Мектепте үстеуді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділіктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4бет

І ТАРАУ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

1.1 Ескерткіш тіліндегі үстеулер және олардың шығу тектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.8бет
1.2 Үстеудің мағыналық түрлері және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.14бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ҮСТЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС.ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ

2.1 Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.22бет
2.2 Мектепте үстеудің мағыналық түрлерін оқытудың жаңа әдіс.тәсілдерін пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.24бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 26бет
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тіліміз бай әрі көп салалы. Оны зерттеу бір басқа да, меңгерту тіптен бөлек. Қазақ тілінің грамматика саласындағы сөз таптарын меңгерту – «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі мәселелерінің бірі. Әсіресе, сөз таптары ішіндегі сан есімді оқыту мәселесі ерекше. Үстеу – оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Үстеуге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар. Олай болса, үстеу – сөздерді топтастырудың бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан мезгілдік, мекендік ұғымды білдіретін сөздер. Үстеулер – тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын үстеулердің өзіндік зерттеу тарихы бар. Н.И. Ильминскийдің, М.Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің, Н.Ф. Катановтың еңбектерінде үстеулер жеке сөз табы ретінде қарастырылған.
Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Ч.Темпл, К.Мередит, Д.Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының оқушының танымдық қабілеті мен ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сөз табы ретінде үстеулерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау, оларды зерттеген ғалымдардың еңбектерінің ерекшеліктері мен пікірлеріне сүйеніп, сан есімнің мағыналық түрлері мен жасалу жолдарын қарастыру, ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға үстеулердің мағыналық түрлері тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Үстеулер түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау;
4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-тәсілдерін айқындау.
1. Сарбалаев Ж. «Сөзжасам мәселелері». -Алматы: Арыс 2002.
2. Жуынтаева З.Н., Тұрсынова М.А. «Көне түркі тілі» -Қарағанды: ЖШС Санат- Полиграфия 2009.
3. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі». -Алматы, 1971.
4. Қазақ грамматикасы. -Елорда.2002.
5. Есенқұлов А. «Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар». -Алматы, 1976.
6. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі». –Алматы: Ғылым, 1989.
7. Ганиев Ф. А. «Суффиксальное слово образавание в современном татарском литературном языке». -Казань, 1974.
8. Дмитриев Н. К. «Грамматика башкирского языка». М-Л., 1948.
9. «Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология». -Алматы: Ғылым, 1967.
10. Ысқақов А. «Қазіргі қазақ тілі. Морфология». -Алматы: Ана тілі, 1991.
11. Аханов К. «Тіл білімінің негіздері». – А., 2002.
12. Исаев С. «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты». А., 1998
13. Исаев С. «Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар». А., 1992
14. «Қазақ грамматикасы». Астана, 2002
15. Қасабек Қ., Мұхамади Қ. «Қазіргі қазақ тілі. Морфология». А., 2004.
16. Жұбанов Қ. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер». Алматы:
17. Хасенов Ә. «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер».
18. Төлеуов Ә. «Сөз таптары». – Алматы: Мектеп, 1982.
19. ҚалыбаеваА., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.
20. Әбілқаев А. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Алматы: Санат, 1995.
21. Құлмағамбетова Б., Исанова А., Исинғарина М., Көккөзова М., Құрманғалиева Р., Айтжанова П. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі». Алматы: Білім баспасы, 2000.
22. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі». Алматы, 1993.
23. Мүшебаева Ә. «Қазақ тілі мен әдебиеті». №3/2002. Сан есімді қорытындылау.
25. Бұзаубақова Қ.Ж. «Жаңа педагогикалық технология». Тараз, 2003.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4 бет

І ТАРАУ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

1.1 Ескерткіш тіліндегі үстеулер және олардың шығу тектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-8бет
1.2 Үстеудің мағыналық түрлері және олардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-14бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ҮСТЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ

2.1 Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15-22бет
2.2 Мектепте үстеудің мағыналық түрлерін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-24бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...26бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тіліміз бай әрі көп салалы. Оны зерттеу бір басқа да, меңгерту тіптен бөлек. Қазақ тілінің грамматика саласындағы сөз таптарын меңгерту - Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің негізгі мәселелерінің бірі. Әсіресе, сөз таптары ішіндегі сан есімді оқыту мәселесі ерекше. Үстеу - оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Үстеуге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар. Олай болса, үстеу - сөздерді топтастырудың бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан мезгілдік, мекендік ұғымды білдіретін сөздер. Үстеулер - тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын үстеулердің өзіндік зерттеу тарихы бар. Н.И. Ильминскийдің, М.Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің, Н.Ф. Катановтың еңбектерінде үстеулер жеке сөз табы ретінде қарастырылған.
Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Ч.Темпл, К.Мередит, Д.Стилл ұсынған Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының оқушының танымдық қабілеті мен ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сөз табы ретінде үстеулерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау, оларды зерттеген ғалымдардың еңбектерінің ерекшеліктері мен пікірлеріне сүйеніп, сан есімнің мағыналық түрлері мен жасалу жолдарын қарастыру, ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға үстеулердің мағыналық түрлері тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Үстеулер түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау;
4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-тәсілдерін айқындау.
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер үстеу түрлерін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе; білім берудегі инновациялық технологиялар мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені қазіргі заманғы жаңашыл тәжірибелер оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына жол ашады.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

0.1 Ескерткіш тіліндегі үстеулер және олардың шығу тектері

Көне жазба ескерткіштерінде кездесетін үстеулер қазіргі түркі тіліндегі сияқты. Орхон-Енесей жазбаларындағы үстеулер мынадай мағынада қолданылады: мезгіл, мекен, сын, мөлшер, күшейткіш, мақсат, топтау.
Мекен үстеулер -йа, -йе немесе -ғару, -геру-, -а, -е, -ре, -ңару жұрнақтары арқылы жасалып, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беріп, іс-әрекеттің мекенін, бағытын білдіреді:
Ілгері күн тоғыққа - Ілгері күн шығысқа. Осымен қатар, бүргері немесе бірійе (оңға оңтүстік) йырғару немесе йырайа (солға, солтүстік) болып қолданылады. Ічре ашсыз - Іші ассыз; Ташра тонсыз - сыртқы тонсыз. Үзе көк теңрі - жоғарыда аспан тәңірі. Бағытты білдіретін туынды сөздердің - ғару, -гері және - йа, йе қосымшаларының беретін мағыналары да, атқаратын қызметі де бірдей. Ескерткіштерді - ғару, -геру қосымшаларының варианты ретінде кейде - ңару, -ңеру қосымшалары қолданылады: Йеріне субыңару қанты - Жеріне, суына жақын қондым; Йырғару түн ортусыңару - сол жақты түн ортасына;
Мезгіл үстеулер -қа, -ре, -түз, -ты, -інче, -че жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, қашан?қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді, іс - әрекеттің мезгілін, уақытын білдіреді: Өңре күн тоғсықда - Әуелі күн шығысқа; Антағ өдке өкүніг - Сондай уақытта өкініп; Анчағ есідіп - Қазір ғана естіп; Күнтүз олурматым - Күндіз отырмадым.
Сын (бейне) үстеу - е, -ті, -ле, -ча жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, қалай? қалайша?т.б. сұрақтарға жауап береді, іс-әрекеттің неше түрлі істелу жолын білдіреді: Сабымын түгеті есідгіл - Сөзімізді түгел естіңдер; Бу сабымен едгүті есід - Бұл сөзімді жақсылап есті. Бірле сүңүштім - Бірге соғыстым; Оғланым ерде марымынча бол - Ұлым, ұстазымдай даңқты бол; Сондай-ақ ескерткіштерде тег сөзі өзінен бұрынғы сөздермен тіркесіп келіп, қазіргі қазақ тіліндегі - дай, -дей жұрнақтарының қызметін атқарады: көрмезтег-көрсместей, білмезтег-білместей, бөрітег-бөрідей, қонтег-қойдай;
Мөлшер үстеулер - ча жұрнағы жалғану арқылы жасалып, істің мөлшерін білдіреді, қанша? неше?сияқты сұрақтарға жауап береді: Анча будун - осыншама халық; Бунча йірке тегі йорыттым - Мұншама жерге дейін жүрдім.
Күшейткіш үстейлер - чығ, -ын, -ін жұрнағы жалғану арқылы жасалып, істің, не заттың көлемін үлкейтіп көрсетеді, қалай?қандай? сияқты сұрақтарға жауап береді: Аңар адычағ барқ йаратурдым - Оған бөлекше мазар салдырдым; Ішін тасын адынчығ бедіз уртым - Іш-сыртына бөлекше өрнек салғыздым.
Мезгіл үстеулері -ғалы, -гелі жұрнағы арқылы жсалып, іс-әрекеттің мақсатын білдіреді: Санағалы түсүртіміз - Санағалы тоқтадық; Кісі оғлы көп өлгелі туған [2,86].
Топтау үстеуі - егүн жұрнағы арқылы жасалып, іс-әрекеттің біреу емес, бірнеше адамдардың бірігуімен істелетіндігін көрсетеді: үчегүн қабусуп сүлелім-үшеулеп бірге соғысайық [3,87].
Түркі тілдерінде туынды үстеулер екі түрлі қосымша жалғану арқылы: бірі - сөз тудырушы жұрнақтар арқылы, екіншісі - басқа сөз таптарына тән әр түрлі сөздің кейбір көнеленген септік жалғаулары арқылы жасалады. Орхон-Енисей жазбаларында қосымшалар арқылы жасалатын туынды үстеулер арқылы жасалатын туынды үстеулердің осы екі түрі де кездеседі. Септік жалғаулардың көнеленуі арқылы бірер ғана туынды сөздео кездеседі.
Мағынасы жағынан мүлде алыстап, септік жалғаулы сөз қалпында қабылданылмай қалыптасып кеткен үстеу ретінде танылады: бірле сүңүшдім - бірге соғыстым.
М.Қашқаридың Түрік сөздігіндегі үстеу жасайтын біраз аффикстер қазіргі түркі тілдерінде де, соның ішінде қазақ тілінде де ұшырасады.
Алайда, мынандай бір-екі жағдайды ескеру керек: ең алдымен ол заманғы түркі тілдерінде үстеу жасайтын аффикстер мен үстеу сөздер сан жағынан аз да, екіншіден, үстеу жасайтын аффикстердің біразы тілімізде фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Солай бола тұрса да, қазіргі тілдің құрамындағы аффикстерді ескерткіш тілімен салыстыру олардың генезисін айқындауға үлкен жәрдем беретінінде сөз жоқ.
Сөздікте үстеу жасайтын актив аффикстердің бірі - ла, -ле: Бір түлкү терісін ікіле соймас - Бір түлкінің терісін екеулеп соймас; Түнле йүрүп, күнтүз севнүр - Түнде жүріп, күндіз көңіл көтерер; Сөздікте үстеу жасау қызметінде біршама жиі қолданылатын - лайу, -лейү қосымшасының құрамында да осы -ла аффиксі бар сияқты. М.Қашқари осы аффикспен келген мына тәрізді сөздерді береді: Улышыб ерен бөрлейү - Ұлысып ерлер бөрідейін; Арысланлайу көкредім - Арыстандайын ақырдым; -Ча, -че аффиксі көбінесе етістіктің есімше тұлғаларына жалғанып, үстеу қызметінде жұмсалатын сөздер жасайды:Түнле булт өртенсе, евлуқ уры келдүрмүшче болур, таңда булт өртенсе евге йағы кірмішче болур - Түнде аспан қызарса, әйел ұл туғандай болар, таңда аспан қызарса, үйге жай келгендей болар[2,87].
Үстеу шығу тегі жағынан алып қарағанда, басқа сөз таптарынан келіп шыққан грамматикалық категория. Сөздер мен сөз тіркестері өзінің ұзақ тарихи қолданылу процесінде алғашқы мән-ерекшеліктерін жойып, бірте-бірте көнереді де, үстеулерге келіп қосылады. Өзінің тура мағынасынан ажырап, абстракцияланып кеткен қосымшаларда кіріккен түбірлерімен бір бүтін тұлға болып, үстеу категориясына өтіп отырады. Сондықтан да тұлғасы да тиянақты, берік болады. Әрине, өзінің о бастағы лексика-семантикалық қасиетімен үстеу үстеу сөз табына жататын сөздер де жоқ. Бірақ оларды белгілі сөздер тіркесінде, белгілі бір сөздердің қоршауында тұрғанда ғана ажыратуға болады [5,181].
Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы жасалуы. Сөзжасам саласында үстеудің синтетикалық тәсілдер арқылы жасалуы әр қилы болып келеді. Өйткені бұл сөз табының қалыптасуына түрліше жұрнақтар қатынасады. Мұндай жұрнақтар үстеудің туындауында үстеу сөз табының өзіне не болмаса басқа сөз таптарына жалғанады. Бұл ретте, әсіресе соңғы жолдың қолданысы күшті болады. Өйткені арнайы бір қосымшалар белгілі сөз таптарына жалғану арқылы енді оларды басқа бір сөз таптарына айналдырып жібереді. Сөзжасам жұрнақтарының басты бір қызметі осындай қасиетімен айқындалады.
Сөзжасам жайында сөз қозғалған әдебиеттерде бұл мәселе сөз таптарының ыңғайында әңгіме болады, ал енді қайсыбірлерінде сөз таптарының аясында сөзжасам жұрнақтар жеке-жеке саралай көрсетіледі. Осы соңғы әдісті дұрыс деп санаймыз, өйкені бұдан басқа сөз таптары тәріздес, үстеудің де жасалу жолдары бірден айқын көрінетін болады. Осы жағын ескере отырып, үстеудің морфологиялық тәсілдер арқылы жасалу жолдарын жеке жұрнақтар төңірегінде жүргіздік. Бұл салада бір жұрнақтар үстеу қызметінде молынан жұмсалса, енді біреулері аз мөлшерде қолданылады. Осындай сипатына байланысты оларды әдеттегідей өнімді және өнімсіз жұрнақтар деп қарауға болады. Біз ең алдымен солардың өнімді түрлерін әңгіме етпекшіміз. Сондай-ақ бұл жұрнақтардың қай сөз табымен келетінін де саралай отырамыз.
Осы арада бір ескерте кететін жайт - кейбір үстеу сөздердің (басқа сөз таптарының) мағыналарын айқындау кейде қиын соғып жатады. Сондықтан да қиындықтың бұл түрінен арылу үшін қосымшалы кез келген сөздердің мағыларын айқындауда олардың екі түрлі қарым-қатынастарына баса назар аударатын боламыз: сөздердің бастапқы түбір қалпы мен оларға жалғанатын жұрнақтардың өзаралық мағыналық қарым-қатынастары. Бұл жайтты өз еңбегінде проф. Э.В.Севортян өте орынды айткан.
Үстеулердің өздеріне тән айырым синтетикалық жолдарын айтпастан бұрын септік жалғауының ыңғайында келген үстеу сөздерге тоқтала кеткен жөн. Өйткені мұндай сөздер былай сырт қарағанда түбір және қосымша морфемаларға ажыралып тұрғанмен, сол қалпында тұтасымен үстеулердің табиғатын танытады. Осы тәріздес сөздер кеңістік қатынастағы септік жалғауларында (бірге, босқа, зорға, демде, анада, бозалаңда, бірден, кенеттен, түнімен) келіп, әр мәнді үстеу сөз таптарын құрап тұрады. Мұндағы қосымшалар бір кезде септік жалғаулары болып танылғанмен, осындай қолданыста енді сөзжасам аффиксіне айналып кеткендігін аңғартады. Осындай қосымшалы сөздер жайында проф. Н.К.Дмитриев кезінде төмендегідей ой білдірген. Басқа тілдер тәріздес, башқұрт тілінде де үстеудің түрлері өзге сөз таптарынан бастапқы сөз өзгерту қызметінен бүтіндей ажырап, өлі формаларға айналып кеткен көрсеткіштер арқылы толығып отырады. Мұндайда бір септік жалғаулары айрықша мәнге ие болады. Олар өздері жалғанған түбір сөздің мәнісінен ажырап, жаңа сөз жасауға себепші болады да, тек этимологиялық тұрғыдан ғана негізгі зат есімдермен байланысып жатады.
Міне, бұл айтылған заңдылықтың қазақ тіл біліміне де тікелей қатынасы бар. Септік жалғауларының ыңғайында жұмсалған үстеу сөздер осындай қасиетімен танылады. Профессор А.Ы.Ысқақов осындай құрылыстағы үстеулердің көрсеткіштерін жартылай аффиксті деп қарайды. Қалай болғанда да бұл қосымшалар түбір сөздермен кірігіп кетіп, әр мәнді үстеулерді жасауға ерте кездің өзінен-ақ ат салысқан. Соларды жекелей сараласақ, олардың көрінісі төмендегідей болып келеді [6, 322].

0.2 Үстеудің мағыналық түрлері және олардың ерекшеліктері

Тілімізде қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амал-тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын т. б. сипаттарын білдіретін сөздер бар. Осы топтағы сөздер үстеу деп аталады. Мысалы: Ескі Еділ ерді көрген бұрын талай (И. Б.). Бастауымен Лениннің көшті ілгері керуен (Ж. Ж.). Көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызды (Ы. А.). Жоғары-төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сыпылдап (А). Ішім өлген, құр денем сау, Босқа үрейім жүр менің Жарамайды бекер алдау, Теңің емес мен сенің (А).
Берілген мысалдардағы бұрын, талай, ілгері, жылдам, жоғары-төмен, босқа, бекер деген сөздердің мағынасына, тұлғалық ерекшеліктеріне назар аударып қарайық. Бұрын сөзі көру іс-әрекеттің болған мерзімін, іске асу мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа жауап беріп тұр (қашан көрген?). Талай сөзі көру іс-әрекетінің мөлшерін білдіріп, қанша? (немесе қалай?) деген сұраққа жауап беріп тұр (қанша көрген?). Ілгері сөзі көшу қимылының мекенін (бағытын, орнын) білдіріп, қайда? деген сұраққа жауап беріп тұр (қайда көшті?), Жылдам сөзі алғызу қимылынын амалын, сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр (қалай хабар алғызды?). Жоғары-төмен кос сөзі ұшып тұру қимылының әрі амалын, бейнесін, әрі мекенін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр (калай ұшып тұрса?). Босқа сөзі жүру кимылының себеп-мақсатын, амалын білдіріп, қалай? немесе қайтіп? не себепті? деген сұрақка жауап беріп тұр (қайтіп... жүр?). Бекер сөзі алдау іс-әрекстінің себебін білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр (қалай алдау?).
Сөйтіп, бұл сөздердің қолданылуында мынадай ерекшеліктер байқалады. Біріншіден, мысалдардағы талданған сөздер қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздермен, яғни етістіктермен тіркесіп жұмсалған. Екіншіден, олар етістіктің, яғни қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздердің әр түрлі белгісін, қасиетін (мекенін, мезгілін, амалын т. б.) білдіреді. Бірақ сөйлемде ондай мағынада қолданылған, сөздің бәрі бірдей әрдайым үстеу бола да бермейді. Мысалы: Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға (А). Еділ үшін етестік (М). Аспандап ұшқан қызғыш құс (М). Құсалыкпен өтті ғой Махамбеттің көп күні! (М).
Бұл сөйлемдегі қан сонарда (қашан?) шығу қимылының мезгілін, тастан (қайдан?) табылу іс-әрекетінің мекенін, Еділ үшін (не үшін?) егесу қимылының мақсатын, аспандап (қалай?) ұшу қимылының амалын білдіріп тұр. Сөйте тұрса да бұлар үстеу бола алмайды.
Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге келмейтін, грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөздерді үстеу деп атайды.
Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т,б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты - оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады (А. Ысқақов) деген пікірдің қате екенін көрсетеді. Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары барлық үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық негізгі түбір үстеуге түгел жалғана алуы керек. Ондай жаппайлық қасиет мұнда жоқ, сондықтан үстеуде шырай категориясы жоқ. Әрине, бірлі-жарым үстеуге шырай категориясының қосымшалары жалғануы кездейсоқ емес. Олар көбіне негізгі түбір және қимылдың сапалық мәнін білдіретін үстеулер болып келеді. Бұның өзі тарихи жағьнан үстеудің сын есіммен жақындығын, төркіндес екендігін ғана көрсетсе керек. Синтаксистік қызметі, ең алдымен, үстеудің семантикалық ерекшелігіне байланысты болғандықтан, яғни үстеу қимылдың, іс-әрекеттің алуан түрлі белгілерін білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесіп, көбіне пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Үстеудің құрамдық түрлері. Үстеулер құрамына қарай негізгі түбір үстеулер, туынды түбір үстеулер және күрделі түбір үстеулер болып үшке бөлінеді.
1. Негізгі үстеулерге қазіргі кезде кұрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер жатады. Мысалы: жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жоғары, төмен,қазір т. б.
Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының -рақ, -рек, -ырақ. -ірек, және -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдам -- жылдамырақ, жылдамдау (жүр), тез-тезірек, тездеу (бер), ілгері-ілгерірек, ілгерілеу (отыр), кеш-кешірек, кештеу (кел) т. б.
2. Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірге сіңісіп, кенеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.
Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар.
1) -ша, -ше: адамша (сөйлейді), балаша (күлді), бұлбұлша (сайрады), көзінше (айтты), ескіше (оқыған) т. б.
2) -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: шикілей (әкелді), қыстай (дайындалды), осылай (жаз), ақшалай (берді) т. б.
3) -дайын, -дейін, -тайын, -тейін: (бұл -дай, -дей, -тай, -тей және -ын, -ін қосымшаларынан құралған құранды жұрнақ): тотыдайын (таранған), сұңқардайын (сыланған), бұлақтайын (саркылдап), жорғадайын (шайқалып) т. б.
4) -шама, -шеме (-ша+ма, ше+ме) және -шалық, -шелік (ша+лық, ше+лік) құранды жұрнақтар: осыншама (сөйледі), соншалық (қуанды), осыншалық (жүру) т. б.
5) -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше құранды жұрнақтар: айтпайынша (келмейді), оқымайынша (білмейді), тыңдамайынша (түсінбейді) т. б.
Түбірге сіңісіп, көнеленіп үстеу тудыратын септік жалғаулар:
1) барыс септіктің көнелеуінен қалыптасқан үстеулер: бірге (жүр), кешке (қайт), босқа (жүрме), зорға (көтерді), текке (ұрысты) т. б.
2) жатыс септіктің көнелеуінен қалыптасқан үстеулер: баяғыда (болыпты), аңдаусызда (сөйлеп қалды), қапыда (қалды) т. б.
3) шығыс септіктің көнелеуінен қалыптасқан үстеулер: шалқасынан (құлады), кеңінен (әңгімелесті), шетінен (біледі), тосыннан (сөйледі) т. б.
4) көмектес септіктің көнелеуінен қалыптасқан үстеулер: -жөнімен (айт), кезекпен (бар), шынымен (ойлады), ретімен (жүрді).
Үстеудің мағыналық түрлері. Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрге бөлінеді: 1. Мезгіл үстеуі. 2. Мекен үстеу. 3. Сын-қимыл (бейне) үстеу. 4. Мөлшер үстеу. 5. Күшейту (күшейткіш) үстеу. 6. Мақсат үстеу. 7. Себеп-салдар үстеу.
Мезгіл үстеуі. Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді, т.б.
Мекен үстеуі. Мекен үстеуі іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті, т.б.
Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді, т.б.
Сын-қимыл үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Мөлшер үстеуі. Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді.
Мөлшер үстеуі. Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістікпен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр. Ал онша биік емес, анағұрлым үлкен, недәуір ұзын дегенде, онша, анағұрлым, недәуір мөлшер үстеулері биік (емес), үлкен, ұзын тәрізді сын есімдермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіріп тұр.
Мөлшер үстеулері құрамы жағынан туынды не күрделі түбір болып келеді.
Күшейткіш үстеу. Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т.б.
Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйледі, т.б.
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.
Мақсат үстеуі. Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана, т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді., т.б.
Себеп-салдар үстеуі. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың, т.б.

Морфологиялық құрамы жағынан үстеу негізгі түбір үстеулер (ерте, еш, сәл, қазір, жоғары, т.б.), туынды түбір үстеулері (балаша, соншалық, жасырын, т.б.), күрделі түбір үстеулер (бүгін, биыл, қолма-қол, жапа-тармағай, күні кеше, ала жаздай, томаға тұйық, қаннен қаперсіз, т.б.) болып бөлінеді.
Үстеудің жасалуы төмеңдегідей:
1. Синтетикалық (морфологиялык) тәсіл: -ша,-ше: қазақ-ша, қысқа-ша, ескі-ше; -лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей: өлер-дей, шикі-лей, қыс-тай, т.б. -дайын.-дейін: тоты-дайын таранған,; -шалық, -шелік, -шама,-шеме: сон-шалық, осын-шама; -дайлық: сон-дайлық,; -шаң, -шең: көйлек-шең, етік-шең; -сыз,-сіз: қаннен қапер-сіз, ысырап-сыз: -ын,-ін, -н: жасырын, үстіртін, қырын; -сын,-сін: кешкісін, ертеңгісін; т.б. -ы,-і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі.
2. Лексика-семантикалық тәсіл:
а) басқа тілден енген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т.б.
ә) семантикалық процесс арқылы, яғни адвербиалдану арқылы жасалған үстеулер: соң (зат атауынан соң дегеннен), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте, лықа, айнала, т.б. көсемше тұлғаларынан қалыптасқан.
3. Семантикалық-синтетикалық тәсіл. Көлемдік септік формалары мен кейбір сөз таптарына қатысты жұрнақтар жалғанған сөздер адвербиалдану (семантикалық) процесі арқылы үстеуге айналып кеткен. Сөйтіп, бұл жерде екі түрлі процесс, бірі - қосымша үстелу, екіншісі - семантикалық процесс (таза семантикалық тәсілден айырмашылығының өзі осында, өйткені бұл қосымшалардың үстеу тудыру - негізгі сипаты, мәні емес), қатар жүріп отыр. Олар: а) барыс септік арқылы: босқа, жатқа, артқа, т.б.). ә) жатыс септік арқылы: мұнда, түнде, алда, б) шығыс септік: шетінен, тосыннан, қатеден, төтеден, кеңінен; в) көмектес септік: жайымен, жөнімен, шынымен, кезекпен,; -лап,-леп, дап,-деп, тап, теп; ойыншылар, жездейшілеп, т.б.
4. Аналитикалық тәсіл. а) сөздердің бірігуі: бүгін (бұл күн), биыл (бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар
Қазақ әдебиеті сабағында қолданатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты
Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті оқыту құралдарын жасау әдістемесі
Электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері
Сөз тіркестерін оқытуда оқытудың модульді - интерактивті технологиясы арқылы оқытудың тиімділіктері
Киелі сан есімдерді қазақ тілін оқытуда пайдалану
Технология мен әдістеменің ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы
Шығармашылық ойлау дағдысы
Еліктеуіш сөздерден жасалған үстеулер
Пәндер