Салық комитетiнiң жеке тұлғалардан түсетiн кiрiсi жөнiнде ақпарат жинауға арналған автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Қазіргі кезде өндірісте және кәсіпорындардың құжат алмасуында компьютерлік техника кең қолданылады. Үнемі өңделетін ақпараттың көлемі мен күрделілігі өсіп келеді. Тәжірибе көрсететіндей бұдан 5-10 жыл бұрын компьютердің көмгінсіз атқарған жұмыстарын қазір көптеген қолданушылар оның көмегінсіз жұмыстың іске асырылуын мүмкін емес деп есептейді. Төменде мәліметтер қорымен, құжаттармен жұмыс кезінде қолданылатын есептеуіш техникасын қолдану артықшылықтарының толық емес тізімі келтірілген:
• Ақпарат сенімділігін оперативті бақылау мүмкіндігі, өнімділікті мәліметтер; мәліметтерді генерациялау кезінде мүмкін болатын қателер саны азаяды;
• Енгізілген сәттен бастап-ақ мәліметтер әртүрлі операцияларға қатыстырылады;
• Қажетті есеп берулерді шапшаң алу мүмкіндігі;
• Қажетті ақпаратты тез табу мүмкіндігі (сонымен қатар контексті іздеу көмегімен), ал құжаттары бар қарапайым папкада ақпарат іздеу қиынға соғады;
• Ақпаратты өңдеумен байланысты операцияларды орындау кезіндегі уақытты және адам ресурстарын айтарлықтай үнемдеу;
• Тез әрі адамға қолайлы түрде мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігі, ол қабылдау дәрежесін жоғарлатады.
Жоғарыда аталған артықшылықтардың барлығын қарапайым қолданушылар ғана бағалап қоймай, басқару құрылымдары да , әсіресе оның ақпаратты бақылау мен іздеуге қатысты тиімділігін атайды. Осыған байланысты салық полициясы жеке тұлғалар бойынша бірыңғай, электронды мәліметтер қорының болуына қызығушылық танытады, себебі мұндай қордың болуы салық төлеуден бас тарту (жасыру, табыстарды азайтып көрсету, бір реттік жеңілдіктерді қайта қолдану және т.б.) процесін күрделендіреді.
Қазіргі уақытта салық инспекциясы жұмыскерлер саны 20 адамнан асатын ұйымдардан өз жұмыскерлерінің табыстары туралы мәліметтерді магнитті ақпарат тасушалыр арқылы тапсыруды талап етеді.
Осыған байланысты ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың сәйкес бағдарламалық қамсыздандыруға қажеттілігі туады. Бұл үшін салық қызметі ПҚ «Интеллект-Сервис» фирмасы жасаған, аса танымал емес Best-4 ұсынады.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
РЕФЕРАТ
Дипломдық жоба тақырыбы - Семей қаласының салық комитетiнiң жеке
тұлғалардан түсетiн кiрiсi жөнiнде ақпарат жинауға арналған
автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Түсіндірме жазба беттен, суреттен, кестеден, 4 қосымшадан тұрады.
ЖАСАУ, БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ, САЛЫҚ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР, ЭЛЕКТРОНДЫҚ
ҚҰЖАТ АЛМАСУ, МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, МӘЛІМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ, КЛИЕНТ-
СЕРВЕР АРХИТЕКТУРАСЫ, ИНТЕГРАЦИЯ, КІРІС, ШЫҒЫН, ПАЙДА, ДЕКЛАРАЦИЯ, САЛЫҚ
ТӨЛЕУШІ, ҚҰЖАТ, ИНСПЕКТОР, САЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ, АҚПАРАТТЫҚ БАЗА, МӘЛІМЕТ,
КОМПЬЮТЕР, FOX PRO, СЕРВЕР, КӘСІПКЕР, ЖЕКЕ ШОТ
Дипломдық жобаның мақсаты: Семей қаласының салық комитетiнiң жеке

автоматтандырылған программалық қамсыздандыруды жетілдіру
Жобада компьютерлер өндірісі нарығының анализі, олардың түрлері және
қазіргі құжат алмасу, іс-қағаздар жүргізу жүйелерінің анализі жүргізілген.
Кіріспе
Қазіргі кезде өндірісте және кәсіпорындардың құжат алмасуында
компьютерлік техника кең қолданылады. Үнемі өңделетін ақпараттың көлемі мен
күрделілігі өсіп келеді. Тәжірибе көрсететіндей бұдан 5-10 жыл бұрын
компьютердің көмгінсіз атқарған жұмыстарын қазір көптеген қолданушылар оның
көмегінсіз жұмыстың іске асырылуын мүмкін емес деп есептейді. Төменде
мәліметтер қорымен, құжаттармен жұмыс кезінде қолданылатын есептеуіш
техникасын қолдану артықшылықтарының толық емес тізімі келтірілген:
• Ақпарат сенімділігін оперативті бақылау мүмкіндігі, өнімділікті
мәліметтер; мәліметтерді генерациялау кезінде мүмкін болатын қателер саны
азаяды;
• Енгізілген сәттен бастап-ақ мәліметтер әртүрлі операцияларға
қатыстырылады;
• Қажетті есеп берулерді шапшаң алу мүмкіндігі;
• Қажетті ақпаратты тез табу мүмкіндігі (сонымен қатар контексті іздеу
көмегімен), ал құжаттары бар қарапайым папкада ақпарат іздеу қиынға
соғады;
• Ақпаратты өңдеумен байланысты операцияларды орындау кезіндегі уақытты
және адам ресурстарын айтарлықтай үнемдеу;
• Тез әрі адамға қолайлы түрде мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігі, ол
қабылдау дәрежесін жоғарлатады.
Жоғарыда аталған артықшылықтардың барлығын қарапайым қолданушылар ғана
бағалап қоймай, басқару құрылымдары да , әсіресе оның ақпаратты бақылау мен
іздеуге қатысты тиімділігін атайды. Осыған байланысты салық полициясы жеке
тұлғалар бойынша бірыңғай, электронды мәліметтер қорының болуына
қызығушылық танытады, себебі мұндай қордың болуы салық төлеуден бас тарту
(жасыру, табыстарды азайтып көрсету, бір реттік жеңілдіктерді қайта қолдану
және т.б.) процесін күрделендіреді.
Қазіргі уақытта салық инспекциясы жұмыскерлер саны 20 адамнан асатын
ұйымдардан өз жұмыскерлерінің табыстары туралы мәліметтерді магнитті
ақпарат тасушалыр арқылы тапсыруды талап етеді.
Осыған байланысты ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың сәйкес бағдарламалық
қамсыздандыруға қажеттілігі туады. Бұл үшін салық қызметі ПҚ Интеллект-
Сервис фирмасы жасаған, аса танымал емес Best-4 ұсынады.
Қазіргі уақытта Семей Салық Комитеті (Семей СК) еңбек ақыны есептеу
үшін және салық төлеушілердің басқа да табыстарын есептеуге бағытталған екі
әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істейді:
• Еңбек ақы кешені, АСУ-Партнер жобасы
• Еңбекті және еңбек ақыны есептеу бойынша АЖО (ОАО Автоматика).
Бұл екі кешен де есептерді (есеп беруді) магнитті ақпарат тасушалырға
жаза алмайды және қолданылатын МББЖ (FoxPro 6) шектеулігіне байланысты ұйым
бойынша бірыңғай мәліметтер қорын жүргізе алмайды. Сондықтан төмендегі
критерийлерге сәйкес келетін бағдарлама жасау мақсаты қойылады:
• Бүкіл ұйым бойынша жеке тұлғалардың табыстары туралы бірыңғай
мәліметтер қорын жүргізу;
• Есеп берулерді магнитті ақпарат тасушалырға жазу мүмкіндігі;
• Салық төлеушілерден есептелу, ұстап қалулар (удержания), сонымен қатар
бүкілұйым және тұлғалардың жеке категориялары бойынша есептелу, ұстап
қалулар динамикасы жайлы қажетті ақпартты қағазға басып шығару;
• Қолданушылардың мәліметтер қорына жіберетін кез-келген сұранысын
өңдеу;
• Жеке орындарда қолданылатын еңбек ақыны есептеу бағдарламаларының
мәліметтер қорынан жеке мәліметтер қорына ақпарат жинау;
• Ақпаратты қолмен енгізу және түзету мүмкіндігі;
• Мәліметтер қорын сақтауды қамтамасыз ету;
• Шапшаңдылық, эргономикалық сияқты талаптарға сәйкестігі, қазіргі
заманғы МББЖ-ны қолдану, кейін одан да жетілгеніне ауыстыру
мүмкіндігі;
• Заңның өзгерулеріне сәйкес түзету мүмкіндігі.
Бұл жұмыс есеп беруді жүргізетін бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс
орны болып табылады. Ол жоғарыда атлған барлық талаптарға сәйкес келеді.
Бұл жұмыста:
• Жұмыстың толық сипаттамасымен қатар сұраныстар алгоритмі берілген;
• Бағдарламада қолданылатын мәліметтер қорының құрылымы келтірілген;
• Бағдарламаның жұмысын түсіндіруге көмектесетін көптеген иллюстрациялар
берілген;
• Жасалған бағдарламаның экономикалық есебі келтірілген;
• Жұмыс орнындағы қоршаған ортаны қорғау мәселесі қарастырылған.
Дипломдық жұмысқа қосымша ретінде InterBase v 5.0 МББЖ қолданып, Borland
Delphi–де жасалынған, дискіде сақталған демонстрациялық бағдарлама
келтірілген.
1 ПАТЕНТТІК ІЗДЕНІС
1.1 СҰРАҚТЫҢ ҚОЙЫЛУЫ ЖӘНЕ ПАТЕНТТІК ІЗДЕНІС
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматтандыру және басқару кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Каф. меңгер.___________ А.Д.Золотов
______ _________________ 2007ж.
(мерзімі)
ТАПСЫРМА
Дипломдық жобалау барысында патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізуге
арналған
Дипломдық жоба тақырыбы – Семей қаласының салық комитетiнiң жеке

Ізденістің басталуы 01.01.2000 г. Аяқталуы 1.06.2005 г.
Жетілділіретін программалық қамсыздандырудың қысқаша сипаттамасы –
Мемлекеттік салық комитеттерінің құжат алмасуын және салық жинау процесін
автоматтандыру.
Кесте 1.1
Іздеу нысаны Ақпаратты ІзденісКлассификациялық Іздеу Ізденіс
(оның құраушыіздеу жүргізуиндекстер МКИ, уақыты жүргізілетін
бөліктері) мақсаттары елдері НКИ, УДК ақпарат
көздерінің
атаулары
1 2 3 4 5 6 7
Мемлекеттік Ақпаратты-анықКазақ-с621.5 А23С9121999-200Офиц.бюлл.
салық тамалық тан 5 Изобрете-ни
комитеттерініүрдісте жұмыс Ресей я -М: НПО
ң құжат істейтін АҚШ Поиск
алмасуын жәнекәсіпорындар (200-2005).Р
салық жинау дың еф информ.
процесін құжат алмасуды
автоматтандыравтоматтан
у дыратын
программалық программалық
жүйесі қамсыздандыруд
ың техникалық
шешімдерін
анықтау,
Кесте 1.1 жалғасы
1 2 3 4 5 6 7
Изобретениястр
ан мира.Вып.
105
(МКИ).-М.ВНИИТИ
(2000-2002)
Офиц.бюлл.
Промыш-ленная
собствен-ность
-Алматы:Каз
Патент
(2001-2004).
Офиц.бюлл.
Открытия и
изобрете-ния -
М.:
ВНИИПИ
(2002-2004)
Тапсырма берілді ______ _____________2007ж.
(уақыты) (айы)
Орындаушы_________ Ташетов М.
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жоба жетекшісі ____________ Р.С. Бекбаева
(қолы)
(аты-жөні)
2 ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Кейінгі кезде кез-келген кәсіпорынның негізгі қорларын еспетеу
компьютердің көмегіне келіп тоқталады. Жасалынған жүйе алдымен бір немесе
бірнеше қызметкерлердің қолдануына арналады. Содан кейін бірнеше уақыт
өткеннен кейін жаңа ойлар туындауынан оларға жаңа өзгерістер енгізіледі.
Сондықтан кез-келген программалық қамсыздандырудың немесе техникалық
нысанның келесі экономикалық көрсеткіштері есептелуі қажет:
1. Қайтарылмалы қалдық (алынып тасталынады)
2. Сатып алынатын комплектеуші бұйымдар, жартылай фабрикаттар және қызмет
көрсетулер
3. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақысы (еңбек ақы қорынан алынатын
сыйақыларды қоса есептегенде)
4. Өндіріс жұмысшыларының қосымша еңбек ақысы
5. Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысынан әлеуметтік сақтандыруға кететін
салымдар
6. Өндірісті дайындауға және игеруге кететін шығындар
7. Мақсатық қолданылымдағы құралдар мен құрылғылардың тозуы және арнайы
шығындар
8. Құрылғыларды ұстау мен эксплуатациясына кететін шығындар
9. Жалпы өндірістік шығындар
10. Жалпы шаруашылық шығындар
11. Басқа да өндірістік шығындар
Есептеу уақытында бізге мынадай бастапқы мәндер белгілі: сатып алынатын
бұйымдардың спецификациясы, элементті база, жұмыстық технологиялық процесс
Сондықтан да жобаланушы бұйымның өзіндік құнын есептеу кезінде дәлме-дәл
есептеу әдісі қолдануы керек.
Мұндай техника бұйымдарының технологиялық және экономикалық
параметрлері туралы ақпараттар коммерциялық құпия болғандықтан базалық
нұсқа ретінде жасалынатын өлшеу жүйелерінің біреуін таңдау керек. Базалық
нұсқаның өзіндік құнын есептеуді жобаланушы бұйымның өзіндік құнын
есепптеумен қатар жүргіземіз.
Программалық жобаланушы бұйымның өзіндік құны жобалаудың соңғы
кезеңінде анықталады. Бұл уақытта өзіндік құнын дәлме-дәл өлшеуге қажетті
бастапқы мәліметтердің біразы болады (принципиалды сұлба дайын, элементті
база, сатып алынатын бұйымдардың спецификациясы жасалған, жұмыс пен
бөлшектердің кейбір түрлері бойынша технологиялық процесстер дайындалған ).

3 ҚОЛДАНЫЛАТЫН АНАЛОГТАР
Осы бөлімде, мен Семей салық комитетінің бухгалтерлік есеп дәрежесін
автоматтандыруға арналған программалық өнімдерді қарастыруға тырыстым.
3.1 Турбо бухгалтер
Турбо Бухгалтер программасы барлық бөлімдер бойынша статистикалық және
аналитикалық бухгалтерлік есептер жүргізуге арналған. Оны ДИЦ ғылыми-
зерттеу орталығы жасаған. Өзім жұмыс істеген оның версияларының ішіндегі ең
алғашқысы - 3.0 версиясы.
Аналитикалық есеп табиғи және бағалық түрде аналитикалық есеп
нысандары бойынша жүргізіледі.
Оның ерекше қасиеті ретінде оның өте дамыған, ішкі тілдік
қамсыздандыруын атауға болады, онда 100-ден аса операторлар, айнымалылар,
ал 6-версиясынан бастап массивтер мен циклдер бар. Бұл кез-келген типті
операцияны, есеп беруді, бланкіні, тіпті дүкендегі сату есебі мен телефон
анықтамалығын да жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның жетекшілігі де екі кітапқа бөлінген: Қолданушы
жетекшілігі және программист жетекшілігі. Өткізулерді енгізуді қолмен
теруге болады, бірақ негізінен ол үшін өткізуді 1 ден шексіз мөлшерге дейін
генерациялайтын бланкілер қолданылады.
Операциялар журналына өткізулерді енгізген соң, өткізулерді
мәліметтер қорына қабылдау үшін журналдарды өңдеу қажет. Бұл бағдарламаның
тағы бңр ерекше қасиеті – бірнеше бухгалтерия жоспарларын жүргізу
мүмкіндігі. Бухгалтерия жоспары – бұл күйлеу түрлері (кәсіпорын, көрінетін
журналдар, бланкілер, типтік операциялар, аналитикалық белгілері және
т.б.), яғни әртүрлі бірнеше кәсіпорындарды бір компьютердеғ бір мәліметтер
қорында жүргізу үшін бағдарламаны күйлеуімізге болады. Бұл мәліметтердің
артуына әкелмейді, себебі әртүрлі фирмалар, мысалы: ортақ бланкілерді,
аналитикалық белгілерді қолдануы мүмкін.
Қорытынды есептелгеннен кейін бағдарламада автоматты түрде әртүрлі
ведомствалар мен есептерді қалыптастырады:
• Жиынтық өткізулер
• Айналымды-сальдо ведомствасы;
• Аналитикалық есеп нысандары бойынша йналымды-сальдо ведомствасы;
• Шот карточкасы;
• Аналитикалық есептің бір нысаны бойынша шот карточкасы;
• Басты кітап;
• Мерзімі бойынша шот анализі;
• Аналитикалық есеп нысандары бойынша есеп анализі;
• Барлық шоттар бойынша аналитикалық есеп нысандарының анализі;
• Барлық шоттар бойынша аналитикалық есеп нысандары бойынша карточкасы;
• Журнал ордері.
Сонымен қатар кез-келген есепті беруге болады.
Қазіргі кезде мен білетін версиялардың соңғысы – 6 , 4 түрлі нұсқада
шығады:
Негізгі
• Негізгі;
• Кәсіпқой (локальді);
• Кәсіпқой (желілік) – алғашқы;
• ТБ-6 Еңбек ақы.
Бірақ бұған дейінгі версиялары да жолдар дұрыс көрсетілсе желіде жұмыс
істеуге мүмкіндік беретін. \\GlBuh\C:\TB6\Blank\a*.gru
Кемшіліктері ретінде төмендегілерді атауға болады:
• Ішкі тілді өте тиімді жасай отырып, жабалаушылар бланкілерді жасауды
соңғы қолданушыға жүктейді, бәлкім осыдан болар бұл бағдарламаның
танымалдылығын күрт төмендетеді;
• Бланкінің енінің шектеулігі – 255 белгі (ол әрқашан жеткілікті бола
бермейді);
• Бағдарламаның мәліметтер қорының бұзылуы салдарынан оны қайта күйлеудің
жиі болуы (шамамен аптасына 1 рет), ол 10 минутқа шейін уақыт алады (6
версиясында бұл ақаулық жойылған).
4 1C:Бухгалтерия
Бүгінгі күні бухгалтерлі бағдарламалар арасындағы ең танымалысы – 1С
Бухгалтерия – әртүрлі бөлімдер бойынша синтетикалық және аналитикалық
бухгалтерлік есеп жүргізуге арналған әмбебап бухгалтерлік бағдарлама.
Аналитикалық есеп табиғи және бағалық түрде аналитикалық есеп нысандары
бойынша жүргізіледі.
Бағдарлама өткізулерді қолмен немесе автоматты түрде енгізуге мүмкіндік
береді. Барлық өткізулерді операциялар журналына енгізеді. Операциялар
журналында өткізулерді көру кезінде оларды кез-келген уақыттық интервалмен
шектеуге, топтастыруға және өткізулердің әртүрлі параметрлері бойынша
іздеуге болады.
Есептеулерден кейін бағдарлама әртүрлі ведомоствалар қалыптастырады:
• Жиынтық өткізулер;
• Айналымды-сальдо ведомствасы;
• Аналитикалық есеп нысандары бойынша айналымды-сальдо ведомствасы;

• Шот анализі (басты кітаптың аналогі);

Бұл бағдарламаларда кез-келген есепті қалыптасытыру режимі бар, ол
бухгалтерлік тілмен айтар болсақ есеп берудің формасын және мазмұнын
сипаттауға, оған шоттар және аналитикалық есеп нысандары бойынша қалдықтар
мен айналымдарды қосуға мүмкіндік береді. Осы режим көмегімен салық
инспекциясына жіберілетін есептер дайындалған, сонымен қатар бұл режим кез-
келген формада ұйымның қаржы қызметінің анализі үшін ішкі есептер жасау
үшін қолданылады. Сондай-ақ бағдарламада ақпараттардың резервті көшірмесін
сақтау функциясы және архивте текстік құжаттарды сақтау режимі бар.
Бағдарламаны бухгалтерлер ағымдағы заңға және есеп берудің белгілі бір
түріне сәйкес жеңіл күйлей алады. "1С" әртүрлі бағдарламалық және
аппараттық платформалар үшін дайындалған: DOS, Windows, Windows 95,
Macintosh (1996 г.), Power Macintosh (1996 г.). Жүйенің бірнеше
модификациялары бар: негізгі, кәсіпқой (күрделі бухгалтерлік мақсаттарды
шешуге арналған), желілік.

• Негізгі версияның аз мүмкіндігі;
• Орташа деңгейдегі кәсіпорынның бухгалтериясын автоматтандыру үшін барлық
қажетті модульдерді сатып алу жағдайында айтарлықтай жоғары бағасы.
3.3 БЭСТ
БЭСТ ПҚ (Интеллект-Сервис фирмасының жобасы) бір-бірімен
байланысқан бағдарламалық модульдердің жиынтығы түрінде дайындалған:күйлеу
және жүйелік утилиталар; басты кітапты (бас бухгалтердің АЖО ) жүргізу;
кассалық операцияларды есептеу; банкпен операциялар есебі; негізгі қаржыны
есептеу; өндірістік запастарды есептеу; тауардар мен дайын өнімді есептеу;
сатуды (өткізуді) басқару; еңбек ақы.
Қазіргі уақытта маған белгілі версиялардың соңғысы – 4.12 версиясы
кәсіпорынның кешенді автоматтандыруына бейімделген. Көтерме және бөлшек
сауда, сақтандыру қызметі, бюджет үшін арнайы версиялар жасалынған.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сараптаудың қуатты жүйесі бар.
Сатуды басқару, жеткізушілер және сатып алушылармен есептесу, сату
залының операцияларын орындау, тауарлық-материалдық құндылықтар,
номенклатура, сақтау орындары сияқты топтар бойынша кәсіпорын ресурстарвн
есептеу мақсатын шешуге мүмкіндік беретін функциядан басқа БЭСТ – 4 – ке
бірқатар қосымша мүмкіндіктер қосылған. Сатып алуларды басқару атты жаңа
қолданбалы жүйе, жеткізушілер, контрагенттер және сатып алушыалрдың тіркеу
есеп шотының реестрін құрастыруды және одан кейін жетектеуді қамтамасыз
етеді, оның негізінде автоматты түрде сату-сатып алу келісімдері бойынша
есептер қалыптастырылады.
Бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындар үшін "БЭСТ-4" әрбір дүкен үшін жеке
прайс-парақтар жүргізуге, сондай-ақ кез-келген мерзімде сату көлемі бойынша
нақтылы есеп алу үшін қолданылатын прайс-парақтар архивін жүргізуге
мүмкіндік береді. Жүйе кассалық аппараттар байланысты жүзеге асырады,
тауарды штрихтік кодтау жүйесін қолдайды. Жүйе тәуелсіз кәсіпорындардың
кез-келген саны үшін есеп жүргізуге және оны автоматтандыру үшін
модульдердің тек қана қажетті жиынтығын пайдалануға мүмкіндік береді.
Жүйенің тағы бір ерекшіліктері ретінде қолайлы интерфейсін көп қызмет
атқару мүмкіндігін нақытылы кәсіпорынның қажеттілігіне сай бағдарламаны
күйлеудің қарапайымдылығын атауға болады.
Кемшілктері ретінде төмендегілерді атауға болады:
• жұмыс жылдамдығының төмен болуы, оның себебі қолданылатын МББЖ-ның
(FoxPro 2.6) моральды ескіруі және мәліметтер директориясындағы 600-ден
аса файлдардың үлкен саны, бұл ДОС-тың мәліметтермен жұмыс істеуін
күрделендіреді;
• ішкі тілге айтарлықтай шектеу қою (бәлкім, млдификация құқығын тек өзінде
ғана сақтау үшін). Мысалы, бланкіге кез келген реквизитті қою мүмкін
емес. Ол үшін жасаушы фирмаға қатынасу керек;
• Windows бойынша версиялардың жоспарларының болмауы, бүл оның
танымалдығын төмендетеді;
Бұл бағдарлама локальді, сондай – ақ желілік нұсқада қызмет жасай
алады. Желілік орта ретінде 3.11 версиялы және одан жоғары NetWare,
Windows NT, VINES, LANtastic және басқа ОЖ қолданылады. Аппараттық
қамсыздандыруға қойылатын талаптар: станция – клиент үшін процессор 386
және одан жоғары, оперативтік жады 4 Мбайттан бастап; сервера үшін –
процессор 486DX- тан бастап, ОЕСҚ көлемі 16 Мбайттан
төмен емес.
3.4 Интегратор 3.0
"Интегратор" пакеті бухгеалтерлік есепті кешенді автоматтандыру үшін
арналған. "Интегратор 3.0" версиясының желілік қолдану салалары мен қызмет
түрлері әртүрлі өндірістік кәсіпорындардағы жұмыстары үшін арналған.
"Интегратор 3.0" келесі жүйелерден тұрады: ақша қаражаттары (касса, банк);
дебиторлар және кредиторлар; материалдар өнім тауарлар; МБП; жеткізушілер
және өткізушілер; негізгі қаражаттар және материалдық емес активтер;
өндірістік шығындар; сатып алушылар мен тапсырыс берушілер; кіріс;
салықтар; капитал; қаржылық есеп беру.
Жасау кезінде Clipper 5.2 МББЖ- ды қолданылды. Желілік нұсқасында
негізгі конфигурация ретінде "файл-сервер" қолданылады. Клиентсервер
архитектурасында жұмыс істеу үшін қосымша Advantage Xbase Server ПҚ
орнату қажет. "Интегратор" NetWare 3.xх және одан жоғары, Windows NT,
LANtastic және басқа желілерде қолданылады.. Аппараттық қамсыздандыруға
қойылатын талаптар: станция – клиент үшін 486DX2 класты процессор және и 8
Мбайттық оперативтік жады; сервер үшін - Pentium 75-тен төмен емес
процессор және 16 Мбайттан жоғары көлемді ОЕСҚ.
4 АВТОМАТТАНДЫРЫЛАТЫН ФУНКЦИЯЛАР СИПАТТАМАСЫ
Жүйені жасаудің мақсаты: кіріс салығы (подоходный налог) бойынша есеп
беруге қойылатын заң талаптарын орындауды қамтамасыз ету.
Жүйенің атқаратын міндеттері:
• Кәсіпорындағы есептелген еңбек ақыны, басқа да кірістерді және ұстып
қалынатын кіріс салығын есептеу;
• Жалпы Семей салық комитеті және оның ішіндегі бөлімшелері бойынша
еңбекті бағалау бойынша әртүрлі статистикалар жүргізу;
• Қажетті есептерді магниттік және қағаз ақпарат тасушылар мен беру;
• Анықтамаларды толтыру.
Бұл жүйе кәсіпорынның төмендегі бөлімшелерінде қолданылады:
• Салықтық саясат бөлімшесі;
• ЕБжЕ (ОТиЗ) бөлімшесі.
4.1 Қазіргі қызмет ету жүйесін және автоматтандыру есебін анализдеу
Семей салық комитеті көптеген бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Әрбір
бөлімнің өзінің басқарушылық құрылымы бар. Бұл орталықтан жоспарлау және
басқаруды күрделендіреді, себебі, әр бөлімде программалық және техникалық
қамсыздандыруы әртүрлі, ақпартты кодтаудың әртүрләі жүйесі жасалған, ішкі
есеп берудің әртүрлі формалары бар.
Заң жобасына енгізілген өзгертулерге байланысты қазіргі уақытта есеп беру
магнитті ақпарат тасушылармен жүзеге асырылуы қажет, ол жоғарыдағы аталған
жағдайға байланысты күрделенеді.
Осыған байланысты ұйымның салық саясаты бөлімдерінің жұмысын автоматтандыру
туралы шешім қабылданды.
1- суретте көрсетілген сұлбада есеп беруді жүзеге асыру процесіндегі
ақпараттар ағынын сипаттайды. Қажеттілікке байланысты, бірақ айына бір рет
бөлімшелер кіріс салығын есептеу үшін қажетті ақпаратты орталық бөлімге
жібереді, онда бұл ақпараттар тексеріліп, содан кейін қорытынды есеп
дайындалады.
Сурет 1 Салық комитетінің бөлімдері
Сонымен қатар бұл мәліметтер қорынан ЕБжЕ (ОТиЗ) бөлімі еңбек ақы
бойынша қажетті есептер, ақпарат ала алады.
Жасалынған жүйенің шешілетін міндеті осы процесстерді автоматтандыру болып
табылады.
4.2 Жүйе атқаратын қызмет құрамы
– Семей салық комитетінің барлық бөлімшелерінен жұмыскерлерге еңбек
ақының есептелуі және ұстап қалынған кіріс салығы жайлы ақпараттарды
жинау;
– Алыс орналасқан жұмыс станцияларынан электронды почта арқылы
серверге ақпарат жіберу, модем арқылы тікелей байланысу, немесе
магнитті ақпарат тасушы көмегімен ақпарт жіберу үшін оны дайындау;
– Алынған ақпараттың дәйектілігін тексеру (кірістік салықты дұрыс
есептеу);
– Жеке өзіндік мәліметтер қорын жасау, қажетті есептер мен
анықтамаларды магнитті және қағаз ақпарат тасушылар арқылы беру;
– Ішкі есептерді қалыптастыру және беру;
– Бөлімдегі қызметкерлер саны, орташа еңбек ақы мөлшері;
– Қызметкерлер санының өзгеру динамикасы және орташа еңбек ақы
мөлшерінің өзгеру динамикасы;
– Ауырып жатқан қызметкерлер санының және пайызының динамикасы;
– Кезекті демалыстағы қызметкерлер санының және пайызының динамикасы;
– Басқа ішкі есептерді қалыптастыру және беру;
– Еңбек ақы жөніндегі ақпаратты қолмен енгізу және жеке тұлғалар үшін
анықтамаларды қолмен толтыру;
– Мәліметтер қорын оптимизациялау, өткен жылдар бойынша архив жүргізу,
мәліметтерді резервті көшіріп сақтау және оларды қайта қалпына
келтіру, блокнот, калькулятор, календарь сияқты қызмет көрсету
функцияларын қамтамасыз ету;
– Мәліметтерді қорғау.
4.3 Жүйенің құрылымы бойынша шешім
Жүйенің құрылымы жұмыс станциясынан және серверден тұрады.
Серверлік бөлігінің қызметіне төмендегілер жатады:
– Мәліметтер қорын жұмыс қалпында сақтау, оңтайландыру
(оптимизациялау);
– Қолданышулардың сұраныстарын өңдеу;
– Мәліметтер қорын сақтандыру.
Жұмыс станцияларының қызметіне төмендегілер жатады:
– Оны қалыптастыратын бағдарламалардан тікелей ақпарат жинау және
жіберуді қамтамасыз ету;
– Жиналған ақпараттың дұрыстығын тексеру;
– Ақпаратты серверге жіберу;
– Серверден сұраныс алу;
– Анықтамалар және есептер беру;
– Қолданушының достық интерфейсін қамтамасыз ету.
4.4 Жүйені модульдерге функционалды бөлу бойынша шешім
Функционалды түрде (қызметі бойынша) жұмыс станциясындағы АЖО төменде
көрсетілген келесі модульдерден құралады:
– импорт модулі, ол еңбек ақыны есептеу АЖО-ры мәліметтер қорынан
ақпараттар таңдап, оларды жеке қорға импорттауды жүзеге асырады;
– анықтамалықтар модулі, ол жүйенің анықтамалықтарын (мамандықтар,
мандаттар, цехтар, учаскелер, аймақтар анықтамалығы) түзету және
көрсетуге арналған;
– жұмысшы модуль, ол ақпаратты енгізукөру, әртүрлі есептерді алу үшін
қажет;
– бақылаушы модуль, ол ақпараттың тұтастығына және дәйектілігіне,
сенімділігіне, сондай-ақ жеке тұлғалардан кіріс салығының дұрыс алынун
бақылайды;
– администратора модулі, ол жүйелік ақпаратты түзету үшін арналған.
5 ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМ
Бұл тарауда төмендегідей сұрақтар қарастырылған:
– мәліметтер қорының тұтастылығын сақтау үшін және рұқсатсыз кірудің
алдын-алу үшін арналған шаралар бойынша шешімдер;
– операциондық жүйе мен жасау құралдарын таңдау;
– техникалық құралдар кешені бойынша шешімдер;
– жобаны ақпараттық қамсыздандыру.
5.1 Мәліметтер қорын сақтандыруды қамсыздандыру
Жүйе онда сақталған ақпаратты заңсыз, рұқсатсыз оқу, жазу және
түзетуден сақтауды қамтамасыз етеді. Мәліметтер қорындағы ақпаратты өзгерте
алу үшін администратордың паролі қарастырылған. Сондай-ақ жұмыстық
станциялардың араларына енуге шектеу қойылған, әр жұмыс станциясы тек қана
өз мәліметтерімен жұмыс істейді.
Сыртқы электр қорегінің үзілістері кезінде ақпаратты сақтау үшін келесі
шаралар қарастырылған:
– транзакциялар журналын жүргізу, ол мәліметтер қорының құрылымының
бұзылуы жағдайында транзакацияларды қайта қарап шығуға мүмкіндік
береді;
– жазу үшін жұмыс файлдарының ашық болатын уақытының максималды
қысқаруы, яғни файлды жаңарту қажет болғанда, ол сол арада ашылып,
жаңарып, жабылады. Бұл кезде файлдың ұзақ ашық болуы болмайды;
– мәліметтер қорын периодты резервті көшіру;
– серверге UPS-ті орнату қажеттілігін ескерту.
Бұл жүйе қайта қалпына келеді және ұзақ уақыт қызмет атқаратын периодты
түрде қызмет көрсетілетін жүйе болып табылады. Жалпы эргономикалық талаптар
бөлімінде жалпы стандарттарға сәйкес келеді.
5.2 Жобаның операциондық ортасын және құралдарын таңдау
АЖО-ң жүзеге асуы үшін операциондық орта ретінде win32 платформасы
(оған Windows95, Windows98, Windows NT XP операциондық жүйелері сәйкес
келеді) оның төменде көрсетілген ерекшеліктеріне сәйкес таңдалды:
– тапсырыс берушінің осы платформаға икем болуы;
– қолданушылық интерфейсті жасаудың дамыған құралдары;
– жеткілікті жұмыс масштабы, яғни 486DX4-100 деңгейдегі машиналардан
бастап көп процессорлы жүйелерге дейін, компьютерлік құрылғылардың кең
диапазонында жұмыс істей білу қабілеттілігі;
– перифериялы құрылғылардың (видеоадаптерлар, желілік
адаптерлар,принтерлер, CD-ROM дисководтары және т.б.) кең
спектрлерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін драйверлердің болуы;
– бұл платформа өте кең тараған;
– бағдарламалардың мұндай деңгейлі есептерге сәйкес келетін дәйектілігі
және өнімділігі.
– Бұл платформаның ұсынылатын жобаға біршама әсері бар кемшіліктері
ретінде төмендегілерді атауға болады:
– Windows95 және Windows98 операциондық жүйелерінде қауіпсіздікті
қамсыздандыру және сақтау құралдары жоқ, сол себептен жеке модульдерді
жасау керек немесе басқа модульдерді қолдану қажеттігі туындайды;
– Компьютердің аппараттық ресурстарына қойылатын жоғарғы талаптар, ол
өте қуатты аппаратуралық платформаларды пайдалануға мәжбүр етеді.
– Жобаның операциондық ортасы ретінде Borland Delphi пакеті оның
төменде көрсетілген ерекшеліктеріне сәйкес таңдалды:
– Программалық қамсыздандыруды жобалау облысындағы кәсіпорынның
саясаты;
– Дайын бағдарламалық құраушыларды қайта пайдалану мүмкіндігі;
– Стандартты құраушылар санының көптігі, сондай-ақ стандартты
құраушылар мүмкіндіктерін кеңейтетін және толықтыратын, басқа
фирмалардың құраушылар кітапханаларының көп болуы;
– win32 платформасына сәйкес кодты генерациялау мүмкіндігі;
– ActiveX, OLE, COM, CORBA, InterNet-технологияларын қолдау;
– Интерпретациялаушы жүйелерге қарағанда компиляцияланған
бағдарламалардың айтарлықтай жоғарғы жылдамдығы және жұмыс істеу
дәйектілігі;
– Бағдарламаларды жасаудың визуалды әдістерін қолдану, ол стандартты
қолданушы интерфейсін тез және сапалы жобалауға мүмкіндік береді;
– Жобаның бұл ортасы әлемде кең тараған және танымалы, сондай-ақ оның
болашағы мол деп есептелінеді.
Жобаның МББЖ ретінде InterBase v. 5.0. оның төменде көрсетілген
ерекшеліктеріне сәйкес таңдалды:
– Delphi ClientServer Suite құрамына қосылғаннан кейін InterBase -
тің Borland - пен (қазір Inprise Corporation) көп сәйкестігі пайда
болды. Ал бұл компанияның толықтыруларды жобалау құралдары тек қана
жақсы жақтардан танылды. Сондай-ақ оның АҚШ-тың мемлекеттік және
әскери секторында белсенді қолданылатыны – ақ оның ерекшеліктерін
тағы бір атап өтеді;
– басқа SQL серверлерге қарағанда InterBase администрациялау мен
күйлеу үшін өте қолайлы және қарапайым;
– InterBase-тің техникалық сипаттамалары өте жоғарғы деңгейде:
– Мәліметтер қорының көлемі 20 Гбайт – қа дейін;
– Бір мәліметтер қорындағы кестелердің максималды саны 65536;
– Бір кестедегі максималды өрістер саны 1000;
– Бір кестедегі жазбалардың максималды көлемі шектелмеген;
– Жазбалардың максималды ұзындығы 64К ( BLOB өрістерін есептемегенде);
– өрістің максималды ұзындығы 32К ( BLOB – тан басқа өрістер –
шектелмеген);
– бір мәліметтер қорындағы индекстердің максималды саны 65536.
– Жобаны дайындау кезінде қосымша төменде келтірілген бағдарламалық
пакеттер мен құрылғылар, құралдар пайданылды:
– InstallShield Express пакеті – дистрибутивті дискеталар комплектісін
жасауға арналған.
Бағдарламалардың құжаттарын, жарнамалық бетті және демонстрациялық
версиясын дайындау үшін Microsoft Office 97 комплектісіне кіретін
бағдарламалар қолданылды.
5.3 Техникалық құралдар кешені бойынша шешімдер
5.3.1 Техникалық құралдарды сұрыптау критерийлерін таңдау
Техникалық құралдарды сұрыптауға арналған көптеген критерийлердің
арасынан бізге керегі:
– Оперативті есте сақтау құрылғысының жеткілікті көлемі;
– Қатты магнитті дискідегі жинағыштың жеткілікті көлемі;
– Қолданушының жұмысы үшін видеоадаптердің және дисплейдің қолайлы
типі;
– Орталық процессордың жеткілікті өнімділігі;
– Ақпаратты қағаз және магнитті ақпарат тасушыға көшіру мүмкіндігінің
болуы;
– ЛЕЖ-не ақпарат жіберудің жеткілікті жылдамдығы;
– Техникалық құралдар кешенін құраушылардың тиімді бағасы.
5.3.2 Жүйенің жұмысына қажетті ресурстарды есептеу,
техникалық құралдарды таңдау
Қажетті ОЕСҚ көлемі келесі көрсеткіштерге қарап есептеледі: жүктелген
операциондық жүйенің орын алатын жады мөлшері, ЭЕМ-ның жұмысын
қамсыздандыруға арналған драйверлерге, негізгі бағдарламаларға (программы-
оболочки), бағдарламалық кешеннің негізгі жүктелетін модуліне,
бағдарламалардың орындалуына қарай жүктелетін динамикалық кітапханаларға
бөлінетін қажетті жады көлемі және ақпаратты өңдеу үшін қажетті жадының
резерві.
Жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес жүйенің сераерлік бөлігінің қалыпты
жұмысы үшін ОЕСҚ көлемі кем дегенде 64 Мбайт ( тиімдісі - 128 Мбайт)
қажет. Қазіргі заманғы талаптармен салыстырғандағы бұл жоғары емес, себебі
жүйенің серверлік бөлігінің операциондық ортасы ретінде таңдалған Windows
NT v. 4.0- ның қалыпты жұмыс істеуі үшін оперативті жады мөлшері кем
дегенде 32 Мбайт болуы керек. Сондай-ақ мәліметтер қорының үлкен көлемін
(100 Мбайттан жоғары) және қолданушылардың ауқымды аудиториясын қамту
мүмкіндігін ескерсек сервердің оперативті жұмысы үшін тағы да кем дегенде
32 Мбайт ОЕСҚ қажет.
Жұмыстық станциялардың қызметі үшін операциондық орта ретінде
Windows 95 немесе Windows 98 таңдалғанын ескерсек қалыпты жұмыс үшін 16
Мбайт ОЕСҚ (Windows 98 қолданғанда 32 Мбайт) қажетті және жеткілікті.
Себебі Windows 95 -ке қалыпты жұмыс істеу үшін 8, Windows 98 –12 Мбайт
ОЕСҚ қажет. Жүйенің өзі оперативтік жадының 6 Мбайт көлемін алады.
Себебі Pentium типті компьютерлер үшін жады платалары 8, 16, 32, 64
Мбайттық көлеммен шығарылып, жұппен қойылады, ал Pentium II, Pentium III
типті компьютерлер үшін жады платалары 16, 32, 64, 128 Мбайттық көлеммен
шығарылып, біреуден қойылады. Жоғарыда келтірілген техникалық
тұжырымдамалардан біз оперативті жадыға қойылатын жоғарыдағы талаптарды
аламыз.
Қатты магнитті дискідегі жинағыштың (бұдан әрі HDD деп көрсетіледі) көлемін
таңдау келесі көрсеткіштерге қарап негізделеді: ең жоғары жүктелу кезіндегі
мәліметтер қорының өлшемі, операциондық ортаның қатты дискідегі алатын
орны, сондай-ақ жүйенің өткен жылдар үшін жасаған архивтер өлшемі. Сонымен
қатар жүйенің жауап беру жылдамдығына деген қажеттілігіне байланысты HDD-
ның қажетті әсер ету шапшаңдығын да ескере кету керек.
Техниканың болжамды қызмет мерзімі – 5 жыл. Себебі 5 жыл – машиналардың
толық моралды ескіруі және оны алмастыруының орташа мерзімі.
Windows NT9598 операциондық орталары орта шамамен қатты дискіде 150-200
Мбайт бос орын алады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып келесі тұжырымға келеміз: жүйенің
серверлік бөлігінің қалыпты жұмысы үшін қатты дискідегі 100 * (5 + 1) + 150
(1Гбайт бос орын қажет, алайда резервке бос орын қалтырған жөн, сондықтан
да қатты дискідегі ұсынылатын бос орын мөлшері - 1,5 Гбайт. Резервті
көшіруді жүзеге асыру үшін көлемі 850 Мбайт болатын тағы бір диск қажет.
Мәліметтер қорының үлкен көлемін және қолданушылардың ауқымды аудиториясын
қамту мүмкіндігін ескерсек, жұмыс істеу үшін ақпараттарды жіберу жылдамдығы
кем дегенде 10Мбайтсек болатын SCSI HDD қолдану керек.
Жұмыстық станцияның қалыпты жұмысы үшін ақпараттарды жіберу
жылдамдығы кем дегенде 2Мбайтсек болатын қатты дискіде кем дегенде 350
Мбайт (150 – Windows + 150 – InterBase + 50 резерв) бос орын болуы қажет.
Жүйенің серверлік бөлігін адамның тұрақты бақылауының қажеті жоқ, сондықтан
оның жұмысы үшін монитор қажет емес, алайда қолданылатын win32 платформасын
ескере отырып мәліметтер қорына периодты түрде қызмет көрсету үшін 14”
диагональдық VGA немесе SVGA мониторлары болғаны дұрыс.
Жұмыстық станциялардың жұмысы үшін көрсетілетін мәліметтердің және
қолданылатын OS үлкен көлеміне байланысты 15” диагональдық SVGA монитор
қажет.
Орталық процессорды таңдау әрқашанда жүйенің өнімділігі жайлы ақпаратқа
негізделеді.
Өңделетін ақпараттың үлкен көлемін және қолданылатын платформаны
ескерсек, сервердің тиімді жұмысы үшін тактілі жиілігі кем дегенде 200 Mzh
қосымша процессоры бар бесінші толқындағы Intel (Pentium) процессорларын
немесе олардың аналогын қолданған жөн.
Жұмыстық станция үшін де есептеулердің үлкен көлеміне байланысты осы немесе
бұған қарағанда қазіргі заманғы процессор қажет.
Ақпарат алмасу үшін жеке және бас жұмыстық станциялар есеп беру үшін
3,5” дисководтарымен жабдықталуы тиіс.
Сондай-ақ есептер мен анықтамаларды баспаға шығару үшін А4 форматты
принтермен жабдықталуы тиіс немесе осындай желілік құрылғыға қосылуы тиіс.
ЛЕЖ-не берілетін ақпараттарды жіберу жылдамдығы таңдап алынған желілік
бағдарламалық және техникалық қамсыздандырылуға байланысты. Кәсіпорындағы
қолданылатын машиналар паркі Ethernet-адаптерлерімен және ақпаратты жіберу
жылдамдығы 10Mбитсек басқа да желілік құрылғыларымен жабдықталған. Жүйенің
жұмысы үшін бұл жылдамдықтың жеткілікті екенін және бұл құрылғыны 100 Mzh-
тыққа алмастыру бағасының жоғарылығын ескеріп қолда бар құрылғыларды
қолдану туралы шешім қабылданды.
Сонымен, жоғарыдағы тұжырымдамалардың қорытындысын шығара отырып,
жүйенің жұмысы үшін қажетті техникалық құралдар құрамына қойылатын кешенді
талаптарды атайық.
Жүйенің серверлік бөлігінің жұмысы үшін төменде келтірілгендер қажет:
Жиілігі кем дегенде 200Мгц бесінші толқынды Intel процесорының негізіндегі,
ОЕСҚ көлемі 64Мб, VGA-видеоадаптерімен және 14” монитормен, 10Мбит желілік
Ethernet-адаптермен жабдықталған, қатты дискіде 1Гб бос орны бар ЖЭЕМ
(ПЭВМ) .
Жұмыстық станциялардың жұмысы үшін төменде келтірілгендер қажет:

ОЕСҚ көлемі 16Мб, SVGA-видеоадаптерімен және 15” монитормен, 10Мбит желілік
Ethernet-адаптермен жабдықталған, қатты дискіде 350Мб бос орны бар, А4
форматты принтерге қосылған ЖЭЕМ (ПЭЕМ) .
5.4 Жобаның ақпараттық қамсыздандырылуы
Ақпараттық қамсыздандыруды жобалау екі кезеңге бөлінген:
– Ағымдағы ақпараттық ағындарды сараптау;
– Мәліметтер қорының құрылымын жобалау.
– Ақпараттық қамсыздандыру келесі функцияларды орындауы қажет:
– Ақпараттар массивін ұйымдастыру және жүргізу;
– Есеп берулерді дайындау;
– Мәліметтерді бақылау;
– Мәліметтерді сақтау және қайта қалпына келтіру.
Жоғарыда көрсетілген функциялар төмендегілер есебінен жүзеге асады:
– InterBase v 5.0 МББЖ пайдалану;
– FoxPro v.2.6 кестелерімен жұмыс істеу үшін ODBC-драйверлерін қолдану;
– Inprise Delphi ClientServer Suite v. 4 ортасын пайдалана отырып
мәліметтерді сақау және қайта қалпына келтіру үшін жеке модульдерді
жасау.
5.4.1 Кірістік және шығыстық ақпарат
Бұл автоматты жүйенің ерекшеліктері:
– Кірістік және шығыстық ақпараттың орташа көлемі;
– Мәліметтерге қолданылатын түрлендіру және есептеу операцияларының көп
саны.
– Мәліметтермен жүргізілетін жұмыс бірнеше кезең арқылы жүзеге асады:
– Еңбек ақы АЖО-нан ақпарат жинау;
– Мәліметтерді қайта есептеутексеру;
– Қажетті есептер беру.
Кірістік ақпаратты жинау үш кезеңнен тұрады:
– Есептегіш АЖО мәліметтер қорындағы ақпараттың толықтығын, тұтастығын,
дұрыстығын тексеру;
– Сервердің мәліметтер қорына мәліметтерді тікелей жіберу;
– Жеке анықтамалықтардағы ақпараттың толықтығын және дұрыстығын
тексеру.
– Шығыстық ақпаратқа төмендегілер кіреді:
– Қағаз ақпарат тасушы көмегімен есеп беруге қажетті стандартты есеп
беру формалары;
– Тұлғалардың-салық төлеушілердің жиынтық табысы жөніндегі файл;
– ЕжЕБ (ОТиЗ) және басқарма үшін басқа да есептер мен анықтамалықтар (
кәсіпорындағы еңбек ақының көтерілутөмендеу динамикасы,
жұмыскерлердің әртүрлі категорияларының табыс деңгейі, бөлімшелердегі
жұмыскерлер саны және т.б.).
Ақпаратты жинау әрбір ай сайын, еңбек ақы төленгеннен кейін
жүргізіледі. Ақпаратты жинау аяқталғаннан кейін қажет болса оның дұрыстығы,
яғни оператордың командасы бойынша ұстап қалынатын табыс салығының дұрыс
есептелуін тексереді. ЕжЕБ (ООТиЗ) бөлімі жаңа ақпаратпен жұмыс істейді.
Алынған мәліметтер есеп беру түрінде өңделіп салық комитетіне беріледі.
Ақпаратты жинау кезінде оның толықтығы мен дұрыстығына негізгі назар
аударылады, себебі есептеуұстап қалуға тікелей байланысты барлық кірістік
ақпарат негізгі болып табылады. Бұл мәліметтердегі қателік қате есептелген
немесе есетелмеген шамаға әкеп, ол өз кезегінде есеп беру кезінде жағымсыз
салдарға әкеледі, форма дұрыс толтырылмаған деп танылады. Анықтамалық
мәліметтердегі қателік салдарынан ЕжЕБ (ОТиЗ) бөлімі кәсіпорындағы жағдайды
сипаттайтын жалған ақпаратты пайдаланып, жұмыс істейді.
5.4.2 Ақпаратты массивтердің сипаттамасы
Бұл кешенде ақпараттық массивтер үш типке бөлінеді:
– негізгі – табыс бойынша алынған, енгізілген, есептелген мәліметтерді
сақтайды (өткен жылдардың архивтік көшірмесін қосқанда), бөлімшелерден
мәліметтерді алу туралы протоколдар;
– формалар анықтамалығы, есептеу кодтарының анықтамалығы, кіріс
анықтамалығы, кәсіпорынның құрылымы жайлы сияқты анықтамалықтар;
– қосымша Автоматты жүйе күйлеу параметрлері жайлы ақпарат пен басқа да
қосымша, көмекші ақпарат.
Мәліметтер қорының кестелеік сипаттамасы Қосымша 3 берілген.
ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ҚОЛДАНУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІ
Қолданушы жетекшілігі бағдарламаны қолданушы адамды онымен жұмыс істеуді
үйретуге арналған. Мұнда қолданушы компьютермен бастапқы жұмыс істей білуі
қажет, яғни ол перне тақтамен, тышқанмен жұмыс істей алады, компьютер
жіберетін хабарламаларды түсініп, Windows, терезе сияқты түсініктерді
меңгерген..
Сондықтан да бұл бөлімде мен ұсақ техникалық бөліктеріне аса назар
аудармай, жүйенің негізгі жұмыс режимдерін толықтай сипатауға тырыстым.
Сурет 2 –де жобалаушы, версиясы және т.б. жайлы ақпараты бар жүйе жұмысының
видеокадры келтірілген.
6.1 Қолданушы идентификациясы
Қазіргі кезде жеке тұлғалардың еңбек ақысы және басқа да табыстары
жайлы ақпарат қатаң құпиялы ақпарат болып табылады. Сондай-ақ мәліметтерді
қате өзгерту мәліметтер қорындағы қателіктерге, оның салдарынан есеп
берудегі қателіктерге әкеледі. Сондықтан да берілген жұмыс істеу алдымен
қолданушы идентификациясынан басталады, ол үшін жүйе қолданушының атын,
паролін сұрайды. Ол жайлы сурет 3 – те келтірілген видеокадр сипаттайды.
Қолданушының аты мен паролі алынғаннан кейін оның жүйеге кіру құқығы
тексеріледі. Сурет 4 және 5 – те нәтижелердің қорытындылары көрсетілген
Автоматты жүйе видеокадрлары келтірілген. Нәтижелердің түрәне байланысты
формалардағы менюдің кейбір пунктерін немесе опцияларын қолдана алмаймыз.
Сурет 2 Салық төлеу программасының терезесі
6.2 Жүйелер анықтамалығы
Автоматты жүйе пайдалануды бастаған кезде анықтамаларды толтыру қажет.
Олардың тізімі негізгі менюдің анықтамалар функциясына кіру кезінде экран
бетіне шығады (сурет 6 қара). Анықтамлықтардағы ақпарат кодталуы қажет
(кейбір анықтамалықтардың сипаттамасын қара).
Қолданушының бұдан кейінгі барлық жұмысы анықтамаларға енгізген
кодтары бойынша жүргізіледі. Жүйенің жұмысы барысында кодтар жойылып,
түзетіліп, жаңа шамалармен толықтырылуы және еңбек ақы АЖО-нан көшірілуі
мүмкін.
Әрбір анықтамалық үшін ақпаратты өңдеудің жеке режимдері келтірілген,
мысалы түзету, баспаға шығару, іздеу, сұрыптау мүмкіндіктері және т.б.
Анықтамалықтар есептеді дайындау үшін, ақпараттарды тексеру үшін, сондай-ақ
салық комитетіне электронды түрде берілетін файлды жасау және жеке
түлғалардың табысы жайлы анықтаманы баспаға шығару үшін қолданылады.
Сондықтан да анықтамаларды дайындау кезінде оларды тортыру инструкцияларын
пайдаланған жөн, ол инспекцияға берілетін файлдыі құрамы бар магнитті
ақпарат тасушыға жазылған кәсіпорындар, ұйымдар және салық инспекциясы
келтіретін магнитті ақпарат тасушылардағы жеке тұлғалардың табыстары жайлы
ақпараттың құрамы мен құрылымына қойылатын талаптар.
6.2.1 Классификаторлар
Төменде келтірілген сипаттамаға сәйкес классификаторларға берілген
Автоматты жүйемен жұмыс істеуге қатысатын және міндетті кодтауға жататын
бухгалтерлік есеп нысандары жатқызылады.
Классификаторларға енгізілген анықтамалықтардың тізімі:
– есептелу түрлері;
– ұстап қалу түрлері;
– құжат түрлерінің анықтамалығы;
– мандаттар анықтамалығы;
– персонал категориялары жайлы анықтамалық;
– мамандықтар анықтамалығы;
– Қазақстан Республикасының облыстары жайлы анықтамалық;
– мемлекеттер анықтамалығы;
– учаскелер анықтамалығы;
– цехтар анықтамалығы.
Есептелу түрлерінің анықтамалығында кәсіпорында қазіргі уақытта
қолданылатын, есептеу кезеңінде қолданылған, жақын арада қолданылатын
барлық есептеу түрлері жайлы ақпарат болуы керек.
Жүйенің кез-келген басқа режимінде есептелу кодын енгізсек, міндетті
түрде оның анықтамалықта болуы автоматты түрде бақыланады. Егер ол жоқ
болса ол туралы хабарлама беріледі.Бір кодты бірнеше рет енгізуге болмайды.
Есептелу түрлерінің анықтамалығына енгізілген кодтар автоматты түрде кіру
анықтамалығына енгізіледі. Ұстап қалу түрлерінің анықтамалығында
кәсіпорында қазіргі уақытта қолданылатын, есептеу кезеңінде қолданылған,
жақын арада қолданылатын барлық ұстап қалу түрлері жайлы ақпарат болуы
керек.
Жүйенің кез-келген басқа режимінде ұстап қалу кодын енгізсек, міндетті

болса ол туралы хабарлама беріледі. Бір кодты бірнеше рет енгізуге
болмайды. Ұстап қалу түрлерінің анықтамалығына енгізілген кодтар табыс
салығын және зейнетақы қорын есептеу алгоритміне қосылуы мүмкін, салық
салынбайтын соманы ұлғайтуы мүмкін.
Құжат түрлері құжат түрлерінің анықтамалығына салық инспекциясында
жасалатын Салық төлеушінің жеке басын куәландыратынқұжат түрлеріне сәйкес
енгізіледі. Мысалы:
01 – жеке куәлік;
03 – туу туралы куәлік;
және т.б.
Мандаттар анықтамалығында кәсіпорында қолданылатын мандаттардың аты
және кодтары жайлы ақпарат бар.
Персонал категориялары жайлы анықтамалықта персоналдың барлық
категориялары (басқарушылар, мамандар, жұмысшылар және т.б.) жайлы
мәліметтер болуы керек, олар:
– кәсіпорында қазір уақытта жұмыс істеуі керек;
– жақын арада жұмысқа тұруы тиіс.
Жүйенің басқа кез-келген видеокадрына персонал категориясының кодын
енгізу кезінде міндетті түрде оның анықтамалықта болуы автоматты түрде
тексеріледі. Егер ол жоқ болса ол туралы хабарлама беріледі де операцияны
орындау аяқталады.
Бір кодты бірнеше рет енгізуге болмайды. Мамандықтар анықтамалығына
кәсіпорындағы барлық мамандықтар түрлері жайлы мәліметтер енгізілуі тиіс.
Бір кодты бірнеше рет енгізуге болмайды.
Сондай-ақ жүйеде учаскелер анықтамалығы бар. Бұл анықтамалық ЕжЕб
(ОТиЗ) бөліміне мәліметтерді учаскелер бойынша таңдап есептерді дайындау
үшін қажет, онда қазіргі уақытта жұмыс істейтін ұйымдағы барлық учаскелер
болуы керек.
Жүйенің басқа кез-келген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz