Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І.ТҰЛҒАНЫҢӘЛЕУМЕТТІК . МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫН АНЫҚТАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ . ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ..
1.1 ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК . МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК . МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ.ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК . МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, БОЛЖАМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 ЗЕРТТЕЛЕТІН ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН ЗЕРТТЕУ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІҮ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Ү. ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Тақырыптың өзектілігі: Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осындай байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Осы орайда қазіргі әлеуметтік психологияда тұлғаның өзін – өзі танытуы мен өзін – өзі жүзеге асыру мәселесі көкейтестілікке ие.
Халық дәстүрі томаға-тұйық, жабық құбылыс емес. Адамаралық байланыстарда ұлттық дәстүрлер алмасуы мен өзара кірігуі үрдісі де жүріп жатады. Әдет-ғұрып алмасу процесінде адам сыртқы ортаны игереді, басқа әлеуметтік-мәдени ортада өзін-өзі жан-жақты тани алады, танымдық кеңістігі кеңейеді. Еңбек, тіршілік ету дағдыларымен қатар, сөйлеу, қарым-қатынастар адам санасын дамытушы, қоршаған ортаға бейімдеуші фактор болып табылады. Өркениетті дәстүр арабайланысы, әртүрлі салт-дәстүрге бейімделушілік көп этносты ортадағы әлеуметтік арақатынастарды ретті, түсінікті ете түседі. Сол себепті де ұлттық дәстүрлер әртүрлі ғылымдар өкілдері назарын өзіне аударып, оны ғылыми-практикалық таным құбылысы етіп келеді. Дәстүрлерді құндылықтар ретінде қарастыру талай зерттеулердің әдіснамалық негізін құрған.

1. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000)
2. Табылдаев Ә. Қазақ этнопедагогикасы Алматы,1993
3. Әбілова З Қазақ этнопедагогикасы Алматы 2000 ж
4. Сафин В.Ф. Психология самоопределения. – Свердловск, 1986-186-б
5. Реан А.А. Самоактуализация и самотрансценденция личности //
Психология личности в трудах отечественных психологов. – Спб., 2000-480 –б
6. Коростылева Л.А. Психология самореализации личности: затруднения в профессиональной сфере. –Спб. : Изд-во «Реч», 2005-222- б
7. Франкл В. Человек в поисках смысла. – М: Прогресс, 1990-366- б.
8. Абульханова – Славская К.А. Стратегия жизни. – М., 1991- 299-б
9. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. –Алматы.: КазПИ, 1982
10. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы ред. басқарған А.М.Құдиярова. Алматы: Дарын, 2004. 448 б.
11. Қалиев С, Жарықбаев Қ. Казақ тәлім-тәрбиесі. - Алматы, 1993
12. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003.
13. Богословский В.В.Жалпы психология/–А.: Мектеп,1995
14. Выготский Л.С. Педагогическая психология/ Л.С. Выготский– М.:1980
15. Табылдаев Ә. Қазақ тәлім тәрбиесі. Астана-2006ж
16. Табылдаев Ә. Қазақ этнопедагогикасы Алматы,1993
17. Әбілова З Қазақ этнопедагогикасы Алматы 2000 ж
18. Бабаев С.Б.,Оңалбеков Ж.К. Жалпы педагогика.Алматы-2005ж
19. Ильина Т.А.Педагогика. Алматы-1977ж
20. Әшенов К.,Аманғалиев Б. Адамгершілік тәрбиесінің әліппесі.Алматы-1988ж
21. Қожагелдиева Қ.Ж.. Әдеп, адамгершілік отбасындағы салт-дәстүр.
22. 15. Выготский Л.С. Педагогическая психология/ Л.С. Выготский– М.:1980
23. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы: Ғылым, 1998 – 225 с.
24. Қ.Б.Сейталиев. Тәрбие теориясы. Алматы-1976
25. Уалиханов Ш.Таңдамалы шығармалары жинағы. Астана, 2007ж
26. К.Жарықбаев. Проблема обучения и воспитания в произведениях казахских просветителей - Алма-Ата,1984ж
27. Педагогика ./М.Құдиярованың басшылығымен.-Алматы,2004
28. Макаренко А.С. Педагогические сочинения в 7 томах. - М.: Педагогика, 1984.
29. Рубинштейн С.Л Избранные психологические труды / С.Л Рубинштейн–М.:Просвещение,1960
30. Асылов Ұ.Ж. Нұсқабайұлы. Әдеп. Инабаттылық дәрістері. Алматы,
1998.
31. Социология под вопросом. Социальные науки в постструктуралистской перспективе. М.: Праксис. 2005.
32. Стефаненко Т.Г. Социальная и этническая идентичность.// Идентичность. Хрестоматия. Сост. Л.Б.Шнейдер.- М.: Изд-во Моск. психолого -социального института, Воронеж: Изд-во НПО"Модек",2003. С. 196 -221.
33. Тоффлер А. Третья волна // США экономика, политика, идеология. -М, 1982. №7.
34. Турен А. Возвращение человека действующего. Очерк социологии. -М.: Научный мир, 1998.- 204 с.
35. Тэрнер Дж.С., Оукс П.Дж., Хэслем С.А., Дэвид В. Социальная идентичность, самокатегоризация и группа. Иностранная психология, 1994. №4. С. 8-17.
36. Усманова А. Р. Репрезентация как присвоение: к проблеме существования Другого в дискурсе /Топос, 2001, №1(4). URL: http ://topos. ehu. lt/zine/20 01/1/ousmanova.htm
37. Фотеев Г. Герберт Блумер: символический'интеракционизм/ Современная американская социология. Под ред.В.И. Добренькова.-М.: Изд-во МГУ, 1994. С. 148.
38. Фромм Э. Бегство от свободы. М.1989.
39. Фуко М. Забота о себе. История сексуальности. т.З — Киев: Дух и Литера, 1998.
40. Фуко М. Слова и вещи. Археология гуманитарных наук. Пер. с фр. В. П. Визгина и Н. С. Автономовой. Пб. A-cad. 1994.
41. Фуко М. Использование удовольствий. История сексуальности. Т. 2 / Пер. с фр. В. Каплуна. — СПб.: Академический проект, 2004.
42. Фукуяма Ф. Великий разрыв. М. : ACT, 2008.
43. Хабермас Ю. Вовлечение Другого. Очерки политической теории.- М.: Наука,2007. 417 с.
44. Хагуров Т.А. Человек потребляющий : проблемы девиантологического анализа. -М.: Институт социологии РАН,2006.
45. Хейзинга Й. Homo Ludens; Статьи по истории культуры. / Пер., сост. вступ. ст. Д.В. Сильвестрова. -М.: Прогресс Традиция, 1997. 416 с.
46. Хёсле В. Кризис индивидуальной и коллективной идентично-сти//Вопросы философии, 1994, №10. С.112-123.
47. Черняева К.О. Культурная идентификация в социальных сетях Интернета // Вестник ПАГС, 2010, №2. С.209-214
48. Коган Л. Н. Социологический аспект культуры // Социол. исслед. 1976. № 1. С.45-54.
49. Козловский В.В. Формы коммуникативного конструирования потребления // Потребление как коммуникация — 2007. Научная конференция. 29-30 июня 2007 г. Материалы конференции / Под ред. В.И. Ильина, В.В. Козловского. СПб.: Интерсоцис, 2007 . С. 41-43.
50. Костерина И. Публичность приватных дневников: об идентичности в блогах Рунета // Неприкосновенный запас, 2008. N3(59).
51. Кузнецов С. Ощупывая слона. Заметки по истории русского Интернета.- М.: Новое литературное обозрение, 2004.
52. Культура, власть, идентичность: социально-антропологический подход. Саратов: Волжский сад, 1999.
53. Сафин В.Ф. Психология самоопределения. – Свердловск, 1986 -168 с
54. Коростылева Л. А. Психология самореализации личности: затруднения в профессиональной сфере. Спб: Изд-во «Речь», 2005-222 с
55. Франкл В. Человек в поиясах смясла. М .: Прогресс, 1990 -366 с
56. Абульханова – Славская К.А. Стратегия жизни. – М., 1991-299 с
57. Жарықбаева Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002 -250 б
58. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы -2005-359 б
59. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық. Алматы -2005-430 б
60. Алдамұратова А.Жалпы психология., Алматы 1996-300 –б
61. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы. 1993-300 б

ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І.ТҰЛҒАНЫҢӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫН АНЫҚТАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ –
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ..
1.1 ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫНЫҢ МӘНІ МЕН
МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
1.2. ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫНЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
ІІ.ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ..
2.1 ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ,
БОЛЖАМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 ЗЕРТТЕЛЕТІН ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН ЗЕРТТЕУ
БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
ІҮ. ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ү.
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы
субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне
айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының
белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік
нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-
қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер
белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең
жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға
ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес
байлық. Осындай байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді
өмір сүре алады. Осы орайда қазіргі әлеуметтік психологияда тұлғаның өзін
– өзі танытуы мен өзін – өзі жүзеге асыру мәселесі көкейтестілікке ие.
Халық дәстүрі томаға-тұйық, жабық құбылыс емес. Адамаралық
байланыстарда ұлттық дәстүрлер алмасуы мен өзара кірігуі үрдісі де жүріп
жатады. Әдет-ғұрып алмасу процесінде адам сыртқы ортаны игереді, басқа
әлеуметтік-мәдени ортада өзін-өзі жан-жақты тани алады, танымдық кеңістігі
кеңейеді. Еңбек, тіршілік ету дағдыларымен қатар, сөйлеу, қарым-қатынастар
адам санасын дамытушы, қоршаған ортаға бейімдеуші фактор болып табылады.
Өркениетті дәстүр арабайланысы, әртүрлі салт-дәстүрге бейімделушілік көп
этносты ортадағы әлеуметтік арақатынастарды ретті, түсінікті ете түседі.
Сол себепті де ұлттық дәстүрлер әртүрлі ғылымдар өкілдері назарын өзіне
аударып, оны ғылыми-практикалық таным құбылысы етіп келеді. Дәстүрлерді
құндылықтар ретінде қарастыру талай зерттеулердің әдіснамалық негізін
құрған.
Құндылық мәселесі ежелгі заманнан бері қарастырылып келе жатқан
күрделі ұғым. Құндылықтар әлемі - сөздің кең мағынасында мәдениет
әлемі, адамның рухани әрекетінің саласы, тұлғаның рухани
байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының,
басымдылықтарының саласы. Әрбір мәдениеттің өзіндік өз құндылықтар кешені
бар. Құндылықтар жіктелуінің ең негізгі тарағанын әдетте адам қызметінің
түрлі сипатын айтады. Сондықтан негізіне қарай материалдық, әлеуметтік-
саяси және рухани құндылықтар деп айырады. Қазақ халқының адамаралық
байланыстарды өркениетті, мейірімді, қайырымды, төзімді ете түсетін
ғасырдан- ғасырға, ұрпақтан -ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүрлі ережелері
қазіргі адамзат үшін де керекті әлеуметтік, мәдени құндылықтар болып
табылатыны белгілі.
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң,
ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейкестiлiгiнiң дәлелi.
Сондықтан біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Тұлағаның әлеуметтік -
мәдени идентификациясы” - деп алып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысын
жүргіздік.
Зерттеу нысаны: Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясы.
Зерттеудің мақсаты: Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясының мәні
мен мазмұнын ұғыну, маңыздылығын жан-жақты зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
• Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясын зерттеу мәселесіне
арналған әдебиеттерді талдау;
• Тұлғаның әлеуметтік- мәдени идентификациясының теориялық негіздерін
айқындау және ғылыми ұғымдарға түсінік беру;
• Тұлғаның әлеуметтік- мәдени идентификациясын зерделеу, зерттеу
әдістемесін жасау, әдістеме негізінде педагогикалық – психологиялық
эксперимент жүргізу;
Зерттеу жұмысының әдіснамасы: Тұлғаның әлеуметтік - мәдени
идентификациясының мәні мен маңыздылығын ғылыми мазмұны жағынан жан –жақты
зерттеу.
Зерттеу әдістері: Бақылау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,
педагогикалық бақылау, т.б.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыстың өзектілігі, қазіргі уақытта Қазақстан
мәдениетті, әдет- ғұрыпты, мінез - құлықты дамытудан алдыңғы қатарда
екендігі белгілі. Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясының
ерекшеліктерін анықтау. Тұлғаның әлеуметтік- мәдени идентификациясының
ерекшеліктері бар екенін дәлелдеу.
Зерттеудің теориялық – және практикалық мәнділігі:
Бұл жұмысты студенттер мен мұғалімдер әдістемелік жинақ ретінде қолдана
алады.
Зерттеудің тәжірибелік – эксперименттік базасы: Ақтөбе гуманитарлық
колледжі
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясының теориялық негіздері
анықталды.
- Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясының маңыздылығын
анықтаудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалды.
Практикалық маңыздылығы:
Бұл жұмысты студенттер мен мектеп мұғалiмдерi әдiстемелiк жинақ
ретiнде күнделiктi жұмысында қолдана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы кіріспе бөлімнен,
2 тараудан және қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Зерттеу жұмысының бірінші тарауы тақырып бойынша тұлғаның
әлеуметтік - мәдени идентификациясының мәні мен мазмұны, маңыздылығын
анықтаудың теориялық мәселелері негізінде және екінші тарау
эксперименттік зерттеу материалдары бойынша жүзеге асырылды.
Қорытынды бөлімнен кейін пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.
Зерттеу жұмысының болжамы: Тұлғаның әлеуметтік – мәдени идентификациясында
полиэтникалық жағдайда этникалық толеранттылық мәселесі де мәнді. Басқа
этникалық мәдениеттерді қабылдау, сыйлау үшін ең алдымен өзіңнің
мәдениетіңді қабылдау, сыйлау, оның позитивті құнды екенін ұғыну, оған
деген сенімділік, басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар
мәдени аралық толеранттылықтың негізін құрайды. Мәдениет адам
шығармашылығының өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда
этникалық, ұлттық, таптық, топтық мәдениет ретінде дамиды. Мінез құлықтағы
өзгеріс міндетті түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді. Поли және моно
этностық ортаның психологиялық ерекшелігі бар.
І.ТАРАУ. ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫН АНЫҚТАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ
– ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ИДЕНТИФИКАЦИЯСЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Әлемдік жаһандану үрдісінің әрі қарай өрлеу заманында
психологтар үшін тұлғаның – психологиялық болмысын сақтай отыра, әлемдік
өркениетке енуі және әлемдік аренада әр мемлекеттің өз ұлттық
ерекшеліктерінде көріну мен өзін –өзі таныту мәселесі қызығушылық тудыруда.
Осы орайда қазіргі психологияда тұлғаның әлеуметтік – мәдени
идентификациясын жүзеге асыру мәселесі үлкен көкейкестілікке ие.
Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде
қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық.
Осындай байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір
сүре алады.
Тұлға - бұл әлеуметтік байланыстардағы және әлеуметтік қатынасқа
түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде
адамдармен және әлеуметтік құбылыстармен қарым- қатынас орнатады. Қабылдау
қабілеті әр адамда әр түрлі, бірақ жеке тұлға әлеуметтік ортада өзін дара
ұстайды және өз қарым- қатынастары үшін өзіне есеп бере алады. Халықтың
озық идеялар қазақ халқының тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен
тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп
отырды. Тәрбие адамды бақытты және белсенді қоғамдық өмірге дайындауға
бағытталады; .[2, 325-б]
- тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланыстылығы;
- адамдармен қарым-қатынаста тәрбиелеу;
- тәрбиені ізгілендіру;
- тұлғалық қатынас.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ету үшін алдымен мынадай қалыптасулар
табиғатын білу керек: баланың әлеуметтік қарым- қатынастары. Қалай
қалыптасады? Бұл қалыптасудың негізгі факторы не? Бұл үрдістің кезеңдік
сатылық қозғалысы қандай? Әлеуметтік құнды қатынастардың құрылуында бала
қалай өзінің даралығын немесе жеке қасиетін қалыптастырады.
Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің
бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау
күресі екенін түсіну әрбір саналы адамның ойы болуы шарт.
Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының
ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді
меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[3, 273- б.]
Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда
тұлғаның әлеуметтік -мәдени құндылықтары – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына
тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық
рухани және материалдық құндылықтар.
Осы орайда, мәдени идентификация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы
мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты қарастырылатыны белгілі.
Психологияда идентификация ұғымын З.Фрейд енгізді. Ол
идентификацияны, үлгі бойынша саналы немесе парықсыз әрекетке тырысатын
маңызды тұлғалардың адамның өзіндік теңестіру ретінде қараған.
Идентификация тұжырымдамаларын Э.Эриксон, Э.Горман, Р.Линтон, Т. Пирсон
т.б. зерттеген. Д.Ранопорт идентификация ұғымын мен субъектінің өзіндік
дамуына қабілетін қарастырудың орталық механизмі ретінде ұққан.
Идентификация әр түрлі деңгейде: ең алдымен, адам идентификациясы
туралы айтатын болсақ, өмірдегі жеткілікті түрде маңызы бар. Мысалы:
Біріншіден ата-анасымен.
Екіншден, топпен идентификациясы (референтті топпен) ал ең соңғы деңгейде,
әлеуметтік құбылыстың кең шеңберінде, басқаша айтсақ, этникалық қауыммен
болуы мүмкін.
Бүгінгі психологияда идентификация ұғымы психикалық ақиқаттың
қиылысатын үш бөлігін қамтиды.
- Біріншіден идентификация - ол эмоциялық байланысты құру негізінде
субъектінің өзін басқа индивиттермен немесе топпен біріктіру үдерісі,
сондай-ақ жеке нормалар, құндылықтар, үлгілер ретінде өзінің ішкі дүниесін
қосып қабылдау.
- Екіншіден идентификация - басқа адам субъектісін өзін-өзі жалғастырушы
ретінде көз алдына елестетуі көруі.
- Үшіншіден идентификация - ол субъект өзінің басқаның орнына қою
механизмі.
Идентификация тиістілік сезіммен байланысты, оның көмегімен адам сол
топпен өзін теңестіреді, оның (адамның) ойынша өзі сол топқа тиісті болып
есептеледі.
Сонымен бірге идентификация көпшіліктің мәдениетімен ассимиляция ретінде
бағаланса, әрі көп ұлттық қоғамдағы жеке топпен күшті идентификация болса,
ол сонда ғана-сенаратизм (бөліну, оқшаулануға ұмтылу) туралы екен деп
О.Л.Романова санаған.
Адам туғанынан құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды
(отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік тағы басқа). Еркін
таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе
этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары, мұраттары,
қасиетті символдары, салттары тағы басқа) мен дүниетанымының өткен кезден
сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана біз және біз емес деген
ажыратушылық оппозицияға негізделген. Бұл сана адамды өткен тарихқа басты
назар аударып, этностың түп-тамырларын құрметтеуге шақырады. Бұл — жағымды
әрі қажетті талап. Өзін сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды.
Алайда, этномәдени ментальдықтың әсіре бейнеленген типтері бар. Олардың
бірі — архаизм. Архаизм— мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына
келтіруге бағытталған талпыныс. Бұл типке зерттеушілер кейде
дәстүршілдік, ортодокстық, фундаменталиста, партикулярлық сияқты
белгілерді де қосады. Шынында да, мәдени жүйе өзін өзі сақтап қалғысы
келеді, тұрақты бастауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші жағынан
алғанда, адамның шығармашылдығы, жасампаздығы, жаңашылдығы белгілі. Осы екі
тенденция бір-бірімен тайталаста болады. Архаистік бағдар туралы бірнеше
деректер келтірейік.
Бұл мәселені А. Тойнби жан - жақты қарастырған. Оның пікірі бойынша,
архаистік мәдени бағдар мінез - құлық бітімдерінде, өнерде, тілде, дінде,
экономика мен саясатта байқалады. Мысалы, Алмания тарихындағы тевтонизм,
таза қанды арийлік идеялары мен фашистік - корпоративтік мемлекет құру
тәжірибесі, Израильдегі өлі тіл ивритті тірілту
әрекеті, Үндістандағы санскритті қалпына келтіру талпыныстары, Рим
императоры Августың христиандықты көне тайпалық діндермен алмастыруға
тырысуы осы архаизмнің көріністері болып табылады.
Фундаменталистік дүниетаным тіршіліктің негізгі принциптеріне сәйкес
келмейді. Дж. Холденнің эволюциялық ілімі бойынша табиғи сұрыптаудың
нәтижесіңде ішкі өзгерістерге бейімделмеген жүйе дегенарцияға ұшырайды. Ал
кибернетик Росс Эшби жабық және кесімді ұйымдастырылған жүйелерде энтропия
артып, коллапстық қалып туады дейді. Мұның мәдениетке не қатысы бар
деушілердің де табылуы мүмкін. Алайда мәдениет бүкіл әлемдік заңдылықтардан
тыс болатын мәңгі двигатель емес.
Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты шайқалған өтпелі
кезеңдерде ерекше байқалады. Ескі құндылықтар жүйесін қирату әр кезде уақыт
сынынан өткен үйлесімді құндылықтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас
тарту кейде болашаққа емес, оның да алдында болған мәдени бітімдерді
жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі
қалыптасқан: адам — отбасы — мәдени шағын топ — этномәдениет — үлкен
өркениет — адамзат. Бұл жерде формалдық логикадағы ұғымның мазмұны мен
кәлемінің кері қатынасы заңды әрекет етеді. Яғни, ең мағыналы мәдени тұлға
адам болып табылады. Ұғымдардың көлемі кеңейе берген сайын
комплиментарлықтың (басқаға деген жылылық) деңгейі де азайта түседі. Енді
архаистік нұсқаны келтірейік: қауым мүшесі — ата баласы — ру — тайпа — жүз
— ұлт. Ары қарай байланыстың ықтималдық дәрежесі төмен. Бұл жүйенің басқа
адамдарды ассимиляциялау қабілеттілігі де жеткіліксіз. Түрік халықтарының
тарихынан инкорпорациялық (қосып алу, сіндіру) деңгейі жоғары болған
этностардың санының тез өскенін байқаймыз
(түріктер, азербайжандар, өзбектер және тағы басқалары). Бұл да ескеретін
жайт. Әсіресе дәстүршілдіктің көріністеріне қазақтың және әр жүздің ханын
сайлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтіру, батыстық киім
үлгілеріне тежеу сияқты пікірлерді ұсыну жатады.[1, 256]

әлеуметтік - мәдени ортада өзін-өзі жан-жақты тани алады, танымдық
кеңістігі кеңейеді. Еңбек, тіршілік ету дағдыларымен қатар, сөйлеу, қарым-
қатынастар адам санасын дамытушы, қоршаған ортаға бейімдеуші фактор болып
табылады. Өркениетті дәстүр арабайланысы, әртүрлі салт-
дәстүрге бейімделушілік көп этносты ортадағы әлеуметтік арақатынастарды
ретті, түсінікті ете түседі. Сол себепті де ұлттық дәстүрлер әртүрлі
ғылымдар өкілдері назарын өзіне аударып, оны ғылыми-практикалық таным
құбылысы етіп келеді. Дәстүрлерді құндылықтар ретінде қарастыру талай
зерттеулердің әдіснамалық негізін құраған.

саяси және рухани құндылықтарды айырады. Қазақ халқының адамаралық

ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүрлі ережелері

табылады.
Рухани құндылықтар адамзат білімі, дүниетаным принципі, философиялық
тұжырым, адамгершілік нормалары мен саяси білім, яғни әлемнің рухани
жетістіктеріне байланыстылардың бәрін жатқызуға болады. Рухани құндылықтың
маңыздылығы әрбір адам (әлеуметтік субъект) өз бойында дамытуы арқылы
сезіне алады. Өйткені құндылықтар жүйесі адам дүниетанымының негізгі
іргетасы, әлемге деген көзқарасының қайнар көзі. Қоғамның барлық сферасында
жан-жадаулығы кеңінен тарап, адамдардың бір-біріне деген мейірімінің,
қайырымының мүлде азая бастаған уақытында руханилық дегеніміз, оның адамдық
болмысының мәнісі неде және оның өміріндегі маңызы қандай деген сияқты
сұрақтарды шешуге тырысу азаматтық, адамдық парыз болуға тиіс.
Руханилықтың өзі - адам бойындағы ізгілік пен адамгершілікті,
қайырымдылық пен мейірімділікті айқындаудың мөлшері, жеке болмыстық ұғым-
түсінігінің көрінісі. Басқаша айтқанда, әр адамның өзіндік қалыптасуы, өсіп-
жетілуі, дүниедегі алдына қойған мақсаты және өмір сүрудің тәсілі мен сара
жолдары. Ұлттық дәстүрдегі құндылықтар мақсаты - барлық адамдардың мәдени-
рухани қабілеттерін заман ағымына сай қалыптастыруды басты назарға алу
көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы мәдени үрдістер кейбір
бағыттары өзінің табиғи болмысынан ауытқып, мимесистік (ұқсау, еліктеу)
сипаттағы батыс мәдениетінің таратушысына айналып отыр. Бұл жас ұрпақтың
ұлттық талғамын әлсіретеді, ұлтты дәстүрлі төл мәдениеттен бірте-бірте
ығыстыра алады. Өз тарихын, рухани мұраларын, құндылықтарын, әдет-ғұрып,
салт-дәстүрін келесі ұрпаққа таныту – ұлттың өзін-өзі сақтаудың әрекеті.
Әсіресе, тарихи сананы қалыптастырудың орны ерекше. Өйткені, өткенімізді
білмей келешекке қадам басуға болмайды. Сондықтанда ұлт мүддесі мен рухани
құндылықтарды сақтап қалудың жолдары: ұлттық талғам, қоғамдық мүдде
ұстындарында мәдениет пен өнердегі құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың мәдени даму процесін жандандыруы;
эстетикалық нормалардың, ұлттық этикалық және этникалық талғамдарын
қолданылуы мен іске асырылуы.
Түрлі тіршілік аумақтарында тұлғаның әлеуметтік – мәдени
идентификациясын таныту ерекшеліктерін зерттеу ғана адамды оның өмірлік
тіршілік әрекетінен ажыратпай, оның түрлі көріністерінде тұтастықта
қарастырылуға ықпал ететін зерттеу жолы болып талыда.
Тұлғаның әлеуметтік – мәдени идентификациясы мәселесін зерттеудегі
тұжырымдамалық және терминологиялық ажыраулар мен тұлғаның әлеуметтік
ортада дамуындағы рөлін ескеру негізінде өзін – өзі танытуды психиканың
психофизикалықтан бастап, әлеуметтік – психологиялыққа дейінгі түрлі
ұйымдасу деңгейінде ашылып, әртүрлі тіршілік әрекеті саласында көрініс
табатын тұтас құбылыс ретінде қарастыру орынды болып табылады.
Тұлғаның қалыптасуы әлеуметтік құндылықтармен байланысты болып келіп
және Мен бейнесінің кез – келген элементтері тікелей этномәдени қоршаған
ортаның, тұлға дамып отырған этностық кеңістіктің әсерімен қалыптасады.
Тұлға құрылымындағы этностық құрамдас бөлікті елеп – ескермеу этностық
дәстүрлердің, құндылықтардың тегістелуіне себепкер болады, бұл адамның
мәнін түсінуді қарапайым ете түседі.
Жалпы, тұлғаның дамуында, сондай –ақ оның өзін – өзі дамытуында
әлеуметтік – мәдени идентификацияның атқаратын рөлі зор.
Әлеуметтік өмір салты жағдайларында жетекші құндылық болып адамның
тұлғасы табылады. Сондықтан адам потенциалын пайдалану мәселесі адам
прогресінің, тұлғаның және жалпы алғанда қоғам дамуының факторларының бірі
болып табылады. Мейлінше көбірек жүзеге асырылуға және қоғамға пайда
келтіруге қабілетті дербес, белсенді, мақсатты шығармашыл адамдар қажет.
В.Ф. Сафиннің пікірінше, бұл жағдайда субъектінің өз –өзіне қатысты
творчестволық бастауы айтарлықтай маңызға ие болды. [4, 186-б]
Осыған байланысты адам туралы ғылымдарда, оның ішінде психологияда,
тұлғаның өзін –өзі дамыту, өзін – өзі жүзеге асыру және таныту мәселесі жиі-
жиі қызығушылық тудыруда. Өзін – өзі дамыту және өзін –өзі жүзеге асыру
идеясы адам туралы көптеген тұжырымдамалар үшін өте маңызды болып табылады.
А.А.Реанның пікірінше, тұлғаның әлеуметтік – мәдени идентификациясын
жүзеге асыруға деген көкейкесті қажеттілік кемелденген тұлғаның негіз
қалаушы қасиеті, адамның ұзақ жыл жасауының, оның ішінде кәсіптік ұзақ
жұмыс істеуінің қайнар көзі. [5]. Осыған орай тұлғаның өзін – өзі
танытуының әртүрлі қырларын зерттеу ерекше өзектілікке ие бола бастайды.
Тұлғаның өзіндік келбетінің және әлеуметтік орта ерекшеліктерінің негізінде
тұлға ішкі потенциалын ашуға, яғни танытуға қабілетті. Өзін – өзі таныту –
бұл адамның өзін – өзі жүзеге асыруға, өз потенцияларын мүмкіндігінше
толығырақ дамытуға деген ұмтылысы (А.Маслоу).
Психологияда мазмұны бойынша өзін – өзі таныту ұғымына жақын бірнеше
термин қолданылады, өзін – өзі таныту ұғымын толықтырып, оның мәнісін
түсінуге көмектеседі. Кей кездері таныту мағынасы бойынша жақын осы
ұғымдардың көмегімен түсіндіріледі. Олардың арасынан өзін – өзі жүзеге
асыру, трансценденция, өзін – өзі бекіту, өзін – өзі көрсету, өзін
– өзі жетілдіру секілділерін бөліп көрсетуге болады.
Тұлғаның әлеуметтік – мәдени идентификациясын таныту феноменіне қатысты
тұжырымдамалар өзін – өзі таныту мен өзін – өзі жүзеге асырудың мәні
бойынша жақын, синоним ұғымдар деп сипаттайды. Адамның өз мүмкіндіктері
мен қабілеттерін толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы (гуманистік
психологтар), өз дамуының ішкі тенденциясын толықтай анықтауға және
дамытуға ұмтылысы, адамның өзі бола алатын тұлға болып шығуға ұмтылуы және
басқа да тұжырымдамалар осы екі түсінікті бір кешенде қарастыру керектігін
айтады. Олар бірін – бірі толықтырып отырады және көптеген жағдайларда
синонимдер секілді қолданылады.
Л.А.Коростылеваның пікірінше, өзін – өзі таныту және өзін – өзі
жүзеге асыру терминдерінің интерпретациясындағы кейбір айырмашылықтар
тұлғаның көрініс табуының әртүрлі жақтарымен байланысты. Оның пікірінше,
тұлға тіршілік етуінің ішкі (субъекивті) және сыртқы (объективті) жағынан
байқалады. Бұл жағынан алғанда таныту үрдісі тұлғаның ішкі аспекті ретінде
көрініс табады. Онымен қоймай, Л.А.Коростылева өзін – өзі таныту ұғымын
өзін –өзі жүзеге асырудың жоғарғы деңгейі ретінде суреттейді. Оның
пікірінше, ең толық өзін – өзі жүзеге асыру мән – өмірлік және құндылық
бағыттарын жүзеге асырудан тұрады, яғни мәндік, аутентикалық өзін – өзі
жүзеге асыру – танытуға деген қажеттіліктерді өзінің қабілеттері мен
дарындарын жүзеге асыруға ұмтылу ретінде жүзеге асыру орын алады. Мұндай
өзін – өзі жүзеге асыруды өзін – өзі беру, өзін – өзі асыру – деп атайды.
[6, 25-б]
Өзін – өзі трансценденциялау адамның өз Менінің шегінен шығуымен,
оның қоршаған адамдарға, өзінің әлеуметтік іс – әрекетіне, басқаша жеткізер
болсақ, қалай да болсын адамның өзімен ұқсастыруға болмайтынның бәріне
басым бағыт – бағдар алумен байланыстырылады.
Қалай болғанда да, алайда екі альтернатива ретінде өзін-өзі
трансценденциялау мен танытуды үзілді-кесілді қарсы қою, А.А. Реанның
пікірінше, мақсатқа лайықты іс емес. Гуманистік қараудың күші және оның
дамуының болашағы осы екі бастауды етене байланыстырудан тұрады [5,36-б.]
Батыс психологиясында гуманистік тұжырымдаманы жақтаушылар
(А. Маслоу, К. Роджерс, В. Франкл және т.б.) әдетте таныту және өзін-өзі
көрсету ұғымдарін анық ажыратпайды. Олар көбінесе синонимдер ретінде
қолданылады және айтарлықтай мағыналық айырмашылықтарға ие болмайды.
Отандық психологияда осы екі түсініктің айырмашылығына К.А. Абульханова-
Славская акцент жасауда, ол өзін-өзі таныту тек қана тұлғада тұрақты Мен-
тұжырымдамасы, Мен-бейнесі қалыптасқан кезде, тұлға өзінің қабілеттері мен
мүмкіндіктерін толығымен ұғынған және түсінгенде ғана жүзеге асырылады деп
есептейді. Ішкі дүние сезімін және дүниені қабылдауды негізге ала отырып,
тұлғаның сыртқы танытуы (өзін-өзі жүзеге асыруы) немесе өзін-өзі көрсетуі
де ықтимал. Алайда өзін-өзі көрсету, ішкі тұлғалық алғышарттарға ие болмай,
танытудың сыртқы атрибуты ретінде көрініс табуы мүмкін [8].
Осылайша, қазіргі психологияда тұлғаның әлеуметтік – мәдени
идентификациясы мәселесі өзінің жан-жақты зерттелуін қажет етіп, Қазіргі
Қазақстанның ЖОО-рында жүргізілетін ұлттық білім беру саясатын жүзеге
асыруда өзіндік үлес қосады. Сонымен күрделі және көпқырлы құбылыс ретінде
тұлғаның әлеуметтік – мәдени идентификациясы оны тұтас зерттеуде әр түрлі,
соның ішінде мәдени факторлардың әсерін жан-жақты айқындауды талап етеді.
Мәдени идентификация (сәйкестік) адамның, белгілі бір нақтылы мәдени
ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты. Әдетте, адам баласы туылғаннан
бастап, құндылықтар жүйесін, сол күйінде дайын қабылдайды (отбасылық,
топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік тағы басқа).
Л. Ионин метафорасы бойынша мәдени процесі адамның айнаға қарап өзін
тануымен, ал жатсыну, де процесінде өзін-өзі танымайтындай дәрежеге жетуіне
дейін салыстырамыз. Соңғы он жылдықта, жекеленген тұлғаларға ғана емес,
сонымен қатар әлеуметтік, жас ерекшеліктік топтарды, біртұтас қауымдастықты
ішінара деға түбегейлі институциалды өзгерістерге әкелді. Халықаралық
әлеуметтік ассоциация бірнеше жыл бұрын әлем бойынша үш мыңнан астам
ғалымдарға Осы немесе басқа тақырыптың рейтингісі қандай? деген сауалнама
жүргізген болатын. Нәтижесінде бірінші орында жаһандану, екінші –
посткоммунизм және Шығыс Еуропа елдерінің трансформациялануы, соның
ішінде ТМД елдері, үшінші орында болды. Бұл біздің зерттеу жүргізіп
отырған жұмысымыздың теориялық өзектілігінің дәлелі болып табылады. Егер
мәселесі мен әдеттегі ахуалдың ақпараттық технологиялар әсерінен өзгеруін
қиыстыратын болсақ, онда өзгерістерін оңай табуға болады: көптеген
сәйкестіктер қазіргі қалыпты статусқа ие екендігі белгілі болады.
Дегенмен, виртуалды әлемдегі ақпараттардың көптігіне қарамастан, олардың
күнделікті өмірмен арақатынастары, ның символикалық құрылым ерекшеліктері,
сонымен қатар желілік ның баламалы формаларының пайда болуы қалыптасқан
әлеуметтік ғылым емес, зерттеу көкжиегі ретіндегі мәселе болып отыр.
Тақырыптың өзектілігі интернет пен кеңістігін ғылыми стратегиялық
түсіндіру өзгермелі ақпараттық-коммуникативтік мәдени ортада отандық
әлеуметтену ғылымының ролін күшейтуге қабілеттігімен көрініс алады. Бұндай
бейнеде жаһандану жағдайында мәдени ны зерттеу әлеуметтік желілер мысалында
теориялық және тәжірибелік өзекті әлеуметтік міндет ретінде ұсынылады.
Мәдени идентификация қазіргі әлеуметтік теория мән- мәтінінде көкейкесті
мәселесі болып табылады. Зерттеу тақырыбының теориялық және әдіснамалық
негіздемесі мәдениеттің мәнін, әлеуметтік коммуникацияны, сондай-ақ
әлеуметтік аспектілерінің түр өзгерісін зерттеу саласындағы қазіргі
жүргізіліп жатырған жұмыстармен анықталады. Мәдениет мәнінің параметрлерін
айқындау мәселесінде Р. Барт, М. Вебер, В. Виндельбанд, Ф. Гиддингс, К.
Гиртц, Э. Дюркгейм, Ф. Знанецкий, Г. Зиммель, Л. Ионин, Э. Кассирер, О.
Конт, Ж. Лакан, К. Леви-Стросс, Б. Малиновский, М. Мерло-Понти, Т. Парсонс,
Г. Риккерт, А. Рэдклифф-Браун, П. Сорокин, Л. Уайт, М. Фуко секілді
бірқатар ғалымдардың еңбектері маңызды орын алады. Ресейлік ғылымда мәдени-
әлеуметтік теорияның дамуына М. Бахтина, В. Библера, П. Гуревича, Л.
Когана, А. Лосева, В. Розанова, В. Соловьева үлес қосты. Мәдениеттің көп
түрлілігі Р. Бенедикт, Ф. Боаса, Н. Данилевского, К. Клакхона, А. Кребера,
А. Тойнби, О. Шпенглера зерттеулерінде маңызды мәнге ие болды. Мәдениеттің
нақты өлшемін анықтау Дж. Берри, У. Гудикунстом, Р. Левайном, Д. Роттером,
Г. Триандисом, А. Фарнхеймом, Г. Хофштеде, Э. Холлом, Ф. Шродбек тәрізді
ғалымдардың еңбектеріне арқау болды. мәселесінің зерделенуі этникалық және
этномәдениет бойынша жасалған жұмыстарда көптеп кездеседі.
Тұлғаның әлеуметтік дамуы процесінің коммуникативтік құрамдас бөліктері
аясында М. Бахтина, Г. Блумера, М. Вебера, Ю. Лотмана, Дж.-Г. Мида, Ч.
Кули, Г. Почепцов еңбектері арналса, П. Бергера, М. Бубера, П. Бурдье, Э.
Гидденса, И. Гоффмана, Т. Лукмана, Г. Тэджфела, Дж. Тернера, Э. Фрома, В.
Хесле, А. Шюца, В. Ядовтың ғылыми зерттеу жұмыстарында мәселесі зерттеу
пәні ретінде қарастырылған.
Халықаралық, ұлтаралық, жаһандық тәрізді ұғымдардың байланысы ресейлік
және шет елдік әлеуметтанушылардың еңбектерінде қарастырылды (А. Аппадураи,
У. Бека, Э. Гидденса, Д.Иванова, Н.Покровского, Р. Робертсона, Л. Склэра,
М. Уотерса)
Әлеуметтік ұйымдастыру түрлерінің жергілікті және жаһандық сипаты,
жаһандану үдерісі экономикада, саясатта, мәдениетте жаһандық әлеуметтік
институттар мен қоғамдастықта әлеуметтік-мәдени талдау объектісі болды.
Жаһанданудың теориялық моделі даһандық жүйе моделінді ұсынылды
(Э. Гидденс, Н. Склэр); жаһандық әлеуметтену (У. Бек, Р. Робертсон);
детерриториалды әлеуметтену (А. Аппадураи, М. Уотерс).
Әлеуметтенуде виртуалдылық түсінігін қолдану бірінші кезекте
шынайылықтың орнын басу феноменіне шоғырландырылған. Әлеуметтік ұйымдастыру
мен тенденциялардың шынайы және виртуалды түрлерінің сипатының
виртуалдандырылуы экономика, саясат, мәдениетте И.Андреева, Н.Кривошеина,
С.Нехаева, Я.Яскевич жұмыстарында талқыланады. Отандық авторлар
виртуалдылықты қазіргі мәдениеттің арқауы ретінде қарастыруды ұсынады.
Виртуалдандырылудың теориялық моделі екі түрлі бейнеде ұсынылады:
техноцентристикалық (А. Бюль, М. Кастельс) және әлеуметтік центристикалық
(Д. Иванов). Жаңа киберкластың пайда болуын А.Крокер мен М.Вэйнстейн өз
жұмыстарында тұжырымдайды. Әлеуметтік желілерде бағдарламалық-компьютерлік
тәсілді конвергенциялау бағытында белсенді зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде
әлеуметтік желілердің пәнаралық теориясы болып табылды (С. Берковиц, С.
Вассерман, Б. Веллман, Д. Ноук, Л. Фриман). Автор өзіндік тәсілі мен
саратов әлеуметтік мектептерінің (В. Виноградский, Н. Ловцова, В. Печенкин,
П. Романов, С. Федюнина, Л. Яковлев, В. Ярская, Е. Ярская – Смирнова)
дәстүрлеріен сабақтастығын айқындап көрсетеді.
Дегенмен, тақырыптардың сан түрлілігі мен көптігіне қарамастан,
әлеуметтік байыптылық қазіргі мәдениеттің жаһандануы, виртуализация және
тұтынушылық мәнмәтінінде және процесі рефлексивтілік, репрезентативтілік
және әлеуметтік құрылым, сондайақ әлеуметтік желілерде ның құлымыдану
тәжірибесінде маңызды мәселе болып қала бермек.
Мәдени ұжымдық сәйкестікті жүзеге асыру тәжірибесі ретінде де қызмет
атқарады. Сәйкестік анықтау процесі мен әлеуметтік өзгешілікті, жеке тұлға
мен топтың ерекшеліктерін фиксациялау сондайақ осы немесе басқа әлеуметтік
қауымдастықтың саналылығына қолдау көрсетеді. Сәйкестік сәйкестіктің мәдени
мәнмәтіннің өзара кірігуі ретінде ұсынылатын жанданудың, виртуализацияның,
тұтынушылықтың қиылысуында қалыптастырылады.
Миграция, қаржы, транспорт, тауарлар тасқыны мәтінді және бейнелік
ақпараттар ағыны жағдайын жасау ретінде қарастырылады.
Ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың пайда болуы мен қарқынды дамуы
виртуалды әлем өндірушілеріндегі электронды делдалдардың, виртуалды әлеумет
пен виртуалды сәйкестіктің мәртебесін күшейтіп, әлеуметтік әлемнің дәстүрлі
тәжірибесін айтарлықтай өзгертті. әлеуметтік өмірдің отбасылық,
территориалдық, ұлттық шекералармен мәдени ның көп түрлілік тәжірибесінде
экстерриториалдылық пен трансұлттылық пайда бола бастады. Қазіргі өмір
маркері темпориалды фобия - үлгермей қалу, кешігу, бәсекеге
қабілетсізденуге деген қорқыныш болып табылады.
Мәдениет және даралау (индивидуализациялау) классикалық мәдениет
жобасына қатынасы бойынша тәуелсіздігін көрсетіп, өзін-өзі жүзеге асыруы
мен өзін-өзі тарату жолдарын жүзеге асыруда өзіндік Мен-ін
трансформациялауды болжалдайды. Сәйкестіліктің () мәдениеттік негізі
әлеуметтендірілген субъектілік және шектелген рефлексивтік жүйесінде ашылып
көрсетіледі.
Идентификация мен адамдардың мәдени кейіпі түсініктегі мәдени мән
– мағнаны игеру, өмір жолындағы жеке тұлғалық қырлардың ашылуы, адамдар
туралы, мәдени қоғам өмірі, тарих туралы студенттердің ақпараттануын
қамтамасыз етеді. Х.И. Лийметс идентификацияның мәдени үлгілері
төмендегідей қажетті білі – дағдыларды нұсқайды:
- шешендік қалыптағы ауызша және жазбаша нәтижелерді қалыптастыру;
- қызметі барысындағы дәлдемелерді негізге ала отырып және өзі туралы
өзінің тұжырымдарын тыңдай отыра, басқа адамның тұтастай үлгісін жасау;
- өзгенің сөйлеу мәнеріндегі, өзгемен қарым – қатынасы мен қызметін
бақылау негізіндегі сөздері мен шешім қабылдаудағы қарама-қарсылық туралы
қорытындыға келу, өзгенің сынды бейнесін жасау;
- кез-келген әлеуметтік ролдердегі жеке тұлғалық бейнелерді түсіну;
- өзіндік мен немесе белгілі рөлдегі мен - нің әдеби суреттегі
кіршіксіз бейнесін қалыптастыру.
Х.Й.Лийтметстің тұжырымында жеке тұлғалық негізі мен рухани
қоғамдылықты осы жүйелерді құрастыратын көзқарастар білімі мен
әлемтанушылық құрылымдар жүйесіндегі адамгершілік - этикалық рөлін құрады.
Бұл жағдайдағы жетекші білік қызмет пен мінез – құлық негізіндегі
адамдардың эстетикалық көзқарастары, жағымдылық, әлемтанушылыққа қатысты
шешімдер шығару; өз пайымдаулары мен түрлі әлеуметтік – мәдениеттік
құрылымдарды жеке тұлғалық идеалға үйлестіру; көзқарастар мен құндылықты
нақтылықтарға негізделген қарым – қатынас қалыптастыру.
Х.И. Лийметс бір жағынан мазмұны бойынша әдебиет, тарих, қоғамтану
секілді оқу пәндерінің ішіндегі оқытуда осы топтағы тәрбиелік міндеттердің
жүзеге асырылуына ықпал етеді; бұл мақсаттардың жүзеге асуы үшін тарих
ғылымдарының элементтері, қосалқы пән ретінде оқытылып жүрген пәндер
арасынан психологияны пайдалануға болады. Екінші жағынан автор
ұйымдастырылған оқыту қызметі қалыптарын, білік пен дағды, білім тексеру,
оқытушының пайдаланған оқыту әдістерін лау мүмкіндіктерін анықтады.
Эстон педагогы оқыту үрдісіндегі тәрбиелік мәселелерді шешетін
шарттарды нақтылады. Оларға:
- оқытуға субъект – субъектті жүзеге асыратын оқушының өзіндік қызметі
мен оқытушылардың бірлескен басшылығы;
- ұжым дамуы мен әрбір оқушының жеке тұлғалық даму есебінің бірлігі;
- нәжиже құндылығының сәттілік перспективасы және сәтсіздіктер
мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар, осы нәтижеге жетудегі жұмсалған
күштегі еңбек үрдісінің құндылық ынтымақтастығы;
- оқушылардың оқу қызметіндегі және ұжым мен оқушының өзіндік өмірлік
қызметі жүйесінің ынтымақтастығы.
Сондықтан, мәдени идентификацияның мазмұнды компоненттері мен оқу
міндеттерінің үйлесімділігі төмендегідей шешім қабылдауға мүмкіндік береді:
адамның мәдениетті тануындағы үрдісте оқытудың маңызы зор. Оқыту
кеңістігінде мәдени маңыздылықтарды игеру, адамның өз бетімен мәдениетті
тануын қамтамасыз ететін біліктің қалыптасуы, жеке тұлғалық маңыздылықтарды
түсіну мен өзін - өзі тану үрдісі жүзеге асады. А.В. Мудрик тұжырымдаған
оқыту логикасында оқытудың формалды жағын көрсетеді, сонымен қатар, танымды
адам тек мақсатты бағытталған арнайы ұйымдастырылған үрдісте ғана емес,
қоршаған әлеуметтік әлем мен қарым – қатынасты үрдісте жүзеге асады.
Бейресми оқытуды анықтау үшін оларға автордың түсінігінде білімнен тыс,
мәдениеттің таралуы мен насихатын орнықтыратын қосымша және негізгі
бағдарлама түсінігінде берілетін ағарту түсінігі енеді.
А.В. Мудриктің ағартушылық қызмет көздеріне бұқаралық коммуникация
құралдары, тәрбиелеу ұйымдарының өмірлік қызметтері және жан – жақты
адамдармен қарым – қатынастар да жатады. В.Р. Ясницкая мектептегі
әлеуметтік тәрбиедегі ерекшеліктерді айқындайтын бұл ағартушылық
қызметтердің әрқайсысына мінездеме береді. Автор бұқаралық коммуникация
құралдарын ағартудың маңызды көзі ретінде, бірақ, оның тәуелділігі жалпы
білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік тәрбие үрдісі негізінде сыныптар мен
мектеп аумағында суреттейді. В.Р. Ясницкаяның түсінігінше, бұқаралық
коммуникация құралдарының маңыздылана түсуі әлеуметтік тәрбие
мақсаттарындағы ағарту көздерін белсенді пайдалану мәселелерін қазіргі
қоғам өмірінде өзектендіреді. Мәдени мәселелерінің шешімінің
мүмкіндіктерін қарастыра келе төмендегі үш маңызды сәттерді атап өту керек.
➢ Біріншіден, бұқаралық коммуникация құралдары мәдени
идентификацияның ақпараттық кеңістігін кеңейтеді – жасөспірімге
тарихи ретроспективалық және заманауи әлемдегі ның түрлі кейіптерін
анықтайды; өмірлік қызметтердің түрлі саласындағы елшілердің мінез –
құлық ерекшеліктерін айқындап береді.
➢ Екіншіден, бұқаралық коммуникация құралдары қоғамның мәдени
құндылықтарының трансляторы қызметін атқарады.
➢ Үшіншіден, бұқаралық коммуникация құралдары мәдени әлеуметтік
қоғамдағы мәдени элементтер болып табылатын жасөспірімнің өмірлік
қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан да, жасөспірімнің өзіне ұнайтын
телебағдарламалары, уақытылы шығарылатын басылымдар, сайттар бір
жағынан мәдени лық мінез – құлқын айқындаса, екінші жағынан, оның
қалыптасуына әсерін тигізеді.
Мектеп пен сыныптардың өмір қызметтеріндегі ағартушылықты тәрбиелік
ұйым ретінде В.Р. Ясницкая пәндік үйірмелер қызметімен, әртүрлі балалық,
жасөспірімдік жастардағы ұйымдармен, сонымен қатар, қызығушылықпен
таңдалған клубтармен, сыныптық, мектепішілік ұжымдық істер мен іс –
шаралармен байланыстырады. Тәрбиелік ұйымдардың өмірлік қызметтері
жасөспірімнің қоршаған ортамен, адамдармен қарым – қатынас жасауы арқылы
жүзеге асырылады. Қарым – қатынас ерекшелігі басқа ағарту көздерімен
салыстырғанда, үздіксіз қақтығысымен ерекшеленеді. В.Р.Ясницкая
жасөспірімге әсер ететін маңызды ағартушылық қарым – қатынас субьектісі
арасынан сыныптас – құрбы-құрдастарын, педагогтарын, мектептің басқа
оқушыларын бөліп көрсеткен. Мәдени үрдісі маңызды тәрбиелік ағартушылық
ұйымдасуында оның оқушылардың мүмкін болатын мәдени кейіптерін, мәдени ның
нұсқаларын, осы нұсқалардың сөзсіз әлеуметтік ортада қолданылуына мүмкіндік
береді.
А.В. Мудрик пен В.Р. Ясницкая ағартушылықтың әлеуметтік тәрбиеде
тиімді пайдаланылуының шарттарын анықтады. Аталмыш авторлардың жұмыс
сараптамасын біздерге төмендегі шарттарды анықтауға мүмкіндік береді,
оларға мыналар жатады:
- біріншіден, ағартушылық көздерінің жиынтығы пайдаланатын жүйелілік
пен жоспарлылықтың масатты бағдары;
- екіншіден, жастық шақтың әлеуметтік, жас ерекшеліктік және басқа да
қажеттіліктерінің өзектілігі;
- үшіншіден, әлеуетті, өзекті өмір жағдаяттары мен мәселелерінің
шешімі болатын мәселелі мінез - құлық;
- төртіншіден, топтық әсермен білік үрдісіне шартталған
ағартушылықтағы топтық мінез – құлық.
Сондықтан, әлеуметтік - мәдени идентификациядағы ағартушылықтың рөлі
оның оқушының өмір қызметі саласындағы өзектілігінің мәдени мағынасын ашу
арқылы байланысады, заманауи мәдени әлеуметтік жағдаяттарда қолданылатын
мәдени кескіндер туралы ойлау қабілеттерін ділдейді.
Қазіргі заманауи қоғамда жеке тұлғаның дамуындағы маңызды шарттардың
бірі болып өз бетінше білім алу немесе жеке тұлғаның өз таңдауындағы
мәдениет, техника, қандай да бір ғылым ауқымына жататын білім жүйелілігн
алуға бағытталған мақсатты біліктілік қызмет анықталады.
Өзіндік білім алуда әлеуметтану мәселелерін зерттеу сараптамасы
жасөспірімдік мәдени әлеуметтік жүйесіндегі басты маңызы туралы шешім
қабылдауға мүмкіндік береді. Осылайша, Ж. Думаздери мен Н.Лезельбаум
өзіндік білім алу жасөспірімге әлеуметтік мәдени ортасын өз бетінше құруға
болады деген пікірлерін білдірді. Авторлар бұл жағдайдың жағымды әсерінен
де басқа құрамына міндетті қабылдаудың немқұрайлығы, мектептегі
әлеуметтік жұмысшы секілді мәдениет пен қарым – қатынынас әлеуеттілігінің
кері әсері де болуы әбден мүмкін.
Өзін - өзі біліммен қамтудың (өз бетінше білім жетілдіру) қазіргі
қоғамдағы феноменін қарай келе, Е.А. Шуклина жеке тұлға, әлеуметтік топ өз
мүшесінің, иесінің өз бетінше дамуы мен өзін - өзі сақтауын қамтамасыз
ететін өзіндік әлем бейнесін қалыптастырады. Бұл әлем бейнесінің
ерекшелігі әлеумет өміріндегі рухани дамудың тенденцияларына толықтай
қарама – қайшылықты ұстанады және негізгі әлеуметтік құндылықтар туралы
білімнің топтық, жеке тұлғалық арнайы тәжірибенің жариялайды. Бұл жағдайда
өзін-өзі біліммен қамтамасыз етеді.
Е.А. Шуклина түсіндірмесі бойынша жеке тұлғалық қана емес, топтық
қажеттіліктермен басқарылады. Өзіндік білім алудың жүргізуші және базалық
әлеуметтік міндеттері жеке тұлғаның өзін - өзі жүзеге асыруында. Өзіндік
білім алу – өзін - өзі жүзеге асыру, өзін - өзі бағалау, өзін – өзі
сәйкестендіру және өзекті білім нұсқасын өз бетінше иеленіп, оны іс –
тәжірибелік қызметте ұтымды пайдала білуі болғандықтан білім аясындағы аса
ауыр да шынымен де еріктір түрі - деп жазады Е.А. Шуклина.
Автордың өзіндік пайымдауынша, мәдени әлеуметтік мәнмәтінге өзіндік
білім алудың тәуелділігі мазмұнында ғана емес, оның пайда болу қалыптарына
да қатысты болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі өзіндік білім алуды мәдени дағы маңызды
сала ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан, бұл үрдістегі
басқару мәселелерін өзектендіреді.
А.В.Мудрик тәрбие ұйымдарындағы өзін-өзі оқытуды және ынталандыру
бастауын қарастыра келе, олардың ішіндегі ең маңыздысы деп төмендегілерді
бөліп көрсетті:
➢ өзін-өзі оқытудың әдістері мен олардың көрсететін мүмкіндіктерін
жүзеге асыратын түсіндірме жұмыстары;
➢ оқушылардан қызығушылықтарын оятатын және өз бетінше ізденістерін
шыңдайтын түрлі білім салаларын талап ететін өмірлік қажетті
жұмыстарды ұйымдастыруды көбейту;
➢ мектеп оқушыларының өз бетінше білім алу қабілеттерін ұйымдастыру.
В.Р. Ясницкая өз бетінше білім алудың ұйымдастыру мен қалыптастыру
міндеттері ретінде көбіне оқыту мен ағарту ды ұйымдастырушы негіз
деген шешім жасады. Сонымен қатар, автор өз бетінше білім алу
факторларын қозғаушы күштерге: референттік топтың әсер етуі,
маңызды адармен – құрбы – құрдастарымен және ересектермен қарым –
қатынас жасау, әлеуметтік тәрбие үрдісіндегі баланың субьектті
қолдау алуы мен дамуы.
Осылайша, өз бетінше білім алу үрдісінде мәдени идентификацияның
ауқымы мол кешенді мәселесі шешіледі. Бір жағынан, өз бетінше білім алу
мәдени бейнелер туралы нақтылау арқылы мәдени үрдісіне әсер беруі әбден
мүмкін. Екінші жағынан, өз бетінше білім алу адамды шығармашылыққа
икемдейді, рухани тәуелділігінің сақталуын қамтамасыз етеді және мәдениетті
тану әдіс – тәсілдері және оның мазмұнындағы оқушылардың еркіндігін
қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік тәрбиенің маңызды элементі А.В.Мудрик тұжырымында
әлеуметтік тәжірибенің ұйымдастырылуы болып табылады. Автордың
түсіндіруінше, жекетұлғалық әлеуметтік тәжірибе алаңдаушылық пен
тынымсыздық сезімдерінің әр түрлілігінің сараптамасы; білімнің, білік,
дағды; қарым – қатынас әдіс – тәсілдері, ойлау қабілеті мен қызметі; мінез
– құлық стереотипі. Адамның әлеуметтік тәжірибесі оның өмір бойғы
қалыптасуындағы тәрбие ұйымдастырылуының мүмкіндіктері ағымында
жинақталатын болғандықтан А.В. Мудриктің пайымдауы бойынша, оның тұрмысымен
анықталады, өмірлік қызмет салаларындағы әрқилылық, осы ұйымдастықтың әрбір
мүшелері арасындағы қарым – қатынастардың ұйымдастырылуы. Тәрбие ұйымы,
орталығы болу оның ортасында жүрген азаматтардың күнделікті өмір калпын
жағдаятқа байланысты өрбуі. Ол заттық кеңістіктік ортаның ұйымдастырылуы
мен мекеменің сәулетті жоспарлы ерекшеліктерімен анықталады, сонымен қатар,
тәрбие ұйымдарының қалыптасқан дәстүрлері мен келбетіне, өмір тәртібіне
нақты анықтама береді.
Мәдени идентификациядағы пәндік кеңістікті ортаның мән – мағнасы әлем
суреттемесінің негізгі категориясымен байланысатын ұжымның әлеуметтік
аспектілерін, шаруашылық, діни, географиялық, ұлттық құндылықтар туралы
өзіндік мәнердегі мәтінмен, әлеуметтік тұлғалық мағынасымен байланысты. Бұл
сапаларды орта өзіне көптеген әлем мен адамдардың қарым – қатынасын
жариялауға құштар белгіліктердің: адам – табиғат, адам – зат, - адам -
адам. Адамның рухани құрылуына пәндік – кеңістіктің қызметіне В.А.
Сухомлинский басты назар аударды. Ол оқушыға мектептегі қоршаған орта
аясында ешнәрсенің кездейсоқтық болмауына басты назар аударды. Оқушыны
қоршаған орта оны білім кеңістігіне шақыра отырып, осы салада оқыту керек
деген пікір айтқан. Пәндік – кеңістікті ортаның тәрбиенің қозғаушы факторы
болуы үшін автор пайымдауы бойынша бір жағынан, адамзаттың тәлім –
тәрбиелік тәжірибесін интегралдау, оны әдеби суретті бейнеде, әйгілі ғұлама
адамдардың тілімен, екінші жағынан, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне
сәйкес келуі.
А.В. Мудрик нақты бір шарттарда пәндік – кеңістіктік орта топтық
үйлесімділіктің қалыптасуына әрекеттестік жасайды. В.Р. Ясницкая
тәрбиеленушілердің безендіру - әсемдеу орталықтарының жұмыстарына қатысуы
олардың топтың сәйкестендірушілік қабілеттерінің қалыптасуын айқындайды.
Тәрбие ұйымының басты, маңызды элементі мінез – құлық ережелерінің
жиынтығы немесе адамдық қарым – қатынастар бейнесіндегі ішкі реттегіштік
кескін – кейіпі болып табылады. А.С. Макаренко этикет туралы айта отырып,
олардың мүшелерінің адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасын анықтап,
тәртіптің жалпы ережелерін – оқыту, рекреациондық, тұрмыстық;
шиеленістердің шешілу ережелерін және құрал – жабдықтар мен ғимараттардың
пайдалану ережелері. Осы тұрғыда, категория этикет қарым – қатынас пен
мінез – құлықтың тәртіптік ережелерін және тәрбие беру ұйымдарының
міндеттерінің қалыптасуына қажетті ішкі мәдени элементтерді суреттейді.
Әлеуметтік - мәдениет сының мағналық этикеті П.И. Дзыгвинский жұмысына
назар аударған кезде айқындала түседі. Өзінің философиялық зерттеулерінде
ол тиым категориясына қалыптылығына көңіл бөледі. Оның шешімдерінің бірі
мораль мөлшері тиым болып табылады, ал, ризашылықтың есептік мөлшері
құндылықтар иерархиясы болып табылады. Адамгершілік нормалары императивті
түрде айқындалатын ақиқат нәтижесі болып табылады.
Құқықтық нормаларға қарағанда, адамгершіліктің талабы адамның ішкі
сеніміне сүйенеді. Адамгершіліктік қағидалары жеке идеал және қоғамдық
идеалға бірдей ұмтылыс білдіреді. П. И. Дзыгвинский тыйымды әлеуметтік
тұрмыстың сапалық сипаттамасы ретінде қарастырады.
Бірнеше ғалымдардың идеалды бірлестігі осы бірлестіктің қабылдаған
тыйымдары болып есептеледі. Осы сараптама нәтижесі адам жаңа сапаларға қол
жеткізеді, басқа адамдар арасынан шоқтығы биік көрінеді. Оның тәрбиелік
ұйымдардағы әлеуметтік ұйымдасқан тәжірибелік ұйымдарының маңызды
элементтерінің бірі тіршілік қарекетін А.В. Мудрик барлық қоғамның және
көптеген әлеуметтік орталықтар қажеттіліктері және талаптылық есебі жүретін
топтар, ұжым, наұтылы адамдардың қажеттіліктерінің қамтамасыз ететін
әртүрлі жұмыстар өзара қарым қатынастағы байланыстар. Мәдени сындағы
тәрбиелік ұйымдардың маңыздылығы баршаның көзқарасы негізінде, мәдени бейне
ұстанымы саласындағы қызмет тәжірибесі қауіпсіз жағдайларға қатысты
тәжірибесі үшін мүмкіндіктер туғызатын тіршілік қарекетінің мән мағнасы.
Бұл тәжірибе басқа көзқарастарға қарағанда тәрбиеленушілердің қоршағын
адамдармен қарым қатынасын жүзеге асырады. Қарым- қатынастың мазмұндв
негізі ретінде интеллектуалды, мәнерлілік, айқындылық, бейнелілік, құрал
жабдықтық, әлеуметтік құндылықтар, сонымен қатар, нақты ұжымның мүшелерімен
қарастырылған құндылықтар болып табылады. Бұл жағдайда адамдардың топтағы
көпшілік ұстанымдық қарым-қатынасы өзіндік бейнелік кеңістіктің пайда
болуына жетелейді.
Д.В.Григорьевтің ұстанымынша, көпқырлы ұстанымдық қарым -қатынас
мәнмағыналық түсінік ұстанымындағы топтар шиеленісінің шегінде
төңіректелген, педагогтың ұйымдастыруымен әрекет жасайды. Бұл жағдайда,
көптеген ұстанымдық қарым-қатынастың қатысушысы бола тұра, жасөспірім
басқалай тұжырымдардан өз орынын іздей бастайды: біріншілерімен сырлас,
сыбайлас болуға болады, екіншілерімен, шиеленісті қарым қатынасқа,
үшіншілерімен, бәсекеге түсуге болады.
Көп салалы ұстанымды қарым-қатынас негізінде адам өзіне жақын
ұстанымды қабылдауды ұйғарады, өзінің бұл құндылықтардың қайнар көзі
ретінде көзқарастарға, идеялар мен адамдарға деген қарым-қатынасын; қарым-
қатынастың әдіс-тәсілдерінің және оған ыңғайлас байланыса түсетін әдісті
таңдайды. Осы тұрғыда, көп салалы қарым қатынасы мәдени идентифиацияның кең
түрлі мүмкіндіктер беретін қабілетке ие, олар қоршаған ортаның құндылықтары
мен көзқарастары ұстанымдарының үйлесімділігіне, өзін қайталанбас бірегей
тұлға және мәдениет жаршысы орнына қоя алуына негіз болады.
Қарым-қатынас үрдісінде өмірлік құндылықтар мен мақсаткерліктер
нұсқаларымен, оқушыдан ұстаным түрлерін таңдауды талап ететін, өз
қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін және мінез-құлық әдістерін, өзінің
қажеттіліктері мен қоғам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz