Таблеткалар туралы



1. Кіріспе
2. Таблеткалардың классификациясы
3. Ұнтақ тәріздес дәрілік субстанциялардың қасиеттері
4. Таблетка өндірісінің технологиялық процестері
5. Таблеткалаушы машиналар типі
6. Престелген қабықшалар
7. Пленкалы қабықшалар
8. Қорытынды
9. Қолданылған әдебиеттер
Таблетка(Tabulettae, латынша tabula-тақтай, tabеlla-тақтайша,плитка)-дәрілік немесе көмекші және дәрілік қоспаларды пресстеу арқылы алынатын, сублингвалды, имплантациялық, перенаталды іштей немесе сыртай қолдануға арналған дозаланған дәрілік форма.
Абу Али Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылым туралы конондар» еңбегінде жаймаларға ұқсас дәрілік формалар туралы айтылады. Дәрігер тағайындауына байланысты таблеткалар дозаланған ,тікелей қабылдауға арналған, және дозаланбаған, сақтауға немесе кейіннен қолдануға болатын деп классификацияланады.
Таблеткалар туралы алғашқы мәліметтер 19ғ ортасында пайда болған.1844ж Англияда Брокедон калий гидрокарбонатын пресстеу арқылы дайындауға патент алды.1846-1897ж таблетка өндіру ісі АҚШ, Франция, Швейцаряда меңгерілген.1871ж Германияда таблетка жасауды алғаш Розенталь ұсынды.
Ресейде алғашқы ірі таблетка жасау шеберханасы 1895ж әскери-дәрігерлік жасақтау зауытында Петербургте ашылды.
1.Чуешов В.И., Зайцев О.И., Шебанова С.Т.,Чернов М.Ю., Промышленная технология лекарств Том-2
2.Гельперин Н.И., Носов Г.А Основы техники кристализаций
3.Тодес О.М., Себалло В.А.,ГольцикерА.Д., Массовая кристализация растворов .Л: Химимя ,1984.232с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Таблеткалардың классификациясы
3. Ұнтақ тәріздес дәрілік субстанциялардың қасиеттері
4. Таблетка өндірісінің технологиялық процестері
5. Таблеткалаушы машиналар типі
6. Престелген қабықшалар
7. Пленкалы қабықшалар
8. Қорытынды
9. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Таблеткалар
Таблетка(Tabulettae, латынша tabula-тақтай, tabеlla-тақтайша,плитка)-дәрілік немесе көмекші және дәрілік қоспаларды пресстеу арқылы алынатын, сублингвалды, имплантациялық, перенаталды іштей немесе сыртай қолдануға арналған дозаланған дәрілік форма.
Абу Али Ибн Синаның Дәрігерлік ғылым туралы конондар еңбегінде жаймаларға ұқсас дәрілік формалар туралы айтылады. Дәрігер тағайындауына байланысты таблеткалар дозаланған ,тікелей қабылдауға арналған, және дозаланбаған, сақтауға немесе кейіннен қолдануға болатын деп классификацияланады.
Таблеткалар туралы алғашқы мәліметтер 19ғ ортасында пайда болған.1844ж Англияда Брокедон калий гидрокарбонатын пресстеу арқылы дайындауға патент алды.1846-1897ж таблетка өндіру ісі АҚШ, Франция, Швейцаряда меңгерілген.1871ж Германияда таблетка жасауды алғаш Розенталь ұсынды.
Ресейде алғашқы ірі таблетка жасау шеберханасы 1895ж әскери-дәрігерлік жасақтау зауытында Петербургте ашылды.

Таблеткалардың классификациясы
Алыну әдісіне қарай таблеткалар 2 топқа жіктеледі:
1.Пресстелген, әр түрлі өнімді таблеткалық машиналарда дәрілік ұнтақтарды престтеу арқылы дайындау.Бұл әдіс негізігі әдіс болып табылады.
2.Формаланған, немесе тритурациялық таблеткалар,таблеткаланушы массаны формалау арқылы дайындалады.Бұл таблеткалар өндірістің 1-2% көлемін құрайды.Тритурациялық таблеткалардың құрамында аз дозада дәрілік зат пен еріткіш болады:оның массасы 0,05г шамасында.
Конструктивті белгілеріне байланысты жіктелуі:
1.Құрамына қарай : қарапайым (бір компонентті) және күрделі(көпкомпонентті).
2.Құрылысына қарай: каркасты , бірқабатты, көпқабатты (2қабаттан кем емес), қабықшалы және қабықшасыз.
Каркасты немесе қаңқалы таблеткалар (дурулдар) бос жерлері дәрілік затпен толтырылған ерімейтін каркастан тұрады. Таблетка дәрілік затпен сіңіртілген губка тәріздес. Оны қабылдағанда таблетка геометриялық формасын сақтап каркас ерімейді, ал дәрілік зат асқазан-ішек жолдарында диффундирленеді.
Бірқабатты таблеткалар пресстелген дәрілік және көмекші заттардан тұрып, дәрілік заттың құрамында біркелкі таралады.
Көпқабатты таблеткаларда дәрілік заттар қабат-қабатпен орналасады. Өзара химиялық сәйкес келмейтін заттардың қолданылуы минималды жанасу беттер арқылы жүзеге асырылады.
3.Таблетка бетінің қабықтары былай классификацияланады: дражеленген, пленкалық және құрғақ пресстелген.
Химия-фармацевтикалық өндірісте таблетка формалары алуан түрлі болып келеді: цилиндр, шар, куб, үшбұрыш, төртбұрыш және тағы басқалар.Ең кең таралған түрі бұл тегісцилиндр тәріздес екіжақтыдөңес формалар.Сонымен қатар ондай таблетка өндірісіндегі пуансондар мен матрицалардың жасалуы оңай және таблетка машиналарына еш қиындықсыз орнатылады.
Көптеген реттеуші және қораптарға үлестіруші машиналар тегісцилиндр тәріздес екіжақтыдөңес формалы таблеткаларға бейімдендірілген.
Таблетка өлшемдері 4-25 мм диаметр аралығында таралған, алайда ең кең таралған өлшемі 4-12мм, ал диаметрі 25 мм артық таблекткалар брикеттер деп аталады. Диаметрі 9мм жоғары таблеткалар өзара перпендикуляр бөлінген,олар таблетканы екіге немесе төртке бөліп дозаны өзгертуге мүмкіндік береді. Таблетка массасы негізінен 0,05-0,8г болады.
Шет елдерде өндірілетін таблекалардың өлшемдік типтік қатары

Өлшемдік типтік қатары (ОСТ 64-072-89)

Ұнтақ тәріздес дәрілік субстанциялардың
қасиеттері
Алынған дәрілік заттардың қасиеттері көп жағдайда таблеткалау тәсілдерін анықтайды. Алғашқы материал ретінде ұнтақ тәріздес себілгіш заттар(бөлшек өлшемі 0,2мм) немесе гранулаланған (бөлшек өлшемі 0,2-3мм) формалар алынады. Қасиеттері:
-физикалық-тығыздық, форма, өлшем және бөлшек бетінің сипаты, бөлшектің меншікті беті, адгезия және когезия күштері, беттік активтілік, балқу температурасы және т.б.
-химиялық- ерігіштігі, реакциялық қабілеттілігі жіне т.б.
-технологиялық - көлемдік тығыздығы, тығыздалу дәрежесі, ылғалдылығы, фракциялық құрамы, дисперстілігі, кеуектілігі, пресстелуі және т.б
-құрамдық-механикалық- иілгіштігі, серпімділігі, кристалл торларының тұтқырлығы және т.б.
Бұл қасиеттер көп жағдайда тек екіге бөлініп: физико-химиялық және технологиялық деп қарастырылады .
Таблетка өндірісінің технологиялық
процестері
Ұнтақталған материалдардан дәрілік формалар жасауда араластыру және пресстеумен қатар ұсақтау, гранулалау және таблеткалау операциялары орындалады.
Ұнтақтарды ұсақтау беріктік пен бөлшектер арасындағы әсерлесудің артуына әкеледі соның нәтижесінде- берік конгломераттар түзіледі.
Кейбір ұнтақтардың жұмсақ конгломераттарын елеу немесе белгілі бір өлшемді тесіктері бар елеуіштерге жағу арқылы жояды.
Ұсақтау сонымен қатар кондинционды емес гранулалар және таблекаларды өңдеуде қолданылады.
Ұнтақтар мен гранулаларды ұсақтау үшін бірнеше аппараттар қатары қолданылады (грануляторлар, классификаторлар және т.б.)
Таблетка өндірісінде оптималды технологиялық схеманы таңдау дәрілік заттардың физико-химиялық және технологиялық қасиеттеріне тәуелді. Қазіргі таңда таблетка алудың 2 негізгі әдісі белгілі олар: заттарды тікелей престеу және грануляциялау.
Тікелей престеу.Тікелей престеу әдісі бірқатар артықшылықтарға ие. Ол еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді, кейбір стадиялар мен операцияларды оңайлату салдарынан технологиялық цикл уақытын азайтады, өндіріс ауданын кішірейтеді, энергия және еңбек шығындарын азайтады.Тікелей престеу териолабильды және өзара сәйкеспейтін заттардан таблетка алуға мүмкіндік береді.Қазіргі таңда бұл әдіспен 20 атты таблекаларды алады себебі көптеген дәрілік заттар тікелей престеу қасиеттеріне ие емес.Бұл қасиеттерге: кристалдардың изодиаметрлік формасы, аққыштық пен ұсақталғыштық , таблеттеуші машинаның престеу-инструментіне төмен адгезиялық қабілеті жатады.
Тікелей престеу- таблеткалнушы материалдың негізгі технологиялық қасиеттерін- ұсақталғыштық (аққыштық) пен персттелуін жақсартуға және грануляция стадиясын өткізбей таблетка алуға негізделген әр түрлі технологиялық тәсілдердің жиынтығы.
Грануляциясыз таблеткалау іске асырылады:
1)Материалдың технологиялық қасиеттерін арттыратын көмекші заттар қосу арқылы.
2)Таблеткаланушы материалды воронкадан таблеттеуші машинаның матрицасына күштеп енгізу арқылы.
3)Престелуші заттың алдын-ала бағытталған кристаллизациясын жүргізу арқылы.
Престелуші заттың алдын-ала бағытталған кристаллизациясы тікелей пресстеуге жарамды дәрілік затты алудың қиын жолдарының бірі.Ол 2 жолмен іске асырылады:
1)қажетті режимде дайын өнімді қайтакристаллизациялау
2) синтезделуші өнімге белгілі бір кристаллиязациялану жағдай таңдаумен
Тікелей пресстеу кезінде дәрілік заттың пресстелу қасиетін арттыру үшін ұнақтақ қоспасының құрамына желімдеуші құрғақ заттар- көп жағдайда микрокристаллдық целюлоза (МКЦ) немесе полиэтиленоксид (ПЭО) енгізеді.Өзінің суды сіңіру мен гидраттау қасиетіне байланысты жеклеген таблетка қабаттарына МКЦ жағымды әсерін тигізеді, ол дәрілік заттардың оңай бөлінуін септігін тигізеді. МКЦ - мен берік алайда қиын бөлшектенетін таблеткалар жасалады.МКЦ-мен таблеткалардың бөлшектенуін арттыру үшін оған ультраамилопектин қосады.
Тікелей престеу үшін модифицирленген крахмал қолданылады.Ол дәрілік заттармен химиялық әсерлесіп олардың босауын және биологиялық активтілігін арттырады.
Ұнтақтың ұсақталуын арттыруда жиі сүттік қант пен гранулаланған кальций сульфатын қолданады соңғысы таблетканың механикалық беріктігін арттырады. Сонымен қатар таблетканың беріктігін арттырып, ыдырау қабілетін жоғарылататын циклодекстрин қолдануға болады.
Тікелей таблеттеуде себілудің біртекті жылдамдығын қамтамасыз ететін мальтоза қолданады, ол төмен гигроскопты заттардың бірі.
Таблетка жасау технологиясы дәрілік заттарды қажетті мөлшерде көмекші заттармен араластыруға және таблеткалық машиналарда престтеуге негізделген.
Бұл әдістің кемшіліктері: таблеткаланушы массаның қабаттарға бөліну мүмкіндігі, жоғары қысымды қажет етуі, кейбір жағдайларда дозалардың өзгеруі.Жоғарыдағы кейбір кемшіліктерді престелуші заттарды таблеттеуші машина матрицасына күштеп енгізу арқылы жоюға болады.Сонда ең ұтымды тәсілге престелуші заттарды вибрациялық ворнкалар арқылы таблеттеуші машина матрицасына күштеп енгізу жатады.Бірақ көптеген артықшылықтарына қарамстан тікелей пресстеу тек органикалық дәрілік заттар өндірісінде қолданылады.
Гранулалау. Гранулалау- бөлшектерді бағыттап ірілендіру немесе ұнтақтектес материалдарды белгілі бір өлшемді дәнді бөлшектерге айналдыру процессі.
Грануляция таблеттенуші массаның себілгіштігін арттырады.Көп компонентті ұнтақтектес қоспалардың қабаттарға бөлінуі бөлшектердің өлшемдері мен меншікті тығыздықтарының айырымымен түсіндірледі.Мұндай бөліну таблеткалық машиналардың вибрациясынан пайда болуы мүмкін.Таблеттенуші массаның қабаттарға бөлінуіне жол берілмеуі керек себебі ол таблека дозасының өзгеруіне әкеледі.Грануляция осы қатердің алдын алады,себебі гранула алу процессінде әр түрлі өлшемді және әр түрлі меншікті тығыздықты бөлшектердің өзара жабысуы жүреді.Алынған грануляттар, өлшемдері бірдей жағдайда тұрақты себілгіш масса құрайды.Сонымен қатар гранулалардың беріктігі өте маңызды ,себебі берік гранулалар үйкеліске шыдамды және себілгіштігі жоғары болады.
Грануляция түрлері:1)Құрғақ грануляция 2)Ылғалды грануляция 3)Құрылымдық грануляция
Құрғақ грануляция тәсілі- ұнтақтарды араластыруға және оларды желімдеуші заттармен ылғалдап кейіннен кесек бөлшктерге дейін кептіруге негізделген.Алынған массаны вальцтармен ірі бөлшекті ұнтақтарға айналдырады. Кейбір жағдайларда ,егер - дәрілік заттар су қатысында ыдыраса немесе кептіру кезінде химиялық реакцияға түссе немесе физикалық өзгерістерге ұшыраса(балқу,түс өзгерісі,жұмсару) онда заттарды брикеттейді. Мұнда өлшемі үлкен матрицалы (25-50мм) арнайы брикеттеуші престерде ұнақ массаны жоғары қысымда брикеттейді.Алынған брикеттерді валкаларда ұсақтап, елеуштер арқылы фракциялайды.Алынған массаны таблеткалаушы машиналарда престейді.
Ылғалды грануляция.Өндірісте бұл грануляция әдісі грануляторлар көмегімен іске асырылады.Аппараттың жұмысшы бөлігі шнектен және 6 мықты стерженнен тұрады,олар гранулаланушы материалды өстік бағытта қозғалысқа келтіреді.Өнімділігі- 150-1000кгсағ жетеді.Бұл гранулалау әдісі бөлшектер арасы берік емес ,нашар себілетін ұнтақтар үшін қолданылады.
Ылғалды грануляция әдісі келесі операциялардан тұрады:
1) Ұнтақты араластыру;
2) Желімдеуші ерітіндімен заттарды ылғалдау және араластыру;
3)Ылғалды массаны грануляциялау
4)Ылғал гранулаларды кептіру;
5)Кептірілген гранулаларды өңдеу;
* Ұнтақты араластыру - біртекті масса алу мен таблеткадағы әсер етуші заттың тең таралуы үшін жүргізіледі.Араластырғыштар конструкциялары: 1)айналмалы қалқшалармен 2) шнекты 3)араластырушы барабандар.
Араластыру барысында ескеру керек:
- аз мөлшерде қолданылатын, улы немесе күшті әсер ететін заттар массаға жеке порциялармен тритурация түрінде(концентрациясы 1:100 болатын толықтаушы заттармен ерітіліп) енгізіледі.
-үлкен меншікті массалы заттар мен болған заттар араластырғышқа ең соңғы сәтте енгізіледі.
-жеңіл ұшқыш заттар (эфир майлары) құрғақ гранулляцияланған массаға пресстеуге дейін енгізіледі.
Таблетка өндірісінің практикасында құрғақ қарапайым (-2,-3 копонентті)қоспаларды араластыруға 5-7 мин, ал күрделі араластыру үшін 10-12 мин кетеді.
Құрғақ ұнтақтарды арластырғаннан соң массаға жеке порциялармен ылғалдандырғыш қосады .
* Ылғал массаны гранулалау.Арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таблеткалардың қасиеттері, түрлері, қолданылуы. Рецептпен жазу ережесі
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
Дәрілік формалар классификациясы
Қосымша заттардың таблеткалардың биологиялық тиімділігіне тигізетін әсері
Таблеткалар
Таблеткаларды өндіру технологиясы
Таблеткаларды дайындау технологиясы
Дәрілік зат формалары
Дәрілік заттардың адсорбциясы
Тіс емханасын метрологиялық қамтамасыз ету
Пәндер