Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3бет

І ТАРАУ ӘДЕБИ СЫН-ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқытудың жалпы мақсат-міндерттері мен маңызы . . . 4-6бет

1. 2 Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің даму тарихы . . . 6-16бет

ІІ ТАРАУ ӘДЕБИ СЫН-ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2. 1 Мектепте әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқытудың тиімді жолдары . . . 17-22бет

2. 2 Мектепте әдеби сын-зерттеу еңбектерінің меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері . . . 22-25бет

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі қоғамымыздағы ең өзекті мәселенің бірі - оқушыларға сапалы білім беру болып табылады. Осы «сапалы білім беру» деген сөздің астарында не жатыр? Сапалы білім беру - ұстаздың қолында. Қазақ тілі өз мәртебесін алғаннан бері мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын өткізу де жаңаша мәнге ие бола бастады. Ұстаздар күн сайын өздерінің сабақта қолданылатын әдістерін өзгертіп, күнде жаңалық енгізуге тырысады. Сондай жаңалық енгізетін ұстаздарымыз жаңалық іздеуші оқушыларды дайындап шығарады. Жаңалық іздеуші оқушы дегеніміз-сын-зерттеу еңбектерін оқу арқылы ғылыми зерттеушілік қабілеті қалыптасқан оқушы. Әдебиет сабақтарында сын-зерттеу еңбектерін оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналады. Себебі, кейбір ұстаздарымыз ақын-жазушылар шығармаларын оқытқанды оқу құралынан аса алмайды. Ал, мектептегі оқу құралындағы мәліметтерді оқушы мұғалімнің көмегінсіз-ақ оқи алады. Қазіргі заманның оқушылары үшін мұғалім күндеоікті сабақта оларға жаңа мәлімет беріп отыру керек. Сондықтан ұстаздарымыз ақын-жазушылар шығармаларын оқытқан кезде қосымша сын-зерттеу еңбектеріне сүйену орынды. Себебі, сын-зерттеу еңбектерін оқу арқылы оқушының ғылыми зерттеу қабілеті дамиды. Мектеп қабырғасында отырған оқушылардың бәрінің де зерттеушілік қабілеті мықты болмайды. Сондықтан да осындай оқушылардың жалпы әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыру, оларға қосымша білім беру - ұстаздардың алдына қойған басты міндеті болып саналады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің өзіндік даму жолы бар жеке арна екенін айқындау, оларды мектепте тиімді оқыту жолдарын анықтау. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай міндеттері шығады:

  • әдеби сын-зерттеу еңбектерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау жүйелеу;
  • әдеби сын-зерттеу еңбектерінің оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
  • оқушыларға әдеби сын-зерттеу еңбектерінің дұрыс қабылдай білуге үйрету.

Курстық жұмыстың әдістері: талдау, жинақтау, жүйелеу, зерттеу.

Курстық жұмыстың ғылыми болжамы. Жұмыстың нәтижелерін жоғары және орта арнайы оқу орындарының филология факультеттерінде «Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің оқыту» пәнін оқытқанда, жекелеген арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады. Орта мектептердегі бастауыш сыныптарды оқытудың әдістемесінде де қолдануға болады.

Курстық жұмыстың кұрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І ТАРАУ ӘДЕБИ СЫН-ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқытудың жалпы мақсат-міндерттері мен маңызы

Әдебиет пен сын өмірге бірге келді. Сын алғашқы ақын жұрт алдында шығып, өз өлеңін оқығанда, немесе шебер әңгімеші ертегі, аңыз, мақал-мәтел айтқан шақта оның тыңдаушыға ұнаған, ұнамаған пікірі ретінде көрінді. Әдеби сын көркем әдебиеттің болашақ даму жолдарын көрсетіп отыратыны болғандықтан да оның пікірлерінде болжамдық сипат болады. Әдеби сынның дәрежесі ең алдымен оның субъектісіне, яғни сыншыға байланысты. Сын- аса күрделі тұлға. Сыншыға бір ғана көркем әдебиетті біліп, әдебиетші болу аз. Ол - әдебиеттану ғылымымен, одан қалды бүкіл қоғамдық ғылымдардың жетістіктерімен жан - жақты қаруланған, білімдар адам да. Енді сын жанрларына тоқталсақ: Әдеби хабар - жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету. Бұл шағын жанр болғанымен де, ұтымды пайдалана білгенге берер мүмкіндігі мол. Аннотация - сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе деген сөздің мағынасын беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Рецензия - бұл ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр. Латынша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Аннотацияда хабарлаушылық, үгітшілдік сипаты басым болып, бағалаушылық там-тұмдап қана белгі берсе, даму барысында бұл жанр рецензияға ұласып, баға беру оның басты қасиеттерінің біріне айналды. Мақала - «Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельетон да болуы мүмкін. Ал баспасөзде бұл бөлек жанр. Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады. Мақаланың мақсаты-әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақала теориялық, айтыс, ғұмырнамалық, ескертпе болып өз ішінде бөлінеді. Шығармашылық портрет-жазушы туралы құжатты «очерк». Әдеби шолу - аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір, мақсаты соны шолып, пікір білдіру. Эссе - әдебиет жайлы құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан пікірлерді оқырманға жеткізудің бір арнасы.

Оқу бағдарламаларында әдеби сын - зерттеу еңбектерін оқытуға арнайы сағат берілген, оқулықтарда әр ақын - жазушының (жоғары сыныптарда ) өмірі, шығармашылығынан соң ғылыми сын еңбектерінің тізімі көрсетілген. Тәжірибеде ұстаздар қауымы тақырып мазмұнын ғылыми еңбектермен байытып, тереңдетіп беруде сын еңбектерге назар аударып келеді. Әсіресе, қазір әдебиетті тереңдетіп оқыту кеңінен тарауда. Сын - зерттеулерді оқыту - тереңдетіп оқытудың ең маңызды бір саласы.

Әдебиетті оқытуда сын - зерттеулердің маңызы:

1. Өтіліп отырған тақырыпты тереңдетіп беру, білім мазмұнын байыту, көркем шығарманы оқушы жан-жақты терең түсінуде, танымын дамытуда;

2. Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен жұмы істеу, қорытынды жасау дағдыларын жетілдіруде;

3. Көркем туынды туралы оқушылар бірнеше пікір, баға, сын болатынын түсінеді, әрі сол туынды туралы ғылыми шындыққа көз жеткізу, өзіндік пікір айта білуге баулу, зерттеу, іздендіру бағытындағы жұмыстарға икемдеу мәселелерінде сын - зерттеу еңбектірінң маңызы ұшаң-теңіз.

Сын-зерттеу еңбектерін оқыту мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

а) Еңбекті толық оқыту, арнайы оқыту;

ә) Ең негізгі түйінін бөліп ала отырып оқыту;

б) Өтіліп жатқан шығармаға ғана байланысты ішінара керекті пікір, ойларын теріп алып оқыту.

Сын-зерттеу еңбектерін оқытуға қойылатын бірден-бір талап - оны көркем шығармамаен бірлікте оқыту болып табылады. Сондай-ақ сын-зерттеу еңбектің жазылу тарихы, мақсаты туралы түсінікті мұғалім міндетті түрде оны пайдалану алдында беруі керек. Сын-зерттеу еңбектерінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлық сипаты туралы да, теориялық ұғым беру де мұғалім назарынан тыс қалмағаны дұрыс

Еңбектерді оқытудың жолдары, әдіс - тәсілдері. Еңбекті толық оқыту. Мысалы, 10-сынып әдебиетінде А. Құнанбаев шығармашылығын оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы сыныптағы әдебиет курсының ішіндегі ең басты тақырып - Абай шығармашылығын талдау болып табылады. Абайдың өмірі, шығар малары туралы бірінші сабақтан кейін-ақ мұғалім М. Әуезовтің «А. Құнанбаев» атты монографиясына арнайы тоқтауына болады. Оқушыларға бұл еңбектің негізгі түйінін, маңызын бірден аңғарту мақсатында, әрі игерудің бірден - бір тиімді жолы ретінде «Нені міндетті түрде білу керек?» деген тақырыпшамен монографияның ең басты мәселелерін төмендегідей етіп жазып қою керек:

Абайды тудырған дәуір - 19 ғ. ІІ жартысына берілген талдау, әсіресе патшаның отарлық саясаты, мемлекеттік - әкімшілік жүйенің шындықпен берілуі.

Ағартушы-демократтардың шыға бастауы, оған екінші Ресей - Пушкин Ресейінің әсері.

Абайтану ғылымының қалыптасу жолы, Кәкітайдың бұл саладағы еңбегі, Абай шығармаларының халыққа жету тарихы. Абайтануға қалам тартқан әдебиетші ғалымдар.

Абайдың өмірбаяны, ата тегі, ұшқан ұясы (Өскенбай, Құнанбай туралы дерек) .

Абайдың білімге қанат қағуы. Шығыс шайырлары - Физули, Науаи мұраларының әсері.

Туған халқының мол мұрасы, ақындығының игі ықпалы

Өз ортасында надандық, әділетсіздік, рулық - патриархалдық тартыстардың Абайды халық жағына шығаруы.

Орыс зиялыларымен достасу, Михаэлиспен танысу, орыс, еуропа, әлем әдебиетінің әсері(Пушкин, Белинский, Салтыков - Щедрин, Гете, Байрон т. б. )

Орыс поэзиясын қазақ даласына аударма арқылы тарата бастады. Дала жауыздығы, әділетсіздікпен күрес. Жеке басындағы трагедиялардың ұштасуы. Абай басына жасалған қастандық, оның негізгі себептері.

1. 2 Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің даму тарихы

Әдеби сын - сөз өнерінің құрамдас бөліктерінің бірі. Әдеби сын, әсіресе әдебиет тарихы мен теориясы сынды ұлттық сөз өнерінің байырғы һәм іргелі салаларымен тығыз байланысты.

Әдеби сын - ұлттық сөз өнерінің арғы-бергі тарихын танып-таразылайтын, ондағы әдеби-тарихи, мәдени-рухани һәм көркемдік-эстетикалық принциптерді байыпты бағалайтын, көркем шығарманың мазмұн-құрылымын, кейіпкерлер жүйесі мен оқиғалар желісін, ой-сөз үйлесімі мен тіл-стиль сипаттарын кең көлемде қарастырып, артық-кем тұстарын тамыршыдай тап басып көрсететін әдебиеттің бірден-бір жетекші саласы болып табылады.

Әдеби сын - әдебиеттану ғылымының арналы салаларының бірі ретінде көркем туынды табиғатын анықтайтын шығармашылық еңбектердің қатарына жатады. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби сын, оның көркемдік-эстетикалық деңгейі, зерттеу нысаны мен бағыт-бағдары жан-жақты айқындалған. Көне кезеңнен қазіргі дәуірге дейінгі аралықтағы әдеби үдерістің тууы мен қалыптасу, даму жолдары да сын мұратынан, зерттеу жүйесі мен көзқарас эволюциясынан жан-жақты көрініс тапты. Қысқасы, әдеби сын - ұлттық сөз өнерінің іргелі саласы ретінде көркемөнердің, әсіресе әдебиет дамуының тыныс-тамырын анық айқындап, көркемдік құпиясына еркін енетін, тақырыптық-жанрлық ерекшеліктерді жіті зерделеп, ой-сөз жүйесін байыпты барлап, нақтылы бағыт-бағдар беретін рухани әлем, адастырмас компос.

«Әдебиеттану» терминдерінің сөздігінде: «Әдеби сын - көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сын - әдебиеттің тарихымен және теориясымен тығыз байланысты. Айталық, әдебиет тарихы мен әдеби сынды бір-бірімен жалғас, бірін-бірі толықтырып тұрады. Әдеби теориясы әдеби процестің заңдылықтарын, шығармаларды идеялық, стильдік ерекшеліктері тұрғысынан талдау принциптерін анықтау болса, әдеби сынның негізгі міндеті шығарманы нақты тексеріп, жетістік-кемшіліктерін саралап, эстетикалық баға беру. Әдеби сын сөз өнерінің бүгінгі таңдағы даму жолдарын анықтауға ат салысады. Әдеби шығармаларға пайымдаулар жасап, түйінді пікірлер айтады. Әдеби сынның тарихы ертеден басталады. Көркем шығармалар дүнниеге келіп, халықтың кәдесіне асуының өзі-ақ оларды сын көзбен қарап, бағалаудың қажеттігін туғызатыны анық. Бірақ, сол бағалаудың өзі, әдеби туындының құны мен мәнін анықтап пікір қорыту әр кезде, әр жағдайда әр түрлі болды. Ауыз әдебиеті жағдайында өлең-жырды, дастанды, ертегі-аңыз, хикаяны тыңдаушылардың бағалауы, ауызша пікір білдіруі болашақ әдеби сынның тек алғашқы адымдары деуге болады. Жазба әдебиет қалыптасып, баспасөз, газет-журналдар пайда болған кезде нағыз толық мағынадағы әдеби сын өрбіп, өркендей бастайды» деп жазылған [1, 70] . Бұдан басқа: «Көркем әдеби сын - әдебиеттану ғылымының бір саласы, көркем шығарманы бүгінгі әдеби процесс аясында талдап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицистикалық, ғылыми-эстетикалық шығармашылық түрі. Әдеби сын әдебиет теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге негізделеді. Әдеби сын жазба әдебиеттің, ғылымның дамуымен тікелей байланысты» деп көрсетілген [2, 73] .

Бұл айтылғандардан, сөз жоқ, әдеби сын - әдебиеттану ғылымының арналы саласы, зерттеу жүйесінің басым бағыттарының бірі. Әдеби үдерістің бағыт-бағдарын, жаңалық-жетістіктерін, көркемдік-эстетикалық құндылықтарын айқындайтын сөз өнерінің қуатты һәм қозғаушы күші. Демек, «Сынның әдебиет жанрының бірі екені, ал сыншының да жазушы екені әдебиетте еш дау тудырмайды» [3, 355] .

Ал, А. С. Пушкиннің: «Сын-ғылым» деген қағидалы көзқарастары тұрғысынан келсек, сөз жоқ: «. . сын - әдебиет туралы ғылымның бір түрі» [4, 7] . Әдеби сынның теориялық мәселелері - В. А. Жуковский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Г. В. Плеханов, Д. И. Писарев, А. В. Луначарский, В. М. Литвинов, Б. Бурсов, Ю. Борев, К. М. Долгов, В. Иванов, В. М. Литвинов, П. Г. Якименко т. б. қарастырса, ғылыми қырлары - Д. С. Лихачев, М. Б. Храпченко, Ю. А. Андреев, А. С. Бушмин, Г. А. Абрамович, Н. Анастасьев, В. Воробьев, Б. Егоров, А. И. Иезуитов, Ф. Кузнецов, М. Кузмин, В. Е. Хализев, Х. Баранов, А. Бочаров, А. Вись, М. Коган, К. Кожинов, А. Михайлов, Л. Новиченко, В. Сахаров, Ю. Суровцев т. б. еңбектерінен көрініс тапты. Басты бағыттары айқындалып, қыр-сырлары ашылды. Әдебиет қозғалысын айқындап, даму арналарын жіті саралап, көркемдік пен шынайылықты таразы-безбен етіп, ақиқат жайттарға ғана табан тірейтіні мың сан мысал, деректер негізінде беріледі. Әсіресе, жазушы А. Н. Толстой: «Сын-қаламгер мен оқырман мәдениетін көтереді» десе [5, 99], профессор Ю. Б. Борев эстетика теориясы мен сынның әдіснамасы туралы айта келіп: «Сын - көпшілікке, қаламгерге, өнерге, шындыққа әсер етеді», - деп жазады [6, 338; 341] .

Сын сырын айқара ашады. Тақырып табиғатын, жанр жауапкершілігін, көркемдік мұратты баса көрсетеді. Сын мен сыншы сипаты арнаулы оқу құралы мен зерттеулерден кең орын алды. Айталық, академик З. Қабдолов: «Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ - ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ, бұл аз. Сыншы-қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі . . .

Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Көркемдік критерий ең алдымен әдеби шығарманың бағалы жағын көре білу. Сынның ең қиын міндетінің өзі - осы. Кез келген шығармада болатын үлкенді-кішілі кемшілікті табу бәрінен оңай. Ал шығарма несімен жақсы екенін белгілеу, оның нағыз поэтикалық сұлулығы мен сырлылығы неде екенін анықтау бәрінен қиын. Бұл сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді» десе [7, 48-49], профессор Р. Нұрғали: «Әдебиет сыны өз тұсындағы әдебиет мәселелеріне араласады. Сыншы - күнделікті әдеби құбылыстарды талдаушы, талғаушы адам. Ол - шығарманың көркемдік ерекшеліктерін, формасын талдаушы емес, ең алдымен туындыға негіз болған өмірлік материалды саралаушы, ойшыл, көркемдік, сұлулықты ашушы. Бұл тұрғыдан әдебиет сынының эстетикалық міндеті мен социологиялық мақсаты қатар жүреді. Сыншы - жазушы мен оқырман арасын жалғастыратын көпір, көп нәрсені ажыратып, тиянақтап түсіндіретін әділқазы, арда би. Әрқашанда әдебиет сыны жеке шығармалардың, жеке авторлардың төңірегінде тұйықталып қала алмайды. Ол бір жазушының көлеңкесі емес. Сын пікірлердің артық- кем айтылуы, бір шығармалардың уақытша асыра бағалануы, бір туындылардың қалтарыста қалуы- қайталанатын құбылыс», - деп жазады [8, 46-47] .

Ал: «Сын сөзінің төркіні грек тілінде «талдау, талқылау» деген мағына беретін «kritike» деген сөзінен шығады . . .

Алғашқы сын үлгілері елге сыйлы, білімді жандардың ой-пікірі ретінде көрінген. Антикалық дәуірде әдеби жұмыстың бір саласы ретінде бөлініп шыққан әдебиет сыны ұзақ уақыт бойына шығармаға жалпылама баға беру, оны оқырмандарға таныстыру, оқуға кеңес беру, шығарма авторын дәріптеу немесе сынау сияқты қарапайым ғана міндеттер атқарып келді. Әдебиеттің дамуына байланысты әдебиет сынының да мақсаты мен сипаты күрделене түсіп, оған қойылатын талаптар да, жауапкершілік те күшейді. Соған сәйкес, әдебиет сынының теориялық анықтамасы да тарихи тұрғыдан нақтылана түсті» [9, 22] . Мұның бәрінен, сөз жоқ сын мен сыншының мақсат-мұраттары айқын көрініс береді. Туынды табиғаты мен тақырыпты тануда, көркемдік құндылықтарды, өмір шындығын, кейіпкерлер жүйесін зерттеп-зерделеуде, баяндау мен бағалау тұстарында - сын мұраты айқын аңғарылады.

Ұлттық әдеби сынның өзіндік бағыты, бастау-арналары бар. Кешеден бүгінге жеткен тарихы мен тағылымы да мол. Әдеби сынның арғы-бергі кезеңдерін, қалыптасуы мен даму бағыттарын әдебиеттанушы-ғалым, профессор Т. Кәкішев төмендегіше атап көрсетеді: «Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең- қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең - қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтыды. Үшінші кезең - қазақ әдебиет сынының өсіп-өркендеу және қалыптасу дәуірі - 1938-1985 жылдар аралығы.

. . . Халық болған жерде өнер бар, оған деген көзқарас, эстетикалық талғам бар. Халық ауыз әдебиетінен тартылған жайлар жазба әдебиеті туындыларына ұласып, өзінше бір көркемдік әлем жасағаны даусыз. Қазіргі қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымымен дүниеге келген әрбір көркем туындының идеясын, айтар ойын, эстетикалық өреге қол созғанын, қандай әлеуметтік мәселені көтергенін, нені насихаттайтынын саралап алуға міндетті. Әдеби сынның туу, қалыптасу проблемалары тек творчестволық қана емес, саяси-әлеуметтік мәселелермен де тікелей байланысты болғандықтан әдебиет сыны тарихында оны орағытып өту мүмкін емес. Сынның социологиялық және эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді.

Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келеді. Көркемдік даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір-бірінің ілгері-кейінділігіне қарамастан, өзара байланысты болады» [10, 3-4] . Әдеби сынның табиғаты мен көркемдік-жанрлық қырларын профессор Д. Ысқақұлы төмендегіше айқындайды: «Сын көркем әдебиетпен бірге пайда болып, бірге дамиды. Әдебиет бар жерде, оның сыны да бар . . . әдеби сын дегеніміз - көркем әдебиет, оның ғылымы мен журналистиканың тоғысқан түйінінде пайда болып, күнделікті әдеби өмірді зерттейтін, оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, баға беретін, оқырманның дұрыс түсінуіне көмектесетін, рухани әлем аясында қызмет атқаратын, әдеби, ғылыми, публицистикалық сипатты қоғамдық сананың күрделі бір саласы, шығармашылық түрі.

Әдеби сынның басты мақсаты - әдеби өмірде болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде бағалап, оқырмандарға түсіндіріп отыру, субъектісі - сыншы; объектісі - шығарма жазумен әдеби өмір; әдіснамасы мен әдістері - диалектикалық материализм, қоғамдық ғылымдар, оның ішінде әдебиеттанудың зерттеу әдістері; сынның мазмұны - әдеби процестің өзекті, зәру мәселелері; құралдары - әдебиттану ғылымының категориялары, терминдері; өмір сүру арнасы - баспасөз; жанрлары - хабар, аннотация, рецензия, шолу, шығармашылық портрет. Мақала, фельетон, эпиграмма, пародия, эссе: бағыты - оқырман қауым, қаламгер; принциптері-халықтығы, идеялылығы, шыншылдығы, тарихшылдығы, ғылымилығы, жауынгерлігі, өмірмен байланыстылығы; атқаратын қызметі - үгітшілік, насихатшылық, танымдық, бағалаушылық, талдаушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық» [11, 18, 22] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Еңбекті толық оқыту немесе арнайы оқыту
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Әдебиеттану мәселелері
Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша жазылған Белгібай Шалабаевтың ғылыми - сын, әдеби аударма еңбектері атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясының қолжазбасын талқылау
Абайдың шығармашылық өмірі - қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz