Лирикалық шығармалардың түрлері және оның оқытудың мақсаттары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет

ІТАРАУ ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ

1.1.Лирикалық шығармалардың түрлері, зерттелу нысаны ... ... .5.10бет
1.2.Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат.міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.15бет

ІІТАРАУ ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

2.1.V.IX.сыныптарда поэзияны оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... .16.18 бет
2.2.Жоғары сынып оқушыларына прозаны оқытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.27 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28.29бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 30бет
Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын «мектептегі басты тұлға-мұғалім» десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой, танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын өлең өнерін («қазақтың қасиетті қара өлеңін») оқыту үрдісі оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейді. Сондықтан бүгінгі тандагы мектеп проблемасы «Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын артгыру» оқушылардың өз «менін» қалыптастыру болса, лирикалық шығармаларды мектепте оқыту үрдісінде де педагогика жаңалықтарын қазіргі оқытып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибе мен зерттеу жұмысының нәтижесіндегі алдына қойған мақсат - баланы субъект ретінде оқу, ісіне қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.
Курстық жұмыстың негізгі тақырып нысанына алынып отырған лирика жанрының қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби процестегі алатын орнына, поэтикасына, жалпы лирика табиғатына қатысты әр түрлі ғылыми еңбектер жазылғаны белгілі. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, М.Дүйсенов, М.Базарбаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Ә.Нарымбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Әбдірахманова, Б.Көрібаева, ЖДәдебаев, Қ.М.Пазылов, Т.Шапай және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде қазақ өлеңінің мәселелері әр қырынан жан-жақты зерттеу объектісіне айналып, қазақ лирикасының тарихи даму жолдары, ақындық өнердің сыры мен сипаты қарастырылып отыр.
1. Ақшолақов Т. Көркем шығармаға талдау жасау. – А. Мектеп, 1993.
2. Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі.А., 1977.
3. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
4. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – А., 1999.
5. Бітібаева Қ.Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – А. 2003.
6. Голубков В. Методика преподавания литературы. М., 1962.
7. Дайырова Ә. Орта мектепте І.Жансүгіров творчествосын оқыту. -А., 1969.
8.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. А., 1995.
9. Жұмажанова Т.Қ. Қазақ әдебиетінен оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары. 6-7 сынып. А., 2003.
10.Жұматаева Е. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. А., - 1999.
11.Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – А. Мектеп, 1969.
12.Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары.-А. 1974.
13.Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдалану мен байланысы. – А. 1991.
14.Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп, 1979.
15. Құрманова Н, Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдауәдістемесі. А. АлМУ, 2000.
16.Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері. А.,1999.
17.Мақпыров С., Әдебиеттен шығарма жұмыстары. А., 1981.
18.Мәшһүр Жүсіп.Қ. Көркем сөздің құдіреті. (Мектепте қазақ әдебиетін оқыту).Павлодар, 2000.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет

І ТАРАУ ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ

1.1.Лирикалық шығармалардың түрлері, зерттелу нысаны ... ... .5-10бет
1.2.Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттері ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-15бет

ІІ ТАРАУ ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

2.1. V-IX-сыныптарда поэзияны оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... .16- 18 бет
2.2.Жоғары сынып оқушыларына прозаны оқытудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-27 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28-29бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...30бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға-мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой, танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын өлең өнерін (қазақтың қасиетті қара өлеңін) оқыту үрдісі оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейді. Сондықтан бүгінгі тандагы мектеп проблемасы Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын артгыру оқушылардың өз менін қалыптастыру болса, лирикалық шығармаларды мектепте оқыту үрдісінде де педагогика жаңалықтарын қазіргі оқытып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибе мен зерттеу жұмысының нәтижесіндегі алдына қойған мақсат - баланы субъект ретінде оқу, ісіне қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.
Курстық жұмыстың негізгі тақырып нысанына алынып отырған лирика жанрының қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби процестегі алатын орнына, поэтикасына, жалпы лирика табиғатына қатысты әр түрлі ғылыми еңбектер жазылғаны белгілі. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, М.Дүйсенов, М.Базарбаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, Ә.Нарымбетов, Ә.Тәжібаев, Т.Әбдірахманова, Б.Көрібаева, ЖДәдебаев, Қ.М.Пазылов, Т.Шапай және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде қазақ өлеңінің мәселелері әр қырынан жан-жақты зерттеу объектісіне айналып, қазақ лирикасының тарихи даму жолдары, ақындық өнердің сыры мен сипаты қарастырылып отыр.
Лирикалық шығармаларды оқыту әдістемесі тұрғысынан зерттеу жұмыстары кеңестік дәуір кезеңінде әдіскер-ғалымдар М.А.Рыбникова, В.В.Голубов, Н.И.Кудрящев, В.А.Николтский , З.Я. Рез еңбектерінде кеңінен жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ү-ІХ сыныптардағы оқытылатын лирикалық шығармалардың әдістемелік тұрғыдан негізгі сипаттарын ашу, талдау, оқыту үлгілерін көрсету, оқыту үрдісінде лириканың табиғатын терең таныту, мектеп бағдарламасында берілген лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері мен оқушылардың қабылдауға байланысты жас ерекшеліктерін ескере отырып білім негізін беру.
Мәтін талдау барысында лириканың күрделі ішкі құрылымына, стильдік бітіміне, өлең сырына бойлату, ондағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын оқушыларға түсіндіру, шынайы адамдық сезім биігін ұғындыру арқылы оқушыларға эмоциялық , эстетикалық ләззат, әсер беру жолдарын қарастыру. Лириканы оқыту байланысты зерттеудің басты мақсаты - ақынға рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезім мен ой тереңдігіне бойлау, сол арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып, көркем сөздік құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу, оқушылардың өлеңге деген қызығушылықтарын оятып, құмарлығын арттыру арқылы олардың жан дүниесін байыта отырып, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік, инабаттылық тәрбие беру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Ү-ІХ сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытуға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- лирикалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- мектеп бағдарламасына енген лирикалық шығармаларға шолу жасау, жүйелеу;
- лириканың жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісшдс танытудың жолдарын саралап қарастыру;
- лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
- оқушыларға лириканы дұрыс қабылдай білуге үйрету;
- лирикалық шығармалардың құрылысын меңгерту;
Курстық жұмыстың іс-тәжірибелік маңызы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнін оқытуда, Лирикалық шығармалардың табиғатын таныту тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептеймін
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ

0.1. Лирикалық шығармалардың түрлері, зерттелу нысандары

Қазақ әдебиеттануында бірқыдыру жемісті зерттелген сала ретінде лирика тегінің даму сипаты мен тексерілу жайын айтамыз. Көркем әдебиеттің өскелең әрі түлегіш жанры ретінде танылған лириканың көшелі тарихи ғұмырында өз соқпақ-ізі мен жоталы жолы жатыр.
Лирика - аты белгісіз ықылым замандардан бері қазақпен бірге жасасқан фольклорлық мұралардың мирасты рухани дүниесінің бірі ретінде ауызекі әдебиеттің көшіне ілесе жүріп, жазба әдебиет дәуіріне жетті яки өз дамуында тарих талайын бастан кешіп келеді.
Қазақ лирикасы жанр, тек тұрғысынан өз қызметін қалай атқарса, оның сан алуан сырға тұнған табиғаты да соншалықты зерттеу көзіне ілініп отырды. Бірнеше ғасырдың қойнауына енген қазақ лирикасының ұлттық көркем өнеріміздің, оның ішінде әдебиетіміздің (ауызша және жазбаша) әсем де көрікті, белгілі бір жанры қызметін өзінің ұлттық болмысына, халықтық, бұқаралық бітіміне сай адал атқарып отырғаны да анық.
Лирика - көркем әдебиеттің өзге тектеріне (эпос, драма) қарағанда өміршең һәм жасампаз жанрлық сала ретінде танылып келеді. Олай деуіміздің де бірнеше объективті себептері бар. Айталық, алдымен, лирика өзінің жалпақ жұртқа мәлім анықтамасында айтылғандай: Толғау- қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі (А.Байтұрсынов) екенін былай қойғанда, екіншіден, Өнер алды - қызыл тіл, Түйеге мінген қазақтың екі ауыз өлең шығармайтыны жоқ (халықтың айтқаны) дейтінін оңды ұғынсақ, үшіншіден, Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы (Абай) қисын-тұжырымының тек қана қазақ деген ұлтқа ғана емес, барша адамзатқа ортақ қағидаға айналғанын елеп-ескерсек, өлең-сөздің, өлең-жырдың ғаламдық атау- терминіне телінген - лириканың көркем өнер есебіндегі құдіретін бағамдай беріңіз. [1]
Лириканың, лирикалық поэзияның күллі адамзатқа ортақ әдеби өнер хақындағы құндылығын аспан - ортақ, жер - ортақ делінетін планета эстеттері (сөз өнерін танушылар мен зерттеушілері) әу-бастан-ақ, бағзы заман, баяғыдан бері-ақ барынша ұлықтап, танып- білуге ұмтылған. Ақындардың жеке мінез ерекшеліктеріне байланы- сты поэзия да түрлі сипаттарға бөлінеді деген Аристотельдің, Өлең өнері сөзбен құлпырады деген Әбунәсір Әл-Фарабидің, Поэзия - өз бойына ішкі рухани әлемнің барлық ерекшеліктерін жинақтаған сөз 4-5 өнерінің түрі деген Гегельдің немесе Поэзия - сезімді бейнелеу арқылы әсер қалдыратын әрекеттер жүйесіне құрылған өнер түрі деп тұжырған Г.Э. Лессигтің аталған өнер жанрының (лириканың) сапалық қасиеттерінің болмысын айғақтай түсетін көнеден келе жатқан шешімді пікір-пайымдар. [2]
Түркі әлемі данышпандары да өлең-сөз өнерінің табиғатына бей- жай қарай алмаған. Жүсіп Баласағұнның Құтадғу білігіндегі (Қалар мұра - сөз, кісіден кісіге, Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе), Махмұд Қашқаридың Диуани лұғат-ат-түркіндегі (Білік болса, сөзден жазбас), Қожа Ахмет Иасауидың Диуани хикметіндегі (Хикметтерім әлемге жатар тарап, тыңдағандар атыма айтар мадақ) шығармаларын түркі тіліндегі сөз өнерінің, ой өнерінің сөлін бойына жиған, бірегей бітімді поэзия туындыларына (А. Егеубаев) балаған ғалымның тұжырымынша адамзат өркениеті тарихында алар орны ерекше болмақ.
Өлең-сөздің (лириканың) өнер туындысына лайықты ықпал етерлік бедел-қуатын әр дәуірде, әр қилы қоғамда өмір сүрген орыс оқымыстылары да өз орнымен бағалай, дәріптей білген. Лирикалық шығарма, қас қаққанша ғайып болатын ақын рухы шабытының жемісі (Белинский), Басқа өнер түрлеріне қарағанда поэзияның биік тұратынына дау жоқ, өйткені өзге өнер түрлері поэзияның ай- тарын бізге жеткізе алмайды (Чернышевский) деп келетін пікірлер шоғырын А.А. Потебня: Образсыз өнер, оның ішінде поэзия да жоқ деп жалғастырса, бұл үрдісті В. Шкловский: Поэзия - ойлардың ерек- ше бір тәсілі, нақтырақ айтсақ, образбен ойлау тәсілі деп одан әрі ұштай түседі.
Лирикалық поэзияны әдебиеттің шынайы да көркем сала- сы ретінде бағалау дәстүрі Еуропа, Батыс елдері гуманистері мен өнертанушыларын да бей-жай қалдырмаған. Американдық әдебиеттанушы ғалымдар Рене Уэллек пен Остин Уоррен стиль және стилистика мәселелерін жан-жақты қарастыра келе Поэзияны зерттеушілерге лингвистикалық дайындық қажет деген ой салады.
Ал И.В. Гете болса: Стиль - дүние табиғатын ашатын терең білім беретін, көз алдыңа түс, мұрныңа иіс, құлағыңа дыбыс әкелетін бей- нелерге толы туындылар жасайды деп лирикалық туынды табиғатын терең тануға бір табан жақын келеді.
Көркем өнер табиғатын зерттеуші итальян философы Антонио Банфидің тұжырымынша: Рухани өмір идеальды (аймаққа) өңірге жа- тады екен, яки өнер адам өміріндегі эстетикалық бастаулардың іңкәр тұнығы боп қала бермек. Шетелдік ғалымдардың бұл пайым-пікірлері Байтұрсынов пен Бе- линский сынды теоретик зерттеушілердің қағида-қисындарынан онша алшақ кетпейді, қайта оны толықтыра сабақтаса түседі. [3]
Сөз өнерін, оның жанрлық түрін табиғатына сай сала ретінде ерекшелеп, басым бағыттарына назар аударған қазақ ғалым -әдебиетшілердің де эстетикалық толағай танымдары өлең-сөз жайындағы ғаламдық ой-тұжырымдарды жаңғырта үстемелей түседі. Ж. Аймауытов байламынша: Өлең - бір мақсатқа жұмсалатын құрал болуы керек емес. Жолы еркін, азығы талғаусыз өнер болуы керек. Ал Алқа ұйымының әдеби концепциясында: Ақындық - фотография емес, фотография - ақындық емес. Ақынның міндеті - білім беру емес, терең сезім, асқар пікір ояту деп рухани жолға тура жөн сілтейді.
Ғылыми негізін Шоқан қалаған сөз өнері ғылымын Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Ғұмар, Сұлтанмахмұт бастаған лирик-суреткерлердің эстетикалық көзқарастары одан әрі толықтырып, олардың көркем дүниелерінде (шығармаларында) анық та табиғи қалпында көрініс тапқанын ескерсек, өлең мен оны тудырушы егесі - ақындар қауымының рухани мұрат-мақсаттарға адалдығы сөз өнері мәртебесін одан сайын биіктете түсті.
Ізгілік ілімінің шешімдеріне қарсы келмейтін, қайта оны мейлінше аялап дәріптейтін адамтану өнері (Белинский) атанған көркем әдебиетке ғылыми негізде барлау жүргізу, зерттеу көзіне айналдыру - бұл жұмыстың негізгі мәні болса, сөз өнерінің сарасы - өлеңге, сезім сыры - лирика әлеміне көз тастау - тақырып зәрулігін, өзектілігін тереңдете түседі.
Қазақ өлең-сөз өнерінің бүгінін әңгімелеу үшін әрине, оның өткен жолын, болған тарихын танудың, білудің маңызы зор. Қазақ лирикасының ұлт әдебиеттануында тексеріс нысанына алынып, зерттелу дәстүрінің де бір ғасырдан астам тарихы бар. Ұлт әдебиеттануында қазақ лирикасы зерттеліп келе жатқанымен, тұтастай алғанда оны зерттеуші ғалымдар еңбектерінің шығармашылық зертханасына ғылыми тұрғыдан арнайы зер салына қойған жоқ. Сан жылдық тарихы мен мол тәжірибесі бар ұлт әдебиеттануында лири- ка тегінің өзіне тән табиғаты мен сан қырлы жанрлық ерекшеліктері қай шамада, қай деңгейде қарастырылды деген мәселелерді анықтап шешу де бүгінгі әдебиеттанудың өзекті проблемаларының бірі бола алса керек.
Қазақ лирикасының өткен тарихын тексеруде әдебиетші- оқымыстылар қауымының бінеше буын өкілдері өздерінің саналы ғұмырларын ұлт әдебиеттануының дамуына арнап, арттарына, кейінгі ізденіс өскіндеріне үлгі қып сандаған ғылыми мұралар (монография, оқу құралдары т.б.) қалдырды. Қазақ лирикасын зерттеушілер ұлт поэзиясының көрнекті өкілдерінің шығармашылық айдынына үңіліп, олардың әдебиет өнеріне қосқан үлесін ақындық дарын-қабілеттерінің 6-7-деңгейіне қарай, өнерпаздық, жаңашылдық белгілеріне қарай зерде- леп, күрделі зерттеулер жүргізді. Ұзақ та ауқымды уақытқа созылған әдеби, ғылыми үдерістер нәтижесінде қазақ ғылымының гуманитарлық жүйесінің, оның ішінде әдебиеттану саласының даму көкжиегі кеңи түсті.
Алайда қаншалықты мол да толымды зерттеулер жүгізілгенімен қазақ лирикасының арғы-бергі тарихын тексеруші ғалым-әдебиетшілеріміз заман желі мен дәуір тынысының ахуалына бағынып, шынайы көзқарастарын идеологиялық саясаттың үгіт- насихат уағызының тасасында қалдырған кездер де болғаны рас. Қоғамдық құрылыстың өзгермелі құбылыстардан құралатын катего- риялар жиынтығы екенін ескерсек, ғылыми әдебиетке қатысты пікір- танымдардың бірде оң, бірде теріс зарядтарға икемделген физикалық молекулалар сияқты жылжымалы, қозғалмалы сипатты иемденген тұстары да болмай қалған жоқ.
Өзінің туу, қалыптасу, жетіліп-толысу және өсіп-өркендеу кезеңінде қазақ лирикасы қаншалықты зерттеу аймағына алынып, басты назарда болды десек те жоғарыда айтылғандай қоғамдық құрылыстың селкеулі салдарына байланысты кей реттерде зерттеу жұмыстары кең ауқымда жүргізіле қойған жоқ. Ұлт лирикасының шын мәнінде өз дәрежесіне лайықты еркіндік алып, шабыт құшағына ора- нуы еліміз тәуелсіздік алғаннан күннен басталса, ал оны тереңнен зерт- теп, батыл барлау жүргізілуі де сол егемендік салтанатының таңымен қоса атқаны анық. [4]
Әдебиеттің басқа тектеріне қарағанда, салыстырмалы түрде алғанда лирика жанрының зерттелу жағырапиясы әлдеқайда кең, әлденеше мығым жатыр. Десек те, аталған жанр түрінің әрісі өткенін, берісі бүгінін зерттеушілердің қол жеткізген табыстарын бір ыңғайға, бір жүйеге түсіріп, хронологиялық тұрғыдан арнайы кең арнада тексе- ру жұмыстары әлі де толыққанды сипатта, өз дәрежесінде жүргізілмей келеді.
Міне, осындай ұзақ уақыт бойы қордаланып қалған мәселелерді оңды шешудің бір жолы - өткен ХХ ғасырдың әр жылдарында қазақ лирикасының дамуын әр қырынан алып тексерген ғалымдар еңбектерінің астарына үңілу, сол арқылы олардың ұлт әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан еңбектерін анықтап, сараптау - бұл жұмыс тақырыбының өзектілігіне сеп болмақ.
Қазақ лирикасының зерттелуін сөз еткенде оның даму тарихын қоса қарастыру ұтымды болмақ. Ұлт лирикасының зерттелуі өткен та- рихпен тығыз байланысты екенін ескере келе жалпы әдебиеттанудағы қоныстас елдер лирикасын тексеруші ғалымдар еңбегін, әсіресе орыс әдебиет ғылымының көрнекті өкілдері В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышевский еңбектері лирика тарихын зерттеушілерге өнеге бола алары анық. [5]
Қазақ лирикасы туралы алғашқы сөзді ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә. Бөкейханов бастап айтса, кәсіби деңгейдегі зерттеудің негізін С. Сейфуллин, М. Әуезов, М. Қаратаев еңбектері қалады. Кейіннен жаңа дәуір белесінде С. Мұқановтың Поэзия мәселесі (1933), Өсу жолдарымыз (1960), Қ. Жұмалиевтің Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі (1948), Б. Кенжебаевтың Қазақ өлеңінің құрылысы (1955), Е. Ысмайыловтың Ақындар (1956), С.Сейітовтың Қырық жылда (1956), М.Қаратаевтың Туған әдебиет туралы ойлар (1958), М. Әуезовтың Әр жылдар ойлары (1959), Ә.Тәжібаевтың Өмір және поэзия (1960), З.Ахметовтың Казахское стихосложение (1964), Өлең сөздің теориясы (1973), З.Қабдоловтың Әдебиет теориясының негіздері (1970), Ә.Нарымбетовтың Дәуір және поэзия (1970), М. Базарбаевтың Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы (1973), Ш. Сариевтің Арайлы көктем (1974), К. Сейдехановтың Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы (1974), Т. Ибрагимовтың Өлең өрісі (1979), С. Негимовтың Өлең өрімі (1980), А. Егеубаевтың Сыр мен сымбат (1981), Сөз жүйесі (1985), Қ. Мырзалиевтің Сөз сиқыры (1982), Қ. Өмірәлиевтің Қазақ поэзиясының жанры мен стилі (1983), Р.Нұрғалиевтің Телағыс (1986), Б. Кәрібаеваның Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы (1988), т.б. зерттеулерде қазақ лирикасының мәселелері сан қырынан алынып тексерілді.
Ал жеке ақындар өмірі мен шығармашылығына арналған тұтас монографиялық зерттеулер көшін академик Қ. Жұмалиевтің Махамбет (1948), Б. Кенжебаевтың Сұлтанмахмұт Торайғыров творчествосы (1950), Т. Нұртазиннің О творчество С. Муканова (1957), Бейімбет Майлин творчествосы (1966), С. Қирабаевтың Спан- дияр Көбеев (1958), Сәкен Сейфуллин (1968), Е. Ысмайловтың Ақын және революция (1964), М.Дүйсеновтың Ілияс Жансүгіров (1965), Ә. Шәріповтың Жұмағали Саинның өмірі мен творчествосы (1964), Сырбай Мәуленов творчествосы (1985), Т. Әбдрахманованың Ақын сыры (1965), Қасым Аманжоловтың поэтикасы (1976), Ы.Дүйсенбаевтың Сұлтанмахмұт Торайғыров (1967), М. Қаратаевтың Ілияс Жансүгіров (1967), Т. Кәкішевтің Сәкен Сейфуллин (1967), А. Нұрқатовтың Абайдың ақындық дәстүрі (1966), Т.Әлімқұловтың 8 9 Жұмбақ жан (1972), М. Хасеновтың Иса Байзақовтың ақындығы мен стильдік ерекшелігі (1976), С. Тәжіғұловтың Хамит Ерғалиев (1983) және т.б. сынды толықтырды. [6]
Тәуелсіздік жылдарынан кейін жаңаша ой-тұжырымдар мен тың ізденістерге негізделген жеке ақындар шығармашылығын қарастырған бірқыдыру монографиялар өмірге келді. Олар: Ж.Ысмағұловтың Абай:ақындық тағылымы (1994), М. Мырзахметұлының Абай және Шығыс (1994), Р. Сыздықованың Абайдың сөз өрнегі (1995), Ш.Елеукеновтың Мағжан Жұмабаев (1995), З. Ахметовтың Абайдың ақындық әлемі (1995), Ө. Күмісбаевтың Абай және Шығыс, А.Еспенбетовтің Сұлтанмахмұт Торайғыров (1992), Ш. Сәтпаеваның Шәкәрім Құдайбердиев (1991), М. Әбсеметтің Міржақып, Б. Әбдіғазиұлының Асыл арна (1992), Ұжымдық жинақ Бес арыс (1992), Қ. Жүсіптің Жұмекен Нәжмеденовтың ақындығы (1995), Т. Кәкішевтің Мағжан - Сәкен (1999) т.б. [7]
Қазақ лирикасының жетімсіз қырларын танытып, азат ой- идеялардың қозғаушы белгісін баян еткен зерттеулер есебінде С.Қирабаевтың Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет (2001), Тәуелсіздік рухымен (2002), З.Ахметовтың Поэзия шыңы - даналық (2002), М.Базарбаевтың Көрікті ойдан - көркем сөз (1994), Қ.М.Жүсіповтың Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік (1999), С.Мақпырұлының Қазына (2004), Д.Қамзабекұлының Алаш және әдебиет (2002), Б.Кәрібозұлының Сырлы сөз сипаты (1997), Б. Омарұлының Зар заман поэзиясы (1999), А.Шәріптің Қазақ поэзиясы және ұлттық идея (2000), т.б. еңбектерді атап өткен жөн.
Қазақ әдебиеттану ғылымының пайда болуы, жетілу тарихын әріден қозғап және бүгінгі тынысын танытқан зерттеулер қатарында С.Жұмағұловтың ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттануы (1956-1991 ж.ж.) (2008), Ж. Смағұловтың Қазақ әдебиеттану ғылымының туу және қалыптасу жолдары (2009) зерттеулерінде ұлт лирикасының өзекті мәселелеріне байланысты біраз мәселелер қарастырылды. [8]
Сонымен бірге М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти- туты шығарған Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы, 1-2 кітаптар, (2009-2010) өзегінде ұлт лирикасының өткен тарихына қатысты бірқатар мәселелер қамтылған. Қазіргі қазақ лирикасы - жан-жақты жетілген, классикалық үрдістерге лайық, әлемдік деңгейдегі талаптарға толық жауап беретін жанр боп табылады. Ұлттық дәстүрлер мен жаһандық өнер туынды- ларына тән формаларды өз бойына сіңірген қазақ лирикасының тари- хи тамыры, тектік тіні тереңде жатыр. Әдебиеттің өзге жанрларымен салыстырғанда даму қарқыны, өсу жолы бір саты жоғары тұратын қазақ лирикасының зерттелу аймағын тексеру нәтижесінде аталған жанрдың қаншалықты әдеби, өнерлік сипатқа қасиетке ие екендігін аңғаруға мүмкіндік аламыз. [9]
Қазақ сөз өнерінің өнімді, өскелең һәм түлегіш жанры ретінде бар сапалық қасиеттерді өз бойына сіңірген лириканың түр-төркіні халықтың фольклорлық мұралары мен жазба әдебиеттің байланыс- сабақтастық ара жігінің озық үлгілерінен пайда болған әдеби өнер туындысы ретіндегі тәлім мен тағылымы шексіз саналады. Қазақ лирикасы өзінің сан ғасырлық даму жолында синкретті өнер ретінде мол зерттеулерді бастан өткерді. Қазақ лирикасы өзінің зерттелу дәстүрін қалыптастырған жанр санатында да басқа да әдеби тектермен иық түйістіре тең тұра алады немесе олардан оқ бойы озық тұруы да мүмкін. Бұлайша тұжыруға жетелейтін дәлелді себептер де бар. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тарихи дамуына көз салсақ қазақты алғашқы прозалық дүниелері (роман, повесть, т.б.) дүниеге келіп жатқан тұста қазақ лирикасы әу бастан бар, жетілген жанр ретінде зерттеу нысанына ілігіп жатты.
Ықылым замандарда қазақ топырағының тумасы Әбу Нәсір Әл Фарабидің жалпы поэзияның мәселесін классикалық өркениет өкілінің көзімен қарағанын былай қойғанда, ХІХ ғасырдың қазаққа сыйлаған жарық жұлдызы тұңғыш профессионал, әмбебап ғалымы Ш.Уәлихановтың қазақ өлеңі туралы қисындары, сәл пәл, ілгері-кейінді қазақ даласының мәдениетті кезбелері Радлов, Ильминский, Алекторов, Даль т.б. орыс филолог-лингвистерінің сахара жұртының тіл мен әдебиетін қатар ала зерттеуін еске алсақ-қазақ лирикасының тарихи баяны, ізденіс сүрлеуі өте әріден басталатынын аңғаруға болады.

1.2. Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік
мақсат-міндеттері

Кез келген көркем мәтін бірнеше рухани шындықтың қиылысы ретінде қарастырылады: мәтінді тудырушы автордың көзқарасы мен сол мәтінді қабылдаушы оқырманның, бақылаушының, тыңдаушының ішкі жан дүниесі. Бастауыш сатыда қабылдаушы кішкентай оқырманды тәрбиелеу, мәтін арқылы оның сезіміне әсер ету, рухани дамыту басты назарда болады. Оқырманды тәрбиелеу ісі сауатты оқушы жағдайында ғана мүмкін болмақ.
Балаларға арналған әдебиет туындыларының ерекшеліктері қандай болуы керектігі жөнінде нақты қалыпқа салынған форма жоқ. Қазақ балалар әдебиетін ғылыми тұрғыда алғаш зерттеген Ш.Ахметов балалар шығармаларының ересектер туындыларынан өзгешеліктері ретінде мынандай алты түрін көрсетеді:
1) көркем образдың нақтылығы;
2) лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы сөздер айтылуы қажетті;
3) міндетті шарттардың бірі - адам характерін суреттеуде динамиканың қажеттілігі. Бұл да балдырған табиғатынан шығатын қажеттілік. Балалар үшін өсу, дамудағы басты керекті процесс - қимыл, динамика - баланың өз әрекетін суреттеп, бейнелеуші ретінде көркем шығарманың құрамды бөлшектерінің бірі болады.
4) көркем пейзаждардың көп болуы. Пейзаждық суреттеу кез келген әдеби шығармада шебер қолданыла білгенде ғана әсерлі. Табиғат суреттері арқылы балалар әдебиетінде кейіпкердің психологиясын көрсетіп, егіздей бейнелеу бар да, балдырған тәрбиесіне қажетті эстетикалық қуат дарытумен бірге танымын қалыптастыру бар.
5) мазұн мен идеяның бала өміріндегі белсенді ролі. Мазмұнның өзі тақырып пен идеядан құрылса, тың тақырып таба білу, қызықты оқиғаны есте қалатындай суреттей білу - қаламгер шеберлігі.
6) тілінің ойнақы қысқа, түсінікті, айқын, әсерлі болуы балалардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден - бір құрал болып табылады(1,10). Десек те, зерттеуші ұсынған шарттарының барлығын қабылдаудың жөні жоқ. Бірінші ерекшелік деп берілген дәлдік, нақтылық дегеніміз оқырман ақыл - ойына көркем шындықты сендіріп айтудың жолы, бұл жалпы әдебиетке тән. Екінші, мағыналы сөздер айтылуы керек деген пікір алғашқы пікірге қайшы келеді. Пейзаждық сурет пен мазмұнның идеямен бірлігі барлық кезеңдегі қандай әдебиеттің болсын, оқырманына, кейіпкеріне қарамастан, әрқашан өзгермейтін, көркем тәсілдер қатарында бола беретіндіктен тек балалар шығармаларына қатысты деген түйінмен шектеу дұрыс болмас. Ал, балалар шығармаларындағы оқиғаның өзгермелілігі, динамика, сондай-ақ көркем сөз қолдану, тілдік ерекшелік - міндетті шарттар.[10]
Міне осы шарттар тұрғысынан алып қарағанда әсіресе лирикалық өлеңдерді бала түсінігіне лайық келетіндігін оның сезіммен астарластығымен, психологиямен байланыстылығымен түсіндіруге болады. Қалыптасқан ұғым бойынша, лирика дегеніміз - ақынның ойы мен сезімінің ұштасып, ұласып келіп, тұтас келіп, тұтас көрінуі. Лириканың пәні де, бейнелер ойлары да, бейнелеп көрсетері де - ақынның өз көңіл - күйі. Лирикалық өлеңде, - дейді белгілі сыншы Н.А.Добролюбов лирикаға байланысты тұжырымдамасында, - ақын өзінің табиғаттағы немесе өмірдегі белгілі бір құбылыстан алған тікелей сезім - түйсігін айтып береді. Бірақ, мұндағы басты нәрсе - сол түйсіктің өзі де, оны ақынның енжар қабылдауы да емес, ақынның сол сыртқы әсерге іштей ұйып, құлай ықылас қоюында. Әдеміліктің, көктем таңының саф мөлдір ауасын жұтудың, кешкілікте қол ұстасып сауық - сайран құрудың рахатын, тағы - тағыларды сезу әркімнің - ақ қолынан келер; ал осы әсерлердің бәрін жан - жүрегіне сол қалпы құйып алып, басқаларға да дәл өзіндей әсер етерлік етіп айтып беру көп адамның қолынан келе қоймайды(2,5). Бұл үшін, әрине, ең алдымен талант керек, содан кейін талғам керек. Әсершілдік, әсіре қызылшылдық және шын жүректен тереңнен толқып, тебірену де бар. Құбылыстың сыртқы қабын, бояуын ғана көру жеткіліксіз. Оның ішкі мәнін де танып, ұға білу қажет. Нағыз ақын құбылысты, фактіні өзінің ой елегінен, сезім сүзгісінен өткізеді. Лирик ақын өз өлеңінде әртүрлі оқиғалардың негізінде туған күйзелістің мәнін түсіндіріп беруге тырысады. Міне, осылай әрбір ақынның даралығы, жеке стилі қалыптасады.[11]
Лириканы оқытудың басты мақсаты оқушыларды поэзияны сүюге, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады. Оқушылардың өздеріне ұнаған шумақтарды, әдемі де сұлу бейнелі сөздерді, ұтымды шебер шыққан сөз тіркестерін жаттап алуының немесе дәптерге жазып алуының маңызы зор. Мұндай жұмыстар оқушылардың өлеңнің табиғатын түсінуіне және жағымды сезімдердің дамуына үлкен әсер етеді.
Лирикалық шығармаларды оқытуға қойылатын басты талаптар:
а) Өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу;
ә) Өлеңдегі ақынның көңіл күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезіміне, өлеңнің әсеріне де назар аудару;
б) Тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын тиімді пайдалану;
в) Өлеңді оқушының қабылдауына жағдай жасау;
г) Өлеңнің поэтикалық көркем тіліне назар аудару;
Поэзия - адам сезімінің айнасы. Ол адамзатты поэзияға ғана тән белгісіз жұмбақ күш пен сезімнің алуан түрлі рахатына бөлейді; жақсы көру, жек көру, сүйсіну, қуану, мұңға бату - осының бәрі тұтастай алғанда адам жанының табиғи нәрі, рахат сәттері. Өйткені мұңның да, қуаныштың да өзіндік ләззаттары бар. Бір сөзбен айтқанда, сезінуге, сезім шалқарлығына тәрбиелейді, адам жүрегінің кез - келген қарабайыр құбылысқа үн қоса бермейтін нәзік қылына жан бітіреді. Поэзияның жұмбақ та керемет күші, міне, осында. Ал сезінудің өзі - адамның жан-дүниесі үшін ең басты ерекшелік, сезіну - бақыт және ол кім көрінгеннің еншісіне тие бермесе керек. Поэзия көп тобырдың бәріне бірдей түсінікті болса, ол ғұмырсыз поэзия болғаны. Ал лирика - сол поэзияның жүрек лүпілі. Сайып келгенде, поэзия дегеннің өзі лирика деген ұғыммен тұтасып жатады.
Жазба әдебиетіміздегі сыршыл поэзияның, яғни, әдеби мағынасындағы нағыз лириканың болмыс - табиғаты туралы кемел пікір, толымды түсінікті төл әдебиеттануымызда алғаш негіздеген - Ахмет Байтұрсынұлы. Лирикаға толғау деген балама термин қолдана отырып, толғау - сөз өнерінің барып тұрған жері, яғн ең биік шыңы- деп баға берді. Толғау көңілдің көркем сырларын көрнекті сөздермен айтып білдіріп, адамның көрік ләззаты басқа сөздердің бәрінен де артық болады, - дейді.
Айтыс - тартыс (драма) пен толғаудың (лирика) айырмашылығы туралы айта отырып, ғалым, біздің тақырыбымызға да қатысы бар мына бір жайды дәл көрсетіп, айқындай кетеді: Толғау ақынның ішкі ғаламының сөзі болғандықтан, мұнда да сөзімен өзін көрсетіп отырады. Толғауда ақынды қабағын қарс жауып, қайырып тұрған күйінде де, беті гүл-гүл жайнап, қуанып тұрған күйіңде де, сүйінген, күйінген күйінде де, тарыққан, зарыққан, жабыққан күйінде де , шаттанған, марқайған, масайраған күйінде де көріп отырамыз. Айтыс - тартыста ол жоқ(3,458). Бұл жерде әңгіме, бүгінгі тілмен айтқанда, лирикалық мінез туралы болып отырғанын көреміз.
Өлеңдегі психологизм туралы пікірлерді қазақ әдебиеттанушылары ХХ ғасырдың басында қозғай бастайды. А.Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті туралы ойларында адамның жан қоштау керегінен шыққан нәрселер..., көңіліміздің күйін сөз арқылы айта білсек...(3,340), т.б. дегенде психологиялық сәттерді бейнелеу мен оның өнердегі мәнін айтып отыр.
А.Байтұрсынұлының Әдебиет танытқыш еңбегінде лириканы толғау деп алуының мәні зор. Себебі лирика қасиеті шұбырған оқиғаларда емес, ақынның өзекжарды арман, терең ой, әсерлі сезім иірімдерімен өмір сырын, өмір құбылыстарын шынайы бейнелеп, тереңнен көрсетуінде. Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау қысқасынан айтқанда іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында . [12]
Шынында ойлану, толғану, тебірену, күйіну, сүйіну, күлу, жылау, шаттану, шалқу сияқты психологиялық күйлердің бәрі де лирика жанарынан тыс қалмайды. Лириканы түр-түрге бөлерде А.Байтұрсынұлының эстетикалық ойлауының биік деңгейін анық байқаймыз. Көңілді сүйінішті, күйінішті күйге түсірудің басты себептеріне тоқталып: Күйініш көңілге наразылық тудырады.Көңіл наразылығы мұң туғызады, мұң ой туғызады(3)- дей келіп, лириканы мынадай түрлерге ажыратады: Сап толғау, марқайыс толғау, налыс толғау, намыс толғау, сұқтаныс толғау, сөгіс толғау, күліс толғау. Және бұл жіктеулерді одан әрі іштей мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралауы, сипаттауы қазақ лирикасындағы психологизм жайлы алғашқы негізді құны бар пікір-тұжырым.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде осындай ойларды Ж.Аймауытов та жалғастырады. Абайдан соңғы ақындар деген мақаласында сезім, көңіл суретін бейнелеуші ақындардың Абайдан кейінгі аздығын айта келе, олардың басты міні сыршыл еместігінде дей келе, көңіл пернесін дөп басып айту қажеттігіне тоқталады. Мағжанның ақындығы туралы деген еңбегінде психологизм проблемаларына тіпті тереңдейді: Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма - бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қапырығы, жанның күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен сырласқандай боласың[4,168-169]. Осы тәріздес ой-пікірлер желісі ешқашан да үзілген емес.
Бастауыш сыныптарда бала жаны ерекше қабылдайтын мәтіндердің бірі - тербеліс - сезімге толы табиғат лирикасы.
Лирика ақынның тек жеке өзінің көңіл күйін, күйініш-сүйінішін ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ сезімді білдіреді. Мысалы, ақын Ф.Оңғарсынованың төмендегі өлеңіне назар аударайық:
Отан деген не? - дейсің, ұлым, маған.
Ол - ғұмырлы анаң
Жөргегіңнен жаныңа сіңіп қалған
әнің мен жырың, балам!

Отан - мынау, өз үйің, қара, жаным,
ойнаған дала, бағың.
Атаң шыққан бұл үйден, әкең шыққан,
өскен мұнда баяғы бабаларың [13].
Бұл өлеңді ақынның жеке ойымен, сезімімен сәйкес келіп отыр деп қабылдау міндетті емес, ақын ана мен бала арасындағы диалогты психологиялық құрал ретінде қолдана отырып, кейіпкерлер атынан Отан деген ұғымның мағынасын анықтайды.
Лириканың өзіндік қасиеттерін түсіндіргеннен кейін баланың оған деген көзқарасында, қарым-қатынасында белгілі бір сезім байқалады. Лирикалық шығармаларда ақын өз ойын, өз сезімін, өз күйін тікелей кейіптеу сөздері арқылы жазады. Мұғалім баланың жүрегіне нәзік сезім мен ұшқыр ойды тұтата білгенде ғана баланың қызығушылығы артады. Лирикалық шығармаларды құлақпен емес жүрекпен, сезіммен, ақынжандылықпен қабылдау керек.
Ал шығармаларды бала қалай меңгереді, нені сезеді, неге тебіренеді, қандай көңіл күйде болады деген сияқты жағдайларды мұғалімнің өзі алдын ала ойластырғаны жөн. Шығарманың тақырыбына байланысты сазды-назды музыка қойып, оқушыларды үзілістің өзінде-ақ сабаққа әзірлеп, көңіл күйін, сезімін тебірендірудің маңызы өте зор.
ж) Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының өлең оқуға қызығушылығын арттыру, шабыттарын ояту [14].
Ең бастысы лирикалық шығармалардың пихологиялық иірімдері баланың рухани дүниесінің байытуға әсері зор екендігін естен шығармаған абзал.

ІІ ТАРАУ ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

2.1. V-IX-сыныптарда поэзияны оқытудың әдіс-тәсілдері

Егеменді еліміздін болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лирикалық шығарманы талдау жолдары
Лириканы оқытудың тәсілдері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Драмалық шығармалар оқыту
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Драмалық шығармалар
Мектептегі әдебиет курсының мазмұны
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Музыка сабағы - өнер сабағы
Пәндер