Қиыршық тастың негізгі қасиеттерін анықтау



НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 5
АНЫҚТАМАЛАР−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 7
КІРІСПЕ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 8
1 ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 9
1.1 МЕСТ ТАЛАПТАРЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ −−−−−−−−−−−−−−− 9
1.2 ТОЛТЫРҒЫШТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА−−−−−−−−−−−−−−−−−9
1.3 ФИЗИКАЛЫҚ.МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ−−−− 12
1.4 СЫНАҚҚА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ.ЖАБДЫҚТАР−−−−−−−−−−−−−−−−− 14
1.5 СЫНАҚТЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 15
2ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 23
ҚОРЫТЫНДЫ −−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 27
Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясының қарқынды дамуы, құрылысқа қажетті негізгі қасиеттері жетілдірілген және техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын кеңінен өндіруді қажет етеді. Тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндірудің негізігі жолдарының бірі, оларды дайындауда жергілікті шикізаттық материалдарды кеңінен қолдану болып табылады.
Қиыршықтастар бетон өнімдерінің көпшілігінде кездеседі. Сондықтан оны өндірудің технологиясын жетілдіру негізгі мақсат болып отыр.
Құрылысты одан әрі индустрияландыру жергілікті шикізаттық сапалы материалдарды қолдана отырып, техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін зауыттарды салуды көздейді.
Еліміздің 2030 жылдарға дейінгі жобаланған әлеуметтік, экономикалық
дамудың негізгі бағыттарында көрсетілген, атап айтқанда құрылыстыңкөлемін төмендетіп, сапасын арттырып, мейлінше аз шикізат жұмсайтын, олардың жалпы салмағын азайту арқылы барлық қасиеттерін жақсартып,
құрылыс алаңына көбінше дайындығы жоғары сапалы бұйымдар мен сапалы
конструкцияларды дайындау қазіргі уақыттың басты міндеті болып отыр.
«Қол жетімді тұрғын үй— 2020» бағдарламасы арқылы 29 жасқа дейінгі жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету туралы мемлекеттік бағдарламасы нәтижесінде тұрғын үйлердің жаппай салынуын көзделіде. Бұл дегеніміз— сапалы құрылыс материалдарын көптеп қажет етеді.
«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді.
1.Назарбаев Н. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы.
2.Хигерович М.Н. Физико-химические методы исследования строительных материалов. М. 1968. 234б.
3.Попов Л.Н. Лабораторныеиспытаниястроительныхматериалов и изделий. М.: 1984. – 168 б.
4.Рахимова Г.М., Кононенко А.М., Алдожанова Э.Т. Методическиеуказания к лабораторнымработамподисциплине «Строительныематериалы».- Караганда: КарГТУ, 2007.- 65 б.
5. ПоповК.Н.,Каддо М.Б., Кульков О.В. Оценкакачествастроительныхматериалов. М.:Ассоциациястроительныхвузов, 1999. – 240 б.
6.Рыбьев И.А., Орефьева Т.И., Баскавкова С.Н. и др. Подред. Рыбьева И.А. Общийкурсстроительныхматериалов. М.:Высшаяшкола. 1987. –584 б.
7.Нациевский Ю.Д., Хоменко В.П. Справочникпостроительнымматериалам и изделиям. Киев: Будивельник, 1990.
8. Домокеев А.Г.Строительныематериалы. М.:Высшая школа.1989
Сатеков Б.С.«Табиғи және жасанды кұрылыс материалдары мен бұйымдары».

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Курстық жұмыстың тақырыбы Қиыршық тастың негізгі қасиеттерін анықтау. Курстық жұмысты орындау барысында МЕСТ талаптарына сай сынамалар алынды. Қиыршық тастың физикалық және механикалық қасиеттерін анықтау барысында барлық техникалық және экологиялық талаптар ескерілді. Сынаққа қолданылатын шикізаттық материалдар, қолданылатын қондырғы-құралдар, технологиялық есеп-қисаптар және бұйымдарға қойылатын талаптар сипатталған. Курстық жұмыс 27 беттен тұрады. Кестелер саны -- 5.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР −−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 5
АНЫҚТАМАЛАР−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −−−−−−−−−−−−−−−−−− 6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР −−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 7
КІРІСПЕ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −−−−−−−−−−−−−−−−−−− 8
1 ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− − 9
1.1 МЕСТ ТАЛАПТАРЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ −−−−−−−−−−−−−−− 9
1.2 ТОЛТЫРҒЫШТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА−−−−−−−−−−−−−−−−− 9
1.3 ФИЗИКАЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ −−−− 12
1.4 СЫНАҚҚА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР−−−−−−−−−−−−−−−−− 14
1.5 СЫНАҚТЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− 15
2 ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −−−−−−−−−−−− 23
ҚОРЫТЫНДЫ −−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −−−−−−−− 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−−− −− 27

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

ГОСТ 8267-93. Щебень и гравий из плотных горных пород для строительных работ
ГОСТ 8269.0-97. Щебень и гравий из плотных горных пород и отходов промышленного производства для строительных работ
СТ РК 1213-2003. Щебень и гравий из плотных горных пород и отходов промышленного производства для строительных работ
СТ РК 1284-2004. Щебень и гравий из плотных горных пород для строительных работ
ГОСТ 7392-2002. Щебень из плотных горных пород для балластного слоя ЖД пути
ГОСТ 22856-89. Щебень и песок декоративные из природного камня

АНЫҚТАМАЛАР

Қиыршықтас− түйіршіктерінің ірілігі 5 мм үлкен, тау жыныстарын, малтатас пен қойтастарды, жанама өндірілетін ашылатын және араластырылатын жыныстарды немесе кендерді қайта өңдеу жөніндегі тау кен кәсіпорындарының кондицияланбаған қалдықтарын (қара түсті металлургия өнеркәсібінің сирек металлдарын) және уату өнімдерін кейіннен шаша отырып, басқа да өнеркәсіп салаларының бейметалл қазбаларын үгіту арқылы алынатын бейорганикалық. түйіршікті сусымалы материал.
Малтатас − табиғи малтатасты-құмды қоспаларды шашырату арқылы алынатын ірілігі 5см артық түйіршіктері бар бейорганикалық түйіршікті сусымалы материал.
Гнейстер − атмосфералық әсерлердің салдарынан түрін, түсін өзгерткен (мәрмәр, кварциттер, қатпар тастар, асбестті) тасып ағылған тау жынысы.
Балшықты тақтатастар - судың немесе жер қыртысының үлкен қысымымен балшықтың кристалдануы арқылы пайда болған қатты саз сияқты сұр түсті тау жынысы.
Мәрмәр − кальциттің түйіршікті кристалдарынан пайда болған тығыз тау жынысы.
Дала шпаты − ең көп тараған минералдар тобы - калийдің, кальцийдің, натрийдің алюмасиликаттары.
Граниттер − өте көп тараған магмалық қышқыл жыныстар тобына жатады, құрамында кварц көп.
Диориттер − құрамының 75 пайызы дала шпаттары, беріктігі жоғары, жол бетіне төселетін материал.
Су сіңіргіштік - материалдың өз бойына су сіңіру, ұстау қасиеті.
Суға төзімділік - материалдың өз қасиеттерін суда сақтау.
Беріктік - материалдың сыртқы күштердің әсерінен күйрету немесе қарсыласу қасиеті.
Қаттылық - материалдың өз бойына өзінен қатты заттың енуіне қарсыласуы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

