Өндiрiстi автоматтандыру туралы


Кiрiспе
Өндiрiстi автоматтандыру - бұл адамның алдын-ала орындаған бақылау және басқару функцияларының аспаптар мен автоматты қондырғыларға берiлу процесi. Өндiрiстi автоматтандырудың негiзгi мақсаты - еңбек өнiмдiлiгiн арттыру және шығарылатын өнiм сапасын жоғарлату .
Автоматты қондырғыларды шығаруға адамдардың қызығушылығы ежелгi заманда-ақ пайда болған. Ежелгi Египет елiнде бiрталай автоматтық жүйелердiң болғандығын археологиялық ашылулар дәлелдедi. Мысалы:жұмыс iстеу әрекетi жылу, күн энергиясына негiзделген және май мен жұмыс iстейтiн қондырғылар табылған. Бiздiң эрамызға дейiнгi I-шi ғасырда автоматиканың негiзiн қалаған . Герон Александрииский деген оқымысты өмiр сүрген. Ол өзiнiң ”пневматика” деген еңбегiнде қысым және жылуды пайдалану принцiпiне негiзделген “Сиқырлы фокустар” қатарын жазды. Ол бу күшiмен айналатын шар конструкциясын жасады. Бұл еңбегi кейiннен “Герон шары” деген атақ алды.
XVIII- ғасырда техниканың ендi жетiлген кезi: мысалы, бу машиналары шықты. Бұл техникалар қайта өңдеудi, автоматты қондырғыларды қоюды талап еттi.
Осы салада ағылшын механигi Уотт, француз ғалымы Понцеле т. б. көптеген еңбек сiңiрдi. Сол сияқты совет ғалымдарынан профессор И. А. Вышнеградскии, математик А. М. Лепунов, Н. Е. Жуковский т. б. ғалымдар көптеген жаңалықтар енгiздi.
Автоматтандыру жүйесiнде ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерi кеңiнен қолданылады.
Қазiргi уақытта салаларда өндiрiстi жеке және екi комплекстi автоматтандыру бар. Бiр - жекелеген өндiрiстердi автоматтандыру . Комплекстi автоматтандыруда негiзiнен бөлiк, цех, завод т. б. автоматтандыруда бiртұтас автоматтандыру комплексi ретiнде әрекет жасайды. Автоматтық басқару жүйесiмен қатар автоматтандырылған басқару жүйесi бар. Олардың айырмашылығы адам - машина жүйесi. Онда электронды есептеу машиналары пайдаланылады. Салаларда технологиялық процестерiнiң автоматтандырылған жүйесi өндiрiстегi автоматтандырылған бiрақ қанағаттандырылмаған жүйе. Салалық автоматтандырылған жүйе дамыған.
Функционалдық сұлбаны сипаттау
Функционалды сұлба - технологиялық процессті автоматты бақылаудың, дабыл берудің, басқарудың, реттеудің жекелей түйіндердің, функционалдық блоктың құрылымын көрсететін және нысанның басқару құралдарымен, автоматты жабдақтарымен қамтамасыз етуін көрсететін сұлба.
Барлық өндіріс салаларында технологиялық процесстердің қолданылуы сипатталады. Функционалдық сұлба автоматтардың өңдеу негізінде кейбір жалпы принциптерді қарастыруға болады:
1. Технологиялық автоматтандыру процесінің деңгейі перспективті модернизация және технологиялық процессті дамуы әрбір уақыт периодында анықталуы керек;
2. Функционалдық автоматтандыру сұлбаларының түрлерін өңдеу кезінде жеке технологиялық құрылғыларды таңдау керек: технологиялық процесстің сипаттамасы және түрін өрт, жарылғыш қауіпті шарттары, өлшемдері және физика-химиялық өлшеу ортасы, орнатылған датчиктердің орындарының ара-қашықтығын, қосымша қондырғылардың, орындалу механизмдері ескерілуі қажет.
