Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері



I. Кіріспе
Жер бетіндегі су ресурстары

II. Негізгі бөлім:
1. Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері
2. Су қорын тиімді пайдалану жолдары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер
Гидросфера – ғаламшарымыздың су қабаты, оны мұхиттар мен теңіздер, құрлық суы – өзендер, көлдер, жасанды су қоймалары, мұздықтар, литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін ыза суы және атмосферадағы ылғал құрайды.Жер бетінің ауданы 510 млн. км2 –ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2 – ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрылықтардың үлесіне 149 млн. км2 аудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі.
Су және құрлық жер шарында біркелкі орналаспаған. Солтүстік жарты шарында құрлықтардың үлесіне 100 млн. км2 немесе 39%-і тисе, ал Оңтүстік жарты шарында – 206 млн. км2 немесе 81% (әрбір жарты шарды жеке-жеке алып қарағанда).Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2 –ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су -91 мың. км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн.км3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры-3,5 млн.км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53% -ін құрайды. Егер біз тұщы судың негізгі массасын мұздықтарда жиналғаның есептесек, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі күрт азаяды және ол гидросфераның тек қана 0,80% құрайды. Әлемдік су қоры.Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985мың км³. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен2,5 кмболар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максималды тереңдік11022 м(Мариан шұңғымасы).Жердегі судың басым бөлігі тұзды су болып табылады.
1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т «Экология»
2. Оқулық – Алматы: Экономика 2002 ж.
3. Бродский А.К «Жалпы экологияның қысқаша курсы».Оқу құралы – Алматы: Ғылым 1997 ж.
4. Мұқаұлы С, Үпішев Е. «Табиғатты пайдалану экономикасы». Оқу құралы – Алматы: Экономика 1999 ж.
5. Сағымбаев Ғ. «Экология негіздері». Оқулық Алматы Республикалық баспа кабинеті 1995 ж.

Жоспар

I. Кіріспе
Жер бетіндегі су ресурстары

II. Негізгі бөлім:
1. Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері
2. Су қорын тиімді пайдалану жолдары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Жер бетіндегі су ресурстары
Гидросфера - ғаламшарымыздың су қабаты, оны мұхиттар мен теңіздер, құрлық суы - өзендер, көлдер, жасанды су қоймалары, мұздықтар, литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін ыза суы және атмосферадағы ылғал құрайды.Жер бетінің ауданы 510 млн. км2 - ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2 - ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрылықтардың үлесіне 149 млн. км2 аудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі.
Су және құрлық жер шарында біркелкі орналаспаған. Солтүстік жарты шарында құрлықтардың үлесіне 100 млн. км2 немесе 39%-і тисе, ал Оңтүстік жарты шарында - 206 млн. км2 немесе 81% (әрбір жарты шарды жеке-жеке алып қарағанда).Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2 - ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су -91 мың. км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн.км3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры-3,5 млн.км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53% -ін құрайды. Егер біз тұщы судың негізгі массасын мұздықтарда жиналғаның есептесек, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі күрт азаяды және ол гидросфераның тек қана 0,80% құрайды. Әлемдік су қоры.Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985мың км³. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен2,5 кмболар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максималды тереңдік11022 м(Мариан шұңғымасы).Жердегі судың басым бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97, 5% үлесін құрайды, бірақ түщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн. км³ -- ге тең.Әлемдік мұхиттың деңгейінің өзгермелі жағдайында жердің су балансы төмендегідей болады. Планетеға түсетін жауын - шашын буланумен теңеседі. Екі шама да 577000 км³ жылына жуық. Мұхиттың булануы жауын - шашыннан 47000 км³ жылына артық. Құрлықта кері заңдылық байқалады - булану жауын - шашыннан 47000 км³ жылына кем. Осы су өзен ағыстарымен мұхитқа қайтарылады.Қазіргі кезде әлемдік су балансы мұхит жағына қарай ығысқан. Соңғысы судың буланған мөлшерінен жыл сайын 430 - 550 км³ артық алады. Осының нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді (соңғы жүз жылда 15см). Қосымша ылғалдың 75% мұхиттар мұздықтардың еруі, 18, 5% -- жер асты қорының пайдалануы, 7% -- көлдердің есебінен алады.Құрылықтағы жауын - шашынның толық буланбауы, (47000 км³) жылудың жетіспеуінен емес, экожүйенің реттеушілік роліне байланысты болатын атап өту қажет.
Табиғи суларды ластаудың негізгі көздері
Судың ластану мәселесі.Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жер асты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасыеың төмен болуы себепті 5 млн. адам (негізі балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн - нан 1 млрд - қа дейін жетеді.Барлық сулардыңқұрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор калий жатады.Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар (ЗЖЖК) қолданылады.Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бактериологиялық және оргонолептік қолданылады.Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады: 1) судағы бактериялардың жалпы саны, ал судың 1 миллиметріне 100 - ден аспауы керек; 2) ішек таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы. Ол коли - индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен коп болмауы керек) немесе коли - ттрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл - ден кем болмауы керек) анықталады. Оргонептикалық көрсеткіштерге судың судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі жатады.Сулардың ластануы деп оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі деп түсінеді. Суды 400-дей түрлі зат ластауы мүмкін.Егер судағы санитарлық-токсикологиялық, жалпы санитарлық немесе органолептикалық (судың мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі) көрсеткіштері, сульфат, хлорид, нитрат, уытты ауыр металдар мөлшері шектеулі межеден артып кетсе, су ластанған болып есептеледі. Тағы суда араласқан оттегі мөлшерінің азаюы, радиактивті элементтердің, ауруға ұшырататын бактериялардың пайда болуы да оның ластанғанын көрсетеді.
Өндірістік ластанудың көздері мыналар:
1) электроэнергетика
2) химиялық және мұнай-химилық өнеркәсіп;
3) ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп;
4) қара металлургия;
5) түсті металлургия;
6) машина жасау өндірісі;
7) көмір өнеркәсібі;
8) мұнай өңдеуші өнеркәсібі;
9) жеңіл өнеркәсіп;
10) құрылыс материалдары өнеркәсібі;
11) тамақ өнеркәсібі;
12) тұрмыстық жиынды сулары;
13) өзен және теңіз кемелерінің жиынды сулары;
14) Қыста қалалардың кір қарларын суға тастау.
Химиялық ластану өте кең тараған, тұрақты болып келеді және жиі кездеседі. Ол органикалық (нафтен қышқылдары, фенолдар, синтетикалық бетті белсенді заттар, пестицидтер) бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), уытты (мышьяк, сынап, қорғасын, кадмий қосылыстары) және уытсыз болып келеді.
Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырауқұлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.
Радиоактивтік ластану ұзақ тіршілік ете алатын радиоактивтік элементтердің (Sr-90, уран, радий-226, цезий және т.б.) суға өтіп кетуімен байланысты. Бұл элементтердің тіпті аз концентрациясының өзі өте қауіпті.
Механикалық ластану суға әртүрлі механикалық қоспалардың (құм, шлам, балшық және т.б.), сондай-ақ қатты қалдықтардың, сумен ағаш тасымалданғандағы қалдықтары түсуімен сипатталады. Бұл жағдай судың органолептикалық қасиеттерін нашарлатады.
Жылулық ластануға табиғи сулардың жылыған жерүсті және технологиялық суларымен араласып кетуімен байланысты. Мұндай ластану судың газдық және химиялық құрамының өзгеруіне, анаэробты бактериялардың, гидробионттардың көбеюіне және улы газдардың - күкіртсутегінің, метанның бөлінуіне әкеліп соғады.
Канализация суларының табиғи суларға жіберілуі ондағы органикалық заттардың алмасуына теріс әсерін тигізіп, ең алдымен адамдардың инфекциялық ауруға шалдығуына қатер туғызады. Жиынтық сулармен ілесіп келген биогендер суда балдырлардың, фитопланктондардың артуын ықпалдайды. Бұл үрдісті эвтрофикация немесе эвтрофизация деп атайды.
Мұндай эвтрофикацияға ұшырап отырған Балқаш көлі.
Жер үсті суларының ластануының негізгі себептері суға мыналардың қосылып кетуіне байланысты:
1) тазаланбаған немесе аз тазаланған жиынтық сулардың;
2) тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсетуден қалған сулардың;
3) өндіріс кәсіпорындары суларының;
4) ауыл шаруашылығы мекемелері суларының;
5) халық шаруашылығы басқа да мекемелері суларының.
Химиялық ластаушы заттардың ең кеңінен тарағаны синтетикалық белсенді беттік заттар (СББЗ), бірақ олардан пестицидтер де қалыспайды.
Тура осылай жер асты сулары да ластанады. Ластаушы заттар микробтық және химиялық болып бөлінеді. Микробтық ластануға көбінесе жерасты сулары ұшырайды. Жерасты суларының химиялық ластануы жерүсті сулары арқылы жүреді. Жерасты суларына қалдық суларды тазалауға пайдаланатын биологиялық белсенді заттар (ББЗ) да өтіп кетуі мүмкін. Жерасты суларын өндірістік қалдықтар, мұнай өнімдерін сақтағандағы қалдықтар, химиялық өндірістердің шикізаты және өнімдері, химикаттар және тыңайтқыштармен ластанған жауын-шашын ластайды.
Кейінгі жылдары ең көп ластанған Ертіс өзені (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Риддер қорғасын заводы, Зырян ағаш-жоңқа плиталары кәсіпорны және т.б.)

Су қорын тиімді пайдалану жолдары
Адамның негізгі қажеттерінің бірі - таза және қауіпсіз су. Барлық адамзат үшін таза судың жетіспеуі 20 % құрайды. Жылдан жылға әртүрлі заттармен ластанған су объектілерінің саны көбейіп барады. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Ол барып табиғи судың сапасын жақсартатын гидробионттардың өмірін қиындатады.
Судың сапасы дегеніміз - шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, балықшаруашылығы және техникалық қажеттілікті анықтайтын судың құрамы мен қасиетінің сипаттамасы.
Ауыз су эпидемиологиялық тұрғыдан және химилық құрамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суды тиімді пайдалану. Сумен қамтамасыз етуге бөлек жүйелерді қолдану
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Қазақстанның су ресурстарына жататындар
Республиканың солтүстігі ғана ашық
Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтарының экологиялық жағдайына баға беру, аймақтың экологиялық жағдайының тәуекел факторларын және оны басқаруды талдау
Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Әлемдік мұхиттың ластануы
Экологиялық қылмыстың түсінігі
Пәндер