Жалғаулы сөздердің классификациясы және олардың сипаттамасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3бет
І ТАРАУ Жалғаулы сөздердің классификациясы және олардың сипаттамасы
1.1 Жіктік және көптік жалғаулардың ерекшеліктері мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.8бет
1.2 Тәуелдік және септік жалғауларының жіктелу формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.13бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ЖАЛҒАУЛЫ СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Жалғауларды оқытуға арналған тиімді жаттығулар мен тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.19бет
2.2 Қазақ тілі сабағында жалғаулардың түрлерін меңгерту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.23бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 25бет

Тақырыптың өзектілігі. Грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар да жатады.
Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, оларға грамматикалық мағына үстейтін қосымшаны жалғау дейміз. Казақ тілінде төрт түрлі жалғау бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары.
Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдына категория деп танылып, әрқайсысы бас - басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі.
Жалғау − қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұрады.
Жалғаулар есім сөзге де, етістікке де жалғанады. Тек қана синтаксистік қызмет атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқушыларға жалғаулардың қызметін меңгерте отырып, тілдік материалдарға деген қызығушылығын арттыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға жалғау тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Курстық жұмыстың әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-жинақтау.

1. Аханов К. «Тіл білімінің негіздері». А., 1993 жыл.
2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. «Қазіргі қазақ тілі» .А., 1990 жыл.
3. Балақаев М., Қордабаев Т. «Қазіргі қазақ тілі». А., 1966 жыл.
4. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. «Қазақ тілі стилистикасы». А., 1974 жыл.
5. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі». А., 1994 жыл.
6. Белбаев М. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы». А., 2001 жыл.
7. Дәулетбекова Ж. «Қазақ тілінің оқыту әдістемесі». А., 2001 жыл.
8. Исаев С. «Қазақ тілі». А., 1996 жыл.
9. Қараев М. «Қазіргі қазақ тілі». А., 1993 жыл.
10. Құлмағанбетова Б. «Қазіргі қазақ тілін оқыту методикасы». А., 1998 жыл.
11. Құлмағанбетова Б., Исанова А. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». А., 2000 ж.
12. Мейірманқұлова Т. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Астана, 2010 жыл.
13. Оразбаева Ф., Сағидулла Г. «Қазіргі қазақ тілі». А., 2005 жыл.
14. Ұйықбаев И.К. «Қазақ тілі методикасының мәселелері». А., 1969 жыл.
15. Ысқақаов А. «Қазіргі қазақ тілі». А., 1991 жыл.
16. Ысқақов А. «Қазақ тілінің грамматикасы». А., 1967 жыл.
17. Ысқақов А. «Қазіргі қазақ тілі, морфология». А., 1964 жыл.
18. Тұрғынбаева Б. «Шығармашылық қабілеттерін дамыту». Қазақстан мектебі. №4, 2005 ж.
19. Тұрғынбаева Б. «Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту». Қазақстан мектебі. №8, 2004 ж
20. Балкенов Ж. «Студенттерді шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздері». Қарағанды, 2005 ж.
21. Тұрғынбаева Б. «Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту». Алматы , 1998 ж.
22. Мырзабаев А. «Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері». Алматы, 2005 ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3бе т
І ТАРАУ ЖАЛҒАУЛЫ СӨЗДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Жіктік және көптік жалғаулардың ерекшеліктері мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-8бет
1.2 Тәуелдік және септік жалғауларының жіктелу формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-13бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ЖАЛҒАУЛЫ СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Жалғауларды оқытуға арналған тиімді жаттығулар мен тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-19бет
2.2 Қазақ тілі сабағында жалғаулардың түрлерін меңгерту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-23бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...25бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар да жатады.
Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, оларға грамматикалық мағына үстейтін қосымшаны жалғау дейміз. Казақ тілінде төрт түрлі жалғау бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары.
Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдына категория деп танылып, әрқайсысы бас - басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі.
Жалғау − қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұрады.
Жалғаулар есім сөзге де, етістікке де жалғанады. Тек қана синтаксистік қызмет атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқушыларға жалғаулардың қызметін меңгерте отырып, тілдік материалдарға деген қызығушылығын арттыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға жалғау тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Курстық жұмыстың әдістері: әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, бақылау-зерттеу, талдау-жинақтау.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: егер оқыту барысында жалғауардың қызметін оқытуда берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Курстық жұмыстың зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып таңдап алу, сол бойынша іздену.
2. Бекітілген тақырыпқа байланысты материал жинақтап, жұмыстың жоспарын құру.
3. Жоспарға сәйкес курстық жұмыстың ІІ тараудан жазу.
4.Диплом алдындағы тәжірибе жинақтау, курстық жұмыстың практикалық бөлімін жазып, жұмысты аяқтау және қорғау.

1.1 Жіктік және көптік жалғаулардың ерекшеліктері мен жіктелуі
Жалғау және оның түрлері. Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, оларға грамматикалық мағына үстейтін қосымшаны жалғау дейміз. Казақ тілінде төрт түрлі жалғау бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары.
Жіктік жалғауы - қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жагынан қиыстырып түрады. Мысалы: Мен оқушымын. Сіз оқушысыз. Біз келеміз. Ол келеді.
Жіктік жалғауы есім сөзге де, етістікке де жалғанады. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.
Қазақ тіліндегі сөздер төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі: бірінші - отыр, тұр, жур, жатыр етістіктері (мен тұрмын, сен тұрсың, сіз түрсыз, ол тұр) есімшелер (мен барғанмын, сен барғансың, сіз барғансыз, ол барған), зат есімдер (мен оқушымын, сен оқушмсың, сіз оқушысыз, ол оқушы), сан есімдер (мен аласамын, сен аласасың, сіз аласасыз, ол аласа), сын есімдер (мен ушіншімін, сен үшшшісің, сіз үшіншісіз, ол үшінші), есімдіктер (мен кіммін, сен кімсің, сіз кімсіз, ол кім), үстеу (мен біргемін, сен біргесің, сіз біргесіз, ол бірге); екінші - өткен шақ
1. a, -e, -й көсем-шелері (мен барамын, сен барасың, сіз барасыз, ол барады).
2. -п, -ып, -іп көсемшелер (мен барып-пын, сен барыпсың, сіз барыпсыз, ол барыпты); үшінші 1) айтты, өтті т.б. жедел өткен шақ формалары (мен айттым, сен айттың, сіз айтты-ңыз, ол айтты). 2) оқыса, білсе т.б. шартты рай формасы. (Мен оқысам, сен окысаң, сіз Сцер) оқысаңыз, ол оқыса); төртінші - етістіктің бұйрық рай формасы: қара, еле, жаз, без т.б. (мен қарайын, сен қара, сіз қараңыз, ол қарасын.
Ескерту. 1 Ауызекі сөзде және халық ақындарының шығармаларында жекеше форманың анайы түрінің екінші жағына - ғын -қын, -гін, -кін) қосымшасы қосылып та қолданылады (мысалы, ceн барғын, сен айтқын, сен келгін, сен ішкін).
2. Көпше түрдің бірінші жағының қосымшасы -лық (-лік) болып қолданылады Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық (Ы. A.) Қарауылдар мезгіл ғой, тұр қаралық(! Жүз айтк,анмен, өзгенщ бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр, баралық! (Ш. Қ.) деген өлеңдерде колданылғаны сияқты, қазірде -лык; (-лік) формасы - йық, -(йік) формасымен қатар жиі қолданылады.
Тілімізде жіктеу есімдіктері жекеше, көпше, анайы, сыпайы, (сен -- сіз, сендер -- сіздер) түрде жіктеледі. Осыған орай, жіктік жалғаудың да, тәуелдік жалғаудьщ да екінші жақтарының қосымшалары жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрлерге сәйкес келеді.
Есім сөз бен етістіктің жіктелуіндегі кейбір ерек-шеліктер: Есім сөздің жіктелуі:
1. Есім сөздің түбіріне жіктік жалғауы тікелей жалғанады, мен жұмысшымын, үлкенмін, Сен жұмысшысың, үлкенсің, Сіз жұмысшысыз, үлкенсіз.
2. Есім сөзде III жақ жіктік жалғауы болмайды. Ол жұмысшы. Ол үлкен.
3. Есім сезге жіктік жалғаудың толық түрі жалғанады.
Көптік жалғау. Заттың біреу емес бірнешеу (көп) екендігін білдіретін жалғау көптік жалғау дел аталады. Зат есмдердің көптік формасы көптік жалғаулар -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер сөзге үндестік заңына бағына отырып жасалады.
Көптік жалғауы дегенде екі түрлі үғым бар: бірі - сөздерге көптік мағына беретін көптік жалғауларының (-дар, -дер, -лар, -лер, -тар, -тер) түрі деген үғым болса, екіншісі - сөздердің көптік мағынасының өзі туралы ұғым.
Сөздердің көптік мағынада жұмсалуының үш түрлі тәсілі бар, ол - морфологиялық, лексикалық және синтаксистік тәсіл.
I. Тиісті қосымшалар қосылу арқылы сөздерге көптік үғымының берілуін морфологиялық тәсіл дейміз. Көптік жалғауының қосымшалары: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Бұлар сөздерге үндестік заңының ержелеріне бағына жалғанады. Бұл - олардың жұрнақтарға ұқсастығы.
Ең алдымен, буын үндестігі бойынша жуан буындардан кейін -лар, -дар, -тар, жіңішке буындардан кейін -лер, -дер, -тер жалғаулары жалғанады. Мысалы: бала-лар, қыз-дар, кітап-тар, ісмер-лер, өзен-дер, мектеп - тер.
Екінші ретте, көптік жалғауы қосымшаларының басқы дыбысының л, д, т, дыбыстарынан басталуы жалғанатын сөзінің соңғы дыбысына байланысты болып келеді. Мұны мынадай кестемен беруге болады.
II. Көптік ұғымды ешқандай қосымшаларсыз өз лексикалық ма-
ғынасы арқылы білдіруді лексикалық тәсіл деп атайды.
Жеке-даралап санауға (есептеуге) келмейтін сұйық, ұсақ зат-
тардың аттары: су, сут, сорпа, қымыз, тұз, жарма, жүн, құм, т. б.
Ру, халық, ел аттары: қыпшақ, найман, керей, арғын, қазақ,
қырғыз, өзбек, тәжік, белорус, украин, француз, т. б.
Әрқилы жәндік, аң, хайуан аттары: көбелек, құрт, шіркей,
қоңыз, түлкі, қой, қоян, т. б.
Өсімдік аттары: шөп, арпа, сулы, көде, жусан, бидай, тары, т. 6.
Өмірдегі әр алуан қоғамдық ұйымдардың атаулары: жас алаш, өсімдіктану, дін, мәдениет, қайраткер, астрономия т. б.
Адамның ішкі сезімі, жай-күйі атаулары: алданыш, ермек,
қуаныш, ақыл, достық, ізгілік, кәрілік, жалқаулық, білгірлік, туыс,
еріншектік, т. б.
Көптік ұғымдарды сөз тіркестері арқылы білдіруді синтаксистік
тәсіл дейді. Олар төмендегідей:
Көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар сияқты сөздер зат
есімдердің алдынан келсе, ешқандай көптік жалғауынсыз көптік
мағына береді. Мысалы: көп адам, аз кісі, әлденеше кісі.
Зат есімнің алдынан сан есім келсе, ешқандай көптік жалғауынсыз-ақ көптік мағынаны білдіреді. Мысалы: бес кісі, отыз кісі,
қырық кісі, жеті оқушы.
Осылармен бірге қазақ тілінде өлі жұрнақтар делініп жүрген -ыз, -із, жұрнақтары арқылы берілетін көптік мағына морфологиялык тәсілге жатқызылып жүр. Бұл бірен-саран сөздерде болмаса, көп байқала бермейді. Мысалы: біз, сіз, көз, егіз. Кейбір кос сөздер де көптік жалғауынсыз-ақ көптік мағынаны білдіре алады. Мысалы: ән-күй, бала-шаға.
Көптік жалғауы бірыңғай мүшелі сөйлемнің ішіндегі бірыңғай мүшелерінің әрқайсысына жалғанып жатпай-ақ, ең соңғы мүшеге ғана жалғанады. Мысалы: Хайуанаттар бағынан қасқыр, арыстан, түлкі, аюларды көрдік.
Көптік жалғау
Алдыңғы буын
Соңғы дыбыс
Дауысты және үнді р, й, у
Ұяң з, ж және үнді м, н, ң
Катаң және ұяң б, в, г, д
Жуан
-лар
-дар
-тар
бала-лар, тау-лар
қыз-дар, аң-дар
дос-тар, доп-тар
Жіңішке
-лер
-дер
-тер
үй-лер, бөлме-лер
өзен-дер, гүл-дер
төсек-тер, мектеп-тер
Қазақ мектептерінде көптік жалғауын оқыту принциптері. Жалпы адамзат жарық дүние есігін аша салысымен заттық ұғымдағы нәрселерге, құбылыстарға тап болады. Бірден белгілі бір заттың түр-түсін, сипатын, қимылын санын көріп жатпайды, бірден ол не бұл не деген сұраулар арқылы айналасын, қоршаған ортаны тани бастайды. Дүниеге деген қызығушылығы осы екі сұрақтан оянады. Мысалы, мама деші әке, апа, ата деп қайта-қайта қайталата балаға ұғындыра отырып тілінің тез шығуын қызық көреді. Бірден апаңның жасы 60 та, атаңның жасы 70 де деп жатпаймыз. 2-3 жастағы балаға ол қызық емес, оның үстіне осы жастағы баланың дүниетанымы көп сандарды қабылдамайды, енді-енді тілі шығып келе жатқан балаға жас, кәрі деген түсінік жоқ. Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай көзге көрінетін нәрселер ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әралуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де атайды.
Мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда әрбір грамматикалық тақырып оқушының жасына, сыныбына сәйкес, түсіну қабілетіне лайықталып жеңіл түрде берілу керек. Көбінесе қарапайым түрде мысалды яғни сөйлемдерді молырақ беріп жаңа сабақты сол мысалға сүйене отырып түсіндіру керек. Бірақ оқулықтарда тақырыптарды оқытудың методикалық жақтары ескерілмеуі мүмкін. Сондықтан мұғалімдер оқытатын пәнін сол оқулық көлемінде ғана емес, оны тереңірек және басқа да материалдармен толықтырып өткен жөн. Оқулықта жазылған мәліметті сол күйінде баяндайтын болса, онда мұғалімнің де, сабақтың да оқушылар арасында беделі бола қоймайды. Ондай сабақты оқушылар шын пейілмен зейін қойып, қызығып тыңдамайды. Кітапта бәрі тұр ғой ережені жаттап алып, оқып-ақ үйренерміз деген ойда болады. Сондықтан әрбір мұғалім өз білімін көтеріп, мамандығына байланысты шығатын еңбектерді үздіксіз қарастырып, не көп қазір дидактикалық материалдар, көрнекіліктер тіпті слайд түрінде анық әрі нақты көрсетуге болады. Әр жаңа тақырыпты ерінбей компьютер арқылы слайд шоу жасау арқылы түсіндірсе баланың жадында жақсы сақталады. Жаңа әдәстемелік құралдарды, әсіресе Оксфорд, Кембридж әдістемесі деп аталатын батыстық үлгідегі методиканы пайдалана отырып әрі ондағы жаңалықтарды шығармашылық жолмен өз сабағына ендірсе, сабақ соғұрлым қызықты және түсінікті болмақ.
Қазіргі қазақ тілінде біраз тақырыптар зерттелгенімен әлі де болса талас пікірлер орын алып келе жатыр. Толығымен қазақ грамматикасы оның ішінде жекелеген сөз таптары әбден зерттелді деп айту қиын, енді қайта оралмастай шешілді деп айтуға болмайды.
Орта буын Y-YI сынып оқушыларына арналған мектеп оқулықтарында көптік форма немесе көптік жалғауы тақырып ретінде жалаң грамматикалық ережемен ғана берілген. Көптік форма қандай жағдайда көптік мағына береді грамматикалық және семантикалық мағынасы қандай деген сұрақтар мысал арқылы ашылу керек. Тек қана -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары көптік мағына береді деумен шектелуге болмайды.
Көптік форманы үйретудің тағы бір кезеңі бар. Белгілі бір заттың санын көрсетіп, зат есімнің алдынан сан есім келгенде, зат есімге көптік жалғауы жалғанбай айтылатын түрлері де кездеседі. Қазақ тіліндегі мөлшерлік үғымды білдіретін сөздер бар: көп, мол біраз, бірталай, бірталай, бірнеше. Бұл лексемалар ешқандай морфемасыз көптік ұғымды білдіреді, сондай-ақ бала-шаға, ән-күй, ата-ана, ақын-жыраулар, т.б. осы сияқты қос сөздер көптік ұғымнан гөрі жинақтық мағына білдіреді. дегенмен осы сиқты сөздерді көптік формалардан туған грамматикалық мағына емес, ол сол сөздердің ішкі лексикалық мағынасы болып табылады.
Қазақ тілінде грамматикалық көптік мағына грамматикалық көптік форма арқылы беріледі. Қос сөз тұлғалы зат есімдер де көптік мағынада жұмсалуы екі түрлі жолы бар: 1) мағыналары бір-біріне жуық келетін зат есімнің қосарлануы (құрал-сайман, ағайын-туған, таныс-тамыр). 2) мөлшер мәндегі зат есмідердің дүркін қайталануы, екі рет қайталана отыр жасалатын қос сөздер де бар (қора-қора , үйір-үйір, сала-сала).
Ғылымда зат есімнің жекеше - көпше түрлері әбден қарастырылды деп айту қиын. Бірақ 1954 жылғы оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда (1962,1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп берілген, алайда бұларда жекешелік мағынаға көңіл бөлінбеген, тек қана көптік мағына мен оның берілу жолдары көрсетілген. А.Ысқақовтың оқулығында да көптік мағына талданған. Ғалымның пікірінше, тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады. Одан әрі А.Ысқақов көптік категориясының жасалу жолдарын тілдік нақты мысалдармен дәлелдеген, бірақ көптік жалғау категориясы деген ұғымның сипаты ашылмаған. Осыны жіті аңғарған проф. С.Исаев ол термин және ұғым (көптік жалғау категориясы) көптік жалғау дегенмен барабар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине грамматикалық категория мәнінде) деген термин, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылған. Екіншіден, көптік жалғау категориясы деген термин грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы деп анықталатын грамматикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады,- деген.
Адам атын білдіретін жалқы есімдерге және туыс атауларын білдіретін жалпы есімдердің тәуелді формасына көптік жалғауы жалғанып, бір адамның тобын білдіреді: Сәрсендер, Айгүлдер, Назиралар, апамдар, әкеңдер, әжемдер, т.б.
Мәтінге байланысты көптік мағынаны аңғаруға болады. Мысалы: Сендердің басшыларың бар ма? Бөлмелерің жарық екен. Бұл жерде басшының, бөлменің көптігін білдіріп тұрған жоқ, бұлардың сол қызметкерлерге ортақ басшы екендігін, бөлменің ортақ екендігін білдіреді.
Қазақ тілінде көптік жалғауы барлық есімдерге, оның ішінде сан есімге де жалғанады. Сан есімнің мағыналық топтарының бірі саналатын есептік сан есімге көптік форма жалғана отырып санның мөлшерін білдіреді: Ол жұмысқа сағат екілер шамасында келді. Менің құрбымның жасы қырықтарда. Уақыттың дәл мезетін білдірмеседе шамалап мөлшерін көрсетеді. Шамасында, жуық, мөлшері, шамалы, тарта сияқты көмекші сөздердің қатысуы арқылы жасалады.
Қорыта келе, көптік жалғауы барлық сөз таптарына дерлік түгелдей жалғанады. Бірақ бәрінің бірдей көптік мағынасы бірдей емес, негізгі сөздің семантикасына, оның қай сөз табына жататындығына, мәтінге байланысты олардың әртүрлі мағыналық қырлары болады. Көптік мағына беретін лексемаларды оның мағыналық қырына қарап, көптік формадан бөлек бір грамматикалық құбылыс деп тану дұрыс емес.
1.2 Тәуелдік және септік жалғауларының жіктелу формалары
Тәуелдік жалғау. Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа немесе біреуге (адамға) тәуелді, меншікті екенін бідіреді. Тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене, меншіктене айтылады. Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Сөздің тәуелденуі екі түрге бөлінеді: оның бірі - оңаша тәуел - дену, екіншісі - ортақ тәуелдену. Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа немесе адамға меншікті екенін білдіруді оңаша тәуелдену дейді. Мысалы: дәптер-ім, дәптер-ің, дәптер-іңіз, дәптер-і, дәптер-лер-ім, дәптер-лер-ің, дәптер-лер-іңіз, дәптер-лер-і. Бір не бірнеше заттың көп затқа немесе бірнеше адамға меншікті екенін білдіруді ортақ тәуелдену дейді. Мысалы: біздің дәптер, біздің дәптер-лер-і- міз.
Тәуелдік жалғауы дегенде, меншіктенуші (иеленуші) жақ пен меншіктелуші (меншігіне айналатын) зат қоса-қабат жүреді. Иеленуші (меншіктенуші) жақ жіктеу есімдіктерінің үш жағының (анайы түрі; мен, сен, ол, біз, сендер, олар; сыпайы түрі: сіз, сіздер) бірімен байланысты болып отырады. Осылардың қай-қайсысы болмасын ілік септігінің жалғауында тұрады. Мысалы:
менің біздің
сенің сендердің
сіздің сіздердің
оның олардың
Меншіктенуші жақ зат есім болғанда да, ілік септіктін жалғаулары жалғанады.
Меншіктелуші (меншігіне айналатын) заттың да өзіне тән грамматикалық көрсеткіштері бар, Олар сөздерге үндестік заңының сингармонизм ыңғайына қарай жалғанады.
Жақ
Дауысты дыбыстан соң
Дауыссыз дыбыстан соң
І
-м, -мыз,-міз,
әкем, апамыз, әкеміз
-ым, -ім, -ымыз, -іміз, қызым, келінім, қызымыз, келініміз
ІІ
-ң, -ңыз, -ңіз, әкең, апаң, әкеңіз
-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, қызың, -келініңіз
ІІІ
-сы, -сі, әкесі, апасы
-ы, -і, қызы, келіні
Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауын олардың тәуелденуі дейді.
Тәуелдік жалғауының II жағының анайы және сыпайы түрі болады. Мысалы: апаң, апаңыз.
Сөз жекеше де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір ғана адамға не затқа тән екендігін білдіреді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелділік деп аталады. Ал сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я біртектес бірнеше зат бір адамға (я бір затқа) ғана меншікті екендігін білдіреді. Тәуелділіктің бұл түрі ортақ тәуелділік деп аталады.
Мысалы:
Менің атам, қаламым
Сенің атаң, қаламың
Сіздің атаңыз, қаламыңыз
Оның атасы, қаламы
Ал бір не бірнеше зат я нәрсе бір адамға тиісті, меншікті болса, ондай тәуелдеуді ортақ тәуелдеу дейді. Мысалы: біздің апамыз, қаламымыз, сендердің апаларың, қаламдарың.
Тәуелдік жалғауының I, П жақтары үнемі адамға, кісіге қатысты айтылады да, III жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты болады. Мысалы:
Менің көлігім
Сенің көлігің
Сіздің көлігіңіз
Оның көлігі
Ескерту. Біздің, сіздің деген ілік жалғаулы сөздерден кейін келетін сөздердің тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылуы мүмкін. Мысалы: біздің үй, біздің ел, біздің бала, сіздің ауыл, сіздің мектеп. Мұнда бірі -- анықтаушы, екіншісі анықталушы сөз ретінде келіп, тәуелдік категориясын білдіреді.
Тәуелдену мағынасы кейде -нікі (-дікі, -тікі) жұрнағы арқылы да беріледі. Мысалы: менікі, сенікі, сіздікі, біздікі, сендердікі, біреудікі, институттікі, кітапхананікі, Әсеттікі, т.б. Мұндай жағдайда меншігіне айналатын (меншіктелуші) зат иеленуші (меншіктенуші) заттан бұрын тұрады. Мысалы, қаламсап менікі (менің қаламсабым), дәптер Асандікі (Асанның дәптері).
Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің екеуі үнемі қатар келе беруі шарт емес, кейде айтылуға жеңіл болу жағы көзделіп, өлең стилінде ықшамдалып, ілік жалғаулы есімдіктер түсіріліп те айтыла береді. Мысалы: Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар адам жоқ (Абай). Жас болғанда төбеме секірдің. Тәуелдік жалғауы туыстық қатынастағы сөздерге үнемі жалғанды: әкем, шешем, ағам, інім, апам, нағашым, т. б.
Сонымен бірге адамның дене мүшелеріне қатысты зат есімдерге жалғанады: басым, аяғым, қолым, ішім, бүкіл денем. Сондай-ақ заттанған (субстантивтенген) басқа сөз табына да жалғана береді. Мысалы: Шашының ағы молайып барады.
Тәуелдену
Жақ
Соңғы дыбыс
дауысты
дауыссыз
ІІ Менің
-м
-м
-ым
-ім
аға-м, қала-м
әке-м, терезе-м
қыз-ым,
ат-ым
ел-ім, үй-ім
II Сенің
-к
-и
-ың
-ің
аға-ң, қапа-ң
әке-ң, терез- ең
қыз-ың, ат-ың
ел-ің , үй-ің
Сіздің
-ңыз
-ңіз
-ыңыз
-іңіз
аға-ңыз, қала-ңыз
әке-ңіз, терезе-ңіз
қыз-ыңыз, ат-ыңыз
ел-іңіз,үй-іңіз
III Оның
-сы
-сі
-ы
-і
аға-сы, қала-сы
әке-сі, терезе-сі
қыз-ы, ат-ы
ел-і, үй-і
Буын
жуан
жіңішке
жуан
жіңішке
Ортақ тәуелдену
Жақ
Соңғы дыбыс
Дауысты
Дауыссыз
I Біздің
-мыз
-міз
-ымыз
-іміз
ата- мыз, қала-мыз
іні-міз,
терезе-міз
қыз-ымыз,
ат-ымыз
ел-іміз,
үй-іміз
IIСендердің
-ың
-ің
-ың
-ің
ата-лар-ың, кала-лар-ың
іні-лер-ің, терезе-лер-ің
қыз-дар-ың, ат-тар-ың
ел-дер-ің, үй-лер-ің
Сіздердің
-ыңыз
-іңіз
-ыңыз
-іңіз
ата-лар-ыңыз, қала-лар-ыңыз
іні-лер-іңіз, терезе-лер-іңіз
қыз-дар-ыңыз, ат-тар-ыңыз
ел -дер- іңіз, үй-лер-іңіз
IIIОлардың
-сы
-сі
-ы
-і
ата-сы, қала-сы
іні-сі, терезе-сі
қыз-ы, ат-ы
ел-і, үй-і
Буын
жуан
жіңішке
жуан
жіңішке
Тәуелдік жұрнақтар -нікі, -дікі, -тікі. Меншіктік форма (тәуелдену ұғымын) тудыратын -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы ілік септіктің -ның (-нің-дың, дің-тың-тің) жалғалуы және -кі, -қы, -ғы, -гі жұрнағынан бірігіп пайда болған. Бұл форма арқылы туатын меншіктілік меншіктелуші (иеленуші) заттан жеке де айтыла береді. Тәуелдік жұрнақтардың басқа жұрнақтардан ерекшелігі - жуан формасы болмайды. Мысалы: ме-нікі, се-нікі, сіз-дікі, біз-дікі, сеңдер-дікі, кім-дікі, мына-нікі, кітапхана-нікі, Әсет-тікі, Нұргүл-дікі, Роза-нікі т.б.
Септік жалғау. Сөздерге грамматикалық мағына үстеп, оларды бір-бірімен жалғастырып, септестіріп, байланыстырып тұратын қосымшапарды септік жалғаулары деп атайды.
Сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды. Септелудің екі түрі болады: 1) жай септеу; 2) тәуелді септеу. Тәуелденбей тұрған сөздердің септелуін жай септеу дейміз. Ал сөздердің тәулденгеннен кейін септелуін тәуелді септеу дейміз. Септеудің жай және тәуелді формаларында 7 септік, 6 түрлі жалғау бар.
1. Атау септік. Атау септігіндегі сөз кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Атау септігі өзге септіктерге негіз болады. Бұл септіктегі сөзге тәуелдік жалғауы жалғануына қарай сұрақтардың да кімім? нем? кімің? нең? кіміңіз? неңіз? кімі? несі? тәріздес өзгере беруі мүмкін. Атау септігіндегі сөз көбінесе бастауыш болады.
2. Ілік септік. Ілік септігіндегі сөздер кімнің? кімдердің? ненің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді. Ілік септігінің жалғаулары: -ның -нің, -дың, -дің, -тың, -тің. Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады. Ілік септігіндегі сөз көбінесе анықтауыш болады.
3. Барыс септік. Барыс септігіндегі сөздер кімге? кімдерге? неге? нелерге? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Барыс септігінің жалғаулары: -қа, -ке, -ға, -ге, -а, -е, -на, -не. Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанады. Барыс септігіндегі сөздер кімге? кімдерге? неге? нелерге? деген сұрақтарға жауап бергенде толықтауыш болады да, қайда? сұрағына жауап бергенде пысықтауыш болады.
4. Табыс септік. Табыс септігіндегі сөздер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді. Табыс септігінің жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н. Бұл жалғаулар буын және дыбыс үндестігі зандылықтарын сақтап жалғанады. Табыс септігіндегі сөз тура толықтауыш қызметін атқарады.
5. Жатыс септік. Жатыс септігіндегі сөздер кімде? кімдерде? неде? нелерде? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап береді. Жатыс септігінің жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде. Бұл жалғаулар буын және дыбыс үндестігі заңдарына сәйкес жалғанады. Жатыс септігіндегі сөздер кімде? неде? деген сұрақтарға жауап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz