Әдебиет сабағындағы көрнекілік құралдарының жалпы сипаттамасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-бет

І ТАРАУ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 4-бет

1. 1 Әдебиет сабағындағы көрнекі құралдардың түрлері және олардың
маңыздылығы . . . 4-6-бет
1. 2 Әдебиет пәнінде көрнекілікті қолдану принципі . . . 6-11-бет

ІІ ТАРАУ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
. . . 12-20-бет

2. 1 Заманға сай техникалық құралдарды қазақ әдебиеті сабағында қолдану-мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол . . . 20-22-бет
2. 2 Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері . . . 22-25-бет

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26-27-бет

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28-бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің әдістемелік процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе. Әдістеме ғылым ретінде өте күрделі. Оның күрделілігі - жүз мыңдаған компонненттерден бас қатырарлықтай шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі - адам. Мұны біз ұстаздық өмірімізде күн сайын, әрбір минут сайын ұмытпайық.
Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді. Ұстаз еңбегінің күрделілігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуында, баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір - қасиетті сезіндіру. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Ұстаздың оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін: біріншіден, саяси сауатты, жан - жақты білімді болуы; екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі; үшіншіден, оқушының психологиялық ой - өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Сонда ғана ол - нағыз ұстаз.

Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі - сабақтың формалары мен оның құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс-тәсілдер мен көрнекі, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын-ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазір әдебиет сабағында түрлі технологиялар енгізілген ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану. Мақсатқа сүрінбей жету үшін келесі міндеттерді алға қойдық:

  1. Әдебиет сабағында қолданылатын көрнекіліктердің түрлеріне шолу;
  2. Әдебиет сабағындағы көрнекіліктерді тиімді жолдарын айқындау;
  3. Көрнекіліктердің тиімді жолдарын тәжірибе жүзінде дұрыс қолдану.

Курстық жұмыстың әдісі: талдау, жинақтау, эксперимент.

Курстық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДАҒЫ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Әдебиет сабағындағы көрнекі құралдардың түрлері және маңызы

Мектепте өзге пәндердің оқыту әдістері сияқты әдебиет сабағын оқытудың да өзіне тән міндеті мен бағдарламасы, оқыту әдісі бар. Соның бірі көрнекілік әдісі.

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері - кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Мұғалімнің оқыту процесін жетілдіре түсудегі жұмысының бір түрі - сабақтың формалары мен оның құрылымын дамыту, оқытудың жаңа әдістерін талмай іздестіру. Олай болса, мұғалім сабақта қандай мақсат көздейтінін, оған жету үшін қандай әдіс-тәсілдер мен көрнекі, техникалық құралдар қолданатынын нақты, алдын-ала жоспарлап алуы керек. Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісін жетілдіріп, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысына да жақсы әсерін тигізеді.

Көрнекі түрде оқыту - оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту деп түсінбеу керек.

Әдебиет сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады: саналық, көрнекілік, жүйелік, беріктік, жас ерекшеліктерінің ескерілуі, жекеше қарым-қатынас т. б. Әдебиетті оқытуда көрнекілік принципінің ролі ерекше. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Ян Амос Каменский, К. Д. Ушинский т. б. Осы принцип негізінде Я. А. Коменский алғашқы оқытудың әдістемесін («Ұлы дидактика») жазды. К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, «көрнекілік - баланың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды»[1, 148] - деді. Алайда психологтардың тұжырымы бойынша бастауыш мектеп жасындағы баланың ойлау түрі бірте-бірте көрнекі қимылдан көрнекілік - бейнеліге ауысады, тіпті мұнда қандай да деңгейде абстракты ойлар да жүзеге аса бастайтыны белгілі. Сондақтан, сурет 1- сыныпта көп болғанымен, оның бірте-бірте сынып ауысқан сайын азаюы осы қағидаға лайықталған. Оқыту процесінде сөзбен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді.

Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің, оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдарды дайындап алуына мүмкіндік береді. Көрнекі оқу құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөлу қабылданған. Әдебиет сабағында пайдаланылған табиғи көрнекі құралдарға айналадағы өмірден алынған нәрселер: дәптерлер, қарандаштар, шыбықтар, кубиктер т. с. с. жатады. Суретті көрнекі құралдар ішіне бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: Заттар, суреттер, фигуралардың, қағаз бен картоннан жасалған кескіндері, заттардың немесе фигуралардың кескіндері салынған кестелер. Суретті көрнекі құралдың екінші бір түрі шартты (символдық) құралдар болып табылады: портреттік символдар, схемалар, суреттер, сызбалар. Суреттік көрнекі құралдар да жатады. Олар: оқу фильмдері, диофильмдер, диофозитивтер, интербелсенді тақта. Көрнекі құралдарды пайдалану тұрғысынан алғанда жалпы сыныптық және жекелік деп бөлінеді. Жалпы сыныптық көрнекі құралдарды бүкіл сынып болып пайдаланылады (кейде оларды демонстрациялық деп атайды) . Жекелік көрнекі құралмен әрбір оқушы жеке пайдаланады. Көбінесе жалпы сыныптық және жекелік құралдар мазмұны жөнінен бірдей және айырмашылығы тек үлкен- кішілігінде ғана болады: геометриялық фигуралардың модельдері, кеспе цифрлар, сызба құралдары т. с. с. Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі құралдар деп бөлінеді. Қолдан жасалған құралдар дайын көрнекі құралдарды толықтырады: бұлар - арнайы тапсырмалар үшін әр түрлі суреттер мен сызбалар, құрастырмалы геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді алмастыруға болатын кестелер т. б. көрнекі құралдарды жасауға балаларды қатыстырып отырған пайдалы. Мұның білімдік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктерді саналы түрде және берік меңгеруге, белгілі бір еңбек дағдыларына төселдіруге көмектеседі. Өздері қолдан жасалған құралдармен жұмыс істегенде бала еңбекті құрметтей білуге үйренеді.

Әдебиет сабақтарында көрнекілікті дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады. Нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын, тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Қорыта келгенде, қай пәнді болса да оқушыларға түсінікті, қызықты, тартымды және күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу - оқытудың ең басты талабы. Барлық сынып балаларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу процесінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін, сабақтарда көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы зор.

Сабақта тиімді пайдаланылған көрнекі құралдар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Көрнекілік оқушыларды сергітіп, тапсырманы тез ынтамен орындауға, өз беттерімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушылардың ойланғыштық, іздемпаздық қабілетін арттырады. Сондықтан да күнделікті өткізген сабақтарында түрлі көрнекі құралдарды көп пайдаланып отыру өте тиімді.

1. 2 Әдебиет пәнінде көрнекілікті қолдану принципі

Адам өзін қоршаған ортаның, құбылыстың, табиғаттың сырларын, ерекшеліктерін танып білуге әрдайым талпынып, іздену, ұғыну, түсіну үстінде болады. Сыртқы дүниенің әсерін есту, көру, сезу арқылы түсініп, біліп сол туралы ұғым, ой қалыптасады. Жалпы таным дегеніміз білмеуден білуге қарай, шала білуден толық білуге қарай жүйелі жүріп отыратын адам ойының күрделі процесі болып табылады [2, 189] . Оқыту, білім беру арқылы адамның танымын ұлғайта, дамыта отырып, кейбір құбылыстардың сырын тез меңгеру, танып-білу әрекетінің ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік жасайды.

Адамзат баласының ұзақ жылдар бойына танып, білген заңдылықтарын, ұғым мәндерін ғылыми жинақталған жүйелі білім салалары арқылы жас ұрпақтың өткен тәжірибені тез меңгеруіне, ұғынып, түсінуіне жол ашады. Дүниетанымын кеңейте отырып, жаңа іс-әрекеттерді тез игеріп кетуіне қолқабыс етеді. Мұнда ғылымның көрінісі, берілісі болып табылатын мектепте оқытылатын жеке пәндердің алар орны ерекше. Жеке пәндерді оқыту арқылы оқушы танымының толығуына, қалыптасуына, дамуына, өздігінен өмірлік құбылыстарды дұрыс танып, игеруіне, оған ықпал етуіне мүмкіндік береді.

Ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды меңгерту жеңіл процесс емес. Ол көп еңбектенуді, білім жүйелерін дұрыс меңгертіп игертуді қажет етеді. Білімді меңгертуде, оқытуды ұғымдастыруда әрбір оқушының өзіндік ерекшклігін ескеріп отырғанымыз жөн. Біреу есіткенді, біреу көргенді, біреу сезім арқылы сезгенді тез қабылдап, түсініп ұғынатын, танып білетін болады. Кейде ұғымдарды талдап, түсіндіруге оқушының ой-әрекетін іс-қимылға көшіретін, соған негіз қалайтын қозғаушы нәрсе жағдай қажет болатыны болады. Адам бір нәрсені, затты, құбылысты кездестіргеннен кейін ғана оны танып білуге, оның ерекшелігін, сырын ұғынып, түсінуге кірісетіні ақиқат. Көрмеген, кездестірмеген, білмеген нәрселерді оқу арқылы өзінің бұрынғы білім, танымына сүйену арқылы, білген, таныған заттарына, құбылысына оны салыстыру нәтижесінде оны толық білуге, тануға ұмтылыс жасайды. Бала бір пәнді оқи отырып, өзіне таныс емес бірақ ғылымда танылған заңдылықтарды, айқындалған нәрселерді, ұғымдарды, құбылыстарды танып білуге кіріседі. Мұғалім осы жағдайды ескере отырып, әр сабақ барысында материалды тез, жеңіл меңгеруі үшін әр түрлі тәсілді, амалды, әрекетті пайдаланады. Соның ішінде көрнекілік ерекше орын алады. Әдебиет пәні сабағында көрнекіліктің орны айрықша. Мұның басқа пәндердегі көрнекіліктен мәні, мазмұны, түрі, құрылысы жағынан да өзгеше өзіндік ерекшелігі бар екенін түсініп, білуіміз керек. Өйткені әдебиет пәні әдебиет тарихын таныстырумен бірге әрбір жазушының шеберлік ерекшеклігін, көркемдік, тілдік жаңалықтарын, мәдениетімізге қосқан үлесін, алатын орнын танытатын болады. Әдебиеттің негізгі құралы - сөз. Сөз арқылы талай-талай кестелі өрнектер жасай отырып, адам сезіміне тікелей әсер ету арқылы оқушы дүниетанымын қалыптастыратын болады. Мұғалім өз жұмысында, күнделікті сабағында сөзді ерекше қолданып, пайдаланып отырады. Жазушының тіл, сөз шеберлігіне айрықша мән беріп, өзінің талдау, түсінігіне тірек, ойына қазық етіп, материалды ұғындыруға дәлел, дәйек етеді [3, 158] .

Мұғалім сабақ барысында, оның тақырыбын ашу үшін жазушы шығармашылығын, туындысын, оның мән-мағынасын, ой төркінін мақсат-бағдарын айқындау үстінде шығарманың өзіне, ондағы сөзге, сөз қолданыстарына тікелей арқа сүйенуіне тура келеді. Жазушы шығармаларынан алынатын үзінділер, мысалдар мұғалім ойының, түсінігінің, ұғымды, құбылысты меңгертудің тірегі, дәлелі болмақ. Демек әдебиет сабағында сөз ерекше орын алады. Сөзді көрнекілік ретінде кеңінен қолданатын, пайдаланатын болады.

Көрнекілік әрбір сабақтың тірегі. Сол арқылы мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш жұмсауды керек ететін мәселелерді жеңіл, тез, оңай меңгерту, түсіндіру, таныту үшін қолданатын болады. Бұл жерде көрнекілік пен көрнекі құрал деген ұғымды ажыратып, айқындап алуымыз керек. Өйткені практикада мұны бірінің орнына бірін жиі қолданатынымыз көп кездеседі.
Әдебиет пәні сабағында өтіп отырылған материалдың ішіндегі ұтымға, құбылысқа, ой жүйесіне, оқиға желісіне, шығарманың тілдік, кейіпкерлік құрылысына, туындыдағы іс-әрекетке оқушының көңілін баса аударту арқылы оны дұрыс таныту, танымын қалыптастыру, түсінігін тұрақтандыру, ойын жетілдіру, дамыту үшін мұғалімнің тарапынан көрсетілетін, ұсынылатын, берілетін, айтылатын нәрселердің, құбылыстардың заттардың көрінісін көрнекілік дейміз де, соның жеке алынып, даярланып, ретке келтіріліп, безендіріліп, арнайы жабдықталып, формаға түсіріліп оқушыға ұсынылған түрін, материалды көрнекі құрал дейміз.
Жазушы шығармасын оқыту барысында мұғалім сол жазушының негізгі шығармаларын, жазушының туған жерін, жылын тақтаға жазып отырып түсіндіреді, немесе кейіпкерлерді талдағанда туындыдан үзінділер, шығарма жайында кей пікірлерді дәлелдеме ретінде келтіріп отыруы мүмкін, бірақ бұл жүйеленбеген бір ормаға келтірілмеген нәрсе. Дегенмен мұнда мұғалім өз ойының негізгі кезеңдерін айқындауды негіз етіп отырғаны белгілі. Мұны көрнекілік десе, бұған керісінше мұғалім сабақ өтерден бұрын өткізілетін тақырыбына арнайы схема, таблица, плакат даярлап, соған сүйеніп ете отырып, жаңа материалды түсіндірсе не қайталап пысықтаса, практикалық жұмыстар жүргізсе, ол көрнекі құрал болып есептеледі. Сонымен бірге бұл көрнекілік деп те аталады. Бұдан аңғарғанымыздай көрнекілік ұғымы кең де, ауқымды.

Әдебиет пәні сабағында мынандай көрнекіліктер пайдаланылады:

  1. Сөздік көрнекілік
  2. Заттық көрнекілік
  3. Сызбалы көрнекілік
  4. Суретті-түсіндірмелі көрнекілік

Сөздік көрнекілік. Басқа пәндерден гөрі әдебиет сабағында жиі қолданылатын көрнекілік. Өйткені әдебиеттің басты құралы сөз. Сөз арқылы жазушы кейіпкер бейнесін, оның қарым-қатынастық көріністерін, табиғат суретін әсем кестелеп, көркемдеп оқырманына жеткізе біледі. Олай болса жазушы мақсатын, шығарма тақырыбын, оның тілі ерекшелігін, шығарма көркемдігін, кестелі суреттерді, кейіпкерлердің өзіндік, даралық ерекшеліктерін сол туындының өзінен, одан алынған дәйекті мысалдарға сүйену, жүгіну, үзінді келтіру арқылы ғана дәлелдеуге, оқушыны иландырып, сендіруге болады. Сөздік көрнекіліктің жүйесін дұрыс қолданғанда ғана оның тиімділігін арттыра аламыз.

Заттық көрнекілік. Бұл көрнекіліктің оқушылар үшін тарихи тәрбиелік мәні ерекше. Оқушылардың тарихи танымын дамыта отырып, олардың өмір тәжірибесіне деген құлшынысын арттыру арқылы адамгершілік санасының дұрыс қалыптасуына ықпал ететін болады. Заттық көрнекілік жазушының өмір жолын, шығармашылық ізденісін, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын, оның танылу аймағын танытуды мақсат тұтады. Бұл көрнекілік жазушының әр кезде шыққан басылымдарын, қолтаңбаларын, архивтік құжжаттарын, заттарын, жазушы шығармалары бойынша жасалған түрлі қойылыстарды, көріністерді, жазбаларды, мұражай дүниеліктерін қамтиды. Осыларды сабақта пайдалана отырып, оқушы бойында жазушы еңбегіне, өмір жолына деген құрметті, ілтипатты, ынталылықты, қызығушылықты арттырады. Жазушы қолтаңбасы былай қарағанда елеусіз нәрсе сияқты. Ал оқу тәрбиесі үшін үлкен мәні бар. Бағдарлама бойынша өтіп отырған жазушы қолтаңбасының ата-аналардан, оқушылардан табылуы ерекше құбылыс. Ол қолтаңбаның жазылу тарихы, оның мәні, жазушы өмірінің елеусіздеу көрінетін бір кезеңін көрсете отырып, сол жазушының шығармашылық лабараториясының ізін байқау үшін ерекше мәні бар. Жазушы қалдырған қолтаңбаға байланысты кейін нендей шығарма туындады, онда сол ортаға байланысты не қамтылған, қалай көрсетіліп, қалай суреттелген, жазушы шығармасының жазылуына орта қалай ықпал еткен деген сияқты сұрауларға жауап іздей отырып, жазушы лабараториясының жасырын сырларын аңғаратын боламыз.

Сөйтіп жазушының әрбір дүниесіне мән бере отырып, жазушылықтың қыр-сырын оқушыларға жан-жақты таныстыруға, білдіруге мүмкіндік аламыз.

Жазушы шығармаларының әр жылдардағы басылымдарын, ондағы өзгертулер мен толықтыруларды оқушыларға көрсете отырып, жазушы шеберлігін, тіл ұстартудағы жетістіктерін байқататын болсақ, жазушы пайдаланған заттарды, үй-ішілік дүниелерін көрсету арқылы оның адамдық, пенделік қарапайым өмір тіршілігімен таныстырады. Жазушы шығармаларының әлем тілдеріне аударылған туындыларымен оқушыларды таныстыру арқылы, олардың бойында мақтаныш сезімін қалыптастырады.

Заттық көрнекіліктерге не жатады:

  1. Баспадан шыққан әр кездегі шығармалары.
  2. Жазушы қолтаңбалары (түрлі жазбалары)
  3. Жазушы өмірін білуге көмектесетін, соған байланысты заттар(суреттер, құжаттар, үй мүліктері, өзі пайдаланған жазба құралдары т. б)
  4. Жазушының әлем тілдеріндегі басылымдары
  5. Отбасылық суреттері
  6. Түрлі жазбалары, кино, теледидар көріністері
  7. Жазушының дауысы, қойылымдарының үзінділері жазылған пластинкалар.

Сызбалы көрнекілік. Бұл шығарма кейіпкерлерінің өзара қарым-қатынасын, байланысын, жүйесін, өмір жолының даму барысын, тілдік, портреттік сипаттамалары арқылы берілген мінез ерекшелігін, жазушының өмір жолымен туындыларының тарихи кезеңдермен сабақтастығын, әдеби құбылыстардың үндестігін, тамырластығын, жазушы өмір сүрген, оның туындылары жазылған географиялық аймақтарды көрсетуге, аңғартуға арналған сызба арқылы көрсетілген көрнекі құрал. Шығармадағы оқиға желісінің қазығы болып табылатын басты кейіпкердің іс-әрекеті, солар арқылы жазушы ойы, мақсаты, бағыты айқындалатыны белгілі. Осы бір мәселені көрнекі құралдар арқылы нақтылы сызбалармен көрсетіп, айқындай түспесек, кейде оқушы бұл туралы толық ұғым ала алмауы мүмкін. Сондай жағдайда сызбалы көрнекіліктің көмегі ерекше.

Сызбалы көрнекілікті шартты түрде үшке: схема, таблица, карта деп бөліп қарастыруымыз керек. Схемада тек адамдар кейіпкерлер тізбегі беріледі де, олардың өзара байланысы, қатысы көрсетіледі (қосымша) . Ал таблица жазушының өмір жолын, соған байланысты шығармаларын, олардың жыл мерзімдерімен, жеке кейіпкерлердің тілі, портреті арқылы мінездегі ерекшеліктерін көрсетуді мақсат тұтады. Карта жазушы жүріп өткен жолды, туындылары жазылған аймақты көрсетуге арналады. Сабақта схема, таблица, карта қолдану арқылы оқушының әдеби құбылысты, оның ішкі құбылысын толық түсінуіне жағдай жасау көзделеді. Сүйтіп сызбалы көрнекілікті құрал арқылы шығармадағы образдар жүйесін, жазушының өмірін, шығармашылығын тарихи кезеңдермен бірлігін, тіл ерекшеліктерін, мінез айырмашылықтарын, оның өмір сүрген ортасын, шығарманың жазылған аясын, әдеби байланыстар желісін, шығармалардың әлемге танылу аумағын көрсете алады. Оқушының көру қабілетіне, қабылдауына тікелей ықпал етеді. Танымын кеңейтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет сабағындағы көрнекілік
Дене тәрбиесі сабағындағы көрнекілік қағидасы
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
Әдебиет сабақтарында көрнекілікті пайдалану жолдары
Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
Информатика пәні мұғалімінің функциялары
Ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолдану арқылы оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту
Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
Математика сабағындағы дидактикалық материалдың маңыздылығы.
Математика сабағындағы құрал – жабдықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz