Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І.тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық.психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық.педагогикалық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық.педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ.тарау. Тұлғаның өзін.өзі дамытудың теориялық негізі ... ... ... ...
2.1. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның өзін.өзі дамытудың тұжырымдамалық көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Жоғары оқу орындары студенттерін кәсіби тәрбиелеудің мақсаты ретіндегі маманның субъектілік қалыптасуы мен өзін.өзі дамытудың моделі.
Кіріспе

XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені «адам-адам» жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі - болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының қалыптасу проблемасы бойынша білім қоры жинақталған. Оларға философтардың жасаған адамның гуманистік тұжырымдамасы жатады. М.М. Бахтин, В.С. Библер, Н.А. Бердяев, Л.В. Коновалова, О.Н. Крутова, М.К. Мамардашвили, А.Г. Шварцман, т.б. пікірінше адам тұлғасының ерекшелігі, өзгешелігі мен өзіндік құндылығы ерекшеленеді, адамның рухани дамуы, өзінің өмірлік орнын айқындау мен экзистенционалдық таңдауға дайындығы анықталады. Ресей педагогикасы мен психологиясында адамның мәні адам өз өміршендігінің субъектісі ретінде және өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаның субъектісі ретінде қарастырылады: Б.Г.Ананьевтің, А.Г. Асмоловтың, Л.С. Выготскийдің, О.С. Газманның, Э.В. Ильенкованың, Н.Б. Крылованың, Л.Н. Куликованың, А.Н. Леонтьевтің, В.Н. Мясищевтің, С.Л. Рубинштейннің, В.И. Слободчикованың және т.б. еңбектерінен көруге болады. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде білімберу сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру туралы Л.Гумилев, Н.Джандильдин қарастырған [25, 304]. Келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңыздылығы бар. Оларда, нақты айтқанда, казақ халқының педагогикалық-психологиялық ойларының пайда болуы мен дамуы туралы зиялы тұлғалардың ерекшеліктерін зерттеумен байланыстырып сөз етіледі [31, 168]. Адам тұлғасының дамуына қазақ халық педагогикасының әсері туралы ғылыми-педагогикалық негіздерін Сәдуақас Қалиев қарастырған, тұлғаға әсер етудің эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін С.Ұзақбаева [72], Ә.Табылды [70, 3] зерттеген. Оқушы жастардың тұлға ретінде қалыптасып, дамуына қазақ халқының көркем мәдениетінің даму рөлі туралы М.Балтабаев зерттеген [12,168]. Бірақ өкінішке орай, білім берудің қалыптасқан жүйесі, директивті педагогиканың теориялық көзқарасы мен әдістерінің жүйесі ретінде қаралады. Оның психологиялық мазмұнында оқушы-студент туралы пассивті, тәуелді және өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға қабілетсіз деп түсінік беріледі, яғни осындай тұлға болашақта маман ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындай алмайды [(К.А. Абульханова –Славская)3, 199; (А.Г.Асмолов) 11, 3-12; (А.Булынин)21, 22-26; (Л.М. Митина) 48, 28-38; (А.В. Мудрик) 49, 80; (А.В. Петровский) 57, 44-53]. Осы дағдарыс жағдайынан шығу жолы бірінші ретте, білімберуді тұлғалық ұстанымдарға және жеке қөзқарасқа қайта бағдарлауда болады [(Ш.А. Амонашвили) 9, 560; (Б.М.Бим-Бад) 15, 3-9; (Т.В.Габай) 23, 160; (С.М.Джакупов) 28, 195; (Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы) 40, 31; (М.М.Мұқанов) 50, 90-95; (Ж.И.Намазбаева) 52, 3-10; (2030 жылдарға дейін ҚР білімберудің даму стратегиясы) 68, 11]. Білім беру жүйесіндегі тұлғаға бағытталған көзқарас гуманистік парадигманы іске асырумен байланысты (оқыту, тәрбиелеу және дамыту теориясы мен әдістерінің жүйесі), яғни тұлғаның өзіне және оның құндылықтарына бағыттаушылық [(Ш.А.Амонашвили) 9, 560; (Т.В.Габай) 23, 160; (Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы) 40;

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың
педагогикалық-психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың
психологиялық-педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ-тарау. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі ... ... ... ...

2.1. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның өзін-өзі
дамытудың тұжырымдамалық
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Жоғары оқу орындары студенттерін кәсіби тәрбиелеудің мақсаты
ретіндегі маманның субъектілік қалыптасуы мен өзін-өзі дамытудың моделі.

Кіріспе

XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тенденциясы
белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені
қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық,
әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына
жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға
бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып
келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап
беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының
жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған,
білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ
маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге
педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді.
Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа
ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының
бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты
болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық
фактор жетекші болады, өйткені адам-адам жүйесінде әсер етудің эффектісі
әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен
анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі
барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына
қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік
білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі
дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа
жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен
сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға
бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ
ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік
парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы
қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып
табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз
білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын
айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам
дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын
талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір
методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін
таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан
қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық,
психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды
дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы
мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде
болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық,
психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі -
болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби
өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының
қалыптасу проблемасы бойынша білім қоры жинақталған. Оларға философтардың
жасаған адамның гуманистік тұжырымдамасы жатады. М.М. Бахтин, В.С. Библер,
Н.А. Бердяев, Л.В. Коновалова, О.Н. Крутова, М.К. Мамардашвили, А.Г.
Шварцман, т.б. пікірінше адам тұлғасының ерекшелігі, өзгешелігі мен өзіндік
құндылығы ерекшеленеді, адамның рухани дамуы, өзінің өмірлік орнын
айқындау мен экзистенционалдық таңдауға дайындығы анықталады. Ресей
педагогикасы мен психологиясында адамның мәні адам өз өміршендігінің
субъектісі ретінде және өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаның субъектісі
ретінде қарастырылады: Б.Г.Ананьевтің, А.Г. Асмоловтың, Л.С. Выготскийдің,
О.С. Газманның, Э.В. Ильенкованың, Н.Б. Крылованың, Л.Н. Куликованың, А.Н.
Леонтьевтің, В.Н. Мясищевтің, С.Л. Рубинштейннің, В.И. Слободчикованың және
т.б. еңбектерінен көруге болады. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде
білімберу сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру
туралы Л.Гумилев, Н.Джандильдин қарастырған [25, 304]. Келесі қазақстандық
ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңыздылығы бар. Оларда, нақты айтқанда,
казақ халқының педагогикалық-психологиялық ойларының пайда болуы мен дамуы
туралы зиялы тұлғалардың ерекшеліктерін зерттеумен байланыстырып сөз
етіледі [31, 168]. Адам тұлғасының дамуына қазақ халық педагогикасының
әсері туралы ғылыми-педагогикалық негіздерін Сәдуақас Қалиев қарастырған,
тұлғаға әсер етудің эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін
С.Ұзақбаева [72], Ә.Табылды [70, 3] зерттеген. Оқушы жастардың тұлға
ретінде қалыптасып, дамуына қазақ халқының көркем мәдениетінің даму рөлі
туралы М.Балтабаев зерттеген [12,168]. Бірақ өкінішке орай, білім берудің
қалыптасқан жүйесі, директивті педагогиканың теориялық көзқарасы мен
әдістерінің жүйесі ретінде қаралады. Оның психологиялық мазмұнында оқушы-
студент туралы пассивті, тәуелді және өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі
ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға қабілетсіз деп түсінік беріледі, яғни
осындай тұлға болашақта маман ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын
орындай алмайды [(К.А. Абульханова –Славская)3, 199; (А.Г.Асмолов) 11, 3-
12; (А.Булынин)21, 22-26; (Л.М. Митина) 48, 28-38; (А.В. Мудрик) 49, 80;
(А.В. Петровский) 57, 44-53]. Осы дағдарыс жағдайынан шығу жолы бірінші
ретте, білімберуді тұлғалық ұстанымдарға және жеке қөзқарасқа қайта
бағдарлауда болады [(Ш.А. Амонашвили) 9, 560; (Б.М.Бим-Бад) 15, 3-9;
(Т.В.Габай) 23, 160; (С.М.Джакупов) 28, 195; (Білім беру жүйесіндегі
мемлекеттік саясат тұжырымдамасы) 40, 31; (М.М.Мұқанов) 50, 90-95;
(Ж.И.Намазбаева) 52, 3-10; (2030 жылдарға дейін ҚР білімберудің даму
стратегиясы) 68, 11]. Білім беру жүйесіндегі тұлғаға бағытталған көзқарас
гуманистік парадигманы іске асырумен байланысты (оқыту, тәрбиелеу және
дамыту теориясы мен әдістерінің жүйесі), яғни тұлғаның өзіне және оның
құндылықтарына бағыттаушылық [(Ш.А.Амонашвили) 9, 560; (Т.В.Габай) 23, 160;
(Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясат тұжырымдамасы) 40;
(Ж.И.Намазбаева) 52, 3-10; (2030 жылдарға дейін ҚР білімберудің даму
стратегиясы) 68, 11].
Философияда тұлға әлеуметтік және биологиялық сипаттамалары бар адам
ретінде анықталады. Әр адам, тұлға бола тұра, бір жағынан, жеке болады,
екінші жағынан - әлеуметтенген болады, яғни әлеуметтік маңызы бар
қасиеттерімен сипатталады. Әлеуметтік сипаттамалар маңызды болып
анықталады: дәл солар өмірдегі жетістікті анықтайды. Кезкелген адамның
әлеуметтік түрі болады. Тұлғаның түрі қоғамның түрімен анықталады.
Психологтар үшін тұлға – психиканың сапасы, ол адамның қоғамда
дамуының нәтижесі ретінде анықталады. Тұлға психикалық ұйымдастыру түрлері
иерархиясының жоғары ерекше деңгейі ретінде, өмір мен іс-әрекет субъектісі
ретінде, қоршаған ортаны және өзін-өзі өзгертетін адам ретінде, индивидтің
бір әлеуметтік қасиеті ретінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды
дамытудың және болмысының жеке формасы ретінде қарастырылады.
Педагогиканы тұлғаның өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының,
өзінің психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді. Одан басқа, тұлға ұғымы басқарудың, өзін-өзі
басқарудың, өз қабілеттерін, қажеттіліктерін, сезімдерін реттеудің
тұлғалық деңгейі туралы көзқарастарды кіріктіреді.
Осыған орай әрі қарай қарастыруды талап ететін негіздемелері ретінде
келесі тұжырымдамаларды айтамыз: педагогикалық процестің тұтастығы, адам
мәдениеті мен адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тұтастығы,
аксиологиялық көзқарас. Оларды тұлғаға-бағдарлаушылық білім берудің ғылыми
негіздерін өндіріп, біріктіреді. Оның мәні – болашақ маман тұлғасының өзін-
өзі дамытуына және әлеуметтенуіне бағытталған, индивидтің тұлғалық
қызметтерін дамытуға бағытталған педагогикалық жүйенің бағдарлануында.
Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарасы оқыту
процесі барысында әр студенттің тұлғасы дамуы үшін ыңғайлы білім беру
ортасын жасауға бағытталған.
Өзін тұлға ретінде қабылдайтын болашақ маман қоршаған адамдарды
қабылдауға деген өзіндегі мүмкіншілігін ашады (әріптестерін, балаларды,
оқушыларды және т.б.), оларды өзіндей көреді және олардың жеке ерекшелігін
сыйлайды. Педагогикалық жәня психологиялық білім берудің негізгі міндеті –
оқушыларды өздігінен ойлауға, проблемаларын шешуге, яғни тұлғалық өсуін
қамтамасыз ету үшін өз қасиеттерін қолдануға үйрететін педагог-психологты
тәрбиелеу.
Білім берудегі тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарас маман тұлғасының
шығармашылық дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін ең тиімді формаларының,
әдістерінің және тәсілдерінің іздестіру аспектісінде орындалатын оның
субъектілерінің тұлғалық қызметтерін дамыту мен толық көрініс беру үшін
жағдайлар жасаудан тұрады. Студенттердің тұлғаға-бағдарлаушылық дамудың
міндеті бірқатар еңбектерде негізделеді (В.В. Сериковтің, А.В.
Петровскийдің, А.К. Маркованың және т.б.). Педагогты дайындау олармен
алдағы педагогикалық жұмыстың субъект іс-әрекеті барысында қалыптасатын
тұлғалық-бағдарлаушылық мән-мағыналардың және субъект іс-әрекетімен
айқындалатын күрделі үрдісі ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай
берілген қасиеттерді қалыптастыру деп қаралмайды, оның негізгі мәні
тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық
мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз.
Сондықтан да педагогикалық және психологиялық тұрғысынан болашақ маманның
өзін-өзі дамыту іс-әрекеті мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін
тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.
Осы проблема Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан әлеуметтік-мәдени
жағдайымен күрделене түседі де, осыған орай біздің еліміздегі әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістері жоғары дәрежелі мамандар дайындығын
талап етеді. Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде болашақ маманның кәсіби
дайындығы мәселелерінің аспектілері қарастырылады:
1. Мұғалімдердің жалпы педагогикалық дайындығы (Н.К. Крупская
[42], Н.В. Кухарев[46], В.А. Сластенин[66], Н.Д. Хмель [56],
М.И. Кудабаева[43] және т.б.);
2. Мұғалімдерді дайындау барысындағы кәсіби біліктерді
қалыптастыру мәселелері (Б.И. Степашин[67], Н.А. Томин, Н.Ф.
Белокур[71] және т.б.)
3. Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер дайындығын
жақсартудың аспектілері (О.А.Абдулина [2], Г.А. Кит[38], Т.
Камзабаев, К. Капбаев, В. Клочко және т.б.);
4. Мұғалімдер дайындығы мен біліктілігін көтеруді жетілдіру
аспектілері (Н.В. Александров [8], Г.А. Победоносцев [58] және
т.б.);
5. Педагогикалық мәдениет мәселесі (М.Х. Балтабаев[12], Т.В.
Иванова [35], Н.З. Чавчавадзе [75], Е.Н. Шиянов [76]);
6. Болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәселелері
(С.Б. Елканов[30], Б.П. Зязин[33], А.И. Щербаков және т.б.).
90-шы жылдары Ресейде, Қазақстанда және жақын жердегі басқа шет
елдерінде университеттік білім беру жоғары білім тберу теориясы
шеңберіндегі зерттеудің объектісі ретіндегі зерттеу жұмыстары пайда бола
бастады:
1. Университеттік білім беруді жетілдіру (Н.С. Ладыжец [47], В.А.
Садовничий [62] және т.б.);
2. Университеттік білім беру қызметтерін модернизациялау (Т.С. Садыков
[63], К.Н. Нарибаев [53], О.С. Сабденов[61], С.А. Абдыманапов [6] және
т.б.);
3. Университеттік білім берудің мақсаты мен міндеттерін дамыту (Т.С.
Садыков[63], К.Н. Нарибаев [53], О.С. Сабденов[61], С.А. Абдыманапов [7]
және т.б.);
4. Ортақ білім беру кеңістігін құру (В.Е. Шукшунов[77], А.И. Галаган [24]);
5. Жоғары білім берудің жүйелі реформалары (Л.Я. Гуревич [26]);
6. Оқу процесін жетілдіру (Ф.Янушкевич[78], В.А. Кан-Калик [37]);
7. Халықаралық ынтымақтастық (А.К. Құсаинов [45] және т.б.);
8. Білім берудің көп сатылы жүйесі жағдайындағы университет студенттерінің
кәсіби қалыптасуы (К.К. Закирьянов [34]).
Сонымен, зерттей келе біздің анықтағанымыз кәсіби тұрғысынан тұлғаның
өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық негіздері жасалмаған.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу
мекемелері мен 86 жоғары оқу орындарының филиалдары бар, осылардың ішінде 9
жетекші университеттердің ерекше статусы бар. Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін көтеру мен оларды дайындау жүйесін жетілдіру мақсатында 2004
жылы 5 мемлекеттік педагогикалық жоғары оқу орындары ашылды [22]. Осы
жоғары оқу орындарының реестірі аккредидатиялық мүшемен Лиссабондық
конвенцияның ережелеріне сәйкес және академиялық мойындау сұрақтары бойынша
ұлттық ақпараттық орталықтардың Европалық жүйесіне беріледі.
Классикалық университеттерде педагогикалық-психологиялық мамандықтары
бойынша 45-тен 95 %-ке дейін бітірушілер (факультеттеріне қарай) білім
алынады екен және осы сан үнемі өсу үстінде. Қазіргі кезде педагогикалық
еңбек нарығы ең ашық болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның барлығы болашақ педагог-психологтардың кәсіби
өзін-өзі қалыптастыру проблемасының ғылыми қарастырылуы бүгінгі күнде
келесі аспектілерде өзекті болатынын көрсетеді:
• әлеуметтік-саяси жоспарда (2005-2010 жылдары Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларын іске асыру);
• университеттік білім беруді дамыту жоспарында;
• мектептік білім беруді дамыту жоспарында;
• болашақ мамандарда әлеуметтік-кәсіби бағдарлау жоспарында;
• педагог пен студент ынтымақтастығы негізінде педагог тұлғасын
дамыту жоспарында.
Қазіргі зерттеулерде қоғамның кәсіби дәрежелі мамандарды талап ету
және олардың тұлғасына ерекше талап қою арасында; дағдыларын өздігінен
дамыту қажеттілігі мен маманның жеке қасиеттерін дамыту ретінде өзін-өзі
дамыту және тәжірибеде осы қасиеттерді қалыптастыру стратегиясының болмауы
арасындағы қарама-қайшылық туындап отыр. Негізгі қарама- қайшылықтың мәні
тұлғаның өзін-өзі дамуы белгілі бір жағдайда өзін-өзі ұсынудың объективті
үдерісі ретінде қаралуында болады екен. Бірақ тұлғаның өзін-өзі дамуының
ерікті процесі басталуы үшін белгілі бір қажетті жағдайлардың болуы маңызды
және оған басшылық ету керек. Осы іс-әрекеттің мәні ғылымда да, тәжірибеде
қарастырылмаған. Сонымен осы зерттеудің өзектілігі бір жағынан тәжірибе
талаптарына жауап беруімен байланысты болады және екінші жағынан осындай іс-
әрекеттің теориялық негізін анықтау деп қарастырамыз. Осы қарама-
қайшылықтың шешілуінің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіру барысында
зерттеуміздің тақырыбын таңдауға мүмкіндік берді: Болашақ маманның өзін-
өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері.
Зерттеудің мақсаты: Болашақ маманның өзін-өзі дамуын анықтайтын тиімді
жолдарын, жағдайлары мен тәсілдерін анықтап, олардың теориялық негіздемесін
жасау.
Зерттеудің объектісі: болашақ маманның өзін-өзі дамытудың үрдісі.
Зерттеу пәні: жоғары оқу орындарында болашақ маманның білім беру
ортасында өзін-өзі дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық-психологиялық
шарттары.
Зерттеудің болжамы: жоғары оқу орындарының білім берушілік ортасы егер
маманды дайындаудың бүкіл жүйесі болашақ маман тұлғасын қалыптастыруда бір
пәннің білім мазмұнымен шектелмей, оның маман ретіндегі қасиеттерін
дамытуды көздеп, гуманистік, тұлғалық-әрекеттік, мотивациялық-құндылық
бағыттарына сүйеніп жасалса, болашақ маманның өзін-өзі дамыту бағытында
тиімді әсер ету мүмкіншілігін анықтауға болар еді. Және тұлғалық кәсіби
өзін-өзі дамытуға бағытталған білімберу үдерісі мазмұнының,
ұйымдастырушылық формалары мен технологияларының тиімді әсерін қамтамасыз
ететін жағдайлары жасалып, студенттердің өзбетінше жұмысы мен аудиториядан
тыс іс-әрекеті олардың тұлғалық қасиеттерін дамыту үдерісі өзін-өзі
дамытудың, таным мотивациясы мен кәсіби іс-әрекетінің ұстанымдарына
сүйенген жағдайларда болады.
Зерттеу мақсаты мен болжамына сәйкес келесі міндеттер айқындалады:
- психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан өзін-өзі
дамытудың феноменін талдау негізінде тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық
негіздерін анықтау;
– болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін
жасау;
– тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби
қалыптасуын анықтайтын факторлар жүйесін жасау;
– болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы психологиялық-
педагогикалық шарттарын анықтау.
Зерттеудің методологиялық негізі:
• жоғары мектеп дидактикасы, білім беру теориясы,
жүйелілік көзқарасы теориясы, тұлғаға бағытталған
көзқарас теориясы, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи
тұжырымдамасы, экзистенционализмнің философиялық
аспектілері, ҚР білімберу және тәрбие саласындағы
нормативтік-құқықтық құжаттар;
• өзін-өзі дамыту үдерісінің тұжырымдамалық бағыттары, оларға
жалпы ғылыми категорияларды тұлға, тұлғалық өсу, өзін- өзі
дамыту талдау жатады;
• дамыту педагогикасының идеялары, іс-әрекет теориясының негізгі
ережелері (Л.С. Выготский[22], С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев),
тұлғаның жалпы психологиялық теориясы (А.В. Петровский[57]),
тұлғаның өзін-өзі дамытудың тұжырымдамасы (А.Г. Ковалев[39]),
басқару теориясы (П.Я.Гальперин), білімберудің гуманистік
идеялары (В.А. Сластенин[66], Е.И. Шиянов[76] және т.б.);
• білім беру философиясы, таным теориясы, тұлға қалыптасуының
теориясы ( Л.С. Выготский[22], М.С. Каган, А.Н. Леонтьев, С.Л.
Рубинштейн және т.б.);
• іс-әрекет тұжырымдамасының негіздемесі (Б.Г. Ананьев[10], Л.С.
Выготский[22], А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн және т.б.);
• жоғары кәсіби білім беру аймағындағы жалпы дидактикалық
зерттеулері (В.Д. Шадриков, В.М. Филиппов, Ковалев С.В., В.В.
Краевский және т.б.).
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің пәні мен логикасына сәйкес,
келесі педагогикалық-психологиялық әдістері қолданылады (анализ, синтез,
классификациялау, жобалау және т.б.); эмпирикалық (педагогикалық-
психологиялық бақылау, ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, сауалнамалар,
педагогикалық-психологиялық эксперимент, педагогикалық-психологиялық
диагностика); математикалық (алынған мәліметтерді тіркеу, шкаласын жасау,
ранжирование). Осы әдістерді экспериментальдық жұмыстың негізі болып,
қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің тұтастығы қамтамасыз
етіледі.
1-ші тарауда философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан
болашақ маманды дайындау үдерісі мәнінің теориялық талдау негізіне ғылыми-
методологиялық ережелері анықталған.
Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық
және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге
жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады. Егер жоғары оқу орны өз
түліктерін кәсіби іс-әрекеттің кіріктірілген (пәнаралық) негіздері
аумағындағы білім мен біліктермен қамтамасыз етсе, оларды маман етіп
дайындаса, әр пәннің аппаратын (методологиясын, негізгі ұғымдары мен
ережелерін) таным және кәсіби іс-әрекет міндеттерін шешудің тәсілі пайда
алынатын етіп шығарса бұл мүмкін болар еді. Болашақ мамандарды кәсіби
дайындаудың методологиялық алғышарттары ретінде жоғары кәсіби білім
берудегі жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым қарастырылады. Жүйелі-іс-әрекеттік
тұжырым екі мағынаны біріктіреді: жүйелі көзқарас пен іс-әрекеттік
көзқарас.
Жүйелі көзқарас негізінде біржақты аналитикалық, зерттеудің себептік
әдістерінен бас тартады да, объектінің кіріктірілген қасиеттері тұтастығына
сүйенеді, олардың пайда болуына, сондықтан да қоршаған ортамен объектінің
өзіндегі байланыстар мен өзара әрекеттестігін анықтауға назар аударылады.
Жүйелілік көзқарасы – жинақталған термин. Онымен түрлі нақты ғылымдардан
және өз объектілерін зерттеудің біртұтас тенденциясымен біріктірілген
бағыттарды белгілейді. Жүйеллілік көзқарасы – жүйелі талдау позициясы
тұрғысынан біртұтас ретіндегі құбылысты дамытудың мәнді заңдылықтарын
кешенді зерттеу болып табылады. Сонымен, Жоғары оқу орындарында жүйелілік
көзқарасы кәсіби дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыруға, толығынан талдауға
мүмкіндіктерді ашады.
Жүйе сипаттамаларының минимальды жиынтығына жататындар: әр элементтің
құрамы (оған кіретін элементтердің жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы
байланыс) мен әр элементтің қызметтері, оның рөлі мен жүйдегі мағынасы.
Жүйенің элементі, өз кезегінде, жүйе бола алады, анағұрлым кең жүйеге оның
бөлігі немесе шағын жүйесі болып кіреді.
Жүйелі талдау, зерттеу әдістері жүйесі туралы оқу, іс-әрекет
негізінде күрделі жүйе болып табылады. Ол педагогикалық –психологиялық
мәселелер шешімінің негіздемесі мен іске асуына бағытталған. Талдау
барысында, зерттелініп отырған проблемасы тұрғысынан, іс-әрекеттің
құрылымдық компоненттері қаралады: қажеттіліктері (мотивтері), мақсат
орындаушылық, өзін-өзі басқару, басқару. Іс-әрекет философиялық тұрғыдан
қоршаған ортаға белсенді қатынасының арнайы адами формасы болып табылады,
мазмұнын мақсатты түрдегі және қайта құрылудың өзгерісін қамтиды. Кәсіби
педагогикада іс-әрекеттік көзқарас – практикалық өмірдің түрлі
аймақтарындағы іс-әрекеттің қанағаттануының және тиімділігі үшін қажетті,
білімдер мен біліктердің бірінші меңгеруін қамтамасыз ететін, ұстанымдар,
формалар мен әдістердің жүйесі. Іс-әрекеттік көз-қарастың мәні Б.Г.
Ананьевтің, Л.П. Буеваның, Л.С.Выготскийдің, М.С. Каганның, А.Н.
Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің және т.б. еңбектерінде ашылады. Әлеуметтік
және психологиялық іс-әрекет түрлі әрекеттер мен операциялар жиынтығынан
құралатын нақты үрдіс ретінде анықталады (А.Н.Леонтьев); қоршаған ортамен
субъектінің әрекеттестігі ретінде (Л.С.Рубинштейн); адамның өмір сүру
тәсілі ретінде (М.С.Каган); әр адамның нақты өміріне қажетті белгілі бір
формалардың жиынтығы ретінде (ойын, оқу, еңбек) және онтогенезде жетекші
рөлді атқаратын (Б.Г.Ананьев) болып табылады.
Зерттеу барысында келесі зерттеу әдістемелері қолданылды:
А) теориялық зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық,
психологиялық әдебиеттерді талдау;
Б) эмпирикалық педагогикалық бақылау, сұхбаттасу өткізу, сауалнама алу,
тестілеу, психологиялық-педагогикалық эксперимент, математикалық өңдеу
әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттердің теориялық және салыстырмалық
талдауы жасалынады;
2. болашақ маманның өзін-өзі дамыту үшін оқыту процесінің жетілдіру
механизмдерін анықтап қарастырылады (студенттердің өмірлік
тәжірибесімен психологиялық-педагогикалық теориясының мазмұны мен іс-
әрекеттік механизмдерін анықтайтын ішкі тұлғалық ұстанымдарға сыртқы
әсерлердің ауысуы);
3. студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін педагогикалық
жағдайлар кешені жасалынады (арнайы және кәсіби дайындығының бірігуі
мен кіріктіруі негізінде кәсіби дайындықтың тәсілдері мен жолдарын,
мазмұнын талдау өз еркімен өзбетінше әрекетін қамтамасыз етеді; тиімді
кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ететін өзбетінше шығармашылық іс-әрекеті
үшін білім беру кеңістігін құру);
4. болашақ маманның тұлға ретіндегі өзін-өзі дамытудың нәтижелілігін
және кәсіби қалыптасуының өлшемдерін жасалады (мотивациялық,
мазмұндық, операционалдық және рефлексивті).
Теориялық маңыздылығы: болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуы
барысындағы өзін-өзі дамыту мәнінің теориялық негіздемесі жасалады.

Практикалық маңыздылығы: болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамыту үшін
оқыту процесін жақсартудың педагогикалық-психологиялық шарттары
қарастырылады.
Зерттеу жұмысы келесі кезеңдерден тұрады:
І-ші кезеңі зерттеу мәселесі бойынша арнайы әдебиеттерді зерттеу мен
олардың теориялық-методологиялық талдауын жасау; болашақ мамандарды
дайындаудың оң тәжірибесін зерттеу мен жалпылау; ғылыми аппараты мен
болжауын жасау, тәжірибе-экспериментальдық жұмыстың негізгі бағыттарын
анықтау мен тәжирибелік материалдар жинақтау. ІІ-кезеңі – болашақ маманның
тұлғалық-кәсіби моделін жасау. ІІ – тәжирибелік жұмыстың алынған
нәтижелерін талдау мен жалпылау, алынған теориялық және тәжірибелік
қорытындыларды нақтылау, зерттеудің теориялық және тәжирибелік бөлімдерін
жүйелеу, диплом жұмысын әзірлеу.
Ғылыми нәтижелер, осы зерттеудің негізгі ережелері мен қорытындылары
тұжырымдамалық көзқарастарының методологиялық негіздемесімен; олардың
теориялық талдауымен; тәжирибелік жұмыс барысында зерттеудің оң
нәтижелерімен; зерттеудің ғылыми аппаратына сәйкес әдістер мен
әдістемелерді пайдаланумен; алынған нәтижелерді тексеру мен таладаумен
қамтамасызданады.
Қорғауға келесі ережелер ұсынылады:
• кәсіби өзбетінше қалыптасу – тұлғаның өзін-өзі дамуының көпаспектілі
және көп факторлы үрдісі болып табылады. Ол болашақ маманның тұлғалық
гуманистік, іс-әрекеттік, мотивациялық-құндылық кезеңдері мен
мотивациялық-қажеттілік, когнитивті, тұлғалық-іс-әрекеттік,
рефлексивті сфераларынан құрылады;
• болашақ маманның кәсіби өзін-өзі қалыптасуының педагогикалық-
психологиялық қамтамасыздануы білім беру үдерісі мәнінің ауысумен
түсіндіріледі; ол өз кезегінде студенттің кәсіби өсуіне бағытталған
ішкі ұмтылыстарына, тұлғасының өзін-өзі дамуына, өзбетінше оқу-
танымдық іс-әрекеті мотивациясы дамуына, өзінің өзін-өзі дамуының
кәсіби қалыптасуына бағытталып, болашақ маманның мақсатты түрдегі өзін-
өзі құрудың және әр-қайсысының шығармашылық өздігінен іс-әрекетінінің
рационалды жағдайларын жасайды;
• жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі
анықталуына, өзін-өзі іске асыруына, өзін-өзі көрсете білуіне
бағытталған субъектілердің өзара әректетінен тұратын педагогикалық
процесінің кәсіби бағыттылығының түрлі шығармашылық іс-әрекетінде өзін-
өзі қалыптасуын қаматамасыз ететін, білім беру үдерісінде арнайы
білімдер мен тәжирибелік дайындықтың кіріктіруі ретінде, педагогикалық
жағдайлардың жиынтығын сақтау барысында болашақ маманның тұлғалық-
кәсіби өзін-өзі дамуының нәтижелілігіне жетеміз.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындысынан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

І-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың
педагогикалық-психологиялық негіздері
1.1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық
аспектілері

Басқа ғылымдар арасында психология ғылымының маңыздылығы туралы айтатын
болсақ, басқарушылық қызметтегі адамдармен қарым-қатынас 80 пайызды
құрайды, “адам-машина” жүйесіндегі апаттардың 70 пайызы операторлардың
кінәсінен болады. Бүгін ел нарықтық қатынастарға ауысып, психология
ғылымының жаңа бағыттары пайда болып, даму үстінде: нарық психологиясы,
бизнес психологиясы, ақша психологиясы, жарнама психологиясы, кәсіпкерлік
психологиясы және т.б. Психологиялық білімдер саясаткерлерге,
менеджерлерге, дәрігерлерге, заңгерлерге, педагогтарға, инженерлерге қажет.
Қазіргі күні кадрлық менеджменттегі психодиагностиканы қолдану
маңыздылығына тоқталып кеткеніміз дұрыс болады, мысалы, коммуникативтік
қабілеттер менеджер іс-әрекетінде үлкен маңыздылыққа ие.
Д.Голланд, тұлғаның белгілі бір мамандыққа сәйкес келуін анықтау
әдістемесінің авторы болады, оның пікірінше вербальды белсенділіктің жоғары
деңгейі кәсіпкер типіндегі тұлғаның маңызды қасиеті болып табылады
(J.Holland, 1973). Сондықтан да коммуникативтік қабілеттерді
диагностикалаудың кадрлық менеджментте маңызы зор.
Психикалық құбылыстармен барлық мамандар кездеседі (психикалық бейнелер
және ұғымдар, түйсіктер мен қабылдаулар, есте сақтау және ойлау
қабілеттері, зейін мен ерік, эмоция мен түс көру, тұлғаның қасиеттері мен
күйлері). Психология адам белсенділігінің заңдылықтарын ашады: оның мінез-
құлығының, қарым-қатынасының, іс-әрекетінің. Психология басқа адамның мінез-
құлығына әсер етудің жолдарын анықтап, өзін-өзі басқаруы бойынша нұсқаулар
жасайды. Ол адам интеллектісі мен қабілеттерін, индивид қасиеттері мен
топтарын анықтаудағы әдістерін береді.
Адам, өз “Менін” және қоршаған ортаны бейнелей отыра, өз белсенділігін
реттей отырып, үнемі психикалық құбылыстарға енеді, бірақ оны ол саналы
түрде ұқпайды. Психология пәні көптеген өмірлік ұғымдарды бітірушінің
сөздік қорына енгізеді. Университеттік білімі бар адам үшін бүгінгі күні
“психика”, “қабылдау”, “мотив”, “қарым-қатынас” деген сөздерді білмеуге
болмайды. Сондықтан да, ХХІ ғасырда психология ғылым ретінде өзекті
болады. Қазіргі кезде жоғары оқу бағдарламаларына “Психология және
педагогика” пәндері кіріктірілген. Бірақ, көп жағдайда, осы пәнге 18 сағат
бөлінеді екен. Сонымен бірге, осы курс жалпы психология және педагогика
пәндері ретінде оқытылады.
Психологиялық емес мамандарға қолданбалы психологиялық пәндер
оқытылмайды: “Басқару психологиясы”, “Қарым-қатынас психологиясы”, “Заң
психологиясы, “Кәсіби іс-әрекет психологиясы”, “Жетістік психологиясы”
және т.б. Қазіргі жағдайда оқытудың психологиялық аспектілерін күшейту
проблемасы өзекті болатындығы сондықтан да. Осы проблемалар қандай болады
екен?
1-ден, педагогика және психология пәндерін ажырату қажеттілігі бар;
2-ден, оқу бағдарламаларында психологиялық пәндердің тізімін кеңейту
қажеттілігі бар;
3-ден, сабақтарға қолдау көрсету негізінде психологиялық әдістемелік
әдебиеттері мен құралдары керек. Психологиялық-педагогикалық тәжірибеде
ойлау процесінде логикалық операцияларының бар жиынтығы пайдаланылмайды:
салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, жалпылау. Сабақтарға қызығушылық
тудыратын тәсілдері қолданылмайды: нақты есте қаларлық мысалдар мен
фактілер, цифрлар мен бағдарлар; оқу қиншылықтарын құру; студенттердің
таным іс-әрекеті белсенділігін қалыптастыратын оқытушының оқу іс-әрекеті
тәсілдерінің көптүрлілігін пайдалану және т.б. Қызығушылықтың пайда
болуының мәнді факторы ретінде оқу материалының эмоциялық жағы
қарастырылады, осы мәселелер шешімінің болашақ іс-әрекетпен байланыстылығын
көрсету маңызды. Сабақтарға психологиялық қолдау көрсетудің белгілері
табалдырықтық түйсіктері нормаларын сақтаумен байланысты: дыбыс жиілілігі –
40-80дб, фонынан жоғары болу – 6 дб; сөздер арасындағы интервалдарды
сақтау - 40 мкс, сөйлеудің темпі – 1 минутта 120 сөз, сөйлеу қарқыны -
20-80 бит секундасына, сөйлемнің ұзындығы – 13 сөзден аспайды.
4-ден, жоғары оқу орындарында психологиялық қызмет қажеттілігі туындап
отыр. Бүгінгі күні барлық орта мектептерде психологиялық қызметі бар.
Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің басты мәселесіне кәсіптік
бағдарлау мен кәсіптік таңдау сұрақтары айналар еді. Көптеген студенттер өз
мамандығын дұрыс таңдамайды. Жалпы психологияның негізі бойынша белгілі бір
мамандықты таңдауда студенттің мамандықты таңдаудағы мотиві маңызды. Осы
мотив саналы немесе саналы емес болады. Ал жоғары оқу орнын бітірген
болашақ маман кәсіби таңдау жасауға тиісті. Проблеманың дұрыс шешіміне
байланысты таңдаған кәсіптің меңгеру тиімділігі анықталады, келекшектегі іс-
әрекет тиімділігіне, еңбекпен қамтамасыздануына, кәсіби дәрежесін көтеруге
ұмтылысы мен кәсіби өсуіне негіз болады. Жалпы психология кафедрасының
бірінші курс студенттері арасында өз мамандықтарын таңдаудың себептері
туралы білу үшін, сонымен бірге 1-семестрде оларға оқылған пәндерге
қатынасын анықтау үшін жүргізілген сұрақ-жауаптың нәтижесі келесідей
болды:
1. Себептерін айтқанда: “адамдарға көмек беру ниетім бар”, “адамды танып
білу қызықты”, “адамдарға әсер еткім келеді”, “өз проблемаларымды
шешемін”, “психолог кеңес берді” және т.б. Сонда студенттерде
әлеуметтік және таным мотивтері басым болады.
2. Оларды математика, қазіргі жарытылыстану, информатика пәндері аз
қызықтырады, ал арнайы пәндерден – антропология мен анатомия тіптен
қызықтырмайды екен.
Жауаптардың барысы бойынша тағы да бір анықталғаны, ғылым ретінде
психология пәні және психолог мамандығы туралы пікірлері жеткілікті
дамымаған. Психологтың кәсіби іс-әрекеті олармен түсініктіліктік және
кеңесберушілік ретінде қаралады. Психология туралы тұрмыстық пікірлері 21
пайызды құрайды. Осыған орай психологтың іс-әрекеті туралы ғылыми зерттеу
жұмысы ретінде көзқарасы қалыптаспаған. Психолог жұмысының қиындығы мен
көптүрлілігін ұқпаған. Яғни психологтың жұмысы туралы пікірлері аңыздар
негізінде қалыптасқан. Студенттердің 16 пайызы өз мамандығын түсер алдында
бір жыл бұрын таңдағанын айтады. Олардың кейбіреулері өз болашағына қатысты
нақты мақсаттарын белгілеген. Сонымен, бірінші курс студенттерінде 020400
мамандығы бойынша әлі де психология пәні мазмұны туралы және психологтың
кәсіби іс-әрекеті туралы, психолог мамандығы туралы көзқарастары ғылыми
тұрғыдан қалыптасып, дамымаған. Бұл дегеніміз абитуриенттер арасында
болашақ мамандығы ерекшеліктері туралы насихаттап, үйрету қажеттілігін
көрсетеді. Психологиялық қызмет басынан жалпы даму деңгейіне қарай оларды
іріктеп анықтауға мүмкіндік берер еді.
Жоғары эмоционалдық тітіркену, стресс жағдайларын айзайтуды көздейді,
психологиялық кеңес беру мен психокоррекцияны керек етеді. Психологиялық
қызмет жоғары оқу орындарының отбасы, басқа әлеуметтік институттарымен
бірлесіп болашақ маманның моральдық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында
олардың күштерін реттеуге мүмкіндік береді. Өмір қазіргі күні әрбір қадамды
психологтың нұсқауларымен салыстыруды талап етеді. Осы ереженің сақталуы
болашақ маманды дайындаудың деңгейін көтереді, олар қазіргі үнемі
күрделену үстіндегі талаптарға сай болар еді.
Қазіргі жағдайда студенттік кезінен бастап жоғары дәрежелі маманды
дайындау 1-ші орында оқу пәндерінің мазмұнына, оқытудың тәсілдері мен
әдістеріне кәсіби білім берудің бүкіл жүйесінің белсенді қосылуын талап
етеді. Оқу бағдарламалары бір ғылымның ғылыми білімдерінің бейнесі ретінде
абстрактылы сипатта болатын және шындық өмірден, яғни болашақ кәсіби іс-
әрекеттен алшақ болатын пәнді оқыту деп түсіндіріледі. Осындай білім беру
мазмұнына көзқарас энциклопедизм идеясы мен тұлғаның жан-жақты даму
тұжырымдамасынан туындайды, бірақ әлеуметтік тәжірибені меңгеру негізінде
жатқан психологиялық механизмдерді есепке алмайды.
Оқыту барысында оқушылар қоршаған дүние және өзі туралы түрлі мағлұмат
алады. Бірақ осы мағлұматтар егер де тұлға үшін маңызды болмаса өзбетінше
ешқандай рөл атқармайды. Барлымызға мәлім, бір оқиғалар есімізде ұзақ
қалады, ал басқалары өте тез ұмытылады. Осыған орай, басқа бір мәліметті
мүлдем байқамауымызда мүмкін. 1-ші ретте тұлға үшін оқу пәндері мазмұнының
маңыздылығы анықталып, көптеген зерттеушілері айтып жүр, мысалы, А.А.
Вербицкийдің (1991) пікірі бойынша, мәтінді механикалық түрде есте
сақтауда меңгерілген білім тұлғаның жетістігі болмауы мүмкін, яғни ол үшін
әрекетке бағыттайтын оның әлемге, қоғамға, басқа адамдарға және өзіне
қатынасын білдіретін білімнің болмағандығы.
Е.Б. Тесля болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылығының қалыптасу
жағдайларын қарастырып, іс-әрекет мағынасының ұғымына көңіл аударды.
Тұлғалық маңызы бар оқытудың методологиялық аспектілері Н.Ф.Добрынинаның,
С.Л.Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің, А.А.Вербицкийдің, Г.Олпорттың,
К.Роджерстің және т.б. еңбектерінде қаралады. Сонымен бірге осы идеяның
практикалық іске асуы кең дамуын таппады. Оқытудың теориясы мен
технологиясы арасында, оларда оқу пәндерінің белсенді және әлеуметтік
мазмұнының тұлға үшін маңыздылығына тоқталады, бұл жерде А.А. Вербицкийдің
теориясы мен контексті оқыту технологиясын айтуға болады. Контекстік
көзқарас негізінде кешенді зерттеу өткізілді, оның мақсаты – студенттердің
оқу процесі және оқу сабақтары мазмұны маңыздылығы мен оларды кәсіби
дайындықта іске асыру болып табылады.
Педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын көтеру қажеттілігіне орай
2003 жылдың қазан айында Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіне
Ұлттық педагогикалық университеті деген мәртебесі берілген. Мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы мен жоғары білікті мамандарды
қоғамның қажет етумен байланысты модернизациялау, үздіксіз білім беруге өту
процестері классикалық университеттік білім беру жүйесінде кадрларды
дайындауға жаңа көзқарастарды талап етеді. Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетте болашақ маманның кәсіби дайындауда психологиялық-
педагогикалық диапозоны кеңейе түсті. Бакалавриат деңгейінде барлық
факульттеттердің студенттері педагогика тарихын, педагогиканың жалпы
негіздерін, тәрбие теориясын, оқыту теориясын, тәрбие жұмысының теориясы
мен әдістемесін, этнопедагогиканы оқиды. Ал, психологиялық дайындық
барысында жалпы психологияны, әлеуметтік, жас шамасы ерекшелігі және
балалар психологиясын, психология тарихын оқиды. Осы жоғарыда айтылған
пәндермен қатар жетекші психологиялық-педагогикалық бағыттары бойынша
арнайы курстарды өткізу тәжірибесі бар: тұтас педагогикалық үрдіс теориясы
бойынша, тұлғаның құндылықтық бағдарлану теориясы бойынша, халықтық
педагогикасы бойынша, саяси мәдениетті қалыптастыру теориясы бойынша.
Арнайы дайындықтар бакалавриаттың 1-ші деңгейінің 3, 4 курстарында –
арнайы және кәсіби бағдарламаларды меңгеру арқылы. С.С. Құнанбаеваның
пікірінше, университетте маманның кәсіби дайындығының негізгі бағдары
ретінде жоғары дамыған шығармашылық потенциалы бар және аналитикалық
ойлауымен, іргелі кәсіби дайындығымен, еңбектің динамикалы түрде өзгермелі
жағдайларға және маманның кәсіби деңгейінің талаптарына назар аудару
қабілеттілігімен, дүниетанымдық мәдениетімен, қалыптасқан жалпы адамзаттық
құндылықтар жүйесімен үйлесімді тұлғаны қалыптастыру болуы тиіс [30, 3].
Көрсетілген маманның сапалық сипаттамалары және олармен анықталған
және университет алдында тұрған білім берушілік міндеттер бүгінгі
университетте маманның кәсіби дайындығы жүйесінің негізгі ұстанымдарының
сипатын анықтайды. Олар ұстанымдардың бір қатарын айқындайды. С.И. Гессен
университтеттік білім берудің негізгі ұстанымдарын анықтайды, олар:
• Университетте ғылыми білімнің толық болуы;
• Дәріс беру және оқыту үрдісіндегі еркіндік және шығармашылық
рухы;
• Оқытушылар мен ғалымдарды дайындау жолымен университеттің өзін-
өзі тәрбиелеуге қабілеттілігі[32].
Өз мәнісінде университет, С.И.Гессеннің көзқарасы бойынша, ғалымдардың
одағы болады екен, ешқандай билікке төзбейтін. Қазақстандық ғалымдар (С.С.
Құнанбаева[44] және т.б.) университеттік білім беру ұстанымдарының
маңыздылығын ерекше көрсетеді. Олар бүгінгі университетте мамандарды
дайындау жүйесінің негізгі ұстанымдарын анықтайды:
• білім беру мазмұнының ғылыми іргелілігі мен жүйелілігі ұстанымы;
• білім берудің қол жетерлік ұстанымы;
• ғылым мен өндіріспен алынатын білімдер жүйесінің кешенділік және
кіріктірілген ұстанымы;
• мамандар дайындаудың жаңашылдық және ақпараттылық бағдарлаушылық
принципі;
• білім берудің болжаушылық және жан-жақтылық принципі;
• кәсіби құзырлылықтың көп варианттылық және таңдамалық ұстанымы;
• алынатын біліктіліктің қолданбалы нәтижелілігінің ұстанымы;
• білім беру мазмұны мен құрылымының көпдеңгейлі және үздіксіздік
ұстанымы;
• біліктілік сертификатымен әр баспалдағының кәсіби аяқталу немесе
академиялық ұстанымы;
• білім беру мақсаттарының әлеуметтік-экономикалық айқындаушылық
ұстанымы;
• оқу процесін ұйымдастырудың проблемалылығының және
интерақтивтілігінің ұстанымы;
• білім беруді гуманизациялау ұстанымы;
• оқыту үрдісінде ынтамақтастық пен серіктестік ұстанымы;
• білім беру мазмұнының коммуникативтілік мәдениет аралық
ұстанымы;
• мамандардың кәсіби және академиялық біліктілігінің халықаралық-
мәртебелік деңгейін қамтамасыз ету ұстанымы;
• бағдарлаушылық көзқарасы ұстанымын айтамыз.
• оқытуда жеке және тұлғаға бағытталған көзқарас ұстанымы.
Осы ұстанымдар кезкелген университетке лайықты, бірақ ғылым мен
үниверситеттік білімберу түсінігі тарихи тұрғысынан өзгеріп тұрды. Олардың
көзқарасын қолдай отырып, маңызды ұстаным ретінде болашақ мамандарды
оқытудағы, тәрбиелеудегі, дамытудағы тұлғаға-бағытталған ұстанымды айтамыз.

Әлемдік және отандық тәжірибеде жоғары білім берудің жүйесі дамуын
бағалау үшін сәйкестілік дәрежелерінің бір қатар параметрлері қолданылады:
• Қоғам мен мемлекет дамуының нақты тарихи кезеңінде мамандарды
нақты қажеттілігіне және жоғары білікті мамандарды
дайындаудағы білімберу саясатына;
• Жоғары мектеп стандарттарына және алынатын нәтижелерге білімберу
мақсаттарына;
• Жоғары оқу орындарының мемлекеттік және басқа көздерімен
қаржылануына;
• әлемдік стандарттарға жоғары білімберу деңгейі мен сапасына;
• әлемдік білімберу кеңістікке кіріру барысындағы жоғары білім
беру жүйесінің ашықтығы;
• әлемдік стандарттарға бағдарлануға және қалыптасқан дәстүрлердің
сақталуына [29,121].
Сонымен, адаммен мәдени құндылықтарды меңгеру және жаңғырту, дамыту
процесі классикалық университеттік білім беруді адамзаттың жетістіктерінің
шындарына жеткізеді екен. Өйткені университеттік білім берудің мазмұны
барлық елдер мен халықтардың үздіксіз мәнеди мұрасынан, адамның өмірі мен
тәжірибесінен, ғылымның салаларынан толықтырылады. Сондықтан да жоғары
білім беру бөлек салалардың (экономиканың, саясаттың, мәдениеттің,
ғылымның) және бүкіл қоғамның дамуының маңызды және қажетті факторы
ретінде анықтаймыз. Осы тұжырымға сүйене отырып өз кезегінде жоғары білім
беру мазмұнының педагогикалық ұйымдастырылуы жағынан және психологиялық
қолдау тұрғысынан болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық-
педагогикалық шарттарын келесі тарауда қарастырамыз.

1.2. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың
психологиялық-педагогикалық шарттары.
Ғылымның және технологияның қазіргі жағдайын бейнелейтін іргелі білім
беру болашақ мамандардың тек тәжірибені белсенді қабылдауды ғана емес,
сонымен бірге интеллектуалдық шығармашылық қабілеттілігін анықтайды. Білім
берудің осындай түріне қазіргі жоғары оқу орындары бағытталған. Болашақ
мамандардың, яғни студенттердің зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігі, бір
жағынан, Мемлекеттік стандарттың талаптарымен айқындалады, онда бітірушің
осы кәсіби аспектісі нақты анықталған; екінші жағынан, қазіргі мамандардың
кәсіби іс-әрекетімен айқындалады. Мысалы, педагогтардан болашақ мамандарды
дайындауда іс-әрекеттің шығармашылық табиғатына сәйкес соның ішінде оны
ұйымдастырудың мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға білім беру үрдісін
зерттеу білігін талап етеді. Сондықтан да жоғары оқу орындарының
студенттерін зерттеу жұмысы процедурасымен таныстыру керек, оны өткізудің
дағдыларын қалыптастыру маңызды. Мысалға, оқыту барысында зерттеушілік
білігін қалыптастыру. Ол кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына студенттің
қатысуы барысында қалыптасады. Соңғысына студенттерді бағыттары мен кафедра
педагогтарының ғылыми жұмысы ерекшеліктері тақырыпшасымен кеңінен таныстыру
ықпал етеді, оларды проблемалық топтарға қатыстыру, табысты зерттеу жұмысын
жүргізетін оқытушыларға 1-ші курстан бастап бекіту ретінде анықтаймыз.
Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз етудің бірінші шарты ретінде
бүкіл кәсіби дайындықтың жүйесін асыру барысындағы зерттеушілік білімдердің
тиімді қалыптасу процесінің үздіксіздігі мен тұтастығын ерекше айтамыз.
Оған аудиториялық сабақ пен студенттің өзбетінше жұмысы (студенттің оқу-
зерттеу жұмысы мен ғылыми-зерттеу жұмысы), аталған біліктерді саналы және
шығармашылық меңгерудегі түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен
байланысты тәжірибе жатады.
Зерттеу біліктерін қалыптастырудың маңызды шарты ретінде зерттеу іс-
әрекетінің мотивациясы болып табылады: қызығушылықтарын қалыптастыру,
зерттеу жұмысы қажеттілігін, кәсіби өсу үшін зерттеу біліктер жүйесін
меңгерудің маңыздылығын негіздеу. Мысалға, осы жұмыстың бастамасы ретінде 1-
ші курстан бастап, Мамандыққа кіріспе деп аталатын курс ұйымдастырылады,
оның барысында кәсіби іс-әрекеттің ерекшелігі мен шығармашылық сипатын
ашуға болады. Практикалық сабақтарда өзін-өзі тану, өзіндік қызығушылықтары
мен қабілеттерін талдау, олардың таңдаған кәсіпке сәйкестілігін анықтау
үшін жағдайлар жасалынады. Конференцияға рефераттарды дайындау барысында
студенттер жаңашыл-зерттеушілердің жетістіктерімен танысады, шартты түрде
айтқанда, өзіне салып көреді шеберге лайықты кәсіби біліктер мен тұлғалық
қасиеттерді дамытады. Оның барысында келесідей зерттеу біліктерін меңгеру
қажеттілігін саналы түрде ұғынады, бар тәжірибені талдау, проблеманы
тұжырымдау, өз жұмысының нәтижесін жүйелеу сияқты білігі.
Аталған біліктердің қалыптастыру мен зерттеу жұмысына қызығушылықты
тудыру шарасына түрлі кәсіби жағдайларды талдау мен диагностикалауды
өткізу, жоғары курс студенттерімен орындалатын тапсырмалардың зерттеушілік
сипаты және т.б. басқа әдістері жатады. Сонымен қажетті білімдер жүйесі
және қалыптасқан зерттеу біліктерімен бірге зерттеу іс-әрекетіне оң
көзқарастың болуы болашақ маманның тиімді кәсіби іс-әрекетке дайындығын
қалыптастырады.
Екінші шарты жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби-тұлғалық
мәдениетін қалыптастыру болады. Болашақ маманның кәсіби дайындаудың
тиімділігі сонымен бірге жүйелілік-құндылық көзқарасы тұрғысынан
қарамақайшылықтардың талдауын жоғары білім берудің қазіргі жүйесінің
талдауын талап етеді. Маманның кәсіби-тұлғалық мәдениеті оның іс-әрекетінің
бүкіл жүйесін қамту керек. Осыған орай жоғары оқу орындары студенттерінің
білімберу мазмұнын қалыптастыруда жүйелілік-құндылықтық көзқарасы өзекті
болады. Болашақ маманның мәдениетін қалыптастыру проблемаларын тиімді шешу,
оның әлеуметтік қасиеттерін дамыту, оқу-тәрбие және ұйымдастырушылық
жұмысты талдау, теориялық және нақты-әлеуметтік зерттеулердің, тұлғалық
және мәдениет теориясы нәтижесін жалпылау негізінде анықтаймыз. Мысалы, Ә.
Табылдының пікірінше: Ұлттық мәдениеттің қайнар бастау – оның (ұлттың)
рухани азығының асылдық қасиеттеріне байланысты. Халықтың рухани қуатын
арттыратын қозғаушы күш – оның әдебиеті, өнері, әдебі мен эстетикалық
болмысы. Әдеп-мәдениет негізі, әдет-ғұрып, салт –дәстүрлер – халық
мәдениетінің көрсеткіштері т.б. тақырыптар бойынша оқылатын лекцияларда
ұлттық мәдениеттің негіздері, оның бұрынғысы мен қазіргісі және болашағы
ғылыми дәлелдемелермен айқын көрсетіледі [70, 11-12]. Осы анықтамаға
сүйене айтатынымыз, мәдениет білімберушілік құндылық ретінде студенттерді
дамыту мен тәрбиелеуде тұрмыстың, ойлаудың, сауықтырудың мәдениетінде,
қатынасында, қарым-қатынасында, дүниетанымдық мәдениетінде, эстетикалық іс-
әрекетінде көрініс береді.
Бұл жерде маңыздысы – болашақ маман тұлғасының мәдениеті қалыптасуының
механизмдерін зерттеу мақсатты түрде ұйымдастырылған жоқ, бірақ дамытушылық
білім беру мен мәдениеттің аспектілері қаралады. Олардың өзара байланысы
мен өзараауысуы қаралады. Осыған орай болашақ маманды дайындау жүйесінде
студенттердің үнемі өз кәсіби дәрежесін көтеру қабілетін дамыту шеңберінде
жүйелілік-құндылық көзқарасының маңыздылығы оқу-тәрбие процесі барысында
анықталады. Осыған байланысты жоғары кәсіби білім беру іс-әрекет ретінде
қарастырылады, оның мақсаты – болашақ маманның интеллектуалдық-адамгершілік
тұлғасын дамыту, тұлғалық өсуінің қамтамасыз ету ретінде анықтаймыз.
Болашақ маманды дайындаудағы жүйелілік-құндылықтық көзқарасы жүйе
ретінде түсініледі, ол жаңа ғасырдың мәдени және гуманистік құндылықтарын
есепке алу негізінде құрылады: субъектіліктің, диалогиялықтың, дамытушы
бағыттылықтың, кіріктірушіліктің, іргеліліктің, үздіксіздіктің. Сонымен,
қазіргі білім беру парадигмасын әлеуметтік-тұлғалық, тұлғаға-
бағдарлаушылық, гуманистік білім беру анықталады. Университеттік білім
беруде әдетте парадигманың келесі өзгермелі түрлері айтылады [22, 118-119]:
мәдени-құндылықтылық парадигмасы, академиялық парадигмасы, кәсіби
парадигмасы, технократиялық парадигмасы, гуманистікпарадигмасы. Жетекші
білімберушілік парадигмасының әсерімен университеттік білім берудің
басқа моделдері қалыптасады: а) дәстүрлі немесе классикалық; б)
рационалистік.

Мәдени-құндылықтылық парадигмасына сәйкес кәсіби мәдениетті
қалыптастырудың басты мақсаты жоғары білім берудің құндылығы ретінде
студенттердің әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту болып табылады.
Кәсіби білім берудің әлеуметтік-тұлғалық аспектісін іске асырудың негізгі
тәсілі ретінде білім берудің проблемалық, сараптамалық, рефлексивтілік,
диалогтік оқытудың және тәрбиелеудің, ұжымдық мәдени-шығармашылық іс-
әрекеті технологияларын пайдалану деп түсінеміз.
Шығармашылықтың объектісі ретінде маманның бейнелері мен мақсаттары,
символдары мен ұғымдары, қылықтары мен қатынастары, құндылықтары мен
сенімдері қарастырылады. Болашақ маман шығармашылық ізденіс барысында өзі
үшін маңызды жаңалықтар ашады, адамтану мен құрметтеу аумағындағы
коммуникативтік мәдениет көрсеткіші ретіндегі гуманистік құндылықтарымен
танысады.
Болашақ маманды дайындау жүйесіндегі жүйелілік-құндылықтық көзқарасы
маман біліктілігінің жоғары көрінісі және кәсіби құзырлылығы болып
табылады. Осы кәсіби-тұлғалық мәдениеті деңгейінде толығынан маманның адами
жеке даралығы көрініс беруі мүмкін. Болашақ маманның тұлғалық және кәсіби
мәдениеті жүйесіндегі құрылымында басты компоненттері ретінде
құрастырушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік аймақтарын анықтадық.
Студенттер іс-әрекетінің құрастырушылық аймағы ұйымдастырушылық іс-
әрекетімен нәтиже шығарады, өйткені әрбір кәсіби әрекет соңғы нәтижесінде
кешенді ұйымдастырушылық іс ретінде қаралады. Өз кезегінде құрастырушылық
және ұйымдастырушылық іс-әрекеттері оқытушының студенттермен дұрыс өзара
қатынастарын орната білуінен күрделене түседі.
Зерттеудің методологиясы білім берудің жүйелілік-құндылықтық
парадигмасы шенберінде болашақ маманның тұлғалық жаңа құрылымдары пайда
болуы мен дамудың тенденциялары мен кәсіби білім берушілік жағдайларын
анықтау мен зерттеуінің іске асуымен түсінеміз, олар ғылыми көзқарастар
жүйесіне негізделеді:
1. Акмеологиялық - кәсіби дайындық барысындағы табиғи және әлеуметтік-
мәдени факторлар интеграциясын анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы
басқарудан ішкі басқаруға өту негізіндегі көзқарастар жүйесі.
2. Мәдениеттілік - маманның интеллектуалдық-адами қабілеттерін дамытуға
бағытталған іс-әрекеттің мазмұндық компонентінің бағытталу
негізіндегі, мәдени-білімберу іс-әрекеті дамуының сыртқы қалыптасуы
мен ішкі дамуының мақсаты мен мазмұнын, тәсілдері мен нәтижелерін
өзіндік анықтауына бағытталу негізіндегі көзқарастар жүйесі.
3. Тұлғалық – мәдени және кәсіби аспектіде өзіндік ұғыну
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды тиімді дайындаудың психологиялық - педагогикалық шарттары
Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі
Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Тұлғалық білім берудің орталығы - оқушылар тұлғасын үздіксіз дамыту
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамыту
Болашақ маманды дайындаудың психологиялық - педагогикалық аспектілері
Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мәселелері
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі психологтың атқаратын рөлі
Болашақ педагог психологтың креативтілігін дамытудың тәжірибелік эксперименттік жұмыстың нәтижелері
Пәндер