Құрастырылған материалдың өндірісі Германия елінің «Windmeller und Helscher» фирмасының желісінде жүргізіледі. Бұл желі өз құрамында қорғаныс, дабыл беру, бақылау, басқару, автоматты реттеу жабдықтарымен қамсыздалған бірнеше өзара байланысқан жабдықтарды қосады.
Қағазға бояудың терең басылым түрінде түсудің автоматтандыру сұлбасы бояулы суреті мен мәтіні бар негізінде жасалған материалдарды алу үшін арналған. Материал төсем түрінде ас өнімдерін және басқа да түрлі өнімдерді (обоиларды, этикеткаларды) сәнді және қазіргі заманға сай қаптау үшін негізделген.
«Меркур-1990» типті терең басылым машинасы 5 бояғыш аппараттардан I, тарқату торабынан III және орау торабынан IV тұрады. Тарқату торабынан III төсем -110- машина арқылы өтеді, жайылу валиктері валдарда конустар арқылы бекітіліп, бұратын доңғалақтардың тіректерінде орналасады. Тіректердегі тірек бүркеншіктері тез әрекетті қақпамен қамсызданған және осьтік бағытта маховик көмегімен орын ауыстыра алады. Төсем -110- тарқату құралғысынан белгілі бір жылдамдықпен шығып, төсемді созу құрылғысына VI барады. Төсем үнемі тартылып отырады, әйтпесе қағаз бір жерде жиналып, сурет нақты түспеуі мүмкін. Төсемді созу құрылғысы VI төсемнің бүйір орын ауыстыруын болдыртпау үшін керек. Орау торабында, осыған байланысты рулонның қажетті тығыздығына тәуелді болатын, қозғалмалы жүк қойылады.
Материалдың өңделетін төсемі -110- тарқату құрылғысынан III басталып, барлық машина арқылы өтеді. Төсем машинаға алдыңғы немесе артқы жағынан салынуы мүмкін, яғни тарқатылатын рулон сағат тілімен немес сағат тіліне қарсы айналады. Тарқатылатын рулондар валдарда констар арқылы немесе тарқату валдарында бекітіліп, бұратын доңғалақтардың подшиниктерінде орнатылады. Гильза диаметрі 76 мм және одан да көп болуы мүмкін. Жетек немесе тежеуіш ретінде төсем тарлытуын өлшеу үшін валиктен реттелетін айнымалы тоқ қозғалтқышы жұмыс істейді.
Машина тоқтаусыз жұмыс істеу үшін, тарқату құрылғысында төсемнің екі рулонын орнатады. I-ші төсем біткеннен кейін, оның соңы II-ші рулонның басына жабыстырылады. Жабыстыру жабысқақ қағазбен басатын вал V арқылы жүргізіледі. Рулон қалдықтары жетегі бар пышақпен кесіледі, бұны төсемді кесу құралы 38-1 бақылап отырады. Рулондарды машинист машинаның тоқтатуынсыз ауыстырады. Тарқату құрылғысы жұмыс қалпына беретін қозғалтқышпен 42 орнатылады. Щитта сәйкес жарық бергіш HL13 қосылады.
Тарқату құрылғысынан III қағаздың төсемі төсемді созу құрылғысына VI барады. Бояулы басылым қағазға бес басылым валдарымен түседі. Айырмашылығы тек түсірілетін бояудың түсінде болады. Бояу сораптардың 44, 45, 46, 47, 48 тұрақты тоқ -26а- (алтын), -26к- (көк), -26қ- (қызыл), -26с- (сары), -26ж- (жасыл) бояу құбырлары арқылы VII бояғыш ванналарына барады. 44, 45, 46, 47, 48 қозғалтқыштары үшін щитта сәйкесінше HL15, HL16, HL17, HL18, HL19 жарық бергіштері жанады. Осы қозғалтқыштармен SA2…SA26 қайтақосқыштары жалғанған. Бұл қайта қосқыштар контактілері S5-130W микропроцессорымен жалғанған. Яғни, микропроцессор автоматты түрде тұрақты тоқ 44-48 қозғалтқыштарының сораптарындағы бояудың тұтқырлығын бақылап отырады.
Бояу сораптармен құбыр арқылы келеді. Валдардың айналуынан бояу араластырылып, бояу басылым валына жіберіледі. Төсем басылым валына басылады. Бояғыш валдарының жетегі басты қозғалтқыштан 43 жүреді. 43 электроқозғалтқышы үшін щитта қозғалтқыштың қосылып тұрғанын білдіретін жаpық бергіш HL14 жанады. Ванналардағы бояудың тұтқырлығын көрсететін тұтқырлық датчиктері 26-1, 27-1, 28-1, 29-1, 30-1 бояғыш аппараттарда I бояғыш ванналардың VII төменгі бөлігінде орналасқан. Егер бояу тым қою немесе тым сұйық болып кетсе, датчиктер щитқа дабыл береді. Төмеи бояғыш түске боялған соң, артық басылған бояуды ракель II сыпырып алады. Ракель басылым режимі кезінде немесе басылым аппаратты қолданылмаса, орын ауыстыра алады. Одан кейін төсем доңғалақтармен кептіргіштерге IX жөнеліп кептіріледі. Кептіру зоналарының келген және кеткен ауаның температурасын көрсететін температуралық датчиктері 12-1, 13-1, 14-1, 15-1, 16-1 орналасқан. Ауаны беру сорабының 31 айнымалы тоқ электроқозғалтқышы арқылы келетін ауа -3- ағымының жеткілікті мөлшерінде, қызу қосылуға дайын болады. 31 электроқозғалтқышы үшін щитта HL12 жарық бергіші орнатылған, ол қозғалтқыштың қосылуы туралы дабыл береді. Кептіргіш IX сығылған ауамен жұмыс істейді. Осыдан кептіргіште қағаз төсемі -110- инфрақызыл шамдармен XI кептіріледі. Содан, төсем суытушы цилиндрге VIII барады. Бұл хромдалған валик материал төсемін суыту үшін және бояудың қатаюы үшін қажет болады.
Жылу сезгіш материалдад тек суық ауамен кептірілуі керек. Материалдың басқа түрлері үшін кептіргіш ауасының келесі температуралары қолданылады:
- кәдімгі целлофан үшін 40-50 0 С
атмосфералық әсерге қарсы тұра алатын
целлофан үшін 80-90 0 С
- металл фольгасы үшін 50-60 0 С
Кептіргіштер IX бір-біріне ұқсайды, олар желдеткіштерден X, 60-70 0 С температураны көрсететін температуралық датчиктерден 7-1, 8-1, 9-1, 10-1, 11-1 (олар шығатын ауаның температурасын көрсетеді) тұрады. Ауаның қысымын көрсететін қысым датчиктерінен 32-1, 33-1, 34-1, 35-1, 36-1 (щитта олар МТП типті манометрлерге қосылған), еріткіштер буларының концентрациясын көрсететін датчиктерден 17-1, 18-1, 19-1, 20-1, 21-1 (щитта датчиктер көп нүктелі СКМ-12 типті дабыл бергішке қосылған) тұрады. Ал барлық температуралық датчиктер щитте КСМ-2-030 көп нүктелі көпірге жалғанған.
Әрбір желдеткіштің X қосылғанына байланысты щитта HL2, HL3, HL4, HL5, HL6 сәйкес жарық бергіштер жанады. Яғни, желдеткіш қосылды деген мағынаны білдіреді. Төсем бояғыш аппаратта валдармен өткенде, фото белгіні бақылайтын датчиктер 22-1, 23-1, 24-1, 25-1 арқылы өтеді, щитта ППФ типті фотоэлектрлік құралдарға жалғанған. Бұл датчиктер төсемдегі белгілерді бақылау жүйесін атқарады, яғни суреттің немесе мәтіннің дәл және нақты түсуін қадағалайды. Ал егер, суреттің сәл ауытқуы болса, фото құрал щитқа HL8, HL9, HL10, HL11 жарық бергіштермен дабыл береді. Ары қарай басылым процесі қайталана береді. Бір ерекшелігі- бояу түстері әр-түрлі болады. Төсем соңғы түске боялған соң, төсем тартатын қозғалтқыштан 6 өтеді. Бұл қозғалтқыштың да щиттағы жарық бергіші HL7 орналасқан. Егер жарық бергіші жанып тұрса, онда қозғалтқыш жұмысқа қосылды деген сөз. Бұл қозғалтқыштың қасында бүкіл машинаның жылдамдығын көрсетіп отыратын датчик 37-1 орналасқан, өз орында 7ТЭ электрондық тахометр құралына жалғанған. Материал төсемінің метражын көрсету үшін 41-1 датчигі қолданылады, өз орнында СМ-56 типті электронды метраж санағышы орнатылған. Бұл санағыш тарту қозғалтқышымен іске қосылады. 8-разрядты метраж санағышы машинадағы төсемнің жұмыс метрлерін есептеу үшін қолданылады.
Машинаның басылым түскен төсемі қайтадан рулон түрінде орау торабына IV барып, оралады. Орау және тарқату тораптарында барабан дұрыс және тоқтаусыз айналуы үшін МДФ1-100 типті дифманометрлердің датчиктері 39, 40 орналасқан. Дифманометрлер өз орны бойынша орнатылған, олар орталық майлаудың қысымын көрсетеді. Орау торабындағы IV бүйір жылжыту механизмі орау валын қысқанда, рулонда басылымға қатысты төсем бағытының осьтік ауытқулары пайда болуы мүмкін. Бүйір жылжыту механизмі 30 мм аралығында түзетуді рұқсат етеді. Орау валдарының оң және сол айналымы болады. Оң айналым-басылымның сыртта орналасқанын білдіреді. Оң айналым кезінде бос орау гильзасы жүкті валигіне астыдан келтіреді, ал сол айналым кезінде үстіден келтіріледі.
Төсем оралған соң, орау валында орналасқан картон гильзасына жабыстырылады. Рулондардың автоматты ауыстырылуын 1200 мм-ден кем емес ораудың кез келген диаметрінде асыруға болады. Бүкіл процесс бойынша дабылды тексеру щитта орналасқан SB15 дабыл беруді тексеру батырмасымен тексеріледі.
Қорек щиттегі SF1 қайтақосқышын басу арқылы қосылады. SF1-ді басқанда щитта HL1 жарық бергіші жанады. Сонымен қатар функционалдық сұлбада
SA1 қайтақосқышы орналасқан, ол технологиялық желінің жұмыс істеу режимін қайта қосады.
Принципиалдық-электрлік сұлбаны сипаттау
Принципиалдық электрлік сұлба құралдар, аппараттар және құрылғылардың (сонымен қатар олардыі арасындағы байланысын) толық құрамын анықтайды. Бұл құралдар, аппараттар басқару есептерін шешуді, реттеуді, қорғанысты, өлшеуді және дабыл беруді қамтамасыз етеді. Бұл сұлба жүйенің жұмыс істеу принципін зерттеу үшін, жөндеу жұмыстарын және эксплуатацияны жүргізу үшін қажет. Принципиалдық сұлба шартты графикалық белгілеулерді қолданып құрылады және сызылады. Принципиалдық сұлбаларда күштік тізбектер сұлбалары, басқару тізбектер сұлбалары және дабыл беру сұлбалары көрсетіледі.
Басқару тізбектері айнымалы кернеумен 220 В 60 Hz қоректеніп, принципиалдық сұлбада «фаза А» - 800 номерімен белгіленіп, «ноль» - 801 номерлі болады. Сұлбадағы барлық элементтер сөндірілген жағдайда көрсетіледі. тізбектердегі үзілулер жоғарыдан-төмен, солдан-оңға қарай номірленеді. Қоректің қосылуы сұлбада көрсетілген SF1 автоматты сөндіргішінің ашық контактісімен орындалады. Автоматты сөндіргіш 800 өткізгішіне жалғанған, ал келесі өткізгіш 802 деп маркіленеді.
Автоматты сөндіргіш SF1 қысқа тұйықталудан және аса жүктемеден қорғайды. 800 өткізгіші мен SF1 сөндіргіші арасында тағы бір SF2 автоматты сөндіргіші орналасқан. Бұл сөндіргіш XS штепсельдік розеткасын және EL шамын қосады. XS пен EL автоматты сөндіргішке 1 өткізгішімен қосылады, сол жақтан. Ал оң жақтан розетка мен шам 801 өткізгішпен жалғанған. Сонымен, автоматтар рубильниктер, сақтандырғыштар және т. с. с. функцияларды атқарады.
Қозғалтқыштарды басқару тізбектерінде ең бірінші желдеткіштің айнымалы тоқ қозғалтқышы М1 қосылған. М1 электроқозғалтқышы КМ1 магниттік жібергіш блогымен жіберіледі, жібергіште электрожылулық релесінің контактілері КК1 және КК2 құрылған. Электроқозғалтқыштың қосылуы SB1. 1 ашық контактті батырмасын басу арқылы асады. Контакт КМ1 магниттік жібергішінің КМ1. 1 контактісімен блокирленеді. Ары қарай SB1. 1 батырмасынан кейін SB1. 2 жабық контактті батырмасын басқанда, КМ1 магниттік жібергіші ашылып, М1 қозғалтқышы тоқталады. Принципиалдық сұлбаның бұл түйіні үшін мына өткізгіштері 2, 3, 802, 801 қолданылады. Келесі төрт желдеткіштің айнымалы тоқ қозғалтқыштары М2, М3, М4, М5 бірінші М1 қозғалтқышына ұқсас, яғни сәйкес батырмалары мен, контактілері де сондай болады. Бұл түйіндерде 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 801, 802 өткізгіштері болады.
КМ магниттік жібергіші автоматтандыру жабдықтары мен құралдардың электроқорек жүйелерінде орныдаушы механизмдер мен электрожетек басқару үшін қолданылады. Осымен қоса магниттік жібергіштер аса жүктеуден қорғаныс және кернеуді төмендетуді, басқа аппараттармен блокирлеуді және электрлік реверстеуді орындайды.
Төсемнің тартылуын орындайтын тартатын айнымалы тоқ қозғалтқышы М6, КМ6 магниттік жібергішінің блогымен қосылады, оған да электрожылулық релесінің КК11 және КК12 контактілері кіреді. Атап өткен қосылулардың барлығы қолмен жұмыс істейтін режимде жұмыс істейді. Электроқозғалтқыштың қосылуы М6, SB6. 1 ашық контактті батырмасын басып асырылады. Бұл контакт КМ6 магниттік жібергішінің КМ6. 1 блок-контактісімен блокирленеді. Ары қарай SB6. 2 жабық контактті батырмасын басқан соң, КМ6 магниттік жібергішінің тізбегі ашылып, М6 қозғалтқышы ажыратылады. Берілген түйіннің өткізгіштері 12, 13, 801, 802.
Кептіргішке ауаны беру сорабын басқаратын айнымалы тоқ қозғалтқышы М7, КМ7 магниттік жібергіш блогымен жіберіледі, жібергіште электрожылулық релесінің контактілері КК13 және КК14 қосылған. Қозғалтқыштың қосылуы SB7. 1 батырмасының ашық контактісін басып, КМ7 магниттік жібергішінің КМ7. 1 контактісімен блокирленеді. Содан соң SB7. 2 батырмасының жабық контактісін басып, КМ7 магнит жібергіші ашылып, М7 қозғалтқышы тоқталады. Принципиалдық сұлбаның бұл түйіні мына өткізгіштермен 14, 15, 802, 801 белгіленеді.
Тарқату торабын іске қосатын төсемді беру айнымалы тоқ қозғалтқышы М8, магниттік жібергіш КМ8 блогымен жіберіледі, оған электрожылулық релесің контактілері КК15 және КК16 контактілері кіреді. М8 электроқозғалтқыштың жіберілуі, SB8. 1 ашық контактті батырмасын басу арқылы қосылады. Бұл контакт КМ8 магниттік жібергішінің КМ8. 1 блок-контактісімен блокирленеді. Содан соң SB8. 2 жабық контактты батырмасын басқан соң, КМ8 магниттік жібергішінің тізбегі ашылып, М8 айнымалы тоқ қозғалтқышы тоқталады. Берілген түйіннің өткізгіштері: 16, 17, 802, 801.
Бүкіл машинаны басқаратын айнымалы тоқ қозғалтқышы М9, КМ9 магниттік жібергішінің блогымен жіберіледі, жібергіште электрожылулық релесінің контактілері КК17, КК18 қосылған. Берілген түйіннің өткізгіштері: 18, 19, 802, 801.
Р1 құралы желдеткіштердегі ауа температурасын және кептіргіштердегі қызу температурасын бақылайтын көп нүктелі КСМ-2 көпірі. Бұл құрал коректің ортақ тізбектеріне 801 және 802 қосылған. Р1 құралынан датчиктерге қосылатын 20 өткізгіш шығады. Сұлбада олар 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119 деп белгіленеді.
Р2 құралы еріткіштер буларының концентрациясын бақылайтын көп нүктелі СКМ-12 типті дабыл бергішін көрсетеді. Бұл құрал қоректің ортақ тізбектеріне 801 және 802 қосылған. Р2 құралынан датчиктерге баратын 10 өткізгіш шығады. Сұлбада олар 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129 деп белгіленеді.
Р3 құралы бүкіл машинаның жылдамдығын бақылайтын электрондық тахометр. Тахометр қоректің ортақ тізбектеріне 801 және 802 қосылған. Құралдан екі өткізгіш 130, 131 шығады, 37-1 датчигіне барады. Берілген құрал өз орнында орналасқан, бірақ құрал қорегі щиттан келеді, сондықтан құрал принципиалдық сұлбада көрсетілген.
Р4 материал төсемінің метражын тіркейтін электронды санағыш құралы. Бұл құрал 801 және 802 өткізгіштерінен қоректенеді. Құралдан екі 132, 133 өткізгіш барады, 41-1 датчигіне кетеді. Құрал өз орнында орналасқан, бірақ құрал қорегі щиттан келеді, сондықтан құрал принципиалдық сұлбада көрсетілген.
Р5 төсемді кесуді бақылайтын құрал. Қоректің ортақ тізбектеріне 801 және 802 өткізгіштерімен қосылған. Р5 құралынан 38-1 датчигіне қосылатын екі 134 және 135 өткізгіштері шығады. Бұл құрал да өз орнында орналасқан.
Р6, Р7 орталық майлаудың қысымын бақылайтын дифманометрлер. Құралдар қоректің ортақ тізбектеріне 801 және 802 өткізгіштерімен қосылған. 39 және 40 датчиктеріне төрт өткізгіш шығады. Сұлбада олар 136, 137 және 138, 139 деп белгіленеді. Құралдар өз орнында орналасқан.
Р8-Р12 ванналардағы бояудың тұтқырлығын бақылайтын вискозиметрлер. Вискозиметрлер 801 және 802 өткізгіштерімен қоректенеді. Р8 құралынан 26-1 датчигіне екі өткізгіш 140, 141 қосылады; Р9 құралынан 27-1 датчигіне екі өткізгіш 142, 143 қосылады; Р10 құралынан 28-1 датчигіне екі өткізгіш 144, 145 қосылады; Р11 құралынан 29-1 датчигіне екі өткізгіш 146, 147 қосылады; Р12 құралынан 30-1 датчигіне екі 148, 149 өткізгіштері қосылады.
Р13, Р14, Р15, Р16 құралдары - фотоэлектрлік құралдары болады. Бұл құралдар төсемдегі белгілерді бақылау жүйесін атқарады. Барлық құралдар қоректің ортақ тізбектеріне 801 және 802 қосылған. Р13 құралынан екі өткізгіш 150, 151 шығып, 22-1 датчигіне; Р14 құралынан 152, 153 өткізгіштері 23-1 датчигіне; Р15 құралынан 154, 155 өткізгіштері 24-1 датчигіне; Р16 құралынан 156, 157 өткізгіштері 25-1 датчигіне кетеді.
Құбыр арқылы бояуды беретін сораптың М10 тұрақты тоқ электроқозғалтқышы КМ10 магниттік жібергіш блогымен жіберіледі. Электрожылулық релесінің контактілерінің орнына, А1 тиристор блогы құрылған. Бұл тиристорлық блоктан Р8 құралына (бояудың тұтқырлығын бақылайтын вискозиметрлер) 5 өткізгіш 300, 301, 302, 303, 304 барады. Бұл өткізгіштердің қайдан келетіні алдыда анықталады. Электроқозғалтқыштың қосылуы SB10. 1 ашық контактті батырмасын басумен іске қосады. Контакт КМ10 магнит жібергішінің КМ10. 1 контактісімен блокирленеді. Ары қарай SB10. 1 батырмасынан кейін SB10. 2 жабық контактті батырмасын басқанда, КМ10 магниттік жібергіші ашылып, М10 қозғалтқышы тоқталады. Бұл түйіннің байланысы принципиалдық сұлбада 20, 21, 801, 802 өткізгіштерімен белгіленеді. Сол сияқты М11, М12, М13, М14 тұрақты тоқ қозғалтқыштарының басқару тізбектері де жоғарыда көрсетілген М10 электроқозғалтқышы сияқты орындалады. А2, А3, А4, А5 тиристорлық блоктардан Р9, Р10, Р11, Р12 құралдарға 5 өткізгіштен (барлығы 20 өткізгіш) барады. 305, 306, 607, 308, 309 - Р9 құралға; 310, 311, 312, 313, 314 - Р10 құралына; 315, 316, 317, 318, 319 - Р11 құралына; 320, 321, 322, 323, 324 - Р12 құралына барады.
қосылуы SB11. 1, SB12. 1, SB13. 1, SB4. 1 ашық батырмасымен орындалып, SB11. 2, SB12. 2, SB13. 2, SB14. 2 жабық контактілі батырмалары қозғалтқыштарды тоқтатады. Бұл түйіндердің байланысы принципиалдық сұлбада 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 801, 802 өткізгіштерімен белгіленеді.
Дабыл беру тізбектерінде бақылау жарық бергіштері орналасқан. Жарық бергіштер бір жағынан 801 өткізгішіне, ал екінші жағынан құралдар мен қозғалтқыштардың контактілеріне қосылған. Дабыл беру тізбектерінде SB15 батырмасы орнатылған, бұл батырма VD1-VD19 диодтарымен, ал диодтар HL1-HL19 жарық бергіштермен байланысқан. SB15 батырмасына басқанда, бақылау жарық бергіштердің тексерілуі жүреді. Егер жарық бергіштердің біреуі жанбаса, онда оны ауыстыруға тура келеді.
Диодтaр бір жақты өткізгішті болады, осыған байланысты жарық бергіштeр жартылай қызып жанады. Осыдан жарық бергіштердің тексеру моментінде жанып кету мүмкіндігі жойылады. Диодтарды кернеуді бір жаққа ғана өткізетіндей етіп орнатады, яғни белгілі бір құралдың контактісі қосылғанда тек сол құралдың жарық бергіші жанады. Егер диодтар болмаса, онда тоқ дабыл беруді тексеру желісімен қалған жарық бергіштерге барар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz