Әдебиет теориясы ұғымдарының жалпы сипаттамасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет
І ТАРАУ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Әдебиет теориясы ұғымдарының зерттелу жолдары ... ... ... .4.11 бет
1.2 Әдебиет теориясы ұғымдарының түрлері мен олардың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.16 бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ӘДЕБИ.ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІКТЕРІ
2.1 Мектепте әдеби.теориялық ұғымдарды оқытудағы тиімді қолданысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.21 бет
2.2 Мектепте әдеби.териялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.28 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...30 бет

Тақырып өзектілігі: Бүгінгі мектеп шәкірттерінің әдебиетке, өнерге қызығушылығы, білімге құштарлығы, жалпы көзқарасы, таным-талғамы басқаша. Бұрынғы елгезек, ізденгіш, тапсырманы мұқият орындауға тырысатын, көркем әдебиеті іздеп жүріп оқитын оқушылар типі қазір сирек кездеседі. Оқушылардың енді бір бөлігі жалпы көркем әдебиет туындыларын оқуға құлықсыз, оқымайды да. Мектеп бітірушілер Білім стандарты талаптарына, бағдарламаға сәйкес қазақ әдебиетінің тарихын және бүгінгі әдеби процес жетістіктерін жақсы білумен қатар әдеби-теориялық негізгі ұғымдарды да орнықты игеріп, ол білімдерін көркем шығармаларды талдау барысында таныта алуы, сөз өнерінің ерекшеліктерін байыптай білуі міндетті. Қайткенде мектепте әдебиет сабағын сапалы өткізуге болады. Оқушылардың әдеби білімінің деңгейін көтеру бүгінгі таңда негізгі мәселеге айналып отыр. Туындайтын сұрақтар көп-ақ, жауаптары да түрліше болуы мүмкін. Бұл әрі нық сенімім де, мұның нақтылы бір жолы – сабақ сапасын жетілдіру, оқушылардың әдеби–теориялық ұғымдарын қалыптастыруға баса назар аудару.
Оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдар беру, сынып жоғарылаған сайын бағдарламаға сәйкес ол ұғым – білімдерді жаңа материалдар негізінде әр қырынан толықтыра түсіп, шәкірттердің теориялық білімін жетілдіріп отыру – ұстаз міндеті, әдебиет сабақтарының басты мақсатының бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері: мектеп оқушыларына әдеби-теориялық ұғымдарды оқытуға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- әдеби-теориялық ұғымдардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- әдеби-теориялық ұғымдардың шығармалардың түрлерін меңгерту;
- мектеп бағдарламасына енген әдеби-теориялық ұғымдарға шолу жасау, жүйелеу;
- оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдарды дұрыс қабылдай білуге үйрету.

1. Байтұрсынов А. «Ақ жол». А., 1991. 36-б.
2. Қабдолов З. «Сөз өнері». А., 2002. 312-б.
3. Радциг «Көне грек әдебиетінің тарихы». М. 1963. С.340
4. Иманғазинов М.М. «Антика әдебиеті». Т., 2006. 253-б.
5. Ыбыраев Ш. «Эпос әлемі». А., 1993. 422-б.
6. Қасқабасов С. «Қазақ халық прозасы». А., 1972. 107-б.
7. Қабдолов З. «Сөз өнері». Алматы: Санат, 2002.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.
9. Ақшолақов Т. «Шығарманың көркем айшықтарын таныту». Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі». Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий». - М, : Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. «Педагогика и прогрессивные технологии обучения».- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В.«Теория развивающего обучения». -М., 1996 г. Дьяченко В.К. «Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса». -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. « Қазақ ұлттық энциклопедиясы»
15. Әуезов М., «Әдебиет тарихы» , Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», Қызылорда, 1931
17. «Қазақ фольклористикасының тарихы», А., 1988
18. «Қазақ фольклорының тарихилығы», А., 1993
19. Жұмалиев Қ., «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері», А., 1958
20. Ғабдуллин М., «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», А., 1972
21. Ысмайылов Е., «Ақындар», А., 1956
22. «Қазақ фольклорының типологиясы» А., 1981
23. Бiтiбаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» . А., 1997.
24. Әбдiбекқызы К. «Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту». А., 1994.
25. Бiтiбаева Қ. «Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал)» А., 1990.
26 Жұмажанова Т. «Қазақ әдебиетi әдiстемесi». А., 2003.
27. Қоңыратпаев Ә. «Әдебиетті оқыту методикасы». А., 1985.
28. Бітібаева Қ. «Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту». Семей, 2007.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
І ТАРАУ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Әдебиет теориясы ұғымдарының зерттелу жолдары ... ... ... .4-11 бет
1.2 Әдебиет теориясы ұғымдарының түрлері мен олардың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-16 бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ӘДЕБИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІКТЕРІ
2.1 Мектепте әдеби-теориялық ұғымдарды оқытудағы тиімді қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-21 бет
2.2 Мектепте әдеби-териялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-28 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..30 бет
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі: Бүгінгі мектеп шәкірттерінің әдебиетке, өнерге қызығушылығы, білімге құштарлығы, жалпы көзқарасы, таным-талғамы басқаша. Бұрынғы елгезек, ізденгіш, тапсырманы мұқият орындауға тырысатын, көркем әдебиеті іздеп жүріп оқитын оқушылар типі қазір сирек кездеседі. Оқушылардың енді бір бөлігі жалпы көркем әдебиет туындыларын оқуға құлықсыз, оқымайды да. Мектеп бітірушілер Білім стандарты талаптарына, бағдарламаға сәйкес қазақ әдебиетінің тарихын және бүгінгі әдеби процес жетістіктерін жақсы білумен қатар әдеби-теориялық негізгі ұғымдарды да орнықты игеріп, ол білімдерін көркем шығармаларды талдау барысында таныта алуы, сөз өнерінің ерекшеліктерін байыптай білуі міндетті. Қайткенде мектепте әдебиет сабағын сапалы өткізуге болады. Оқушылардың әдеби білімінің деңгейін көтеру бүгінгі таңда негізгі мәселеге айналып отыр. Туындайтын сұрақтар көп-ақ, жауаптары да түрліше болуы мүмкін. Бұл әрі нық сенімім де, мұның нақтылы бір жолы - сабақ сапасын жетілдіру, оқушылардың әдеби - теориялық ұғымдарын қалыптастыруға баса назар аудару.
Оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдар беру, сынып жоғарылаған сайын бағдарламаға сәйкес ол ұғым - білімдерді жаңа материалдар негізінде әр қырынан толықтыра түсіп, шәкірттердің теориялық білімін жетілдіріп отыру - ұстаз міндеті, әдебиет сабақтарының басты мақсатының бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері: мектеп оқушыларына әдеби-теориялық ұғымдарды оқытуға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- әдеби-теориялық ұғымдардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- әдеби-теориялық ұғымдардың шығармалардың түрлерін меңгерту;
- мектеп бағдарламасына енген әдеби-теориялық ұғымдарға шолу жасау, жүйелеу;
- оқушыларға әдеби-теориялық ұғымдарды дұрыс қабылдай білуге үйрету.
Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Курстық жұмыстың іс-тәжірибелік маңызы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнін оқытуда, Әдеби-теориялық ұғымдарды таныту тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Әдебиет теориясы ұғымдарының зерттелу жолдары
ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы ғылыми-зерттеу мақалалардағы әдеби-теориялық ой-пікірдің ізденістері мен іркілістерін саралағанда, бұл кезеңде әдеби-теориялық білімдер жүйесінің жоғары болғанын, күрделі теориялық мәселелерге қалам тарта алғанын көре отырып, А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш атты еңбегінің тақыр жерде пайда болмағанын байқаймыз. Сыншылдық және әдеби мұра туралы ғылыми-зерттеушілік сипаттағы мақалалар жеке бір ақын-жазушыны, не болмаса белгілі бір көркем шығарманы сөз ету барысында әдеби-теориялық ой-пікірді жетілдіре түсті. Ұлттық әдебиет тарихын зерттеп тануға деген әдеби-тарихи ой-пікірдің құлшынысы, қалыптасу кезеңіне қадам басқан әдебиет сыны күрес үстінде сапалық та, сандық та жағынан көркейе бастаған қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін ғылыми сөз етуді күн тәртібіне шұғыл қойды.
Бұл салада, яғни жалпы өнер туралы, әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы ұлттық әдебиеттану ғылымында ең алғаш жазылған еңбек - А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы (1926) болды. Үлкен білімдарлықпен, ғылыми терең дәлдікпен жазылған бұл еңбек екі-үш жылдан соң авторы ұсталып кеткендіктен, көпшілік арасына кеңінен тарап үлгермеді де, ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің өсу дәрежесін көрсететін ғылыми мәні тәуелсіздікке дейін дұрыс бағаланбай келді. Ғалым Р. Нұрғали: Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған [1] десе, тілші-ғалым Р.Сыздықова: Байтұрсыновтың Әдебиет танытқыш атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы...Мұнда автор көптеген жайттарды өзі шешіп, көптеген ұғымдарға терминдік атаулар ұсынады, - деп жазады[2].
Біздің ойымызша, Әдебиет танытқыш ғылыми зерттеу ретіндегі маңызы қалыптасқан әлемдік теориялық ұғым, түсініктерге қазақша балама тауып, нақты мысалдармен дәлелдеуінде ғана жатқан жоқ. Тұңғыш ғылыми зерттеу ретінде өз кезеңінде әдеби-теориялық білімдер жүйесінің қалыптасуына ерекше ықпал жасап қана қоймай, қазақ әдебиеттану ғылымының тууына негіз де бола алған еңбек екені айтылуда. Әдебиет танытқыш - жалпы көркем өнер, оның ішінде әдебиеттің барлық болмысы мен бітімін, көркем шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін анықтау жолында ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірді ғылыми бір жүйеге түсірген және әдебиет теориясына ұлттық сипат дарытуда терминдердің қазақша мағынасын тапқан автордың жан-қиярлық еңбегінің жемісі.
Әдебиет танытқышты сол кездегі және кейінгі жылдардағы әдебиет теориясы саласында жазылған еңбектермен салыстырып, әр теориялық ұғым-түсінікті автор қалай түсіндіргені мен әрбір терминнің қазақша баламасын көрсетіп жату өте көп орын алады және еңбектің ғылыми маңызын ашу үшін ол аса қажет те емес.
Еңбектегі өнертану, әдебиеттану, фольклортану салалары бойынша терминдер жүйесінің жасалуынан Ахаңның кемеңгер ғалымдығы танылады. Мұнда әдебиеттануға қатысты 327 термин қолданылған болса, оның 60-ы (18%) осы күнге дейін пайдаланылып жүр. 267-сі (80%) қазір қолданылмайды.
Ғалымдар Ш. Жалмаханов пен Ж.Смағұловтар: терминдердің жасалу жолына лингивистикалық тұрғыдан қарағанда, 67 термин дара тұлғада, 223 термин күрделі тұлғалы (2 сөзден 7 сөзге дейін) болып келеді. Белгілі бір сөз өнер құрылысына берілген атау, термин сол құбылыстың адам, қоғам әмірінің рухани-әлеуметтік табиғатынан туындап жатқандықтан да (атау, терминдердің мағыналарына құбылысты телу емес) ойға оралымды, көңілге қонымды болып шыққан, - деп көрсетеді [3].
Сондықтан да жалпы әдебиет дегеннің болмысы мен бітімін толғаған сөз өнерінің әліпбиі бола алған А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышы -қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен көрсеткіші болумен қатар, теориялық ой-жүйесіне мықтап түрен салған, қазақтың парасатты толғамын, ойшылдығын эстетикалық таным-білігінің молдығын танытқан кезеңдік туынды, - деп ғалым Т.Кәкішев өте дұрыс бағалайды [4].
Әдебиет танытқышты, жалпы А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасын, оқып- үйрену, игеру және пайдалану үшін, ең алдымен, бұл еңбектегі әр атау, ұғым-түсінік, термин және категориялық мән-мағынаны, мазмұнын түбегейлі түсініп алу керек.
Академик З.Қабдолов: Ахаң қалыптастырған әдеби теориялық терминдерге мұқият жауапкершілікпен қараған жөн. Ахаң терминдерін жапа-тармағай жіпке тізе бермей, таңдау керек, сөйтіп барып талдау керек [5], - дей келіп, бүгінгі теориялық деңгейден табыла қоймайтын кейбір атауларды оп-оңай формализмге, абстракционизмге, болмаса канон жасап қисық қисынға, қасаң қағидаға айналдырып алмау керектігін атап көрсетеді. Алайда Әдеттегі дәстүр жалғастығының заңына орай үш түрлі арнау ды әрқайсысымыз өзімізше пайымдап, қисындап, кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ, амал не, бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, Қажекеңе сілтеу жасауға мәжбүр болдық, [6] - деп З.Қабдолов айтқандай, кейінгі жазылған еңбектерде қолданылған теориялық терминдердің баламаларын былай қойғанның өзінде, алдағы уақытта ғылыми айналымға енгізуге сұранып тұрғандары да баршылық [7].
Мысалы үшін, көсемсөздің қазіргі ғылыми термин ретінде қолданылып кеткеніндей, нақыл сөз, қанатты сөз деп жүрген афоризмді ділмар сөз, эссені - заман хат деп А.Байтұрсынов берген атаулармен атасақ, ұтылмаймыз. Немесе Шешен сөз дегендегі оның саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошамет шешен сөз, білмір шешен сөз, уағыз шешен сөз деген түрлерінің атауларын орнын дәл тауып пайдалансақ, ұлттық таным-біліктен алыс жатқан жоқ.
Шешен сөз очерк жанрының баламасына жақын келсе, ішкі түрлерге бөлуде де сәйкестік байқалады. Сонымен қатар Ахаң өз еңбегінде талданып отырылған жанрлық түрге байланысты мысал келтіргенде, Ғұрып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 120, 126- номерлерінің қара немесе Діндар дәуір әдебиет нұсқаларын нұсқалықтың 131, 165-номерлерінен қара деп кетіп отырады. Яғни Әдебиет танытқышқа қосымша хрестоматиялық мәндегі жинақты да бастырып шығару ойында болған. Нұсқалықта алынған әдебиет нұсқаларының еңбекте көрсетілген реттік саны 275-ке келіп тоқтағанына қарасақ, оның көлемі де әжептәуір мол болғанын байқау қиын емес. Бұл - ахметтанушы ғалымдар тарапынан көңіл аударатын мәселе А.Байтұрсынов қара сөз бен дарынды сөз жүйесін сөз ету барысында, әдебиеттің тегі мен түрі мәселесіне келгенде фольклор және әдебиет тарихына шолу жасап өтеді.
Бұл турасында З.Қабдолов: Мұның өзі бір қарағанда әдебиет туралы ғылымның екі саласын (тарихы мен теориясын) қосып, қойыртпақтап жібергендей көрінеді. Бірақ байыбына барыңқырасақ, ол мұнда да әдеби-теориялық ұғымдар қалыптастырып, өзінің Әдебиет танытқышын тағы да сөз өнерінің әсем әліппесінде айналдырады, [8] -деген пікір білдіреді. Алайда автор фольклор туралы ой-толғағанда оны жанрлық тұрғыдан классификация жасаудың алғашқы жобасын жасап, ғылыми анықтамасын жазып шықты.
М.Әуезовтің Әдебиет тарихы 1927 жылы, Х.Досмұхамедовтің Қазақ халық әдебиеті 1928 жылы шыққаны белгілі. Ендеше осы екі еңбектегі қазақ фольклорының жанрлық тұрғыда жүйеленуіне негіз болған да осы Әдебиет танытқыш екені даусыз. Реті келгенде айта кетуге тура келеді. Жалпы алғанда кеңестік дәуірдегі фольклортану саласындағы еңбектерге Ахаңның Әдебиет танытқышының теориялық және әдіснамалық тұрғыдағы жетекшілік рөлі назардан тыс қалып келді. Ұлттық фольклор тарихын зерттеушілер арапынан тарихи салыстырмалық сипатта тереңдете қарастырылса, бірталай жағдайдың беті ашылар еді.
Оны бізде 20 жылдардың орта кезінде әдеби ағым мен көркемдік ағым туралы болған айтысқа байланысты жарияланған елуге тарта сын-зерттеу мақалалардың айтар өзегіне айнаған мәселелерден анық байқауға болады. Егер социалистік реализм атауының 1932 жылы Жазушылар одағының құрылуына байланысты өткен 1 сьезден бастап қана қолдана басталғанын ескеретін болсақ, Әдебиет танытқыштың ұлттық әдебиеттануда ғана емес, көршілес түркі тілдес халықтар әдебиеттануында да әдеби теориялық ұғым- түсініктердің бастау алуына негіз бола алған жетекшілік мәнін жоққа шығаруға болмас.
Бұл тұрғыдан келгенде, Әдебиет танытқыштағы діндар дәуір деп отырғаны діни-моральдық романтизм, маркстік-лениндік әдіснама бойынша айтсақ, реакцияшыл кертартпа романтизм болып шығады. Ал ділмар дәуір-азаматтық романтизм, яғни кеңес дәуірінше атасақ, революцияшыл романтизм. Сындар дәуір - сыншыл реализм атауының баламасы екені анық.
Бұдан шығатын қорытынды: А.Байтұрсынов әдебиет тарихын тарихи кезеңдерге бөліп отырған жоқ, әдеби дамудың заңдылығына орай көркемдік әдіс тұрғысынан дәуірлеп отыр. Олай болса, Абайға дейінгі ақын-жыраулар, әнші ақындар шығармашылығы реализммен дамып келді де, сыншыл реализмге ауысты деген пікір туындайды. Абай қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін қалады дегенде оның аспаннан түспегенін, әдеби дамудың тарихи сабақтастығы бойынша қалыптасқанын ғылыми негіздеу қажет- ақ.
...Осы сыншыл реализм туралы сонау 20 -жылдары А.Байтұрсыновтың сындар дәуір деп атағанын ұмытпайық. Сындар дәуірге деген ойлардың бәрі де профессионалдық әдебиеттің көркемдік әдісіне, алған бағытына құйылатын таным-білік екені даусыз , - деген Т.Кәкішев пікірінде зор шындық жатыр [9].
Рас, Әдебиет танытқышта әдеби ағымдар мен көркем образ, тақырып және идея, сюжет және компазиция туралы әдеби-теориялық тұрғыдағы жүйелі баяндалған тараулар жоқ. Бұлардың қамтылмауы кемшілік болып табылмайды. Себебі, әдеби-теориялық ой- пікір оларды сөз етуді енді ғана қолға ала бастаған еді. Сонымен қатар әдебиет туралы ғылымның тууы- әдебиет тарихынан не теориясынан белгілі бір терең мәні бар еңбектің жазылуымен жүзеге аспақ емес.
Ол - зерттеушілік ой-пікірдің қайшылықтарға толы кезеңдерінен тұратын ұзаққа созылатын үрдіс. Бұған қоса әр кезеңде туындаған әдеби-теориялық білімдер жиынтығы мен сыншылдық таным-білік тудыратын көркем әдебиет те қажет.
Қорыта келгенде, ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің ғасырлар бойындағы ғылыми бағыттағы ізденістерінің нәтижесі ретінде Әдебиет танытқыш дүниеге келді де, әдебиет туралы ұлттық ғылымның туа бастағанын дәлелдеп берді. Ол әдебиеттану ғылымының туып-даму жолындағы әдеби-теориялық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз және басшы болуға тиіс еді. Амал не, А.Байтұрсыновтың қазақ зиялыларына төнген алғашқы саяси зұлматтың құрбандығына айналуынан бастап, жетпіс жыл бойы еңбекті ғылыми айналымнан шығарып тастадық. Әйтсе де әдебиет теориясынан кейінде жазылған еңбектерге негіз болумен қатар, танымдық ізденістерде табан тірер басты қайнар көз болып қала берді. Біз бүгінде Әдебиет танытқыштың түркі тілдес халықтар ішінде кездеспеген құбылыс екенін мақтана айтуға тиістіміз. Алайда қазақ әдебиетіндегі ұлтшылдық-алашордашылдықтың қалдығын жою, большевиктік өзара сында қырағылықты күшейту туралы ауық- ауық айтылып қалып отырылған ұлтшылдыққа қарсы көзқарас 1937 жылдың орта шенінен бастап, халық жауларын әшкерелеу науқанына ұласты. Әдебиет сыны әшкерелегіш, қаралағыш мақалалармен көрініп, саясаттың сойыл соғарына айналды. Жеке адамға табынушылық әдеби дамуға да әсер етіп, Сталин басқарған социалистік қоғамның жетістіктерін мадақтау өріс алды. Ал әдеби-теориялық ой-пікірдің көркем әдебиет туралы ғылыми ізденістері дағдарысқа ұшырады. Ғылыми-зерттеушілік жұмыстар әдебиет тарихы мен теориясының мәселелерінен гөрі орыс жазушылары мен әдебиеттерін, Жамбылды және басқа халық ақындарының шығармашылығын марапаттауға ауып кетті. Өзінің қалыптасу жолында талай қиын-қыстауды бастан кешіріп келе жатқан әдебиет сыны мен ғылымының тарихында іркілістер мен бұралаңдарға ұшыраған бұл да бір кезеңі болды. Бұл ұлттық әдебиеттану ғылымының туу кезеңінде айрықша еңбек етіп келген әдебиетші-сыншы кадрларды екінші рет әдеби, ғылыми ортадан аластап тастады. Олардың әдеби және ғылыми мұрасын 1950 -жылдардың орта кезіне дейін зерттеу және пайдалану мүмкіндігінен айырылған ұлттық әдебиеттану ғылымы ғасырларға созылған ұзақ жолында өте ауыр жағдайға тап келді.
Бірақ сарабдал сыншы-әдебиетшілердің 1920- 30-жылдардағы әдебиет теориясы бағытындағы қажырлы ізденістерінің жемісі ретінде танылып, ұлттық әдебиеттану ғылымының туу кезеңінің аяқталғанының куәсі ретінде Қ.Жұмалиевтің Әдебиет теориясы (1938), Е.Ысмайыловтың Әдебиет теориясының мәселелері (1940) жарыққа шықты. Бұл жерде ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің шын мәнінде ұшқырлық танытқанын, дәуір талабынан табылуға ұмтылғанын атап айту керек. Шынын айтсақ, ол да болса Ахаңның Әдебиет танытқышының арқасында. Кейбір деректерге қарағанда, Қ.Жұмалиевтің оқулығы 1932 жылы жазылса да алты жыл бойы әр түрлі себептермен жарық көрмеген. Орыс әдебиеттану ғылымында маркстік-лениндік эстетикаға негізделген Л.Тимофеевтің Теория литературы (1934), И.Виноградовтың Әдебиет теориясы (1936), Борьба за стиль (1937), Г.Поспеловтің Теория литературы (1940) аталатын еңбектері енді ғана жарық көрген еді. Партия мен кеңестік идеология ғылым, өнер, әдебиеттегі буржуазиялық, ұлтшылдық көзқарастарға аяусыз күрес жүргізе отырып, маркстік -лениндік әдіснаманы қоғамдық ғылымдарға, оның ішінде әдебиеттану ғылымына, оның сыншылдық, әдеби-тарихи, әдеби-теориялық ой-пікіріне мықтап орнықтырды.
Қазақстанда халық жауларын әшкерелеу науқаны ерекше қарқынмен жүрді. Ол ұлттық әдебиеттану ғылымының туғандығын дәлелдеп берген, келешектегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыт-бағдарын біршама анықтаған оқулықтар мен оқу құралдарын, зерттеу мақалаларды, ғылыми еңбектерді түгелге жуық пайдаланудан шығарып тастады. Ғылыми -зерттеушілік ой-пікірдің қалыптасуына еңбек сіңірген, шығармашылық кескін-келбетін айқындап енді жасақтала бастаған сыншы әдебиетші кадрлары тағы да саясаттың құрбандығына айналды.
Бірақ, партияның көркем өнер мен ғылым саласындағы саясаты мен идеологиясы оған қараған жоқ. Дүниетанымдық көзқарасы социалистік қоғам рухында тәрбиеленіп, әдебиетке енді ғана араласа бастаған жас күштердің алдына орасан зор міндеттер қойды. Олардың бірі орта және жоғарғы мектепті маркстік-әдіснаманы басшылыққа ала отырып жазылған оқулық, оқу құралдарымен қамтамасыз ету міндеті болды. Міне, сондықтан Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайыловтың әдебиет теориясының күрделі мәселелеріне бара алған еңбектерін сөз еткен уақытта, зерттеу нысанасына алып отырған саланы жан-жақты қарастыруға мүмкіндік бермеген уақыт пен заман талабын есте ұстау керек.
Қ.Жұмалиевтің Әдебиет теориясы мектепке арналған оқулық жасау мақсатында жазылып 1938, 1940, 1941, 1942 жылдары бірнеше рет басылып шықты. Негізінен орыс әдебиеттану ғылымындағы теориялық еңбектерді, әсіресе И.Виноградовтың Әдебиет теориясын басшылыққа алғандықтан да аудармалық сипаты басым болды. Автордың өзі Кітаптың кейбір бөлімдері, жеке әдебиет мәселелері Тимофеев, Виноградов кітаптарынан, жаңа әдебиет энциклопедиясынан тура алынып отырылды. 1937-38 оқу жылында жоғарғы дәрежелі педагогикалық мектептерге арнап жасалған әдебиет теориясының программасына сүйеніп жазылды, [10] - деп атап жазғандай, орыс әдебиеттану ғылымындағы зерттеулерді басшылыққа алды. Бұл еңбектер жазылған кезде 30 -жылдары жазылып пайдалануда болған оқулық, оқу құралдарының барлығы халық жауларының еңбектері ретінде қолдануға тыйым салынған еді.
Сондықтан 30-жылдардың соңы, 40-жылдардың басында жазылған оқулықтар мен хрестоматиялардың мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігін атқарған тарихи мән-маңызы да өте зор болды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық ой-пікірінің өскелең ізденісін танытқан Қ.Жұмалиевтің Әдебиет теориясы (1938) Е.Ысмайылов жазған Әдебиет теориясының мәселелері (1940) А.Байтұрсынов Әдебиет танытқышында негізделген ұлттық әдеби-теориялық ой-пікір арнасының тарихи және ғылыми заңды жалғасы болып табылады.
Авторлар тек орыстың теориялық еңбектерін ғана пайдаланумен шектелген жоқ, ұлттық танымдағы құнарлы ой-пікір сабақтастығын қиыннан қиыстыра білді. Оны академик З.Қабдоловтың: Ақаң жоқта біздегі әдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді еді. Ал басы жоқ кеуде бола ма? Қайтейік, болды деп келдік. Мәселен, айшықтаудың (фигураның) арнау деген түрі бар. Бүкіл дүниежүзілік әдебиет теориясында арнау деген бірақ түр: шауып шықса, бұған шешендік сұрау қосылып қана ажарлануы мүмкін. Ал қазақ поэзиясында Ақаң осының үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жырлай арнау) тауып қосып, құлпыртып әкетеді. Бірақ амал не, бұл жаңалықты тапқан Ақаң екенін кезінде ашып айта алмай Қажекеңе сілтеме жасауға мәжбүр болдық , [11] - деген пікірі нақты дәлелдей түседі. Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайылов Әдебиет танытқыштағы ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірге сүйене отырып, онда қарастырыла қоймаған теориялық ұғым-түсініктерді қамтып, дамытып әкетті. Сол арқылы қызыл империяның теориялық бағыттағы зерттеу еңбектерді пайдалануға тыйым салуынан туған іркілістің орнын толтырып, соны ізденістерге жол салды.
Теориялық ой-пікірдің белгілі бір дәрежеде жалпылық сипаты мен ортақтығын есте ұстай отырып айтар болсақ, бұл еңбектер Әдебиет танытқыштағы теориялық мәндегі ұлттық ұғым-түсініктердің желісін үзбей бізге жетуіне, ғылыми қолданыстан шығып қалмауына, жаңа қадамдардың жалғаса беруіне алтын көпір болды. Ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірде әдеби ағым мен көркемдік әдіс, стиль, тақырып, идея, әдебиеттің тегі мен түрі ұғым-түсініктерді бүкіл әлемдік теориялық ой-көзқараспен байланыстыра қарап, нақты мысалдармен дәлелдейді.
Шынын айтар болсақ, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір Қазақ әдебиеті тарихының көптомдығы (1961- 67) шыққан кейін, дауы мен машақаты көп және әдебиеттің таптығы, халықтығы, партиялығы қағидаларына сай саясатқа апармай қоймайтын ұлт әдебиеті тарихы мәселелерін зерттеуден гөрі әдебиет теориясына қарай бой ұрғаны да жалған емес. Сондықтан А.Байтұрсынов еңбегінде негізі қаланған қазақ өлеңінің құрылысы Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов еңбектерінде ғылыми жалғасын тауып тереңдете зерттелінді. Олар өлең сөздің теориясына тән жаңа атаулар енгізді және оны теориялық ой-пікірде орнықтырды. Ол кейін бұлардың еңбектерінің кеңестік дәуірдегі заңды жалғасы болып табылатын З.Қабдолов, М.Дүйсенов, З.Ахметов, М.Базарбаев т.б. өлең сөздің ғылыми теориясы саласындағы күрделі зерттеулеріне ұласты [9].
Бұл жерде ұлттық өлең сөз теориясының асқан білгірі Зәки Ахметовтің ғылыми зерттеулерінің ұлттық әдебиеттануда алар орны ерекше. Өзінің сонау 1950 жылдардың басында жазған Абай және Лермонтов атты мақаласынан бастап, бүкіл ғұмырын қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік ерекшелігі мен құрылысын зерттеуге арнады. Ол өзінің Казахское стихосложение (1964) аталатын еңбегінен бастап ұлттық өлеңнің поэтикалық проблемасымен кешенді мақсатта айналысты. О языке казахской поэзии (1970), өлең сөздің теориясы (1973) сияқты монументальды еңбектері арқылы қазіргі ұлттық әдебиеттануда жеке ілім саласы болып отырған өлең сөз теориясының мерейін өсірді.
Қорыта келгенде, А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышынан басталып, іргесі қаланған әдеби-теориялық ой-пікір саяси-идеологиялық қыспаққа ұшырай отырғанмен де өзіне сара жол тауып, әдебиет туралы ұлттық ғылымда Әдебиет теориясы аталатын үлкен саланы қалыптастырды. Сол арқылы осы ғылымның қалыптасу кезеңіндегі соны ізденістеріне жол ашты, әдеби-теориялық талдау жасаудағы білім негіздерін кемелдендірді. Маркстік-лениндік әдіснаманы басшылыққа алу көп жағдайда сезілсе де, әлі де болса бұрынғы ұлттық сипаттағы үрдісінен де қол үзебеуге ұмтылды. Оның басты себебі ірге тасы А.Байтұрсыновтың Әдебиет танытқышында қаланғандықтан десек, артық айтқандық емес.
1.2 Әдебиет теориясы ұғымдарының түрлері мен олардың өзіндік ерекшеліктері
Әдеби жанр (французша - тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады. Біріншісі, әдебиеттердің қалыптасқан тектері эпос, лирика, драма; екіншісі, әдеби туындылардың түрлері - әңгіме, повесть, роман, поэма, комедия т.б. Жанр - даму үстіндегі құбылыс. Әрбір тарихи дәуірде белгілі бір жанрдың түп негізі сақтала отырып, өзгеріске ұшырайды. Жанрлар туады, дамиды, өзгереді, жаңадан пайда болады. Поэзия - әдебиеттің көне саласы. Поэзиялық шығармада сезім басты орында тұрады. Лириканы оқыту әдебиетті оқытудың басты талабынан туындайды.
Дәстүрлі түрде алғанда әдеби тек үшке жіктеліп, әрқайсысының белгілі бір қызметі қалыптасады.
Эпос болмысты белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында, оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде суреттейді.
Лирика адамның ішкі сезім-күйін, әр түрлі эмоционалдық жағдайын бейнелейді.
Драма кейіпкерлердің тікелей қатысуымен олардың арасындағы тартыс, қақтығыстарды әлеуметтік-психологиялық сипатта беруімен ерекшеленеді.
Осылардың ішінде лирика өмірдің алуан түрлі құбылыстарына ақынның көзқарасын, күйініш-сүйініш сезімін, толғаныс-тебіренісін көрсетеді. лириканы талдау оқырманды өнерді эмоциялық-эстетикалық жағынан түсінуге баулиды.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғатына әр алуан. Эпикалық шығармада қаламгердің өзін қоршаған дүниені көркемдік пен суреттеумен қатар, өмір шындығын әдеби образға жинақтап, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада өмірдің түрлі құбылыстарынан туындаған ой-сезімдерді ақынның тікелей бейнелеуіне бағытталады. Драмада алғашқы екеуінің мүмкіндіктерін өз бойына біріктіреді. Яғни пьесадағы түрлі кейіпкерлердің мінездері өздерін-өздері тікелей көрсетуі арқылы ашылады.
Әдебиет тектерінің тұрақтылығын былай түсіндіруге болады. Адам нақты бір қоғамдық жағдайларда дамиды, белгілі бір әрекеттер, ойлар мен толғаныстар арқылы өзін-өзі танытады. Эпос, лирика, драма өзара ұштаса отырып, халықтар өмірінің тұтастай дәуірін қамтитын аса күрделі қоғамдық үрдістерді бейнелеуден бастап, бір ғана адамның толғаныс-толқыныстарын көрсетуге дейінгі адам санасы мен өмірді терең де жан-жақты суреттеуге шексіз мүмкіндіктер ашады.
Жанр - даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланыста болса, екінші жағынан әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процесті атқарар роліне алар орнына байланысты. Жнарлық дамудың өзі - тірі поцесс. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады. Бұл да әр әдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне ұштасып жатады.
Жанр - нақты тарихи түр. Қазақ эпосы бр кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейін аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті, одан келе жанрлық табиғатына мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты.
Дәстүрлі түрде әдеби тектер үшке бөлініп, әрқайсысы сөздің белгілі бір қызметіне сай келеді де, оның эстетикалық ерекшелігін белгілейді.
1. Эпос, болмысты белгілі бір ауқымда, көлемде, уақыт пен кеңістік аясында және оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде қамтиды.
2. Лирика, жеке адаманың ішкі дүниесін, сезімнің қалыптасып, өзгеруімен, мұң-қиялымен, көңіл ауанымен, қайғы-қуанышымен ашып көрсетеді.
1. Драма, сөздік әрекеттерді эмоционалды ерікті ұмтылысымен, әлеуметтік-психологиялық сипатымен, ішкі еркіндігімен және сыртқы шектеулілігімен, қысқасы екі жақты экспрессивті-сюжеттік қатынастарымен танытады. Сол арқылы әдебиеттің бұл тегі өз бойында лирика мен эпостың сипаттарын ұштастырады. Кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр.
Белинский эпикалық шығарманың ерекшелігі, мәселен, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы басты оқиға екенін ескертеді. Бұдан шығатын қорытынды - эпос жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол жасаған оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі. Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр 3 түрге бөлінеді. 1. Шағын көлемді эпикалық түр. 2. Орта көлемді эпикалық түр. 3. Кең көлемді эпикалық түр. Қандай эпостық шығарма болсын, бәрібір осынау 3 түрдің біріне жатады.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттеледі. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан дайын қалпында көрінеді.
Шағын эпикалық шығармалар әдеби тарихның әр кезеңінде әр сипатта болған. Мысалы: ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды - мия, одан кейін - аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.
Миф - табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айнадыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар, бірақ түпкі туған жері ежелгі Греция.
Эпостың көне түрлерінің бірі - аңыз. Бұл да миф секілді әсіре қиял аралас фантастикалық қиял.
Бірақ мифтен өзгешелігі - аңыздың негізінде шындыққа жөн асымды, көбіне өмірде болған халық есінде сақталған оқшау оқиғалар жатады. Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі - ертегі. Бұл да миф пен аңызға ұқсас, адам өмірін де, не хайуанат дүниесінде болуға лайық әр алуан қызық, кейде ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем хикая.
Ертегінің тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан.
Мысал - эпостық шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге келекеге, мазаққа айналдырып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі өткір болады.
Шендестіру - екі зат не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады. Мысалы, Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр (Ер Тарғын). Қар- аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл. Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға (Абай).
Гипербола(әсірелеу) - өмірде кездесетін әртүрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айт тәсілі. Әсірелеу батырлар жырында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде көп қолданылады. Мысалы, Көп түкірсе - көл (мақал).
...Астындағы бурылдың
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп... ("Қобыланды батыр") [12]
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!.. (Сұлтанмахмұт Торайғыров) [13]
Баллада - орта ғасырларда француз, испан, итальян поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше түрі.
Градация(дамыту) - алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу (түйдектеу, баяулату болу бөлінуі).
Импровизация - өлең-жырды тұтқиылдан суырыпсалып айту өнері. Ауыз әдебиетінде өлеңді табан астында суырыпсалып айтуға қабілеті жоқ адамды нағыз ақын деп санамаған.
Инсценировка - прозалық немесе поэзиялық туындыларды сахна, теледидар, радио қойылымдарына лайықтап, шығарма мазмұнын, идеялық мәнін, көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, драмалық формада жазып шығу түрі.
Көркемдік қиял - көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету әдісі, тәсілі.
Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік тұтастығына негізделеді.
Көркем өнерде тақырып таңдау,оның тереңіне бойлау, өмір құбылыстарының ішкі қабаттарына барлау жасау, солардың әлеуметтік-эстетикалық мәнін ұғыну, сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс- тұрысын суреттеу көркемдік қиялға байланысты. Сайып келгенде, Неғұрлым жазушы қиялға бай болса,пікірге шебер болса, соғұрлым шығарма сөзі пікірлі, әсерлі болып шықпақ [14] деп көрсетеді А.Байтұрсынов. Бұл жерде ескертетін жайт - көркем әдебиеттегі шындыққа сай келетін өмір көріністері де, сондай-ақ армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын болжам, әдемі елес түріндегі, мысалы, қиял ғажайып ертегілерде кездесетін бейнелерді ойдан шығару, көркемдік қиял негізінде туады.
Метафора (ауыстыру) - екі нәрсені, құбылысты, салыстыру мен жанастырып жақындату негізінде жасалған, астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Мысалы, Абай өлеңдерінде кездесетін жастық оты,жүрек көзі, дүние есігі, өмірдің өрі.Сондай- ақ:
Көздің жасы жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды іштің мұзын. (Абай) [15]
Мотив - тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең. Бірнеше жазушының шығармасында, әртүрлі әдеби нұсқаларда, әр дәуірдің әдебиетінде белгілі бір сарындар қайталанып келеді.
Әдеби термин ретінде ХХғ 20-жылдарынан бері А.Веселовский, В.Я.Проп еңбектерінде зерттеле бастады. Бұл зерттеушілер әр халық әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжеттік сарындар бар деп қарайды. Алайда ұқсас сюжеттік сарындарды өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен, ұлттық әдеби үдірістен бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Ұқсас сарындар көп жағдайда өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың өмір тұрмысындағы ұқсас жағдайлардың әдебиеттегі көрінісі деуге лайық. Кейде олар сараланып, іріктеліп, қалыптасқан дәстүрлі сарындар болады немесе шығарманың құрамындағы бір жеке бөлігі сияқты болып келеді. Мысалы, ауыз әдебиетіндегі сиқырлы айна, ақымақ қатын бейнесі, әкесі мен баласының жекпе-жегі, абжыланның ханшаны ұрлап әкетуі, т.б. Кейбір жанрда тұрақты сарындар, мотивтер ұшырасады.
Көптеген әдеби мотивтер мифологиясымен бірге адамзат мәдениетінің рухани қазынасына келіп қосылады.
Мысал - өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысал тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесіде болады.
Нақыл өлең - ғибратты,тағылым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізетін, өткір нақышты сөздерге негізделетін терме жырлар, өлеңдер.
Новелла - көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма,кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы - онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Оқиға желісі таңғаларлықтай қызықты етіп өріледі және тосын, күтпеген жерден аяқталады.
Өмір шындығы және көркем шындық - көркем өнерде, оның ішінде әдебиетте шығарма өмір шындығына сүйеніп жазылады. Нақтылы өмір құбылыстарын, оның сырын, қайшылықтарын терең түсінбей, тебіреніп- толғанбай, сезінбей көркем шығарма тумайды. Тарихи және қоғамдық шындық әдеби туындының бастау көздері болып табылады. Әлеуметтік өмір, саясат, халық тұрмысы - бәрі де өмір шындығын танытатын жағдайлар. Ешбір жазушы өмір шындығынан, оның нақты болмысынан алшақ кетпейді.
Көркем шындық - өмірді образды түрде бейнелеп, оны озық көзқараспен, жоғары эстетикалық мақсат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz