Тассай карерьінің ірі толтырғыштары туралы



Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1. Ғылыми зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.1 Ірі толтырғыштар туралы теориялық мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Мемлекеттік стандарт талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3 Материалдың физика.механикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.4 Қолданылатын құрал.жабдықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.5 Сынақты жүргізу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
1.6 Тығыздықты анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2. Техника қауіпсіздік ережелері мен еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Бүгінде тәуелсіз еліміз бағыт ұстап отырған «Мәңгілік Ел» болудың нұрлы жолында Елбасымыздың барша қазақстандықтар жұмылған жұдырықтай қимылдап, ортақ Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуымыз керек деуі өте орынды. Болашақ – жастардың қолында екені де шындық.
Биыл жолдау аясында Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеді. Жолдауда құрылыс жұмыстары жөнінде біраз ойларын айтқан болатын. Сол кемелденген келешегіміздің болашағы біз екеніміз анық. Еліміздің дамуында құрылыс жұмыстары алдынғы орында. Сол құрылыс жұмыстарының сапалы әрі көркем болуы болашақ құрылысшылардың, яғни біздің қолымызда. Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы сапалы қызмет көрсету орталығына айналуға тиіс. Әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға, сапалы материалдар таңдай біліп, құрылыс жұмыстарын дұрыс жүргізуге тырысайық.
Жалпы алғанда құрылыс материалдары - құрылыстың негізі екені белгілі. Құрылыс материалдар курсында студенттер белгілі қасиетке ие, тиімді материалдарды өндіруді оқып, материалдарды таңдауға керекті қасиеттерін және оларды дұрыс қолдану, тасымалдау, сақтау, құрастыру т.б үйреніп біледі.
Құрылыс материалдар өндірісінде материалдар мен бұйымдар өндіруге үлкен назар аударылады. Сондықтан тиімділігі жоғары жылудоғарғыш материалдар өндірудің маңызы зор.
1. Елбасының жолдауы «Нұрлы жол» 2014 ж.
2. М.Ицкович, Л.Д.Чуманов, Ю.М.Баженов. «Технология заполнителей бетона». Москва, Высшая школа.1991ж.
3. Темірқұлов Т.Т Құрылыс материалдары Алматы қ. 2005 ж
4. Б.С.Сатеков. Табиғи және жасанды материалдары мен бұйымдары,«Сенім» Тараз қ. 2007 ж
5. Л.Н.Попов. Лабараторные испытания строительных материалов и изделий. Москва. «Высшая школа».
6 Горчаков.Г.И «Құрылыс материалдары» Алматы 2000ж.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Бұл курстық жұмыста Тассай карерьінің ірі толтырғыштары туралы толық
мәлімет берілген. Атап айтқанда олардың физика-механикалық қасиеттері,
оларды сынау тәсілдері, сынау кезінде қолданылатын құрал – жабдықтар,
оларға сәйкес ГОСТ-тар көрсетілген. Осы курстық жұмысты жасау
лабораториялық жұмыста сынау арқылы орындалып, дәлелденген.
Курстық жұмыстың жалпы көлемі - 27 беттен тұрады.
Кестелер саны - 2
Қолданылған әдебиеттер саны – және ГОСТ талаптары.

Мазмұны

Нормативті
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5
Белгілер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6
Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1. Ғылыми зерттеу
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .10
1.1 Ірі толтырғыштар туралы теориялық
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..10
1.2 Мемлекеттік стандарт
талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
1.3 Материалдың физика-механикалық
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...17
1.4 Қолданылатын құрал-
жабдықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
1.5 Сынақты жүргізу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...20
1.6 Тығыздықты
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 20
2. Техника қауіпсіздік ережелері мен еңбекті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...27

Нормативті сілтемелер

ГОСТ 8267-93. Щебень и гравий из плотных горных пород для строительных
работ
ГОСТ 22856-89. Щебень и песок декоративные из природного камня
ГОСТ 27006-86. Правила подбора состава
ГОСТ 8269.0-97. Щебень и гравий из плотных горных пород и отходов
промышленного производства для строительных работ
ГОСТ 10180-2012. Методы определения прочности по контрольным образцам

Белгілеулер мен қысқартулар

КЖ – курстық жұмыстар
ТШ – техникалық шарт
МЕСТ – мемлекеттік стандарт
R – шектік қысу беріктігі
R1 – суға қаныққан материалдың қысу беріктігі
R2 – кебу материалдың қысу беріктігі
m – материалдың салмағы

v – материалдың көлемі
ρ2 – нағыз тығыздығын анықтау
см – сантиметр
мм – миллиметр
кг – киллограмм
г – грамм
м – метр
МПа – Мега Паскаль
Кж – жібу коэфициенті
Су – су сіңіргіштік

Анықтамалар

Магнезит - магнезит (MgCO) минералынан тұратын жыныс. Табиғатта аморфты
және кристалдык қалпында кездеседі. Магнезит 600-700°С жоғары күйдірілгенде
MgO және СОг ыдырап диссоциацияланады. Кристалдық магнезит отқа төзімді
материалдар жасау үшін, аморфтысын каустикалық байланыстырушы зат алу үшін
пайдаланады.
Бетон - ірі және майда толтырғыштан, судан, тұтқыр заттан құралған, қату
арқылы пайда болған жасанды зат.
Бетон араласпасы - ірі және майда толтырғыштан, судан, тұтқыр заттан
құралған, бірақ қатпаған жылжымалы жасанды зат.
Жылжымалылық - конус арқылы анықгаған кездегі жайғасымдылық.
Граниттер – өте көп тараған магмалық қышқыл жыныстар тобына жатады,
құрамында кварц көп
Диориттер – құрамының 75 пайызы дала шпаттары, беріктігі жоғары, жол
бетіне төселетін материал
Химиялық шөгінді жыныстарға - гипс, ангидрит және карбонаттық кұрамдар
(әк тасы, магнезит, доломит, әк тасты мергель, әк тасты туф) жатады.
Гипс және ангидрид – сырт көрінісі және өздерінің физикалық-механикалық
касиеттері бойынша бір-бірінен онша айырмашылықтары жоқ жыныстар. Гипс екі
сулы кальций сульфаты минералынан (CaSO4-2H2O), ал ангидрит - сусыз кальций
сульфатынан (CaSO3) тұрады. Гипстің тығыздығы-2100-2200 кгм2, ангидридтігі
-2200-2300 кгм3. Бұларды үйдің ішкі қабырғаларын өңдеуге пайдаланады.
Ісбес туфы (известняк) - цементтелінген кальциттен (СаСО3) тұратын,
кеуекті жеңіл тау жынысы. Ол өте жеңіл өңделеді, тығыздығы-1300-1600 кгм ,
қысқандағы мықтылық шегі-5-80 МПа, оны кабырға материалы және жеңіл щебень
шығару үшін пайдаланады.
Мергель - саздық ісбес тасы мен доломит араласынан тұратын шөгінді тау
жынысы. Оны портландцемент өндірісінде негізгі шикізат ретінде және
гидравликалык эк алу үшің кең қолданады.
Кальцилі карбонат - жыныс құрамында 6%-ға дейін саз болғанда оны ісбес
тасы, 6-20% саз болғанда - мергельдік ісбес тасы, ал 20 %-дан көп болса -
мергель деп атайды.
Органогендік-шөгінді жыныстар - мел, трепел, диатомит, апока, көміртекті
жыныстар-табиғи битум, битум сіңірілген жыныстар-мұнай, көмір, жертезек
(торф), озокерит жатады.
Доломит - саз және темір тотығы, тағы басқалары қосылған доломит
минералының СаМg(SО3)г тұрады. Доломиттер түйіршікті олитті және кристаллды
құрылымды болып келеді. Түсі сұр, сарыдан күреңге дейін. Қасиеті жағынан
доломиттер тығыз әк шөгіндісіне жақын. Доломиттер аумақтық массасы - 2200 -
2800 кгм3 дейін, ал қысқандағы беріктік шегі - 150 - 200 МПа-ға.
Кіріспе

Бүгінде тәуелсіз еліміз бағыт ұстап отырған Мәңгілік Ел болудың нұрлы
жолында Елбасымыздың барша қазақстандықтар жұмылған жұдырықтай қимылдап,
ортақ Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуымыз керек деуі өте орынды. Болашақ –
жастардың қолында екені де шындық.
Биыл жолдау аясында Елбасы Нұрлы жол – болашаққа бастар жол атты жаңа
экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеді. Жолдауда құрылыс
жұмыстары жөнінде біраз ойларын айтқан болатын. Сол кемелденген
келешегіміздің болашағы біз екеніміз анық. Еліміздің дамуында құрылыс
жұмыстары алдынғы орында. Сол құрылыс жұмыстарының сапалы әрі көркем болуы
болашақ құрылысшылардың, яғни біздің қолымызда. Жаңа әлеуметтік нысандар:
медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары тұрғындарға сапалы,
озық және ең бастысы сапалы қызмет көрсету орталығына айналуға тиіс.
Әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға, сапалы материалдар таңдай біліп,
құрылыс жұмыстарын дұрыс жүргізуге тырысайық.
Жалпы алғанда құрылыс материалдары - құрылыстың негізі екені белгілі.
Құрылыс материалдар курсында студенттер белгілі қасиетке ие, тиімді
материалдарды өндіруді оқып, материалдарды таңдауға керекті қасиеттерін
және оларды дұрыс қолдану, тасымалдау, сақтау, құрастыру т.б үйреніп
біледі.
Құрылыс материалдар өндірісінде материалдар мен бұйымдар өндіруге үлкен
назар аударылады. Сондықтан тиімділігі жоғары жылудоғарғыш материалдар
өндірудің маңызы зор.
Табиғи тастар да ағаш сияқты, құрылыс материалдарының көне түріне
жатады. Адам баласы ерте заманда тастан еңбек құрал-саймандар мен қарулар
дайындаған. Табиғи тастар жеткілікті беріктік пен қаттылыққа ие, сондықтан
адамзат тастарды тұрғын үй салғанда негізгі материал ретінде пайдаланды.
Тау жыныстарын, әдетте, құрылыс материалы есебінде: табиғи (құм, қиыршық
тас және т.б.), механикалық жолмен өңделген, технологиялық
процестермен(тұтқыр, керамика, шыны т.б.) өңделген өнім ретінде қолданады.
Тау жыныстарын негізгі үш топқа бөледі:
1) Магмалық немесе жанартаулық
2) Шөгінді
3) Метаморфтық
Бетонның түрі өте көп: ауыр және жеңіл, конструкциялық және жылудоғарғыш,
жол және гидротехникалық, үялы және ірі кеуекті , ыстыққа төзімді және
декоративті, радиобелсенді және химиялық заттардан қорғайтын, керамзитті
бетон, шлакты пемза бетон, аглопоритті, күлді, термолитті бетон және
т.б.Қолданылатын толтырғышқа байланысты бетонның аты таңдалынады, ал
қасиеті толтырғыштың қасиетімен анықталады.
Ірі толтырғыш жасанды немесе табиғи материал дәндерінің құрамымен
анықталады, бетон араласпасы тұтқыр заттар және судан түзіледі. Ірі
толтырғыш құны темірбетон және бетон конструкция кұнынан 30...50 % -ке
дейін жетеді, ал кейде одан жоғары. Сондықтан ірі толтырғышты дұрыс таңдау
өндірісте және қолданыста халық шаруашылығы үшін тиімділігін білдіреді.
Тау жыныстары құрылыста өте мол қолданылады. Табиғи тастар (әшекейлеу мен
қаптамалы мақсаттан басқа) — қабырғалық блоктар, қырланған, көшеге төселген
тастар, сәулеттік ескерткіштер, мәнерлі кестелі оюлар, бұйымдар жасауда,
бетондарда ірі толтырғыш ретінде қолданылады.
Өндірісті орындарының қазіргі жағдайда қолға алып отырған басты жұмысы
мысалы, қиыршықтас өндіруде, өнімнің жоғары сапалы болуына, өзіндік құнының
төмендеуіне, материалды және энергия ресурстарының шығынының азаюына,
өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаны ластамау сияқты және т.б. болып
табылады.
Қиыршықтасты тау жыныстарын ұсақтау арқылы алады. Жоғары сапалы бетон алу
үшін қолданылатын ең ірі толтырғыштардың бірі. Қиыршықтас шағалға қарағанда
қымбатырақ, бірақ қиыршықтасты өндіру көлемі көп.Ал, шағал мемлекетіміздің
көп жерлерінде кездеспейді. Қиыршықтасты алуда шикізат ретінде негізінен
магмалық тау жыныстары қолданылады.Оларға: гранит, габбро, диабаз, базальт
жатады. Сонымен қатар шөгінді тау жынысынан әктас пен доломит. Құмдақ пен
метаморфты тау жынысы қиыршықтас алуда қолданыла бермейді.

1. Ғылыми зерттеу бөлімі
1.1 Ірі толтырғыштар туралы теориялық мәселелер

Құрылыс саласында кең қолданылатын табиғи тас материалдарын төмендегінше
үлкен екі топқа жіктеуге болады:
1. Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар: үйлерді және
ғимараттарды, өзен жағаларын, көпірлерді және т.б. инженерлік құрылыстарды
қаптауға, жол және гидротехникалық құрылыстарына, үйлердің қабырғаларын
көтеруге, өнеркәсіптік үйлердің еденін төсеуге, басқыш алабын құрамдауға,
құрылыс ерітінділері мен бетондарға толтырушы ретінде және т.б. көптеген
мақсаттар үшін пайдаланады;
2. Құрылыс материалдар өнеркәсібінде жасанды материалдар шығару үшін
(керамика, шыны, минералдық байланыстырушылар және т.б. материалдар мен
бұйымдар) шикізат ретінде қолданылатын минералдық жыныстар.
Әрине, жасанды материалдарын алу процесінде табиғи тау жыныстарының
құрамы, құрылысы және физикалық-механикалық қасиеттері өзгеріске толық
ұшырайды.
Сонымен тау жыныстарынан алынатын материалдар мен бұйымдар құрылыс
салаларында көп ғасырлық дәстүрлі материал ретінде кең қолданып, шығысының
20% - дай үлесін қамтиды.
Тау тас материалдарын, оларды өндіру технологиясының ерекшелігіне
байланысты, үш топқа біріктіруге болады:
1. Жекеленген қабырға тасы - арнаулы механизмдер көмегімен тікелей тау
сілемінен кесіліп алынатын геометриялык дұрыс пішінді бұйымдар.
2. Қаптаушы немесе әсемдеуші тас бұйымдары - алдын-ала тас сілемінен
кесіліп алынған тас блоктарын тіліп, сонан кейіи түрлі тәсілмен
фактураланатын плиталар, үйлерді және ғимараттарды өңдеуге жарамды
бұйымдар;
3. Руда емес материалдар - ұсақталған тас (щебень, қиырщЬІқ тас, құм).
Табиғи тау-тас материалдарын тануда тау жыныстар қасиеттерің оларды
құрамалайтын минералдарды білуден бастаған жөн.
Тау жыныстары және олардың топталуы
Тау жыныстары деп - жер қыртысын құрастыратын құрамы тұрақтылау
минералдық сілемді (массаны) айтады.
Тау жыныстарының жіктелу негіздері ретінде олардың тегің (генетикалық
жіктелуін) алады. Тау жыныстарының химиялық-минералдық құрамы, кристалдық
құрылысы және структурасы ең алдымен, олардың пайда болу жағдайларына
байланысты. Тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттері осы
көрсеткіштерге тікелей байланысты.
Гранит – тереңдіктегі шомбал магмалы жыныс құрылыста жиі пайдаланылады.
Ол біркелкі кварцтан (20-40%), дала шпатына (40-70%) және слюдадан (5-20%)
тұратын кристалды жыныс құралады. Осыдан басқа гранитқұрылымында тағы да
сілтілі пагиоклаз, жалған мүйіз сияқты минералдар да кездеседі.
Граниттік жүйе құрылыстық минералдар түсі бойынша өзгеріп тұрады және
олардың сарыдан ашық қараға дейінгі түстері басым. Граниттерде майда және
орташа кристалды біртұтас немесе қабатты жүйелік құрылыс бар. Граниттің
орташа тығыздығы 2,6-2,8гсм3, қуыстылығы (0,5-1,5%) су жұту қабілеті өте
төмен. Қысқандағы беріктік шегі 120-250 МПа, жылу өткізу коэффициенті 2,5-3
Вт(м .град). Гранит - өте қатты жыныс.
Граниттің балқу температурасы 1400-1500 0С. Бойындағы температура 750-
8000С болғанда гранит құрамындағы кварц ұлғаяды және граниттің беріктігі
нашарлайды. Тасты материалдың арасында граниттің жоғарғы техникалық сапасы
бар, сондықтан құрылыста граниттің әрқилы түстері кездеседі. Дала шпаты
ақ, сұр, сары, қызыл және күлгін, көк түсті болуы мүмкін. Осы себептерге
орай гранит өте таптырмайтын маңызды әрлегіш құрылыс материалы болып
табылады. Өте жоғарғы зор дәрежеде ұзаққа шыдауына байланысты гранит ашық
жерлерде, агрессивті орта жағдайында жиірек қолданылады.
Ірі толытырғыштардың бірі – қиыршықтас және шағал тас. Қиыршықтасты тау
жыныстарын ұсақтау арқылы алады. Жоғары сапалы бетон алу үшін қолданылатын
ең ірі толтырғыштардың бірі.
Қиыршықтас шағалға қарағанда қымбатырақ, бірақ қиыршықтасты өндіру көлемі
көп. Ал, шағал мемлекетіміздің көп жерлерінде кездеспейді. Шағал тастың
қысқандағы беріктігі 20-320 МПа тау жыныстарын жарып немесе ұсатып алады,
мөлшері 5-70 мм түйіршіктерден тұратын бос материалды айтады. Шағал тас
түйіршіктерінің беттері ойлы-қырлы, бұрышталынған қалпында алынады. Осының
арқасында шағал тас цемент тасымен ілінісуі үсақ таспен салыстырғанда
анағүрлым мықты. Сондықтан, беріктігі жоғары бетондар үшін ірі толтырғыш
ретінде шағал тасты қолдану әрине оңды.
Қиыршықтасты алуда шикізат ретінде негізінен магмалық тау жыныстары
қолданылады. Оларға: гранит, габбро, диабаз, базальт жатады. Сонымен қатар
шөгінді тау жынысынан эктас пен доломит. Құмдақ пен метаморфты тау жынысы
қиыршықтас алуда қолданыла бермейді. Қазіргі кезде халықаралық нарықтық
жағдайда тау жыныстарынан алынған сәндік тастар мен бұйымдарға сұраныс өте
үлкен.
Ірі толтырғыштың сапасын да, кұмдағы сияқты, түйіршіктік құрамымен,
түйіршіктерінің пішінімен және қосындыларының мөлшерімен анықтайды.
Ірі толтырғыштың түйіршіктік құрамын сипаттау үшін, оның ең үлкен және ең
кіші ірілігін біліп алған жөн. Толтырғыштың ең үлкен ірілігі Д массасы
бойынша, толық қалдық - 10% аспайтын елек тесігінің мөлшеріне сәйкес
болады. Ең кішкентай ірілігі d електердің толық қалдық - 95% асатын
болса, сол електің тесік мөлшерімен анықталады.
Құрылыста гнейстерді, балшықты қатпар тастарды, мәрмәрді, кварцитті,
асбестті қолданады.
Гнейстер – атмосфералық әсерлердің салдарынан түрін, түсін өзгерткен
(мәрмәр, кварциттер, қатпар тастар, асбестті) тасып ағылған тау жынысы.
Метаморфты тау жыныстарын құрайтын минералдарды бірнеше топқа жіктеуге
болады: магмалы немесе бастапқы тау жыныстары мен минералдар. Гнейстер
граниттің порфирінен кварцтан және жеке конгломераттардан пайда болған.
Олар бүтіндей немесе жұқа сыртқы түрі мен түсі атмосфералық әсерден
өзгерген қабатты тақтатастардан құралады. Гнейстер құрамы жағынан гранитке
ұқсас, олардың орташа тығыздығы 2,4-2,8 гсм3 құрайды. Қысқандағы беріктік
шегі 120-200 МПа. Гнейстерді бетон жұмыстарында ірі толтырғыш ретінде,
аяқжолға төсейтін плиталар есебінде пайдалануға болады.
Балшықты тақтатастар – судың немесе жер қыртысының үлкен қысымымен
балшықтың кристалдануы арқылы пайда болған қатты саз сияқты сұр түсті тау
жынысы. Олар суда жібиді. Құрамында кварц, слюда және балшық бар. Балшықты
тақатас жұқа пластина сияқты жарылады. Ондай пластинкалар қаптамалы және
шатырлы материал ретінде қолданылады.
Кварцит – жер қыртысының орасан зор қысымымен және кремнийлі цементтің
жәрдемімен майда ұсақ кварц түйіршіктерінің тығыздалуынан пайда болған,
тығыз кристалды жыныс. Кварцит басқа жыныстардың тығыздығы, жоғарғы
беріктігі, морттығы және қаттылығымен өзгешеленеді. Оның табиғатта ақ,
қызыл, көкшіл, қошқыл қызыл түстері кездеседі.
Қысқандағы беріктік шегі 400МПа аз емес. Орташа тығыздығы 2,5-2,7 гсм3,
Моос шкаласы бойынша қаттылығы -7. Кварцитті ыстыққа төзімді бұйымдарды
дайындауда қолданады.
Асбест – көкшіл-сұр түсті жұмсақ тастар түрінде кездесетін тау жынысы,
серпентин тобына жатады. Майдалану кезінде жұқа майысқақты талшықтарға
бөлінеді. Асбест тұтанып жанбайды, сілтілер әсеріне тұрақты, оның
талшықтарының беріктігі жоғары. Цементті, суды және асбестті бірге
аралстырғанда әр түрлі құрылыс материалдар мен бұйымдарды қалыптауға
жарамды, иілгіштік ерітінді береді. Одан асбестцементті бұйымдар
өндіріледі. Асбесттің екітүрі бар: хризотилді – ашық көгілдір түсті,
жіңішке талшықты (0,0001мм) және жоғарғы берікті; амфиболды түрін құрамы
жағынан оның хризотилді түрімен бірден ажырату қиын және жалған мүйізді
минералдар тобына жатады.
Құрылыс өндірісінде негізінен хризотилді асбест қолданылады. Оның балқу
температурасы 15000С, бірақ қышқылдардың әсеіне тұрақсыз. Асбестті отқа
төзімді маталар, шатырлы асбестцементті бұйымдар, асбесті картон және
жылудоғарғыш материалдар өндіруде жиі қолданады.
Табиғи тас материалдар деп - тау жыныстарын механикалық өңдеу арқылы
(уату, ұсақтау, жару, кесу, т.б) алынатын материалдар мен бұйымдарды
айтады. Кейде тау жыныстары арнайы өңдеусіз-ақ пайдаланыла береді.
Механикалық өңдеу арқылы беттік плиталар мен фасондық бұйымдар, қабырға
қалайтын тастар мен блоктар сондай-ақ қүрылыс тасы мен қиыршық, құм
алынады. Арнайы өңдеусіз құм, саз , шағыл тас алады. Әдетте кенсіз қүрылыс
материалдары деп аталатын қүрылыс материалдарының бұл түрлері түгелге жуық
бастапқы тау жынысының құрылымы мен қасиеттерін сақтайды.
Табиғи тас материалдары құрылыс материалдар қатарында маңызды орындардың
бірінде тұр. Бүл материалдардың құрылысындағы шағын үлесі 20%-тен асады.
Табиғи тас материалдармен танысуды негізі тау жынысының және оларды түзетін
минералдардың қасиеттерін зерттеуден бастаймыз.
Тау жынысындағы минералдардың проценттік құрамы оның минералогиялық
құрамын айқындайды. Минералдың тау жынысындағы түрі, көлемі мен өзара
орналасуы оның құрылымын айқындайды. Минералогиялық құрам мен құрылым өз
негізінде тау жынысының қасиеттерін айқындайды.
Жанартау жыныстарының қасиеттері негізінен олардың химиялық құрамына
байланысты. Еркін және химиялық байланған жағдайдағы бұл жыныстарды
кремниземнің мөлшеріне қарай қышқыл (SіО265%) орташа (SіО2=50-65%) және
негізгі (SіО250%) деп бөледі.
Біртектес химиялық құрамдағы магма тереңде немесе жер бетінде жайылып
қата алатындықтан әрбір тереңдіктегі жынысқа сол сияқты жайылма жыныс сай
келеді.(кесте 1)
Кесте 1 мәліметтері тау жынысының негізгілігі артқан сайын, яғни
граниттен габброға немесе порфирден диабазға өткенде аумақтың салмағы,
беріктігі, соққылы тұтқырлығы өседі, әрі жыныс түсі қоюланады.
Табиғи тас материалы және бұйымдары деп тұтас жатқан тау жыныстарын
қарапайым механикалық өңдеу (жару, тілу, ұсақтау және тағы басқа тәсілдер)
арқылы алынатын плиталар, блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін
кесек және жалпақ тастар, жол жиек тастары, щебень, ұсақталған құм және
т.б. солар сияқты өнімдерді айтады. Жасалынатын материалдарда тау
жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттері, минералдық құрамы өзгерілмей
сақталынады. Мұнымен қатар, тау жыныстарының көпшілігі ешқандай механикалық
өңдеусіз-ақ, тікелей құрылыс салаларында қолданылады (қиыршық тас, құм, саз
және тағы басқа).
Генетикалық жіктелу бойынша, сурет 4.1. көрсетілгендей, тау жыныстары үш
топқа бөлінеді: ақтарылғандар, шөгінділер және метаморфиялықтар.
Ақтарылған тау жыныстары терең жер астынан көтеріле құйылып, қатпаған
магмадан жаратылған. Магманың әр алуан жағдайда салқындауына байланысты
ақтарылған жыныстар ерекше құрылысымен және қасиеттерімен бір-бірінен
ерекшеленеді. Бір жағдайларда сұйық магма, жер қабатының белгілі бір
тереңдігінде біркелкі баяу қатайып, өзара тұтастана қалыптасқан кристалдық
түйіршік структурасы бар терендік тау жыныстарын құраған.
Екінші бір жағдайда магма жер бетіне қопарыла төгіліп, тездете
салқындай қатайған. Осылайша төгінді тау жыныстары құралған. Әрине, мұндай
жағдайда магманың біркелкі сууы мүмкін емес. Әрбір қалыңдықта магма эр
алуан жылдамдықпен суығандықтан, ірі кристалдық структурасы бар жыныс
құралмай, басқа генетикалық структуралар (жасырын кристалдық, шыны тәрізді
аморфты порфирлі, порфириттік) пайда болған.
Порфирлік структура әр текті құрамды болып жаратылған. Олардың аморфты
немесе майда кристалдық массасында магма көтеріле пайда болып үлгерген ірі
кристалды қосындылардың араласқаны байқалып тұрады.
Сонымен, әр түрлі жағдайда суыған бір магмадан тереңдік және төгіндік
деп аталатын, химиялық құрамы бірдей, бірақ бір-бірінен структурасы және
қасиеті бойынша айырмашылығы бар тау-тас жыныстары жаратылған. Егер
төгіндік магма үлкен қалыңдықта
(суыған болса, әрине, структурасы және қасиеті тереңдік жыныстыкіне ұқсас
болады. Ал, магма жұқа қабатты болып, жер үстіне немесе жер бетіне жақын
тереңдікте суыған болса, онда пайда болған тау жыныстары кеуектілеу,
құрылысы біртекті болып жаратылады.
Ұсақ тасты өндіру келесі технологиялық процестерден түрады: тас өнімі,
ұсақтау іріктеу.
Тас өнімі негізінде карьерлерде өткізіледі. Тас жыныстарының кеңдерін
жасау алдында жоғарғы қабат жұмыстары жүргізіледі. Бүл кезде өсімдік қабаты
мен құмтопырақ жыныстарын жою жұмыстары жүргізіледі. Осы жұмысқа іске
жарамайтын жоғарғы белдеулердегі тастарды жою жұмыстары да жатады. Бұл
жұмыстар жарылыссыз, тасты опырымдарға тасу арқылы өтеді. Тас аймақты
болған соң және ойықтар дайын болғаннан кейін арнайы қазба машиналары мен
станоктарымен диаметрі 250 мм бір қатар ойық бойы орналасқан тереңдігі 10-
20м немесе 2-3 қатар шахмат түрінде 4-7м арақашықтықты орналасқан скважина
ойып, олардың ішіне жарылыс заттарды (аммонит, тротил, т.б) салып,
біруақтылы жалпы жарылыс жасайды (алдынала адамдар мен техниканы ол жерден
алып кетіп).
Жарылыс нәтижесінде ойықтарды әртүрлі көлемдегі жұлма тастармен
толтырады. Ірі тастарды (габаритке жатпайтындарды екінші рет шпурдың немесе
жапсырма оқтамаларымен жарып, жұлма тастарды 2-4 м3 сыйымдығы бар
экскаватормен өңдейді. Тастың ең мүмкіндік мөлшері Е экскаватордың ожауының
сыйымдығына байланысты: а0.8Е
Мысалы, экскаватор ожауының сыйымдылығы 4м3 болса, карьердегі тастардың
мөлшері 1,27 м жетуі мүмкін тастарды эксковаторлармен көліктерге салып (көп
жүк көтере алатын), үгіту-іріктеу зауыттарына тасыды. Кейбір жағдайларда
тастың алғашқы үгітуін тура карьердің өзінде өткізген дұрыс және де оны
үгіту-іріктеу зауытына ірі тастар түрінде емес, біршама үгіттелген түрінде
жеткізу керек. Үгіту-іріктеу зауытының ең негізгі құрал-жабдығы-уатқыш және
елек , сонымен қатар технологиялық бір бағытты қүрайтын агрегаттар:
ленталық конвейер, қоректендіргіш, негізінде тербелмелі және гирациондық
електер қолданылады. Ал үй тастарға қозғалмайтын електер қолданылады. Өз
құрылысы мен принцпіне қарай уатқыштар щековые,конустік, валковые, балғалы
т.б болып бөлінеді. Ірі және орташа тастарды үгіту үшін көбінесе щековый
уатқыш пайдаланылады. Қозғалмайтын және қозғалып тұратын екі щеканың
арасына түскен тас ол жердің тарлануына қарай үгітіле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕТОН ҚАЛДЫҚТАРЫН КЕШЕНДІ ЖОЛМЕН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АЗҚИЫРШЫҚТАСТЫ БЕТОННЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ
Ноқат өзара тозаңданатын өсімдік
Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
Сайрам ауданына тарихи-өлкетанулық шолу
Ноқат өсімдігінің сорттары
Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру
ОҚО арпаны өндіру жағдайлары
Тамыр жемісті сәбіз өсімдігі
Жүзім өсіру
Өнеркәсіптік ғимараттың темірбетондық және бетондық конструкциялық элементтері жайлы
Пәндер