Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-бет

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ДАМУЫ. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ МЫСАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

  1. Мысал жанрының тарихы және зерттелу жолы . . . 4-8 бет
  2. Ахмет Байтұрсынов - мысал жанрының хас шебері . . . 8-12 бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ МЫСАЛДАРЫНЫҢ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері . . . 13-15 бет

2. 1 Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», Егіннің бастары» мысалдарын меңгерту . . . 15-21 бет

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22-23 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24-25 бет

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Мысал - аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа да мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында, әдебиеттегі оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізі көркемдік тәсіл екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби-теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсендіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ (мұғалім мысал жанры туралы кіріспе түсінікті сол тапсырманы беру алдында айтуы керек) . Мұғалім ол үшін оқушыларға мынадай үлестірме-көмек нұсқаулар таратып, өз беттерімен оқу, түсіну, талдау жасауға жетелейді.

Мысал жанрын танытудағы тиімді және нәтижелі тәсілдерді ұсыну болып табылады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде мысал тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, мысалдың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т. б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Мысалдар бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ.

Зерттеу мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанырн оқыту барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері:

  • Ахмет Байтұрсыновтың мысал шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
  • мектеп бағдарламасына енген Ахмет Байтұрсыновтың мысал шығармаларға шолу жасау, жүйелеу;
  • Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісінде танытудың жолдарын саралап қарастыру;

Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ДАМУЫ. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ МЫСАЛДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Мысал жанрының тарихы және зерттелу жолы

XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі А. Байтұрсынов пен Х. Досмұхамедовтан бастау алары сөзсіз. Аталмыш ғалымдардың ауыз әдебиеті жайлы алғашқы пікір-пайымдаулары кейінгі фольклорист-зерттеушілерге сара жол салды. Осы орайда аталған ғалымдардың назарынан тыс қалмаған мысал жанры да ауыз әдебиетінен бастау алғандығына көз жеткізуге болады.

Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында азды-көпті пікірлер бар. «Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма» [1, 36] деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр. Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.

Қазақ әдебиетінің көшбасшысы, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов қазақ фольклорын сұрыптап, саралауда мысал жанрын назардан тыс қалдырмай, біраз ой толғап, анықтама береді.

Ғалым жалпы ауыз әдебиетін жұмсалуына қарай екіге бөледі:

  • сауықтама;
  • сарындама.

Сарындаманы үшке бөледі:

  • салт сөзі;
  • ғұрып сөзі;
  • қалып сөзі.

Мысалдарды ғалым салт жолымен айтылатын сөздер тобына жатқыза отырып, мынадай анықтама келтіреді: «Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп өнегелеу мысалдау болады» [1, 37] .

Сонымен қатар ғалымның біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар көбінесе хайуандар шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық сипаттанған. Одан әрі ғалым пікірі келесідей: «Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуә күлкі етеді. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді» [1, 37], - деп түйіндей түседі.

Орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский бұл жанрды: «Сатираға суғарылған поэзияның нағыз ерекше жанры» десе [2, 300], академик З. Қабдолов «Мысал адамгершілік мұқтаждығын өтеу мақсатында жанр ретінде әдебиет арнасына тоғысты», - дейді [3, 300] .

С. И. Радцигтың «Көне грек әдебиетінің тарихы» атты оқулығында мысалға мынадай түсініктеме берілген: «Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры болып есептеледі. Себебі, мысалдардың мазмұнында хайуанаттар эпосының сарқыны сақталып қалған. Дегенмен тарихи тұрғыдан алғанда мысал жанры күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайлар мен адамгершілік, ізгілік мәселесін насихаттауға арналған» [4, 300] .

Ал, академик Зейнолла Қабдолов мысал жанры турасында мынандай пікір ұстанған: «Мысал - эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатты, көбіне аң, хайуанат, кейде зат түрлері жазылады да сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік, күлкіге, келекейге, мазаққа айналдырып, сықақпен саналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясыз, астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді. Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б. э. б. VІғ. ) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов, қазақта Абай - бәрі солай жазған. Біздің тұсымыздағы мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты бөліп айтуға болады», -дейді [3, 312] .

Кейіннен жарық көрген доцент М. М. Иманғазиновтың «Антика әдебиеті» атты еңбегінде автор: «Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ең жақын суреттеулерге толы әдеби жанр» [5, 251] деген тұжырымдама ұсынады.

Десек те, ауыз әдебиетін оқытуда мысал жанры қарастырылмай келеді. Бұл жөнінде Ш. Ыбыраев былайша жазады: «Шынын айту керек, қазақ ауыз әдебиетіне арналған зерттеулер мен оқулықтарда айтыс пен шешендік сөздерден басқа аты аталып, ел танығаны жеті сегіз жанрлар болса, ол Еуропа халықтарының фольклорында кездесетіндері. Ал мұның сыртында аты аталмай, аталса да қатарға кірмей, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып келген ондаған жанрлар мен жанрлық түрлердің не зерттеушілер, не жинаушылар тарапынан ілтипат көрмей келгенін немен түсіндіруге болады ? » [5, 424] .

Фольклортанушы осылай дей келе, ауыз әдебиетіндегі зерттелмей келе жатқан жанрдың бірі мысал екендігін атап көрсетеді де, қазақ ауыз әдебиетін жіктеудің жаңа түрлерін ұсынады:

  • салтқа қатысты фольклор;
  • салтқа қатыссыз фольклор.

Салтқа қатыссыз фольклорды әрі қарай рим цифрларымен атап көрсетеді.

ІІ. Эпикалық прозалық жанрлар;

ІІІ. Эпикалық жанрлар;

ІҮ. Кіші жанрлар;

Ү. Шешендік сөздер;

ҮІ Мысал.

Ғалым Ш. Ыбыраев осылайша мысал жанрын ауыз әдебиетінің өзге де түрлерімен қатар қойып, бөлек топтайды. Сонымен қатар ол мысалды бұрын соңды кездеспеген жаңаша түрде жіктеуді ұсынады:

А. Мысал (мысал өлеңдер, мысал сөз, мысал айтыс)

Ә. Апалог

Б. Тәмсіл [5, 424] .

Ғалымның бұл дәлелді тұжырымдары мысал жайындағы ұғымымызды кеңейте түседі. Міне, осы бағытта мысалдың түрлерін анықтап, оларды жинастырып, топтастыру, жанрлық ерекшеліктерін айқындау шын мәнінде зерделі зерттеуді күтетіні анық.

Жоғарыдағы қос ғалымның ауыз әдебиетін жіктеуі бір-бірімен бағыттас, үндес келеді. Тек басты айырмашылық жанрлық атауларда сияқты. Ахмет Байтұрсынұлының сауықтама (барша сауық үшін айтылатын сөздер) деп отырғаны Ш. Ыбыраев еңбегінде салтқа қатысты фольклор деп аталса, сарындама салтқа қатыссыз фольклор, яғни «жұртта келе жатқан салт сарынмен айтылатын сөздер». Екі ғалым да мысал жанрын соңғы топқа жатқызады.

Мысал жайында сөз қозғау барысында «жанрдың шығу тегі қандай?», «қалай қалыптасқан?», «қайдан бастау алады?» деген сұрақтар туады.

Ахмет Байтұрсыновтың бұл орайда: «Арнайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: « . . . алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар түрлі табиғат, түрлі тәсілмен тіршілік ететіндерін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін бірі аңдиды, арбайды деп білген . . . Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты, олардың да істерін әңгіме қылған. Одан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көз жеткендігінен кейін мақұлықтар турасындағы ертегілер өтірікке саналып, бірте бірте жоғалып, тек мысалдар қалған» [1, 40], - деген тұжырымын негізге аламыз.

Мәселен, «Сырттандар» ертегісінде адамға жерік болған жалмауыз қасқыр біреудің жалғыз баласын аңдиды. Баланың әке шешесі, ауыл аймағы қатты сасады. Сол кезде бала өзімен бір күнде туған тұлпарына мініп, қасқырдан қаша жөнеледі. «Құтқарам» деп тұлпар тартады: «Қайтсе де жеймін», деп жалмауыз қасқыр қуады. Осы тұста адамның досы тұлпар мен қасқырдың сырттаны жарысқа түседі. Сол жерде иттің сырттандары қасқырға қарсы ұмтылады, қасқырды өлтіреді [6, 26] .

Мұнда жалмауыз қасқыр адам баласына қастық ойлаушы мол жауыздықтың бейнесінде алынса, ит пен жылқы жақсы жақтарынан дәріптеледі.

Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа кейіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы ретте хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуанаттары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың екінші тобы (жыртқыш аңдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленеді. Бұл соңғысы уақыт өте келе халықтық сатираға айналып, сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік еткен қауымның жағымсыз қылықтары әңгімеленеді; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке-күлкісі түрінде келеді; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады. Мұны біз «Алтын сақа», «Тепең көк», «Бозінген», «Жақсылық пен жамандық» т. б. ертегілерден көре аламыз. Сонымен қатар, «Қотыр торғай» ертегісінде кекшілдікті, бірбеткейлікті, араға іріткі салуды меңзесе, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің жасөспірімдерге беретін тағылымы мол.

Мысалдарда жыртқыш аңдардың әрқайсысына лайықты мінездеме береді. Арыстан - асқан күштің, зорлықтың, қасқыр - қомағайлық пен қорқаулықтың иесі болып кейіптеледі. Ал түлкі - айла мен аярлықтың, бірді бірге соғып, пайдасын тауып жүрген қу, өзінен басқаға дұшпандық жасаушы, сырттай дос, іштей қас болып келеді. Айналасындағы аң атаулыны алдаушы да, өсек таратып күндеуші де, жоқ жерде пәле бастаушы да - түлкі. Бұлармен қатар, қазақ ертегілерінде ожарлық, аңқаулық кескінімен аю жүреді. Жұрттың бәріне мазақ, күлкі ретінде маймыл қатысады. Мәселен, «Маймыл мен түлкі», «Түлкі мен бөдене», «Түлкі, тасбақа, кене», «Түлкі, аю, қойшы» т. б. ертегілер.

Өзімізге таныс қазақ мысалдарында да түлкі - қулық, айлакерліктің, қасқыр - қатыгез, қарақшылықтың, мысық - жалқаулықтың, есек - ақымақтықтың т. б. қызметін атқарады.

Шынында да, мысал жанры қазақ халқының ойлау өрісінің дамуымен, сана эволюциясымен тығыз байланысты, айналадағы тіршілік иелерін танып білумен қатар, олардың айрықша қасиеттерін айқындап, адамды бейнелеудегі олардың түрлі мінезін әрқилы іс-қылықтарын тұспалдап көрсетуде шебер пайдалана білген. Әрқашан сөзге ұста қазақ халқы осы мәндегі астарлы әңгіме туғызып оған «мысал» деп айдар таққан.

Осындай арғы тегі хайуанаттар жайлы ертегіден өрбіп, өріс алған мысал жанры көбінесе, нақтылай айтсақ, оның бір тармағы мысал ертегілер апалог деп зерттеушілер тарапынан анықтамаға ие болып жүр. ХІХ ғасырға дейін апалог және мысал бір-біріне синоним ретінде қолданылған. Апалог көбінесе қара сөзбен жазылады. Ішінара өлең сөздері кездескенімен, өлең түріндегі апалогтар біздің әдебиетімізде тек жазбаша түрде кең дамыған. Ал өлең үріндегі апалогтың жеке жанр ретінде толық қалыптасуын ғалым С. Қасқабасов «ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетінің жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға бағыттады» деп түсіндіреді.

1. 2 Ахмет Байтұрсынов - мысал жанрының хас шебері

Эпостың шағын өткір жанры мысалдың қазақ әдебиетінде жедел дамып, әдеби процессте ықпалды маңызға ие болған кезеңі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басына дәл келеді.

Мысал - қазақ әдебиетіне ХІХ ғасырдың екінші жартысында еніп, ХХ ғасырдың басында сәтті жалғасын тауып, ерекше дамыған жанр. Аталған кезең аралығында дүниеге келіп, дербес жанр ретінде қалыптасқан мысал қазақ әдебиетіне шығыстан да, сонымен бірге батыстан да енді деп айтуға әбден болады. Өйткені аталған кезеңде шығармашылық еткен қазақ қаламгерлері алдымен төл фольклорлық және әдеби мұрамыздан, қалай сусындап өссе, қалыптасса, соң олардың әрқайсысы білім алған ордаларының бағыт-бағдарына сай не батыс не шығыс әлемінің фольклорлық және классикалық әдебиет үлгілерімен танысып өсті. Осыған орай олардың шығармашылықтары алдымен ұлттық соң не шығыстық, не батыстық әдебиет үлгілерімен тығыз байланыста қалыптасты. Мысалы, Дулат Бабатайұлы, Майлықожа, Молда Мұса, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Шораяқтың Омары секілді ақындардың мысал өлеңдері мен дастандары шығыс фольклоры және әдебиеті материалдарының негізінде шығыспен тығыз байланыста дүниеге келді деуге келеді. [1, 62] .

Ал, Ыбырай, Абай секілді ұлы ағартушы ақындарымыз бастаған Ахмет Байтұрсынұлы, Спандияр Көбейұлы, Бекет Өтетілеуұлы, Сәбит Дөнентайұлы қостаған келесі топ орыс әдебиетін оқып өсті, қалыптасты. Олардың дені негізінен орыс әдебиетінен мол аудармашылық жұмыс жасады.

Ол кезеңде Дулат Бабатайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Машһүр Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алыптар буыны дүниеге әкелген мысылдар, Мұсабек Байзақов, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Сәбит Дөнентаев, Бекет Өтетілеуов, Спандияр Көбеев т. б. мысалдарында жалғасын тауып, жанрдың тұтас тұлғасы көрінеді. [2, 86] .

Дәл осы кезеңде мысал жанрының жедел дамуы кездейсоқтық емес. Бұл кезең қазақ халқының өмірінде ірі-ірі тарихи оқиғалар, қоғамдық қарым-қатынаста әлеуметтік өзгерістер әкелген ерекше уақыт екені белгілі.

Қазақ даласындағы сол бір қоғамдық тарихи мезгіл қазақ халқының рухани өміріне де әсерін тигізбей қойған жоқ. Міне, осы әлеуметтік өзгерістер мен рухани серпіліс мысал жанрының дамуына ықпал еткен негізгі факторлар еді. Жалпы, өміріндегі өзекті мәселелерді көтерер көсем сөз сияқты өтімді, өктем жылдам жанарлардың әдеби аренаға толық шықпай, шыққанның өзінде бүкіл халыққа мол дәрежесінде жетпей жатқан кезде халықты елдікке, бірлікке, оқу-білімге шақыруды ғибраттық сарында, табиғатында поэзиямен егіз мысал жанрының халық үшін маңызы ерекше болды. Мысал жанрының дамуы бүкіл қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерген қазақ әдебиетінің классигі Абай дәуірімен тұспа-тұс келді. [3, 96] .

Рухани серпіліс кезінде, Абай дәстүрін жалғастыра мысалды әдебиетімізде жаңа биікке көтерген - Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы мысалдары сол кездің өзінде қазақ әдебиетіндегі өзгеше құбылыс ретінде танылды. Репрессия құрбандарының бірі болған Ахмет Байтұрсынұлының артына қалдырған мол мұрасы халыққа қайта оралды. Қазіргі кезде, осыған орай Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының арналы саласы - мысалдарын зерттеу, сол арқылы қазақ мысал жанрының күрт өрлеу кезеңінің табиғатын тану әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Мысал жанры қоғамдағы немесе жеке адамның бойындағы кейбір жағымсыз жәйт, кемшілік, дерт, ұнамсыз мінез-қылықты ашық, тура санамай, аллегориялап сынап-мінейді. «Аллегория» - грекше астарлап айту, басқаша айту деген сөз, яғни мысал-аллегория әлгідей кемшілік дертті көбінесе адамның емес, басқа бір хайуанаттың, құстың немесе бір заттың басында болған оқиға етіп суреттейді. Өзінің айтар идея, ой-пікірін жасырып, жұмбақтап айтады [4, 54] .

Әңгіме бір жәндік, бір зат туралы болғанмен, оның ар жағында адам бейнесі, адам ісі, адам характері тұрады. Кейде мысал бір адамның басында болған хикая деп те жазыла береді, бірақ мұндай адам туралы жазғанымыз мысал болу үшін оны екінші мағынасы астарлы пікірі болу керек. Мысалшы әлгі адамның теріс әрекет-қылығын көрсету арқылы басқа біреулердің басындағы, немесе соған табына, әлеуметтік тобына тән жөн-жозықсыздықты сынап-мінеуге тиісті.

Ахмет Байтұрсынов сөз дұрыстығына, тіл анықтылығына, тіл тазалығына, тіл дәлдігіне, тіл көрнекілігіне зор талғаммен қарауға шақырған ғалым және өзі асқан талғампаздық танытқан ақын. Стиль сипаты алдымен шығарманың тілінен танылатыны анық.

Ахмет Байтұрсынов мысалға шығармашылық даралығымен келген жаңашыл суреткер болды. Ақын мысалдарының өзіндік бір ерекшелігі - оқиғаға құрылуы эпостық сарыны. Мысалы «Аңдарға келген індет» атты драмалық тартысқа құрылған мысалдың көтерген жүгі қайсыбір шұбалаңқы поэмалардың сюжетінен салмақтырақ [5, 56] .

Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарыңның эпостық тынысты жазылуы жанр табиғатын түсінбей шашыраңқылыққа ұрыну емес, қайта әлемдік белгілі сюжет мазмұнын терендете мысалды драмалық сипатты шығарма деңгейіне көтеруінде.

Ахмет Байтұрсынов мысалдары тапқырлық жағынан сан-салалы, дегенмен, ойшыл ақынның халық тағдырын ойлаған «елшілік ұраны» (М. Әуезов. ) көтерген мысалдарына жаңа идеялық сипат дарытады.

Ахмет Байтұрсынов - жанр табиғатын терең таныған адам. Ол өз мысалдарында фольклорық, жанрлық және көркемдік дәстүрді үйлесімді берген. Мысалдың сюжеттік ортақтығы сияқты фольклорық дәстүрмен бірге, жанрлық дәстүрді, әртүрлі көркемдік тәсілдері (пернелеу, ғибрат, персонаж, әңгімелеу, сатира, драмалық тартыс, сентенция) ұтымды пайдалана білген. Стиль қалыптастыруда жанрдың өзіндік өзгешілігінің мәні зор. Соколовтың тілімен айтқанда, «стильдің жанрға тәуелділігі» мысалда анық байқалады. Қандай стильдік көшенденуі, жарқырап көрінуі көркемдік шеберлікке байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МЫСАЛ ЖАНРЫ
МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Мысал жанрының қалыптасуы
Абай тұлғасы
Мысал жанрының ерекшелігі
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Әңгіме жанрын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz