Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие процесінде ескерілуі



Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық – физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым – қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп – жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.
Сана – сезімнің, дене күш – қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл – саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз – адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. Перзент сүю – ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру – бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи заңына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерешеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткеншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуына үнемі қозғалыс үрдісі ретіндегі қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, ал сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Жасөспірімдік кезеңді балалардың қиын кезеңі деп те айтады. Олай
дейтін себебі жасөспірімдерде менмендік асқындай береді. Материалдық,
рухани жағынан отбасына, мектепке тәуелді болғанымен, бұл жастағы балалар
жаман қылықтарға әуес болады, көп мәселені өз бетінше шешкенді дұрыс көріп,
тәуелсіздігі асқындайды.
Жастық шақта балалар отбасының тәуелдігінде, мектептің ықпалында
бола тұрып көп мәселеге өзіндік тұрғыдан қарайды, өмірге көзқарасы өзгеріп,
жасөспірімдік кезеңдегі жағымсыз іс - әрекеттерге сын көзбен қарайды.
Бала жасының осы төрт кезеңін талдай отырып, жас ерекшелік
педагогикасының мазмұны мен құрылымында мына төмендегідей логикалық
байланыс бар екеніне көзіміз жетті:
Біріншіден, баланың психофизиологиялық дамуы.
Екіншіден, әсіресе оның психологиялық - педогогикалық дамуының
басымдылығы.
Үшіншіден, осы төрт кезеңде де баланың өзіндік іс - әрекетінің
жетекті рөлінің басымдылығы.
Төртіншіден, балаға дұрыс тәрбие беруде негізгі педогогикалық
идеяларды өз уақытында пайдалана білуде.
Бесіншіден, педогогикалық қызметтің технологиясы мен оның басымдылық
бағыттары.
Осы көрсетілген бес бөліктің әрқайсысын баланың өсу, даму
кезеңдерінде әртүрлі ықпал етеді. Міне, осылардың әрқайсысына тоқталып
көрейік.

I. Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу – тәрбие
процесінде ескерілуі.

1. Жас ерекшеліктер туралы ұғым

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық – физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан
педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты,
өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын
қарым – қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың
өсіп – жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы
кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.
Сана – сезімнің, дене күш – қуаттарының дамуы адамдардың жас
ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері
тұлғаланып, ақыл – саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың
жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі
принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке
адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз – адамның жеке басының дамуы
мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін
іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие,
қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. Перзент сүю – ата-ананың
бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру – бүкіл
тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді,
олай болса, оның табиғи заңына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға
жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерешеліктерін ескеріп отыру қажеттігін
педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның
қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен
жеткеншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді.
Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуына үнемі
қозғалыс үрдісі ретіндегі қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан
жинақталу, ал сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады.
Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар
кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы
балалар мен жасөспірімдердің өсіп – жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу
қабылданды:
1) Төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);
2) Негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа
дейін);
3) Орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына
жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейігі өзгерістер кіреді.
Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін);
2. Нәрестелік шақ (бір – екі айдан бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасға дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11, 12 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).
Төменгі сынып оқушыларының ойлануын дамытуда екі негізгі саты
байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың
ойлануын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды
сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді.
Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары,
адамдардың өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың
ақыл – ойын дамытады.
Сезімдік көңіл – күйінің көтеріңкілігі – олардың маңызды бір
ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым –
қатынаста болғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс – әрекеті – оқу. Бастауыш сынып
оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен
оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып,
үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл
тапсырмалар беріп, оларды бірте – бірте күрделендіріп отырады. Оқыту
процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық
жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау,
өздік жұмыстарды орындату, іс – әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану,
балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудың қажет екендігін
түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.

Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері
мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене
жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды
күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ,
өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына
ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз
кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез
байқау, арманшыл – қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін
асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу
тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата – аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге
бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің
оқушымен қарым – қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін
тануын көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын
мәселе – баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте
– бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттық дене
еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек.
Еңбек іс – әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте –бірте күрделендіру,
өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның
әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта
өзіне – өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің
еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне
даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс – әрекет икемділігі
дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті – балаға білім атаулының әліппесін
үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны
қалыптастыруда ең бастысы – ақыл – ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық,
дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
– Қыздарда – 11 – 13 жас;
– Ер балаларда – 13 – 15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық
аппараттың қайта құрылуы мінез – құлқының өзгеруіне әкеліп соғады,
сондықтан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек.
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V
– VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейінгі
аралықты қамтиды. Жеткіншектің кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны
өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын кезең деген атауларында
бейнеленген. Бұл – ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас.
Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің
ауқымды әлеуметтік белсенділігі,ол белгілі бір үдгілер мен игіліктерді
игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым – қатынас орнатуға
бағытталады.Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының
моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының
белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың
рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып
келеді.
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз
болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез – құлқы
ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып – жұлысып
тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің
жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы енді бала емеспін, ересекпін
- деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу
қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.
Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра
білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті – оқу материалдарын
қайталау арқылы мағынаны еске сақтауға үйрету болып табылады.
Жеткіншектік шақ – болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің
мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану
басталатын, өз ниеті, іс – әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең
екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар
үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды,
ой – өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын
әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды.
Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың
мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында
түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы
балаға зиян келтіруі мүмкін.
Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады.
Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту,
мұқтаждары мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға
негізделуі керек.
Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп
ұйымдастыру керек. Жеткіншектер қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл,
жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы,
спортты ұнатады.
Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым – қатынасының мәнін,
сезімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені – адам сезімінің
әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу
жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі
педагогикалық идеал – баланың іс – әрекетте жетістікке жетуіне жағдай
жасау. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, педагогикалық
шыдамдылық, ұстамдылық көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей ықпал
етеді.
Дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу, көп қозғалу
(ойын, дене жаттығулары, спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі.
Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы баланың бет әлпетінің, қолының,
ернінің түсін үнемі қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы және
соңындағы қан тамырының соғысын тексерумен толықтырылады, жеткіншектер жиі
тыныс алатындықтан, тыныс алуын басқаруға үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы,
тамақ, демалыс, белсенді еңбек іс – әрекетіне жағдай жасайды. Шамадан тыс
жұмыс беру жалпы дамуын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы жүрек қан жүйесін
жаттықтыру, дене жаттығулары, спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және
педагогикалық бақылау өте пайдалы. Маскүнемдікке жол берілмеу керек. Дене
тәрбиесі және спортпен айналысу зейіннің дамуына әсер етіп, оның көлемін
көбейтеді, зейіннің бір нәрседен екіншіге бөлінуіне әсер етеді.
Тәрбиешінің міндеті – еңбек, спорт іс – әрекетін, жеткіншектің ерік –
жігер, сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата – аналар
мақсатқа жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жетістігін атап көрсетіп, қауіп –
қатерден сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп, жеткіншекті өз
кемшіліктерінің себептерін түсіндіруге үйретеді.
Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл
атқарады. Мораль мәселелерін талдау және адамгершілік тақырыбындағы
пікірсайыстардың әсерінен өмірдің мәні, өз болашағы, мамандығы туралы, өз
беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім бұл мәселелерді шешуге пәрменді
түрде көмектесіп, күнделікті іс – қылықтардың адамгершілік мәнін ашуға
көмектеседі. Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әр баламен
ойланып жұмыс істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны үшін
баланы сөгу дұрыс емес. Жеткіншектермен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері:
онымен бірге іс – қылықтарды, оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін – өзі
талдауға, өз мінез – құлқын басқаруға үйрету.
Осы жаста адамның мінез – құлқы және басқа да жеке басының негіздері
қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында
кемшіліктер айқын көріне бастады. Соңғы кездері жеткіншектер тәрбиенің
төмендігінен байқауға болады:
– ата – анамен келіспеушілік жағдайда болу;
– мектептегі қиындық және сәтсіздік;
– тәртібі қиын құрбы – достарымен байланыс орнату.
Отбасы жағдайы, ата – ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі
жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата – ананың саналы, мақсатты
тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы қарым –
қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен
жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы – құрдастар
тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық
факторы.
Демек, баланың мінез – құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер
ететіндіктен оның көп қырлы, жан – жақты болуы отбасына байланысты.
Педогогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу жүйесіндегі
сәтсіздік – ауытқымалы мінез – құлықтың қайнар көзі.
Жеткіншектің мінез – құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды,
олар отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы
аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез – құлық деп аталады.
Девиантты мінез – құлықтың бір түріне қылмыстық әрекетке апаратын
агрессивті мінез – құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.
Жеткіншектің мінез – құлығындағы агрессивтілік адамдарды аяу сезімінің
жоқтығынан садистік бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға
зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп
кетуі мүмкін.
Жеткіншектің мінез – құлығындағы агрессивтік ішімдікпен, нашақорлықпен
тікелей байланысты. Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен кезде өзінің еңбегін
(бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын) атап өтеді.
Жеткіншектің тәртібі агрессивті күйде болса, олар қиын балалар
қатарына жатады.
Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында жүйке
жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл
әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді, керісінше қиын жеткіншектердің
мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі.
Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің кері көзқарасын жасырмағанда,
олармен кикілжіңге келеді. Девиантты мінез – құлықты жеткіншекке
қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс – шаралар – тұлғаға әсер ету,
әлеуметтік педагогикалық түзету іс – шаралары, кері әсерлі ортаны
сауықтыру.

2. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның
дамуы

Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің
мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы
сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады.
Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік
ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез - құлқы ерекшеленеді.
Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас
мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап
қарастырмай - ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тобымен жүргізетін оқу-
тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тәрбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның
жеке тұлғасының өмірлік бағыт - бағдарын анықтайтын дүниетанымын
қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие,
шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып
табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жакты дамуына жағдай жасауға
бағытталған.
Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың
көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді
педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің
тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6
жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18
килограммнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де
ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста
95 пайызына тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа
байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста
жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара
қарым - қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Нерв жүйесиндегі бұл
өзгешеліктер баланың ақыл - ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы
қалануына негіз болады.
Баланың білім алудағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс-әрекеттер
(манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы( сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы
бірте-бірте дамиды.
Білім алу іс - әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс - әрекеттен
тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес,сонымен бірге оны қалай меңгеруді де
үйренеді. Жазу, есептеу, оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-
өзі өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс - әрекеттік және ақыл -
ойлық қажетті әдістерді (оны қоршап тұрған мәдениетке тән( меңгереді.
Рефлексиялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой
жүргізіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік
өзгерістері өз бойындағы жетістікері арқылы қадағаланады және айқындалады.
Білім алу іс - әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті - бұл оның өз-
өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді
қадағалай алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді - енді келеді, Бұған дейін
жасай алмадым-енді жасаймын, Бұрын қандай болдым-қазір қандаймын, міне,
бұлар қол жекізілгендер менөзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті
бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетін, өзін-
өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу
іс-әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.
Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы
өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта
болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды
құрастыру болып қала береді. Оқу іс - әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы
қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл
кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын
қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс
-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.
Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, баланың алдында оқу іс
-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез
араласып кетуіне (бұл жағдайда ол білімді алуға қалыптасқан( себеп болады
немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап,
бірте - бірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды
ұнатпаушылық сезімін оятып, бұл тіпті баланың бойындағы әдетке айналады.
Тәжірибеде бұл екі вариант та типтік болып табылады: білім алуға дайын
тұрған балалардың саны да, бұл жағдаймен оқуға шамасы жетпейтін балалардың
саны да өте жоғары.
Оқу іс - әрекетінің жағдайында балаға оның ойын емес екендігін
түсіндіруге тырысу керек, сонда ғана ол оқуға ат үстілікпен емес, ынтамен,
шын көңілмен назар аударып, өзін - өзі шынайы өзгертуге үйренеді. Балалар
ойынға құралған тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын айыра біліп, оқу
тапсырмаларына құлқы болса да, болмаса да оны қалайда орындауы керектігін
білуге үйренуі керек. Әрине, ойын баланың белсенді өмірінің аясынан шығып
қалмауы тиіс. Балаға оның енді үлкен екендігі, кішкентай балалар сияқты
ойыншықтармен ойнап отыру ұят деген сияқты сөздерді айтуға болмайды. Ойын
тек қана балалықтың ғана іс-әрекеті емес, ол барлық жастағы адамдардың бос
уақыттарында айналысып, көңіл көтеретін құралы.Әдетте бала адамдардың
әлеуметтік қарым-қатынасы жүйесіндегі өзінің жаңа орнында ойынның мәнін
бірте - бірте түсіне бастайды әрі ойнағанда да аса бір құштарлықпен
ойнайтын болады. Ойнай жүріп бала өзіне аса маңызды әлеуметтік дағды
қалыптастырады. Балалар қоғамының рөлі мен ережелері үлкендер қоғамының
ережелері туралы білуіне мүмкіндік жасайды. Ойын үстінде ынтымақтастық пен
бәсекелестік сезімі қалыптасады. Ал: әділеттілік пен әділетсіздікке көз
жеткізу, теңдік, лидерлік, бағыныштылық, адалдық, сатқындық әрекеттері
баланың бойындағы жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады.
Баланың дұрыс психикасының ерекшелігі – танып - білуге деген
белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы
әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп
тәжірибеден өтеді, себеп - салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін
ашуға тырысады. Ол мысалы, қандай заттардың суға батып кететінін, қандай
заттардың қалқып жүретінін біле алатын болады. Бала ой - қабілеті жағынан
неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым сұрақты көп қояды және әр түрлі
сұрақтар қоятын болады. Баланың бәрі қызықтыруы мүмкін: Мұхиттың тереңдігі
қандай? Су астындағы жәндіктер қалай тыныс алады? Жер шарының көлемі неше
мың километр болады? Бала білуге ұмтылады, ал сол білімді игеруі Неге?,
Қалай?, Неліктен?, деген сұрақтар арқылы игеріледі. Ол білімге сүйенге,
жағдайды бағамдауға және өз сұрағына жауап табудың жолын іздеуге тырысуға
мәжбүр болады. Кейбір мәселелер туа қалған жағдайда бала оны өзі шешуге
тырысады, әрине, ол оны тек ойша ғана шеше алады. Бала болып жатқан
жағдайды бағамдайды және оған өзі ойша араласып, іс – әрекет жасайды. Сол
жағдайды шешу үшін образдармен іштей әрекеттесуден туындаған ой – көрнекі
образды деп аталады. Образды ойлау – бастауыш сынып жасындағы баланың
негізгі ойлау түрі болып табылады.
Мектепте оқыта бастағанда баланың ойлау жүйесі өзінің эгоцентризмімен,
белгілі бір мәселелерді дұрыс шешуге қажет болатын білімінің жоқтығынан
ойлау үрдісінің ерекше болуымен назар аудартады. Мысалы, бала өзінің
білімдік тәжірибесінде заттардың ұзындығы, көлемі, салмағы сияқты
ерекшеліктерін онша түсіне бермейді.
Білімінде жүйеліліктің жоқтығынан, түсініктерінің жеткілікті түрде даму
дәрежесіне жетпегендігінен ойлау жүйесінде көріністі тек қана қабылдау
логикасы басым болады. Мысалы, судың, құмның, пластилиннің және т.б. бірдей
мөлшерін ыдысқа салғанда, ол заттардың сол ыдыстың қалыбын алғанын көріп
тұрып, бірақ оны бағамдау баланың қабілеті жетпейді. Балалар ол заттардың
әрқайсысының өзгерісін көрген сәтіндегі әр жағдайға тәуелділікте болады.
Алайда бала төменгі сыныптардың өзінде – ақ кейбір деректерді салыстыра
алатын, оларды біртұтас кескінде көре алатын, тіпті өз деңгейінде тікелей
көздерден алыс жатқан абстрактылы білім қалыптастыруға қабілеті жететін
дәрежеде болады.
Бала қоршаған ортаны зерттеуге бағытталған танымдық белсенділігімен өзі
зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті
ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6 – 7 жастағы
бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол одан екі немесе үш сағат
бойы бас алмауы мүмкін. Сондай – ақ ол өнімді жұмыс жасауда да, мысалы,
сурет салуға ойыншықтарды құрастыруға, өзіне қажетті әлденелерді жасауға да
осындай ынтамен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы,
оның сол өзі жасап отырған іс – әрекетіне деген ерекше ынтасымен көрсетеді.
Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын
салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді,
тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.
Үлкен адам сөзбен айту арқылы баланың назарын белгілі бір нәрсеге бұрып,
ұйымдастыра алады. Ол оған тапсырманы орындаудың қажет екендігін
түсіндіреді және оны қалай жасау керектігінің әдісін де айтады Балалар,
альбомдарыңды ашыңдар. Қызыл қарындашты алыңдар да қағаздың сол жақтағы
бұрышына, міне, мына жерге дөңгелек сызыңдар және т.б.
Бастауыш сынып жасындағы бала белгілі деңгейде өзінің атқаратын жұмысын
өзі де жоспарлай алады. Мұндай кезде ол не істеу керек екендігін және неден
кейін нені орындау керек екендігін өзіне – өзі күбірлеп айтатынын да
байқаймыз. Бұлайша жоспарлау, сөз жоқ, баланың назарын жүйелеп,
ұйымдастырады.
Алайда, бала төменгі сыныпта жүрген кезінде – ақ өзінің мінез – құлқын
өзі үйлестіре алады десек те, оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез
ауып кету жағдайлары көбірек болады. Балаларды біртектес, тез жалықтыратын
немесе қызғылықты болса да, бірақ ойлануды қажет ететін жұмыстар тез
жалықтырады. Ал бала назарының анда – санда басқа жаққа ауып отыруы оны тез
шаршаудан сақтайды. Бұл ерекшелік ойынның сабаққа кірісуге мүмкіндік
беретін маңызды элемент екендігін көрсетеді және іс – әрекетті онымен жиі
алмастырып отыру керек болатынын дәлелдейді. Төменгі сыныпта оқитын балалар
интеллектуальды тапсырмаларды назарында ұстауға қабілетті, алайда бұл
ерекше ерік – жігерді және үлкен ұйымдастырушылықты қажет етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей
алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы
баланың қиялы іс – әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Оқу іс – әрекетінің
жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялын өз
күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың,
бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына еслестетіп
көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына
мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура
келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады.
Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және
т.б. болуы мумкін.
Әртүрлі оқиғалар, өлеңдер ұйқастыру, ертегілер ойлап табу, түрлі
кейіпкерлерді бейнелеу арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын,
графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне
белгілі оқиғаларды әдейі бір - біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық
жақтары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу
және қиялдай алу қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен
мазмұнынан пайда болған рефлексіне көңілі қанағаттанса, онда ол кәдімгідей
мәні бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылық
қабілетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны
әңгімелеп бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі
жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы - тапсырманы орындаудағы қиындықты
жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы
оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды
басқару, кейіпкерлердің әрекетін тоқтату және оған қайтып оралу әрекеттері
бала қиялын ерікті шығармашылық қызмет ретінде жаттықтырады.
Оның үстіне, қиял әсер беретін іс - әрекет ретінде көрініс табады. Бала
шынайы өмірдегі қиындықтарды бастан кешіріп, өз басындағы жағдайды
тығырыққа тірелгендік деп түсінген шақта, ол өз қиялындағы әлемге кетіп
қала алады. Мысалы, әкесі жоқ болса, бұл баланың жанын жаралайды, ал ол
қатты қиналған кезінде өз қиялында ең керемет, мейірімді де ер жүректі
әкеге ие бола алады. Қиял өз мазмұны бойынша қандай да бір адам сенгісіз
нәрсе сияқты болып көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің
нормативтеріне сүйенеді. Бала өз қиялында мейірімділікті немесе
қатігездікті көруі арқылы, ол болашақтағы өз іс-әрекеттеріне мазмұн болатын
жағдайларға бейімделе алады.
Қиялға берілуі үлкен адамға қарағанда баланың өмірінде үлкен рөл
атқарады, қиялдың жиі көрініс беруі арқылы ол шынайы өмірде көбірек
қателеседі. Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың қоршаған ортаны
тануға және игеруге мүмкіндік беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің
шеңберінен шығып кетуге жағдай жасайтын маңызды жолы болып табылады, ол
шығармашылық қабілеттің дамуының маңызды психологиялық алғы шарты және
әлеуметтік кеңістіктің нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың жеке
тұлғаның өзіндік ерекше сапасының мүмкіншілігімен тікелей жұмыс істеуге
мәжбүр етеді.
Ақыл - ойдың дамуына оқу іс - әрекеті ерекшке әсер етеді. Әсіресе оқу
жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы
бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың
және дамытудың мынадай түрлері болады; біріншіден, нормаға сәйкес әдеби
тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де -
тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, грамматикасына,
орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу
мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген
атқа ие болғандықтан да сол деңгейден төмен болмауы тиіс.
Бастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдері
Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмыстарына қойылатын психологиялық талаптар
Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері
Зерттеу үдерісін мониторингтеу
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқытуда жас ерекшеліктерін ескеру принципінің мәні
Оқытудағы оқушылардың жас және ерекшеліктерін ескеру принципі
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат
Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі
Ойын- тәрбие әдісі
Пәндер