Сыныптан тыс оқытудың жалпы теориялық ерекшеліктері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3бет
I ТАРАУ Сыныптан тыс оқытудың жалпы теориялық ерекшеліктері
1.1 Сыныптан тыс оқыту . тәрбие жұмысының негізі ... ... ... ... ... .4.7бет
1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7.11бет
II ТАРАУ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мектепте сыныптан тыс оқытудың түрлері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.14бет
2.2 Сыныптан тыс жұмыс жоспарының әзірлемесі ... ... ... ... ... ...15.23бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.25бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 26бет

Тақырыптың өзектілігі:Оқыту – білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту. Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың маңызын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәніне шолу;
оқушылардың тілін дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың рөлін сипаттау;
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді ұсыну.

1. Асқарбаева А. «Сыныптан тыс оқу». Алматы, 1992.
2. Бітібаева Қ. «Әдебиетпәніноқытудыңтиімдіжолдары». Алматы, 1990.
3.Дайырова Ә., Тілешова С. «Әдебиетоқулығынаәдістемелікнұсқау». Алматы, 1996.
4.Жұмажанова Т.«Сыныптантысоқубарысындатілдамыту». Алматы, 1992.
5.Қуанышева Т. «Әдебиеткебайланыстысыныптантысжұмыстар». Алматы, 1974.
6.Қожахметова Х. «Мәнерлепоқу». Алматы, 1982.
7.Әдебиет. (оқулық) 5 – 9 сынып.
8.«Әдебиетоқукітабынақосымша материал». Алматы, 1997.
9. Ақшолақов Т. «Шығарманың көркем айшықтарын таныту». Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі». Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологий». - М, : Педагогика, 1989 г.
12.Беспалько В.П.«Педагогика и прогрессивные технологии обучения».- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В.«Теория развивающего обучения». -М., 1996 г. Дьяченко В.К. «Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса». -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. «Қазақ ұлттық энциклопедиясы»
15. Әуезов М., «Әдебиет тарихы» , Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», Қызылорда, 1931
17. «Қазақ фольклористикасының тарихы», А., 1988
18. «Қазақ фольклорының тарихилығы», А., 1993
19. Жұмалиев Қ., «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері», А., 1958
20. Ғабдуллин М., «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», А., 1972
21. Ысмайылов Е., «Ақындар», А., 1956
22. «Қазақ фольклорының типологиясы» А., 1981
23. Бiтiбаева Қ. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» . А., 1997.
24. Әбдiбекқызы К. «Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту». А., 1994.
25. Бiтiбаева Қ. «Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал)» А., 1990.
26 Жұмажанова Т. «Қазақ әдебиетi әдiстемесi». А., 2003.
27. Қоңыратпаев Ә. «Әдебиетті оқыту методикасы». А., 1985.
28.Бітібаева Қ. «Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту». Семей, 2007.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3бет
I ТАРАУ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Сыныптан тыс оқыту - тәрбие жұмысының негізі ... ... ... ... ... .4-7бет
1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-11бет
II ТАРАУ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мектепте сыныптан тыс оқытудың түрлері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-14бет
2.2 Сыныптан тыс жұмыс жоспарының әзірлемесі ... ... ... ... ... ...15 -23бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-25бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...26бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі - сыныптан тыс оқыту. Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың маңызын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылды:
oo сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәніне шолу;
oo оқушылардың тілін дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың рөлін сипаттау;
oo сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда тиімді тәсілдерді ұсыну.
Курстық жұмыстың болжамы: Мектепте сыныптан тыс жұмыстар тиімді жүргізілетін болса, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бірден-бір өз ықпалын тигізер еді.
Курстық жұмыстың әдістері: Талдау, жинақтау, салыстыру, зерттеу, эксперимент т.б.
Курстық жұмыстың құрылымы:Жұмыс кіріспеден , екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. бірінші тарауда түрлі пікірлерге шолу жасалып, қалыптасу тарихы сараланады; әдебиет сабағында қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады. Екінші тарауда зерттеу жұмысының өңделген талдауы мен нәтижесі көрініс табады. Жұмысты қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.

1.1 Сыныптан тыс оқыту - тәрбие жұмысының негізі
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.
Үйірме жұмыстар - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драмма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы - қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын - жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби - шығармашылық үйірмелерінің жас ақын - жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби - шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, Шешендік өнер, Айтыс, Термеші сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде [4;22].
Әдеби үйірмелердің бір түріне Кітап достары немесе Кітап - білім бұлағы деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V - VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, Құрметтейік те көтерейік ананы! (8- наурыз қарсаңында), Менің Қазақстаным (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, Ұқыпты бала, Кітап жанашыры, Білгір (кітап көп оқитын), Шапшаң немесе Алғыр (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады [4;27].
Үйірмелердің тағы бір түрі - мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драма үйірмесіне мектеп оқушыоары ішінен өнерге бейімі бар балалар өз еркімен тартылады. Үйірмеде кемінде он бес мүше болады. Оқу жылы басында үйірме жетекшісі мектептің оқу - тәрбие жоспарын негізге ала отырып, жұмыс жоспарын құрады. Үйірменің мақсаты - жекелеген оқушының сан қырлы көркем дамуын, оның рухани қажеттілігінің арта түсуін қамтамасыз ету. Сол арқылы өнерге құлшынысын тәрбиелеу. Үйірме жұмысын жоспарлау көбіне жетекшінің жеке басының біліміне, өнеріне, режиссерлік қабілетіне байланысты. әрбір жетекші ең алдымен оқушының жас ерекшелігін ескеріп, оның табиғи дарынын байқап, жас өнерпаздың қызығушылығын баулып, шығармашылық еңбекке йретеді. Үйірме сабақтарында мектеп бағдарламасына байланысты шағын пьесалардан үзінді, әдеби монтаж қойылымдары даярланады. Үйірменің жұмысы әр оқушының көркем білімін дамытуға әсерін тигізеді. Ал көркем білім ізгілік пен адамгершілікке негізделіп, оқушының нысанасы биік идеясын тәрбиелейді. Ендеше драма жанры бойынша әр сабақта оқушының алған білімі, драма үйірмесінде практикалық істермен ұласып, көркем білім негізін қалыптастырады. Мектептегі әдебиет үйірмесі - әдебиетке жақын, бойында сөзге, өнерге талпынысы бар талантты жастарды тәрбиелейді. Әдебиет үйірмесі де жыл басынан жоспарланып дайындалады. Әдебиет үйірмесін ұйымдастырғанда ұйымдастырушы жетекшілері алдына әртүрлі мақсат қоюы мүмкін. Әдебиет пәнімен оқушылардың үлгерімін арттыру, пәнді игеруге қызықтыру, білімдерін кеңейту, ақын-жазушылардың шығармаларын тереңірек білу мақсатында едәуір жұмыстар атқарып, қазақ әдебиеті тереңдете оқытуға үлес қосады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі тәрбиеге халықтың педагогикаға сүйене отырып мынадай жоспар құруға болады. Әдебиет сабақтарында оқушылардың алған білімі мен дағдыларын сыныптан тыс оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың әдеби білімдерін арттырудың иімді долы - әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу мәселесі туады [7;122].
Бұл көркем шығарманың идеялық - көркемдік құндылығы, көтерген проблемасының тереңдігі; ауқымы, оқушының қабылдаушылық, қызығушылық қабілеті тұрғысынан сарапқа салынған, мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған сыныптан тыс оқу сабақты басқа да жұмыстармен тығыз ұштастыра жүргізуді міндеттейді [4;63].
Сыныптан тыс оқу-сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.
Сыныптан тыс оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын іздестірген жөн [9;75].
Сыныптан тыс оқу сабағы - әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай - ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор.
Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ. мысалы, 5 - сыныпта Ыбырайдың Бай баласы мен жарлы баласы әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның Бақша ағаштары, Мейірімді бала, Талаптың пайдасы, Әкесі мен баласы атты әр түрлі тақырыптарда жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады. Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар [9;121].
Әуезовтың Әжемнің әңгімесін өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ. Мүсіреповтің Ананың арашасы, Ананың әңгімесі, Ер ана әңгімелерін сыныптан иыс оқуды дұрыс болып келеді. [10;112]
Бағдарламада Әжемнің әңгімесінен кейін Ғ. Мүсіреповтің Жаңа достары тұр, онда да Қайраттың анасы сөз болады. Жүйелілік, үндестік, байланыс - сыныптан тыс оқу сабақтарына да басшылыққа алатын маңызды оқу принциптері. Тақырып үндестігі ғана емес, жанрын негізге алуда маңызды. Халық ертегілерінен кейін әдеби ертегілере орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту - сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселелерінің бірі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5 - 8-сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы керек. Бірізділікпен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5 - 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты - оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабақтары, жәрмеңке сабақ, сабақ - викторина, саяхат сабағы, Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта атты кездесу сабағы немесе Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдайық! атты әңгіме сабақтары балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. Мектепте сыныптан тыс оқу жұмысын мектеп кітапханашысы мен сынып жетекшісі басқарады. Оқушыларға кітапты ұсынбас бұрын әр түрлі дайындық жұмыстары жүргізіледі.
1. Оқушыны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерін байқайды.
2. Әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі.
3. Әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйретеді. Мектеп кітапханасы оқушыларды керекті шығармалармен қамтамасыз етуге тиіс. Алайда керекті кітаптар мектеп кітапханасында табыла бермейді. Осыны ескеріп, тәжірибені мұғалімдер сыныпта Кітапхана бұрышын ұйымдастырады [1;26].
Сыныптан тыс кітап оқуды жүргізудің бірнеше әдіс-тәіслдері бар:
1. Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап кітап оқуы.
2. Ұйымдасқан түрде кітап оқу.
3. Топқа бөлініп кітап оқу.
Өз таңдаулары бойынша кітап оқу.
Оқушыларға ұсынатын шығармаларды алдымен мұғалім өзі оқып, оның мазмұнымен танысып алады. Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламаның талаптары бойынша жүргізіледі, сонда көрсетілген қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады. Сыныптан тыс оқуға раналған сабақтарда оқушылар, бірде сыныпта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқып, бірде кейбір үстірт түсіндірілген мәселеге қайта тоқталып оны нақтылай, дәлелдей түседі [7;122].
.
1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен оны оқытудың әдіс - тәсілдері
Көркем шығармаларды оқыту ғана емес, әдеби әдістер дәстүр мен жаңашылдық, жанрлық, стильдік ерекшеліктер, поэтикалық таңдаулар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Сыныпқа, кітапханада жоғарғы сыныптар үшін Әлем әдебиетінің асылдары, Адамзаттың Айтматовы, М. Әуезов әлемді аралап кетті сияқты кітап көрмелерін жасап қоюға болады. Сондай- ақ осы кітап көрмесінің әр тақырыбына сабақ өткізу, оны баяндама, пікір, аннотация, дәріс оқу әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асыру тиімді болып келеді. Мысалы, Адамзаттың Айтматовы тақырыбын (бір сабақ емес, бірнеше сабақ болуы мүмкін) конференция, семинар түрінде өткізуге болады.
1. Айтматов Адамзаттың Айтматовы - осы бір атаудың мәні ашылады. Неге қырғыздың Айтматовы адамзаттың Айтматовына айналды?
2. Бетпе бет повесі. Повестің осылай аталу себебі? Көтерілген адамзаттың проблемалар. Жазушы шеберлігі, қол жеткен табысы неде?
3. Әлемді дүр сілкіндірген Жәмила. Жәмиланың әлемді таңқалдыру сыры неде?
4. Ақ кеме. Жазушы көрегендігі, абыздығы неде? Повесть неге осылай аталған? Қандай әлемдік проблемалар көтерген?
5. Жазушы шығармаларындағы миф, қиял, фольклор үлгілері, ұлттық бояу.
6. Жазушы еңбектеріндегі экология, мораль, дін, сенім, гуманизм мәселелері.
7. Жан пида романы. Романның осылай аталу себебі? Қалай ойлайсыңдар, Шыңғыс неге өз заманы, қоғамынан көш ілгері жүреді, көрегендік жасайды? Дала қасқыры. Адам қасқыры. Роман көтерген адамзаттың көкейкесті проблемалар.
8. Айтматовтың әлемнің адамзат әдебиетіндегі орны [10;126].
Шығармаларды еркін танданып, сүйіп оқуға сыныптан тыс оқыту мүмкіндік береді. Сыныптан тыс оқу мектептің оқу-тәрбие жұмысына қосатын үлесі айтарлықтай.
Мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың көлемді түрі - факультативті сабақтар. Оқытудың бұл формасы оқушылардың факультативтік сабақтар арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі, оқушыларға білім терең беріледі. Сыныптан тыс оқу сияқты факультативтік сабақтарда оқушыларды өз бетімен кітапты пайдалана білуге үйретеді, олардың білімдерін кеңейтіп, әдеби талғамдарын ұшқырлай түседі, тілін байытады. Ең бастысы - кітап оқуға құштарлығын арттырады. Факультатив сабақтары әдебиетке байланысты, жалпы мектеп бағдарламасында қарастырылған мәселелерді қамтуы керек. Осыған орай Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми топтың мүшелері М. Қ. Оразбаев, М. Ж. Смағұлова халқымыздың салт - дәстүріне жас жеткіншектерді тәрбиелеу ісіне пайдалану мақсатында қазақ орта мектептерінің V - VI сыныптарына бір сағаттан Қазақ халқының салт - дәстүрлері курсының бағдарламасы жобасын ұсынады.
1. Қазақтың дәстүр - салттары туралы түсінік - 1 сағат.
2. Бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер - 13 сағат.
3. Тұрмыстық салт - дәстүрлер - 20 сағат.
4. Әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлер - 24 сағат.
5. Жаңа заман салт - дәстүрлері - 10 сағат.
6. Қорытынды. Салт-дәстүрлер - халақ тәжірибесі - 2 сағат. Барлығы - 70 сағат [8;86].
Қорыта айтқанда, факультатив сабақтарының оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытуда, өзіндік ой дербестігін қалыптастыруда тигізер әсері мол [9;222].
Оқушылардың меңгерген білімін шыңдап, оларды тексеру үшін, әдебиеттен ұйымдастырылатын олимпиадалар жетекші роль атқарады. Олимпиадалар - мектеп ішілік, аудандық, облыстық, республикалық түрде өтіледі. Мектеп олимпиадасы 5 - 10 сынып оқушылары аралығында жүргізіледі [9;223].
Олимпиаданы өткізу үшін 1 - 2 ай бұрын ұйымдастыру мүшелері құрылады. Олимпиадаға дайындық әдістемелік бірлестікте өтіп, онда олимпиаданы өткізудің жоспары жасалып талқыланады. Республикалық олимпиада екі жылда бір рет наурыз айында өткізіледі. Ал мектеп, аудан, облыста әр жыл сайын өткізіп отыру дәстүрге айналған. Олимпиада ауызша және жазбаша түрде өтіледі. Олимпиаданы өткізуде оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыру, белсенділігін көтеру, ауызша, жазбаша білімін тереңдету мақсаттары көзделеді [9;223].
Мектепте оқушылардың алған білімін дамытып, әрі қарай ұштай түсетін сыныптан тыс жұмыстың маңызды түрі - оқушылар конференциясы. Оқушылар конференциясының негізгі мақсаты - көзқарасты кеңейту, көркем талғамды қалыптастыру, оқырман мүдделерін дамыту. Оқушылар конференциясы өз ішінен көптеген түрлерге бөлінеді. Мәселен, нұсқау конференцияы. Мұнда оқушылар оқыған кітаптары туралы қысқаша хабарлама - баяндамалар жасайды. Мұндай конференцияның міндеті - оқушыларды қажетті шығармалармен қызықтыру. Қорытынды конференцияларда оқылған шығармаларды талқылау үшін тоқсанның немесе оқу жылының аяғында өткізіледі. Кейде ол бір жазушының шығармашылығына арналады. Тақырыптық конференцияларда әдетте оқылған кітаптар талқыланады.
Мектепте оқушылар конференциясын жеке сынып болып немесе екі сынып бірігіп өткізуге болады. Екі сыныпты біріктірп өткізу, әсіресе - тақырыптық оқу жұмысын жүргізуге қолайлы. Сынып оқушыларының қабілетіне, белсенділігіне сүйене отырып оқытушы конференциясының тақырыбын белгілеуде сынып оқушыларымен ақылдасады, кеңеседі. Сонымен қатар конференция белгілі бір жазушының көлемді шығармасын талдауға арналады. Конференция алдында повесть не роман оқылады. [6;90]
Оқуға еру конференциядан бір, бір жарым ай шамасында бұрын оқылып дайындалады. Оқуға беру жүйесінің жоспары жасалады.
oo Романды оқып келу.
oo Кейіпкерлеріне тоқталу.
oo Жазушы шеберлігі.
oo Роман жөнінде оқырманның пікірі.
Осындай түрлі шаралар арқылы шығармаларға талдау жүргізіледі. Мысалы, V-VI сыныптарда Ж. Аймауытовтың Ақбілек романы бойынша оқушылар конференциясын өткізуге болады. Конференция баяндама түрінде де өтуі мүмкін. Баяндама жасайтын оқушылар алдын ала жасалған жоспар бойынша баяндаманы жазбаша түрде дайындайды. Баяндамашылар оқушылардың қоятын сұрақтарына жауап беретіндей болып жан - жақты толық дайындалады. Әдебиет пәнінің мұғалімі оқушылар конференциясын өзі алып, баяндамаларға сөз береді. Талданып отырған шығармаға байланысты оқушылар өздерінің ой - пікірлерін айтып, алған әсерлерін баяндайды. Жоғары сыныптарда конференция диспутқа айналуы мүмкін. Оқушылар сөйлеп болған соң мұғалім қорытынды сөз айтып белсенділік танытқан оқушыларға сыйлық береді.
Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, үлгерімін жақсартатын сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі - әдебиет апталығы. Апталықты өткізудің негізгі мақсаты - әдебиет пәні бойынша оқушылар білімін тереңдете түсу мен тиянақтандыру, оқушылардың өз бетінше ізденуі арқылы оны пайдалану дағдысын қалыптастыру. Әдебиет пәнінен өтілетін апталық аптаның алты күніне жоспарланып құрылады. Көбінесе апталықта жоспарланған істер сыныптан тыс уақыттарда жүргізіледі. Мектептегі сабақ аралық үзіліс кезеңінде қамтылады. Апталық үшін арналған жоспар және жоспардағы атқаратын жұмыстар, оны өткізудің жолдары бір ай бұрын хабарланып, ілініп қойылады. Апталықтар белгілі бір ақын - жазушылардың мерейтойына, мерекеге немесе тағы да басқа көптеген тақырыптарға байланысты өтуі мүмкін. Мысалы, биыл 2006 жыл Ресейде Абай жылы, Қазақстанда Пушкин жылы болды. Осыған орай республика бойынша шығарма жазу, немесе мектептерде Абай мен Пушкиннің байланысы жөнінде апталықтар өтті. Ол Ресей мен Қазақстанның достастығын, саяси байланысын, рухани байланысын білдіреді [5;212].
Осы жұмыстар арқылы оқушыларды Абайдың шығармашылығымен толық танысып орыс ақыны Пушкин мен салыстыра біледі. Бір аптаның ішінде оқушылардың білімі тереңдеп, оқуға ден қояды, қызығушылықтары артады. Сондай - ақ, осы жұмыстарды жүргізу мақсатында, үшіншіден, мәдени, әдеби талғамы қалыптасқан оқырмандар тәрбиелеу мақсатында көркем шығармаларды оқып, талдап түсіну жұмыстары жүргізіледі. Көркем әдебиетті насихаттаудың, олардың маңызын жалпы танытуда сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі дұрыс жүргізілген әдеби кештер - тәрбие және білім танымдылығы жолындағы тәрбие ісінің басты түрі. Кешті ұйымдастыру, жүргізу мақсаты әр жақты болады. Мәселен, әдеби оқу, сұрақ пен жауап кештері немесе шығарма қаһармандарымен кездесу, шығарманы талдау, жазушы не ақын шығармасына үңілуі, таныстыру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мектеп кітапханашысымен бірлесе, оқу жылы бойынша жоспарлап, сол жоспарда әдеби кештер өткізеді [5;213].
Сынып ерекшелігіне қарай бір жылда үш кейде төрт рет кеш өткізіледі. Пән мұғалімдері жүргізілетін әдеби кештің мақсатын оқушылар білімін тереңдетіп, көркем әдебиет оқуға құмарлығын арттыруға негіздейді. Болатын әдеби кештің мақсатын оқушылар материалы дайындалғаннан кейін, сол пән бірлестігінің отырысында талқыланып, өту тәртібі белгіленеді. Жоспар жасалғанда, кеште баяндама жасайтын оқушы алдын-ала көрсетіледі. Оған әдебиетке икемді, көркем сөз өнерін сүйетін, құрметтейтін оқушыны белгілейді. Кеш болардан он күндей бұрын іріктеліп, хабарландыру ілінеді. Оған қосымша оқушылар кеште не мәселелер туралы сөйлеу керектігін қысқаша жазылады. Кешті әзірлеу, жүргізуде мынадай жұмыстар орындалады.
1. Хабарлау. Кешке әзірлік, тиісті материалдар жинау, сұрыптау.
2. Кешті жабдықтау. Жалдайтын шығарманың бірнеше данасын дайындау, нақыл сөз, дәйек сөз жазу, авторға байланысты оның шығармаларынан көрме, сайыс сұрақтар жасау.
3. Кешті жүргізу.
А) Кешті ашу. (кіріспе сөз)
Ә) Баяндама тыңдау және сол бойынша талдау, пікір айту.
Б) Әдеби викторина: шағын концерт беру, сол шығармалардан көркем сөз оқу.
Г)Автор шығармашылығы туралы әдебиетші, ғалым, қаламдастарының пікірі. Кешке белсене қатысқан, тұжырымды пікір айтқан, шығарманы жан-жақты түсінген оқушыларға кештің қорытындысы бойынша алғыс, мадақтау, ынталандыру сыйлықтары беріледі. [8;59]

2.1 Мектепте сыныптан тыс оқытудың түрлері мен ерекшеліктері
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді. Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады.
Сөз жоқ, икем - дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты - оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Олар: үйірме, сыныптан тыс оқу, конференциялар, викториналар, апталықтар, әдеби кештер т.б.Үйірме жұмыстары - сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Оқушылардың пәнге қызығуы мен қатар белсенділігін көтеру үшін мектептерде әдебиет үйірмелері мен драма үйірмелері жұмыс істейді. Бұл үйірмелерді көбіне әдебиет пәнінің мұғалімдері, өнерпаз ұстаздар, сынып жетекшілері жүргізеді. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы - қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалады.
Мұндай істерге кейде жергілікті ақын - жазушылар да көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби - шығармашылық үйірмелерінің жас ақын - жазушылармен бірігіп жүргізуі нәтижелі болмақ. Әдеби - шығармашылық үйірмелердің, сонымен қатар, Шешендік өнер, Айтыс, Термеші сияқты фольклорға негізделген түрлері соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде. Әдеби үйірмелердің бір түріне Кітап достары немесе Кітап - білім бұлағы деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, V - VIII сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше.
Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көрме ұйымдастырып өткізеді. Мысалы, Құрметтейік те көтерейік ананы! (8-наурыз қарсаңында), Менің Қазақстаным (Республика күніне). Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді. Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, Ұқыпты бала, Кітап жанашыры, Білгір (кітап көп оқитын), Шапшаң немесе Алғыр (кітапты тез әрі қатесіз оқитындар үшін) т.б. тақырыптарда. Жеіңмпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады.
Үйірмелердің тағы бір түрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz