Ш. ш. уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Начало формы

Конец формы

Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары

Ш. Уәлихановтың (1835- 1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округі туралы», «Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т. б. шығармаларында казак коғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.

Қазақтардың өмір сүрген патриархалды - феодалдық коғамы барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді. Қазақ коғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеудің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтік - экономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол Ресей державасының «кұрамына еніп отырған барлық бұратана тайпалардың ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің - казактардың үлесіне тиеді», - деген қорытындыға келеді.

Қазақ коғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, коғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, казак елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформаны аяғына дейін жеткізуді маңызды процесс деп санайды.

Егер де коғам мұқтаждығы мен құралдары белгілі болса, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мақсатын көздеген кез келген реформа алға қойған мақсатына сол уақытта ғана жетеді.

Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін кере білу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажеттілігі қоғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді. Ал бұның езі дифференциялау принципі тұрғысынан қаралуы керек. Қазақ қоғамында жүргізілетін реформалардың ішінде адамның тұрмысын жақсартуға ықпал ететін реформа ғана пайдалы, ал бұл мақсатқа жетуге кедергі келтіретін реформа «зиянды». Сондықтан ол бұл мақсатқа жете алмайтын кез келген реформаторлықты жоққа шығарды. Қазақ еліне қоғамдық әмірдің «экономикалық және әлеуметтік» жақтарын қамтитын реформа қажет деп санады.

Ш. Уәлихановтың тұжырымдауынша, коғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, олар «халықтың маңызды мұқтаждарына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде қолданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатқа - езінің материалдық әл-ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының езі прогресс болып саналады».

Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы коғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегінде халықтың материалдық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы кызметін атқарып, соған бағындырылады. Сол халықтың пайдасы үшін іске асырылатын коғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілігіне» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек. Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар деп отырғаны қазақтың ауылдық - рулық қауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы, еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы жақтары еді. Сонымен катар оның өзара көмек, тұрмыста бір-біріне қол ұшын беру және өзін-өзі басқару белгілерін де назардан тыс қалдырмай, олардың маңызды жақтарын ашып көрсетті. Шоқанның пікірі бойынша, бұлар «оқыған еуропалықтардың еліктеуіне» тұрарлық құбылыстар.

Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі таңда біздің елімізде жүріп жатқан реформа үшін практикалық маңызы зор. Бірақ осы құнды пікірдің ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға да соқтыруда. Қоғамның күйін және халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын есепке алмай, өзге елдің тәжірибесін көзсіз енгізе салуды республика өз басынан кешірді. Бұның бәрі жүргізіліп жатқан реформаның барысына әсерін тигізбей қоймады.

Шоқан реформаны халыққа тануға да қарсы болды. Оның көзқарасы бойынша, «еріксіз, күштеп іске асырылған реформа казіргі таңға дейін адамзатты ауыр зардапқа соқтырып келеді». Ол қазақ елін басқарудың мұндай әдістерінен сақтандырды, өйткені олар халықты толқытуы мүмкін деп санады. Ойшылдың пікірі бойынша, реформа қайсыбір коғамға тән терең қажеттіліктерден туындауы керек. Бұдан кері жағдайда қолданылған шаралар іске аспайды, тіптен қоғамдағы өзгертулерге жағымсыз ықпал ететін процестерді тудыруы мүмкін.

Оның пікірінше, мұндай апаттарды «жөнсіз теорияларға сүйенген немесе басқа халықтың өмірінен алынған» реформа қалыптастыруы мүмкін. Шоқан өлкеде жүргізілуге дайындалып жатқан сот реформасын осындай реформаның қатарына жатқызды. Үкімет шенеуніктерінің реформа жөнінде еңбекші халықтың пікірімен санаспай, «танымал қырғыздардың» пікірін білуге ұмтылуын қателікке есептеді. « . . . танымал және бай адамдардың мүдделері, тіптен жоғары өркениетті қоғамдардың өзінде, кебіне - көп бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне қарсы болады».

Реформалардың сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланыстырып қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жүреді. Осыдан келіп халықтар: өзін - өзі дамыту, өзін - өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өзін-өзі жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.

Шоқан қазақ коғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік - таптық құрамының коғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі ірі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін ол адамның шыққан ата-тегінен, мал-мүлкінен, билік ету деңгейінен көреді. Ақ сүйектер түрлі жеңілдіктерге ие болған индивидтердің жабық сословиесі еді. Бұған төрелер, яғни хан тұқымынан шыққандар енді. Шоқан қожаларды ақ сүйектердің қатарына жатқызбаған. Бірақ халық оларды білімі үшін кұрметтейтін еді, деген ой айтады. Қара сүйектер қазақтың билері, байлары, батырлары, тархандары, ақсақалдарынан тұрды. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік иерархиясының ең төменгі сатысының негізгі бөлігін шаруалар құраса, қалған бөлігін төрелердің әр түрлі тапсырмаларын атқарған төлеңгіттері толтырды. Шоқан осы жікті құлға балайды. Өмірде олардың статусы құлдардан жоғары еді. Қазақстанның Ресейге бодан болуы, хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т. б. себептер қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымына жаңа өзгерістер енгізді. Қоғамды ақ сүйек пен қара сүйекке бөлу бірте-бірте бәсеңдеп, тоқтады. Ендігі жерде қазақ халқының әлеуметтік -таптық құрылымының бай және кедейге бөлінгенін, кедейлердің «сахара пролетариаты» болғанын, олардың ауыр жағдайын ашып жазды. Бұл екі таптың әлеуметтік мүдделерінің тіптен үйлеспейтінін, соның салдарынан олардың арасында шиеленістік жағдайлардың болу мүмкіндігін ашады. Орыс казактарының қазақ жеріне қоныстандырылуы коғамның әлеуметтік құрылымына өзгеше сипат беріп, ұлтаралық қарым - қатынастарды қалыптастырды.

Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.

Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың әз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуынан, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. «Қазақтардың ерісі мен қонысы туралы» деген мақаласында Шоқан: «Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса да жерге әрдайым зәруі, - деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады. Жерді ұлтаралық карым - қатынастағы негізгі мәселе етіп қояды.

Шоқан орыс казактарының станицасына казактардың байырғы ата - қонысы Баянауылдың өту салдары мал жайып, мал қыстататын жерлерінен айрылуына, малдарының қырғынға ұшырауына, казактардың материалдық жағдайының нашарлауына соқтырғанын жазды. Өздері астық өндірумен шұғылданбаған казактар станица жерін жергілікті халыққа жалға таратып, одан түскен өнімнен садық жинап отырған. Бұл жағдайлар қазақтар мен орыс казактарының арасын шиеленістіре бастады. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеген Шоқан 1864 жылы 26 наурызда Батыс Сібір әкімшілігіне хат жазып, бұл мәселе бойынша пікірін білдіреді.

Онда Баянауыл станицасының жерлерін кайта бөлуді ұсынып, ең алдымен қыстақтық мекендер мен орманды алқаптар казактарға, олардан артылса ғана казактарға жер таратып беруге болады деп есептейді.

Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез келген халықтың өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін - өзі басқаруын және өзін-өзі жазғыруын қоғамдық даму заңдылықтары ретінде қарастырып, олардың казак коғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.

Ресей әлемдік сот тәжірибесін қабылдап, оны шеткі аймақтарға, соның ішінде казак еліне таратпақшы болды. Шоқан патша үкіметінің осы әрекетіне қарсы шығып, оның негізсіздігін сынға алды. Оның пікірінше, «рулық тұрмыс пен рулық қатынастар үстем етіп тұрған шақта, халықтың бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінің ерекшеліктерінің ықпалынан қалыптасқан казіргі әрекет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары
Ш. Уалихановтың адам және қоғам туралы ой-пікірлері
Ұлы Дала ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары туралы ақпарат
Қазақстандағы әлеуметтік көзқарастар мен әлеуметтану ғылымы
Абайдың әлеуметтанулықой - пікірлері
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары жайлы
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Тарихи әлеуметтану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz