Минералды мақтадан жасалған жылудоғарғыш плиталар туралы



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.ҒЫЛЫМИ.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1МЕСТ ТАЛАПТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 МИНЕРАЛДЫ МАҚТА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 СЫНАУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.4ЖИНАҚТАУ, МАРКАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ,
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.5САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қазіргі кезде тұрғын үй және өндірістік ғимараттар құрылысында, сонымен қатар, технологиялық, энергетикалық және мұздатқыш қондырғыларында жылудоғаруда жаңа жылудоғарғыш материалдар кеңінен қолданылуда. Жылудоғарғыш материалдар – төмен жылу өткізгіштік қасиетпен сипатталатын құрылыс материалдары. Бұл материалдардың жылуөткізгіштік қасиеттерінің төмен болуы құрылысының кеуекті болуына байланысты. Демек, жылудоғарғыш материалдардың құрылысының негізгі ерекшелігі – кеуектілігінің жоғары болуы.
Жылудоғарғыш материалдардың ішінде кеуектілік дәрежесі ең жоғары материал - минералды мақта.
Елбасы бізді, тәуелсіз елімізді тағы да бір дүние қыспағынан алып шығар жол бастады. Елбасы ол жолды мына сөзбен: Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді,- деп бастады.
Жолдау бойынша Астана қаласын барлық қалалармен тікелей байланыстыратын автомобиль жолы және темір жолмен қамтамасыз ету. Осыған қоса « Батыс еуропа – Батыс Қытай» дәлізіне тоқталсақ.Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қай¬та құру жұмыстарының жалпы ұзындығы 454 шақырым, жалпы құны 242,2 млрд. теңгені құрайды. Қызылорда облысының шекарасынан Шымкентке дейінгі жолдың ұзындығы 245 шақырым болса, бұл аралықта салынатын жол І санаттағы көр¬сеткішке жатқызылады.
1.Назарбаев Н. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы.
2.Ю.П. Горлов, А.П.Маркин, А.А. Устинов.
3.Технология теплоизоляционных материалов. М 1980
4.Ю.П.Горлов. Лабораторный практикум по технологии теплоизоляционных материалов. М. ВШ 1982
5.Попов Л.Н. Лабораторные испытания строительных материалов и изделий. М.: 1984.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Бұл курстық жұмыста минералды мақтадан жасалған жылудоғарғыш плиталар сапасын сараптау әдістері, оларға қойылатын техникалық және МЕСТ талаптары, материалды қабылдау, маркілеу, жинақтау, тасымалдау және сақтау ережелері туралы мәліметтер келтірілген.
Курстық жұмыстағы кестелер саны - 1.
МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.1МЕСТ ТАЛАПТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 МИНЕРАЛДЫ МАҚТА ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 СЫНАУ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4 ЖИНАҚТАУ, МАРКАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ,
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.5САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

МЕСТ 10140-80 Битумды тұтқырлар негізіндегі минералды мақтадан
жасалған жылудоғарғыш плиталар.

МЕСТ 1777-87 Жылудоғарғыш құрылыс материалдары мен
бұйымдары.

АНЫҚТАМАЛАР

Минералды мақта - құрылысы шыны тәріздес жіңішке талшықтардан тұратын борпылдақ материал.

Королектер - талшықтардан басқа мақта құрамында талшықтарға созылмай қалған бөлшектер.

Партия - көлемі бір технологиялық жолдың бір ауысымдағы өндірісінен көп емес бір маркадағы, бірдей номиналды өлшемдегі плиталардан тұруы керек
Су сіңіргіштік - материалдың өз бойына су сіңіру, ұстау қасиеті.
Беріктік - материалдың сыртқы күштердің әсерінен күйрету немесе қарсыласу қасиеті.
Қаттылық - материалдың өз бойына өзінен қатты заттың енуіне қарсыласуы.
Технологиялық процесс - еңбек бұйымы күйінің өзгеруі мен анықталуына бағытталған әрекеттерді құрайтын, өндірістік процесстің бір бөлігі.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

кгм³ - тығыздықтың өлшем бірлігі

m - үлгі немесе бұйым массасы ,кг

w - үгі немесе бұйымның ылғалдылығы

v - үлгі немесе бұйым ауданы

σқ - қысу кезіндегі үлгілердің беріктік шегі

σм - майысқандағы үлгілердің беріктік шегі

мм-миллиметр

см- сантиметр

Па-Паскаль

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде тұрғын үй және өндірістік ғимараттар құрылысында, сонымен қатар, технологиялық, энергетикалық және мұздатқыш қондырғыларында жылудоғаруда жаңа жылудоғарғыш материалдар кеңінен қолданылуда. Жылудоғарғыш материалдар - төмен жылу өткізгіштік қасиетпен сипатталатын құрылыс материалдары. Бұл материалдардың жылуөткізгіштік қасиеттерінің төмен болуы құрылысының кеуекті болуына байланысты. Демек, жылудоғарғыш материалдардың құрылысының негізгі ерекшелігі - кеуектілігінің жоғары болуы.
Жылудоғарғыш материалдардың ішінде кеуектілік дәрежесі ең жоғары материал - минералды мақта.
Елбасы бізді, тәуелсіз елімізді тағы да бір дүние қыспағынан алып шығар жол бастады. Елбасы ол жолды мына сөзбен: Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді,- деп бастады.
Жолдау бойынша Астана қаласын барлық қалалармен тікелей байланыстыратын автомобиль жолы және темір жолмен қамтамасыз ету. Осыған қоса Батыс еуропа - Батыс Қытай дәлізіне тоқталсақ.Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қай - та құру жұмыстарының жалпы ұзындығы 454 шақырым, жалпы құны 242,2 млрд. теңгені құрайды. Қызылорда облысының шекарасынан Шымкентке дейінгі жолдың ұзындығы 245 шақырым болса, бұл аралықта салынатын жол І санаттағы көр - сеткішке жатқызылады. Ал концес - сияға жататын Ташкент, Шым - кент, Жамбыл облысының шекарасына дейінгі жолдың қашықтығы 209 шақырым болса, ал оның жал - пы құны 122,7 млрд. теңгенің көле - мінде. Аталған облыс - тағы жол қабатының конс - трукциясына келер болсақ, жолдың жалпы қалыңдығы 80 см. болады. Оның ішінде цемент-бетон 27 см, құмды шағыл қоспа 18 см, құмды қиыр - шық тасты қоспа 35 см құрайды. Ал ас - фальт-бетонның қа - лың - дығы да 80 см-ден кем болмайды. Жал - пы, Оңтүстік Қа - зақстан облысындағы көлік дәлізі өтетін жерлерден 35 мың ағаш кесілуі тиіс екен. Алайда кейін жол дәлізі толық аяқталғаннан кейін міндетті түрде еселеп ағаш отырғызылатыны сөзсіз. Көпірдің құрылысына арналған бетон зауыты мен цемент-бетон зауыты құрылысқа қажетті барлық материалдарды толығымен қамтамасыз етіп тұр.

1. ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
1.1 МЕСТ ТАЛАПТАРЫ

МЕСТ 10140-80 бойынша плиталар құрылыс конструкцияларында, өндірістік қондырғыларда және құбырларда, оқшаулау беттеріндегі температурасы 173К (минус 100ºС) - 333К (плюс 60ºС) дейін өндірістік мұздатқыштарда жылудоғарғыш материал ретінде қолданылады.

1.2 МИНЕРАЛДЫ МАҚТА

Минералды мақта - құрылысы шыны тәріздес жіңішке талшықтардан тұратын борпылдақ материал. Минералды мақтаның түсі ақ, ашық сұр, жасылдау, қоңыр, қара қоңыр болуы мүмкін. Минералды мақтаның жоғары жылудоғарғыштық қасиеттері құрылысында коп мөлшерде кеуектердің болуымен сипатталады: кеуектілігі 95-96%. Кеуектердің өлшемдері мен көлемі талшықтардың тығыздалу дәрежесі мен диаметріне тәуелді болады. Мақта талшықтарының диаметрі 1-10 мкм-ге дейін ауытқиды. Талшықтардың диаметрі артқан сайын материалдың да жылуөткізгіштігі арта түседі, сондықтан талшықтар диаметрі стандартта белгіленген бойынша 8мкм-ден аспау керек. Талшықтар ұзындығы 2-3мм-ден 20-30см-ге дейін жетеді. Талшықтардың орташа диаметрі мен ұзындығы балқыманың химиялық құрамына, сонымен бірге, бірқатар технологиялық процестерге тәуелді болады. Талшықтар ұзын болған сайын, бұйым соғұрлым серпімді және берік болады.
Талшықтардан басқа мақта құрамында талшықтарға созылмай қалған бөлшектерден тұрады. Бұл бөлшектер королектер деп аталады. Бұл бөлшектердің пішіні көбінесе сфералық болып келеді. Королектер жылу тасымалдайтын көпірлер қызметін атқарып, минералды мақтаның жылуөткізгіштігін арттырады.
Минералды мақтаның көлемдік салмағы талшықтардың орташа диаметріне, құрамындағы королектер мөлшеріне және тығыздалу дәрежесіне тәуелді болады. Стандартқа сай минералды мақтаның маркілері 75,100,125 болады. Құрамында өлшемдері 0,25 үлкен болатын королектердің мөлшері 75 марка үшін 12%-дан, 100 марка үшін 20%-дан, 125 марка үшін 25%-дан аспау тиіс.
Минералды мақтаның талшықтарының пісу температурасы - 700-800ºС. Мақтаның шыны балқымаға айналу температурасы - 500ºС. Қышқылдық модулі жоғары болған сайын мақтаның шыны балқымаға айналу температурасы да жоғары болады.
Минералды мақтадан жасалатын бұйымдар: даналы - плиталар, цилиндрлер, жартыцилиндрлер, сегменттер; орамалы - тігілген және синтетикалық тұтқыр негізіндегі төсемелер; жіп түріндегі - жіптер, жгуттар; сусымалы - гранулданған мақта болып жіктеледі.

Материалдың мағынасы мен түрлері

Битумды тұтқырлар негізіндегі минералды мақтадан жасалған плиталар құрылыс конструкцияларын және өндірістік қондырғыларды оқшаулауда қолданылады. Тұрғын үй құрылысында плиталарды қоршау конструкцияларында жылудоғарғыш материал ретінде қолданады.
Өндірістік үйлер құрылысында плиталар көбінесе ғимараттардың жабындарын оқшаулау үшін пайдаланылады. Осы мақсатта орташа қаттылықтағы және қатты плиталарды алдын-ала құйылатын цементті төсемесіз жайғастыруға болады.
Плиталар өндірісінде қалыптаудың ылғалды әдісі қолданылады. Бұйымдарды даналы түрде қалыптайды. Технологиялық процесс келесі сатылардан тұрады: битумды тұтқырдың сулы эмульсиясын дайындау; минералды мақтаны жұмсарту; тұтқыр эмульсиясы мен минералды талшықтарды араластыру (гидромасса дайындау); гидромассадан бұйымдарды қалыптау; бұйымдарды жылумен өңдеу
Плиталар көлемдік салмағы бойынша 75,100,150,200,250 маркаларға бөлінеді.
Плиталардың номиналды өлшемдері келесі кестеде көрсетілген өлшемдерге сай болу керек:

Маркасы

Ұзындығы
Ені
Қалыңдығы
75; 100

150; 200

250
1000; 1500; 2000

1000; 1500

1000
500; 1000

500; 1000

500

50-ден 100-ге дейін

50-ден 100-ге дейін

40-тан 70-ке дейін

Плитаның шартты белгіленуі маркасынан, миллиметрмен көрсетілген ұзындығы, ені, қалыңдығы өлшемдерінен және 10140-80 стандартының белгіленуімен көрсетілуі тиіс.
Мысалы: 100 маркалы плита, ұзындығы - 1000, ені - 500, қалыңдығы - 50мм

100-1000.500.50 МЕСТ 10140-8

1.3 СЫНАУ ӘДІСТЕРІ

Өлшемдерін анықтау. Өлшемдерді жүргізуде бөлу шкаласы мм-мен белгіленген металл рулетка, инелі қалыңдық өлшеуіш қолданылады.
1.Плиталардың ұзындығы мен ені металл өлшеуіш рулеткамен үш жерден: ортасынан, екі шетінен шеткі бұрышынан 50мм қашықтықта өлшенеді.
Плитаның ұзындығы мен ені үш өлшемнің орташа арифметикалық мәні бойынша есептейді.
2.Плиталар қалыңдығын инелі қалықдық өлшеуіш құрал арқылы анықтайды. Бұл үшін плитаны қатты тегіс жерге төсейді. Бекіткіш винтпен инесі бар білікті шеткі төменгі бөлікте бекітеді. Содан кейін плитаны негізіне перпендикуляр бағытта бүкіл қалыңдығы бойынша шаншиды. Бекіткіш винтті босатады, плита бетіне 500 Па шектік қысым туғызатын түтікшелі диск түсіріледі. 5 мин.Соң қалыңдық өлшуеуіш құралдың өлшемді сызғышы бойынша плита қалыңдығы анықталады. 200, 250 маркалы плиталар қалыңдығы 5 мин күтпей анықталады.
Плиталар қалыңдығы 5 жерден: бұрыштарынан және центрі бойынша анықталады. Бұрыштарынан өлшеу кезінде ине плитаның әр шетінен 150+5 мм қашықтықта орналасу керек.
Плита қалыңдығы бес өлшемнің орташа арифметикалық мәні бойынша есептеледі.
3.Плиталар диагональдарының әр түрлілігі металл рулеткамен өлшеп анықталады.
4.Құрылысының біртектілігі - қуыстарының болуы, қабаттарының ажырауы, бөтен заттардың болуы, тұтқырдың біртекті таралуы - үш плитаның қимасын бақылау арқылы (неме бір плитадан алынған үш қима арқылы) анықталады.
5.Плиталардың жылуөткізгіштігі МЕСТ 7076-78 бойынша сынаққа таңдап алынған үш үлгілердің орташа арифметикалық мәні бойынша анықталады.
6.Майысудағы созу біріктігі МЕСТ 17177-71 бойынша үш плитадан кесіп алынған үш үлгінің сынақ нәтижелерінің орташа арифметикалық мәні арқылы анықталады.
7.Созғандағы беріктік шегі үш үлгінің нәтижелері бойынша орташа арифметикалық мәнін есептеп анықтайды.
8.Плиталар ылғалдылығы МЕСТ 17177-71 бойынша анықталады. Плитаның әр жерінен таңдап алынған диаметрі 20мм үлгілер алынады. Орташа үлгіні дайындау үшін осы үлгілерді майдалап, араластырады. Ылғалдылық үш плитадан алынған үлгілердің сынақ нәтижелері мәндерінің орташа арифметикалық санымен анықталады.
9.Плиталар серпімділігі (диаметрі 217мм цилиндр бойымен майыстыру) МЕСТ 17177-71 бойынша үш плитаның әрқайсысынан екі-екіден кесіп алынған алты үлгінің мәні бойынша анықтайды.
Егер майыстыру кезінде бес үлгінің бойында жарықтар пайда болмаса, плиталар сынақтан өткен болып есептеледі.
1.4 ЖИНАҚТАУ, МАРКАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ, ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ

1.Плиталар келесі түрдегі орамамен немесе көмекші орау құралдарымен жинақталуы тиіс:
oo орау бөліктерін металл сымдармен бекітетін ағаш тақтайлармен, МЕСТ 18051-93 бойынша дайындалған торлар мен жәшіктер;
oo арнайы қайтымды поддондар мен контейнерлер;
oo битумдалған орама қағаздар;
oo қапшықты ылғалға төзімді және битумдалған қағаз;
oo термо отырғыш полиэтиленді орама;
75 және 100 маркалы плиталар жоғарыда айтылған қағаздармен оралып, шетінен битуммен жабыстырылған түрде рулондалуы мүмкін.
2 Әрбір жинақ бір маркалы және бірдей өлшемдегі плиталардан тұруы керек.
Плиталарды жинақтау кезінде олардың жабысып қалмау шарттары ескерілу қажет.
3 Қолмен арту немесе түсіру кезінде жинақталған орам массасы 50 кг-дан аспау керек.
4.Әрбір жинақта төмендегідей мәліметтері бар этикеикажабыстырылуы тиіс:
- өндіруші кәсіпорын атауы немесе оның тауарлы белгісі;
- партия саны және өндіу мерзімі;
- плиталар саны;
- өндіруші кәсіпорынның ОТК бөлімінің штампы;
- этикетканың жоғарғы бұрышында МЕСТ 1.9-67 бойынша плиталарға берілген мемлекеттік сапа Белгісінің таңбасы.
5.Әрбір тиелетін плиталар партиясы бекітілген ережелерге сай сапа көрсеткіштері көрсетілген төмендегідей мәліметтері бар құжаттармен жіберілуі тиіс:
- құжат номері мен датасы;
- өндіруші кәсіпорын атауы мен мекен-жайы;
- қабылдап алушының атауы мен мекен-жайы;
- өнім атауы;
- плиталар маркасы мен өлшемдері;
- партия номері мен өндіру мерзімі;
- плиталар саны;
- сынақ нәтижелері;
- нақты стандарт белгісі.
6.Плиталарды кез келген жүк тасымалдаушы жабық транспортта тасымалдауға болады.
7.Тиеу және тасымалдау, сақтау кезінде плиталарды механикалық бұзылулардан, ылғалданудан, тікелей күн сәулесінен қорғау шараларын сақтау қажет.
8.Плиталарды маркасы бойынша жеке жинақталған түрде жабық қоймаларда немесе жабын астында сақтау керек. Жабын астында сақтау кезінде плиталар астына тіреулер қойылу тиіс.

1.5 САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

1.Материалдар мен бұйымдарды бақылау бөлмесінде температура 22+5ºС болу керек.
Сынақ алдында материал үлгілерін қажетті температурада және ауа ылғалдылығында ұстау мерзімі нақты түрдегі өнімге тиісті нормативті-техникалық құжаттарда белгіленеді.
2.Сынақ өткізу үшін партиядан таңдап алынған бұйым немесе жинақталған орын саны МЕСТ 26281-84 бойынша қабылданады.
3.Әр бұйым немесе жинақталған орыннан сынақ үшін таңдап алынатын үлгілер саны нақты түрдегі өнімге тиісті нормативтік-техникалық құжаттар бойынша белгіленеді.
4.Сынақ нәтижелерінің қорытындысы ретінде парраллель жүргізілген анықтаулардың орташа арифметикалық мәні алынады.
5.Егер нақты өнімге тиісті нормативті-техникалық құжаттарда басқа температура көрсетілмеген кезде, үлгілерді тұрақты массаға дейін кептіру 105+5ºС температурада жүргізеді.
Материал немесе бұйым үлгілері 0,5 сағ бойы қайта кептіру кезінде массасының төмендеуі 1%-дан аспайтын болса, олар тұрақты массаға дейін кептірілген болып есептеледі.
6. Сынақ нәтижелері келесі мәліметтер көрсетілетін дәптерге енгізілу тиіс:
- материал атауы мен түрі, материал мен бұйымды өндіру технологиясы көрсетілген нормативті-техникалық құжат атауы;
- өндіру мерзімі;
- партия номері ;
- сынақ мерзімі;
- нақты стандарт атауы;
- сынауда пайдаланған үлгілер саны;
- әрбір параллель жүргізілген сынақ көрсеткіштері;
- көрсеткіштердің орташа арифметикалық мәні;
- сынақты жүргізген тұлғалардың аты-жөні мен лауазымы.

Сызықтық өлшемдерін тексеру әдістері

1.Құралдар мен жабдықтар:
oo металл сызғыш
oo бөлініс шкаласы 1мм металл рулетка
oo штангенциркуль
oo арнайы металл шаблондар
oo инелі қалыңдық өлшеуіш құрал
oo ұзындығы 150мм-ден, диаметрі 6мм-ден кем емес өлшеуіш ине
oo металл труба
2. Өлшемдерді жүргізу кезіндегі рұқсат етілетін ауытқу шегі:
oo + 0,5 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрал жабдықтың технологиялық сипаттамасы
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
Тассай карерьінің ірі толтырғыштары туралы
Силикат балқымасының қасиеттері
Минералды вата өндіру технологиясы
Жылуизоляциялық материалдар, жіктелуі және қолданысы
Құрылыс материалдарының қасиеттерін стандарттау
Керамикалық материалдар
Жасанды Кеуек материалдар
М. Х. Дулати атындағы ТарМУ Энергия қорын үнемдейтін технология және жергілікті шикізаттарды кұрылыс материалдар өндірісінде пайдалануды өндірісте игеру және жасау
Пәндер