МЕСТ- мемлекеттік стандарт.
мм-миллиметр.
м-метр.
МПа-Мега Паскаль.
г-грамм.
ҚНжЕ - құрылыс нормасы және ережелері.
мм - миллиметр.
ВЦ - су - цементтік қатынасы.
С% - жұмысшы ерітіндінің концентрациясы.
м - метр.
м[3]сағ - метр куб сағатына.
b, l, h - ені, ұзындық, биіктік.
квт - киловатт
кг - киллограм.
МПа - мега паскаль.
т - тонна.
F - аязға төзімділік.
Мкр - ірілік модуль.
кгм[3] - тығыздық өлшемі.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясының қарқынды дамуы, құрылысқа қажетті негізгі қасиеттері жетілдірілген және техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын кеңінен өндіруді қажет етеді. Тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндірудің негізігі жолдарының бірі, оларды дайындауда жергілікті шикізаттық материалдарды кеңінен қолдану болып табылады.
Қиыршықтастар бетон өнімдерінің көпшілігінде кездеседі. Сондықтан оны өндірудің технологиясын жетілдіру негізгі мақсат болып отыр.
Құрылысты одан әрі индустрияландыру жергілікті шикізаттық сапалы материалдарды қолдана отырып, техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін зауыттарды салуды көздейді.
Еліміздің 2030 жылдарға дейінгі жобаланған әлеуметтік, экономикалық
дамудың негізгі бағыттарында көрсетілген, атап айтқанда құрылыстың көлемін төмендетіп, сапасын арттырып, мейлінше аз шикізат жұмсайтын, олардың жалпы салмағын азайту арқылы барлық қасиеттерін жақсартып,
құрылыс алаңына көбінше дайындығы жоғары сапалы бұйымдар мен сапалы
конструкцияларды дайындау қазіргі уақыттың басты міндеті болып отыр.
Қол жетімді тұрғын үй -- 2020 бағдарламасы арқылы 29 жасқа дейінгі жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету туралы мемлекеттік бағдарламасы нәтижесінде тұрғын үйлердің жаппай салынуын көзделіде. Бұл дегеніміз -- сапалы құрылыс материалдарын көптеп қажет етеді.
Нұрлы Жол Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. Нұрлы Жол цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді.
Құрылыс бұйымдарының негізгі сипаттамалары мен қоршаған ортаның түрлі агрессивті факторларына төзімділігін арттыру, құрылыстың тиімділігін
арттырудың негізгі жолдарының бірі. Тас өнімдері, оның ішінде құрылыста кеңінен қолданылатын қиыршық тас пен шағал тастар Қазақстан Республикасының барлық аймағында кең таралған. Ол дегеніміз материалдың қолданылуы, оның тасымалдануы - экономикалық жағынан тиімді болып табылады.
Зерттеудің мақсаты - қиыршықтас өнімдерінің негізгі физикалық механикалық қасиеттерін анықтап, олардың құрылыста қолданылуының тиімділігін арттыру.


1. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
1.1МЕСТ ТАЛАПТАРЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Бетон өнімдерін дайындауда қиыршықтастың мына фракциялары қолданылады: 5... 10; 10...20; 20...40; 40...70мм. Қиыршықтас түйіршіктерінің түріне байланысты 3 топқа бөлінеді.
1. кәдімгі 35%
2. жақсартылған 2 5 %
3. куб тәріздес 15%
4. Бұлардың қүрамында жалпақ, сопақ түйіршіктердің өлшемі 35,25,15%-тен аспауы тиіс.
МЕСТ 10268-80 талаптарына сәйкес кейбір жауапты конструкциялық бетонда тек қана куб тәріздес қиыршықтастар қолданылады.
МЕСТ 10268-80 бойынша 30 МПа -ға дейінгі бетондарда толтырғыштың беріктігі 1,5 есе жоғары, ал 30 МПа -да беріктігі 2 есе артық болуы тиіс.
Гидротехникалық бетон үшін судың ауысымда деңгей аймағы жыныстардағы қиыршықтас қолдану қажет, бетонның қысу беріктігін 3 немесе 2,5 есе жоғарылатады. Бұл талаптар үлкен қорлы толықтырғыш бетонға қажетті және жеткілікті беріктікті қамтамасыз етеді.
Қиыршықтаста түйіршікердің әлсіз жыныстарының 10%-і, ал бетон үшін 5% мүмкін етеді. Метаморфтық және магмалық тау жыныстардан алынған қиыршықтастағы қоспалардың үлесі 1%-тен аспауы тиіс, ал тұнбалы жынысты қиыршықтаста 2%.
Шағал тас немесе қиыршық тас беріктігі бойынша маркасын құрғақтай немесе су сіңірілген қалпында, цилиндрде қысу нәтижесі негізінде анықтайды. Жарылғыштығын анықтағандағы массасының кемуіне байланысты шөгінділік және метаморфиялық тау жыныстарынан алынған толтырғыштардың мынадай маркалары болады: 1200, 1000, 800, 600, 400, 300, 200, ал ақтарылған тау жыныстарынан алынғандар үшін: 1400, 1200, 100, 800, 600.
Табиғи тастан жасалынған қиыршықтас маркасы бетон мықтылығынан (мықтылығы 30 МПа төмен бетон үшін) ең кемдегенде 1,5 есе жоғары болуы керек; мықтылығы 30 МПа және одан жоғары бетон үшін -2есе; М 1200, 1400 ірі толтырғышта нашар жыныстар түйіршіктерінің (су сіңірілген күйінде қысқандағы мықтылық шегі 20 МПа төмендеу) мөлшерінің массасы бойынша
5% аспайтындай рұқсат етіледі, М 400-1000 10%-тен және М 200, 300-15%-тен көп болмауы керек.
Ірі толтырғыш аязға төзімділігі бойынша мынадай маркаларға жіктеледі:
М 15, 25, 50, 100, 150, 200, 300. Аязға тұрақтылық маркасы шағал тас кемуі 5% аспағанға дейінгі кезекпен мұздату және еріту цикл санына сәйкес.

1.2 ТОЛТЫРҒЫШТАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Толтырғыштар деп - табиғи немесе жасанды минералдық түиіршіктер араласын айтады. Түйіршіктер мөлшері МЕСТ бекітілген аралықта болады. Бетон құрамында бұл түйіршіктер байланыстырушы затпен біріктіріліп тас тәрізді мықты дене құрайды.
Толтырғыштар жалпы бетон көлемінің 85-90% құрайтындығынан олар бетондық араласпаның технлогиялық қасиетіне және бетон сапасына өте көп әсерін тигізеді.
Құрылыс бұйымдарын бір ғана байланыстырғыш заттар дайындамайды, оған себеп, байланыстырғыштардың бағасы өте қымбат және физика-химиялық қасиеттері күрделі. Осындай кемшіліктерді жою мақсатында минералды ( биорганикалық) байланыстар негізінде құрылыс бұйымдарына толтырғыштар деп аталатын ірілігі әр түрлі инертті материалдарды қосады. Қарапайым толтырғыштардың құны байланыстырғышқа қарағанда едәуір арзан. Сәйкесінше, бетонда толтырғыш көп болған сайын бетон құны да арзандайды.
Толтырғыштар қоры республикамыздың барлық аймақтарында жетерліктей (құм, қиыршық тас) Одан басқа әзірше аз қолданып жүрген өнеркәсіп қалдықтарынан (ТЭС күлі, металлургиялық шлактар т.б.) алынатын толтырушылар қоры жетіп артылады.. Дұрыс таңдап алынған толтырғыштар негізінде, ең аз цемент шығындаумен экономикалық тиімді бетон алынады және толтырғыштар бетонның техникалық қасиеттерін жақсартады. Мықтылығы жоғоры толтырғыштар қаңқасы бетонның беріктік және деформациялық модулін біршама ұлғайтып жүк астында конструкциялар деформациясын кішіреитеді, сондай - ақ жүктің ұзақ уақыт әсерінен пайда болатын қайта орнына келмейтін деформациясын - бетон жылжымалылығын азайтады.
Толтырғыштар түпкі тегі бойынша табиғи, жасанды, өнеркәсіп қалдықтарынан алынғандар болып топқа бөлінеді. Табиғи толтырғыштарды тау жыныстарын (гранитті, диабазды , диоритті, ізбест тасын, жанартаулық туфты, гравийді, кварцитті, мраморды т.б.) механикалық қайта өңлеумен алады. Жасанды толтырғыштар ретінде - шикізаттардан және өнеркәсіп қалдықтарынан термиялық немесе басқаша өңдеу тәсілімен алынатын арнаулы дайындалған материалдарды қолданады. Бұларға жататындар керамзит және оның түр-түрлері, термозит, шлактық пемза және т.б. Өнеркәсіп қалдықтарынан толтырғыштарды шикізаттың химиялық және фазалық құрамдарын өзгертусіз алады. Бұл топқа металлургиялық және отын шлагынан алынатын тығыз және кеуекті қиыршық тась мен құм, кесек дисперстелінген ТЭС күлі кіреді. Бетонда майда және ірі толтырғыштарды қолданады. Майда толтырғыштар ретінде түиіршіктер мөлшері 0,16- 5мм аралығында табиғи немесе жасанды құмды пайдаланады. Ірі толтырғыштар түйіршіктері 5-70 мм аралығында болатын ұсақ тас және шағал тас болып екі топқа жіктеледі.
МЕСТ 8267-82 талабына сәйкес ірі толтырғыш сапасы мынандай көрсеткіштермен - тығыздығымен, түйіршіктік және минералдық құрамымен, түйіршік пішінімен, беріктігімен, мықтылығы нашар түйіршік мөлшерімен, аязға тұрақтылығымен, қуыстылығымен, кеуектілігімен анықталады. Тығыздығына байланысты 1. тығыз (Pm 2000кг\м3), 2. кеуекті ( Pm 2000кг\ м3) толтырғыштарға жіктеледі.
Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондарды, басқаша айтқанда, жеңіл бетондарды тығыз толтырғыштармен жасалынған бетондар, яғни ауыр бетондар орнына қолдану үйлер мен ғимараттардың массасын төмендетуге және соған сәйкес көліктік және жинақтау операцияларының құндарын төмендетуіне, жылу қоршауын жақсаруына және де, үйді пайдалану барысындағы энергия шығынын азайтуға (жеңіл бетондарды пайдалануға байланысты жылу жоғалтуын 20-50 % ға азайту, демек үйді жылытуға кететін энергия шығынын 10-25% ға қысқарту) ықпалын тигізіп, үйлер мен ғимараттардың отқа , аязға, және жер сілкінуге төзімділігін асырады.
Ірі толтырғыштар түйіршігінің пішініне қарай -- қиыршық тас және малта тас болып бөлінеді. Толтырғыштар түйіршіктерінің пішіні ең алдымен бетон және ерітінді араласпасының ыңғайлы төсемділігіне әсерін тигізеді.
Толтырғыштар арқылы бетонның қасиетін анықтауға болады. Мысалы шойын немесе темір рудаларын толтырғыш ретінде пайдаланып, ионды сәулелерден қорғайтын өте ауыр бетон алуға болады.
Технологиялық қасиеті жоғары, тығыз фракциялар қоспасын алу үшін қуыстығы 45 % аспайтын, жалпақ және сопақ пішіндегі түйіршіктері 35% , ал жолға төселенетін бетонға арналған шағал тасты 25% көп емес, ірілігі әр түрлі шағал тастарды пайдаланады.
Орташа тығыздығы 1800 - 2800 кг\ м3 , тау жынысынын алынған толтырғыштарды ауыр бетонға жиі қолданады. Тығыздығы р - 2800 кг\ м3 толтырғыштарды қолдану бетон тығыздығын жоғарылатып, ғимараттар массасын қажетсіз ұлғайтып жіберуіне әкеліп соғады. Мұндай толтырғыштар радиоактивтік сәулеленуден қорғануға жұмсалатын арнаулы бетондарда пайдаланады.
Тығыздығы р - 1800 кг\ м3 кем толтырғыштар елеулі кеуектілігімен ерекшеленеді. Оларды жеңіл бетондарда пайдаланады. Толтырғыштардың кеуектілігі жоғары болатындықтан , мұндай бетондарардың жылу қоршағыштығы да жақсы болады. Ең аз цемент шығынында берілген мықтылықтағы бетон алуға толтырғыштың түйіршіктік құрамы шешуші роль атқарады. Неғұрлым толтырғыш ірі болса, соғұрлым меншікті беті аз болады. Мысалы , толтырғыштың абсолюттік көлемен 1м3 тең етіп есептегендей ірілігі 10 - 20 мм түйіршіктер араласының меншікті беті 400 м2 құрайды, ірілігі 2,5 - 5 мм түйіршіктер үшін ол 1600м2 тең, ал ірілігі 0,05 - 0,16 мм шаң тәрізді түйіршік үшін - 160 000м2.
Толтырғыштардың теориялық түйіршіктік құрамының қисық сызығын Фуллер және Боломей ұсынған формула бойынша салуға болады.

Р = m + ( 100 - m ) d D (1)
Мұндағы р - ірілігі d мм дейінгі материал бөлігі ( толтырушылар араласы) барлық материал массасынан % ; Д - толтырушы түйіршігінің ең ірісі, мм; m - толтырушылар тегіне және бетон араласпвсының жұмсақтығына байланысты болатын коэффициент, m = 8 -12.

1.3 ФИЗИКАЛЫҚ-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

Түйіршік құрамын анықтау
Әдістің мәні қиыршықтастың (малтатастың) түйіршікті құрамын елеуіштердің стандартты кешенінен өткізу арқылы анықтаймыз. Түйіршік құрамын анықтау жуу және қүрғақ елеу әдістерімен іске асырылады.
Жалпақ (лещадты) және ине түріндегі түйіршік құрамын анықтау
Әдістің мәні қиыршықтастағы (малтатастағы) жалпақ және ине түріндегі түйіршік құрамын анықтау, және жуандығы үзындығынан үш есе және одан да жоғары түйіршіктер санын бағалауда.
Уатылғыштығын анықтау
Қиыршықтастың (малтатастың) уатқыш деңгейін цилиндрде сығу барысында түйіршіктердің бүзылу дәрежесіне қарай анықтайды.
Қиыршықтас (малтатас) түйіршіктерінің нағыз тығыздығын анықтау
Қиыршықтас түйіршіктерінің нағыз тығыздығын өлшегіш цилиндр құрылғысын қолдана отырып ұсатылған кептірілген материал мөлшер бірлігінің массасын өлшеу арқылы анықтайды.
Қиыршықтас түйіршіктерінің орташа тығыздығын анықтау
Қиыршықтас түйіршіктерінің орташа тығыздығын гидростатикалық өлшеу кұралдарын қолдана отырып, тұқым бөліктері мен қиыршықтас түйіршіктері мөлшерінің бірлік массасын өлшеу арқылы анықтайды.
Қиыршықтас түйіршіктерінің кеуектілігін нақ және орташа шамаланып анықталған мағыналардың негізінде есептік тәсілмен жүзеге асырылады.

(2)

Rорт -- - - қиыршықтас, малтатас түйіршіктерінің орташа тығыздығы, гсм3 рн -- қиыршықтас түйіршіктерінің нағыз тығыздығы, гсм3.
Қиыршықтастың суды сіңіруін анықтау
Су қанықтығын сумен қанықтырылған және кептірілген жағдайдағы қиыршықтас (малтатас) үлгілері массаларын салыстыру жолымен анықталады.
Ылғалдылықты анықтау
Қиыршықтастың (малтатастың) ылғылдылығын ылғал жағдайдағы және кептіру процессінен кейінгі үлгі массасын салыстыру жолымен анықтайды.
Сығымдаған кездегі беріктік шегін анықтау
Қиыршықтастың (малтатастың) төзімділігін қысу және қысқандағы үлгілердің (кубиктер немесе цилиндрлер) бұзылу жағдайына жету арқылы анықтайды.
Шаң түріндегі және саздық бөлшектердің құрамын анықтау
Қиыршықтастағы (малтатастағы) шаңды және балшықты бөліктердің құрамы анықтау қиыршықтасты жуу барысында алынатын суспензияның елеуіштен өтуі және сынаққа дейінгі және одан кейінгі үлгі массасындағы айырмашылықты есептеу арқылы жүзеге асады.
Үйме тығыздығын анықтау
Қиыршықтастың үйме тығыздығын тұрақты массаға дейін кептірілген, берілген фракцияның (немесе фракция қоспаларын) белгілі бір қиыршықтас мөлшерін өлшеу арқылы анықтайды. Бүл әдісті түйіршігінің ең жоғары мөлшері 63мм қиыршықтасқа қолдануға рұқсат етілген.
Ұсақталғыштығын анықтау
Ұсақталғыштығын анықтау үшін өлшемі 5-тен 10-ға дейін, 10 -- 20,
20 -- 40, 40 -- 70 мм аралығындағы қиыршықтастар алынады. 70 мм-дан үлкен тастарды қайтадан ұсақтайды. Әрқайсысынан 500г. (0.1 г дәлдікпен) өлшеп алады. Бұл сынақты кебу және сулы түрде жүргізіп, маркасын анықтайды.
Кебу кезінде қиыршықтасты тұрақты массаға дейін кептіріп, оны d=150мм цилиндрде сынай ды. Ондағы түсірілетін қысымды 100-200 кгссек жылдамдықпен 5000 кгс қысымға дейін жеткізеді. Сынақ жүргізгенде ондағы ұсақталған тастарды бөлек алып массасын есептейді.
Сулы кезінде
Ұсақт.=((m-m1) m) 100 (3)
m -- сынауға алынған тас массасы
m1 -- ұсақталған тас массасы

Кесте 1

Маркасы
Қиыршықтасты сынағандағы масса жоғалтуы, %

Кебу кезіндегі
Суға қаныққан кездегі

1200,1000,800
600
400
300
200
11 дейін. 11-13;
13 ;15 қоса
15;19
19 ;24
24 ;28
28 ;35
11дейін 11-13 ;
13 -- 15 қоса
15 ;20
20 ;28
28 ;38
38 ;54
Аязға төзімділігін анықтау
Аязға төзімділік әр өлшемдегі қиыршықтас үшін жеке-жеке анықталады. Алынған қиыршықтасты тұрақты массаға дейін кептіреді. Металл ыдысқа t=+20+-50С су құйып, оны 48 сағаттан соң төгеді де, тастарды мұздатқыш камераға t= -18+-20С 4 сағатқа қояды. Кейін оны t=+20+-50С суы бар ваннаға қайта салып, 2 сағаттан кем емес уақытта ұстайды. Осындай 15, 25 циклдан кейін қиыршықтасты тұрвқты массаға дейін кептіріп, оны сынақтан өткізеді.
Dm= ((m-m1) m)*100% (4)
m= сынаққа алынған материал массасы
m1= сынақтан кейін бүтін қалған материал массасы
Сынақты МеСТ бойынша рұқсат етілген масса жоғалту циклына дейін жүргізеді. Сынақты масса жоғалту мүмкіндігінен асқанда тоқтатады.

Кесте 2
Сынақ түрі
Қиыршықтастың аязға төзімділігі бойынша маркасы

F 15
F
25
F
50
F
100
F
150
F 200
F 300
F 400
Цикл мөлшері
15
25
50
100
150
200
300
400
Сынақ кезінде масса жоғалту, %
10
10
5
6
5
5
6
6
Күкіртқышқылды натрийге қаныққан, кептірілген цикл мөлшері
3
5
10
10
15
15
15
15
Сынақтан кейін масса жоғалтуы, %
10
10
10
5
5
3
3
1

1.4 СЫНАҚҚА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

Үйме тығыздықты анықтау үшін: зертханалық таразы Гарри приборы,
цилиндр қажет.
Дәндік құрамын анықтау үшін:
Фракцияның тиісті номиналды мөлшеріне сәйкес келетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс материалдарын сынау
Қиыршық тас өңдеу технологиясы
Құрылыс материалдарының орташа тығыздығын анықтау
БЕТОНҒА АРНАЛҒАН ТОЛЫҚТЫРҒЫШТАРДЫ ДАЙЫНДАҒАНДА РЕСУРС ЖӘНЕ ЭНЕРГОҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ
Әшекей бетондары
Кұрылыста қолданылатын бетонның сапасын сараптау
Жасанды қиыршық тас
Ақтөбе қаласының картасы
Тассай карерьінің ірі толтырғыштары туралы
Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
Пәндер