Жазу жұмысының түрлері мен олардың негізгі ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3бет

І ТАРАУ ЖАЗУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Диктант және оның түрлері және жазба жұмыстарының түрлері . . . 4-6бет

1. 2 Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының ерекшеліктері . . . 6-13бет

ІІ ТАРАУ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

2. 1 Жалпы сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі . . . 14-19бет

2. 2 Жазба жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар . . . 19-25бет

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тіл дамыту әрқашан әдістеме тарихында арнайы қаралып отырды. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалды. Бірақ ол әдістеме теориясына арнайы білім ретінде кейін кірді. Әсіресе әдістеменің негізгі атаулары және категориялары тіл дамытуға арналған жұмыстар, жазба жұмыстарының мазмұны, көлемі, құралы, оқушының жазбаша тіл байлығын бағалау, нормалары әлі де анықталу қажет. Тіл қай елде, қандай қоғамдық құрылыста болмасын қатынас құралы керек десеңіз тіршілік құралы болып келеді. Отбасынан бастап, тілдің қоғамдағы қызметі туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.

Рухани бай, жан - жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы оөйлей білетін, Абайша сілтегенде жүоекке жылы тиетін, «айнасы теп - тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет қалыптасады. Мектептегі тіл дамыту жұмыстарының ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып табылады. Соның ішінде әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке дара қарастырмай, үнемі, жүйелі түрде, бірлікте, бір мақсатта жүргізіп отырған нәтижелі, жемісті болмақ. Тіл байлығының ұғымы кең. Әр пәннің өз тілі, оған қойылатын өз талаптары бар.

Осыған байланысты тіл ғылымы негізінде оқушылардың жазбаша тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдері мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімінің оқушыларға жазба жұмыстарының негізгі талаптарын қадағалау кезіндегі алатын орнын анықтау жұмыстың өзекеті мәселесі болып қарастырылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: әдебиет сабағында оқушыларға жазба жұмыстарының талаптар мәселелелеріне тоқталып, ашып көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Қазақ әдебиеті жүргізілетін жазба жұмыс түрлерінің маңыздылығын көрсету;
  • Қазақ әдебиетінде жазба жұмыстарына қойылатын негізгі талаптарына шолу және қолданылуына мән беру;
  • Қазақ әдебиетінде жүргізілетін жазба жұмыстардың қажеттілігін дәлелдеу.

Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне «Әдебиетті оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда, «Жазбаша жұмыстарына қойлатын талаптар» тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосымша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс екі тараудан, кіріспе және қорытындыдан тұрады. Соңына қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.

І ТАРАУ ЖАЗУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Диктант және оның түрлері және жазба жұмыстарының түрлері

Жоғары сыныптарда қазақ әдебиеті сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көптеген түрі бар. Соның бірі - диктант. Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық және бақылау диктанттары.

Әріп диктанты. Бастауыш сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады.

Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.

Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат - оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, ярни мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орынын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем жазуға дағдыланады.

Жоғарыда айтылған әріп, буын, сөз диктанттары бастауыш сыныпқа арналған диктанттар, яғни кеңірек айтылғандықтан, бұларға көп тоқталмаймыз.

Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 5-6 сыныптарда 30-35-тен аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.

Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады,

Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы больш есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.

Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2-3 рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақталуына 1 - 2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.

Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.

Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды.

Шығармашылық диктант - үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.

Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.

Графикалық (сызба) диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі вариантта жүргізуге болады.

Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бақылау диктанты белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өкізіледі.

Ол төмндегіше жүргізілеі:

а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғшқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезінде тақтаға жазып қояды;

ә) диктаит мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;

б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен немесе байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды;

в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.

Мұғалім диктантты бір орында тұрып оқиды.

5-6-сыпыпта алынатын бақылау диктантының көлемі төмендегідей:

I жарты жылдықта - 90-95 сөз,

II жарты жылдықта - 95-100 сөз.

  1. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының ерекшеліктері

Мазмұндама. Оқушылардың тілін дамытуға, олардың өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі тартымды баяндай білуге үйрететін шығармашылық жазба жұмыстың бірі - мазмұндама. Жаңа бағдарламаның талаптарына сәйкес мазмұндама түрлері оларды қалай жаздыру керектігі мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларда көрсетіліп отырылады. Мұндай тапсырмалар кейбір мәтіндерге үлгі ретінде ғана беріледі. Өйткені тіл дамыту жұмысы тіл сабақтарының тақырыптарымен ұштастыра, байланыстыра жүргізілуі керек. Сондықтан да мұғалімдер мазмұндама жинағымен жұмыс істегенде тіл тапсырмаларының қалай берілгендігі туралы үлгіні басшылыққа алып, басқа мәтіндердің материалдарын да пайдаланғаны жөн.

Мазмұндамалар жинағының мұғалімдердің пайдалануына қолайлы болу жағын ескеріп, мәтіндерді мөлшермен әр сыныпқа жеке-жеке бөліп береді. Жинаққа қосымша ретінде V-IX сыныптарды жүргізілетін шығарма жұмыстарының үлгі тақырыптары ұсынылады.

Жинақтағы материал V-IX сыныптарды жүргізілетін тіл дамыту жұмысының төмендегідей түрлеріи қамтиды:

1) ауызша әңгіме өткізу;

2) берілген сұраққа ауызша-жазбаша жауаптар қайтару;

3) жай және күрделі жоспар жасау;

4) мәтіннің көркемдік ерекшелігін және шығарманың; тіл, стиль ерекшелігін сақтай отырып, мәтінге жақындата ауызша және жазбаша мазмұндау;

5) мәтіннің формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мәтінді III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндау;

6) қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіндік тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау;

7) мәтіннен цитата және эпиграф келтіре отырып мазмұндау;

8) берілген мәтін туралы өз ой қорытындысын қоса мазмұндау;

9) шығарма жұмыстары;

10) сөздік жұмыстары;

11) берілген мәтін бойынша шәкірттердің өз беттерімен немесе мұғалімнің көмегімен сұрау-тапсырмалар құруы және әдеби-теориялық ұғымдарды пайдалана білуі.

Әр сыныпқа арналған жеке бөлімдерде хабарлау-баяндау, суреттеу және байымдау-мінездеу түріндегі шығармалардан тиісті үзінділер берілді. Шығармалардың бұл түрлері мазмұндама жұмысында сыныптың жалпы дайындығына, оқушылардың басым көпшілігін көбірек қызықтыратын тақырыптарға, мұғалімнің алдына қойып отырған мақсатына қарай V-IX сыныптардың қай-қайсысында болсын белгілі бір дәрежеде қамтылып отырылуы керек. Негізінде, V-VI сыныптар үшін хабарлау-баяңдау, VI сыныпта - суреттеу, VII және IX сынаптарда - байымдау-мінездеу түріндегі шығармалармен жұмыс жүргізу негізгі орын алуға тиіс.

Оқушыларды шығарманың жоспарын жасауға жаттықтыру жұмысы ерекше және елеулі орын алуға тиіс. Бұл - оқушылардан көп жаттығуды және мүғалімнің өзінің ізденіп, еңбектенуін талап етеді. Сонымен бірге жоспар жасау оқушылардың берілген мәтінді тереңірек түсінуіне, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға, мазмұндама жұмысын дұрыс орындауға көмектеседі, яғни жұмыстың нәтижелі орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бағдарлама V сынып оқушыларының, өздеріне көлемі шағын шығармалар мен жеке үзінділерге жай және күрделі жоспар жасай білуді, жоспардың әрбір тармағын сөйлемнің бір ғана түрімен де, цитаталар арқылы да жаза білуді міндеттейді. V-IX кластарда бұл жұмыс тереңдей түседі, бұл сыныптарда шығарманың, күрделі жоспарын жасауға көбірек көңіл бөлінеді.

Жинақтағы мәтіндердің басым көпшілігіне мазмұндау жоспары берілді. Оларды мұғалімдердің міндетті түрде қолдануы талап етілмейді. Ол оқушыларға шығарманың әр түріне қарай қалай жоспар жасау керектігін үлгі ретінде көрсету, жоспардың әрбір тармағын әр түрлі сөйлемдермен құрастыру үлгілерімен таныстыру мақсатын көздейді.

Оқушыларды көрнекті жазушылардың шығармаларындағы жеке тарау, тақырып аттарымеи және қысқа шағын шығармаларға қойылған атаулармен таныстырудың, олардың неліктен солай деп аталғандығын түсіндірудің мәні зор.

Оқушыларды шығарманың жоспарын жасауға дағдыландыруда жинақтағы үлгі есебінде берілген жоспарды немесе мұғалімнің өзі құрастырған жоспарын оқушыларға тақтадан көшірте салу, яки бұл шығарманың жоспары мынадай болуға тиіс деп үнемі айтып беріп отыру дұрыс болмайды.

Олай болса, оқушылардың шығарманың жоспарын жасауға үйрету алғашқы кезде мұғалімнің тікелей басшылығымен және сыныптағы оқушыларды толық қатыстыра отырьш, бірлесіп жоспар құрастырудан бастаған жөн. Ол үшін мұғалім мәтін мазмұнына қарай сыныпқа сұрақ бе-ріп, бірнеше оқушыдан жауап алады, солардың ішіндегі ең дәл, тұжырымды айтылғанын тақтаға жазып қояды немеее оқушыларға айтып беріп жаздырады.

Әдетте, оқушыларды мазмұндау жоспарын өз бетінше жасай білуге үйретуде, жеңіл материал алып, оның мазмұндау жоспарын сұраулы сөйлеммен құрастырудан бастаған жөн. Бірте-бірте күрделірек мәтін алынып (суреттеу элементтері аралас), оны жоспарлауды сөйлемнің әр түрімен, яғни хабарлы, сұраулы түрлерін араластыра қарастыру қажет.

V-IX сыныптардың қай-қайсысында болса да мәтінді мазмұндау жоспарының екі түрі де (жай және күрделі жоспарлар) аралас не қатар жүргізіліп отырылады.

Жай жоспарда мәтінде баяндалатын негізгі оқиғалар мен суреттемелерді ғана алып, соған сұрақ беру немесе сол оқиға мен суреттемеге ат қою түрінде жоспар жасалады.

Ал күрделі жоспарда алдымен негізгі оқиғалар, суреттемелер алынып, одан кейін оларды ішкі мазмұнына қарай ұсақтап, бөлшектейді. Алдымен негізгі мәселеге атау беріліп, одан соң соның ұсақ бөліктеріне ат қойылады. Сөйтіп, бір мәтіннің өзі алдымен бірнеше негізгі бөліктерге бөлінеді де, соңынан ол әлденеше тармақтарға жіктеледі. Жоспарлаудың бұл түрінде мәтін мазмұнынан қалып коятын бірде-бір әсерлі суреттемелер мен негізгі оқиғалар болмайды. Мәтіннің мазмұнын оқушылар естерінде толық сақтайды, оқушы мазмұндауы мәтінге тіпті жақын болады. Бұл - ауызша, жазбаша, тіл дамытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып есептелінеді. Жинақта жоспар жасаудың бұл екі түрінің де үлгілері берілді.

Бұл жинақтағы мәтіндері әрбір сыныпқа әр түрлі көлемде, жарты беттен үш бетке дейінгі мөлшерде ұсынылады. Ү-IX сыныптардың қай-қайсысында болсын жүргізілетін жұмыс түрлеріне және мәтіннің мазмұндық ерекшелігіне қарай оның көлемі де өзгеріп отыруы керек. Демек, қысқаша түрде мазмұндау үшін берілетін мәтін көлемдірек болуы керек те, мәтіннің ізімен автор сөзіне жақындата мазмұндау үшін берілетін мәтін шағындау болу керек. Сондай-ақ оқушылар мазмұндама жазу жұмысына біраз жаттығып төселгенше, мазмұны тартымды, тілі жеңіл, көлемі де шағындау мәтіндер беріп, оқушылар жаттыға келе жоғарыдағы аталғандардан күрделірек мәтіндер ұсынып, мәтіннің көлемін де бірте-бірте кеңейтіп отыру керек, Бұл принцип әрбір мәтіннің соңында берілген тапсырмаларда, міүмкіндігінше, көрсетіліп отырылады.

Мектеп тәжірибелерінде, тіпті VI-VII сыныптарға мазмұндау үшін, көлемі тым шағын мәтіндер беріліп, оның өзін мұғалім 2-3 рет қайыра оқып бергеннен кейін, оқушылар мәтінді сөзбе-сөз естеріне ұстап қалу, мәтінді оқушылар өз сөздерімен мазмұндаудың орнына дайын фразаларды «көшіріп» бере салушылық жиі ұшырайды. Мұндайда бірсыпыра оқушылар мәтіндегі ұмытып қалған кейбір сөйлемдерді екінші сөйлеммен дұрыс жалғастыра алмай, оларды бір-біріне ешбір байланыссыз тіркей салуға мәжбүр болады. Сондықтан мазмұндама жаздырту жұмысының алғашқы сатысында, берілген мәтінді жазуға кіріспестен бұрын, белгілі бір дәрежеде дайындық жұмыстарын, атап айтқанда, сұрақтарға жауап қайтару, мәтінді бірер оқушыға ауызша мазмұндату, мәтінде кездескен түсініксіз сөздер мен фразалардың мағынасын ашу, берілген тақырыпқа ұқсас, яки соған байланысты басқа да шығармалардан, газет , журналдардан оқушылардың алған мәліметтері бойынша және шығарманың жоспарын жасауға байланысты әңгімелер өткізу, т. б. жұмыс түрлерін жүргізіп отыру керек. Бұл аталғандар оқушылардың өздігінен сөйлем құрай білуге, өзі білетін сөздік қорын дұрыс пайдалануға, сондай-ақ мәтіннің идеялық мәні мен мазмұнын тереңірек түсінуге баулиды. Сонымен бірге мазмұндау жұмыстарының сапасын арттырады.

VII класс үшін берілгеп материалдың ішінде жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес суреттеу түріндегі шығармалар көбірек орын алды. Бұған қарай, осы сыныпта жүргізілетін жазу жұмыстарын тек жинақта берілген материалдармен ғана шектеп қоюға болмайды. Оқушыларга жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттың әр түрлі құбылыстарын, жануарлар тіршілігін, адам өмірін, сынып бөлмелерін, мектеп, қабілет суреттерін, өздеріне таныс бау-бақша, өзен, көл суреттерін, т. б. жағдайларды бақылай жүріп, зерттеген объектісін суреттеп жазып келу үшін тапсырмалар (мұндай жұмыстарды үйде де, сыныпта да істеуге болады) беріп отыру керек. Бұл сияқты жұмыс түрлері, біріншіден, оқушылардың байқағыштық қабілетін арттыратын болса, екіншіден, кітаптан алған мәліметтерін өздері зерттеп, бақылаған объектісін суреттеуде қалай пайдалану керектігіне үйретіп, дағдыландырады, үшіншіден, шығарма жаза білуге жаттықтырады.

Бұл сыныпта оқушылар суреттеу түрінде жазуға біраз жаттыға, төселе келе, әдеби кейіпкерлерге мінездеме беру түрінде жазылатын жұмыстарға (мазмұндама, шығарма) бірте-бірте көше бастау керек. Әрине, VII сынып оқушыларынан жан-жақты мінездеме беру жұмыстарын күтуге болмайды, бұл сыныпта оқушылар кейіпкерлердің сырт пішінін (портретін), мінез-құлқын, сол кейіпкердің басқа адамдармен қарым-қатынасын, басқалардан өзгешелік кейпін көрсетуге берсе де болады.

Ал VIII және IX сыныптарда ол жұмыс тереңдей түсу керек. Бұл сыныптарда жеке әдеби кейіпкерлерге мінездеме берумен қатар, бірнеше кейіпкерге салыстырмалы мінездеме беруге де елеулі орын алуға тиіс.

V-IX сыныптардың қай-қайсысында болсын әдеби кейіпкерлерге жай және салыстырмалы мінездеме беру түрінде жазылатын жұмыстардың баспалдағында мұғалім тікелей басшылық етіп, шығарманың күрделі яки жай жоспарын жасап, көмектесіп отыруы керек.

Мәтінді тұтас мазмұндау, қысқаша мазмұндау бұл сыныптарда жүргізілетін жазу жұмыстарының елеулі және мазмұнды түрінің бірі болып табылады. Бұл арқылы оқушылар шығармадағы негізгі мәселелер мен екінші қатардағы мәселелердің айырмашылықтарын, оқиғаның себебі мен салдарын, сондай-ақ шығарманың композициялық құрылысын талдап, айыра білуге жаттығады. Сонымен бірге олар өз ойындағысын тұжырымдап, жинақтап жаза білуге дағдыланады.

Шығарма. Оқушылардың жазба жұмыстарына назар аударып, оны зерттеу, шәкірттерге шығарманы жаздырып үйретудің амал-тәсілдері орыс тілінде педагогикада ХҮІІІ ғасырдан басталған. Мектеп шығармасының, теориясы мен әдістемесінің ертеден келе жатқан тарихы бар.

Қазан төңкерісіне жақын жылдарда А. Д. Алферов оқушы шығармаларындағы шаблондық мазмұнды аңғара келіп, бұл үшін оқушыларды кінәлауға болмайтынын ескертіп, міндеттерді орындаудың мүмкін еместігі өзімен бірге немкеттілік пен формализмді алып жүретіндігін айтады және шәкірттерді шығарма жаздыруға төселдіре алмаған ұстаздар тәжірибесін сынайды.

Әдіскер В. П. Рыбаков мектепте шығарма жаздырту ісінің әдебиеті пән ретінде оқытудағы ең қиын міндеттің бірі екенін анықтай отырып, осы мәселеге қатысты біршама тың пікірлер білдіреді. Ғалым шығарма мазмұнының оның түріне сәйксс келу керектігін көздей отырып, шығарманы жазып-үйретуде оның мазмұны мен жолдарын көрсетуге тырысты (Обучение сочинениям в старших. классах. М., Учпедгиз, 1959) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазбаша тілге баулу икемділіктері мен дағдыны дамытудың теориялық негіздері
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Орыстілді мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілін дамыту әдістемесі (5-6 – сынып)
СЫНЫПТАРДА МАЗМҰНДАМА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыш сыныпта жазба жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Тіліміздің грамматикалық амалдары түрліше
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Ғылыми іс- әрекет (ғылыми процесс ретінде) туралы ақпарат
Мұғалімнің жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz