М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4 бет
І ТАРАУ М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
1. 1 Мағжан Жұмабаевтың шығармаларының пайда болу тарихы . . . 5-7
1. 2 Мағжан Жұмабаевтың қазақ лирикасына қосқан үлесі . . . 7-16
ІІ ТАРАУ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ
2. 1 Мағжан Жұмабаев шығармаларының өзектілігі және тәрбиелік мәні . . . 17-24
2. 2 Мектеп білім алушыларына М. Жұмабаев шығармаларын оқыту . . . 24-31
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жұмабаев Мағжан (Әбіл-мағжан) Бекенұлы - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.
Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктсрге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді.
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды («Туған жерім - Сасықкөл») . Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленді халыктарының бірлігі тақырыбы Мағжан поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Жұмабаев қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән («Сүй, жан сәулем», т. б. ) әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі («Айда атынды, Сәрсембай», «Шойын жол») . Ол технологиялық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді.
Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді. Жұмабаев қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психологиялық әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен Анкарадағы (Түркия) М. Жұмабаевқа қойылғап ескерткіш кестелеіп өрнектей білді.
Акын шығармашылығының үлкен бір арнасы - халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика» (1922, 1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті. Автор аударма саласына үлкен мән берді. И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. В. Клльцов, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет, И. И. Дмитриев, И. П. Мятлов, А. А. Блок өлеңдерін, А. М. Горький, В. В. Иванов, Д. Н. Мамин-Сибиряк, т. б. әңгімелерін қазақ тіліне аударлы. Таңдаулы прозалык шығармалар аударумен қоса «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді. Кеңестік жүйенін қуғын-сүргінінің кұрбаны болған Мағжан Жұмабаевтың есімін ақтау ісі 1958 ж. қолға алынлы. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның тандамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Мағжан шығармалары басылмай қала берді. 1960 ж. Түркістан әскери округ әскери трибуналының алқасы шешімімен Мағжан Жұмабаев толығымен, біржола ақталды.
Мағжан есімі ақталса да, ол жөнінде Қазақстан Жазушыдар одағы мен ғылыми мекемелергс хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзак уақыт бойы Мағажан Жұмабаевтың шығармаларымен жете таныса алмай келді. Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. Бірақ М. Жұмабаев шығармалары 1989 ж. ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М. Базарбаев, С. Қирабаев, Х. Абдуллин, Ш. Елеукенов, Б. Дәрімбет, Ш. Сариев бастаған ғалымдар тобы Мағжан Жұмабаевтың 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Мағжан есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабаев есімі берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған.
Біз де осы мәселені шешу және зеттеу мақсатында курстық жұмыс тақырыбын «М. Жұмабаев шығармаларын оқыту» деп алдық.
Курстық жұмыстың мақсаты : М. Жұмабаев шығармаларын оқыту әдіс-тәсілдерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) М. Жұмабаевтың шығармаларының пайда болу тарихын зерттеу;
2) М. Жұмабаев шығармаларының өзектілігі және тәрбиелік мәнін анықтау;
3) Практика жүзінде М. Жұмабаев шығармаларын оқыту.
Курстық жұмыстың әдістері: зерттеу бағытына сәйкес әдебиеттерге талдау жасау, сауалнама, интервью алу, тестілеу, әңгімелесу, бақылау, құжаттармен танысу, білім беру саласындағы мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды талдау, зерттеудің педагогикалық тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне «Әдебиетті оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда, «Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын оқыту» тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
1. 1 Мағжан Жұмабаевтың шығармаларының пайда болу тарихы
Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес маңызын бірден танып, оны «хакім» деп атады, ұлы ақынның «мың жыл жұтса дәмі кетпес» сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты, Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты. Жұмабайұлы ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді («Шын сорлы»), халқын өнер-білімге шақырды.
Бірқатар өлеңдерін махаббат тақырыбына арнады. Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Жұмабайұлы ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғанды, оны өз поэзиясының өзегі етті. Бүкіл халықты тап, топқа жіктемей, Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі - отаршылдық деген шешімге келді.
Бастапқы кезде бұл тақырып туған жердің табиғатын тамашалаудан барып қайран жердің ендігі күні не болады деген уайым-қайғыға ұласады, ақыры келіп кіндік қаны тамған нулы, сулы өлкені жаулап жатқан қара шекпенді отаршылдыққа қарсы наразылық оты болып тұтанды («Туған жерім - Сасықкөл») . Ақын халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп романтикалық әуенге бөленген жорық идеясы.
М. Жұмабайұлы шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдерінен айқын көрінеді. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды, келешек суретін салу саясатшылардың емес, ақындардың қолында деген сенімге айналды. Ақын дыбыс-буынның соны үндестіктерін тауып, қазақ жырын байыта түсті. М. Жұмабайұлы поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі - түркі тақырыбы. Түркі халықтарының бірлігі тақырыбы М. Жұмабайұлы поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы іспетті.
Ақын дүниетанымына Қызылжардағы Бегішев медресесінде оқуы көп ықпал етті. Ол жас өрен жүрегіне түрікке деген бауырмалдық сезім туғызды. «Шолпан» жинағындағы «Орал тауы» өлеңінде:
«Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал» - деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт - Жұмабайұлының түрік халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.
Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып. Сондай-ақ, Жұмабайұлы «Пайғамбар» өлеңінде «Ғұн - түріктің арғы атасы» десе, «Түркістан» атты өлеңінде «Түркістан - ер түріктің бесігі ғой» деп асқақ рухпен жырлады.
Түрікшілдік сезімі 1919 - 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған «Алыстағы бауырыма» атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның бұл өлеңін Мұстафа Шоқай «Яш Түркістан» журналында (1930, №1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады.
М. Жұмабаев - философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде суреттейді. Табиғатсыз, жаратылыссыз адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем болғысы келеді.
Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді. Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан («Қиял құлы мен бір ақын») . Ақын «Қорқыт» поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып - өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттейді. Ажал - хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.
Жұмабайұлы қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән. М. Жұмабайұлы - әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі. Ол техикалық прогреске қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға үндеді.
Жұмабайұлы қазақ поэмасының баяндау стилін, шешендік мәнерін өзгерту қажет екендігін алғаш айтқандардың бірі болды. Қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. М. Жұмабайұлы поэмаларына лирикалық тереңдік пен эпикалық кең құлаштылық бірдей тән.
Жеке адам мен ұлт тағдырын драм. сюжетте үйлестіріп, көркемдік зор қуатпен жырлай білді.
Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы - халыққа білім беру, педагогика саласы. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика» (1922, 1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» (1925) еңбектерін жариялады. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.
М. Жұмабайұлы аударма саласына үлкен мән берді. И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. В. Кольцов, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет, И. И. Дмитриев, И. П. Мятлов, А. А. Блок өлеңдерін, А. М. Горький, В. В. Иванов, Д. Н. Мамин-Сибиряк, т. б. әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Таңдаулы прозалық шығармалар аударумен қоса М. Жұмабайұлы «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
1. 2 Мағжан Жұмабаевтың қазақ лирикасына қосқан үлесі
Ұлылар ешкімге ұқсамайды, олардың әрқайсысы өзінше өзгеше. Қахақтың екі ұлы ақынының өзгешеліктері де осы жақтарында жатыр. Абайда ой басым болса, Мағжанда сезім басым. Абай әлеуметтік лириканы шыңға шығарса, Мағжан адам жанының сиқырлы сезімдерін жырлауда алдына жан салмады.
Махаббат - әлем поэзиясында мәңгілік тақырыптардың бірі болса, қазақ поэзиясында Абай арқылы жаңаша жаңғырды. Ол жырлаған «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» сияқты қлеңдері мазаббат сезімдерін асқақ гимнге айналдырып жіберді.
Ал табиғатынан лирик М. Жұмабаевтың шығармашылығында да махаббат тақырыбы айрықша орынға ие. Мағжанды өз кезінде ақын ретінде танытқан да осы махаббат жайлы өлеңдері болатын. Бұл турасында кезінде Ж. Аймауытов «Ақын махаббатқа сенеді: жүрегі сезеді, махаббатсыз өмірде мағына бар деп білмейді.
«Көңілді ашатын, жалынды басатын, жалғыздыққа, зарыққанда, талыққанда жүрекке ем болатын жалғыз ғана махаббат, адам шын сүйсе, махаббат - жүректі жаралайтын тікенек! Жар сүйсу жүрек жазылады, сүймесе өледі, махаббат - бір тәтті у, дүниенің у-шуы жүрекке махаббаттай күшті әсер бере алмайды», міне ақынның махаббатына көзқарасы.
Бірақ махаббатты мәңгі деп ұқпайды. Кейде махаббат тез сөніп қалуға мүмкін деп қарайды» (Мағжан Жұмабаев Шығармалары. А., 1989, 421-бет) - деп жазған болатын.
«Махаббат - бір тікенек,
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар.
Тез жазылмақ бүл жара,
Бал тілімен сүйсы жар.
Сүймесе жүрек, дариға,
Өлер жүрек, қансырар.
Махаббат - бір тәтті у,
Ішер жүрек, болар мас.
Дүниедегі у мен шу,
Мас жүректі оятпас» (сонда, 144-бет) - деген шумақтарын оқып отырып жазған сияқты. Содан соң «Суйген анық» атты өлеңіндегі сезімнің, яғни махаббаттың да өзгеретіндігін жырлаған.
«Алдағаным жоқ,
Арбағаным жоқ,
Сен сөзіме, сұлу қыз!
Тап сол сағат Сүйгенім хақ,
Куә мынау көп жұлдыз!» - деген жолдарды меңзеп отырғандай.
Махаббат - деп жырлаған ақын үшін махаббаттан қүшті нәрсе жоқ. Өмірлегі ең қымбат, ең асыл - махаббат. Ол оны тақ пен тәжге де, дүниенің бар байлығына да айырбастамайды. Өйткені Шын ғашық болудан артық бақыт жоқ. Сүйгенімен ләззатты шақты бірге көру - адам ғұмырының жұлдызды шағы, өміріне нәр беретін, әр беретін бақытты шағы. Сондықтан да ақын:
«Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләзаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына», -
Деп жырлайды. Сезімді бұлайша асқақтата жырлау бұрын-соңды қазақ поэзиясында кездесе бермейтін. Мағжан Абайдың «Айтты сәлем, Қаламқас» «саған құрбан мал мен бас»деген ойларды ары қарай дамыта, тереңдете алып кетіп, махаббаттың сиқырлы сезімінің құдірет күшін жан дүниесімен жайып салады.
Абай: «махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» десе, Мағжан махаббатсыз көп күндерден адамның ең асыл сезімі патшалық құрған бір күнді артық санайды. Өйткені адам - сезіммен адам. Сүйіспеншілік сезімдерінсіз адамдардан адамдық істер күтуге болмайды. Махаббат - адам өмірінің мәні. Ақын тағы бірде ғашығыңды:
«Жалындап күйіп,
Бір ғана сүйіп,
Өлсең де болмай ма?» - деп, сауал тастай жырлайды. Өйткені адамды адам қып тұрған - махаббат. Ақынды ақын қылатын да - махаббат. Гүл болмаса, бұлбұлдың сайрамайтындығы сияқты, ғашық болмаған ақын да жырлай алмайды. Шын сүйген ақын ғана шабыттанып, шын жырлай біледі. Сондықтан да ақын тағы бірде өзін гүлден гүлді қуалап ұшатын қөбелекке теңейді («Жас сұлуға») .
Сүйіспеншілік - Мағжан поэзиясының өзегі, қаны, жаны, бүлкілдеп соғып тұрған жүрегі. Оның «Сүй, жан сәулем», «Төгілген шашы», «Күміс нұрлы ай», «Шолпан», «Н-ға», «Сүйгенім анық», «Хор сипатты қарындас», «Жас сұлуға», «Сәуле», «Гүлсім ханымға», «3-ға», «Жұлдызды - жүзік, айды - алқа қып берейін», т. б. өлеңдерінде адам жанының сүйгеніне деген не бір тылсым сырлары әсем өрнек тапқан. Осы өлеңдердің қай-қайсысы болса да өзінше бір әлем; бір бірін қайталамайды. Шетінен самалдай соғып, жібектей желпіп, жүректі тербетіп, ғажап бір күйге бөлейді.
Табиғат тақырыбында біршама ғалымдар пікір білдірді. М. Базарбаев Мағжанның «Жазғы жолда», «Қысқы жолда», «Жел», «Айға» өлеңдеріне тоқталып, былай дейді. «Ақын тау туралы толғансын, не дарқан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл, немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жер, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүние түсінімі, ішкі жан күйі тұрады, сонысымен айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебіренеді» [1, 15] .
Рымғали Нұрғали «Әуезов және алаш» кітабында, «Ақын шыққан аса биік эстетикалық тұғырдың бірі - пейзаж лирикасы, халық әдебиетінен, Абай дәстүріндегі жыл маусымдарына қатысты әлеуметтік терең сарындардан алынған үлгілерді дамыта келе, Мағжан табиғат көріністерін бейнелеуде әлем поэзиясындағы классикалық тәжірибелерге ден қоя отырып, жаңа көркемдік игіліктер жасады», - деп, «Толқын» өлеңіне тоқталады [2, 98] .
М. Әлімбаев «Толқыннан толқын туады» кітабында «Еділде» деген өлеңнің көркемдігін саралай келе: «Жұмабайұлы Мағжанның мектеп оқулықтарына бүгін де өзі сұранып тұрған өлеңдері аз емес. Өйткені уақыт озғанымен, өлең тозбаған. Бұл әсіресе табиғат жайындағы туындыларына тән!», - деп, «Жаз келеді», «Жазғытұрым» өлеңдерін атайды.
Ал Бақыткамал Қанарбаева «Жырымен жұртын оятқан» атты Мағжан туралы монографиясында табиғат лирикасына қысқаша түйіндеу жасай кетеді. «Гете тәрізді Мағжан да табиғатқа жан бітіріп жырлайды. Оны «Күзді күні» өлеңіндегі табиғатты адам тәрізді жылатып, сыбырластырып сырластыруынан, «Сең» өлеңіндегі сары аяз бен қардың ғашық жардай қыс кезінде құшақтасып бірге жүргенімен, көктем шығып жер ери бастағанда күннің қызуына шыдай алмай еріп кетуін жанды суреттеуінен білеміз. «Жиіленді қара орман» өлеңінде аппақ қар жамылып жатқан орманды түс көріп жатқан адамға балауы да осы ойымызды нығыздай түседі. Аймауытов айтқандай, қазақ әдебиетінде табиғатқа жан бітіріп суреттеуде Мағжанға жетер ақынның жоғы рас» [3, 45] .
Қуандық Мәшһүр-Жүсіп «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» монографиясында Мағжанның табиғат лирикасы туралы былай дейді: «Табиғатты бейнелегенде де, белгілі бір алқаптың нақты бір көрінісін алудан безіну, - яғни сол кездегі қазақ даласының, өзен-көлі, теңізінің көшірмесін жасаумен шектелмеу, қайта сол арқылы сездірілген жұмбағы мол лирикалық қаһарман жан дүниесін әспеттеу талабы жүзеге асады», - деп, мұның дәлелі ретінде «Толқын» өлеңіне талдау жасайды, Табиғатты әрі айрықша, әрі шартты қалыпта алып бейнелеу романтизмнің бір ерекшелігі десек, соның бір көрінісі -Мағжанның «Жиіленді қара орман» өлеңі» [4, 194] .
Мағжан мен Абай табиғат лирикаларының қаншалықты алшақтағанын сараласақ, М. Әуезовтің мына пікірінен аңғарамыз: «Тегінде, пейзаждың өзін суреттеуде көп ақын өздерінің стильдік өзгешелігін анық аңғартады. Шығыс ақындарының ескі дәстүрін алсақ дәл таудың таулық, шындық қалпын суреттемей, салыстыру үшін әр алуан тұспалдарға бейімдеп көрсететін. Тауы кейде тауға ұқсаса, кейде қиялап, шұбарлап, әсірелеп айтқан тұманды, жұмбақты бір көріністерге ауысып кетер еді.
Орыс поэзиясының, әсіресе Пушкиннен бері қарайғы классик реалист стильге ауысқан үлгісін ескерсек, оның аса айқын бір өзгешелігі - әрдайым дәлшілдігі, шындыққа жақындығы оқшау тұрады. Абай да осы сияқты суреттейін деп отырған жайын және барлық күйлерін, сол орыс поэзиясындағы дәлшілдік негізге құрады [5, 105] .
Мағжан кезінде Абайдан соңғы күшті ақын саналды. 1918 ж. «Абай» журналының №5 санындағы Ж. Аймауытов пен М. Әуезовтың «Абайдан соңғы ақындар» мақаласында былай баға берілген: «Сезімге әсер берерлік суретті өлеңдер көбінесе Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмұт әм Ахмет Мәметовтыкі. Бұлардың өлеңінде өзгеше бір сарын бар, жүрегінің сезімін суреттейтін, нәрсемен жалғастырып әкететін артықша бір маңыз бар. Бұлар - сыршыл (лирик) ақындар».
Мағжан өлеңдерінде қасірет те, реализм де бар. Қай тақырыптағы өлеңдерін алсақ та, ешкімге ұқсамас ерекшелігін көреміз. Мысалы, «Жазғы жолда»:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz