Ұлы ақын - Абай Құнанбаев



Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.
Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу -бұлар дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды.
Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. Нағыз халықтық, реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, Абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап берді.
Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.
Абай өзінің адамгершілік, гуманистік, қоғамдық, эстетикалық ізденістерін бүкіл дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен ұластырып, өзі де жаңа биік деңгейге көтеріле түсті, сол арқылы бүкіл адамзаттық идеяларға жол тапты.
Ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытты, жаңа сапалық биікке алып шықты.
Абайдың әдеби мұрасының дүниежүзілік мәні оның өз шығармаларында туған халқының мүддесін, түпкі мақсат-мұратын айқын көрсете отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды жете бағалай білген ұлы ақынға тән суреткерлік дарындылығынан, кемеңгер ойшылдығынан айқын танылады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Абай - ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.
Абай есімі - қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу -бұлар дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды.
Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. Нағыз халықтық, реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, Абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап берді.
Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.
Абай өзінің адамгершілік, гуманистік, қоғамдық, эстетикалық ізденістерін бүкіл дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен ұластырып, өзі де жаңа биік деңгейге көтеріле түсті, сол арқылы бүкіл адамзаттық идеяларға жол тапты.
Ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытты, жаңа сапалық биікке алып шықты.
Абайдың әдеби мұрасының дүниежүзілік мәні оның өз шығармаларында туған халқының мүддесін, түпкі мақсат-мұратын айқын көрсете отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды жете бағалай білген ұлы ақынға тән суреткерлік дарындылығынан, кемеңгер ойшылдығынан айқын танылады.
Абай жас шағында Семей қаласындағы мұсылманша медреседе оқыды. Бұл жылдары ол араб, парсы, шағатай тілдерін тез меңгерді, Шығыс классиктері Сағди, Науаи, Низами, Физули, Хафиздің, т. б. шығармаларымен танысты. Сонымен қатар ол орыс мектебіне де барып жүреді. Өзінің ерекше қабілеттілігі және зейін қойып, зор ықыласпен үйренуі арқасында Абай орыс тілін де игереді. Алайда, әкесі Құнанбай оны енді өзінің жанында ұстап, бірте-бірте ел билеу ісіне араластырмақ ниетпен ауылға қайтарып алады. Ендігі жерде Абай ел арасындағы әр түрлі ру таласы, жер дауы, жесір дауы секілді істерге араласып, қолында күші бар топтардың әділетсіздігін көріп, әр түрлі топ өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін үнемі байқап жүреді. Олардың істеген істеріндегі, күнделікті қылықтарындағы мағынасыздықты, бітпейтін талас-тартыстың, өнімсіз әуресарсаңмен күн өткізушіліктің ел басына үлкенауыртпалық түсіріп отырғанын терең түсіне бастайды. Абай осылай қоғам өмірі жайлы көп толғанып, көп ойланып жүріп, халық мүддесі үшін, адалдық, адамгершілік үшін күресуге ұмтылады, қалай күресудің жолын іздейді. Халық мүддесі үшін күресуге бел байлап, елді, жастарды адал еңбек етуге, өнер үйренуге, білім, ғылым жолына түсуге шақыруды мақсат еткен Абай осы ой-пікірін жалпы жұртқа жария етуге, солардың жүрегіне ұялатуға жарарлық бірден-бір күшті құрал өлең сөз, ақындық өнер деп санайды. Бойындағы ақындық қуатын осы жолға жұмсау қажет деп түсінеді.
Абайдың кейінгі, кемелденген шағында Шығыс ойшылдарының философия, теология, логика, тарих жөніндегі еңбектерін терең зерттегендігін, түркі поэзиясымен қатар араб, парсы поэзиясына қызығуы арта түскенін оның шығармаларынан да байқауға болады. Жылдар өте Абайдың Батыс Европа елдерінің қоғамдық-философиялық жетістіктеріне, француз, ағылшын, неміс ағартушыларының шығармаларына деген ынта-ықыласы арта түседі. Ол өзінің шығармашылық ізденістерінде Пушкин, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Лев Толстой сияқты көркем сез шеберлері мен ойшылдарының өнегесінен тағылым ала білді. Гете, Байрон, Шиллер сияқты Батыс Европа ақындары да Абайдың назарын аударады.
Абай поэзиясы қазақ әдебиетіндегі мүлде жаңа құбылыс, жаңа кезең болғанын айта отырып, ақынның шығармашылық өнерінің негізгі тірегі, сарқылмас қайнар көзі халық поэзиясы, жүздеген жырау, жыршы, ақындарды туғызған халықтың сан ғасырлық бай әдеби мұрасы дейміз. Халықтың өмірімен, поэзиясымен терең тамырластығы Абайдың ақындық тұлғасына ана сүтімен біткен қасиеттей ұлттық, даралық сипат бергені даусыз.
Ақындық өнерді өзіне өмірлік зор мақсат етіп, өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіруге Абай тек 80-жылдардың ортасында жұмыла кіріседі. Бұл оның айналасын болжап, әлеуметтік құбылыстарды терең бағалап, кең ойлай алатын, көргені мен түйгені, өмірлік тәжірибесі молайған, әбден кемеліне келген шағы болатын. Ақынның осы тұста (1882-1886 жж.) жазған өлеңдері идеялық және көркемдік қасиеттері жағынан аса мағыналы, жаңа сапалы және ұзақ өнімді ізденістерінің қорытындысы, нәтижесі болып табылады. Өзінің шығармаларында Абай қазақ тіршілігінің ең көкейкесті мәселелерін, маңызды әлеуметтік, қоғамдық, моральдық проблемаларын, халықтың тағдырына, әдет-ғұрпына қатысты мәселелерді көтереді.
Сегіз аяқ атты өлеңінде елдің берекесін кетіріп, көзін аштырмай отырған бір-бірімен дауласу, қастасу, өтірік арыз беру секілді жаман әдеттер екенін нақтылап көрсеткен ақын:
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың, --
деп өкініш білдіреді.
Елді бірлікке, татулыққа шақыру -- өлеңнің ең бір күшті сарыны.
Біріңді, қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос, --
деген үлкен қоғамдық мәні бар терең мағыналы түйінді ойын ақын ерекше тебіреніспен айтады.
Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған халықтың, ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтінін Қалың елім, қазағым, қайран жұртым өлеңінен айқын көреміз.
Осы өлеңге домбыра сазындағы алғашқы құлақ күйіндей болып, жүрек толқытатындай жылы леп беретін қазағым, елім, қайран жұртым деген сөздер онан кейінгі айтылғанның бәріне басқаша мағына, өзгеше реңк дарытады. Сондықтан елдің күйзелген жағдайын айқындататын:
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі май, бірі қан боп енді екі ұртың,
-- деген сипаттаулар жалпақ жұрт туралы айтылса да, артық айтылған демей, ашынып айтылған десек болар.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың,
-- деген шумақтағы бас-басына би болған өңкей қиқым дегені елдің шырқын бұзып жүрген, қолындағы күші азайған, ұлыққа, мансабы жоғары чиновникке бағынышты болыстарға тікелей қатысты.
Ал Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың деген сөздер сол кездегі патша үкіметінің енді қазақ даласын билеу ісіне баса-көктеп араласып, қазақтың болыс-билерін бір-бірімен қырқыстырып әбден әлсіреткен үстемдік саясатын әшкерелейді.
Абай шығармаларының өмір, дүние-болмыс туралы ойларын қоры-тып, жинақтап айтатын сипаты және әлеуметтік өмірдің қайшылықта-рын, қоғамдық құбылыстардың өзара себеп-салдарлы, байланысты келетінін терең түсінуі жағынан үлкен философиялық мәні бар екені талассыз.
Өмірдің өтуі жайлы Абай бірде философиялық толғаныс түрінде айтса (Сағаттың шықылдағы емес ермек), тағы бірде ойын нақтылы сурет арқылы елестетіп көрсетуді мақсат етеді.
Тоты құс түсті көбелек атты өлеңінде ақын адамның өмірдегі мақсаты жайында толғанып, ол өмірден нені іздеп, нені күнкөріс қылады деген сүраққа түжырымды жауап береді.
Адамның өмірі мағыналы, саналы болу керек деген байламын айқын айтып жеткізеді де, енді ойын жаңа бір қырынан алып ербітіп, адамның өмір сүруі, іс-әрекеттері, алдына қоятын мақсаттары заман талабына сәйкес болуы қажет екендігін ескертеді.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
Философиялық мәні бар осы түжырымның қоғам өмірінің күрделі заңдылығын, елеулі шындығын терең түсіну негізінде айтылғаны анық. Саналы, ойлы адамның артықшылығы заман талабын, әлеуметтік өзгерістердің бағыт-бағдарын дүрыс түсіне білу болса керек.
Абайдың көңіл күйі лирикасында ақынның өзімен-өзі ойласқан-дай, өзімен-өзі сырласқандай қалпын, көңіл толғанысын танытатын арнау үлгілері бар.
Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой тоқта!
Мұнда ақын жүрек, көңіл деген ұғымдарды кейіптеу бейне ретінде алып, тіпті сөзін соларға қаратып айтқандай болады. Өзіне
сауал қоиып, тоқтау аитуы, өз сүрағына өзі жауап іздеуі, өз ой-түжырымына өзі дәлел іздеуі -- мүның бәрі ой-сезім тереңдігін, әсерлі жан тебіренісін көрсетеді.
Абай поэзиясындағы. әр түрлі адамдардың мінез-қүлқын, психо-логиясын, қандай жағдайда қандайлық әрекет ететінін ашып көрсету шеберлігі жағынан алғанда үздік шығармалар қатарында Бөтен елде бар болса, Сабырсыз, арсыз, еріншек секілді өлеңдерді атауға болады.
Ел қамын ойламайтын, еңбек етпейтін, қызмет қылып мал таппай, ғылым оқып ой таппай, ел қыдырып, өсек-аяң іздейтін арыз-шыл адамның мінез-сиқын Абай шебер бейнелеп көрсетеді.
Қиын-қыстау жағдайда жалтарғыш, бір сөз үшін жау болып, бір күн үшін дос болып қырық қүбылып жүретін адамдардың мінезін, іс-әрекетін ақын осы өлеңдерінде тап басып, нақтылы сипаттаған. Шынайылығы, суреттеу тәсілінің үтымдылығы жағынан Абай шығар-маларындағы қазақ әкімдерінің, ел билеушілерінің бейнесі де кем түспейді. Болыс болдым, мінеки атты елеңі болыстың монологы түрінде қүрылған. Кейіпкердің бір сәт ойға кетіп, болыстыққа жету үшін қандай қам жасағанын, қанша малын шашып әуреге түскенін, болыс болғандағы іс-әрекеттерін, әрі әр түрлі адамдармен қарым-қатынасын -- бәр-бәрін көз алдынан өткізіп, өзіне-өзі есеп бергендей, түжырымдап бағалағандай болып отырған қалпы мейлінше нанымды да әсерлі-ак,!
Ал Мәз болады болысың атты өлеңде болыстың үлыққа жа-рамсақтану арқылы шекпен мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Алаш зиялыларының әлеуметтік лингвистикалық тұжырымдары тақырыбында, Абай Құнанбайұлының еңбектеріне зерттеу жүргізу, талдау жасау
Бастауыш сынып оқушыларын Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізінде тәрбиелеу
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин
Абай дана Абай дара
Абайдың педагогикалық көз қарасы
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Абай Құнанбаев(1845-1904) жайлы ақпарат
Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы
Абай өлеңдері
Пәндер