Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Бұл қатынастар табиғат пен адамның арасында объективті қарама -қайшылықтың бар болуымен байланысты және қоғамдық өндіріс барысында тәуекел болатын құбылыстар көптеген жағдайларда көзделмеген сипатқа ие болады. Үздіксіз қоғамдық өндірістің объективті талаптары, бір жағынан мұндай құбылыстардың жағымсыз нәтижелерінен қорғану қажеттілігінен, екінші жағынан бұл құбылыстар әсерінен шығындардың (жоғалтулардың орнын толтыруын қажет етеді) болуын туындатады.

Сондықтан қоғамда, жеке өндірушілерде, олардың топтарында (салалық немесе аумақтық) қажетті қаражаттармен жабдықтау, табиғи - заттай запастар немесе резервтер, сонымен бірге өндіріс процесін жалғастыру мақсатында оларды сатып алу үшін ақша ресурстарының бар болуы керек, сондай - ақ азаматтардың жекелеген категориясының өмір сүру деңгейін тұрақты ұстау керек.

1 ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ (тема)

  1. Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі

Әлеуметтік сақтандыру қоғамның дамуының объектілерінің бір факторы, ол қоғамдық еңбектен белгілі бір себептер салдарынан қатыса алмайтын өзінің өмір тіршілігін қолдай алмайтын тұлғаларды материалдық жағынан қамтамасыз ету қажеттілігі болып келеді. Еңбек қаблеттілігін жоғалтқан немесе еңбек қаблеттілігі бар бірақта әр түрлі себептер салдарынан соңы іске асыруға мүмкін болмайтын тұлғаларды қамтамасыз ету нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік бағдарламалардың бір бөлігін қалыптастыру көмегімен сол бағыттар қаржыландырылады. Ең алдымен бюджет тарапынан немесе бюджеттен тыс құрылған қорлар көмегімен қалыптасады. Әрбір азамат өзін әлеуметтік жағынан қорғау үшін белгілі бір қорларды қалыптастырады. Соның ішінде сақтандыру қоры. Әлеуметтік сақтандырудың негізгі мәні ол көрсетілге адамдарды материалды қамтамасыз етуге әр түрлі қорлардың ақша - қаражатын құрастыруға және тұтынуғ көмектесетін қатынастар жүйесін ұйымдастыру. Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз - қатерлі ауру кезінде, еңбек қаблеттілігін толық немесе ішінара айырылу кезіңде, асыраушыдан айырылған кезде, жұмыссыздық кезде, азаматтарды материалдық қамтамысыз ету үшін сақтандыру қорларын құруына бағытын экономикалық қатынастар жүйесі. Әлеуметтік сақтандырудың маңызды бір қызметіол еңбек ресурстарының ұдайы толтыруына керектіжағдайлар жасау. әлеуметтік сақтандыруда келесідей бір шығындар жұмсалады:

  1. Қайта сақтандыруға, мамандығын өзгертуге.
  2. Еңбек қалпына келтіруіне жәрдемдесу.
  3. Тиімді еңбек қаблеттілігін қайтару.

Алатын қаржаттар мөлшері еңбек стажының шамасына, еңбек қаблеттілігін жоғалту дәрежесіне, денсаулығының айрылу дәрежесінен ақырғы еңбекақының мөлшеріне байланысты болып келеді.

Әлеумметтік сақтандыруда өзіне тән ерекшелігі:

  1. Қаржы қатынастарға мемлекеттік ареласу.
  2. Ұлттық байлықтын белгілі бір бөлігін қайта бөледі.

Әлеуметтік сақтандыру қорлары сақтандыру әдістерімен құрылады, бірақта бөлінетін қаражат мөлшері енгізілген қаржысы есепке алынады. Әлеуметтік сақтандыру қаражаты нақты бағыттары бойынша жүргізіледі. Әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын келесі бір нысандармен қалдынылады.

  1. Төлемдерді төлеу.
  2. Жәрдемақылар.
  3. Қаржылық қызметтер.

Әлеуметтік сақтандыру жүесі бойыеша сақтандыру мекемелерін еңбек ету қаблеттілігін қалпына келтіру, профилактикалық шараларды қаржыландыру жүйесімен анықтау.

  1. Женілдіктерді беру.

Әлеуметтік сақтандыруда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. Қордың активтері - әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық табыс және Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтік төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегеріп тастағанда, Қорға түсетін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де түсімдер;
  2. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) -әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға;
  3. асыраушы - өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысы есебінен асыраушы адам;
  4. табысты ауыстыру коэффициенті - әлеуметтік төлемнің әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде негізге алынған табыс мөлшеріне қатынасын айқындайтын коэффициент;
  5. асырауындағылар санының коэффициенті - қайтыс болған (сотхабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің санын ескеретін коэффициент;
  1. қатысу стажының коэффициенті - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу стажына (күнтізбемен есептегендегі уақыттың жалпы мөлшеріне) қарай айқындалатын коэффициент;
  2. еңбек ету қабілетінен айрылу коэффициенті - өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметгік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне қарай айқындалатын коэффициент;
  3. әлеуметтік аударымдарды ссептеу объектісі - жұмыс берушінің қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін табыс түрінде төлейтін шығыстары. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның әлеумегтік аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;
  4. міндетті әлеуметтік сақтандыру - еңбек ету қабілетінен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралар жиынтығы;
  1. әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі - төлеуші) -осы Заңда белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеуді және Қорға төлеуді жүзеге асырушы жұмыс беруші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;
  2. әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - өзі үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім шығарған жеке адам, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
  3. өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өзіне табыс әкелетін жұмыспен өзін қамтамасыз ететін жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат;

13) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі - мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен ережелердің жиынтығы;

  1. әлеуметтік төлемдер - алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер;
  2. әлеуметтік аударымдар - өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелеріне осы Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдер алу құқығын беретін, Қорға төленетін осы Заңда белгіленген міндетті төлемдер;
  3. әлеуметтік қатер - еңбек ету қабілетінен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның салдарынан өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне катысушы, не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелері осы Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады;
  4. әлеуметтік аударымдар ставкасы - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің шамасына проценттік қатынаспен көрсетілген, Қорға төленетін міндетті төлемдердің тіркелген мөлшері;
  1. әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - аймақтарда міндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдер аударуды жүзеге асыратын, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердің дербестендірілген, орталықтандырылған есебін жүргізетін құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - құрыльшдық бөлімшелер) бар мемлекеттік кәсіпорын;
  2. уәкілетті орган - Қор қызметіне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
  3. әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумактық бөлімшелері;

21) еңбек ету қабілетінен айрылу - қызметкердің жұмысты орындау, қызмет көрсету қабілетінен айрылуы, оның дәрежесі айрылған еңбек ету қабілетіне проценттік қатынастан көрінеді;

22) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік
аударымдар жүргізілген қатысушысы - өзі үшін әлеуметтік аударымдар төленетін және осы Заңда көзделген әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтік төлем алуға құқығы бар жеке адам;

23) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар - төлеуші; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы; алушы; Орталық; Қор; Қазақстан Республикасының Үкіметі; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; өзге де уәкілетті органдар. [2; 24-29б. ]

  1. Әлеуметтік сақтандыру түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшелігі

Міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша әлеуметтік қатер жағдайының басталуына қарай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды әлеуметтік камсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты көзделген катынастарды реттейді. Міндетті әлеумеітік сақтандырудың түрлері.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. еңбек ету қабілетінен айрылған жағдай;
  2. асыраушысынан айрылған жағдай;
  3. жұмысынан айрылған жағдай.

Әлеуметтік сақтандыру қаражаты нақты бағыттары бойынша жүргізіледі. Ол сақтандыру жүйесінің жіктелуіне сәйке келеді.

1. Әлеуметтік қауіптің түрі бойынша ауру нәтижесінде болуы мүмкін, өндірістегі жазатайым жағдайдан, мүгедектікке байланысты, кәрілікке байланысты.

2. Әлеуметтік қорғау сипатына байланысты:

  • нарықтық
  • міндетті

3. Ішкі ұйымдастыру жүйесі бойынша:

  • мемлекеттік
  • муниципальды
  • кәсіптік

4. Халықаралық әлеуметтік сақтандыру жүйесі.

Әлеуметтік сақтандыру өзінің мазмұны бойынша тек қана ақша төлемдерінің конпенсацияларын енгізбейді, сонымен қатар мидициналық емдеу, реабелитация бойынша белгілі қызметтерді де енгізеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі иринциптері. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

  1. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
  2. әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі;
  1. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
  2. Заңға сәйкес әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
  3. әлеуметтік төлемдердің осы Заңда көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
  1. әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;
  1. міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық. [3; 32-36б. ]

Мемлекет азаматтарға әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгіленген шарттармен міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша әлеуметтік төлемдерді алу құқығына кепілдік береді. Мемлекет Қордағы әлеуметтік аударымдардың сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепілдік береді. Әлеуметтік аударымдардың сақталуы бойынша, Қордың қызметін, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиісті нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы реттеу; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру; Қор активтерін инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есепке алу; Қордың өз қаражаты мен активтерінің бөлек есебін жүргізу; Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгізу; Жыл сайын аудит жүргізудің міндетгілігі; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қордың ұдайы қаржылық және статистикалық есептілігі; Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің айқындауы арқылы қамтамасыз етіледі. Міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиісті адамдар жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоспағанда, кызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның: әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға; еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеуге; құжаттардың дұрыстығын тексеруге; әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдау және жіберу жөніндегі талаптарды белгілеуге құқығы бар. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган: әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде өтініш берушіге Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арқылы жазбаша түрде хабарлауға; әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуы мен олардың алынуын бақылауды қамтамасыз етуге;

әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде қажетті түсініктемелер беруге міндетті. [4; 64-68б. ]

  1. Шет мемлекеттердегі әлеуметтік сақтандырудың дамуы

Қоғамның дамуының объективті бір факторы ол қоғамдық еңбектен белгілі бір себертер салдарынан қатыса алмайтын өзінің өмір тіршілігін қолдай алмайтын тұлғаларды материалдық жағынан қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Еңбек қабілеттігін жоғалтқан немесе еңбек қабілеттігі бар, бірақ та әртүлі себептер салдарынан соны іске асыруға мүмкіндігі болмайтын тұлғаларды қамтамасыз ету нарықтық экономика жағдайы әлеуметтік бағдарламалардың бір бөлшегі болып табылады.

Әлеуметтік сақтандыру дегеніміз - қатерлі ауру, кезінде еңбек қабілеттігі толық немесе ішінара айырылу кезінде, асыраушысынан айырылған кезде жұмыссыздық кезде, азаматтарды материалдық қамтамасыз ету үшін сақтандыру қораларын құруына бағытталған экономикалық қатынастар жүйесі. Әлеуметтік сақтандырудың маңызды қызметі ол еңбек ресурстарын ұдайы толықтыруына керекті жағдайлар жасау.

ҚР 2005 жж бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілген.

ХХ ғасырда әлеуметтік қорғау өркентиетті мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі белгісі болып табылды

1601 жылы Ағылшын патшайымы Елизавета "кедейлер туралы" заңға қол қойды.

Осы "кедейлер туралы " заң "Тһе Асt fог Rеlіеf оf Сіtіzеns" мемлекеттік әлеуметтік қорғаудың бастамасы болды және кедейлерге көмек көрсетуде мешіктердің қайырымдылық көрсету қызметінен мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларының басым болуына жағдай жасады.

ХVII-XIX ғасырларда әлеуметтік саясат ахуалдарын тұрақтандыру мақсатында өкімет тамақпен, қажетті көмекпен қамтамасыз етілетін мекемелер, емханаларды құра бастады.

ХІХ-XX ғасырда "әлеуметтік сақтандыру " ұғымы бірінші рет пайда болды. Бұл ұғым еңбек табысын жоғалтқан кездегі пайда болған әлеуметтік сақтандыру, жұмысшыларды сақтандыруды реттейтін құжаттарда кеңінен қолданыла бастады

"Әлеуметтік сақтандыру " ұғымы өзара сақтандыруды ұйымдастырудағы барлық процестерді қамтиды. Біріншіден, міндетті сақтандыру тек қана жалдамалы жұмысшыларға ғана емес басқа да мамандарды, олардың жанұясын, тіптен жұмыс істемейтіндердің (қарттар мен мүгедектерді) де сақтандыруын қамтиды. Екіншіден, мемлекет тек қана сақтандырудың тәртібі мен шарттарын реттеп отырды. Керісінше, міндетті сақтандыру арнайы өзін-өзі басқаратын қоғамдар арқылы жүргізілді. Бірінші рет әлеуметтік сақтандыру туралы жиынтық заң - Германияда қабылданды. Бұл заңда сыркаттанып, жұмысқа қабілетін жоғалтқан кездегі сақтандыру, жазатайым жағдайлардан сақтандыру мүгедектерді сақтандыру, қарттарды сақтандыру, асыраушысы қайтыс болған жағдайда сақтандыруды жүргізу тәртібі бекітілді. Басқа елдерде мұндай заң қабылданғанмен, "әлеуметтік сақтандыру" ұғымы кең қолданыла қоймады. Мысалы, Ұлыбританияда ұлттық сақтандыру заңы, Францияда Әлеуметтік кодекс, Норвегияда - Ұлттық сақтандыру жүйесі қабылданды. Бұл заңдар шеңберінде мынадай міндеттемелер жүктелді: 1) ұйымдар мен мекемелерде арнайы сақтандыру кассаларын ұйымдастыру; 2) бұл кассаларға жарналарды жұмысшылар да, жұмыс берушілер де төлеу қажет деп табылды; 3) жәрдемақылар мен зейнетақылар бекітілген тәртіп бойынша төленуі қажет. Жарнаның 2/3 бөлігін - жұмысшы, 1/3 бөлігін жұмыс беруші төлеуі қажет. Сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің тәртібі заң жүзінде бекітілді.

1920-1930 жылдар әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму жылдары деп айтуға болады. Бұл бағыттың экстенсивтік дамуы 3 арнамен жүргізілді. Біріншіден, әлеуметтік сақтандырудың нормалары халықтың өзін - өзі жұмыспен қамтамасыз еткен топтарына, ауылшаруашылық жұмысшыларына, мемлекет қызметкерлеріне қолданыла бастады. Екіншіден, міндетті әлеуметік сақтандырудың жаңа түрлері енгізіле бастады, мысалы жұмыссыздықтан сақтандыру осы кездегі көптеген елдерде енгізілді. 1912 жылы міндетті әлеуметік сақтандырудың түрлері 13 мемлекетте енгізілген болса, 1938 жылы 30 елде қалыптаса бастады. У. Черчилль әлеуметтік мәселелердің шешу жолдарына мынадай мазмұндама берген еді : "Егер де мен мемлекеттің әлеуметтік - демократиялық саясатының келешегін бір сөзбен айтсам, "сақтандыру" деп айтқан болар едім". (Қосымша А)

Бағдарлама
1912
1940
1949
1967
1990
№: 1
Бағдарлама: Сақтандыру түрлері
1912: 13
1940: 57
1949: 58
1967: 120
1990: 145
№: 2
Бағдарлама: Өндірістегі жазатайым жағдайлар
1912: 11
1940: 57
1949: 57
1967: 117
1990: 136
№: 3
Бағдарлама: Сырқаттан сақтандыру
1912: 7
1940: 24
1949: 36
1967: 65
1990: 84
№: 4
Бағдарлама: Зейнетақы
1912: 5
1940: 33
1949: 44
1967: 92
1990: 135
№: 5
Бағдарлама: Жұмыссыздықтан сатандыру
1912: 2
1940: 21
1949: 22
1967: 34
1990: 40

Кесте 1 Әлеуметтік сақтандыру бағдарламаларын енгізген елдер

1919 жылы Версаль келісім шарты шеңберінде құрылған Халықаралық еңбек ұйымдастыру органы әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытуға өз үлесін қосты. Осы ұйымның №1, №2 конвенциялары жұмыссыздықтан сақтандыру және аналарды қорғау мәселелерін шешуге арналған 1927 - 1933 жылдар арасында жұмысқа уақытша қабілеті жоқ адамдарды, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған конвенцияларда экономикасы елдердің тәжірибесі талданып, әлеуметтік сақтандырудың нормалары мен тәртібін жақсарту туралы ұсыныстар беріледі. [15; 26-31б. ]

Әлеуметтік сақтандырудың ұлттық жүйелері экономикалық дағдарыс шеңберінде күйзеліске ұшырады. Әлеуметтік сақтандыруды дамытуда экономикалық дағдарыс үлкен зардабын тигізді. Өйткені, біріншіден, әлеуметтік сақтандырудың жалпы ұлттық дамуын мемлекет тек қана реттеп қоймай, өзінің қатысуымен тікелей қаржылық көмек көрсетіп отырды немесе мақсатты бюджеттік қаржылар бөлу арқылы бұл сақтандырудың дамуына жағдай дағдарыс жұмыссыздықты ерікті сақтандырумен айналысатын мекемелердің банкротқа ұшырауына байланысты мемлекеттің жұмыспен қамту сферасын реттеуін талап етті. Үшіншіден, экономикалық дағдарыстың залалын төмендету үшін көптеген мемлекеттер әлеуметтік сақтандырудың міндетті түрлерін енгізе бастады АҚШ 1935 жылы әлеуметтік сақтандырудың ұлттық бағдарламасы қабылданды, бұл Ф. Д. Рузвельттің саясатының базалық элементі болып табылды. Бұл 1930 жылдардағы тоқыраудан шығу үшін дайындалған әлеуметтік - экономикалық бағдарламаның негізгі буыны деп қарастырылды. Біздің көзқарасымызша осы кезеңде, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жаңа модельдері енгізіле бастады. Бұған кіретіндер:

  • жұмысшылар мен жұмыс берушілердің жарналарынан, мемлекеттік қаржылардан құрылатын сақтандыру қорларын қалыптастыру арқылы әлеуметтік көмекті қаржыландыру;
  • сақтандыру өтілі мен айлық көлеміне қарай заң түрінде бекітілген тәртіп бойынша әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу;
  • әлеуметтік тәуекелдіктің түрлеріне қарай әлеуметтік сақтандырудың салаларын дамыту. Қарттарды, мүгедектердің асыраушысы қайтыс болған отбасыларын және жұмысшыларды өндірістегі жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
  • әлеуметтік сақтандыруды мемлекеттік реттеу және бақылау. Заңнамалық және нормативтік реттеуден тікелей мемлекеттік басқаруға дейін шаралар қабылдау;
  • мемлекет қаржылары тарапынан мұқтаж азаматтарға күнкөріс минимумын қамтамасыз ету.

Әлемдік тәжірибеде күнкөріс минимумы мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды кұралы бола отырып, "кедейшілік шегі" деп аталынды және оны абсолюттік кедейшілік критериі ретінде қолданды.

Әлеуметтік сақтандыру дамуының жаңа сатысы 1950-1970 жылдарда кең етек алды. Экономикалық өсудің даму қарқыны жоғарылаған сайын, халық топтарының әлеуметтік - саясаттық интеграциялануы, азаматтарды қорғауда мемлекет кепілдігінің өсуі демократиялық мемлекеттердің әлеуметтік саясатының негізгі тұжырымдамасы болуына жағдай жасады. 1940 - 1960 жылдары міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізген елдер саны 58 ден 120 ға барды. Жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) әлеуметтік шығындардың үлес салмағы өсіп, жәрдемақылардың көлемінің өсуіне және төлеу мерзіміне ықпал етті. (Қосымша Б)

Мемлекеттің әлеуметтік сферадағы қаржылық саясатының күшеюі әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік қорғау жүйесінің интеграциялануына алып келді. "Әлеуметтік қорғау " ұғымы бірінші рет АҚШ - та қабылданған "Әлеуметтік қорғау туралы акт" деп аталатын әлеуметтік бағдарламаға сәйкес қолданыла бастады. 1952 жылы халықаралық еңбек ұйымы әлеуметтік қорғау доктринасын қабылдады. Бұл доктринада мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін ең төменгі күнкөріс минимумымен халықтың барлық топтарын қамтамасыз етуге жағдай жасалған.

1960-1970 жылдардағы қолайлы әлеуметтік - экономикалық жағдай, сақтандыру төлемдерінің барлық азаматтарға таралуына, одан кейін сақтандыру жарналарын, табысқа салынатын салықты жинаудың бірегейленуі және әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік бюджет арқылы ұйымдастырылуы әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандырудын арасындағы айырмашылықты жоюға алып келді.

Осы факторлардың бәрін әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандырудын, конвергенция теориясының, әлеуметтік сақтандырудың әмбебап жүйесінің пайда болуына жағдай жасады. 1975 жылдары ЖІӨ -дегі әлеметтік сақтандырудағы арналған шығындар еуропа елдерінде 20 - 25 пайызды құрады. Әлеуметтік сақтандыруға арналған шығындардың абсолюттік көлемі 1950 жж салыстырғанда 1975 жж 5 - 9 рет өссе , 1980 жылдары 10 есе өсіп отырды.

1961 жылы Еуропалық әлеуметік хартияға қол қойылды. Бұл хартияда азаматтардың 19 әлеуметтік құқтары мағлұмдалды.

Мынадай құжаттар қабылдана бастады: Әлеуметтік қамсыздандырудың Еуропалық кодоксі (1968 ж), Әлеуметтік қамсыздандыру туралы Еуропалық конвенция, Жұмысшылардың негізгі әлеуметтік құқтары туралы Хартия (1989 ж), Мастрихт келісім шарты шеңберіндегі әлеуметтік саясат туралы хаттама (1991 ж), Амстердам әлеуметтік саясат туралы келісім шарты (1997 ж) .

Экономиканы реттеуде монетаристік және нарықтық, тұжырымдамаларды -концепңияларды қолдану әлеуметтік сфераның дамуына ықлал етті.

Қазіргі жағдайда әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы әмбебап бағдарламаларының - қысқаруына алып келді. Біріншіден әлеуметтік қорғауға арналған шығыдардың көлемі азайды, Дания, Италия, Норвегия, Австралия елдерінде әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың абсолютті көлемі қысқартылды. Екіншіден ЖІӨ - дегі әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың үлес салмағы төмендеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Қайта сақтандыру және оның сақтандыру ісіндегі мәні
Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
Сақтандырудың экономикалық мәні және қажеттілігі
Математикалық мағынада сақтандыру жарнасы сақтанушының сақтандырушыға кезенді қайталанатын төлемі
Сақтандырудың теоретикалық аспектілері
Сақтандыру туралы ақпарат
Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалык мәні және сақтандыру нарығындағы жауапкершілік
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Сақтандыру команияларының инвестициялық қызметін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz