Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4бет

І ТАРАУ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.10бет
1.2 Әңгімені жанрын оқытудың маңызы мен әдіс.тәсілдері ... ... ... ... .11.15бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мектептегі әңгіме жанрын оқытудың тиімді әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.23бет
2.2 Мектепте әңгімелерді проблемалық талдай отырып оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.26бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29бет
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет қашаннан «өмір оқулығы» деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады.
Әдебиет – жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға басады. Әңгіме жанры – прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс –әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті тыңдаушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Алайда бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен проның бастацуы болатын әңгімені меңгертуге көп көңіл бөлген жөн. Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде түрлі тәсілдер мен жолдар қалыптасқан. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын әңгімені меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың басты мақсаты емес, сондай –ақ әңгімелер балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Әңгіме жанры оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі.
1, Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – Алматы: Рауан, 1994 ж.
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – Алматы: Рауан, 1994 ж.
3. Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. Алматы: мектеп, 1977 ж.
4. Дайыр Ә. Айтқашев. Қ., Құрманбаева Г., Беркімбаева Ш. Әдебиет. 5- сынып. – Алматы: Атамұра, 2001 ж.
5. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет. Оқулыққа нұсқау. 5- сынып. –Алматы: Рауан, 1996 ж.
6. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы. 1982 ж.
7. Құрманбаева Г., Жұматаева Е. Әдебиет. Оқыту әдістемесі: 5- сынып. Алмты: Атамұра, 2003ж.
8. Құтқожина Р., Бітібаева Қ. Әдебиет. Оқыту әдістемесі: 7- сынып. – Алматы: Атамұра, 2003 ж.
9. Құтқожина Р. Әдебиет. Оқулыққа нұсқау. 7- сынып. – Алматы: Р9. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. -М,: Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. -М., 1996 г. Дьяченко В.К.
14. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
15. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931
17. Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988
18. Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993
19. Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958
20. Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4бет

І ТАРАУ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-10бет
1.2 Әңгімені жанрын оқытудың маңызы мен әдіс-тәсілдері ... ... ... ... .11-1 5бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мектептегі әңгіме жанрын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-23бет
2.2 Мектепте әңгімелерді проблемалық талдай отырып оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-26бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-2 8бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...29бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет қашаннан өмір оқулығы деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады.
Әдебиет - жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға басады. Әңгіме жанры - прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс - әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті тыңдаушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Алайда бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен проның бастацуы болатын әңгімені меңгертуге көп көңіл бөлген жөн. Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде түрлі тәсілдер мен жолдар қалыптасқан. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын әңгімені меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың басты мақсаты емес, сондай - ақ әңгімелер балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Әңгіме жанры оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ әдебиеті прозасындағы әңгімелерді оқыту барысында түрлі әдістерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- әңгіме жанрының өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- әңгіме жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісінде танытудың жолдарын саралап қарастыру;
- әңгімені оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
- әңгіме жанрындағы шығармалардың құрылысын меңгерту;
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, зерттеу, баяндау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнін оқытуда, Әңгіме жанрындағы шығармалардың табиғатын таныту тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Әңгіме жанрының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен қалыптасу тарихы

Әңгіме, әдебиетте -- оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері -- қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды[1,45].
Әңгіме, әдебиетте -- оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа.
Әңгімелері -- қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазақ әңгімелерінде жазушылар жаңа ғасырдағы қазақ қоғамының тағдыры тақырыбына ана-әйел-қайраткерді, өнер адамдарын, зиялыларды, тағдыры ерекше жандар мен қарапайым еңбек адамдарының болмысын танытуды басты тірек еткен: Жазушы шығармаларының кейіпкері әр алуан: кәрі-жас, жесір-кембағыл, талайсыз қыз, құзғын еркек, дәлдір бастық, дана қария [1, 130].
Дәуір шындығын әр қырынан бейнелейтін әңгімелерде қазақ елінің жай-күйі, тұрмыс-тірлігінің барынша айқын көрсетілуі қаламгерлеріміздің күрделі жанрды жетілдірудегі мақсатты, шығармашылық ізденістерін көрсетеді. Әңгіме - көркем мүмкіндігі бай жанр. Проза жанрының өз тарихы, даму жолдары бар және оныњ өмірге келуі, ќалыптасуы әр ел әдебиетінде әрқилы. Жалпы әлем әдебиеті қисынында (оған дейін новелла деп келген, кейінгілер бірде әңгіме, бірде новелла деп алмастыра айтып кету себебінің бір ұшығы осыдан болса керек, әрі бұл жөнінде қарастырылған) әңгіме термині [3, 9] өз құқығын 1830 жылдан бастап алған болатын. А.Байтұрсынов Әдебиет танытқышында ұсақ әңгіме деп бөліп атаған. Қоғамдық сананы айықтыруға қазақ әңгімелерінің күші, мәні өте қажет етілді. Зерттейтін әңгімелерде сын заманның кейіпкерлері орын алады. Қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Б.Майлиннің өзгеше мұрасынан танылатын [4, 476].
М.Әуезов мұны қазақ әдебиетіне енген әңгіменің жаңа үлгісі ретінде атап отыр. Шағын жанр кішілігі, шағындығына қарамай өмірдің үлкен мәселелерін көтерді. Көркем мәтіннің композициялық құрылымын анықтау бірінші міндетіміз болса, келесі міндет - үнемі мазмұн мен көркем пішіннің жаңалығына зер салу. Ә.Е.Құлымбетова [5, 9] еңбегінде 1917-1980 жылдарға дейінгі жазылған қазақ әңгімелері кешенді жүйелі талданған.
Мұнда, жазушы кейіпкері қазіргі уақыт баяндауымен танылғанымен, қаһарманның өткені және болашағы қоса салыстырыла, композициялық бүтіндік аясында шешілетіні дәйектелген. С.Қасқабасовтың: Сөз жоқ, әр жанрдың қалыптасқан, тұрақталған белгілері болады. Ол көп жағдайда шығарманың композициясында, сюжеттік құрылымында, баяндау пішіні мен көркемдеу құралдарында сақталады [6, 15],- деуі Чеховша айтқанда, әңгіме құрылысында сюжет желісі, баяндау айрықшылығы, кейіпкерлерді даралауда тепе-теңдік ырғағы сақталу және өте таныс көркем мәтіннің өзін оқи келе жаңа қырларын тануға мүмкіндік, Қабдоловша түйіп ескерсек, әңгіме - әсем жанр екендігі мен жазушы-әңгімешіге берілген талап биігінен шығу сыны тұрады. әңгіме көркемдік қиюы оңайшылықпен табылмайтын қиын жанр және әңгіме жазу да жеке дауыста ән салуға ұқсас өнер ...әңгіме жанрында да жазушы жетістігі мен кемістігін жасыра алмайды [7, 229].
Жалпы алғанда, әдебиетші, сыншылардың әңгіме жанрын, жазушы-әңгімешілердің табысын айрықшалауда әсем әуен, ән, жеке дауысты ән түсініктемесі жасалуынан жанр табиғатын аша түскендей пікір түйіледі. Байымдасақ: әңгіме - жазушы жан айқайының әуенді тербелісі, шығармашылық өмірінің тұғыры. Әңгіме шеберлігі жазушылардың жан-жақты жаңалыққа бейімделуінен байқалады. Б.Майтановтың: ...тұлғаның қысымға ұшыраған өзіндік ерекшелігі ескерілді; дәстүрлі сюжеттік-композициялық сызбадан құтылу мүмкіндігі туды [8, 57],- пікірі нақтылайды.
Қазақ әңгімелері негізінен өзара қарым-қатынастан өткен кейіпкер арқылы әлеуметтік-қоғамдық ортаның қандай екенін танытатын өзгерістерді бейнелеген. Қазақ әңгімелеріндегі кейіпкерлер тұлғалық жағынан табиғатпен егіз жұптастырылған. Әсіресе, бұлт пен қардың табиғи қалпы Абай, Әуезов тәсіліндей, кейіпкердің ішкі күйзеліс қабаттарын суреттеуде ұтымды пайдаланылған. Қазақ әңгімелері, яғни ауыз әдебиетінің табиғатты кіріктіру арқылы образ туындату тәсілі жағынан даралық көркемдікте алдыңғы әдебиеттен кем қалмаған. Кейіпкер мінез-құлқы табиғатпен, табиғатқа тән құбылыс бейнеге телінуі - жазушы мұратын ашудағы басты бейнелеу құралы болып қалыптасқан тәсіл.
Ал, оның меңгерілуі проза жанрларының бір-бірінен қисындық өзгешелігін белгілетеді. Көркем әңгіменің тас-түйіндей кіріге түсуі, жинақылануы, солай бола тұрып көркемдеу әлемінде жаңаша болуға ұмтылуы анықталды. Жазушы байқаған нәрсесіне жан береді, қайтадан бейнелеу арқылы екінші өмір сыйлайды. Сан қилы тағдыр болатыны сияқты тақырып та сансыз. Сөз өнерін бағалай алатын жазушы, тақырып көздегенде айтылар көркем ой мен көркем суретті арнайылап әлеуметтік, тұрмыстық, тарихи, саяси деп емес, басқаша таңдайды.
Себебі, адам өмірінің түпсіз сыры өзіне беймәлім болғанымен, бақылаушы ретінде жазушы жүрегіне жақын келеді. Жазушы әңгімелерінің тақырыбы осылай шығармашылықпен ойлаудан туындайды. Қазақ әйелінің әлеуметтік жағдайы, теңсіздігі, қоғам арасындағы тартыс, отаршылдық, ағарту т.б. тақырыптары дер кезінде көтерілді. Мұнымен қатар адам жан-дүниесіне үңілген терең де мазмұнды психологиялық мәселелерді қамтитын тақырыптар кең құлаш жайды.
М.Әуезовтің Қорғансыздың күні әңгімесінде өмірдегі шындықты контрасты күйінде Ғазиза трагедиясы мен Ақандардың өмір сүру мақсатының деңгейі суреттелген. Сондықтан қазақ әңгімелерінің тақырыптары табиғаттың, кейіпкердің алай-түлей сан қырлы жан дүниесі арқылы өрнектелген. Ғасырдың ұлы оқиғалары қаншама болса, әңгіме жанрының тақырыптары да соншама дейтіндей.
Б.Майтановтың Қорғансыздың күнінде тұжырымдаған қазақ әңгімелеріндегі модернистік дәстүр сипаты кейінгі жазушылардан О.Бөкейде, А.Кемелбаевада көбірек байқалады. Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің бірі - Сөз жоқ, соның іздері. Символ әңгімелердің қатарын көбейтті. Әңгіме жанрының тақырыптарының толығуы жастар жайына қатысты ой-дүниелерді, жастар бойындағы оң өзгерістерді дәріптей түссе, сонымен қатар сынау арқылы өзекті мәселелерді шешті. Көбіне отбасы тағдыры: махаббат, әке мен ананың бала тәрбиесіне дәрменсіздігі әдеби көкжиекке көтерілді. Қазақ әңгімелерінде адам санасының елу жылда ел жаңа бағытымен жалғасуы психологиялық тақырыптарды жаңалай түскен.
Ғасыр басындағы шығармашылық тәсіл жалғастығын байқататын белгі ретінде жазушы Ғ.Мүсірепов аударма әңгімелердің пайдасын ескерді және қазақ әңгімелері қатарын байытудың бір жолы деп қарады. Ж.Аймауытовтың Әнші әңгімесінен басталған (прозада Абай жолы) тақырып, Ғ.Мүсіреповте Атақты әнші Майра әңгімесімен жалғасты. Өнерпаздар тақырыбындағы Т.Ахтановтың Алғашқы ән, Қызғаныш, Күй аңызы әңгімелері қатарын кейіннен Б.Нұржекеұлының заман өзгерісімен қабат өрілген тақырыптағы әңгімелері толықтырды.
Сондықтан, қазақ әңгімелерінің 1961 жылдардан кейінгі тақырыптарында қазақ халқының қастерлісі өнер, өнерпаздар турасына қарай ойысуымен, зиялылық тақырыптарының көкейтестілігімен ерекшеленді. Сол сияқты, 1961 жылдан кейін дүниеге келген әңгімелер М.Әуезов, Б.Майлин дәстүрінің тақырыптық жалғастығында көрінгенімен ауыл мәселесі әр жазушыда әрқилы қырынан байқалды. Т.Әбдіктің Оң қол әңгімесі көптеген жазушыларға ой салды, кейінірек А.Кемелбаевада Жан иесі секілді әңгіме тақырыбы сана мен қиял құпиялығы меңдеген пішіні бөлек кейіпкерлерді әкелді. Осы тұста бұл жазушылардың әлемдік әдебиетпен еркін таныстығын ескерсек, алдымен американдық жазушы Эдгар Поның Лигейя новелласындағы фантастикалық сюжетті, психологиялық жәйттерді, айшықты әсем өрнектерді шебер пайдалану қолтаңбасын көреміз. Жазушылар әңгімелерінің тақырыбы американ әдебиетінде де, қазақ әдебиетінде де мистификациялық әдісті қолдану арқылы ашылды және қоғамдағы адамдардың пәк, мөлдірлікті қастерлеуге үндеуі біріктіреді. Жаңалық - бұрынғы бар тамаша дәстүрді меңгеруден, игеруден басталды. Классик жазушы Б.Майлин әңгімелерінің тақырыптарында Н.Гогольдің, А.Чеховтің, М.Горькийдің, татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтың ықпалы болды және Ғ.Мүсірепов Чехов, Горький, Мопассан, М.Әуезов, Б.Майлин шығармашылығынан дәстүр қабылдады деген академик М.Қаратаев пікірі кейінгі жазушылардың Мүсірепов мектебінен тәлім алды деген пікірімізді салмақтай түседі.
Әңгіме жанрында еңбегі еленген жазушыларымыз С.Мұратбеков, Ә.Тарази, О.Бөкей, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Сараев, Т.Ахтанов, Д.Исабеков, Т.Әлімқұлов, Т.Әбдік, М.Мағауин, Ш.Құмарова, А.Алтай, М.Әбдіқалықов, Д.Досжанов, Қ.Жұмаділов т.б. қазіргі талдауымыздағы Т.Жармағамбетов, М.Байғұт, Ә.Орынбаева, А.Кемелбаева, Н.Ораздың әдеби үрдісте жанр мен тақырыптың дамуына үлестері мол. А.Бочаровтыњ Әңгіме - прозаның ең қажетті, бөлінбес бөлігі [3, 13],- дегені кuп маѓына береді. Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртазаның әңгімелері (Т.Ахтановтың Жоғалған дос, Тауап әңгімелері т.б.) Жүнді барақ, Ақсай мен Көксай, Интернат наны соғыс салған зардаптың он бес жылдай уақыт өтсе де жан жарасы жазылмағанын көрсетті. Сонымен қатар Отан тағдыры поэзияда жаңа сипат алған болатын, мұның да әсері болмай қалмады. Себебі, көптеген жазушыларымыздың шығармашылық жолдары өлең жазудан басталған. ...Әңгіме жанрына ықшамдылық жарасады. Соның өзінде етек жеңнің қысқалығы емес, бойға шақ қонымды болуы керек [9, 38].
Тақырып деталға, деталь тақырыпқа айналуы табиғи жанрлық қалыпты тудырады. Қазақ әңгімелеріндегі тақырып өз замандастарына арналады. Өткені мен бүгінгісі, болашағы туралы толғансын мейлі, айналып келгенде философиялық көзқарасты замананың қазіргі өмір сүру қалпынан танисыз. Басты тақырып - Адам мен қоғам осыдан туындайды.
Проза жанры қалыптасқан уақытқа бағытталсаңыз - әйел тағдыры. Одан кейін соғыс тақырыбы, ауыл тақырыбы, құндылықты бағалай білуге ұмтылдыру тақырыптары.
1960 жылдардан кейінгі дәуірде қажеттілік көбіне шынайы руханиятта жатты, яғни тіл тағдыры. Қазақ жазушылары көркем ойды қысқа мерзімде қабылдайтын ерекшелігіне сай әңгіме жанрына жүгінді. Тақырыптық мазмұнды топтастыра алғанымызбен әдіс т.б. әңгіме көркем өрнектерін бірыңғайлы топтастыра алмаймыз, мүмкін де емес.
Тақырыптар өмір қозғалысына икемделетіндіктен сол қоғамда өмір сүретін адамдар туралы да таным береді. Тақырыптың түрленуі мен жаңалығы Жазушының белесін, ал жазушы белесі ұлттың болашағына болжал жасатады. Әңгіме жанрын байытушы арналар мен үлгілер туралы сөз болады.
Кейінгі жазушыларға әрқашан жол болған М.Жұмабаев әңгімесі салыстырылады. Бала үшін қандай ессіздік істемеді есті Шолпан - суреткердің бар айтпағы осыған бағындырылған. М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсіндегі әйел табиғаты, қарым-қатынас туралы көркем ойлары кейінгі жазушылардан Б.Нұржекеұлы шығармашылығына көбірек тән. Қазақ әдебиетінің прозасының ғана емес, поэзиясының да даму бағыты қазақ әңгімелеріне әсерін тигізді. Қазақ әңгімелерінде соғыс тақырыбының махаббат иірімінде берілуі - Ә.Кекілбаевта Ең бақытты күн әңгімесіндегі Торғыны.
1961 жылдардан кейінгі жазылған әңгімелердің орталық діңгегі етіп Ғ.Мүсіреповтің стилімен қарасақ, көбінесе жазылған көркемдік ойға, суреттелетін жайға жазушының қатынасы көп маңыз атқарған. Мазмұнды ой авторлық монологтар, түсініктер, лирикалық шегіністер тәсілдері арқылы беріледі. Мұнда автордың мәнеріндегі әжуа, кекесін, мысқыл тура мағынасындағыдан гөрі ішкі астарлы мағынада жазушының азаматтық көзқарасын кіріктіре бейнелеуі дәстүрге айналды. Ғ.Мүсіреповтің әңгімелерінің әдеби тәсілінде әжуалау шығарма мұратын әдемі өрнектеуге жетелейді.
Сондықтан суреткердің Жапон балладасы циклындағы әңгімелерінің соғыс тақырыбы күлдіре отырып жылатады. Ғ.Мүсірепов қазақ әдебиетінің дәстүрлі мектебімен қатар аударма еңбектердің және әлем әдебиетінің тағылымын, амал-тәсілін үйрену қажет деген пікірінің жаны бар. Осы негізде мына жазушыларға назар аудардық: Э.По, Р.Тагор, Л.Стерн, Т.Манн, ақыннан Э.Юнг. Т.Манның Венециядағы өлім т.б. новелласында көтерілген өнер мәселесін Ә.Кекілбаев, Б.Нұржекеұлында өрнектелген қазақ өнері мен өнерпаздары табиғатымен салыстыра қарасақ, әлеуметтік қалып пен ортаны бейнелеудегі жаңа ой-байлам, психологиялық талдаудың иірімделуі тұсын зерделеуге ұмтылдырады.
Қазақ әңгімелерінің де басты көркемдік жетістігі - қазақы бітім-болмысты кейіпкерлер болуы. Оған қоса Э.Поның Элеонора әңгімесіндегі екі ғашық тағдырының тауқыметі Элеонораның көз жұмуымен аяқталатыны сияқты қазақ жазушысы Ә.Орынбаеваның Қос қайыңындағыдай, Хадишаның қара тасындай сенгіш, пәк адам, оның ішінде махаббатқа есі кеткен әйелдің жан дүниесі өте сезімтал, нәзік болатынына көңіл сендіртуге бұл жазушылар еңбек ете алған. Тіпті жазушылар қолданған кейбір стильдік бірлік тұтастай шығармада болмаса да көркем ой бөлшегінде кездеседі.
Л.Стерннің, он сегізінші ғасырдағы Батыс Европа әдебиетіндегі көркемдік бағыты қазақ әдебиетінен де табылады. Оның Шенди-безрассудный қалпының өзі қатал өмірге икемсіз аңқаулығын сүйкімсізден гөрі сүйікті ете түскен. Қазақ әдебиетінде Майлин кейіпкерлері мен Ж.Молдағалиевтің Тумырзасы т.б. сияқты қожанасырларымыз халық ауыз әдебиетінен нәр алуымен қатар, стиль ұқсастығы жағынан әлем әдебиетінің қалам қуатын тарата алған. Ж.Аймауытов келістіре суреттеген, Ақбілекті еркелете алған Марқакөл мен Марқакөлге бала болып кіріп, ана болып шығатын Оралхан Бөкейдің Ардағында ілік-жалғау жоқ емес. Оралхан жазушының:Сәбидің дүниеге келу мінін өз мойнына алған Марқакөл,- деп табиғатты жандандыруы арқылы Ардақты аялата білуі осының айғағы дейтіндей. А.Кемелбаеваның Күміс инелер атты әңгімесі пішіні жағынан, көркемдігі жағынан сәтті жазылған.
Кемелбаеваның кейіпкерінің түсі бұған дейінгі түс көру, оны жорудан бөлегірек, көркем ойы түс көру тәсілінің жалғасы, жаңарған түрі. Қазақы болмыс пен ұлттық психологиялық иірім кіріге жымдасқан суреттеуге назар Кемелбаеваларға үлгі болған әдебиет туындылары көп десек те суреткер Ғ.Мүсірепов стилі қайта ойға келе береді. Ол қоғамдағы жанды жараны түбінен аршу тәсілі. Дәл осындағы - жалғызбасты мүгедек балалы әйел, оған қоса өнері орта жолдан қиылған әнші тағдыры. Кейіпкерді кісікиік еткен мәселе көтерілген. Жазушыларымыздың жаны мүгедек, тәні сау кейіпкерлерді бейнелеу арқылы адамдардың қоғамдағы өзгерісіне және бұғауланған сананың босауына жол көрсетуі, А.Кемелбаеваның жаны сау, тәні мүгедек кейіпкер Қоңырқазысына тән періштелік қасиет сирек белгі, адамдардың адамына ғана лайықты деп саналады. Зерттеу бағытында, сана әлемі кәдімгі адамдардан өзгерек келген кейіпкерлер туралы әдебиетімізде көп қарастырылмаған.
Осы кейіпкерлердің қатарын терең құпиясымен қызықтырған Ә.Кекілбаевтің Жүнді барағындағы Ажарды, А.Кемелбаеваның Қоңырқазындағы Қоңырқазды, Жан иесіндегі мысық асыраушы әйелді әрқайсысын бөлек бейнелі дара кейіпкерлер дей тұрсақ та, ортақтастыратын тұсы бар. Ол - сана әлемінің түсініксіздігі.
Суреткердің ой-көрік ұстаханасының әлемдік әдебиеттегі озық көркем дүниелермен деңгейлес-иықтас екендігін әркез танып білуден жалыққан емеспіз. Себебі, қазақ әңгімелерінің санына қарай сапасы да айтып ауызға толтырарлықтай болуы әуезовтік көркемдік тәсіл - Адам мен Тіршілік дүниесінің бір бүтіндігі қалыптасқан тамаша дәстүр жалғастығының бар болуы.
Қазақ әдебиетінде бала мінезі арқылы, бала әрекеті арқылы қоғам шындығын көрсететін С.Дөнентаев дәстүрінің әдемі жалғасы М.Иманжановта, Б.Нұржекеұлында бар. Нұржекеұлының жазушылық тәсілінде әлеуметтік жайт Бағжан, Әлкен әрекеттері нәтижесінде қозғалған және ол замана өзгерісін байыптататын ұтымды қабат. Алтай Асқардың көркемдік ізденісінде - адам мен тұлпар қатынасының бейнеленуі қазақтың жанымен кіріктіріліп, адам мен адам қарым-қатысындай етіп ұсынған.

1.2 Әңгімені жанрын оқытудың маңызы мен әдіс-тәсілдері

Әңгімені таңдаған жағдайда оның мазмұны, өткізу нысаны ескеріледі, бұлар пәндік салада кең ауқымды жұмыс жүргізуге көмектеседі.
Әңгімені жүгіну сауаттылықтың дамуына ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға, тұлғааралық қарым-қатынас психологиясының, этиканың, мінез-құлық мәдениетінің дамуына, үздік моральдық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді.
Әдістемелік құрал ретінде әңгіме эстетикалық өзара әрекеттесу арқылы іске асырылады, ол ұғым арқылы емес, сезімдік тәжірибенің құрылымдық элементтерін қабылдау, ...өз қызметін сенім мен түйсіну арқылы жүзеге асыратын адамға тән эстетикалық қабылдау арқылы әрекет ететін зияттың көрінісі болып табылады; мәселен, зияттың логикалық тұжырым сияқты басқа түрлерімен салыстыруға келетін түрлерінің бірі болып табылады. Әңгімені талдай, зерделей отырып, оқушылар нені үйрене алады?
oo Адамның мiнез-құлқы мен ол өмір сүретін әлемді түсiну;
oo Ойлар мен сезiмдер өзгере отырып қалай дамитынын түсіну;
oo Мәдени дискурс (тілдік тәжірибе) қарым-қатынастың тиiмдi құралы екендігін түйсіну.
Оқушылар әңгіме арқылы форма мен мазмұнды зерделей отырып, қажетті дағдыларды қалыптастыратын тәжірибелік тәсілдер арқылы білім алады.
Әңгімені пайдалану негізінде оқыту басқа тәсілдерден оның өзара әрекеттесу тәсілімен, яғни эстетикалық-танымдық және эмоциялық өзара әрекеттесумен ерекшеленеді.
Іс-әрекеттік оқыту. Біз бұл бөлімде әңгіме негіздерін сахналық ойын және іс-әрекеттік оқу арқылы жүзеге асырылуы тұрғысынан қарастыратын боламыз.
Әдетте сахналық (рөлдік) ойын оқудағы жеке тәсіл ретінде қарастырылмауына қарамастан, ол ертеден қолданылатын оқу әдiстерiнiң бiрi болып табылады.
Ол сыныпта орындалатын, алдын ала келісілген бірқатар шаралардан басталады. Бұл жағдайда сенім мен құрмет білдіру қарым-қатынастың бұл сияқты тәсілін іске асырудың негізі болмақ.
Ойынның негізгі сипаттамалары:
- ойын ережесін белгілеу;
- ойнау;
- рөлге ену.
Әңгіме бұл:
:: мәдениет пен әлеуметте болып жатқан негізгі оқиғаларды қамтитын динамикалық іс-әрекет;
:: топтық іс-әрекет;
:: ойластырылып іске асырылатын іс-әрекет;
:: рөлдер және қарым-қатынастардың дамуын зерделеу режімі.
Жаттығулар.
1.Кіріспе (ынтымақтастық пен сенiм орнату)
Әңгімені пайдаланудың бірнеше идеялары ұсынылып отыр.
A.Ұқсастықты тап (бүкіл сыныпқа арналған тапсырма)
Оқушылар 3 минут ішінде сыныпта жүріп өздерін таныстырады және өзіне ұқсас әдеттері мен қызығушылығы бар адамды табуға тырысады. Олар лайықты кандидатураны тапқанда, барлығына ортақ бір нәрсе бар адамдар жиналған топ құрады (сынып жетекшісі де топ мүшесі ретінде бірге қосылады!)
Топ мүшесін іздеуге арналған өлшемдер:
- бір айда туғандар;
- үйінде үй жануарын ұстайтын адамдар;
- екі ағасы бар немесе бірнеше ағасы бар адамдар және т.б.
B. Күн... сәулесін төгеді (бүкіл сыныпқа арналған тапсырма)
Оқушылар шеңбер болып отырады, бір адам ортада орындықсыз тұрады да Күн ... сәулесін төгеді дейді, бұл орайда көп нүктенің орнына көзілдірігі бар немесе компьютер ойындарын жақсы көретін деген сияқтыға келтіріп өз тарапынан бірдеңе қосады. Осы сипаттамаға сәйкес келетіндер осы кезде орындарын ауыстырады, ал ортада тұрған адам олардың орнына отырып үлгеруі керек, сөйтіп ауысып отырады.
C. Жұптағы сұхбат
Жаттығудың екі түрін ұсынамыз - бірінші (1) нұсқа көп уақыт, екінші (2) нұсқа азырақ уақыт қажет етеді.
1. Есімдер тарихы:
Оқушылар жұптасып (жұптар кездейсоқ құрылуға тиіс) мәліметтерді қысқаша жазып отырып, бір-бірінен сұхбат алады. Олар жауап берушіден оған бұл есім қалай қойылғанын сұрайды. Әрқайсысы өз жауап беруші адамын бүкіл сыныпқа таныстырып, Бұл ... есімінің тарихы... деп жалғастырады.
2. Мен сіздерді ... таныстырғым келеді:
Оқушылар жұптасып (жұптар кездейсоқ құрылуға тиіс) мәліметтерді қысқаша жазып отырып, бір-бірінен сұхбат алады. Олар сөйлесетін адамынан көбірек ақпарат алулары керек. Әрқайсысы өз жұбын бүкіл сыныпқа таныстырады, Мен сіздерді ... таныстырғым келеді деп бастайды.
Іс-әрекеттік оқудағы рөлдер мен қарым-қатынастар. Бұның мақсаты - ойдан шығарылған мән-мәтін арқылы сөйлеу және түсiнудiң дағдыларын дамыту және рөлдер және өзара қарым-қатынас арқылы тұлғааралық қатынастарды дамыту.
Карта ойыны (бүкіл сыныпқа арналған тапсырма)
Қажетті заттар: Алдын ала дайындалған бiрнеше карталар жинағы. Мұғалiмге адамның мәртебесі маңызды болып табылатын орын таңдау керек, мысалы, хан сарайы, үлкен компанияның кеңсесі, кино түсiру павильоны.
Ойынның шарты:
1. Сыныптан 4 ойыншы таңдалады. Ойыншылар қорапшадан 4 карта таңдайды, карталар олардың маңдайларына жапсырылады. Картада не бейнеленгенін тек басқа ойыншылар ғана көре алады карталарды маңдайға жапсыру үшін, жіпті қолдануға болады). Сахналау көрсетіледі, ойыншылардың рөлдері картадағы белгілерге сәйкес болуы тиіс. Ойыншылар өз рөлдерін білмегендіктен, ойын барысында басқалар олардың не көрсетуге тиіс екенін түсіндірулері керек.
2.Ойыншылар сахналаудан кейiн өздерiнің рөлдеріне сипаттама береді, әрі оларға өздерінің рөлдерін түсінуге көмектескен қимыл және сөйлеу арқылы берілген көмектерді атап көрсетеді.
Жалпы рефлексия: Топ қатысушылары сөздер, іс-әрекет және сезімдер арқылы өзара қарым-қатынастың қалай көрсетілгеніне көңіл аудара отырып, қатысушы ретінде не сезінгендерін талқылайды.
Кеңседе:рөлдік жұптармен жұмыс істеу. Әңгіме және рөлдiк ойындар арқылы ойдан шығарылған мәтінді анықтау сөйлеу және түсiну арқылы сенiмдi спикер дағдыларын дамытуға көмектеседі).Ойдан шығарылған мәнмәтін белгілеу: мұғалiм іс-әрекет орнын ұсынады, мысалы, банктегі кеңсе (2 кресло мен үстел).
Оқушылар жұптарға бөлініп, А және В деп аталады
A - несие бөлiмiнің қызметкері
В - қарыз алушы, банк клиенті (оқушылар несие не үшiн керектігін өздері ойлап шығарады).
1-бөлім. Оқушылар рөлдерін ойнайды - A В-ның қарызды төлей алатына сенбегендіктен, сұрақ қояды. B аталған дәйектерге қарсы тұрып, дәлелдеу қажет.
5 минуттан кейiн мұғалiм ойынды тоқтатады және банк қызметкерінен оның шешiмi туралы сұрайды. Жалпы рефлексия: А тобы несие беретіндігін немесе бермейтіндігін талқылайды.
B өздеріне қойылған сұрақтарды талқылай алады.
2-бөлім. Мұғалiм топқа нәтижесінің қандай болуына қарамастан, тапсырманы одан әрі орындау үшін барлығына несие берiлген сыңай таныту қажет екендігін хабарлайды. А банк қызметкері болып қалады, B банк менеджеріне айналады. Енді оқушылар басқа рөлдерді ойнау керек, онда банк менеджері несие бөліміне телефон соғып, клиенттің несиені төлемейтіндігін хабарлайды. Несие бөлімінің қызметкерінің жұмыста қалуы бастықтың шешіміне байланысты болады.
Тапсырманың қорытындысы бойынша рефлексия (мұғалімдердің тренингі аясында орындалады) бөлім бойынша оқушылар түсіну және сөйлеудің қандай дағдылары іске асырылғанын талқылайды.
Іс-әрекеттік оқу: белгілі бір материалды суреттер арқылы оқытуға қарағанда, рөлдік ойындар арқылы оқыту әдісі тиімдірек болып табыла ма, олай болатын болса, неліктен екендігін тақылаңыздар.
Әлеуметтік тіл. Бiз бұл бөлiмде қарым-қатынас жасау теориясының негізгі ұғымдарын қарастырамыз және iс жүзiнде әңгіме тиiмдi қарым-қатынас жасауды дамыту үшін қажетті жағдайды қалайша қамтамасыз ететіндігін зерттеймiз:
oo визуалды және ауызша сауаттылықты түсіну дағдылары рөлдiк ойындар арқылы дамытылады. Бұл тарау тілдің әлеуметтік қарым-қатынас арқылы дамитындығына негізделеді. Ана тілді оқудың негізгі қағидаттары:
oo оқу үдерісінің негізі - бала, оның қарым-қатынас жасау қажеттіліктері, сезімдері мен қалауларын білдіруі оны оқуға ынталандырады және оқу мақсаты болып табылады.
oo бала құрдастарымен, ересек адамдармен қарым-қатынастар жасау арқылы, теледидар, ән, сурет, кiтап арқылы білім алады;
oo тiлiн дамыту үшін бала күнделікті қарым-қатынасты қолданады - өзара әрекеттесу, бақылау, эксперимент, себеп пен салдар;
oo бала әлеммен өзара әрекеттесу және ойын арқылы адами мiнез-құлық туралы бiлiмді игереді (балалар әлеуметтік мәнмәтіннен қол үзбей оқиды).
oo Осылайша, ойдан шығарылған әлеуметтiк мәнмәтіндi қамтамасыз ету арқылы драма тiлдi үйренуге ықпал ете алады. Әңгімені зерделеу арқылы мынадай негізгі ұғымдар зерттеледi:
oo Жағдаят (қызмет пен мақсатты аудитория арқылы анықталады);
oo Мәдени мәнмәтін (сынып арқылы, оқушылардың ұлты немесе нәсіліне қатысты анықталады).
oo Мәнмәтінтегi тиiмдi қарым-қатынас осы негізгі ұғымдарды іріктеу, таңдау және қолдану үдерісіне көмектеседі.
Саябақтағы орындық (- импровизация - бүкіл сыныпқа арналған тапсырма). Сыныптың бiр оқушысы бақтағы жалғыз орындыққа отырады. Өзгелері жартылай шеңбер жасап айнала отырады. Басқалардың міндеті: орындықта отырған адамды орнын босатуға көндіру. Орындықта отырған адам өзін жайлы сезінеді, оған қолайлы жағдай тумайынша орнын босатып беруге асықпайды. Басқа оқушылар орындықта отырғанды өз орнын босатуға сендіре алатындығына сенімді болған жағдайда ғана ойынға қосылады.
Көндірушілер өз мақсатына жету үшін әртүрлі рөлдерді қолдана алады. Мысалы; полиция немесе мүгедек адам сияқты т.б. рөлдер.
Отырған адам шын жауап беріп, өз орнында қалу үшін дәлелді деректерді келтіруі тиіс.
Жалпы рефлексия: Қандай рөлдер орындықта отырған адамның орнын босатуына түрткі бола алды? Нақты сендіре алған кім, неге?
Бұзақылардың пәтерге шабуыл жасауы(бүкіл сыныпқа арналған тапсырма және 3-4 адамнан тұратын топтардағы топтық жұмыс). Бұл тапсырмада оқушылар Әлеуметтік тіл таныстырылымында айтылған теорияны тәжірибеде қолданады.
Оқушылар белгілі бір әрекеттер арқылы тілдерін және сауаттылығын дамытады.
Жағдаяттың сыртындағы, ішіндегі және шекарасындағы әрекеттер:
I. Оқушыларға бұзақылардың пәтерге басып кіргені туралы шын оқиға басылған газеттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мысал жанрының қалыптасуы
Әдебиетте әңгіме жанрының оқыту маңызы
Әңгіме жанрының ерекшеліктері
Мысал жанрының тарихы
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы әңгімелер: жалпы сипаты мен тақырыптық идеялық ерекшеліктері
МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Әңгіме жанры туралы түсінік
Сатира жанры
Пәндер