Құмның жалпы сипаттамасы



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 1
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1 ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.1МАТЕРИАЛДЫҢ ФИЗИКА.МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ... ... .. 12
1.1.1ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРАЛ.ЖАБДЫҚТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.1.2 СЫНАҚТЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
1.1.3ҚҰМНЫҢ ҮЙМЕ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.1.4 НАҒЫЗ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
1.1.5 ДӘНІНІҢ ОРТАША ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... 18
1.1.6 ҚҰМДАҒЫ БОС КЕҢІСТІКТІ АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
1.1.7 ҚҰМНЫҢ ҚУЫСТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
1.1.8 ҚҰМНЫҢ ҚЫРӨЛШЕМДІК ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... 20
1.1.9 ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСПАЛАР КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ ... ... ... ... . 22
1.1.10 САЗДЫ ЖӘНЕ ТОЗАҢДЫ ҚОСПАЛАРДЫҢ
МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
1.1.11 ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
1.2 БӨЛІМ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
ҚОСЫМШАЛАР А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Курстық жұмыстың мақсаты студенттерді өз мамандығына бейімдеу
болып табылады. ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру біздің еліміздің ең бірінші мақсаты екені барлығымызға аян.
Ел басымыздың жолдауында - «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірілері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтаумыз қажет. Осы заманға білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт. Қазақстан жоғары оқу орындарының міндетті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемде танылуға тиіс. Олар мұны істеуге міндетті. Біздің әрбір қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беруміз керек» делінген. Ел басымыздың жолдауында техникалық мамандықтарлы дамыту бас назарға алынған.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері құрылыс заттар шығару
өндірістерінде елеулі прогрессивтік даму үрдісі болып келеді. Біріншіден, белгілі өндіріс технологиялары жоғары деңгейде жетілдірілді, екіншіден, құрылыс материалдар сапасы мен саны ұлғаюымен қатар түрлі жағдайда үйлер мен ғимараттардың пайдалануына сәйкес мықтылық шегі (маркасы) жоғары, нешебір агрессивтік жағдайға төзімді цементтер шығару әдістері қалыптасып, олармен құрылысшыларды қамтамасыз ету проблемасы қазіргі күндері толығымен шешілген. Үшіншіден, қазір ТМД экономикалық кеңістігінде цемент өндіру көлемі жылына 130 млн. т. асады.
1. Б.С. Сатеков. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары, ІІ том «Сенім», Тараз қ., 2007ж.
2. А. Кулибаев. У. Бишімбаев. Е. Қасымов. Қ. Бисенов. Сәулеттік материалтану. – «Издат маркет» Алматы қ., 2006 ж.
3. Л. Н. Попов. Лабораторные испытания строительных материалов и изделий. Москва. «Высшая школа».
4. А. А. Кулибаев. В. К. Бишимбаев. И. К. Касимов. Р. Б. Ергешов. С. М. Байболов. «Строительные материалы». Алматы, 2004ж.
5. Песок для строительных работ. Методы испытаний. МЕСТ 8735-88
6. Растворы строительные. Общие технические условия. МЕСТ 8735-88
7. Темірқұлов Т.Т «Құрылыс материалдары» Алматы қ. 2005 ж

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Курстық жұмыста құрылыс материалы құм алынды. Майда
толтырғыш – құм табиғи және жасанды болуы мүмкін, түйіршік мөлшері
0,14 – тен 5мм.
Жұмыс мақсаты табиғи құмның қасиеттерін анықтау, оны сынау және
бұл материалдарға қойылатын МеСт талаптарына сай зерттеу болып
табылады.
Табиғи құмдардағы тозаң тектес және сазды бөлшектердің көлемі 3
проценттен аспауы тиіс. Алынған мәліметтер негізінде құмның керекті
МЕСТ –ның талаптарына сәйкестігі туралы қортынды жасалады.
Курстық жұмыста берілген тақырып бойынша материалдың жалпы
сипаттамасы келтірілген. Берілген тапсырма бойынша құмды бетондар мен
ерітінділерде қолдану үшін сынау жұмыстары жүргізілді.
Сынақты жүргізу барысында құмның физика –механикалық қасиеттері
анықтау бойынша МеСт- көрсетілген әдістеме негізінде орындалды. Алынған
нәтижелер курстық жұмыстың қорытынды бөлімінде баяндалды.
Курстық жұмыста жалпы—33 бет, пайдаланылған әдебиеттер – 7, кесте
саны – 8.
мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1
АНЫҚТАМАЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН
ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.1МАТЕРИАЛДЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ... ... .. 12
1.1.1ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.1.2 СЫНАҚТЫ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
1.1.3ҚҰМНЫҢ ҮЙМЕ ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ...
17
1.1.4 НАҒЫЗ ТЫҒЫЗДЫҒЫН
АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.1.5 ДӘНІНІҢ ОРТАША ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... 18
1.1.6 ҚҰМДАҒЫ БОС КЕҢІСТІКТІ
АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
1.1.7 ҚҰМНЫҢ ҚУЫСТЫЛЫҒЫН
АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
1.1.8 ҚҰМНЫҢ ҚЫРӨЛШЕМДІК ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ ... ... ... ... ... 20
1.1.9 ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСПАЛАР КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ ... ... ... ... . 22
1.1.10 САЗДЫ ЖӘНЕ ТОЗАҢДЫ ҚОСПАЛАРДЫҢ
МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 23
1.1.11 ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
1.2 БӨЛІМ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
ҚОСЫМШАЛАР А
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 30

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

ҚР СТ 1217-2003 Құрылыс жұмысына арналған құм.
МЕСТ 8736-93 Құрылыс жұмыстарына арналған құм. Техникалық
жағдайлары.
МЕСТ 8735-88 Құрылыс жұмыстарына арналған құм.
МЕСТ 6139-2003 Цементті сынауға арналған құм.
МЕСТ 427-75 Өлшеуiш темiр сызғыштар (№ 1,2,3
өзгерiстерiмен). Техникалық жағдайлары.
МЕСТ 1770-74 Лабораториялық шыны өлшеуiш ыдыс.
МЕСТ 6709-72 Дистилденген су. Техникалық жағдайлары.
МЕСТ 9147-80 Лабораториялық фарфорлы ыдыс және қондырғы.
Техникалық жағдайлары.
МЕСТ 18321-73 Статистикалық сапа бақылауы. Даналық өнiмнiң кездейсоқ аралай
iрiктеу әдiсi.
МЕСТ 22524-77 Шыны пикнометрлер. Техникалық жағдайлары.
МЕСТ 24104-2001 Лабораторияльгқ таразы. Жалпы техникалық талаптар.
МЕСТ 29057-91 Ұлы емес шаңнан қорғануға арналған ерлер
киiмi. Техникалық шарттар.
МЕСТ 29329-92 Статикалық елшеу таразылары. Жалпы техникалық талаптар.

АНЫҚТАМАЛАР

Сынама - құм партиясынан сынақ үшiн iрiктеп алынған материалдың
белгiлi бiр көлемi.
Нүктелiк сынама - өнімінің партиясының нормативтi құжаттармен
белгiленген жерлерiнен алынған, материалдар сынамасы.
Бiрiккен сынама - нүктелiк сынамалардан тұратын мен партияны жалпы
сипаттайтын, материалдар сынамасы.
Зертханалық сынама - бiрiккен сынамалардан дайындалған және сынақтың
бiрнеше түрiне арналған, құмның осы түрi үшiн қарастырылған материалдар
сынамасы
Талдамалы сынама - зертханалық сынамадан дайындалған және бiрнеше
сынақ түрлерiне арналған, материалдар сынамасы. Талдамалы сынамадан сынақ
әдiстерiне сәйкес жеке өлшемдер алынады. Егер алдыңғы сынақта материалдың
басқада қасиеттерi өзгерiске ұшырамаса, онда талдамалы сынаманың бiр өзi
бiрнеше сынақ түрлерiн өткiзу үшін қолдануға жiберiледi.
Нағыз тығыздық – абсолюттік тығыз жағдайындағы бірлік көлемінің
салмағы.
Орташа тығыздық – табиғи жағдайдағы бірлік көлемінің салмағы.
Кеуіктілік – материалдың көлемінде бос қуыстарын мөлшерін көрсететін
өлшем
Су сіңгіштік – материалдың өз бойына су сіңіру, ұстау қасиеті.
Суға төзімділік – материалдың өз қасиеттерін суда сақтау.
Ылғалдылық – материалдың құрамындағы судың мөлшері.
Материалдың ылғалдылығы суту, жұту әрдайым төмен болады.
Су өткізгіштік – материалдың қысқыштың күшімен суды өткізу қабілеті.
Бұл қасиет 1 сағат ішінде 1 шаршы метрден қысқыш 1 м Па болған кезіндегі
өткен су мөлшері мен сипаттайды. Тығыз материалдар су өткізбейді. Су
өткізетін материалдардың әдістері бар. Оны гидравлика арқылы істейді.
Бетонды цилиндр тәрізді қалыпқа қалыптайды. Бетон мен цилиндрдің арасында
су өткізбейтін материал жағады – битум, парафин. Төменгі жағынан қышқылмен
су беріледі. Қай қысқышта жоғарғы жағында суы көрінсе, сол жағы материалдың
су өткізу қасиетін көрсетеді.
Аязға төзімділік – суға әбден қаныққан материалдың алма – кезек аязға
қатырып тек қайта еріту кезінде өзінің қасиетін сақтап қалу қасиетін
айтады. Аязға төзімділікті сипаттау үшін, материалды суға қанықтырады,
сосын 170С аязға қояды. Кеуіктердің ішіндегі су аязға айналады, сонда судың
көлемі 9%-ке артады. Мұз кеуіктерінің қабырғаларымен 2500 кгсм2 күшпен
қысады. Кейін материалды ерітеді. Сөйтіп материалды бұзылуы бастайды.
Материалды тандыру мен еріту – бір цикл дейді. Материал қаншы циклдан
беріктігін 15-25%-ке төмендетсе, сонымен қатар өз салмағын азайтып 5%
аспаған жағдайда сол циклдің саны материалдың аязға төзімділік маркасы деп
есептеледі. Материалдардың аязға төзімділікке қарай мына маркаларға
бөлінеді:
10; 15; 25; 35; 50; 100; 150; 200 у.
Сонымен аязға төзімділік материалдардың кезіктігіне байланысты анықталады.
Ылғал тартқыштық – материалдың аудағы су буын өз бойына тартып алу
және оны ары қарай капилярында ұстап тұратын қасиет. Бұл қасиет ауаның
температурасына, кезіктілігіне, оның түріне, аумағына, көлеміне, заттың
табиғатына байланысты. Кейбір материалдар өз бетіне судың молекулаларының
тартып алуын гидрофильді деп атайды. Ал кейбір материалдар кірісінше, суды
өз бойына сіңдірмейді – гидрофобтық деп аталады.Гидрофильдік материалдар
суда тез еріп кетеді, суға төзімді емес. Ал гидрофобтық суға төзімді
болады.
Жылу өткізіштік – материалдың өз бойынан жылу өткізу қасиеті.
Бұл қасиетті үлгінің 1 м қашықтығынан 1 м2 ауданы бойынша 1 сағат
мөлшерінде қарама-қарсы беттерінде температураның 10С өзгермейтін жылу
мөлшері мен бағаланады. - жылу өткізгіштік коэффициенті.
Жылу өткізу қасиеті көптеген факторларға байланысты болады:
материалдың табиғатына, оның құрылысына, кеуіктілік дәрежесіне, кеуіктердің
түрлеріне. Тығыз материал жылуды жақсы өткізеді. Кеуекті материал жылуды
нашар өткізеді, өйткені кеуіктердің ішіндегі ауа жылуды өткізбейді. Ауаның
. Жабық кеуекті материал ірі кеуекті материалдарға қарағанда жылуды аз
өткізеді, өйткені ірі кеуіктерінде ауа қозғалысымен жылу көбірек өтеді.
Жылу өткізішке материалдың ылғалдылыға да әсер етеді. Ылғал жылуды жақсы
өткізеді, өйткені судікі , яғни 25 есе көп. Кейбір заттардың жылу
өткізгіштігі:
кірпіш = 0,8 г
бетон = 1,28 – 1,55
гранит = 3,2 – 3,5
болат = 58,35
минералдық мақта = 0,058
Отқа беріктік – материалдың жоғарғы температурада өз қасиеттерін
сақтау.
Беріктік – материалдардың сыртқы, күштердің әсерінен күйрету
немесе қарсыласу қасиеті. Материалдар құрылыстарда пайдалану күйінде
әртүрлі әдістердің әсерінен пайдаланады. Бұлар – созу, иілу, қысу және
сыну. Әр түрлі материалдар бұлардың әсерінен белгілі бір жағдайда ғана
жұмыс істей алады. Мысалы: гранит, бетон қосуға жақсы қарсылық
білдіретінмен, иізде, созуда, нашар жұмыс істейді (5-50 есе). Сондықтан бұл
материалды тек қысу жұмысы бар аймақтарда қолданады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

- дәнінің орташа тығыздығы
- нағыз тығыздық
- су сіңіргіштік (көлемдік)
- су сіңіргіштік (салмақтық)
F – үлгінің ауданы (см2)
m – материалдың салмағы
m1 – кебу материалдың салмағы.
m2 – ылғал материалдың салмағы
P – бұзушы күш, салмақ (кг)
Q – жылудың мөлшері
Q – кептірілген үстеменің сүзгеннен кейінгі салмағы;
Q1 – кептірілген үстеменің сүзгенге дейінгі салмағы;
R – шектік қысу беріктік
R1 – суға қаныққан материалдың қысу беріктігі
R2 – кебу материалдың қысу беріктігі.
v – материалдың көлемі
г – грамм
Егер Кж 0,8 – онда материал суға төзімді деп есептелінеді.
Егер Кж ≤ 0,8 – онда бұндай материалды ылғал жерде қолдануға болмайды.
К- жібу коэффициенті
кг – киллограмм
Кж = 0 ÷ 1 өзгеру қажет.
м – метр
М - ірілік модулі
МеСт – Мемлекеттік Стандарт талаптары
мм - миллиметр
МПа – Мега Паскаль
Р – құмдағы сазды және тозаңды бөлшектердің көлемі, %.
см – сантиметр
Ы – ылғалдылық

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың мақсаты студенттерді өз мамандығына бейімдеу
болып табылады. ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру біздің еліміздің ең бірінші
мақсаты екені барлығымызға аян.
Ел басымыздың жолдауында - ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірілері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және
ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтаумыз қажет. Осы
заманға білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін
осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт. Қазақстан жоғары оқу
орындарының міндетті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Ал
жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемде танылуға тиіс. Олар мұны
істеуге міндетті. Біздің әрбір қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы
кепілдік беруміз керек делінген. Ел басымыздың жолдауында техникалық
мамандықтарлы дамыту бас назарға алынған.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері құрылыс заттар шығару
өндірістерінде елеулі прогрессивтік даму үрдісі болып келеді. Біріншіден,
белгілі өндіріс технологиялары жоғары деңгейде жетілдірілді, екіншіден,
құрылыс материалдар сапасы мен саны ұлғаюымен қатар түрлі жағдайда үйлер
мен ғимараттардың пайдалануына сәйкес мықтылық шегі (маркасы) жоғары,
нешебір агрессивтік жағдайға төзімді цементтер шығару әдістері қалыптасып,
олармен құрылысшыларды қамтамасыз ету проблемасы қазіргі күндері толығымен
шешілген. Үшіншіден, қазір ТМД экономикалық кеңістігінде цемент өндіру
көлемі жылына 130 млн. т. асады.
Байланыстырушы материалдар өндірісінің өте үлкен дәрежеде дамуы,
соған байланысты неше түрлі құрылыстардың толық мағынадағы индустриялы
салаға айналғаны көптеген ғалымдардың және инженерлік-техникалық
құрылысшылар еңбектерінің арқасында. Әсіресе, жаңа байланыстырушы
материалдар өндіру жолында, олар физикалық-химиялық тұрғыда қасиеттерін
зерттеу, нәтижелерін өндіріске енгізу жөнінде еңбектері жетекші роль
атқарды. Әсіресе, индустриялық әдіспен үйлер салу үрдісінің дамуына
байланысты осы байланыстырушы заттар негізінде зауытта жасалынатын
жиналмалы конструкциялар мен бұйымдар көлемі де жылдан жылға көбеюде.
Мұнымен қатар үйлер мен ғимараттардың индустриялық және жеделдете салу
әдістері, оларды сан алуан жағдайда пайдалану шарттары ғалымдар мен
инженерлік – техникалық құрылысшылар алдына тез және өте тез қатаятын,
жұмсартылған, кеңейе қатаятын, қышқылға төзімді, тампонаждық және тағы
басқа түрлі түсті тиімді цементтерді жасауды, оларды құрылыс салаларында
қолдану тәсілдерін игеру проблемаларын қойғанды. Қазір бұл проблемалардың
барлығы шешілген, құрылысшы қауымдар қажеттелігін қанағаттандыратынлдай
аталған цементтердің барлығы бар. Құрылыс материалдарын зерттеу ауқымы өте
үлкен.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін халық шаруашылығына
ендіруде шешуші маңыз атқаратын және материалдар өңдеудің жеке бір үлкен
тарауы болып табылатын күрделі құрылысқа кең көңіл бөлінуде.
Өндіріс отырдарын қайта жабдықтандырғанда немесе құрылыс жобаларын
іске асырғанда, аса жетілген технология мен ғылыми жетістіктердің
жаңалықтарын өндіріске ендіреді. Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және де тұрғын
үй құрылысының жедел дамуына байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі
ұлғаяды. Мұның өзі жалпы құрылыстың техникалық қоры болып табылатын құрылыс
материалдар өнеркәсібінің тез дамуы мен жетілдіруін талап етеді.
Еліміздің    2030    жылдарға   дейінгі   жобаланған        әлеуметтік,
экономикалық  дамудың  негізгі  бағыттарында     көрсетілген,   атап  
айтқанда  құрылыстың  көлемін  төмендетіп, сапасын  арттырып,     
мейлінше  аз   шикізат  жұмсайтын, олардың  жалпы салмағын   азайту 
арқылы  барлық  қасиеттерін  жақсартып,     құрылыс алаңына   көбінше
дайындығы жоғары сапалы  бұйымдар мен  конструкцияларды    дайындау 
қазіргі  уақыттың  басты  міндеті  болып  отыр.
Осымен қатар көптеген өндіріс қалдықтарын саналуан құрылыс
материалдарын алуға пайдалану жергілікті әртүрлі шаруашылық құрылыстарының
кеңінен дамып ұлғаюын қамтамасыз етеді.
Әрдайым көлемі өсіп келе жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы
орындау үшін, жоғары оқу орындары дайындайтын қабілетті, білімді инженер-
құрылысшылардың әртүрлі мамандықтары керек болып отыр.
Осыған орай болашақ инженер-құрылысшылар заводтан шыққан және құрылыс
алаңына түскен дайын бұйымдар, бөлшектер, конструкциялар мен шикізаттың
сапасын анықтайтын әдістерді меңгеруі керек. Олардың материалдарды
қабылдау, сақтау, тасымалдау ережелерін сақтай отырып, орынды үнеді
ысыраптау және де жұмыстардың сапалы орындалуына келтірілген лабораториялық
жұмыстарды орындау көптен-көп көмек етеді. Сондықтан студенттердің
лабораториялық жұмыстарды сапалы меңгеруі және толық көлемде игеруі олардың
алған білімдерін өз бойына бекітудің ең тиімді жолдарының бірі.

МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫ

Бақылау құралдары және қосалқы құрылғылар
Құм түйіршіктерінің бетіндегі сазды және тозаңды бөлшектер
түйіршіктердің цемент таспен берік байланысуына кедергі жасап,
бетонның беріктігін төмендетеді. Сондықтан пайдаланатын құмда сазды
және тозаңды қоспалардың шектен тыс болуы зиянды деп бағаланады.
Аппаратура және керек жарақтар: техникалық таразылар, мөлдір түссіз
шыныдан жасалған сыйымдылығы 250 мм өлшемдік цилиндрлер (2 дана),
ішкі диаметрі 36–дан 40 мм–ге дейінгі, техникалық өткір натрийдің 3
проценттік ерітіндісі, этил спиртінің бір проценттік ерітіндісі.
-4.6 және 4.7 бойынша елеуіш тобы.
-Бекітілген нормативтік құжаттамалар бойынша кептіргіш шкаф.
-МЕСТ 5072 бойынша механикалық секундамер.
Аппаратура: техникалық таразы, кептіру қондырғысы, құмды түюге
арналған ыдыс немесе биіктігі 300 мм-ден кем емес сифонды цилиндр
шелек, секундомер немесе құм сағаты.
- МЕСТ 24104 бойынша таразы
- Кептіргіш шкаф
- 300мм биіктіктегі цилиндрлі шелек немесе сулауға арналған сифоны бар ыдыс
- МЕСТ 5072 бойынша механикалы секундомер.
- Диаметрі 5мм тесіктері бар елеуіш
Бақылау құралдары және қосалқы құрылғылар - МЕСТ 24104 бойынша таразы.

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

Майда толтырғыш – құм табиғи және жасанды болуы мүмкін,
түйіршік мөлшері 0,14 – тен 5мм.
Табиғи құм дегеніміз - жанартау шығарған (сирек жағдайда шөгінді)
тау жыныстарын су ағыны мен жел ұшыруы әсерінен пайда болған
ірілігі 0,14 – тен 5мм-ге дейінгі түйіршіктер қоспасы.
Шөгінді тау жыныстары пайда болуына қарай 3-топқа бөлінеді:
механикалық, оргоногендік,химиялық.
Механикалық тау жынысы -құм сусымалы материал. Механикалық –
тау жыныстар магманың және шөгінді тау жыныстарының бұзылуынан, үгілуінен,
сынуынан пайда болады.
Табиғи құмды толтырғыш ретінде бетонға, сылақ және қалақ
лайына, сондай-ақ қолтума заттар жасауға, тас бұйымдарын жасау үшін
пайдаланады. Құрылыс ертінділерінде, бетондарда т.б. қолданылады.
Минералдық құрамы бойынша құм – кварцтық, дала шпаттық,
корбанаттық және т.б. құмдарға жіктеледі. Бұлардаң ішінде сапасы
бойынша кварцтық құм сапасы бойынша жақсы және бетон дайындау үшін жиі
қолданылады.
Құм құрылу жағдай бойынша өзендік, теңіздік және сайлық (таулық)
болып бөлінеді. Өзендік және теңіздік құмдар түйіршіктері тұйықталған
пішінде және беті тегістелген болады. Себебі су ағынымен көшірілген кезде
қажалады. Сай және тау құмдарының түйіршіктері қырлылау келеді, құрамында
көп мөлшерде саздық және органикалық қоспалар болады. Теңіз құмдарында
моллюск қабыршықтарының сынақтары болуы мүмкін. Олар әдетте, оңай
бұзылады да, бетон мықтылығын төмендетеді.
Жасанды құмдарды тау жыныстары, не металлургиялық шлактарын,
сондай – ақ тағы басқа өнер-кәсіптік қалдықтарын уатқыштарда уату
арқылы алады.
Түйіршікті құрамы бойынша аса ірі, ірі, орташа ірі, майда және
өте
майда құмдарын бөлінеді.(1-кесте)
Құмның түйіршікті құрамы цемент шығынына және бетон тығыздығына
әсерін тигізеді. Жоғарыда атап келтірілгендей, құмның неғұрлым қуыстылық
көлемі және түйіршіктерінің меншікті беті аз болса, соғұрлым цемент шығыны
үнемділеу болады. Құмның ірілігін оның іріілік модулімен сипаттайды. Ірілк
модуль деп майда толтырғышты мөлшері 2.5; 1.25; 0.63; 0.315; 0.14 мм
стандарттық електер жинағы арқылы елегендегі електердегі толық
қалдықтардың қосындысын 100-ге бөлгендегі нәтижесін айтады:

Толық қалдық - бұл електер жинағына кіретін осы електегі және
одан ірі електегі дара қалдықтардың қосындысы. (1.1-сурет).
Ірілік модулін 2.5 жоғары құмды В25 (М350) және одан жоғары кластағы
бетон үшін ұсынады. Ірілік модулі 1.5-нан 2-ге дейінгі құм В15 (М200)
дейінгі кластағы бетондарға қолдануға болады. Жолға және әуежайына жамылтқы
ретінде қолданатын В30 (М400) дейінгі кластағы бетондарға, технико-
экономикалық жағынан негізделген жағдайда, ірілік модулі 1.52.0
аралығындағы құмдарды да қолдануға рұқсат етіледі.
Ірілігімен қатар құмның қуыстылығының да, басқаша айтқанда
түйіршіктер аралығындағы кеңістіктердің де маңызы зор. Жақсы құмдарда
бұл қуыстылық көлемі 30-дан 38% дейінгі аралықта болады. Бір мөлшерлік
түйіршіктерден тұратын құмдардын қуыстығы 40-47% дейін жоғарлауы мүмкін.
Түйіршік құрамдары бойынша құмдардың бетон үшін жарамдығын 1.1-суретінде
көрсетілгендей, елену қисығын салумен анықтайды. Ол сызық стандартпен
бекітілген,графикте сызықталған жолақ шегінде өтуі керек. Табиғи құмның
түйіршік құрамы келтірілген талапқа сай келмеген жағдайда, майда құмға
табиғи немесе ұсақталған құмның ірі фракциясын қосады, ал ірі құмға ірілік
модулін төмендету үшін майда құмдарды енгізеді. Осылайша құмның түйіршік
құрамын және ірілік модулін реттейді.
Майда құм, түйіршік беттері үлкен болатындықтан, бетонның
суқажеткөйлігін асырады, жобалық маркасын қамтамасыз ету үшін цемент
шығынын 820% жоғарлатады.
Құмның сапасына қойылатын жоғарыда айтылған талаптарға қосымша
мына деректерді де ескерген жөн. Құмның түріне байланысты тесігі 0,14м
арқылы өтетін түйіршіктер мөлшері 510% аспауы керек. Мөлшері 5 мм ірі
түйіршіктер % массасы бойынша: табиғи және уатылған құмдарда 10; қалдықтан
уатылып алынған құмда 15; байытылған құмда 5; фракцияланған құмның ірі
фракциясында 10 аспауы керек. Мөлшері 10 мм жоғары түйіршіктер барлық
құмдарда массасы бойынша 0,5% аспауы керек.
Бетонның басты қасиеттері цемент тасының толтырғышпен ілінісу
мықтылығына байланысты. Ілінісу мықтылығына құм түйіршігінің пішіні, бет
сипаты және топырақ сазының болуы үлкен әсер тигізеді. Беті кедір - бұдыр
және қырлы бұрыш пішіндегі түйіршікте, мысалы тау – сайлық құмдарында
ілінісу мықтылығы жоғары болады. Теңіз және өзен құмдарының түйіршіктері
тұйықтау болады, дегенімен былғаныштығы аз, жууды қажет етпейді.
Саз және топырақ түйіршіктері бет мөлшері өте үлкен болатындықтан
бетон қоспасының су қажеттілігін көбейтіп жібереді, құм түйіршігін бүркеп,
оның цемент тасымен ілінісуін нашарлатады. Оның сыртында бұл қосындылар
бетонның аязға төзімділігін төмендетеді.
Органикалық қосындылар (мысалы, қи) құмда кездесіп қалған жағдайда,
оның мөлшері өте аз болу керек екендігін сақтаған жөн. Себебі, олар әсіресе
органикалық қышқылдар, бетон мықтылығын төмендетеді және тіпті цементті
бұзып жібереді. Олардың құмда бар не жоғын білу үшін құмда 3% - дық
күйдіргіш натрийдің сулық ерітіндісімен (ерітіндінің құмға қатынасы 1:1)
өңдейді, сосын оны 1 тәуілік бойы тұндырады. Осылайша өңделген ерітінді
бір тәуліктен кейін түсі ақшыл болу қажет. Бұл колометриялық (түсі бойынша
анықтау) тәсіл деп аталады. бойы тұндырады.
Құрылыс материалы құмның бетондарда қолданылуы. Бетон тұтқыр заттан,
судан, толтырғыштардан және арнайы қоспалардан тұратын дұрыс іріктелген
бетон лайын қалыптау және қатыру нәтижесінде алынған қолтума тас материал.
Бетонның құрамында толтырғыштар 80-85% құрайды (масса бойыша),
сондықтан толтырғыш ретінде жергілікті тас материалдарын пайдаланады. Оның
ішінде құм бетон құрамында көп бөлігін алады.
Құм - ауыр бетондарда көп қолданылады. Аумақтық салмағы 2000-2500
кгм3, барлық көтергіш конструкцияларында қолданылады.
Силикатты бетондар құмның қолданылуы. Цементті бетон сияқты ауыр
(толтырғыштар-тығыз-құм мен құм-қиыршық тас араласы), жеңіл (толтырғыштар
тесікті-керамзит, ісінген перлит, аглопорит және басқалар) және ұялы
(толтырғыштар ретінде бұйым көлемінде біркелкі бөлініп түскен ауа
көпіршіктерін пайдаланады).
Кремнеземді компоненттер (ұнтақталған құм) силикат бетон
қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, диірменге
тартылған құм бөлшектерінің ұнтағының өсуіне байланысты силикатты
материалдардың беріктігі, аязға төзімділігі және басқа да қасиеттері
жақсарады, кварцты құмның саны мен ұнтақтылығының силикатты бетонның
(қоспадағы белсенді СаО саны 12,5 болғанда) беріктігіне әсері
көрсетілген.
Құмның ұнтақтылығының өсуімен қатар тұтқыр арасында СаО-ның да
санын, әзірше тар көлемді СаО автоклавты өңдеу кезінде, бар құммен
әрекеттесіп кальциидің төменгі негізгі сулы силикаттын алуды
қамтамасыз ететін етіп өсіреді.
Курстық жұмыста құрылыс майда толтырғыш құмның бетон мен
ерітінділерде қолданылуы және стандарт талаптары көрсетілді.

материалдың физика-механикалық қасиеттері

Құрылыс материалдардың қасиеттерін мынадай топтарға бөлінеді:
физикалық, механикалық химиялық.
Физикалық қасиеттеріне – материалдың нағыз тығыздығы,
орташа тығыздығы кеуектігі, су жұту қасиеті, суға төзімділігі, су өткізу,
ылғалдылық, аязға төзімділік, жылу өткізу қасиеті.
Механикалық қасиеттеріне – беріктік, қаттылық, иілгіштік,
серпімділік, мортсынғышьық.
Химиялық қасиеттеріне – газға төзімділік, сілтілікке төзімділік,
коррозияға төзімділік.
Құрылыс материалдың қасиет – олардың құрамына, құрлысына байланысты.
Құрылыс материалдың құрылысын үш деңгейге бөлуге болады:
Ең жоғарғы құрылысы (макроструктура) – жай көзбен көруге болатын
материалдар.
Мөлтек құрылысы (микроструктура) – микроскоп арқылы ғана көруге болады.
Материалдың ішкі құрылысы (молекулалық) – иондық деңгейде зерттелетін
құрылыс, оны электрондық микроскоп арқылы көруге болады.
Материалдың ең жоғарғы құрылысын мынандай топтарға бөлуге болады: ірі
және майда кеуікті, талшықты, қабатты (слюда), ұнтақталған - әк, топырақ,
цемент, гипс борпылдақ.
Материалдың қасиеттері құрамына байланысты. Құрылыс материалдары
құрамына байланысты 3 топқа бөлінеді: химиялық, минералдық және фазалық.
Химиялық – материалдың құрамында тотықтардың мөлшерін көрсетеді.
Мысалға құмда SiO2 – 90%; CaO – 5%; Fe2O3 – 2% және органикалық заттар –
3%.
Минералдық – материалдың құрамында минерологияны көрсетеді. Мысалы:
портлант цемент 4 минерал бар:
3 CaO ∙ SiO2 – 50 % алит
2 CaO ∙ SiO2 – 25 % белит
3 CaO ∙ Al2O3 – 5 % цилит
4 CaO ∙ Al2O3 ∙ Fe2O3 - 20 %
Фазалық – материалдың күйін көрсетеді. Олар қаты, сұйық және газ.
Мысалыға: кірпіш 20% - ауа; 80% - тығыз зат, енді осы кірпішті суға салсақ,
онда құрамында 20% - су, 80% - тығыз зат болады.

Қолданылатын құрал-ЖАБДЫҚТАР

Бақылауға арналған құрал-жабдықтар:
-Бекiтiлген нормативтi құжаттамалар бойынша тоңазытқыш камера.
-Бекiтiлген нормативтi құжаттамалар бойынша кептiргiш шкаф.
-МЕСТ 24104 бойынша зертханалық таразы немесе МЕСТ 29329 бойы техникалық.
-МЕСТ 6613 бойынша № 1,25; 016 тесiктерiнiң диаметрi 5 мм болатын елеуi
-Белгiнi ерiгуге арналған түтік.
-Тығыз матадан тiгілген екi қабатталған қап.
-Прогивендер
- МЕСТ 22524 бойынша сыйымдылығы 100 мл. Пикнометр.
- МЕСТ 24104 бойынша зертханалық таразы.
- МЕСТ 25336 бойынша эксикатор.
- Бекітілген нормативтік құжаттамалар бойынша кептіргіш шкаф.
- Бекітілген нормативтік құжаттамалар бойынша механикалық секундомер.
- Су немесе құм моншасы.
- МЕСТ 6709 бойынша дистелденген су.
- МЕСТ 2184 бойынша күкірт қышқылы.
- МЕСТ 450 бойынша хлорлы кальций (хлорид кальций).
- МЕСТ 400 бойынша бөлу бағасы 0,50С –тық термометр

Сынақты жүргізуге дайындалудың тәртiбi
Зертханалық белгінiң массасын 1000 г дейiн қысқартып, екi елеуiштен
өтім көлемдерiне қарай бiрiншiден тесiкше диаметрi 5 мм және екiншiсi №
1,25 немесе 016 торлы елеуiштен өткiзiп, тұракты массасына дейiн
кептiредi, содан кейiн 9 екi елшем тандап алынады.
Сынақ жүргізу тәртiбi
Әр өлшемдi қапқа салып, 48 сағатқа сулы түтiкке орналастырады. Өлшемі
салынған қап судан алынып бiртiндеп температурасы минус (20+5)° С де
төмендетiлетiн тоңазытқыш камераға салынады.
Белгілер минус (20+5)° С температуралы тоңазытқыш камерадан 4 сағаттан
кейiн алынып, 20 ° С температуралы сулы түтiкке 2 сағатқа салынады.
Осылай тоңазыту және ерiту айналымын аяқтағаннан кейiн өлшемдер
қаптан 1,25 немесе 016 торлы бақылау елеуiшке салынады. Бақылау елеуiштегі
өлшеп жуылып, қалдық тұрақты массасына дейiн кептiрiледi.
Сынақ нәтежелерiн өндеу тәртiбi
Өлшемнiң жоғалтқан массасын (Пмрз) пайызбен мына формула
бойынша есептейдi:

Пмр3=
(1.2.2.1)
m - өлшемнiң сынакққ дейiнгi салмағы, г;
m1 - өлшемнiң сынақтан кейiнгi бақылау №1,25 немесе 016 торлы
елеуiштегі салмағы, г.
Сынақ нәтижесiн рәсiмдеу тәртiбi
Сынақ нәтижесiн үтiрден кейiнгі екiншi белгiге дейiнгi дәлдiкпен
есептеп шығарады. Сынақ нәтижесi ретiнде екi паралельдi анықтамалардың
орташа арифметикалық мәнi қабылданады.
Жұмыстың мақсаты мен мазмұны
Жұмыс мақсаты табиғи құмның қасиеттерін анықтау, оны сынау
және бұл материалдарға қойылатын МЕСТ талаптарына сай зерттеу болып
табылады.
Ол құмның қыр өлшемдік құрамын, ірілік модулін, аумақтық үйме
салмағын, електің жеке және толық салмағын, сазды және тозаңды
бөлшектерінің қаншалықты барлығын, суда еритін және оның құрамына
күкіртқышқылы мен органикалық қоспаларды анықтау (соңғы екі
анықтамалық үшін сапалық сынау жасалады). Алынған мәліметтер бойынша
құмның Кәдімгі бетонға арналған құм, техникалық жағдайларының
талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасалады.

Сынақты жүргізу ӘДІСТЕМЕсі

Сынама іріктеу
Бақылау кұралдары және қосалқы қондырғылар
- Бекiтiлген нормативтiк құжаттамалар бойынша сынама iрiктеуге арналған
керек немесе калақ
- Бекiтiлген нормативтiк құжаттамалар бойынша астаушасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Силикатты массаны дайындау
Газды бетон
Жол бетонның сапасын технологиялық және климаттық факторларын ескере отырып басқару
Силикатты кірпішті өндіру технология­сы
Әшекей бетондары
Алтынемел ұлттық саябағы
Қабат майының қасиеттері
Топырақтағы саздың мөлшерін анықтау
Силикатты кірпіш утолщенный беткі пустотелый қоңыр
Іргетас темірбетондарын өндіру зауыты
Пәндер