Автоматты жүйелерді жобалау пәнінен электронды оқулық жасау


Реферат

Дипломдық жобаның тақырыбы: Автоматты жүйелерді жобалау пәнінен электронды оқулық жасау.

Дипломдық жоба 89 беттен, 25 суреттен, 16 кестеден, 2 қосымшадан тұрады.

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ, АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕЛЕР, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, АҚПАРАТ, АЖО, ТИПТІК ПРОЦЕСТЕР, СЕРВЕР, КЛИЕНТ, ШЫҒЫСТЫҚ ЖӘНЕ КІРІСТІК ҚҰЖАТТАР, АВТОМАТТАНДЫРУ, МӘЛІМЕТ, АҚПРАТТЫ БЕРУ

Әзірленген программалық қамсыздандыру «Автоматты жүйелерді жобалау» пәнінен электронды оқулық жасаумен негізделеді.

Әлемдік білім кеңестігіне толығымен кіру білім жүйесінің халықаралық денгейде дамуын талап етуде. Сондықтан білім беру жүйесі, білім берудің мақсаты, мазмұны, мен технологиялары ғылыми тұрғыдан зерттеліп, егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне бағыт алуда.

КІРІСПЕ

Нақты әдістемелік құрал - «Автоматтандырылған жүйелерді жобалау» пәнінен дербес компьютерлер үшін Delphi бағдарламалау ортасында қазіргі Windows - қосымшаларын (бағдарламаларды) құруға арналған. Көмекші құрал қосымшаны құрудың негізгі әдістерін сипаттауға бағытталған, сонымен бірге орта интерфейсі, қосымшаны құрудың көрнекілік құралдары және қолданушының бағдарламалық кодын құрудан тұрады.

Әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады. Әдістемелік құралдағы материалдар: теориялық деректер; иллюстрациялар; көмекші құралда көрсетілген материалдар көптеген мысалдармен қатар бекітілген, ал олар өз кезегінде бағдарламалаудың жаңа тәжірибелік әдістерін меңгеруге және ұғуға мүмкіндік береді; әрбір пункттің соңында жаттығулар берілген, олардың бірінші бөлімі жаттығуларды орындауға әдістемелік нұсқаудан, ал екінші бөлімі өз бетімен орындауға арналған жеке тапсырмалардан тұрады, олар оқылған материалдарды толық меңгеру үшін қолданылады; өзін өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары.

Бірінші бөлім «Delphi ортасымен танысу» Delphi ортасында құрылған бағдарламаны толық меңгеру үшін қажет білімді береді: негізгі ұғымдар - класс, объект, құрауыш; бағдарламаның ішкі құрылымы; жобаның құрылымдық элементтерінің өзара байланысы; бағдарламаның құрылуы барысында шешілетін тапсырмалар.

Қазіргі уақытта объектілі - бағытталған бағдарламалар өте танымал болып барады. Артық айтпасақ Delphi ортасында құрылған бағдарламаның 99% пайызы осыларға байланысты ұғымдарға сүйенеді. Сондықтан объектілі - бағытталған бағдарламалаудың негізін, сырттай қарағанда қарапайым нәрселердің ішкі жұмысын түсінбей ары жылжу мүмкін емес. Әдістемелік құралдың екінші бөлімінде «Object Pascal тіліндегі объектілі бағытталған бағдарламалау» объектілі - бағытталған бағдарламалаудың негізгі қағидалары, негізінде класс және объект ұғымы жатқан Object Pascal объектілі моделінің теориялық негізі қарастырылады.

Әдістемелік құралдың үшінші бөлімінде терезелік қосымшаларды құрудың технологиясы қарастырылады - Windows жанұясының операциялық жүйесінде қолданылатын қосымшаның негізгі түрі.

Көмекші құрал келесі мамандықтың студенттеріне арналған: 050702 «Автоматтандыру және басқару», 050704 «Есептеу техникасы және программалыө өамсыздандыру.

Оқу құралы бағдарламалаудың қазіргі технологиясымен танысамын, объектілі бағытталған технологияның негізінде өздерінің меншік бағдарламасын құрамын деген студенттер, оқытушылар, мектеп мұғалімдері және қолданушылардың кең ортасында қолданылуы мүмкін. Turbo/Borland Pascal тілінде бағдарламалаудың жақсы білімі керек деп болжаймыз.


1 Сұрақтың қойылуы

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

«Автоматтандыру және басқару» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Каф. меңгерушісіА. Д. Золотов

«»2009 ж.

(күні) (айы)

Қазақстан қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде ғылымның және білім берудің дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің қатарына енді.

Мемлекеттікті нығайту және ұлттық қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде студенттерді мемлекеттік тілге үйретуге айтарлықтай көңіл бөлінген. Сонымен қоса ақпараттық технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен қажеттілік туындап отыр.

Сондықтан кәсіби даярлау жүйесінде іс қағаздарын жүргізуге оқыту, жоғары мектептің педагогикалық процесіне ақпараттық технологияларды енгізу жолдарын іздестіру мен жетілдіру мәселерінің көкейкестілігі ерекше орынға ие.

Білім беру саласында құжаттану мамандықтарында ақпараттық технологияны қолдану проблемасымен Қазақстанда С. А. Муликова, Т. А. Медеуова, Г. О. Тәжіғұлова еңбектерінің маңызы бар.

Зерттеудің негізіне келесі ғылыми болжам қойылды: егер жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінде ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі енгізілсе, онда іс қағаздарын жүргізуге оқыту қызметінің білім берудегі тиімділігі арта түседі, өйткені мұнда бәсекелі маманды оқытуда жүйелілік пен біртұтастық принциптері жүзеге асады.

Зерттеудің міндеттері:

- іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологиялардың мәнін ашу;

- ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін құрастыру;

- іс қағаздарын жүргізуге оқытудың нәтижелерінің өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;

- ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы - жоғары оқу орнының педагогикалық процесіне ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды енгізген жағдайда студенттерде іс қағаздарын жүргізу білімі, білігі және дағдысы қалыптасады, ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілетті мамандарды оқытуға кең мүмкіндіктер жасалынады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері - тұлға дамуының жалпы диалектикалық теориясы; таным теориясы; біртұтас педагогикалық процесс теориясы; аксиологиялық және жүйелілілк қатынас теориясы; зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, педагогикалық технология, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика тұжырымдамалары.

Зерттеудің көздері - зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың, құжаттанушылардың және іс қағаздарын жүргізушілердің еңбектері, ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы және «Қазақстан-2030» стратегиясы, мамандықтардың білім беру стандарттары және жұмыс оқу жоспарлары; бірқатар жоғары оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламалары; оқулықтар; сөздіктер; мәселе бойынша ғылыми зерттеу жұмыстар (диссертациялар, монографиялар, авторефераттар) .

Зерттеу әдістері - педагогтардың, психологтардың, философтардың, құжаттанушылардың, іс қағаздарын жүргізушілердің, тіл және информатика саласының мамандарының әдебиеттерін теория жүзінде талдау; оқытуда, педагогикалық іс қағаздарын жүргізуде және құжаттамада, оқулықтарда ақпараттық технологиялар бойынша жинақталған педагогикалық тәжірибе бойынша талдау және жалпылау; байқау, әңгімелесу, анкета жүргізу, тестілеу, педагогикалық тәжірибе, тәжірибелі-педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.

Зерттеу кезеңдері:

  • бірінші кезеңде (2000-2002 ж. ж. ) зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, іс қағаздарын жүргізу, құжаттану бойынша әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік, диссертациялық жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) қалыптасты, базалы ұғымдар нақтыланды.
  • екінші кезеңде (2002-2005 ж. ж. ) айқындаушы эксперимент іске қосылды, іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары жасалды, студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту білімін, білігін және машығын қалыптастыру деңгейлері анықталды және негізделді; арнайы курс жасалды; жасалған технология практика жүзінде тексерілді.
  • үшінші кезеңде (2005-2007 ж. ж. ) студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттар жүйесін қолдану және енгізу тиімділігі бойынша қалыптастырушы эксперимент өткізілді, алынған эксперимент берінділері талданды және өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, диссертациялық зерттеу материалдары рәсімделді.

Зерттеудің негізгі базасы: Эксперименттік жұмыс Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кәсіби көркем-өнер, шет тілдері, педагогика факультеттері.

Орындаушы Куспекова А.

(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жоба жетекшісі Мадиев Т. Б.

(қолы) (аты-жөні)


2 Техникалық - экономикалық негіздеме

Әзірленген программалық қамсыздандырудың мақсаты біздің университетіміздегі «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының «Автоматты жүйелерді жобалау пәнінен» электрондық оқулық құру болып табылады.

Адамзат дамуының XXI ғасырында ақпарат негізгі қызметтік өнім болып табылады. Сондықтан кітапханалық қызметтердің автоматтандыруының кешенді программаларын жасау негізгі мәселе деп ойлаймын.

Әдетте кітапхана оқырмандары кітапханадан кез-келген ақпаратты алуға үйренген. Қазір, кітапханада негізгі қызметтерді орындау, яғни қорды толықтыру, ақпараттық - библиографиялық және абонементік қамтамасыз ету күрделене түсуде. Кітапхана қорындағы ақпаратты толық түрде жинау, сақтау және қамтамасыз ету үшін, ол бір ақпараттық база ретінде құрылуы тиіс. Яғни ақпаратты іздеу жылдамдығы жоғарылауы қажет және студенттің кітапты кез- келген қолайлы уақытта қолдануына мүмкіншілік тууы тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды әзірлеу үшін қандай да бір универсалды ДББЖ-нің құралдарын пайдалынбай, Windows-та жұмыс істейтін, интерфейсі ыңғайлы жұмыс істеу үшін максималды икемденген, қосымша білімді талап етпейтін, орындалтын файл түрде жүктелетін, жеке тәуелсіз бағдарламаны әзірлеу. Осы талаптарға сәйкес мына дипломдық жобаның қажеттілігі туады.

Жобалауға кететін шығындар: Бұл шығындарға: жобалау, шараны енгізу, жабдықтар сатып алу, оларды орнына қою, оларды реттеу шығындары жатады.

Әдебиеттік зерттеуді өткізуге кеткен шығындар: Мұнда мынадай мәселелер шешіледі: қажетті жалақы, жобаға қанша адам қатысады, олардың мамандығы, айлық жалақысы, кеткен уақыт бекітіледі.

Мұнда бағдарламаның қанша экземпляры қандай бағамен сатылатыны есептелінген. Бағдарламаны заңды тұлғаларға сататын болсақ қымбаттау болады, ал жеке тұлға алатын болса арзан болады. Бағдарламаның құны - 15000 теңге. Сату бағаға қосылған құн салығы (Ққс) кіреді. Қосылған құн салығы - 14%.

15000 тг + 15000* 14%= 15000 тг + 2100 тг = 17100 тг

Бағдарламаның жалпы құны - 17. 1 мың теңге.

Экземпляр саны -350 дана.

17. 1 мың. тг * 350= 5985 мың. тг

Заңды тұлғаларға сатылатын бағдарламалар мен құралдар кейде қызметтеуді талап етеді. Сол қызметтеудің құны - 5 мың теңге. Бұл құнда кіріске косылады және бұғанда Ққс қосылады.

5 мың. тг +5000*14%= 5 мың. тг + 0, 7=5. 7 мың. тг

5. 7 мың. тг * 350= 1995 мың. тг

5985 мың. тг + 1995 мың. тг= 7980 мың. тг

Жылғы жалпы пайда - бұл жылғы барлық кірістерден шығындар шегеруіне тең сома. Жылғы жалпы пайдадан 30% заңды тұлғалар табыстық салық ретінде бюджетке төленуі тиіс. Қалғаны таза пайда болады.

Кіріс -7980 мың теңге.

Шығын - 5063. 9 мың теңге

Пайда =кіріс - шығын= 7980 мың. тг - 5063. 9 мың. тг = 2916. 1 мың. тг

П т =0. 7*2916. 1 мың. тг= 2041. 3 мың. тг

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты Студентға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын студент информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Студенттердің көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл студенттердің оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.


3 Электронды оқулық (ЭО) туралы жалпы мәліметтер

3. 1 ЭО-ң қоғамда алатын ролі, орны

Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.

Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті.

Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан «ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді.

Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр.

Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек қажетті әрекеті мен олардың тізбегін анықтайтын және негіздейтін бірыңғай тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің Студентін өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н. Макарова «ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М. И. Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты Студентға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын студент информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Студенттердің көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл студенттердің оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

3. 2 Электронды оқулықтың құрылу амалдары

Қанадай-да бір электронды оқулықты құру бүгінгі таңда ойланып жасалған құру жоспарын талап етеді. Жобалаудың барлық әдістемелері сияқты компьютерлік қосымшаны құру бірнеше кезеңдерден тұрады. Осы кезеңдер мен олардың мақсаттарына тоқталайық:

I кезең: оқу қажеттіліктері мен мақсаттары негізінде жасалған техникалық ұсыныс - бұл кезеңде білім саласындағы компьютерлік үйрету жүйелерін қолдану жағдайы талданады. Қазіргі уақытта компьютерлік үйретуші жүйелер нарығында оқу процесінде қолданылатын өте жоғары сапалы көптеген программалық өнімдер бар. Оларды өз еліміздің және шет мемлекеттердің өндірушілері де шығарады. Шет елдік үйретуші жүйелерді қазақшаға ауыстыру өте көлемді жұмыс.

Қазір программалық қамсыздандыру нарығында отандық үйретуші жүйелерді таңдау мүмкіндігі туды. Оларға электронды оқулықтар және үйретуіші жүйелер кіреді.

Былтырғы жылдан бері Қазақстан республикасында халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету программасы іске аса бастады. Осыған байланысты қалалық, аудандық, облыстық жерлердің барлығында халыққа компьютерлік білім беру жүйесі іске асырыла бастады. Оқытушылар ретінде жоғарғы оқу орнының студенттері мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері алынды. Бұл программада компьютермен алғашқы жұмыс істеу кезеңдері, негізгі программалармен жұмыс істеу туралы электронды оқулық қолданылды. Ол екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде білім берудің компьютерлік жүйелерін анализдеу, программалық қамсыздандырудың жеткіліксіз екендігін көрсетті. Республикада қазақ тілінде жазылған электронды оқулықтарды айтпай, жай оқулықтардың өзі тапшылық. Өзіміздің Автоматтандыру және басқару кафедрасын алсақ мұнда мемлекеттік тілдегі білім алатын топтардың материалдық- техникалық қамсыздандыруы өте төмен. Оқулықтар жетіспейді. Соныдықтан, мен дипломдық жобалауға қазақ тілінде жазылған оқулықты алғанды дұрыс деп таптым.

Электронды оқулықтар автоматика, программалау, физика, математика т. б. пәндерден мүлдем жоқ деп айтуға болады.

Осы жоғарыда айтылғандардан менің дипломдық жұмысымның тақырыбы актуальды деп айта аламын.

II кезең: программны құруды жоспарлау, оны орнату жөніндегі сұрақтарды шешу, қаржаландыру мәселелері - мұнда программаны құрудың жекелеген кезеңдерінің мерзімі тағайындалады.

Жобаны қаржыландыру мәселесі - кез-келген программалық өнімді құрудың маңызды процесі болып табылады. Қазіргі уақытта өте үлкен масшабты жобалар құрылып жатыр, оны жасауда бірнеше жүздеген адамдар қатысады. Осы жобалардың бюджеті бірнеше миллион американ долларынан тұрады. Сондықтан, қаржыландыру және координациялау сұрақтары бірінші орынға шығады.

Осы электронды оқулықты құру тобы үш адамнан тұрады: жетекші Шайханова А. К., идеяны ұсынушы - Автоматтандыру және басқару кафедрасының меңгерушісі Золотов А. Д., электронды оқулықтың мазмұнының авторы «Автоматтандыру және басқару» пәнінің аға оқытушысы Бекбаева Р. С. және электронды оқулықты құрастырушы программист Шагирова Э. Б.

III кезең: курстың мазмұнын құрастыру - осы кезеңде оқу жоспарын анализдеу, курстың бағыт- бағдарын анықтау жүргізіледі, сценарий және программаның қолданушымен интерактивті қарым-қатынасы жасалады.


4 Электронды оқулықтың мазмұнынан қысқаша мысалдар

4. 1 Негізгі ұғымдар. Бағдарлама құру кезінде шешілетін тапсырмалар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Автоматты басқару теориясы пәнінен электронды оқулық жасау
Мультимедиалық жүйелік дыбыстар
Электрондық оқулықтың құрылымы
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері
Электрондық оқулықтардың қолдануы
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану.
Электрондық оқулықтарды құруды маңыздылығы
Жоба дайындау үшін компьютерлік бағдарлама мүмкіндіктерін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz