Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3бет

І ТАРАУ ДРАМАНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

1.1 Қазақ драматургиясының зерттелу деңгейі мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.7бет
1.2 Драманың негізгі ерекшелігі және оның ішіндегі тартыс табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.12бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ДРАМАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Драмалық шығармаларды оқыту жолдары. Көркем шығармалардың композициясы мен сюжетін таныту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.18бет
2.2 Мектепте драмалық шығармаларды меңгертудің тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.24бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 26бет
Тақырыптың өзектілігі.Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері — оқушылардың әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық мәдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Мұндай мақсаттар әдебиетті оқыту барысында оқушылардың жан-дүниесіне әсер ете алатын әдістерді қолдану нәтижесінде ғана орындалады. Проза, поэзия, драматургия қайсысы болсын ең бастысы туындының көркемдік болмысын оқушыға таныта алатын жақсы әдістер жүйесін қолдану арқылы ғана оқушының дамуы туралы айта аламыз.
Бағдарламада берілген драмалық шығармаларды оқи отырып, оқушылар тарихи-әдеби процестер туралы біліп, әдебиет теориясынан білім алады. Осы арада бағдарламада берілген драмалық туындының оқытылуы құрғақ, формалдық жолмен оқытылып кетпеуін қатаң қадағалау арқылы ғана әдістеменің тиімділігі танылады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің міндеті — оқушыларға теориялық, тарихи-әдеби білім беру, өнердің бір саласы ретінде драмалық шығармалардың ерекшелігін таныту, адам характерін сомдаудағы мүмкіндіктерін таныту және сол білімді өз бетімен ала алатындай әдістерді үйрету.
Мектеп бағдарламасында берілетін драмалық шығармалардың барлығына ортақ негізгі мәселелерді қатыстыра отырып, әрбір шығарманың өзінің көркемдік – сюжеттік құрылымына байланысты да әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді жүйелеуді міндет етіп отырған драматургияны оқыту әдістемесі қазіргі білім берудегі бастан кешіріліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді де молынан бойына сіңіруі тиіс. Сол арқылы ғана драмалық шығармаларды оқытудың сапасы жетіліп, оқушыларға білім беру мен биік идеялды тәрбие беру міндеті жүзеге асырылмақшы.
1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: «Рауан», 1997.
2. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. Алматы: «Мектеп», 1983.
3. Көшімбаева А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. Алматы: «Мектеп», 1969.
4. Рыбникова М.А. Очерки по методике литературного чтения. М., 1985.
5. Ыбыраев Ш. «Эпос әлемі». А., 1993. 422-б.
6. Қасқабасов С. «Қазақ халық прозасы». А., 1972. 107-б.
7. Қабдолов З. «Сөз өнері». Алматы: Санат, 2002.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.
9. Ақшолақов Т. «Шығарманың көркем айшықтарын таныту». Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі». Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий». - М, : Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. «Педагогика и прогрессивные технологии обучения».- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В.«Теория развивающего обучения». -М., 1996 г. Дьяченко В.К. «Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса». -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. « Қазақ ұлттық энциклопедиясы»
15. Әуезов М., «Әдебиет тарихы» , Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», Қызылорда, 1931
17. «Қазақ фольклористикасының тарихы», А., 1988
18. «Қазақ фольклорының тарихилығы», А., 1993
19. Жұмалиев Қ., «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері», А., 1958
20. Ғабдуллин М., «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», А., 1972
21. Ысмайылов Е., «Ақындар», А., 1956
22. «Қазақ фольклорының типологиясы» А., 1981
23. Бiтiбаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» . А., 1997.
24. Әбдiбекқызы К. «Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту». А., 1994.
25. Бiтiбаева Қ. «Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал)» А., 1990.
26 Жұмажанова Т. «Қазақ әдебиетi әдiстемесi». А., 2003.
27. Қоңыратпаев Ә. «Әдебиетті оқыту методикасы». А., 1985.
28. Бітібаева Қ. «Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту». Семей, 2007.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3б ет

І ТАРАУ ДРАМАНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

1.1 Қазақ драматургиясының зерттелу деңгейі мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-7бет
1.2 Драманың негізгі ерекшелігі және оның ішіндегі тартыс табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-12бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ДРАМАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Драмалық шығармаларды оқыту жолдары. Көркем шығармалардың композициясы мен сюжетін таныту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .13-18бет
2.2 Мектепте драмалық шығармаларды меңгертудің тиімді жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-24бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...26бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері -- оқушылардың әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық мәдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Мұндай мақсаттар әдебиетті оқыту барысында оқушылардың жан-дүниесіне әсер ете алатын әдістерді қолдану нәтижесінде ғана орындалады. Проза, поэзия, драматургия қайсысы болсын ең бастысы туындының көркемдік болмысын оқушыға таныта алатын жақсы әдістер жүйесін қолдану арқылы ғана оқушының дамуы туралы айта аламыз.
Бағдарламада берілген драмалық шығармаларды оқи отырып, оқушылар тарихи-әдеби процестер туралы біліп, әдебиет теориясынан білім алады. Осы арада бағдарламада берілген драмалық туындының оқытылуы құрғақ, формалдық жолмен оқытылып кетпеуін қатаң қадағалау арқылы ғана әдістеменің тиімділігі танылады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің міндеті -- оқушыларға теориялық, тарихи-әдеби білім беру, өнердің бір саласы ретінде драмалық шығармалардың ерекшелігін таныту, адам характерін сомдаудағы мүмкіндіктерін таныту және сол білімді өз бетімен ала алатындай әдістерді үйрету.
Мектеп бағдарламасында берілетін драмалық шығармалардың барлығына ортақ негізгі мәселелерді қатыстыра отырып, әрбір шығарманың өзінің көркемдік - сюжеттік құрылымына байланысты да әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді жүйелеуді міндет етіп отырған драматургияны оқыту әдістемесі қазіргі білім берудегі бастан кешіріліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді де молынан бойына сіңіруі тиіс. Сол арқылы ғана драмалық шығармаларды оқытудың сапасы жетіліп, оқушыларға білім беру мен биік идеялды тәрбие беру міндеті жүзеге асырылмақшы.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ драматургиясының өзіндік даму жолы бар жеке арна екенін айқындау, драмалық туындыларды жіктеп, жас ерекшелігіне сәйкес саралап, олардың көркемдік дәрежесін ашып көрсету - жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай міндеттері шығады:
oo драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау жүйелеу;
oo драманы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
oo оқушыларға драманы дұрыс қабылдай білуге үйрету;
Курстық жұмыстың әдістері: талдау, жинақтау, жүйелеу, зерттеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы. Жұмыстың нәтижелерін жоғары және орта арнайы оқу орындарының филология факультеттерінде Драманы оқыту пәнін оқытқанда, жекелеген арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады. Орта мектептердегі бастауыш сыныптарды оқытудың әдістемесінде де қолдануға болады.
Курстық жұмыстың кұрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І ТАРАУ ДРАМАНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

1.1 Қазақ драматургиясының зерттелу деңгейі мен даму тарихы

Ең алдымен қазақ әдебиетіне көңіл бөліп, балалар әдебиеті мәселесіне мақала арнаған І.Жансүгіров болды. Осы орайда оқушыларға арналған алғашқы пьесаның (Мектеп пьесасы) авторы да І.Жансүгіров екенін еске алған орынды.
Драманы зерттеуде орыс әдебиеттану ғылымында бірқатар маңызды еңбектер жазылды. Бұл ретте алдымен В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, М.Горький, К.Чуковскийдің т.б балалар әдебиетіне арналған еңбектерін атаған жөн.
Қазақ әдебиетінің зерттелу тарихына көз салсақ, белгілі ақын, жазушы, ғалымдар: І.Жансүгіров, Ш.Ахметов, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Нұрқатов, Б.Ыбырайым, Қ.Ергөбеков, т.б еңбектері назар аударарлық.
Тікелей қазақ драмасына арналмаса да жалпы қазақ драмасы туралы зерттеулер: М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Р.Нұрғалиев, Р.Рүстембекова, М.Дүйсенов, С.Ордалиев еңбектері бұл салаға бастау боларлық, бағыт боларлық үлгілер.
Ал, қазақ драматургиясы жөнінде арнайы монографиялық зерттеулер жазыла қоймаса да, әр дәрежеде жекелеген ізденістер, пікір айтулар баршылық.
Пьесалардың арнайы жинақ болып шығуы да драматургияның дамып, қалыптасуына өз үлесін тигізді. Алғашкы балалар жинағының бірі ретінде 1959 жылы жарық көрген Б.Ыскақовтың Кішкене театр кітабын атауға болады. Зерттеуші Ш.Ахметов өз еңбегінде Б.Ысқақов шығармашылығына былайша баға береді: Б.Ысқаков - қазақ драматургиясын жасауға және оны дамытуға ат салысып келе жатқан қаламгерлердің бірі [1.25]. Ал 1959 жылы оның мектеп сахнасына арналған пьесалары Кішкене театр деген атпен өз алдына жеке кітап болып шықты. Автордың бұл пьесаларының қайсысы болса да қызықты сюжет, тартымды оқиғаларға құрылған. Оларда балалар бойындағы зеректік, тәртіптілік, еңбек сүйгіштік, адалдык, адамгершілік, ұйымшылдық сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі, ал кейбір балалардың бойында кездесетін тентектік, өтірікшілік, жалқаулық, дөрекілік, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтар әшкереленеді [2.158]. Ш.Ахметовтің аталған еңбегі балалар әдебиетіне арналған алғашқы зерттеу еңбек болуымен ерекше.
Ғалым С.Ордалиевтың Қазақ совет драматургиясының очеркі атты еңбегіндегі 1950-60 жылдардағы қазақ драматургиясының мәселесін көтерген көлемді мақаласының да маңызы зор. Мақаланын авторы 1950-60 жылдардағы пьесалардың біраз бөлігін идеялық, тақырыптық жағынан талдаған. Мақалада сол кездегі драматургиядағы тартыссыздық мәселесіне тоқтала, келіп, Қ.Бадыров пен М.Ақынжановтың Алтын сақа, МАқынжановтың Ыбырай Алтынсарин, Ш.Құсайыновтың Нұрлы тас, Т.Байжановтьщ Әлия Молдағұлова және т.б, авторлардың шығармаларын талдап, өз бағасын береді.
Алайда автор пьесаларды талдау барысында идеялық бағытты ұстанған. Мәселен, Алтын сақа пьесасын талдай келе: Алтын сақа пьесасының авторлары халық ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін жете меңгеріп, орынды пайдаланғандықтарымен қатар, бүгінгі күннің мақсаты болған, жастарды коммунистік рухта төрбиелеу идеясымен дүрыс ұштастыра білген. Сондықтан да пьеса ежелгі уакыттағы ертегі аңыздарды суреттеу арқылы қазіргі таңның талабына үн қосады, дейді. Дегенмен де, С.Ордалиевтың аталған мақаласы сол кездегі драматургияға баға беруімен, жіктеп, саралауымен құнды дей аламыз. Автор өз мақаласында тек қазақ драматургиясына ғана емес, орыс драматургиясына да назар аударып, казақ және орыс балалар пьесаларындағы ұқсастықтар мен кемшіліктеріне тоқталып өтеді.
Қазақ зерттеушілері қазақ әдебиеті туралы өз пікірлерін аз-аздап болса да білдіріп жатты. С.Қирабаев 1949 жылғы балалар әдебиеті деген мақаласында балалар әдебиетіне қойылатын негізғі талаптарды айтады: Балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптар: біріншіден, шығарманың оқиғалы (сюжетті) болуы, оқиға қызғылықты болып, балаларды өзіне тартып отыруы керек. Екіншіден, балалардың білім дәрежесі, жас өзгешеліктері ескерілуі керек. Балалар үшін жазылған кітаптар әр кластағы баланың өз тіліне, өз білімінің, педагогика түрғысынан ұстамды, дидактиканың принциптерін қамтуы керек. Ғалым С.Қирабаев бұдан кейін де балалар әдебиеті мәселесіне арналған Балаларға үлкен әдебиет жасайық деген мақаласында балалар әдебиетіне қойылатын биік талаптар жөнінде айтады. Және де автор мақаласында жоғарыда айтылған ойды дамыта келіп балалар үшін жазылған шығармалардың тіл тазалығы мен көркемдігі ең басты талаптардың бірі екеніне мән береді.
Қазақ әдебиетіне арналған зерттеулер қатарына Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы айдарымен шығып келе жатқан көп томдық алғы сөзіне жазылған пікірлерді де қосуға болады. Сол томға шығармасы кірген автордың өмірбаяны, шығармашылығы туралы, ұсынылып отырған туындыға берілетін баға туралы пікір айтылады.
Қазақ драматургиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар М.Әуеов. Р.Нұрғалиев, С.Ордалиев, Ә.Тәжібаев, Р.Рүстембекова, М.Дүйсенов, Ж.Әбілев және т.б. еңбектерінен жалпы драматургия жанрынын ерекшеліктері туралы мәлімет ала отырып, балалар драматургиясының өзіндік сипатын ашуға тырыстық. Қазақ драматургиясының қалыптасу кезеңінде жазылған М.Әуезовтің Жақсы пьеса-сапалы әдебиет белгісі. Қыз Жібек кандай?, Дінді әшкерелейтін пьеса, Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар т.б. мақалалары жалпы драмалық шығармалардың өзіндік сипатын, кейіпкер әрекетін, драмадағы тартыс мәселесін қозғайды. Жақсы пьеса-сапалы әдебиет белгісі деген мақаласында М.Әуезов: Оқиғасы тығыз құрылған, істелуі босаң емес, құрыш пьеса керек. Ол үшін әрбір тұлға көп ойланып, көп сұрыптаудан туған болсын,-деп талаптар қояды. Ал, Драматургия заңы туралы кейбір ойлар деген мақаласында М.Әуезов драмалық шығармалардың теориялық мәселелерін айта келіп, драманың архитектоникасына мұқият қарау жөнінде ой айтады. Зерттеуші Ә.Тәжібаев Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы атты кітабында қазақ драматургиясының тууы мен қалыптасуын халык ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстармен байланыстырып казақ драмасының түп тегі халық мұрасымен сабақтайды. Автор қазақ драматургиясындағы ірі-ірі туындыларға зор ақындык шабытпен баға береді. Трагедиялык. комедиялық шығармалардың табиғатын ашып, кейіпкер характеріне тоқталады. Ұлт әдебиетіндегі драмалық шығармалардың жанрлық дамуы туралы, драма жанрының спецификалық ерекшеліктері туралы, драманың жүйелі зерттелуі, идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін айқындау, драмалық жанрдың даму тенденциясын ашып көрсетуді мақсат ете жазылған Р.Нұрғалиевтың Айдын атты монографиялык еңбегінің қазіргі қазақ драматургиясының бағыт бағдарын айқындауда маңызы зор [3.258].
Қазіргі қазақ драматургиясының қыр-сырын ашып, жанрлық жақтан жіктеп, кейіпкер характерін ашатын көлемді зерттеудің жоқтығы тақырыптың көкейкестілігін көрсетеді.
Зерттеу негізінен 1934 жылы жазылған І.Жансүгіровтің Мектеп пьесасынан бастап жүргізілді. Балалар мен жасөспірімдер театрынын ашылуымен дүниеге келген М.Ақынжанов пен Қ.Бадыровтың Алтын сақа, М.Акынжановтың Ыбырай Алтынсарин және т.б. 1950-60 жылдары шықкан пьесалар алғашқылар ретінде жаңаша бажайлау тұрғысынан талданды. Негізгі талдау объектісі болған пьесалар 1960-70 жылдарда шыққан туындылар. Сонымен бірге 1980-90 жылдардағы қоғамдық тоқырау кезіндегі бірен-саран пьесалар мен казіргі жаңа әдебиет аталып жүрген 1990-2000 жылдар туындыларына көбірек назар аударылды. Балаларға арналған драмалық шығармаларды жас ерекшелігіне сәйкес шартты түрде негізінен екі топқа бөліп қарастырылды:
1.Бүлдіршіндерге арналған драмалық шығармалар
2.Мектеп оқушыларына арналған драмалық шығармалар
Мектеп окушыларының жас ерекшелігіне сәйкес өз ішінде тағы да
екі топқа:
а) төменгі сынып окушыларына арналған
ә) жоғарғы сынып (яғни ересектерге) арналған туындылар деп тағы жіктелді. Сонымен бірге жұмыс көлемінде балаларға арналған драмалық туындылардың шағын түрлеріне көңіл бөлінді. Шағын драмалық туындылар қатарына мектеп, балабақша өмірінде жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру мақсатында, тіл дамыту мақсатында койылған скетчтер, инсценировкалар, интермедиялар мен тақырыптық койылымдар алынды. Жұмыс көлемінде балаларға арналған пьесалардың тақырыптық-идеялық мақсатын ашумен бірге көркемдік дәрежесін саралауды жөн деп санадық. Жас жеткіншекке сөз қадірін түсіндіріп, көркем сөздің құдіретін бағалауға тәрбиелейтін драмалық туындылардың мәні зор. Әсіресе, жазушылар: М Гумеров. Қ.Ыдырысов, С.Омаров, Ә.Табылдиев, Е.Елубаев, С.Жүнісов. Б.Ысқақов, А.Ақпанбетұлы, С.Әуелбаева, С.Бегалин т.б. туындылары жіті талданды.
Драмалық туындыларда кездесетін көп сөзділік ақыл айтушылық, кейіпкер тілінің жұтаңдығы сияқты кемшіліктер де ескерілді. Сонымен бірге, басты назар әр драмалық туындыдағы ұлттық реңк, ұлттық бояу мәселесіне аударылды. Осы ретте ғалым, зерттеуші Б.Ыбырайымның ұлттық ерекшеліктер балаларға арналған шығармалардың 1970-80 жылдағыларында мүлдем ескерілмей кеткені туралы пікіріне қосыламыз.
Ал, кейінгі тәуелсіз әдебиет тұсында туған С.Әуелбаеваның Оюхан мен Жоюхан, А.Ақпанбетұлының Қайырымды қасқыр, Д.Исабековтің Әбіл-Диханның арманы, К.Оразбекүлының Ұлыс оң болсын, Б.Тайжанның Тосыннан тойланған той, Т.Ахметжанның Қара торғай,т.б. пьесаларында көрінетін ұлттық ерекшелікке баса назар аударылды. Сонымен бірге балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес драмалық туындылардың да өзіндік ерекшеліктері, өзіндік күрделенуінің болатынын драмалық туындыларды талдау кезінде нақтылана түсті. Мәселен, төменгі сынып окушылары мен бүлдіршіндер үшін жазылған драмалық шығармаларда драма түрлерінін шекарасы жоқ болса, ересектер үшін жазылған пьесаларды драма, комедия, трагедия деп жіктеуге мүмкіндік бар.

1.2. Драманың негізгі ерекшелігі және оның ішіндегі тартыс табиғаты

Жазушы еңбегін бағалаудың басты өлшемдерінің бірі - көркем шығармаға өзек болған тартыстың нақты өмірлік құбылыстармен байланыстыру дәрежесі екендігі белгілі. Суреткер тағылымы көбіне - көп туындыдағы іс-әрекеттің саяси-қоғамдық мазмұны арқылы өлшенеді. Ал осыны жүзеге асырудағы автор қолданған көркемдік амал-құралдар, өзіндік стильдік ізденістер зерттеуші назарына жөнді ілікпейді, тіпті кейде бұлар тәуелді негізгі авторлық позицияның жетекші ролі, оның қоғамдық - философиялық бағдары тиісті бағасын ала алмайды. Суреткердің өзіндік қолтаңбасын анықтауда оның шығармаларындағы тартыс табиғатын жете зерттеген әбден орынды. Осы тұста қоғамның даму заңдылығы, уақыт талабы, көркем ойдың өсу дәрежесі сияқты біраз мәселелердің басы ашылады. Әдеби туындыдағы тартыстың мән-мазмұны мен тегі, көркемдік өрнектелуі, байланысуы, күшеюі және шешім табуы әсіресе драмалық шығармаларды талдағанда аса маңызды. Пьесадағы конфликт пен характердің маңызы, олардың байланысы жөнінде талай орнықты пікірлер айтылған. Әдебиет мамандары, театр зерттеушілері драмадағы тартысты шығарма көлемінде талдайды, ал тартыстық мәні бар оқиғаларды таңдаудағы авторлық мақсат-мүдде ескерілсе, пьесаның бұрын көлеңкелі кейбір тұстарының өз бояуын табатыны сөзсіз. Жеке жазушының шығармашылық ерекшелігін сөз еткенде, оның авторлық тұрғысының ауқымы, дамуы мен бағытын белгілеу үшін тартыстың мәні мен маңызы, ғылыми тұжырымдарды нақтылауға қосар үлесі аз емес.
Драма үшін ең қажетті нәрсе - әрекет пен характердің тұтастығы мен бірлігі. Аталмыш жанр табиғаты турасында азды-көпті сөз болса, осы бір заңдылық аттап өтілмейді. Драматургияның өзіне тән ерекшелігі болып табылатын тартыс та, пьесаның мазмұнын ашу, бейнелеудегі характер орны да тікелей қимыл - әрекет үстінде ашылатыны даусыз, мұны әр пьеса өзінше көрстеіп жататыны тағы бар.
Пьеса автордың еркін араласуына жол бермейді, оны түсіндірудің, баяндаудың қажеттілігі мүлде жойылады - деген М.Горькийдің пікірінің астары терең [1; 145]. Бірақ қазіргі кезең драматургиясы үшін бұл бұлжымас заң болудан қалған тәрізді.
Идея да, авторлық өзіндік шешім де тек аршынды әрекет негізінде арналанады. Осыдан келіп, драмадағы негізгі талап бас көтереді. Ол - тартыс пен мінездің шымыр байланысы. Бей-берекет қозғалыс, сюжет шашыраңқылығы авторға абырой әкелмейтіні аян. Осы орайда шығармадағы оқиғаны түйіндеуге бас-көз болатын - тартыс деген ұғым бар. Табиғаты тылысым дерлік бұл термин жайындағы бұрын-соңды айтылған пікірлерді жүйелеу, сын көзбен бағамдау біраз мәселелерге жетелейтіні анық.
Өз мағынасындағы драмалық дегеніміз - индивидтардың өз мүдделері үшін күресінде және характер мен құлшыныстардың айырмашылығында [2;141]. Гегельдің пікірінше драмалық деген ұғым жанрдың негізгі ерекшелігі болып табылатын тартысқа саятын сияқты.
Драма дегеніміз - ойнаушылардың диалогы мен авторлық ремарка түрінде бейнеленген конфликт [3; 47].
Белгілі драма зерттеушісі В.Волькенштейннің бұл пікірі драма мен конфликт арасындағы байланысты басты нәрсе ретінде қарайды және тартыс компоненттерін де пьесаның өзекті мәселелерінің қатарына қосады.
Пьесаның құрылымдық көркемдігі, меніңше, идея, тартыс, кейіпкер мінездері сияқты үш жағдаймен анықталады [4; 86].
Шынында, драма негізгі осы үш нәрседен тұрады деу қарапайымдау айтылған қағида. Жалпы, осы үшеуі негізгі материал болса, тіл, сюжет, композиция сияқты драма элементтері үштікті біріктіріп, байланыстырып, дамытып, белгілі шешімге жеткізіп тұратын сияқты.
Қазақ совет драмасының теориялық мәселелеріне тереңдей енген М.Әуезов тартыс тұрғысында тартымды пікірлер айтты:
Конфликт - өлеңді белгілейтін поэтика элементтері сияқты драматургияның негізгі компоненті. Драмалық шығарманы анықтап, проза, поэзиядан бөлшектеп тұратын шартты белгі - жалғыз-ақ конфликт. Әрбір пьеса шиеленіскен қайшылықтарға, жігер, сезім, ой, еңбек, мақсат т.б қайшылықтарға құрылады. Осы қарама-қарсы ағымдар оқиғаның орталық, параллельжәне қосалқы линияларында конфликт тудырып дамытады. Ал конфликт нағыз сауатты жазылған драманың өзегі, негізі болады [5;25].
Белгілі әдебиет зерттеушілері Р.Нұрғали, С.Ордалиев қазақ драмасындағы конфликт турасында құнды пікірлер айтқаны мәлім. Пьесаның көркемдік, идеялық сапасының жоғары болуы, ең алдымен тартыстың терең, айқын болуына, драмалық түйіннің беріктігіне байланысты. Тартыс турасында сөз болғанда араласа жүретін, байланысы байқалатын қарама-қайшылық, қақтығыс, перепития деген ұғымдар бар. Қарама-қайшылық қақтығысқа әкелетін оқиғалар желісі болса, түрлі қақтығыстар тартысқа әкелетін жол. Ал перепития болса - кейіпкер өміріндегі қысылтаяң шақ, оқыс өзгеріске апаратын қимыл. Коллизия қақтығыстар түйіні, тартыс сол драмалық түйінді шешуге бағытталған кейіпкер қимылынан туындайды. Драмалық шығарманың негізі, түп қазығы болып табылатын тартыс өмірдегі қарама-қайшылық негізінде қалыптасады. Тартыс турасында әдебиеттану ғылымында мынадай пікірлер қалыптасқан.
В драме сила и важность события дает себе знать, как коллизия или та сшибка, то столкновение между естественным влечением сердца героя и его понятием о долге, которые не зависят от его воли, которых он не может ни произвести, ни предотвратить, но которых разрешение зависти не от события, но единстенно от свободной воли героя. Власть события становит героя драмы на распутии и приводит его в необходимость избрать один из двух, совершенно противоположных друг другу путей для выхода из борьбы с самим собою, но решение в выборе пути зависит от героя драмы, а не от события [6;105].
Қарама-қайшылық пьесадағы қаһарманнан батыл шешімді талап ететін оқиғалар тізбегінен тұрады. Егер қаһарман жағдаймен келіссе, яғни шндыққа мойынұсынса, онда тартыстың қажеті де жоқ. Ал егер қаһарман жағдайға қарсы шығып, өз мінезін көрсетсе, көзқарасын айқындаса, онда драмалық күрес туындап, қарама-қайшылық тартысқа ұласады. Оған қатысушылардың белгілі бір шешім қабылдау кезеңі қарама-қайшылықтан тартысқа өту кезеңі болып табылады. Сонымен, драма үшін ең қажетті нәрсе әрекет пен характер тұтастығы екендігі көптеген зерттеулерде дәлелденген. Қалыптасқан дәстүр бойынша дрматург адамның іс-әрекет пен ой-арманын жай баяндап қана қоймай, оларды әрекет үстінде ғана көрсетуі қажет. Бұл қай кезеңдегі драманың болмасын негізгі талаптарының бірі болмақ. Әрекеттен тартыс туындайды деген пікірдің де жиі айтылып жүргенінің өзіндік мәні бар.
Тартыс дегеніміз - өзінен-өзі пайда бола қалатын нәрсе емес, ол өмірдегі әр түрлі адамдардың күресі үстінде көрінетін, түрліше характерлерін ашатын күш [7;8].
Демек, тартыс жайдан-жай пайда бола қалмайды, оны тудыратын әлеуметтік, қоғамдық қарама-қайшылық болуы қажет. Қоғамдық, рухани болмыстың көптеген жағдайларында тартыс құрылымы бар. Бірақ бұдан көркемдік тартыс нақты өмірдегі тартыспен сәйкес деген ұғым тумаса керек. Бұнда өмірлік процестер мен құбылыстардың эстетикалық тұрғыдан танудың өзіндік ерекшелігі мен қиындығы жатыр. Қоғамдық тартыс қалыптасқан идея сияқты обьктивті түрде өмір сүреді және белгілікті бір адамдар, оқиғалар, дүниеге деген сан түрлі көзқарастармен байланысты болады. Бақылау обьектісі бола отыра, ол суреткер қиялына алуан сапалы мүмкіншіліктер береді. Көркемдік бейнелеудің құрылымына кіргізілетін адамдар саны, олардың оқиғалар тізбегіне байланысты әлеуметтік тартыс суреткер санасында өзінің талай мәнді үлгілерін тудырады. Шындық өмір қайшылықтары көркем әдебиет оқиғасына айналғанда құрылымы мен сипаты әртүрлі тартыстарды өмірге әкеледі.
Тартыс мәселесі - драматургияның ең негізгі, әрі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Шындық өмірді, оның қарама-қайшылықтарын бейнелеудің ең маңызды құралы болып есептелетін тартыс қоғамның дамуы мен жазушының шеберлігі арқасында қоса дамиды. Әрбір қоғамның өзіне тән қайшылықтары бар, сондықтан тартыстың пайда болуы мен дамуы, өту барысы, шешімі де әр түрлі болады. Драмалық тартыс қарама-қайшы көзқарастардың, мүдделердің күресі түрінде ашық та көрінеді, сонымен қатар көзге көп байқалмай, қаһарманның жан-дүниесінің терең түкпірінде де өтіп жатады. Күшті әрекет қимыл, әсерлі де мазмұнды диалогтар, динамикаға толы тартыстар - қай драманың көркемдік дәрежесінің көрсеткіші ғана емес, жымын тауып жалғастыратын кірпіштері. Қазақ драматургиясы әр кезеңнің өзіне тән қарама-қайшылықтарын драмалық тартысқа негіз етіп ала білді.
Оқиға желісі күшті тартысқа құралған шығармалардың қатарына С.Мұқановтың Шоқан Уәлиханов пьесасын жатқызуға болады. Нақты өмірдегі жайттарды талғап, елеп-екшеу, ой таразысынан өткізу, көркемдік мәнін ашу - драмадағы қойылатын басты талап. Қоғамдық құбылыстың терең тамырларын таппай, өмірлік қайшылықтардың мазмұнын дұрыс талдамай, кездейсоқ, болымсыз таластарды пьеса негізі етіп алу оның көркемдік маңызына кері әсер етеді.
Қоғамның дамуы ескі мен жаңаның арасындағы күресі арқасында жүзеге асатыны белгілі. Көркем шығармада осы күрестің негізгі салмағы тартысқа жүктеледі, әдеби туындының идеясын, оның қоғамдық бағасын анықтауда тартыс мазмұны жетекші орын алатыны сөзсіз.
Әр қоғамдық-экономикалық құрылыстың тартысының өзіне тән сапалық ерекшелігі бар, сондықтан оның әрекет ауқымы, ағымдық формалары, шешілу тәсілдері әрқалай болады, оның үстіне қоғамдық нәтижесі де өзгереді. Қалыптасып қалған әлеуметтік - тұрмыстық қақтығыстар арқылы тартысқа саяси сарында жаңа мазмұн беру түрі көптеген драматургтердің көркемдік зерттеу обьектісіне айналған.
С.Мұқанов тартыс құруда өзіндік ізденіс-табыстарымен ерекшеленеді. Шығармашылығының айнымас өзегі - ұлылар өмірі тақырыбы болып келе жатқан драматург аса маңызды мәселелерді өз туындыларының тартымды түйіні ете білген. Жазушының тартыс құрудағы, дамытудағы және жеріне жеткізе шешудегі ұстанған тұрғысының даму барысын бақылау - күрделі мәселелердің бірі. С.Мұқановтың пьесаларындағы тартыс сол кезең драматургиясы үшін біршама ерекшеленеді. Драматург бұл туындыларына Шоқан өмірінің сан қилы оқиғаларға толы жекелеген кезеңін ғана арқау еткен, сол арқылы қоғамдық-әлеуметтік тартысты тереңірек көрсетуді мақсат еткен.
Драматург Шоқанды әр ортада көрсете отыра, қоғамдық әлеуметтік маңызы зор тартысты көтереді, ол өзі өмір сүрген дәуірдің әділетсіз жақтарын қатты сынап, қараңғы ескі дүниені қиратуға бар күш-жігерін жұмсайды. Бірақ Шоқан сол ескі күшпен батыл күресуге дайын емес болатын. Шоқан біраз уақытқа дейін адасады, ол қазақ өмірін жақсарту мақсатында патшадан рақым күтумен болады. Осы ойларын жүзеге асыру барысында елге сұлтан да болғысы келеді. Осы сияқты жайттарды шебер түрде нанымды етіп суретей отыра, драматург Шоқан басындағы күрделі хал-жағдайдың сырын ашқысы келеді. Шоқанды өзі өмір сүрген дәуірге қарсы қоя отырып, заманның неше түрлі тартыс тудыратын арналарын ашады. Сол арқылы қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор тартысты көтеруге ұмтылады. Пьесада тартыс үш бағытта өрбиді: біріншісі, Шоқан мен патша әкімдерінің арасындағы тартыс; екіншісі, Шоқан мен ауыл байларының арасындағы тартыс; үшіншісі, Шоқан мен Айжан сүйіспеншілігіне негізделген тартыс.
Бұл пьесадағы тартыс басқа қазақ пьесаларындағыдай айқын көрініп тұрмайды, геройлардың әрекет қимылдары сырттай сараң болғанымен, үңіле қарасаң күшті, жан-жақты екенін аңғарамыз [7;13] - деген пікірмен келіспеуге болмайды.
С.Мұқанов өзінің бұл шығармасын трагедия деп атаған. Себебі трагедия жанрына тән қасиеттердің барлығы бұл шығарманың бойынан табылады. Драматург жалғыз Шоқан басындағы түрлі тартысқа толы өмірді ғана емес, бүкіл қазақ халқының басындағы қым-қуат трагедияға толы жайттарды қоса қамтыған. Қоғамдағы қарама-қайшы мүдделердің бітіспес айқасы, қарапайым халықтың жан айқайы арқылы үлкен маңызды тартысты көтереді. Шыққан ортасы хан тұқымынан болса да, қарапайым халық қайғысын бөлісуге, әркез жәрдем беруге даяр тұратын Шоқан қараңғы қапас ескі дүние шырмауынан шығар жол іздейді. Кішкетайынан оқып-білгені, көргені мол Шоқан өсе келе ағартушылық - демократтық ойлары тереңдеген сайын өзі өмір сүріп отырған ортадан қол үзіп алыстай береді. Туған-туысқандары, әкесі Шоқанды түсінуден қалады. Қарама-қайшылықтың нәтижесінде бітіспес, мәмілеге келмес тартыс басталады.
C.Мұқановтың Шоқан Уәлиханов трагедиясы жазушының драматургтік шеберлігін айрықша танытты және қазақ драматургиясының аса елеулі табысы болды. Ол пьесаның басында көтерген конфликтіні пьесаның соңына дейін бәсеңдетпей, шиеленістіріп отырады.
Жалпы драмалық шығармада негізгі тартыспен қатар өрбитін бірнеше қосымша да тартыстар болады. Олар пьесадағы негізгі тартыспен бірге дамиды, оның шиеленісуіне жағдай жасайды, яғни негізгі талас-тартыстардан басқа тартыстардың барлығы сол негізгі тартысқа қызмет етуі қажет. шоқан Уәлиханов пьесасында іс-әрекеттің барлығы біртұтас тартыс төңірегіне топтастырылған. Осы орайда қай кейіпкерді жеке-дара алып қарасақ, әрқайсысының көздеген өз мақсаты бар: Шоқан халқының аыр тұрмысын жақсартқысы келіп, өзі өмір сүрген орта заңдарына қарсы шығады; патша әкімдері қазақ елін бодандықта ұстауды мақсат етеді; Сұлтанғазы болса, Шоқанның орнын баспақ; Жақып шайқалған хан тұқымының шаңырағын қалпына келтірмек. Пьесадағы кейіпкерлердің әрқайсысы өздерінің алдына қойған мақсатын жүзеге асыру үшін күреседі. Осы іс-әрекеттердің барлығы - халқының қамын ойлаған, жарқын болашақты аңсаған Шоқан үшін қат-қабат кедергі болады, өмірінің қайғы-мұңға толуына, ақыр аяғында өлімге әкеп соғуына себепші болады. Пьеса кейіпкерлердің мақсатына жету жолындағы күресі бір-біріне ұштасып, бүкіл іс-әрекет негізгі бір мақсатқа бағытталған. Пьесада тартыс бірден көзге көрініп тұрмайды, бірте-бірте дамиды. Драматург Шоқан басындағы ауыр трагедияның әлеуметтік қысымнан келіп туғандығын көрсетеді. Шоқанның тұлғасын сахнаға шығару, оның өмір өткелдерін пьесада көрсету драматургтен көп ізденісті талап еткен.

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ДРАМАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2.1 Драмалық шығармаларды оқыту жолдары. Көркем шығармалардың композициясы мен сюжетін таныту.

Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің дұрыс жасалуы мен ұйымдастырылуы және драмалық шығармаларды оқытудың жемісті болуы оқыту мазмұнын анықтаумен, оқыту принциптерін жүйелеумен тығыз байланысты.
Драмалық шығармаларды оқыту оқыту әдістемесінде мынандай әдістерді алуға болады:
oo Әңгімелеу;
oo Проблемалық баяндау;
oo Шығармашылық оқыту (іздендіріп оқыту);
oo Иллюстрация және көрнекілік;
oo Жазбаша жұмыс;
oo Өз бетімен жұмыс жасау;
oo Оқушылардың шығармашылық жұмыстары;
oo Деңгейлік тапсырмалар орындату;
oo Өнер және мәдениет құралдарын қолдану;
oo Техникалық құралдарды қолдану;
oo Сабақтан тыс жұмыстар жүргізу т.б. [16,25]
Жазбаша жұмыстарды орындату. Жазбаша жұмыстардың мақсаты- оқушылардың тілін дамыту. Драмалық шығарманы оқыта отырып, оқушылардың тілі мен ойлауын дамыту жүйелі ету үшін жазбаша жұмыстардың түрлерімен тақырыптарын мұғалім алдын ала белгілеп, даярлап алады. Драманы талдауда оқушының сөздік қорын байытуға жазба жұмыстың Сөздік дәптер түрін қолдану дағдыға айналдыру өте маңызды орын алады.
Одан кейін жазба жұмысының түрі - драмалық шығармада автор жасап шығарған ерекше сөз қолданыстарын іріктеу, іздеті, талдау.
Жазбаша жұмыстың тағы бір түрі - драмалық шығарамада қолданылған халық тілінің байлығын талдау. Мақал-мәтелдер, фразалық тіркестер, нақыл сөздердің драмада қалай қолданылғаны мен автордың негізгі идеясын ашуға оладың қалай қызмет етіп тұрғанын көрсету арқылы оқушылардың ана тілін ойды білдіруден қолдана білу дағдылары қалыптастырылады.
Жазба жұмыс түріне сұрақтарға жазбаша жауап беру де жатқызылады. Мұның ерекшілігі - жазбаша жауап берілген кезде оқушының ауызша жауаптан гөрі ойлануға уақыты, мүмкіндігі мол болуында.
Жазбаша жұмыс жүйесінде шығарма жазу үлкен орын алады. Шығарма жазу барысында оқушының өзі оқырман, оқушының өзі сұрақ қоюшы, оқушының өзі жауап беруші, оқушының өзі төреші ролінде болып, нәтижесінде ойдың қаншама қабатынан сыналып, сығымдалып шыққан ой-толғаудан шығарма пайда болады. Сондықтан шығарма жазудың арнайы әдістемесінің мәні зор.
Негізінен монолгтық түрде келетін мазмұндау мен баяндама жасауда сөйлеу заңдылықтары мен тәртіптері де ескеріледі.
Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы. Қазіргі уақытта оқушылардың өз бетімен ізденуіне баса назар аударылып отыр. Сондықтан драмалық шығармаларды оқытуда оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын түрлендіріп отыру керек. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы олардың саналығына сүйенеді, әрі осы қасиетті қалыптастырады. Өз бетімен жұмыс жасауда оқушы мынандай алгоритімдерді орындай алады:
1. Драмалық шығарманы талдаудағы берілген тапсырмаға тікелей қатысты мақсатты нақтылау;
2. Мақсатқа жету үшін, соған қажетті материалдарды драмлық шығарма мәтінінен бақылау, ізденіп оқу;
3. Берілген тапсырманың, сұрақтың шешімін мәтіннен, белгілі бір абзац пен олардың байланысынан іздеп табу, өзінің болжамын нақтылап жазу;
4. Айтар ойының жоспарын жасау;
5. Жоспар бойынша өз ойын баяндау, басқа фактілермен салыстыру, өзінің шешімін ғалымдардың пікірімен салыстыра отырып дәлелдеу;
6. Өзіне берілген мәселені шешу үшін ұсынатын нақты көзқарасын айқын түрде көрсету.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Әдебиет сабағының оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мен дамытудағы үлкен ролі бұрыннан белгілі. Бірақ барлық әдістер бірдей оқушының шығармашылық қабілетін дамытады деп те түсінбеу керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағыты осыған арналған арнайы жоспардың талап етеді. Оқужылының басында жасалған пәндік жоспарда драмалық шығармаларға қатысты да орын беріліп, осы тақырыптың мазмұндық - құрылымдық болмысында оқушылардың шығармашылығын дамытуға потенциалды қандай мүмкіндіктер барын мұғалім алдын ала анықтап алады. Мысалы Ғабит Мүсіреповтың драматургиясын оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жоспарын мынандай элементтер қолдануға болады деп есептейміз.
Оқушылар Қозы Көрпеш - Баян сұлу драмасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
Драмалық шығармалар оқыту
С.ЖҮНІСОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Драма - ежелгі өнер
Қазақ драматургиясының жанрлары
Драмалық шығармалар
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІ
Драма мен театр байланысы
Қытайдағы театр өнерінің қалыптасуы және дамуы
Кейіпкер тілі
Пәндер