағы ар-намыс пен тектілік мәселесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің этносаралық және конфессияаралық төзімділігі: теориялық-әдіснамалық негіздер мен дамыту бағыттары
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді азаматтық-құқықтық қорғау
Қазақстан азаматтық заңнамасында ар-намыс, абырой және іскерлік беделдің теориясы мен қорғалу жолдары
Аудармашының моральдық кодексі мен кәсіби этикасы
Мемлекеттік қызметшінің этикасы мен кәсіби имиджін қалыптастыру
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін қалыптастыру: бюджет кодексі мен Ұлттық қор
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz