Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық мәселелері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ . . .: ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .
4: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Этнопсихологиядағы қарым - қатынас ерекшеліктерін және оның өзіндік санаға әсерін зерттеу теориялары . . .
4: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Cтуденттер ұжымының қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық сананың әсері . . .
4: 34
КІРІСПЕ . . .: 2. СТУДЕНТТЕР ҰЖЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ САНАНЫҢ ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ . . .
4: 45
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, міндеті және зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары . . .
4: 45
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңделуі . . .
4: 47
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 65
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 67

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі : Этникалық (ұлттық) өзіндік сана- кез келген қоғамның түрлі топтарының басын біріктіруші факторлардың бірі. Қазіргі Қазақстан Республикасының егемендігін орнықтыру кезеңінде халықтың этникалық өзіндік санасын ояту және оны одан ары өсіру міндеттері тұр. Олай болса, кез келген ұжымның қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық сананың әсерін эксперименттік зерттеу нәтижелерін салыстырып олардың айырмашылықтарына көз жеткізіп, ерекшеліктерін табу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да, Қазақстанның тарихи даму кезеңінде этникалық өзіндік сананың қалыптасу ерекшеліктерін және оның ұлт аралық қатынастарға әсерін жан-жақты зерттеуге әлеуметтік сұраныс-зерттеу өзектілігі болып отыр.

Этнопсихологиялық білім әр түрлі әлеуметтік және мәдени жүйедегі адамдардың өзара ұғынуына көмектеседі. Біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да үрдістер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды.

Өткен ғасырдың орта шенінде академик Т. Тәжібаев ұлттық психология мәселелерін жан-жақты зерттеудің аса маңыздылығын, қажеттілігін атап өткен.

Соның ішінде, біз үшін «өз» этносымен идентификациялау (біртектілену) және «басқалардан ерекшелену» механизмінің этникалық өзіндік сана-сезімін қалыптастыруға ықпалын айқындауға Б. Ф. Поршневтің, Т. Г. Стефаненконың, О. Л. Романованың, Л. И. Науменко және тағы басқалардың еңбектері өте маңызды рөл атқарды.

Қоршаған әлеуметтік ортаға адамның бейімделуі түрлі жолдармен жүреді, ең алдымен білім беру мекемелері арқылы іске асатыны белгілі. Білім беру мекемелері тұлға әлеуметтенуінің алғашқы институттарының бірі ретінде ұжымда бірлесіп әрекет жасайды.

Бұл жұмыс әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттердің ұжым болып қалыптасуына қарым - қатынас пен өзіндік сана әсерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.

Қарым - қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым - қатынаста болуы.

Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым - қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістерді талдауы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т. б. іс - әрекеттке бейімделуі жоспарында ұлттық - психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез - келген адам, әсіресе КСРО - ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым - қатынаста тұрақсыз сезінеді.

Ұлтаралық, этникалық қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.

Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.

Зерттеу мәселесі: Біздің зерттеу жұмысымыз этникалық өзіндік сана құрылымы мен функциясын зерттеу . Этникалық өзіндік сананы этностың маңызды белгісінің бірі деп айтуға болады. Сондықтан білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі студенттер ұжымын қалыптастыру болғандықтан да, ұжымның қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық сананың әсері ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.

Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір - бірімен өзара қарым - қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым - қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу психологияның негізгі мәселелерінің бірі.

Зерттеудің мақсаты: Әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттер ұжымының қалыптасуына қарым - қатынас пен этникалық өзіндік сананың әсерін анықтау.

Зерттеу нысаны: қазақ және орыс топтарында оқитын әр түрлі ұлт студенттері.

Зерттеу пәні: Этникалық өзіндік сана және қарым - қатынас ерекшеліктері

Зерттеудің болжамы: Студенттер ұжымын қалыптастыруда қарым - қатынас пен этникалық өзіндік сана ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік - коммуникативті және эмоциялық бағалау компоненттеріне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.

Зерттеу міндеттері:

  • Этникалық өзіндік сана құрылымы мен функциясын зерттеу мәселесіне арналған әдебиеттерді талдау.
  • Қарым - қатынас пен этникалық өзіндік сана ерекшеліктерін зерттеу әдістерін зерделеу, өңдеу.
  • Әртүрлі әдістемелерді қолдана отырып студенттердің қарым - қатынас пен этникалық сана ерекшеліктерін анықтау.
  • Ұжымның қалыптасуына қарым-қатынас пен этникалық сананың әсерін

эксперименттік зерттеу

  • Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау.
  • Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері : Оқушылардың қарым - қатынастарындағы этникалық өзіндік сананы сипаттайтын психологиялық ерекшеліктердің талдануы және осы мәселе бойынша С. Л. Рубинштейн, И. И. Чеснокова. А. Г. Спиркин, В. В. Столин, И. С. Кон еңбектерінің қарастырылуы.

Зерттеу әдістері: 1. «Әлеуметтік - коммуникативті компетенттілікті анықтау» әдістемесі;

2. «Б. Басстың тұлға бағыттылығын анықтау» әдістемесі;

3. «Қатынастың диагностикалық тесті» (ҚДТ) .

Зерттеу кезеңдері: Зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы таңдалып, оны теориялық тұрғыда саналы ұғыну жүзеге асырылды; зерттеудің мақсаты мен міндеті құрылды; зерттеудің жұмыс болжамы құрастырылды; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдіснамалық және оқу әдістемелік әдебиеттер зерттелінді және талданды. Аталынған кезеңде констатациялық эксперимент жүргізілді.

Екінші кезеңінде зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүзеге асырылды;

Үшінші кезеңде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелеріне талдау жүргізілді, зерттеу нәтижелері жалпыланды, тұжырым жасалды, зерттеу нәтижелері көрнекі графикалық түрде безендірілді.

Зерттеудің практикалық базасы: Ақтөбе қаласы Ә. Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледжінің БК410 тобы студенттеріне жүргізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Студенттер ұжымының қалыптасуына әсер ететін қарым -қатынас пен өзіндік сана теориялық және практикалық тұрғыда зерттелінді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы : Студенттер ұжымын қалыптастыруда қарым - қатынас пен этникалық өзіндік сана ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік - коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланыстылығын оқытушылар, тәрбиешілер, психологтар қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Этнопсихологиядағы қарым - қатынас ерекшеліктерін және оның өзіндік санаға әсерін зерттеу теориялары

Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде. Полиэтникалық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуына қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Этникалық сана сезімдердің құрылымы, этникалық идентификация, өз «менін» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық шығармашылығына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этно факторлардың мәнді өсуі этникалық сана сезімдерді күшейтеді. Этникалық сана сезімдер индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі иерархиялық байланысын детерминациялайды, қасиеттердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларын орындайды, әрі реттейді. Этникалық басты объективті тасушысы болып табылатын «ұлттық мәдениеттің» әлсіреуі барысында өтетін этникалық сана сезімдердің күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық сана сезімдердің компенсациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этникалық сана сезімнің объективті негізі - халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.

Кез келген қоғамның түрлі топтарының басын біріктіруші факторлардың бірі - этникалық (ұлттық) өзіндік сана. Әлбетте, оны құрастыратын факторлар мен тетіктердің ішінен мемлекеттің ұлттық саясатының орны айрықша екендігі анық. Еліміздің егемендігін орнықтыру кезеңінде халықтың этникалық өзіндік санасын ояту және оны одан ары өсіру міндеттері тұр. Бұларды ойдағыдай атқару ісі аталмыш сана-сезімді қасаң маркстік-лениндік идеологияның ықпалынан арылту, кеңестік және мәңгүрттік сананың батпағынан аршып-тазартуға байланысты екендігі және белгілі. Сондықтан этникалық өзіндік санамыз бен этосымыздың қазіргі жағдайын зерттеп-зерделеу ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Бұдан тысқары, жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жастарымыз Қазақстандық патриотизмді дамыту мәселесінде осалдық танытуда. Туған Отаныңды туған анаңдай қадірлеп, қастерлеудің қажеттігін Қазақстан Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың атап көрсетуі де сондықтан болар.

Ал, ұлттық психология мен ұлттық сана-сезім арасындағы өзара байланыстар туралы мынаны айтуға болады: ұлттық сана-сезім ұлттарды бір-бірінен ерекшеленіп тұратын айрықша белгі емес, тек әлеуметтік-психотанымдық құбылыс. Олардың бір-бірімен тығыз байланысты екені, біте қайнаса өмір сүретіні мәлім. Бірақ, оларды барлық жағынан теңестіріп қарастыруға болмас. Ұлттық сезімдер - ұлттық психикалық ерекшеліктердің жекеленген жақтары тәрізді. Оларды ұлттың ұлттылығын, мендігін, өздігін сезініп, түйсінумен байланысты кешетін процесс ретінде ұғынған жөн. Ал тұтастай алғандағы ұлттық өздік сананы ұлттық психологияның аясынан тысқарыдағы, дербес бірлік деп білеміз. Өйткені, ұлтты тану логикалық-ой жұмысының қызметімен де байланысты.

Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор. Оны бүгінгі тарихтан, ұлттар мен халықтардың мәдени даму кезеңдерінен, олардың өзара қатынасынан байқауға болады. Шын мәнінде, халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, түсініктері, сезімдері этностық қауымды біріктіреді. Олардың тарихи үрдістің субъектілері деп қарауға болады. Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.

Қарым - қатынас ұғымы, әлеуметтік психологияның кез - келген ұғымдары сияқты, көптеген зерттеушілермен қарастырылған және әртүрлі түсіндірілген. Қарым - қатынасқа әлеуметтанушылар, педагогтар және философтар да назар аударған. Қарым - қатынас адамдық өмір сүрудің, соның ішінде еңбек іс - әрекетінің қажетті шарты болып табылады.

Қарым - қатынас мәселесі қазіргі кезде көпшілікке белгілі мәселелердің бірі. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік психологияның дамуына және оның психологиялық ғылымдар жүйесінің барлығына әсерінің күшеюімен байланысты. Бірақ, қарым - қатынас мәселесі өте кең мағынаға ие[1] .

Қарым - қатынасты зерттеу тек қана арнайы психологиялық пәндер мен ғана емес, сонымен қатар психологияның жалпы теориясының да дамуының маңызды шарты болып табылады. Сірә, қарым - қатынас мәселесі рөлінің дамуын барлық психологиялық ғылымдар жүйесінің дамуының жалпы тенденциясы ретінде қарастыруға болатын шығар.

Қарым - қатынас мәселесін зерттеуге көптеген ғылым өкілдері өз үлестерін қосқан: философияның әлеуметтанудың, педагогикалық, психологияның және т. б. Қарым - қатынас әртүрлі деңгейде, әр түрлі аспектіде зерттелінген аса көпқырлы процесс болып табылады.

Кеңес психологиясында психикалық құбылыстардың объективті шындықты субъективті бейнелеудің түрлі формалары мен деңгейлері ретінде қарастырылатыны белгілі. Сонымен бірге бейнелеу пассивті «айналы» акт емес екендігі, ол адамның нақты болмысына кіретіндігі, оның «құраушысы» болып табылатындығы және онда белгілі әсерлі роль ойнайтындығы болжанады.

Қарым - қатынас - бұл адамдардың іс - әрекет процесіндегі өзара әрекет формаларының бірі. Қарым - қатынастың белгілі анықтамаларының бірде біреуі олардың біржақтылығының себебінен сынға төзбейді. Бұны қарым - қатынастың адамдардың біріккен өмір әрекетінің бірден көптеген жақтарын қамту ауқымдылығымен түсіндіруге болады, бұл қырым - қатынастың қанағаттанарлық дефинициясын өңдеудегі объективті қиындық болып табылады.

Авторлар жиі қарым - қатынас анықтамасы негізіне өздері белгілеп қойған қандай да бір қасиетті қойып, оның басымдылығын көрсетеді. Мысалы, А. А. Леонтьев қарым - қатынасты байланыс орнату және ұстау процесі ретінде анықтайды[2], Е. П. Ерастов- қоғамдастықты құру процесі ретінде[3], Х. И. Линнете - құндылықтармен алмасу ретінде анықтайды. А. В. Киричук- индивидтер арасындағы байланыс және қатынас ретінде[4], Н. Е. Ведерникова - адамдық мән туралы білімнің қайнар көзі ретінде, М. А. Зимняя- қоғамдық-коммуникативті іс - әрекет формасы ретінде[5], Л. Н. Дзокировская және Е. Ф. Тарасова- әлеуметтік өзара әрекет ретінде[6], В. И. Соковкин - адамдардың бір- бірінің саналарына әсер ету ретінде, В. Е. Семенов- жеке тұлғалық мазмұнмен алмасу ретінде[7] түсіндіреді.

Осы анықтамалардың барлығында қарым - қатынасқа тән құбылыстар көрінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы, жеке алғанда, осы феноменнің бүкіл мазмұнын айтып бітпейді. Қарым - қатынастың көптеген анықтамаларында авторлардың оның мәнін үш жалпы категория арқылы ашуға ұмтылатыны көрінеді: «іс - әрекет», «қатынас», «бейне». Оларға қатысты қарым - қатынас түсінік ретінде шығады және олардың онтологиялық бірлігінің бір формасы болып табылады.

Іс - әрекет өзінің негізгі формаларына қатысты тектік түсінік болып табылады: еңбекке, танысуға, ойынға, қарым - қатынасқа қатысты. Бірақ бірқатар жағдайларда қарым - қатынас және іс - әрекет бірдеңгейлі түсініктер ретінде қарастырылады.

Жиі жағдайда бұл логикалық дәлсіздік «іс - әрекет » түсінігін еңбек іс - әрекетімен теңестіруден пайда болады, бұл мынаған әкеледі:

Іс - әрекет пен қарым - қатынасты теңестіруге, өйткені еңбек және қарым - қатынас қатынастарының шынайылығы олардың бірдеңгейлілігін білдіреді.

Қарым - катынас пен іс - әрекетті өзара жоққа шығарушы қарама - қайшылыққа, өйткені еңбек және қарым - қатынас қатынасының шынайылығы олардың мәнді айырмашылықтарын білдіреді.

А. А. Бодалев және басқа психологтардың көзқарастары бойынша, қарым - қатынас - адам іс - әрекетінің формасы. Егер іс - әрекет - бұл адамның заттар әлемімен, табиғатпен, жануарлармен және адамдармен өзара әрекет процесі. Қарым - қатынас ұғымының гносеологиялық «торшасы» болып адамның адаммен тікелей өзара әрекеті болып табылады[8] .

Л. П. Буева қарым - қатынасты көлемдірек анықтайды. Оның түсіндіруінше, қарым - қатынас - бұл қоғамдық субъектілердің (тұлғалар, топтар) өзара байланыс және өзара әрекет процесі, ол іс-әрекетпен, ақпаратпен, тәжірибемен, қабілеттіктермен, дағдылармен және ептіліктермен, сонымен қатар іс - әрекет нәтижелерімен алмасумен сипатталады. Л. П. Буева қарым - қатынасты тағы да қоғам және тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қажетті және жалпы шарттарының бірі ретінде де түсіндіреді[9] .

Бұл ұғым философия, әлеуметтану және әлеуметтік психология торабында жете зерттелген және жалпы сипатқа ие. Ол адамдар, әлеуметтік топтар, түрлі қоғамдық субъектілер арасындағы кез - келген өзара байланысты зерттеуге бағытталған. Әлеуметтік деңгейде қарым - қатынас әлеуметтік тәжірибе мен мәдени мұраны бір ұрпақтан басқа ұрпаққа қалдыру үшін қажетті шарт болып табылады.

Психологиялық тар мағынада қарым - қатынас адам арасындағы байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің түрлі белгілер жүйесі арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі.

А. В. Петровский және М. Г. Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық сөздікте қарым - қатынас біріккен іс - әрекетке қажеттіліктен туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды, өзара әрекеттің бір старатегиясын шығаруды кіргізетін, адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі ретінде қарастырылды. Бұл анықтама қарым - қатынастың негізгі мазмұнын бөліп шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара әрекеті, бірін - бірі тануы. Мазмұнның осы үш сипаттамасы қарым - қатынастың коммуникативті аспектісі ретінде қарастырылады, адамдардың бір - бірін түсінуі және тануы қарым - қатынастың интерактивті аспектісі ретінде қарастырылады; адамдардың бір - бірін түсінуі және тануы қарым - қатынастың перцептивті аспектісі ретінде қарастырылады[10] .

Сөйлеу сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болды және адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы - адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құраммен байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік - психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.

Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл - ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қағамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анықталмаған. Сөйлеудің маңызды факторы ақпаратты паралингвистикалық тәсілдер болып табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбысты айту ерекшеліктері, дауыс тембрі, жесттер, мимика, дене тұрысы. Қарым - қатынаспен қоса жүретін паралингвистикалық тәсілдер жиынтығы оның контексін анықтайды.

Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе керісінше, оны теріске шығаруы мүмкін. Айтылған паралингвистикалық тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама - қайшылықты толық емес қарым - қатынас факторы ретінде қарастыру керек.

Кез - келген байланыс кері байланысты ұйғарады. Мысалы, егер екі адам кездейсоқ кездессе, онда олар тек қана амандасса, қарым - қатынас жүреді. Ал егер олардың біреуі басқасын байқамай қалса, онда қарым - қатынас жүрмейді, өйткені байланыс болмайды. Байланыс тек қана паралингвистикалық тәсілдер деңгейінде де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс емес адам бір - біріне қызыға қарағанда.

Адамның әлеуметтік болмысын талдауда іс - әрекет категориясына маңызды роль беріледі. Іс - әрекет жайлы маркстік - лениндік ілімге сүйене отырып, кеңес ұрпағы психологиялық ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу әдістері мәселесінің барлығын жаңаша қарастырды. Теориялық, эксперименталды және қолданбалы зерттеулердегі іс - әрекет талдауы арқылы адам психологиясының әлеуметтік себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы ашылады.

Іс - әрекетті жалпы психологиялық зерттеуде мәнді жетістіктерге жеткен кеңес ғалымдары Б. Г. Ананаьев, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубиншитейн, А. А. Смирнов, Б. М. Теплов және тағы басқалар [11-15] .

Іс - әрекеттің алуан түрлерін талдау принциптері мен өңделген теориялар психологиясының әлеуметтік аудандарында кеңінен қолданылды: әлеуметтік психологияда Г. М. Андреева, А. А. Бодалев, Е. С. Кузьмина, А. В. Петровский, Е. В. Шорохова және тағы басқалар, инженерлік психологияда және еңбек психологиясында Н. Д. Завалов, Г. М. Зараковский, В. П. Шадриков және т. б, балалар және педагогикалық психологияда П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Г. С. Костюк және тағы басқалар[16-23] .

Бұл концепциялар индивидуалды іс - әрекетті зерттеу негізінде қалыптасқан, онда оның анықтамасының негізін «субъект - объект», «субъект - зат» қатынастары құрайды. Осыған сәйкес психологиялық талдау кесінділері және онда қолданылатын ұғымдық аппарат «субъект - объект» қатынасы шеңберінде өңделеді. Бұндай бағыт дұрыс және өнімді. Бірақ ол адам болмысының бір жағын ғана ашады. Кейде іс - әрекет пен қарым - қатынас өзара байланысты пареллельді процестер ретінде емес, адамның әлеуметтік болмысының, оның өмір бейнесінің екі жақтары ретінде қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжым психологиясы мәселесі
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық негіздері
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Этникалық өзіндік сана және қарым - қатынас ерекшеліктері
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Саясат психологиялық феномен ретінде
Тұлғаның әлеуметтік психологиясы
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Этникалық қарым - қатынас туралы мәселелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz