Ертегілерді оқушылардың ойын дамытуда пайдаланудың әдістемелік негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 бет

I ТАРАУ ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЫН ДАМЫТУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушылардың ой байлығын дамытуда ертегінің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.6 бет
1.2 Ертегілердің түрлері, зерттелуі мен жіктелу арналары ... ... ...6.12 бет

ІІ ТАРАУ ОҚУШЫЛАРҒА ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ МЕН ОҚУ.ТӘРИБЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2.1 Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды пайдаланудың тиімді әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13.19 бет
2.2 Мектеп оқушыларына ертегіні оқытудың ерекшеліктері мен әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.26 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27 бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28 бет
Тақырыптың өзектілігі: Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік сияқты тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.
Ертегілер орта буын оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала – үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар – жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, ертегілерді оқыту арқылы баланың тілін дамыту – қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан курстық жұмыстың өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілерді оқытуыдың тиімді әдіс-тәсілдері арқылы мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап, балалардың ой-қабілеттерін дамыту жолдарын көрсету. Осы мақсаттарға жету үшін, мынадай міндеттерді алға қойдық:
- ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
- оқушылардың ойын дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
- мектеп оқушылардға ертегілерді берудің тиімділіктерін, ерекшеліктерін және әдіс-тәсілдерін айқындау.
1, Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
3. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
4. Нұрғалиева Г.Қ. Логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996
5. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
6. Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1987.
7. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2002.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.
9. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. -М,: Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. -М., 1996 г. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса. Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
15. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931
17. Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988
18. Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993
19. Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958
20. Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972
21. Ысмайылов Е., Ақындар, А., 1956
22. Қазақ фольклорының типологиясы, А., 1981
23. Бiтiбаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
24. Әбдiбекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту. А., 1994.
25. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990.
26 Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003.
27. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.
28. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет

I ТАРАУ ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЫН ДАМЫТУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушылардың ой байлығын дамытуда ертегінің алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-6 бет
1.2 Ертегілердің түрлері, зерттелуі мен жіктелу арналары ... ... ...6-
12 бет

ІІ ТАРАУ ОҚУШЫЛАРҒА ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ МЕН ОҚУ-ТӘРИБЕ
ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2.1 Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды пайдаланудың тиімді әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 13-19 бет
2.2 Мектеп оқушыларына ертегіні оқытудың ерекшеліктері мен әдіс-
тәсілдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .19-26 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 27 бет

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...28 бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде
маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың
тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара
қарым-қатынасы, мінез-құлқы бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие
құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан,
ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік сияқты тәрбиелер
беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте
зор.
Ертегілер орта буын оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге,
елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына
сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда
қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала – үздік оқушы,
себебі жоғарыда аталғандар – жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып,
сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ.
Демек, ертегілерді оқыту арқылы баланың тілін дамыту – қоғам дамыған сайын
күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның
үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту
әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының
молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай
жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан курстық жұмыстың өзекті мәселеге
арналған деп білеміз және де ертегілерді оқытуыдың тиімді әдіс-тәсілдері
арқылы мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған
мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз
екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақ халқының ауыз әдебиеті
жанрларындағы ертегілерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап,
балалардың ой-қабілеттерін дамыту жолдарын көрсету. Осы мақсаттарға жету
үшін, мынадай міндеттерді алға қойдық:
- ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
- оқушылардың ойын дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
- мектеп оқушылардға ертегілерді берудің тиімділіктерін, ерекшеліктерін
және әдіс-тәсілдерін айқындау.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: жинақтау, талдау, жүйелеу,
салыстыру, зерттеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Мектепте ертегілерді оқыту арқылы
балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы ойын дамытып, сөздік
қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Курстық жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЫН ДАМЫТУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушылардың ойын дамытуда ертегінің алатын орны

Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі –
ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс -тіршілігі, әдет-ғүрыптары
мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары
мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-
өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің
адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: Ертегі -
рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек
ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге
шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі,
[1,29]- деп анықтама береді.
А.Байтұрсынов ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне
қарай жауап беріледі деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан
пайда болған. Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан –
ауызға тарап, келешек ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды –
ертекшілер деп атаған. Ертегі туралы анықтаманы М.Әуезов былай деген:
Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол
көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын
білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп
айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Бұл анықтамада
шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас деп
көрсеткен[2,19].
Ертегілердің негізгі тарихы адам баласының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті
пайда болғаннан басталады. Алғашқы уақытта өте ақылға сыймайтын
ертегілер пайда болды. Онда көбінесе жан-жануарлар тіршіліктің
барлығында сөйлейді, ұғады деген адамдарда пікір қалыптасқан. Бұл
ертегінің қиял ғажайып түрі. Одан кейін XV-ғасырларда қазақ
хандығында құрылуымен тұспа-тұс келеді. Ертегілер батырлар мен небір
шешен, ел билеген көсемдер жайлы өрбейді. Олардың халыққа еткен
еңбектері, қанаушы топ шонжарлар мен байлардың тепкісіне шыдамай
қарсы әрекеттері, айламен түрлі тәсілдермен сабасына келтіріп отырған
көріністері бейнеленеді .
Кейінгі жылдары XIX-ғасырдан бастап халық білімге, ғылымға жол
салды. Онда ұлы тұлғалардың Ш.Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А.
Байтұрсыновтың алар орны зор. Олар өз шығармашылығын бұқара халыққа
арнады. Солардың тәрбиелілігін, ұғуға ынталылығын, адамгершілік
қасиеттерін көрсетті .
Ертегілердің ең алғаш зерттелуі қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін
жинаушы, әрі оны өзге халықтарға танытушы Ә. Диваевтың есімімен
тікелей байланысты. Ол 1883 жылы ертегілер жинауды бастаған. Ең алғаш
Әулиеата уезі болды. Кейін ол қызметіне байланысты ел аралап,
Шымкент, Сыр бойында болып, көне құлақ қарттардан ертегілер жинайды.
Ә. Диваев әңгімелер мен ертегілерді жазып алып, хат арқылы сұрап
отырған. Ертекшілер мен орындаушылармен кездесіп, фольклорлық мұралар
жазып алып отырған. Ол ерекше әдіс қолданған: бір ертегіні бірнеше
елді мекеннен, бірнеше кісінің аузынан тыңдауды әдетке айландырып,
сол шығарманың нағыз халықтық нұсқасын айқындауды мақсат еткен. Ең
соңында нұсқаның толығырақ айтылған түрін баспа бетіне бірнеше рет
құрастырып жазып алады да, соның толымды нұсқасын жасайды. Сөйтіп
барып ол аңыз-ертегі жайлы ойын қорытындылайды .
Ә. Диваевтің тағы бір ерекшелігі ол ертегілерді жинауда сөзге
мұқият қарап, баспа сөз бетінде жариялауда кейбір түсініксіз сөздерге
пікірлер жазып, әрі сол ертегі, дастанның қанша варианты бар
екендігінен мәлімет те беріп, отырған және ол материалдарды екі
тілде яғни орыс, қазақ тілдерінде жариялауды принципке алған.
Ж.Аймауытов ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше
тоқталды. Баланы бұзуға яки түзетуге себеп болатын бір шарт рас күнде
көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Балаға
қайырымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты, адамгершілікті беретін ата
-ана [3,79]. Баланың бойына сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді.
Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді.
Жас кезде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты өсетінін
отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық
келтіретінін айтады. Сонымен қатар өнегелі отбасынан бұзық мінезді баланың
шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі
мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен Отанын, замандас, жора-жолдас,
құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуге болатынын дәлелдейді.
Қазақ жастарына болашақты болжап, келешекке кемелденіп барар жолдар
мен маңызды мақсаттарды біздің қазіргі заманымызға сай ұсынылды деп
ойлаймыз.
Сөз соңында айтарымыз Ертегі – соңғы қазақ ескілігін жинаушы адамдар
арасында бұл жөнінде В. Радловтан ынталы, ұқыптылық көрсеткен оқымысты жоқ
деуге болады. [4,125],-деп ғалым М. Әуезов жоғары бағалай, белгілі
төңкеріліске дейінгі қазақ фолькорына арналған жинақтардың ішіндегі ең
толыққанды, жүйелі, озық үлгісі болып табылатындығын еңбектерінің қайта
басылып, көпшілікке ұсынылатындығына берік сенімдіміз.
Алтын сандық жинағында Түлкінің алдағаны, Дудар қыз, Молданың
үйінде оқыған бала, Тазша, Хан Шентай, Қаракөз сұлу, Қармақ салған
жігіт, Желкілдек, Еркем Айдар, Ханның қызы, Жақсылықпен жамандық
жолдас болған, Үш ұл ертегілерін қамтиды.
Ертегі – ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол
мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің
Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде деп басталуынан да оның атам
заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен,
ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы,
елдік тарихы, қилы-қилы асулары, арман-мұраты бейнеленген.

1.2 Ертегілердің түрлері, зерттелуі мен жіктелу арналары

Орта буын сынып оқушыларын тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін
қарастырсақ, атақты әдебиетші М.Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған.
Олар: қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, шыншыл ертегілері болып табылады. Алайда
қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда ертегіні төрт түрге бөледі.
С. Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ сюжеттен
гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. Ол ертегіні:
хайуанаттар жайындағы, қиял-ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық
деп бөледі[6,69].
М. Әуезовтың ертегі түрлерін талдасақ қиял-ғажайып ертегілерінде
Керқұла атты Кендебай, Аңшы бай Ұшқыш кілем жатады деп есептейді.
Оқушы осындай ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал дос адамын
ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Оқушы барлық заттарға
көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой
қорытады.
С. Қасқабасовтың пайымдауынша, қиял-ғажайып ертегілер – шығу тегі
жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық
жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша
бала, жауынгер, батыр, т.б. бұқара халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың
дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң- хайуанаттармен күрескен
кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал
кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы – өз елін бөтен елден,
жаудан қорғайтын батыр болды.Ол қазақ өміріндегі қара шаңырақ иесі – кенже
бала болды.
Қиял-ғажайып ертегілеріндегі басты тақырып – сиқырлы заттардың
көмегімен бас кейіпкердің неше түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі.
Егер қаhарман бар күшін пайдаланып, керемет қиындықтарды жеңсе, ол батыр
атағына ие болады да, мұндай кейіпкері бар ертегі өз ерекшелігімен
дараланып, Батырлық ертегі деп аталады. Біздің пікірімізше, батыр тұлға
тек ерлігімен ғана емес, алыл-парасатымен де, айласымен де жауын жеңіп
отырған.
Қиял-ғажайып ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер,
түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер,
аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары
жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр
қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын
сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.
Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен
алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен
алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан
да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ
болған. Мысалы, Қорқыт ата кітабы сюжетіндегі Төбекөз дәу Одиссеядағы
Полифемге ұқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон). Көлтаусар
(Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқа бірдей ортақ.
Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм,
зороастризм, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-
кем.
Ертегінің тағы бір түрі – тұрмыс-салт және хайуанаттар туралы
ертегілер.Тұрмыс-салт ертегілерінде бақташылық тұрмыс-тіршіліктері
суреттеледі. Бұл М.Әуезовтің зерттеуі бойынша көрсетілген. Ал
С.Қасқабасовтың айтуынша ертегілердің ішінде хайуанат ертегілерінің алатын
орны зор. Жануарлар туралы мифтер мен әнгімелердің жануарлар туралы
ертегіден айырмашылығы тура мағына мен ауыспалы мағынаның, шын образ бен
оның тұспалы арасында болады. Ертегіде адамдар мен олардың әрекеттерді
тұспалдап көрсетеді. Оларда таптық қоғамның көрінісі байқалады. Жануарлар
жайындағы ертегілерді 3 топқа бөлуге болады:
1. Мифтік қасиетін жоғалтқан этиологиялық ертегілер.
2. Дүние жүзі халықтарының жануарлар жөніндегі эпосын құрайтын
классикалық ертегілер.
3. Мысал ертегілер.
Этиологиялық ертегілерде синкреттік қасиет басым, тұрақты
композициялық құрылым жоқ. Олар этиологиялық мазмұны жағынан мифке жақын.
Оған айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Бірақ адамгершілік тәрбиесі
сақталады. Жануар-кейіпкерді суреттеу, мінез-құлқын бағалау жағынан
ертегілік қасиеті байқалады. Жануарға берілетін меніздеме көбіне құбылмалы
болып табылады. Сол арқылы әр түрлі адамдық проблемаларды айдаhар, дию тағы
басқа суреттеле береді. Мәселен, Қарлығаштың құйрығы неге айыр?, Маса
неге ызыңдайтын болып қалған? деген сияқты үш сұрақ бірдей жауап
беріледі.
Балаларға қатысты мысал ертегілер жатады. Ә.Дүйсенбаев Құйрық,
Алатаудың бауырында, М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев Қоянның ерні неге жырық?,
Б.Ысқақов Қарлығаштың құйрығы неге айыр? тағы сол сияқтылар.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі – шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір
шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір
шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы.
Хан мен уәзір, Өнеге, Ақылды етікші ертегілерінің бас қаһармандары
күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін
патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ
көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, Ақылды етікші
ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бұйрық береді.
Мұны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші еңбек
адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.
Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары
мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт,
қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша,
қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді.
Олардың көбісі – халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген
ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен
жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам
өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-
мүдделерін де жақсы байқаймыз.
Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі – Алпысқа
келгеннен ақыл сұра сюжеті болуға тиіс. Бұрын жұрт өзінің алпысқа келген
әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі
адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс.
Жақсылық пен жамандық, Үш ауыз сөз ертегілері мінез, мораль
тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп
өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын
иемдеп, мұратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.
Үш ауыз сөз ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға бір үйір жылқы
беріп суын ішкен құдыққа түкірме, оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы
болсын, ертеңгі асты тастама дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден
кетіп, бір ханға қызметке тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын
алады. Бала әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды.
Хан баланы ертеңгісін от жағарларға жұмсап: Кім бұрын келсе, соны пешке
тығып жіберіңдер деп әмір береді.
Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі
асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген
ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады,
мұрат-мақсатына жетеді,
Екі жетім ертегісінде өгей шешенің қиянаты, Ұр тоқпақ ертегісінде
ұрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. Ұрлық түбі -
қорлық деген ғибрат осыдан келіп шығады.
Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан
шығады. Мұның ғажап үлгісі – Аяз би. Хан өзінің қырық уәзіріне адамның,
құстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аяз би
ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде.
Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға
үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, Аяз би әліңді біл
деп өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханың қырық
уәзірі қарсы болады. Аяз би ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың
қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен.
Қазақтың реалистік ертегілерінде қоғамның төменгі тобынан шыққан
кішкене қаһармандар (М. Горький) тіпті көп. Олар бірде қаңбақ шал, бойы
бір қарыс, Шіңкілдек түрінде кездессе, бірде хан мен байларды алдап
түсіретін тазшалар түрінде әңгімеленеді. Қаттырақ соққан жел ұшырып
әкететін қаңбақ шал балық аулайды, еңбек сүйгіш. Бірақ күніне екі балық
ауласа, соның бірін түлкі тартып жейді. Ақыры ол өзінің ақыл-айласымен үш
дәуді жеңіп шығады, түлкіден де солардың қолымен кек алады. Зорлаушылардан
жапа көрушіні айыруда Тоғыз Тоңқылдақ - бір Шіңкілдек ертегісінің айтары
көп. Сырт қарағанда зорлық бәйбішенің тоғыз ұлы мен тоқалдан туған
Шіңкілдек арасында болатын сияқты. Түптеп келгенде бұл күштілердің
әлсіздерге істеген қиянаты болмақ. Әлсіздерге болысу – қазақ ертегілеріне
тән халықтық белгілердің бірі.
Қазақ ертегілерінен көрінетін әлсіз образдардың бірі – Тазша. Тазша
бала ертегісінде бала сараң байдың майын алып, патшаның қазынасына түседі.
Бірақ өзін таптырмайды. Сол патшаны мазақ еткен екінші патшаны тұтқындайды.
Сөйтіп ол ханның өз істегенін өзіне істейді.
Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің
қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған. Мәселен,
ертеде казақ ауылына келген әр қонақтан қонақ кәде талап етіп, қонақтың
өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы,
ал оны ауылдың үлкен-кішілерінің кірпік кақпай тындап ләззат алуы, жастарды
ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі
ғажайып оқиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп
айтып беру, әр әпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру,
кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тындаушының көз алдына
елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-
әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан
мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық
шеберлікті талап етеді. Демек, ертектің тартымды, қызықты, тыңдаушыға
әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертек айта білуге үйрету де
халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге мектебінің рөлін атқарып келген.
Хайуанаттар туралы классикалық ертегілер саны жағынан ел арасында көп
тараған. Ол қоғамдық-саяси ұғымдармен, діни нанымдармен тектік байланысын
үзген. Сондықтан құбылушылық нәрселер тек кейіпкердің өз басының қасиеттері
деп саналады. Онда өте қызықты қорқынышты жағдайлар, адамның тағдыры,
жанұясы және тағы басқа керемет оқиғалар баяндалады. Олардың тақырыбы әр
алуан. Оны халықтық фольклорлық роман деп атаса болады. Негізгі мақсаты –
ғибадат алу, тәрбие беру. Мұнда ақылмен жету мақсаты қойылған. Кейде кітаби
стиль көрініс табады. Оған Ы.Алтынсариннің, Қ.Мырзалиевтің шығармалары тән.

Қазақ ертегілерінің бірінші томына бұл тақырыптағы сюжеттен он үш,
екінші томына жиырма бес ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер барынша
толық күйінде жарық көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына (Бозінген)
және хайуанаттарға байланысты туған (Сырттандар, Арыстан мен түлкі)
ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының Мың бір
түн, Қалила мен Димна, Тотынама сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер
де бар.
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -Бозінген
сюжеті. Мұндағы Бағланбай малының қүты болған Бозінгенді тумады деп, бір
шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота
туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын
алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап жылаған
Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің
даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйе түлігін қасиет
тұтқан қазақ халқы бұл түста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға
айналдырған. Бозінгеннің зары – монолог түрінде берілген.
Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстардан, түнде
жортқан жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. Иесі түйені құтқарып, ботасын
алып келе жатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша мұңданып, көз
жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға
ұқсас болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын Қотыр торғай, Кім күшті?,
Қуыршақ сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса
қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп
ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың
бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп қоятын
тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды
сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол – еңбек сүйгіш, ұйымшыл.
Тепең көк ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған
жалғыз көк тай олжа түсіреді.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке -
кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола
жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан құтқарады. Мақта
қыз бен мысық ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті
қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның құты, досы,
тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп.
Оның көркем үлгілері Қазақ ертегілерінде жарияланып келеді. Тақырыбы
жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер (Түлкі, қойшы, аю, Түлкі
мен бөдене, Арыстан мен түлкі) көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып
қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де
көрсетеді. Қу асығып, адамша мұңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан
қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады.
Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, Түлкі мен
маймыл ертегісінде маймылдың ақымақтығы, түлкінің қулығы дәріптеледі.
Маймыл – баққұмар, ол патша болсам дейді. Соны түлкі қақпанға түсіріп,
басыңа тепкілесең кетпейтін бақ қонды деп мазақ етеді. Түлкі қай елде
болса да ақылды, қу аңнан саналған. Түлкі мен қасқыр ертегісінде қорқау
қасқыр қыс айында түлкіден балық алып жемек болса, ол балық өзенде көп,
суға қүйрығынды салып отырсаң, балыққа молығасың дейді. Қасқырдың құйрығы
мұзға қатып қалып, суатқа келген шаруалардан таяқ жейді, құйрығы мұзда
қалады. Қасқыр – қорқаулау, ақылсыздау аң. Кәрі арыстан ертегісінде сол
тойымсыз қасқырдың өзіне де зауал туады. Арыстан қартайып, жүре алмайтын
болған кезде, патшамыздың көңілін сұраймыз деп барлық андар келеді.
Келмегені қасқыр болыпты. Түлкі оны арыстанға шағып, мерт қылады. Түлкім,
түлкім, тілімді жеші деген арыстанға, ол: амандық болса, көтеншегінді де
жермін, - дейді.
Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы ретпен
хайуанаттар жөніндегі ертегілердің аяғы шыншыл ертегілермен жалғасып
келеді.
Халықтың мегзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар емес, әлеумет
өміріндегі теңсіздіктер, содан құтылу – күн көріс, өмір сүрудің шарты
дейтін меже болмақ.
Сатиралық ертегілер. Сол дәуердегі әлеуметтік топтар арасындағы
адамдарды әшкерелей, ауыл өмірін бейнелейді. Новеллалық ертегілердегі оқиға
хан сарайы мен қалада өтеді,ал сатиралық ертегідегі оқиғаның орны- кәдімгі
ауыл. Кейіпкері – бай, молда, кедей. Негізгі ой-әлеуметтік тап тартысы
көбірек орын алған.
Батырлық ертегі деген термин фольклорда түрлі төрт мағынада
қолданылады. Бұл жанрға В.М.Жирмунский Оңтүстік Сібірдегі түркі-монғол
халықының көне эпосын жатқызады. Ал орыс зерттеушісі А.Астахова батырлық
ертегі түріне халық эпосының батырлары туралы кейінгі дәуірде пайда болған
ертегілерді жатқызады. Бұған батырлық мазмұндағы қиял-ғажайып ертегілер де
жүр деп М.Әуезов те айтқан. Батырлық ертегі атауын ең алғаш қолданған
зерттеуші – В.В.Радлов.
Батырлық ертегінің басты тақырыбы – ерлік пен үйлену, құбыжықтармен,
жалмауыздармен күресу, рудың ерлік-намысын қорғау. Ерлікпен үйлену болашақ
батырдың қалыңдық іздеп сапар шегуінен басталады. Мұның арғы тегінде өз
руынан қыз алу тыйым салатын ғұрып заңы жатыр.
Батырлық ертегіде қиял-ғажайып ертегіге қарғанда, бас кейіпкер тек
жағымсыз, ұнамсыз кейіпкерлермен тоғысып қоймай, тарихи реалды
жануарларменде күреседі. Олар стадиялық жағынан қиял-ғажайып ертектерімен
батырлық эпос аралығындағы жанр. Батырлық ертегі алғашқы қауымдық қоғам
ыдырай бастағанда пайда болып, кейінгі дәуірдің қасиетін мол сіңірген.
Батырлық ертегінің бастауы миф пен хикая, ал екінші бір өзегі - қиял-
ғажайып ертегілер. Соған қарамастан, өз бетінше де дамыған. Батырдың ерлік
жасауда күші әсірелене баяндалады.
Қазақтың батырлық ертегілерін шығу тегімен сюжетіне қарай үлкен екі
топқа бөлеміз:
1. Көне (архаикалық) батырлық ертегі.
2. Кейінгі дәуірде жырдан туған ертегілер.
Архаикалық батырлық ертегінің сюжеті кейіпкердің бүкіл өмірбаянын
қамтиды.
1. Пролог. Кейіпкердің тууы;
2. Кейіпкердің үйлену тарихы;
3. Кейіпкердің үйленгеннен кейінгі өмірі (жаумен соғысы,қартаюы).
Екінші топтағы ертегілердің сюжеті кең емес. Онда өмір баяндық
циклдің ауқымы тар. Екінші топтағы ертегілер батырлар жырының прозалық
түрі болып табылады. Батырлар жырындағы сияқты көмекші ат, сондай-ақ
батырдың жұбайы да идеал түрінде көрсетіледі.

ІІ ТАРАУ ОҚУШЫЛАРҒА ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ МЕН ОҚУ-ТӘРБИЕ
ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2.1 Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды пайдаланудың тиімді әдіс-
тәсілдері

Ертегі – бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын
самал жел. Мектеп оқушылардың қиялын дамытатын жұмыстың бір түрі –
ойдан ертегі құрастыру. Балалар ертегіні тек тыңдауды ғана жақсы
көрмейді, олар өздері де ойлап шығарады. Ертегі шығару — мұғалім үшін
балалармен рухани қарым-қатынас жасау болса. Ал балалар үшін теңдесі жоқ
ойлану шаттығы болады. Олар ертегіге құмартады. Белгісіз, түсініксіз нәрсе,
әсіресе ғажайып, фантастикалық нәрсенің бәрі баланы қызықтырып, өзіне
тартады. Сондықтан балаларды өздерінің байқағандарынан ертегілер ойлап
шығаруға үйрету керек.
Оқулықтағы берілген ертегілермен танысқаннан кейін, осыған
ұқсас ертек құрастырып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні
қуанышпен аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар
армандауға, қиялдауға жетелейді. Өз ертегісін көрген бала қуанышты басынан
кешеді. Айтылған ертегілердің суретін салу оқушылардың көз алдына ертегінің
кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.
Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуге және
қайратты істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға
қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында Ертегілер
еліне саяхат сабағын өткізуге болады. Сондай-ақ Ертегіні кім көп
біледі? сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты бірнеше бөлімнен
тұратын етіп, біріші бөлімді Кім тапқыр? деп атау керек. Ертегіден
үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, кай
халық ертегісі екенін айтуы керек.
Екінші бөлім Кім шапшаң? деп аталады. Ертегіден үзінді үнтаспадан
оқылады. Шарты – ертегінің атын табу және жалғастырып айту.
Үшінші бөлімді Кім ойшыл? деп атауға болады. Кез-келген ертегіден
үзінді оқылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.
Сонымен, қазіргі заманғы мектептің мақсаты – оқушының тек қана ең
таяу даму аймағына қол жеткізуін камтамасыз ету және оның ой-өрісін дамыту
ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі жан-жақты дамуын және
бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса
айтады. Осы тұрғыда жазылған 5-сыныпқа арналған Қазақ әдебиеті оқулығы
мазмұны және құрылымы жағынан да жаңартылды. Бұл сыныптағы оқушылардың
назары көркем шығарманың сөз туындысы екеніне аударады. Көркем шығармада
сан алуан кұбылыстар сөз арқылы өріліп, сөз аркылы бейнеленеді. Сондай-ақ
оқулықта халық тілінің бүкіл асыл қасиеттерін бойына сіңірген
А.Құнанбаевтың, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің,
I.Жансүгіровтің, М.Әуезовтің т.б. көптеген қазақ жазушыларының және
басқа ұлттардың да көрнекті ақын-жазушыларының туындылары жинақталған.
Жалпы алғанда, Қазақ әдебиеті оқу барысында балалар өздеріндей
кішкентай балалардың және үлкен адамдардың ерлік істерімен, еңбек
жолымен танысу арқылы қоғам игілігіне адал еңбек етуге, адамгершілікке,
шыншылдыққа бірін-бірі және үлкендерді сыйлап, кішіпейіл, қайырымды болуға
тәрбиеленеді. Туған еліміздің мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты
жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен
кұбылыстарды байқай білу, теңдесі жоқ таңғажайып әсемдікті бағалай алу,
елін, жерін қадір тұтып, құрметтеп өсуге тәрбиеленеді. Сондай-ақ оқулықтағы
материалдар қасиетті халқымыздың ата тарихымен, ұлттық салт-сана
дәстүрлерімізбен, елін, жерін қорғауда өмірлерін құрбан еткен
ерлердің істерімен оқушыны таныстыру арқылы оның өз атамекенін сүю,
аталар дәстүрін көздің қарашығындай сақтап жалғастыру, туған жерін қорғау
сияқты қасиетті міндеттерге жүктеу мақсатын көздейді. Әдебиет – ой
өсіреді, Ана сүті бой өсіреді, ел басынан кешірген тарихи көркем
шығармалар оқуш қабілеттерін арттырады.
Оқулыққа әдебиет теориясы элементтерінен — ертегі, жыр, мақал-мәтел,
жаңылтпаш, жұмбақ, аңыз, шешендік сөздер жөніндегі балаға бұрыннан таныс
теориялық мәселелер тереңдетіліп берілсе, шығарманың тақырыбы мен
идеясы, теңеу, эпитет, кейіптеу, портрет, монолог, диалог, пейзаж,
мінездеу жөнінде жаңадан немесе толықтырылған түрде мәліметтер берілді.
Оқулықтағы материалдар төмендегідей бөлімдер бойынша орналастырылады:
I бөлім. Арналы бұлақ – асыл сөз.
II бөлім. Туған өлкем – тұнған шежіре.
III бөлім. Туған жерім – тұғырым, өскен елім — өзегім.
IV бөлім. Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.
V бөлім. Менің алыстағы достарым.
Әр бөлім оқушыларға бұрыннан таныс кейіпкерлер Зерделі мен Талапбектің
және олардың атасының (жаңадан қосылған кейіпкер) эвристикалық
әңгімесімен басталып, аяқталады. Әрбір бөлім соңында тест тапсымалары
берілген. Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай оларға берілетін
тапсырмаларды репродуктивтік және шығармашылық деп екі топқа бөлуге болады.
Репродуктивтік тапсырмалар бұрын білгенді, оқығанды еске түсіру, жаңаны
хабарлаушы міндеттерін көздейді. Оған берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы
мәтіндермен жұмыс жасау, түсініп оқу, дұрыс оқу, шапшаң оқу дағдыларын
қалыптастыруға байланысты жаттығулар, мұғалімнің көрсеткен үлгісі бойынша
мәтінді мәнерлеп оқу және шығармадағы көркем сөздерді тауып, дәптерлеріне
көшіріп жазу т. б. жұмыс түрлері жатады.
Шығармашылық тапсырмаларға оқушыларды іздендіретін өз бетінше өлең
немесе әңгіме құрастыру, шығарма жазу, мәтінді толықтырып айтып беру,
мәтінді сөйлесу (диалог) арқылы әңгімелеу, көлемді шығармаларды жинақтап,
кысқартып әңгімелеу, оқыған шығарманың мазмұнын толық өзгертіп әңгімелеу,
оқылған мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу, сурет бойынша әңгіме кұрастыру
жатады. Материалдар 5-сынып оқулықтарына сай мынандай тақырыптар бойынша
топтастырылған:
I. Халық ауыз әдебиеті үлгілері.
II. Туған жерім, өскен елім.
III. Адам болам десеңіз...
IV. Дидактикалық ойындар.
Әр бөлімдегі тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты
күрделендіріліп, жеңілден ауырға қарай дидактикалык принципке сай
іріктеліп алынған.
Көрнекті педагог Мағжан Жұмабаев: Бала еш уақытта іссіз отыра
алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек... Сыныпта
отырғанда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе,
тек отырудан, ауаның бұзылуынан. Сондықтан, сабақ уақытында балалар
қолайлы болмай бара жатса, мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп,
ойнатып, сыныптың ауасын жаңартуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ертегілері сан алуан
Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді пайдаланып балалардың тілін дамыту
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Балалар фольклорын дәстүрлі оқыту
Дидактикалық ойын арқылы мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер негізінде тәрбиелеу
Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Балалар әдебиеті арқылы бастауыш сынып оқушыларының тіл дамытуы
Пәндер