Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.бет
I ТАРАУ Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
1.1 Ежелгі дәуір әдебиет үлгілерінің қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.7бет
1.2 Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі ... ... ... 7.17бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын шығармаларды оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.20бет
2.2 Мектепте ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін оқыту үшін қолданылатын жаңа технологиялардың модульдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.25бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.27бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...28бет

Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет қашаннан «өмір оқулығы» деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады. Әдебиет – жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет саласының бірі – ежелгі дәуір әдебиеті болып табылады. Ежелгі дәуір әдебиеті – әдебиеттің ең негізгі және ең күрделі бөлімдердің бірі.
Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын ежелгі дәуір әдебиеті меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың басты мақсаты емес, сондай-ақ, ежелгі дәуір әдебиеті балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала – үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар – жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты:Ежелгі дәуір әдебиеті шығармаларын оқыту барысында түрлі әдістерді пайдаланып, оқушылардың ежелгі дәуір әдебиетіне жататын шығармаларды оқыту тиімділіктерін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау;
- Ежелгі дәуір әдебиеті шығармаларының зерттеушілеріне шолу жүргізу;
- Мектепте ежелгі дәуір әдебиетіне байланысты шығармаларды оқытудың тиімділіктерін іздестіру.

1. Қыраубайқызы А. «Ежелгі әдебиет» Астана 2001 ж.
2. Келімбетов М.«Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы 1996 ж.
3. Сүйінішәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу негіздері» Алматы 1967 ж.
4. Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы зерттеу» Алматы 1988 ж.
5. «Қазақтың көне тарихы». Зерттеу. Алматы 1993 ж.
6. Кенжебаев Б. «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» Алматы 1973 ж.
7. КелімбетовН., А.Канафин. «Түркі халықтарының әдебиеті» Оқулық хрестоматиясы. Алматы 1996
8. Қыраубайқызы А.. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, Мектеп ,2001
9. А.Аманжолов. Түркі филологиясы. Алматы, Санат, 1996
10. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, Жазушы, 1986
11. Хасенов Ә.Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны.Алматы,Қазақ университеті,1997
12. Жұртбай Т. Дулыға.1-кітап. Алматы, Жалын, 1994
13. Ахмет Йасауи. Хикметтер. Алматы, Өнер, 1995.
14. Жүсіп Баласағұни. Құтты білік. Алматы, Жазушы,1986
15. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, Санат, 1997.
16. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. Алматы, Қазақстан,1994
17. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, Рауан, 1995.
18. Т.Жұртбай. Дулыға. 1-кітап. Алматы, Жалын,1994
19. А.Машанов. Әл-Фараби мен Абай. Алматы,Қазақстан,1994

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..3-бет
I ТАРАУ ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ ҮЛГІЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ежелгі дәуір әдебиет үлгілерінің қазақ әдебиетінде алатын орны мен
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4-7бет
1.2 Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі ... ... ... 7-
17бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТ ҮЛГІЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-
ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын шығармаларды оқыту әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-20бет
2.2 Мектепте ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін оқыту үшін қолданылатын
жаңа технологиялардың
модульдары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...20-25бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 26-27бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..28бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Әдебиет қашаннан өмір оқулығы деп танылған.
Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет
даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады.
Әдебиет – жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады.
Әдебиет саласының бірі – ежелгі дәуір әдебиеті болып табылады. Ежелгі дәуір
әдебиеті – әдебиеттің ең негізгі және ең күрделі бөлімдердің бірі.
Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын ежелгі дәуір әдебиеті
меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың басты мақсаты емес, сондай-
ақ, ежелгі дәуір әдебиеті балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б.
тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің
маңызы өте зор. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілері оқушылардың ой-өрісін
жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы
адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен
қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры
мол, тілі дамыған бала – үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар – жақсы
үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы
да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған
сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.
Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны
оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік
қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс
қалмай жүрген мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты:Ежелгі дәуір әдебиеті шығармаларын оқыту
барысында түрлі әдістерді пайдаланып, оқушылардың ежелгі дәуір әдебиетіне
жататын шығармаларды оқыту тиімділіктерін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін
келесі міндеттер қойылды:
- Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау;
- Ежелгі дәуір әдебиеті шығармаларының зерттеушілеріне шолу жүргізу;
- Мектепте ежелгі дәуір әдебиетіне байланысты шығармаларды оқытудың
тиімділіктерін іздестіру.
Курстық жұмыстың әдістері: зерттеу, жинақтау, талдау, эксперимент.
Курстық жұмыстың болжамы: Мектепте ежелгі дәуір әдебиетін оқыту арқылы
балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып,
сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге және дүниетанымдық, өзіндік
көзқарастарын қалыптастыруға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізіміден тұрады.

маңыздылығы
Ежелгі дәуір әдебиет (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды
қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер, шығармалар аз
емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон
ескерткіштерін (VII ғ.), Қорқыт (VIII ғ.) және Оғыз-наманы (IX ғ.)
атаймыз. Ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу
Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани,
Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары,
ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) Аталған ғұламалар түркі
халықтарынан шыға тұра кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге
дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан. Ежелгі дәуір әдебиетінің
негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) Кодекс
куманикус, Махаббатнама, Жүсіп-Зылиха, Гүлстан, Домбауыл, т.б.
қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.Кез-келген халық, ру,
тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі
халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып
танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті
ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ
халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі
әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ
әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.
1. ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба
ескерткіштері яғни Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк туралы
құлпытастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, Оғыз-наме дастаны мен
Қорқыт ата кітабы, Әбу-Насыр Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері
енеді.
2. Х-ХІІ ғ. әдебиет. Бұл қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби
ескерткіштер. Ж.Баласағұнның Құтты білік, М.Қашғаридің Түркі тілінің
сөздігі, А.Яссауидің Даналық кітабы, А.Иүгінекидің Ақиқат сыйы,
С.Бақырғанидың Хакім ата, Жұбан ана, Әулие Мария туындылары Х-ХІІ ғ.
өмірге келген әдебиет нұсқалары.
3. ХІІІ-ХІҮ ғ. әдебиеті. Бұл кезең Алтын Орда не Хорезм дәуірі деп
аталады. Бұл дәуірдегі туындылар түркі әдеби тілінің шағатай, қыпшақ
диалектісі негізінде жазылған. Олар: Кодекс куманикус, Хорезмидің
Мұхаббат наме, Н.Рабғузидің Қисса сул Әнбия, Дүрбектің Жүсіп-Зылиха,
С.Сарайдың Гүлстан бит түрк, Құтыбтың Хұсрау-Шырын дастандары. Сонымен,
Х.Дулатидің Тарихи Рашиди, Қ.Жалайыридың Жамиғ ат тауарих, З.Бабырдың
Бабыр наме шығармалары осы кезеңнің үлгілері [1,545].
Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай көне түркі
ескерткіштері 3 топқа бөлінеді.
1. Енисей есерткіштері
2. Талас ескерткіштері
3. Орхон ескерткіштері [2,55].
Енисей ескерткіштеріне Енисей өзені, Тува республикасы, Алтай, Хакас
облысымен, Краснояр өлкесі территориясынан табылған ескерткіштер жатады.
Енисей ескерткіштері көлемі жағынан 10-15 жолдар, кішілері 1-2-3 жолдардан
тұрады. Енисей ескерткіштері Ү-ҮІІ ғасырды қамтиды.
Талас жазу ескерткіштеріне Талас өзені бойынан табылған 12 ескерткіш
жатады. Талас өзені бойындағы Айыртам-Ой деген жерден (қазіргі Жамбыл
облысы) 1896 ж. Әулие Ата уезінің бастығы Каллаур ғылымға үлкен жаңалық боп
енген жазуы бар тас тапқан. Зерттеушілердің пікірінше, Талас ескерткіштері
ҮІІІ ғ. қамтиды.
Орхон ескерткіштеріне ҮІ ғ. аяғы мен ҮІІІ ғ. басындағы Орхон, Селенгі,
Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған Құтлығ қаған (Онгин), Білге
қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Мойын Чор, Күллі Чор, Суджы ескерткіштері жатады.
Онгин ескерткіші 1891 ж. Монғолиядағы Онгин өзені бойынан Ядринцев
тапқан. Бұл ең көне ескерткіштердің бірі. Мұнда екінші түркі қағанатын
қайтадан қалпына келтірген Елтеріс қаған мен оның әйелі Елбіге туралы
әңгімеленеді. Құтлығ Күлтегін мен Білгенің әкесі.
Білге қаған (683-734) ескерткіші 1889 ж. Монғолиядағы Орхон өзені
бойындағы Эрдени Цэу монастырының жанынан Ядринцев тапқан. Білге қаған
Қапаған қаған қайтыс болған соң таққа отырған Құтлығ қағанның үлкен ұлы.
Ескерткіштегі жазуды жазған қағанның туысы Иоллығ Тегін делінеді.
Тоныкөк ескерткішін 1897ж. Селенгі өзені бойынан Д.Клеменц тапқан.
Тоныкөк – үш қағанның , 692 жылы қайтыс болған Құтлығтың, 716 жылы қайтыс
болған Қапағанның және 734 жылы қайтыс болған Білгенің әскери кеңесшісі
болған. Ол табғаш елінде оқып, тәлім-тәрбие, әскери білім алған.
Зерттеушілердің пікірінше, Тоныкөк 716 жылдан кейін қайтыс болды деп
жорамалданады. Ескерткіштегі жазуды жазған Тоныкөк. Әйтсе де жыр жазылу
стилі, композициялық құрылымы, идеялық мазмұны жағынан Күлтегінге ұқсас.
Күлтегін жырында негізгі нәрсе – Күлтегіннің ерлігі болса, Тоныкөк
жырында автор сол шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-айласы арқасында ғана
жеткендігін көрсетеді. Жырдың басты қаһарманы түркіелінің дана қарты
Тоныкөк. Сондықтан жырда уағыз-өсиет, нақыл сөздер көп.
Күлтегін (684-731) ескерткіші Білге қаған ескерткішімен қатар бір
жерде табылған. Күлтегін 731 жылы 27 ақпанда 47 жасында қайтыс болған.
Күлтегін жыры өз алдына дербес 8 циклдан тұрады. Әрбір цикл мазмұны
жағынан дербес хикая болып келеді.
1. Қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі;
2. Түрік қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді;
3. Түріктердің әскери жорықтарын хикая етеді;
4. Көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме;
5.Табғаштармен қатынасу түріктерге ажал қатерін төндіретіні жайындағы
хикая;
6. Түркі халқының көреген емес екенін өкінішпен жырлауға арналған;
7.Түркі халқының даңқын көкке көтерген қаған екендігі жөнінде айтылған
жыр;
8. Ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жәйттерді баяндауға арналған
Жалпы жырда Күлтегін түркі елінің төрт бұрышындағы барлық жауды
жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Күлтегін түркі халқын тәуелсіз
етіп, байлыққа кенелткен. Жырдың идеясы – түркі халқын ауыз бірлікке,
сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ата-баба жолын берік ұстауға шақыру
болып табылады.
Күлтегін жырының қазақ эпостарымен ұқсастығы туралы айтатын болсақ,
қазақ эпосында әсіресе батырдың жан серігі атының түр-түсін, шабысын
суреттеуге ерекше назар аударады [3,577].
Бұл көне заман мұрасы туралы айтудан бұрын Қорқыт атаның өзі кім
болғанын айқындап алу дұрыс. Қорқыт — VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы
Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен
бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт
ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер
сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен
деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан
іздейді. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты
көрінеді. Ол күйлерін толассыз тартып, дүниеден өтеді. Өзі өлгенмен артында
күйлері, ұлағатты сөздері қалады.Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт
ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он
екі жырдан тұратын қолжазба күйінде жөне Италияда (Ватикан) алты жырдан
тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді.
Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған
аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған — Қорқыт ата
(Қорқыт сөзі ертедегі түркілердің Хүр — кісі және хыт — күт
сөздерінен шығуы ықтимал. Ол құт әкелуші кісі деген мағынаны береді.
Кітапта қазақ халкының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз
тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы
мынадай жырлардан тұрады: Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр,
Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, Оғыз каған жыры, т. б. Қазан бектің
ауылын жау шапқаны туралы жырда оғыз тайпасының батыры Қазан бек аңға
кеткенде, оның елін Шөкілі хан шабады. Үлкен қырғын болады. Қазан бектің
Қара койшы дейтін қойшысы ерен ерлік көрсетеді. Ол тас атқышпен атқылап,
жауды жайпайды. Тас таусылғанда, тас орнына ешкілерді салып атады. Қазан
бектің әйелі Бөрілі сұлу да ордасын қорғап ерлікпен шайқасады. Алайда көп
жау жеңеді. Шөкілі осылайша Бөрілі сұлуды, баласы Оразды және барлық дүние-
мүлкін алып кетеді. Қазан бек аңда жүріп түс көреді. Түсінде үйіндегі
сұңқар жоғалады, ордасына көктен жай түседі. Түсінен шошынған Қазан бек
еліне оралып, мән-жайды Кара койшыдан біледі. Ол жорыққа аттанады. Бірақ
Қара қойшыны ілестірмейді. Бүкіл оғыз бектері жауды Қазан алған жоқ, Қара
қойшы алды деп күлер,— дейді де, бірге бармақ болған қойшыны ағашқа таңып
байлап кетеді. Алайда қойшы жұлқына-жұлқына ағашты тамырымен қопарып,
таңулы күйде арттарынан ілеседі. Мұны көріп Қазан бек оны байлаудан шешеді.
Бұлар жауға жетіп, шабады. Шөкілі ханды жеңіп, өз адамдарын құтқарады.
Жырда елін жаудан қорғау идеясы айқын сезіледі. Қорқыт ата кітабы — әр
түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас
өріп отырады. Қоркыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер
көптеп ұшырасады. Мысалы: Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі,
Құлан құдыққа құласа, құрбақа кұлағында ойнайды, Ат қиналмай жол
шалмас, Көңілі пасық ерде дәулет болмас, Қар қаншама қалың жауғанмен –
жазға бармас, Анадан өнеге көрмеген қыз, атадан тағылым алмаған ұл ел
басын құрап, үйінен дөм беруге де жарамайды, Ата даңқын шығарып, өзінің
тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т. б.— деп Қорқыт атаның өзі айткандай,
өнер-мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды [5,154].
Ежелгі әдебиеттіндегі шығармалардың берер тәрбиесі мол. Көне түркі
тайпаларынан қазақ халқына дейінгі айналу процесіндегі оқиғаларды осы
шығармалардан көре аламыз. Бұл шығармаларда қазақ халқының ғасырлық тарихы
жатыр. Бұны оқыған бала өз халқының тарихын, салт-дәстүрін, тәрбиесін жетік
біліп, ұғынады.
1.2 Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық
тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі,
елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып
дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс
екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің
бірі екендігі даусыз ақиқат.
Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі
(б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта
ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта
ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар
тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің
тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден –
көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі
мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады. Себебі Қазақстан тәуелсіздік
алғанға дейін екі мың жылға жуық тарихы бар қазақ әдебиетінің бүкіл
елімізге ортақ дәуірлеу мәселесі қолға алынбаған еді. Бұл проблемаларға
байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың тарихының даму процесін
кеңестік тарихпен ғана байланыстырған біржақты ұстанымдарына қазіргі
тәуелсіздік талаптары тұрғысынан батыл тойтарыс бере отырып, қазақ
әдебиетінің көне заманнан бүгінгі күнге дейін дамуының өзіндік
ерекшеліктерін есепке алу негізінде әдебиет дамуының кезеңдерін халықтың
жалпы тарихи даму процесін дәуірлеуден бөлек алып қарауға болмайды.
Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет кезеңі VІ ғасырдан басталып, ХХ
ғасырға дейін созылған ұзақ мерзімді қамтыды. Қазақ әдебиеті тарихының
өткен дәуірлері де осы қоғамдық құрылыстың негізгі даму кезеңдері –
қалыптасуы мен нығаюы, дамып өркендеуі, дағдарысы мен тоқырауы, қайта дамып
күшеюі, ең соңында, құлап ыдырауы сияқты тарихи жолдарына сәйкес келеді
және де, өз кезеңдері бойынша осы қоғамдық даму процесінің ерекшеліктеріне
толыққанды сипаттама жасайды [6,458].
Қазақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы дамуының әр тарихи
дәуірлерін бажайлағанда әр кезеңді бір-бірінен даралап тұратын өзіне тән
белгілері мен қасиеттерін, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу
қажет. Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет ұжымдық
монографиясында қазақ әдебиетінің көне заманнан ХІ ғасырға дейінгі аралықты
қамтыған кезеңі көне дәуір, ал ХІІ ғасырдан бастап, Қазақ хандығы құрылған
XV ғасырға дейінгі кезең орта ғасыр кезеңі деп аталады. Көне дәуірдегі
түркі жазба әдеби ескерткіштеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындылары,
түркі және қытай халықтарына ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне
ортақ әдеби шығармалар, түркі-моңғол бірлігі заманындағы әдеби мұралар,
көне түркі әдебиетіне жататын Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-
қыпшақ дәуіріндегі әдебиет мұралары – Қорқыт ата кітабы, құмандардың
Кодекс Куманикус жазба туындысы, Оғызнама дастаны, Қарахандықтар
тұсындағы әдебиеттің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұнның Құтты білік
(Құт әкелетін білім) еңбегі, Махмұд Қашқаридің Диуани луғат-ит-түрік
(Түркі сөздерінің жинағы) кітабындағы аңыздар мен әпсаналар, әдеби-
поэтикалық үзінділер енеді. Бұл шығармалардың барлығын дерлік түркі
халықтарының ортақ рухани байлығы деп бағалаған жөн. ХІ-ХІІ ғасырлар түркі
халықтарының жазба әдебиетінің туып, қалыптасуымен байланысты болса, әрі
бұл аралық кезең қазақ халқының қалыптасуы алдындағы дайындық кезең
болғандығын да ескеру керек.
Біздің заманымызға дейін сақталып жеткен көне түркі әдебиетінің жазба
ескерткіштерін көрнекті түркітанушы ғалым Х.Көроғлы шартты түрде екі топқа
бөліп көрсетеді: руна жазуымен бедерленген тарихи-эпикалық туындылар және
көне соғды жазуына барып тірелетін ұйғыр жазуы пайдаланылған этикалық-
дидактикалық шығармалар. Түркілер ислам дінін қабылдағаннан кейін Х
ғасырлардан бастап, көне түркі әдебиетіндегі ұйғыр жазуы біртіндеп
ығыстырылып, араб жазуы кеңінен қолданысқа енді.
Руна жазуындағы тарихи-эпикалық түркі жазба ескерткіштерінің ең көне
үлгілері түркі халықтары тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткерлері,
ержүрек қолбасшы Күлтегін туралы Кіші және Үлкен жазулар, Шығыс түркі
қағанатының атақты қағандарының бірі Білге қаған туралы және оның кеңесшісі
әрі әскер басы Тоныкөкті мадақтауға арналған жазулар Солтүстік Монғолиядағы
Орхон өзенінің бойынан табылғандықтан Орхон жазба әдеби ескерткіштері, ал
Енисей өзені бойынан табылған жазулар Енисей жазба ескерткіштері деп
аталады. Көне түркі әдебиетінің бұл көне үлгілері құлпытастарға қашап
жазылғандықтан руна жазулары деген атқа ие болған [7,147].
Күлтегін және Тоныкөк жазба ескерткіштерінде түркі қағанаты құрыла
бастаған кезден VІІІ ғасырдың басына дейінгі тарихи оқиғалар әңгімеленеді.
Шығыс түркі қағанатының құрылуы мен нығаюы, түркі халқының Қытай
билеушілер құлдығынан құтылуы, қаһарман қолбасшы Күлтегін мен басқа
қағандардың, қағанның дана кеңесшісі әрі әскербасы Тоныкөктің сыртқы жауға
қарсы әскери жорықтары баяндалады. Халық қошеметіне бөленген батырлар мен
қағандарды дәріптеу, олардың ерлік істерін қаһармандықтың үлкен өлшемі
ретінде мадақтау – Орхон ескерткіштеріне тән басты белгілер. Жазулардағы
мәтіндер ел билеушілері мен халықты ата-бабаның арман-мұратына адал болуға,
мемлекет басқарған қағандармен ауыз бірлікте болуға, елдікке,
адамгершілікке шақырады, түркі мемлекетінің беріктігі мен біртұтастығын
өзекті идея етеді. Орхон жазба әдеби ескерткіштері көне заманда Орталық
және Орта Азия мен Оңтүстік Сібірді қамтыған ұланғайыр аумақта түркі тілдес
халықтардың барлығына ортақ кең тараған әдеби тілі мен дамыған жазба
әдебиеті болғандығын толық дәлелдейді. Көрнекті түркітанушы – ғалым
И.В.Стеблева сөзімен айтсақ: Күлтегін мен Тоныкөк жазуларын жанрлық
жағынан тарихи-батырлық поэмаларға жатқызуға болады ғой деп ойлаймыз.
Жазуларға патетиканың, замандастар мен ұрпақтарына үндеудің мол болуы
оларға ұтымды күш пен нанымдылық беріп тұрады [8,568]. Ғалымның Орхон
жазуларын әдеби көркем туынды ретінде қарау жөніндегі бұл пікірін құптау
керек. Себебі, Күлтегін және Тоныкөк жазба ескерткіштеріндегі теңеу,
эпитет, гипербола сияқты көркемдік бейнелеу құралдары мен мақал-мәтелдер
бұл жазулардың көркем шығарма екендігін айғақтай түседі. Екінші жағынан
алғанда бұл жазуларда өмір шындығын тарихи оқиғалар негізінде баяндаумен
қатар әсірелеп суреттеп, тарихи-көркем шығармаға ыңғайлы етіп жазу анық
байқалады.
ҮІІІ-ІХ ғасырларда Түркі қағанаты дәуірінде оғыз-қыпшақ тайпаларына
ортақ тілде жазылған ерлік эпостары – Қорқыт ата кітабың мен Оғызнамең
дастаны сол замандағы қазақ ұлыстарының өмір шындығын бейнелеумен
ерекшеленеді.
Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (Х-ХІІ ғ.) деп
аталатын тарихи кезеңді түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы
қайта өркендеу дәуірі деуге болады. Әл-Фарабидің Риторикаң, Поэзия өнері
туралың, Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат ат-түрікң (Түркі сөздерінің
жинағың), Жүсіп Баласағұнның Құтты білігің, Қожа Ахмет Иасауидің Диуани
хикметің (Ақыл кітабың), Сүлеймен Бақырғанидің Бақырғани кітабың және
т.б. осы дәуірдің зор жетістігі болып табылады. Бұл туындылар орта
ғасырдағы түркі жазба әдебиетінің өркендеп, ілгері дамуына өлшеусіз үлес
қосты.
XІІІ-XV ғасырларда Дешті Қыпшақ даласында авторлық ауыз әдебиеті
суырып салып өлең шығару, ауызша орындау және ауыздан-ауызға берілу түрінде
дамып өркендеді. Оның басты ерекшеліктері ретінде авторының болуын,
мәтінінің біршама тұрақтылығы мен мазмұнының нақтылығын, шығарманың
адресаты – арналған адамның болуын, сондай-ақ шығарма стилінде автордың
даралығының болуын, оның өзінің менін көрсетіп отыруын атау керек.
Бізге жеткен авторлық поэзияның ең ертедегі үлгісі XІІІ-XV ғасырларға
жатады. Бұл – Ұлық жыршы атанған Кетбұға (XІІІ ғ.) жырларының үзінділері.
Олардың өмірбаяндары мен шығармашылықтары туралы деректер өте жұтаң және
негізінен аңыз күйінде жеткен. Мазмұны мен жанры жағынан әр түрлі мәтіндер
сол дәуірдегі Алтын Орда қоғамының рухани өмірінде ақындар мен жыраулар
басым болғанын дәлелдейді.
Ең әуелде олар отбасындағы өлеңші болып дамыған, содан соң ру ішіндегі
жыршы сарбаз ретінде танылып, отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық маңыздағы
тақырыптарда суырып салып өлең шығаратын бүкіл елге белгілі жыр жүйрігі
дәрежесіне көтерілген. Олар ақын атағын бірнеше айтысқа қатысып барып,
әйгілі ақындардың бірін жеңгеннен кейін ғана ақын атағына ие болған.
Сонымен қатар ақындар әскери жорықтарға да, қоғамдық істерге де қатысумен
бірге салт-дәстүрлердің тамаша білгірлері ретінде адам өмірінің маңызды
кезеңдеріне байланысты әр түрлі ырымдар мен әдет-ғұрыптар атқарған, ел
тарихындағы маңызды оқиғалар мен атақты адамдар және т.б. туралы жырлар
шығарған. Мұндай туындылар арасында мадақ арнаулар да, әскери үндеулер де,
жоқтаулар мен толғаулар да және т.б. суырып салма жыр үлгілері болған.
Осындай естірту жырының бірі – Шыңғыс хан заманында өмір сүрген
Кетбұға ақынның жыры. Жыр мәтінінің үзінділерін XІІІ ғасырда араб тарихшысы
Ибн әл-Асир жазып алған. Ол ұлық жыршы Кетбұға мен ұлы билеуші Шыңғыс хан
арасындағы өлең диалогы түрінде берілген.
Бұл жолдардан үлкен көркемдік іздері аңғарылады. Қайғылы оқиға тура
айтылмай, астарланып, айшықталып жеткізіледі. Қаза тапқан кейіпкер де
бейнелі түрде суреттеліп, терек, құлын, аққу деп аталады. Ал ұлынан
айырылған адамның жай-күйі дәл беріліп, психологиялық параллелизм,
метафоралар, эпитеттер мен теңеулер арқылы сипатталады. Мұнда автордың да,
мезгілсіз қаза тапқан кейіпкердің де, қайғы жұтқан әкенің де көркем
бейнелері бар. Лирикалық психологизм белгілері де айқын көрінеді. Осының
бәрі келтірілген мәтінді жеке шығармашылық туындысы ретінде қарастырады.
Бір ғажабы, бұл жыр көп өзгермеген және неғұрлым толық күйінде
Жезқазған облысы қазақтарының арасында қазіргі кезге дейін айтылып келеді,
олар өздерінің ата-тегін нақ Кетбұғаға апарып тірейді және оны жоғарыда
айтылған жырдың авторы деп санайды. Кетбұға есімі өз кезінің беделді биі
ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген атақты жырау Доспамбет шығармаларында
да кездеседі (Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда?!) [9,158].
Дешті Қыпшақ даласының әйгілі ақындарының бірі болған Қотан шежірелік
аңыздарға сәйкес арғын тайпасының негізін қалаушы болып табылады, ал екінші
бір деректер бойынша Қотан (Қодан, Кодон, Кодян) - половец-қыпшақ
хандарының бірі (Мадиярлардың Венгрияға қоныс аударуын басқарған
жетекшілерінің бірі де Котян деп аталған).
Қотан шығармаларының бірнеше жолы ғана сақталған, ол оның ұлы
Ақжолдың (бір нұсқада Дайырқожа) қарақыпшақ Қобыланды батырдың қолынан қаза
табуына байланысты шығарылған жоқтау өлеңінің үзіндісі табылды.
Жырда қайғы үстіндегі қарт әкенің ұлын құлыным деп жоқтаған зарлы
үні, бір сәтте өне бойын жайлаған қасірет пен өкініш, аяныш пен өзін
кінәлаған жай-күйі терең сезіммен берілген.
Ақжолдың (Дайырқожа) Әбілқайыр хан тұсында барлық даулы мәселелерді
әділ шешкені үшін Ақжол атанып, атақты би болғаны мәлім. Ол 1456 жылы
өлген. Егер оның әкесі сол кезде тоқсанға таянғанын ескерсек, Қотан ақын
1370 жылдарда туған деп жорамалдауға болады.
XІІІ-XІV ғасырларда Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі – Сыпыра
жырау Сұрғантайұлы өмір сүрді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға
Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол
кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-
монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен
төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты
болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек
сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған
толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы
және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста
бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі
болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң
өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-
білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін
Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ
құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге
жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен
әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. Бұған жол бермеу үшін Сыпыра жырау
Тоқтамысқа Едігеге елші жіберіп, онымен татуласуға, ал сонан соң оны алдап
өлтіруге кеңес береді.
Сыпыра жыраудың толғауы нақты ақындық сипаттамалар мен бейнелі
сөздерге толы. Жырау Едіге жүріп өтуге тиісті жерлерді айшықты суреттеп,
тарихи тұлғаларға бейнелі анықтамалар береді. Тоқтамыстың алдында айтылған
бұл толғау Сыпыра жырау өміріндегі соңғы толғау болды және шамамен 1390
жылы айтылған. Егер аңызға сүйенсек, сол кезде жырау 180 жаста болған, яғни
Сыпыра жырау шамамен 1210 жылы туған деп санауға негіз бар. Бұл оның өзі
айтқандай Шыңғыс ханды шынында да көріп-білген деген сөз.
Алтын Орда дәуірі тек қана қиратып-күйретумен ғана емес, сонымен қатар
қалалардың өсуімен, сыртқы саяси және сауда қызметінің жандануымен, жазу-
сызу мен әдебиеттің дамуымен сипатталады. Бұрынғы мәдени дәстүрлер қайта
түлеп, Солтүстік Кавказды қоса алғанда, Дешті Қыпшақтың, Орта Азия мен Еділ
бойындағы барлық этникалық топтарға ортақ жаңа мәдениет қалыптасты. Бұл
кезеңде ресми монғол-қыпшақ қос тілділігі орын алғанымен қыпшақ тілі
анағұрлым кең тарады. Араб және парсы тілдері де кең қолданылды. Алтын Орда
мен мәмлүктік Мысырда көркем әдебиеттің басым бөлігі қыпшақ тілінде
жасалды.
Ең елеулі әдеби шығармаларды негізінен сарай төңірегіндегі талантты
ақындар жазған, олар әдетте мемлекеттік қызметте немесе билеушілер жанында
болып, өз туындыларын көбінесе билеушілерге арнаған не оларға сыйға тартып
отырған.
Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.) Қыпшақ даласындағы түркі
халықтарының әдебиеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сол кезеңде
жасалған туындылар арасында Кодекс Куманикус сияқты авторы беймәлім
ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің Мұхаббат-наме, Құтбтың Хұсрау-
Шырын, Сәйф Сарайдың Гүлистан би-т-түрки, Дүрбектің Жүсіп-Зылиха,
Рабғузидің Қиссас-ул әнбия атты шығармаларын және т.б. ерекше атап
көрсетуге болады [10,148].
Кодекс Куманикус (XІV ғ.) – Жоңғар қақпасынан Дунайға дейінгі ұлан-
байтақ жерді қамтыған қыпшақтар үстемдігі кезіңде туған еңбек. Оған көркем
әдебиеттің үлгілері де енгізілген. Мазмұны мен құрылымы жағынан бұл еңбек –
Ордаға түрлі мақсаттармен келген және латынша білетін европалықтарға,
сондай-ақ, латынша білгісі келген қыпшақтарға (парсыларға да) арналған
арнайы сөздік және қыпшақ тілінің оқулығы іспетті. Сөздік екі бөлімнен
тұрады. Түркітанушылардың пайымдауынша, оларды түрлі мақсаттар көздеген
бірнеше автор жазған. Итальяндықтар жазған болуы мүмкін деген бірінші бөлім
жақсы ойластырылған үш тілді латын-парсы-қыпшақ (құман) сөздігі болып
табылады. Бұл бөлім қолжазбаның 110 бетін қамтиды.
Одан әрі бірнеше бетте аudіo (есіту) сөзінің бірнеше түрі
берілген. Мұның өзі сөздікті лексикография принциптерін жақсы білген және
Дешті Қыпшаққа келіп, тіл жөнінен қиналған адамдарға көмек көрсету мақсатын
ғана көздеген адам құрастырғанын байқатады. Ғалымдардың пікірінше, бірінші
бөлімді құрастырушы латыншаны өте жақсы білген, ал құман-қыпшақ тілі
жөнінде бұлай деп айтуға болмайды [11,67].
Кодекс Куманикустың екінші бөлімін негізінен алғанда фольклорлық
материалдар құрайды. Олар: жергілікті ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар және христиан уағыздары мен Мария ананың, Христос пен оның
апостолдарының өмірі туралы аңыздар. Бөлім қолжазбаның 161 бетін қамтиды,
оны тегінде миссионерлік мақсатпен немістер құрастырған болса керек. Бұл
бөлімде көптеген сөздер құман-неміс тілінде, ал өзге лексикалық ұғымдар
құман-латын тілінде берілген. Мысал ретінде келтірілген мәтіндер, сондай-ақ
сөздер сол кездің тілін ғана емес, сонымен қатар Дешті Қыпшақтың көркемдік
мәдениетін де сипаттайды. Сөздер мен сөз тіркестерін айтпағанның өзінде,
көптеген жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен қанатты сөздер қазіргі
қазақ тілі мен фольклорында сақталған.
XІV ғасырдың басында Насреддин Рабғузидің халық арасында Қисса сул-
әнбия деген атпен көбірек мәлім Қисса-и Рабғузи деген қолжазба кітабы
пайда болды. Қолжазба ғасырлар бойы бірнеше рет көшіріліп, көптеген
көшірме нұсқалары көптеген елдерге тарады. ХҮ ғасырға жататын ең ерте
нұсқасы Британ мұражайында сақтаулы. Ол 1990-1991 жылдары Ташкентте басып
шығарылды. Автор Мауараннахрда, Рабати Оғыз деген жерде туған (оның
Рабғузи деген бүркеншік аты да содан шыққан).
Кітап Мұхаммедке дейінгі пайғамбарлардың өмірі мен олардың бастан
кешкен оқиғаларын және Мұхаммедтің өзі мен мұсылман халифтарының өмірін
баяндауға арналған. Онда дүниенің жаралуы туралы, жер жүзін топан су басуы
туралы және Жер бетінде жаңа тіршіліктің басталуы туралы мифологиялық
әңгімелер, түрлі аңыздар, ертегілер мен мысал әңгімелер бар. Жекелеген
хикаялар ерте орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларға, мысалы, ат-Табари
Тарихына барып тіреледі.
Қисса-и Рабғузиге енгізілген шығармаларды идеялық-тақырыптық мазмұны
бойынша үш топқа бөлуге болады: а) дүниенің, аспанның, жердің пайда болуы
туралы, адамның, жануарлардың, жын-шайтандардың және басқа да тіршілік
иелерінің шығуы туралы әңгімелер; ә) пайғамбарлар мен халифтар, әулиелердің
өмірі туралы хикаялар, шығыс нақылдары, халық аңыздары мен ертегілері; б)
хижраның алғашқы он жылындағы негізгі оқиғалар тізбегі, жылдардың, айлар
мен күндердің атаулары туралы, мұсылман күнтізбесіндегі айтулы күндер
туралы мәліметтер. Осылардың бәрі ислам діні тұрғысынан баяндалады. Бірақ
мұнда халықтың дүниетанымы мен кейіпкерлерді фольклорлық дәріптеу айқын
байқалады. Қиса сул-әнбия құран сюжеттерін, уағыздары мен сүрелерін
баяндап беретін танымал прозалық шығарма ғана емес, онда автордың үлкен
дарын иесі екенін дәлелдейтін дидактикалық әңгімелер мен өлеңдер көп. Бұл
ретте Жүсіп пен Зылиха туралы хикаяттағы махаббат сипатындағы өлең жолдары
ерекше назар аударарлық. Ал құран хикаялары мен аңыздарының сюжеттері
адамдарға түсінікті, тартымды да қарапайым тілмен баяндалған. Олардың діни
ғана емес, танымдық мағынасы да зор, оларда өмір шындығы мен уақыт
белгілері көрініс тапқан. Кітапта түркі халықтарының ғана емес, хикаяттарда
айтылатын басқа халықтардың да әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер бар
[12,149].
Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі шығармалардың бірі – Хұсрау-Шырын
дастаны, оның авторы – шыққан тегі қыпшақ Құтб ақын. Ақын өмірі туралы
толық мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдарда Ақ Орданың астанасы – Сығанақ
қаласында туып, өз дастанын сонда жазғаны, бұл туындысын билеуші Тыныбек
пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz