Хаттардың жалпы ерекшеліктері мен сипаттамасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3бет

І ТАРАУ ХАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Хаттың түрлері, даму тарихы және оның зерттелу жолы . . . 4-14бет

1. 2 Қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылар жазған хат өлеңдерінің тәрбиелік мәні . . . 14-18бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ХАТТАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2. 1 Мектепте хаттардың оқытудың негізгі ерекшеліктері . . . 19-23бет

2. 2 Мектепте Ш. Уәлиханов пен А. Байтұрсынов хаттарын меңгерту жолдары . . . 23-27бет

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Хат дегеніміз - көне заманнан бері адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі болған. Ел билеушілері арасында жазылған хаттардан, тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та түсінікті. Хаттарды жекелеген адамдар да жиі жазатыны белгілі. Әйгілі адамдардың жазған хаттары, олардың өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын нақты құжат болмақ. Ағайын-туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар, олардың ұрпақтары үшін асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз ұшыраспайды. Мұндай хаттарда, жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін көңіл-сырларын білдіретіні, сол кездегі өмір мен өмір-тірліктерін сипаттайтынын ұғыну қиын емес.

Хат жанрындағы шығармалар оқу бағдарламасында аз берілген. Әрине, әр ақын-жазушыны оқытқанда, мұғалім өз қалауы бойынша олардың осы жанрдағы еңбектерін ұсына алады.

Хаттардың да маңызы зор. Хаттар, естеліктер тарихтан сыр шертеді, оқырман қауымға беймәлім мәселелерге назар аудартады. Суреткердің жеке өмірлері, қоғамдық іс-әрекеттері, көркем туындыларын қалай жазғаны, оған не итермелегені, т. б. туралы маңызды мағлұматтар береді. Бүгінде мектептегі әдебиет сабағында мұғалімнің хаттардың оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдері ерекше назарда ұсталып отыр. Бұл тақырыптың негізгі өзегі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Хаттардың өзіндік даму жолы бар жеке арна екенін айқындау, хат туындыларды жіктеп, олардың көркемдік дәрежесін ашып көрсету - жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай міндеттері шығады:

  • хаттардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау жүйелеу;
  • хаттарды оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
  • оқушыларға хаттарды дұрыс қабылдай білуге үйрету.

Курстық жұмыстың әдістері: талдау, жинақтау, жүйелеу, зерттеу.

Курстық жұмыстың ғылыми болжамы. Жұмыстың нәтижелерін жоғары және орта арнайы оқу орындарының филология факультеттерінде «Хаттарды оқыту» пәнін оқытқанда, жекелеген арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады. Орта мектептердегі бастауыш сыныптарды оқытудың әдістемесінде де қолдануға болады.

Курстық жұмыстың кұрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І ТАРАУ ХАТТАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Хаттың түрлері, даму тарихы және оның зерттелу жолы

Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі. Хат мәтіні - мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі. Көптеген ғалымдар хатты «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр. Эпистолярия грекше (epistole) «хат» деген мағынадан шыққан. Қазақ Совет энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография( грекше жолдау, үндеу) - сан алуан хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады», деп түсінік береді. Ал, орыс ғалымы Е. М. Виноградова «Функцоналдық және құрылымдық белгілері бар кез-келген тексті эпистолярлық деп атайды.

Рабиға Сыздықова аталған стиль туралы: «Бұл стиль жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Әдетте бұл салада зерттелуге тиісті материал кез-келген адамның күнделікті тұрмысқа, үй ішіне, қара басына қатысты жайларды сөз еткен хаттары емес, белгілі қоғам қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің, көбінесе әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспонденциялары болуға тиіс» [1, 125], -дейді.

Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.

Хат жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант (хатты жазушы) пен адресаттың (хат жолдаушы) болуы керек.

Хат жазудың үлгісі:

1. Адресант сәлемдесу түрін анықтауы қажет (хат жолдаушының жасын, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасын есепке алуы керек) .

2. Жазу барысында:

а) хат жолдаушының өзіне, қызметіне қызығушылық тудыратын тәсілді анықтау.

б) Мазмұнды баяндауды анықтау.

в) Қорытынды жасау.

г) Авторға тілек айту.

д) керек болған жағдайда «P. S» белгілеу (посткритум-хатта үлгермеген хабарлаулар) .

е) хаттың безендірілу мәдениетіне көңіл аудару (күні, қолы, сауаттылығы, тазалығы, қағаздың сапасы) . Бұл деңгей хат авторын, оның адресатқа деген көзқарасын анықтайды.

Мысал ретінде Мәлік Ғабдулиннің Қадыр Мырза Әлиге жазған хатынан үзінді:

Құрметті Қадыр!

Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғанымен сырласың емеспін. Сондықтан, саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба, әлде қамқор көңілдің қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба - ол арасын өзің білесің.

Негізгі бөлімнен: «Тағы бір шындығымды айтайын. Сен бір өлеңіңнен екіншісіне дейін, бір құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың. Осыныңа қуанам, риза болам. Сенің әрбір өлеңінде ( басқа құрдастарында аз кездесетін ) үлкен ой, тұжырымды түйін жатады».

Мен сенің бұдан былайда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе белестен белеске көтеріле беруіңе шынкөңілден тілектеспін.

Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе қалғаны. Соны да қоса салайыншы [2, 147] .

Е. М. Виноградова хаттарды коммуникативтік қызметіне қарай былай топтастырады:

1. Жеке хаттар( негізгі эпистолярлық жанрлар)

а) Қалыптасқан үлгісі жоқ хаттар (әлеуметтік -тұрмыстық хаттар)

б) этикет түрдегі хаттар

в) кепілдемелік хаттар

г) Белгілі бір үлгіде жазылған хаттар

2. Жеке іскерлік хаттар

а) Басқа интонацияға бағытталған хаттың көшірмесі.

б) Адресанты жасырын хаттар

3. Ресми-іскерлік хаттар

а) Нұсқаулық

б) Дипломатиялық

в) Хабарлама, рапорт

4. Әдебиеттегі хаттар ( Қосымша эпистолярлық жанрлар)

- Әдеби достық хаттар (стилистикалық стиль)

- Жариялану үшін авторлық өндеуге түскен хаттар

- Баспалық құлақтандыру хаттар

- Өлеңмен жазылған хаттар (арнау)

-Әдеби мазмұндағы (тұрмыстық емес) жеке хаттар

- Әдеби қосымшасы бар жеке хаттар

- Әдеби шығарма құрылымындағы хаттар

- Ашық хат ( Редакцияға жазылған хаттар)

Хат тұрмыстық шеңберінен шығып, қазіргі кезде публицистикада, әр түрлі мекемелерде (іскерлік хаттар) көрініс таба бастады. Мәселен, хат басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар-ошар алысу мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80 пайызын құрайды.

М. Қасымбеков, Қ. Әлімқұлов ресми іс қағаздар қатысты кітабында хаттарды маңызы мен мазмұнына қарай: а) инициативалы ( хат талап, хат өтініш, хат-шағым, хат ескерту, хат хабарлама, хат-ескерту, ілеспе хат) және б) жауап ( ақпарат-түсінік, тыйым салу хаттары) [3, 25] .

Жоғарғы мекемелер мен ұйымдардан шығатын хаттар, негізінен, тапсырма беру, хабардар ету, ескерту, түсіндіру, сұрау салу түрінде жиі кездеседі. Ведомстволық бағынышты мекемелер жоғары органдарға жауап қайтарып, хабар береді, өтініш жазады. Олардың әрқайсысының белгілі бір үлгісі, формасы болады.

Жеке-жеке тоқталсақ:

Өтініш хатта адресат белгілі бір істің атқарылуын немесе оның тоқтатылуын талап етеді, алайда ол жөнінде жауап қайтаруға міндеттемейді.

Сұрау салу хатына белгілі бір мәселені түсіндіріп немесе фактілердің болған-болмағанын растап жауап берілуі тиіс.

Шағым хатта автор шартты міндеттемелердің орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді.

Ескерту хаттар - адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындалмаған кезде жазылады.

Циркуляр хаттар - ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге 1 мезгілде жөнелтілетін хат, олар, негізінен, тапсырма беру сипатында болады.

Ақпарат түсінік хаттары дегеніміз - бұрынғы тапсырылған міндетті түсіндіруге, оның кейбір мәселелері мен фактілерін нақтылай түсу мақсатында жазылатын хаттар.

Тыйым салу хатында салынған сұрауға мәселелердің шешілмеген туралы жазылатын болса, шешім хатында - мәселеніің дұрыс шешілгені жөніндегі мағлұмат береді.

Ілеспе хат - адресатқа құжатпен бірге оны орындау жөніндегі қосымша түсінік беруді талап ететін жағдайда жазылады. Онда негізгі құжат не үшін жіберілді, онымен не істеу керек және оны қанша мерзімде орындау қажеттігі көрсетіледі. Ілеспе хаттың мынандай түрлері болады :

  • мағлұмат үшін;
  • уағдаластық бойынша;
  • келісу үшін;
  • қарау үшін;
  • жауап беру үшін;
  • сіздің хатыңызға орай;
  • шара қолдану үшін;
  • қайтаруды сұраймыз.

Қызметтік хаттардың еркін түрде жазылатын кездері де жиі кездеседі. Ол әр лауазым иесінің жеке басының шеберлігіне, сауатына, мәдениетіне мен біліміне байланысты болады.

Хат жазудың соңғы жетістіктерінің бірі-бүкіл әлемдік интернет жүйесі арқылы хат алысу. Мұнда әрбір адамда жеке электрондық мекен-жай, мекен-жайын табу үшін өзінің құпия сөзі (код), хат қоржыны болады. Бұл интернет жүйесі арқылы кез-келген электрондық мекен-жайы бар досыңа немесе басқа адамдарға хат жіберсіңіз ол бес секундтың ішінде өз иесін табады, яғни дүниенің төрт бұрышына ортақ байланыс. Соныммен қатар бұл жүйе арқылы көптеген суреттер, документтер, іс-қағаз құжаттарын, т. б. хат арқылы жіберіп, өзіңіз де ала аласыз.

Өкінішке орай бұл жүйе тек ағылшын және орыс тілдерінде. Қазақ тіліндегі нұсқасы шықпаған.

Қорыта айтқанда, хат стилінің адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі маңызы зор деп айта аламыз. Болашақта да осы хат жанры өзінің даму шеңберін кеңейте береді деп ойлаймыз.

Хат дегеніміз - көне заманнан бері адамдардың қарым-қатынас жасау құралдарының бірі болған. Ел билеушілері арасында жазылған хаттардан, тарихи деректерді білуге болатыны айтпасақ та түсінікті. Хаттарды жекелеген адамдар да жиі жазатыны белгілі. Әйгілі адамдардың жазған хаттары, олардың өмірлерін тереңірек танып-білуге болатын нақты құжат болмақ. Ағайын-туғандар, дос-жарандар арасында жазылған хаттар, олардың ұрпақтары үшін асыл мұра ретінде сақталатын оқиғалар да аз ұшыраспайды. Мұндай хаттарда, жеке тұлғалардың ауызша айтыла бермейтін көңіл-сырларын білдіретіні, сол кездегі өмір мен өмір-тірліктерін сипаттайтынын ұғыну қиын емес.

Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданнан ата-анасына, туыстарына жауынгерлер жиі хат жолдайтын еді. Мұндай хаттардың кейінгі кезде құнды дүниеге айналғаны да мәлім. 1980-90 жылдары «Майданнан жазылған хаттар» деген жауынгерлердің жазған хаттары кітап болып шыққаны осының айқын дәлелі болса керек. Сондай-ақ, қыз-жігіттер арасында жазылған ғашықтық сезімдерін білдіретін хаттардан, олардың таным-түсінігін, ой-өресін, тіл байлығын білеміз. Тіпті, ақындардың кейбір өлең-жырлары хат ретінде жазылған. Ал, әйгілі адамдардың бір-біріне жолдаған хаттарында ауызша айтыла бермейтін көңіл сырларын ашып айтатын көрінеді. Осындай хаттарды оқып отырғанда әдеби шығармаларда, естеліктерде, баспасөзде жарияланған мақалаларда айтуға болмайтындай құпиялы жәйттердің өзін, хат арқылы білдіретінін аңғару қиын емес. Осы тұрғыдан қарастырғанда хаттар дегеніміз, зерттеуге лайық өз алдына бір жанр (эпистолярлық) деп тұжырауға да болады. Бұлай дейтініміз жазысқан хаттары арқылы әйгілі адамдардың ішкі жан-дүниесін, болмыс-бітімін, оның нақты тұлғасын тереңірек білуге хаттардың көмегі зор болмақ. Өйткені, олардың айтылмаған сырлары, ашылмаған құпиясы хат жолдарында өрнектеліп, олардың адам ретінде қандай болғанын, шынайы мақсаты мен мүддесі, ойы мен арманы, күйініші мен сүйініші, өкініші, өмірге, саясатқа деген көзқарасы да бүкпесіз ақтарыла айтылады. Мұны ешқандай естеліктерде, әдеби шығармаларда, не болмаса мақалаларда қамтылмайтын, шынайы ақиқатты көрсететін нақты құжат деп тануға болады. Демек, хат дегеніміз, нақты шындықты бұлтартпай көрсететін құжат. Осы тұрғыдан қарастырсақ, хатты өз алдына жеке жанр (эпистолярлы) деп зерделегеніміз жөн болар. Белгілі қоғам қайраткері, Ілияс Омаровтың жазған хаттары мен оған жолдаған хаттарды оқығанда біз осындай тұжырымға тірелгендей болдық.

Жуықта «Раритет» баспасынан белгілі мемлекет қайраткері Ілияс Омаровтың архивте сақталып қалған хаттары «Ілияс Омаров: хаттар арқалаған сырлар» деген тақырыппен көлемді кітап болып басылып шықты. Ұлт ұлының есімі өткен ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жұртшылығына кеңінен белгілі болған. Ол облыстық, республикалық басқару органдарында қызмет атқара жүріп, қазақтың рухани өміріне айтарлықтай ықпал еткен аса көрнекті қайраткер болғаны оның жеке тұлғалармен жазысқан хаттарынан айқын аңғарылады. Ол жазған мақалалар мен жасаған баяндамалар, сөйленген сөздер және ол туралы естеліктер оның қайраткерлік тұлғасын танытатыны сөзсіз. Солай болса да, осынау жинаққа енгізілген хаттарға зер салсақ, Ілияс Омаровтың аса биік парасаты мен білімдарлығы, замандастары арасында абырой-беделі өте зор болғанын, сонымен қатар, бойына ұлттық сезім берік орныққан, қандай жағдай болсын қазақтың ұлттық мүддесін қорғауды мақсат еткенін ұғынуға болады.

Жаңа жинақтың кіріспесінде оның «социалистік қоғамды қалыптастыру мұраттарына деген сенімі берік» болған дегендей баға берілген екен. Шын мәнінде, оның мұндай көзқарасы тек сөз жүзінде айтылып, сырттай қарағанда ғана осылай екені хаттардан анық байқалады. Социалистік қоғамға қызмет еткеннен кейін, оның мүддесін қорғауы міндеті болатыны айтпасақ та түсінікті. Алайда, ол социалистік қоғамға қызмет ете жүріп өзінің халқының мүддесін қорғауды өмірінің басты мәні деп білгені осынау хаттардан көрініс беріп отырады. Сырттай компартияның саясатын мадақтай сөйлегенімен, оның ақыл-қайраты, білімі өзінің халқын, тілі мен дінін, салт-санасын жоюға бағытталған тоталитарлық-большевиктік езгіден қазақ халқын құтқарып қалудың амал-айласын қарастырумен өмір кешкенін хаттардан ұғынуға болады. 1930 жылдарда «Алаш» арыстары қазақтың ұлттық мүддесін ашық, жариялы түрде қорғап күрес жүргізсе, олар жаппай атылған соң, мұндай амалды қолдану мүлдем мүмкін болмағаны айтпасақ та түсінікті. Сондықтан да, қазақтың ұлттық мүддесін қорғаудың өзгеше жолын табу қажет болған. Мұны, Ілияс Омаровқа жазған хаттардан, жауаптардан айқын аңғарғандай болдық.

Кітаптағы хаттардың мазмұны мен мәніне қарай сараптасақ, бірнеше топқа бөлуге болады. Мұнда Ілияс Омаровқа жазылған хаттардан, қатардағы қарапайым азаматтардан бастап, Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезовке дейін әйгілі қайраткерлердің ой толғамдары, Ілияс Омаровтың дарын қабілетіне баға беруі, оны не себептен құрмет тұтуы жөнінде көптеген мағлұматтарға қанық болдық. Сондай-ақ, Ілияс Омаровтың әйгілі өнер және мәдениет қайраткерлеріне жазған хаттарынан да, оның ақыл-парасаты, білімі мен білігі, дарын қуаты қандай болғанын ұғыну қиын емес. Жаңбыр-жаңбырдың арасымен жүргендей болып, сөз арасында немесе сөз астарында қазақтың ұлттық мүддесін қорғау мәселесі үнемі қозғалып отырады. Әрине, сол кезеңдегі тоталитарлық режимнің қанды шеңгеліне ілініп кетпеу үшін ұлт мәселесі жөнінде әр сөзді сақтықпен қолданған. Оған жазылған хаттардан, сол кезеңде Ілияс Омаровтың қазақ халқының ең басты қорғаушыларының бірі болғаны, қазақтың өнері мен мәдениетінің, әдебиетінің дамуына жөн-жоба көрсететіндей кемеңгерлігі де аңғарылады. Одан ақыл-кеңес сұраған немесе іс-әрекетіне пайдалы болу үшін ой саларлық хаттар да аз жазылмапты.

Жалпы, Кеңес одағы тарихында 1937 жылдардан кейін «ұлтшылдық» деген айыппен екі рет қуғындау науқаны жүргізілген екен. Оның біріншісі, Бекмахановтың қазақ тарихына, оның ішінде Кенесары ханға байланысты «тазалау» жүргізген болса, 1970-ші жылдары Украинаның бірінші басшысы «Шелесті кадр таңдауда «ұлтшылдыққа жол берді» деген сылтаумен жүргізілген науқан болды. Сондықтан да, қазақтың ұлттық мүддесін қорғаушылар үшін өздерінің іс-әрекеттерін аса сақтықпен жүргізуге тиісті болғаны Ілияс Омаровқа жазылған хаттардан да аңғаруға болады.

Мәлік Ғабдуллинге 1953 жылғы 2 мамырда жазған хатында Ілияс Омаров, асыра сілтеу саясатымен тыйым салыну қаупіне ұшыраған «Ер Сайын», «Едіге» туралы эпостарды болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру жолында күрес жүргізу жөнінде ақыл-кеңесін аса сақтықпен айтады. «Біз сияқты халықтарға да фольклор үлкен мұра, бірақ оны біз бір жағынан бағалай отырып, екінші жағынан оны аспанға шығарудан сақ болуымыз керек, дәл болса біздің әдебиетімізден әлі фольклористика кетіп болған жоқ, ол қазіргі заманда бәлендей жақсылық емес, екіншіден фольклор өзіне тән өткенді өркеңдеңкіреп көрсетіп, дәріптеушілік туғызуы мүмкін.

Сол себепті әрбір эпостың артынан ере тұру керек. Екінші жағынан мұраның бәрі мұра деп кеудесіне нан пісіп жүретін жалған ұлтсүйгіштер болатын. Олар қазақтан басқа ел жоқтай қазақшалап айтқанда даңкөтендікке салынып, көрінген нәрсеге «во» деп оң бармағын шоқтыратып жүретін таусоғарлар. Әрине, бұларға тыйым салу керек. Біздің халқымыздың тарихта «скромный» ғана орны бар, кеуде кермей, мақтанбай ғана көрсетсек, біз тарих алдында кінәлі болмаймыз» [3, 73-74] .

Кітапта қамтылған жүздеген хаттарды сараптасақ Ілияс Омаров әсіресе, Бауыржан Момышұлымен жиі хат жазысқанын көреміз. Бауыржан Момышұлының бүкіл қазақ зиялылары арасынан ең жақын тартып сырласатын адамы Ілияс Омаров болғаны, олардың арасында жазылған хаттардан айқын байқалады. Бауыржан үшін Ілияс әрі сырлас-мұңдас дос, әрі ақылшы ұстаз, әрі оның өміріне де, шығармашылығына да бағыт-бағдар сілтейтін тәлімгер болыпты.

Бауыржан әскерде жүргенде-ақ, шығармашылықпен айналыса бастаған кезден бастап, кейінгі шығармаларына дейін Ілияспен ақылдасып, әр туындысын қалай жазатыны, жазылған шығармалары жөнінде пікірін сұрап отырған екен. Ал, Ілияс болса Бауыржанды шалыс басудан, қызбалыққа түсуден сақтандырып, оның қазақ халқы үшін қандай тұлға болатынына дейін ескертіп, ұғындырып отырыпты.

Бауыржанның көбінесе, ұлт мәселесінде қызбалыққа салынуына кейбір зиялылардың асыра сілтеу көзқарастары түрткі болғанын жұртшылық жақсы білсе керек. Кейбір қазақ зиялылары, сол кезеңдегі саясатты тура мағынасында бұлжытпай ұстанғандықтан да, сергек ойлы азаматтардың нақақтан зәбір шеккен оқиғаларды да жасыруға болмас. Бұл ретте қатардағы қаламгерлерден бастап, ұлы жазушымыз Сәбит Мұқановқа дейін ұшқары көзқарас танытқан оқиғалар болғаны да шындық. Мұндай жәйт Бауыржанды да талай қынжылысқа түсірген болса керек. Мәселен, ол 1967 жылы Омаровқа жазған хатында, ұлы жазушы Сәбит Мұқановқа деген ренішін былай баян етіпті: «Мұхтар мен Ғабиттен еш нәрсе шығара алмағаннан кейін, енді мені біраз ермек еткісі келген болуы керек. Тексеріп жатқан сенің приемнигің дейді.

Мен үріккен танадай сыртқа қашып жүрместен, барлық жақсылық-жаманшылықты елге барып көрейін деген принциппен барлық қызметтерімді-шығармаышылыққа тоқтатып, келесі аптада Алматыға аттанбақпын.

Шынымды айтсам, орынсыз жерде етегімнен алып, қызметтеріме кедергі болғандарына өте ренжіп отырмын. Амал қанша - барайын, көзбе-көз отырып тілдесейін.

Демек, мен опальный қазах болмақпын» [4, 390] . Әрине, мұндай реніштерге басу айтып, ақыл қосып отырғандардың бірі Ілияс Омаров. Б. Момышұлы кейін Сәбит Мұқановпен тіл табысқаны, оны құрмет тұтқаны белгілі. Бауыржан, тіпті, Ілияспен өзінің жеке басының, тірлік тұрмысының түйткілдеріне дейін бүкпесіз айтып сырласып отырған. Мәселен, 1966 жылы 3 тамыз күні жазған хатында, Момышұлы жұртшылыққа беймәлім өзінің ішкі құпиясын былай деп білдіріпті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб және қазақ тілдеріндегі коммерциялық хаттардың түрлері және тілдік сипаты
ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ РЕСІМДЕУ
Электрондық почта: түрлері мен қызметі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР ДӘСТҮРІ
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда лексикалық және грамматикалық трансформацияның түрлерін талдау
Қазақ әдебиетіндегі эпистолиярлық стиль
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Электрондық почта. Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz