Заманауи оқу үдерісіндегі педагогикалық бақылау


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізудің бір бағыты оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау деп атап көрсетілген. Оқу үдерісінің өзекті мәселелерінің бірі - оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру екендігі белгілі. Тәжірибе көрсеткендей, әртүрлі оқу пәндерінен ұстаздарға арналған көптеген дидактикалық материалдардың және әдістемелік ұсыныстардың болғанына қарамастан, ұстаздардың көпшілігі оқушылардың білімін бақылау үдерісін ұйымдастыруда көптеген қиыншылықтарға тап келеді. Бақылаудың формальді әдіс-тәсілдерін қолдану, кей жағдайда оқушылардың білімін бағалауда бақылаудың білімділік ролінің кемуі байқалады. Оқушылар бағалау үдерісіне көбінесе қатыспайтындықтан, олардың өзін-өзі бағалау дағдысы бұзылады. Бақылаудың формаларының, әдіс-тәсілдерінің шектеулі түрлерін пайдалану оқытудың қорытындысын шығару мүмкіндіктерін және бақылаудың негізгі қызметтерін жүзеге асыруды төмендетеді.
Қазіргі таңда бақылауға, тексеруге қатаң көңіл бөлінген: оқушылардың білімін тек ғана мұғалім емес, сондай-ақ оқушылар да өз білімдерін өздері тексереді. Сонымен қатар мұғалім өзінің өткізіп жатқан тақырыбына байланысты өзінің сабақ жүргізу тәсілінің қаншалықты тиімді екенін тексере алады. Сондай-ақ, ол кезде бақылау мен бағалаудың әртүрлі формалары мен әдіс-тәсілдері пайдаланылады.
Бақылау үдерісін жақсарту үшін, бұл үдерістің жағымсыз жақтарын азайту үшін не істеуге болады деген сұраққа дидактика әлі күнге жауап іздеуде. Әйтседе, дидактиканың қазіргі таңда жеткен жетістіктерінің аз болғандығы соншама, оны қажеттіліктермен салыстыру мүмкін емес.
Қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, оның ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор. Информатика пәні әлі де құрылу және алмасу сатысында. Қазіргі таңда әртүрлі оқыту жүйелері мен программалары бар көптеген оқу орындарында информатика пәнін жүргізу тәжірибесі жиналуда.
Тест белгілі бір білім беру аймағында оқушылардың білімін тексеру нәтижесінде объективті, нақты, қорытынды бағаның сапалы болуын қарастыратын ерекше бақылау тапсырмаларының жиынтығы. Білім беру үдерісінің сапасын бақылау мен бағалау өз кезегінде оқыту үдерісін, білім беру стандарттарына өзгеріс енгізуден бастап, сабақ беру әдістерінің жетілдіруі мен оқушылардың өзіндік жұмысының нәтижелілігін арттыруға дейін, басқаруға кең мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын пайдаланудың тағы бір тиімділігі, ол оқушылардың ішінен дарынды оқушыларды ерте жастан бастап анықтап алуға және олармен жеке оқыту жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі.
Әрине, тестілеу үдерісі білімді бақылаудың дәстүрлі формаларын, оқытушы мен оқушының қарым-қатынасына негізделгенін жоққа шығармайды. Мұндай бақылау білімді бақылаудың оқытушылық функциясын атқарады, ол мұғалімдерге оқушылардың білімі туралы, сондай-ақ, оқушылардың сабаққа дайындық барысында жіберген қателіктері туралы және сыныптың немесе оқушының эмоционалды-психологиялық жағдайы туралы мәлімет береді. Бірақ, білімді бақылаудың дәстүрлі формалары оқу орындарының, ауданның, облыстың немесе мемлекеттің білім беру үдерісін басқару мақсатында жасалатын бақылау нәтижелерінің нақты, субъективті бағаларын бере алмайды. Ал мұндай мәселе мемлекет пен қоғам алдында баяғыда қойылған болатын.
Ғылымда жетістіктерге негізделген басқа да көптеген технологиялар секілді, тестілеу үдерісі педагогикалық тестерді жасаушылар мен пайдаланушылардан өте жоғарғы деңгейлі дайындықты талап етеді. Ең бастысы педагогикалық бақылауда қолданылатын қатаң ережелер мен математикалық құралдармен тығыз байланыста болу. Тестілеу ешқандай да жеңіл жолдарды мойындамайды: қате жасалынған, апробациядан өтпеген тестер қате жауап ғана бере алады, сондықтан ондай тестерді қолдану алдыға қарай емес артқа қарай жүру болып табылады.
Зерттеу мақсаты - мектеп информатика курсы бойынша білім сапасын арттыру мақсатында бақылау үдерісін нығайту.
Зерттеу нысаны - мектеп информатика курсында оқушылардың білімін бақылау үдерісі.
Зерттеу пәні - мектеп информатика курсы бойынша білімді бақылау үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, мектеп информатика курсы бойынша педагогикалық бақылаудың оқытушылық және дамытушылық қызметтерін қанағаттандыратындай тест тапсырмаларын жасау әдістері жан-жақты қарастырылса, онда оқушылардың білім бақылау үдерісінің тиімділігі артып, білім сапасы жоғарылай түсер еді.
Зерттеудің міндеттері:
- білімді бақылаудың ғылыми әдістемелік негіздеріне шолу жасау;
- мектеп информатика курсы бойынша бақылау үдерісін тест тапсырмалары арқылы жүзеге асырудың тиімділігін негіздеу;
- бақылаудың қызметтерін ескере отырып, тест тапсырмаларын жасау әдістерін қарастыру;
- мектеп информатика курсы бойынша бақылау тапсырмаларының компьютерлік моделін жасау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін: педагогикалық бақылау негізі (В. С. Аванесов, М. Б. Челышкова, А. Е. Сағымбаева), тест тапсырмаларының теориялық негіздері (Т. О. Балықбаев, А. Е. Сағымбаева, Ибрагимова Н. Ж. ) құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық құндылығы:
- мектеп информатика курсы бойынша бақылау үдерісін тест тапсырмалары арқылы жүзеге асырудың тиімділігі негізделді;
- бақылаудың қызметтерін ескере отырып, тест тапсырмаларын жасау әдістері қарастырылды;
- мектеп информатика курсы бойынша бақылау тапсырмаларының компьютерлік моделі жасалып, жүзеге асырылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәні - информатикадан бақылаудың қызметтерін ескере отырып, жасалған тест тапсырмаларының білімді бақылау үдерісінде қолданылуы.
1 ТАРАУ. ЗАМАНАУИ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Бақылау - бұл бір уақытта теоретикалық зерттеу объекті және мұғалімнің практикалық іс-әрекетінің аймағы. Бақылау арқылы жаңа оқыту әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін шығаруға, оқытудың жеткен, жүзеге асырылып жатқан және жобаланған деңгейлерімен өзара қатынас жасауға, әртүрлі мұғалімдердің жұмыстарын салыстыруға, оқушының жетістіктерін және білімінің кемшілік тұстарын анықтауға, сондай-ақ, оқыту органының басшылығына басқару туралы және басқа да маңызды амалдарды шешуде объективтілі ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Оқыту үдерісіне қатысты «педагогикалық бақылау» ұғымының бірнеше түсінігі бар. Бір жағынан, педагогикалық бақылау тексерудің дидактикалық және методикалық жүйелерінің бірігуі. Бұл оқыту үдерісінің нәтижелілігін және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған мұғалімдердің және оқушылардың өзара қатынастағы бірлескен іс-әрекеті. Екінші жағынан, күнделікті оқыту үдерісіне қолданатын бақылауға қатысты, ол кездегі бақылау оқушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін және бағаларын шығару үшін қолдану.
Оқу үдерісінің ажырамас бөлігі бақылау үдерісі болып табылады. М. В. Гамезо бақылаудың мынадай анықтамасын береді: бақылау - ол тексеру, сонымен қатар әрқашан оқыту мақсатында тексеру мен бақылауды көздеу[2] .
П. И. Пидкасистыйдың ойынша бақылау оқу үдерісінің барлық кезеңінде орын алады, бірақ бақылау үдерісі белгілі бір тақырыптар немесе бір бөлімді өткен кезінде жоғарғы мәнге ие болады. П. И. Пидкасистыйдың айтуы бойынша бақылау үдерісінің мәні оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін және ол білім сол бағдарлама бойынша, сол пән бойынша мемлекеттік білім стандартымен сәйкес пе соны анықтау[1] .
Информатика курсы бойынша Мемлекеттік білім стандартын енгізу оқушылардың білім, білік және дағдысын бақылау мен бағалау әдістемесіне, білім берудің сапасын арттыруға бағытталған, көптеген өзгерістер алып келді.
Тексеру - білім берудің мақсаттарына жету дәрежелерін, білім және дағдыны дамыту жолындағы қиыншылық пен жетістіктерді анықтау.
Бақылау - жоспарланған нәтиженің сапасын стандарттармен және эталонды талаптармен сәйкестендіру амалы.
Есеп - оқушылардың білім мен дағдыны меңгеру үдерісінің толықтығы мен динамикасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік беретін бақылау және тексеру нәтижелерін жүйеге енгізу және тіркеу.
Баға - оқушылардың оқу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында ынталандыратын білім берудің нәтижелерінің сапалы және сандық талдауы.
Бағаны қою - білім беру іс-әрекетінің нәтижелерін ресми қабылданған шкалаға сәйкес рангті немесе баллды, оның дәрежесін анықтау.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде «бақылау» терминін көбінесе жоғарыда көрсетілген диагностикалардың барлық түрлеріне де қолданатындығын ескергеніміз жөн.
Оқушылардың білім, білік және дағдысын диагностикалау білім беру үдерісінің, білім беру периодының барлығында жүзеге асырылуы және білім берудің бірізділігін, жүйелілігін және толықтығын еркеруі тиіс, маңызды құрылымдық компоненті болып табылады. Мұның барлығы тексеру және бақылау жүйелеріне көптеген басқа да бақылау түрлерін қосуды талап етеді. Бірақ, қай жағдайда да жүйе оқушыларды дамытушы роль атқару керек. Ол төмендегідей шарттарды орындау керек [34] :
- бақылаудың жеке мінезі;
- білім берудің барлық сатыларында бақылаудың жүйелілігі және жиілігі;
- оқушылардың бақылау жұмысын өткізуге құмарлығын арттыру үшін бақылаудың формаларының түрлілігін, оның оқушыларды бақылаудың оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін қамтамасыз ету;
- жанжақтылығы: бақылау оқу бағдарламасының барлық жақтарын қамтамасыз ету керек, оқушылардың интеллектуалдық және тәжірибелік білітіліктері мен дағдысын, теориялық білімдерінің бақылауды қаматамасыз ету;
- объектілігі;
- дифференциалды қатынас;
- берілген сыныпта оқушылардың оқу жұмыстарын бақылауды жүзеге асыратын мұғалімдердің талаптары.
Бақылаудың қызметтері.
Бақылаудың мақсаты - кері қатынасты орнату: пән бойынша білім беру стандартына сәйкес (міндетті минимум) оқушылардың білімді меңгеру дәрежесін анықтау.
Әдіскер Шаталов В. Ф. бақылаудың келесі қызметтерін атап көрсетті [4] :
Бақылаушы-түзетуші (оқушылардың меңгерген материалдың деңгейін жақсарту үшін жаңа материалды меңгеру деңгейін анықтау) .
Бақылаушы-ескертуші (оқушылардың назарын қандай дағдылар мен біліктіліктер бақылауға түсетініне аудару) .
Бақылаушы-жалпылаушы (белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың сөйлеу дағдылары мен сөйлеу біліктіліктерін анықтау) .
Бақылаушы-ынталандырушы (бағалау оқу үдерісінің ынталандырушы құралы болып табылады) .
Бақылаушы-оқытушы (тапсырмалардың мазмұны, бақылау әдіс-тәсілдері және әдістемесі оқытушылық тұрғыда болуы тиіс) .
Бақылаушы-диагностикалық (материалды меңгеруінің қандай дәрежеде екенін дер кезінде анықтап, сол нәтижеге байланысты әрі қарайғы оқыту үдерісін жоспарлау) .
Бақылаушы-тәрбиелеуші және дамытушы.
Бұдан, егер бақылау тапсырмалары жоғарыда көрсетілген бақылау қызметтерінің барлықтарын ескере отырып жасалса, онда бақылау үдерісі оқушыларды бақылаудың тиімділігі жоғары құралы болып табылады.
В. И. Загвязинский оқытудың нәтижелерін бақылау мен бағалаудың негізгі қызметтерін белгілейді - оқытушылық, ынталандырушылық, аналитико-жөндеушілік, тәрбиелік және дамытушылық [27] .
Оқытушылық қызмет кезінде тексеру, бақылау, есеп секілді оқытудың элементтері орындалады. Қызметтің мақсаты - оқушының меңгеру деңгейін анықтап, тіркеп ғана қоймай, сонымен қатар, оқушыға қателерін дұрыстап, меңгерудің түрлі әдістерін ескере отырып, әрі қарай оқуын қамтамасыз ету.
Ынталандырушы қызмет оқытушылық қызметтің логикалық жалғасы және толықтырмасы болып табылады. Қызметтің мақсаты - оқушыға жеткен жетістіктерімен тоқталып қалмай, әрі қарай дамып, жаңа мақсаттарға жетуге, білімді меңгерудің және дамудың ең жоғарғы дәрежелеріне жетуін қамтамасыз ету.
Аналитико-жөндеушілік қызметі мұғалімнің педагогикалық рефлексиясына, өзіндік талдауына, оқытуды жорпарлау және ұйымдастыру шеберліге байланысты. Бұл қызметтің мақсаты - оқыту-танымдық іс-әрекетті жөндеу және өзіндік жөндеуді, білім сапасының динамикасы бойынша ақпарат жинау, бір типті қателелерді жою шараларын, материалды меңгеру қиындықтарын ескеру.
Тәрбиелеушілік және дамытушылық қызмет өзін-өзі бағалаудың, жауапкершіліктің, пәнге деген шығармашылық қатынастың, өзін-өзі бақылаудың, өзінің мүмкіншіліктерін дамытудың адекватты құруымен байланысты.
Бақылаушы қызмет жетістіктердің деңгейін тіреуді, олардың нормалар мен стандарттарға сәйкес келуін, сонымен қатар білім мен дамудың жоғарғы дәрежелеріне жетуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық бақылаудың қызметтері өзара байланысты, бірақ солардың ішінде бір қызмет басыңқы болады. Мысалы, семинар сабақ оқытушылық қызметті басым етсе, колоквиум, сынақ, емтихан - бақылаушылық қызметті басым етеді.
Бақылау қызметінің негізі оқытудың нәтижелерін жан-жақты когнитивтік (білімді меңгеру мен оларды қолдану), психологиялық (тұлғаның дамуы) және әлеуметтік (әлеуметтік адаптация) орталарынан бақылаудан тұрады [27] . Сондықтан, көптеген заманауи педагогтардың ойынша оқытудың мақсаты диагностикалық болуы керек.
Сонымен, білімді бақылау (соның ішінде информатикадан) екі бірдей мәселені орындайды: мемлекеттік стандарт бойынша білім талаптарының меңгерілуін және оқытушы іс-әрекеттің субъект ретінде жоғарылауын.
Әртүрлі әдістердің шығарылуы бақылау үдерісінің мақсатының дұрыс қойылуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың білімін бақылау және нақты бағалаудың тиімді құралы педагогикалық тест болып табылады.
Негізінде тест тапсырмаларын оқыту үдерісінде қолданудың маңызы зор. Өйткені тест тапсырмаларын қолдану оқушыларды пәнді сапалы меңгеруге ынталандырады, ал мұғалімдерді сапалы жұмыс жасауға қосымша ынталандырады.
Педагогикалық тестерді пайдалану бақылаудың барлық қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді және оның негізгі принциптарына сәйкес келеді. Педагогикалық тестер бақылау тапсырмаларын жетілдіре отырып, оқыту үдерісінің сапасын арттыруда жаңа мүмкіншіліктерге жол ашады.
Бақылаудың формалары.
Заманауи бақылау жүйесінде білімді тексеру мен бағалаудың (диагностикалау) көптеген түрлері қолданылады.
Атқаратын қызметтеріне байланысты бақылаудың төмендегідей түрлерін анықтауға болады [28] :
- констациялаушы, мақсаты материалды меңгерудің фактілік мониторингі;
- құрылымдық, мақсаты күтіліп жатқан нәтижелерді талдау, өзгерістерді бақылау, нәтижеге әсер ететін факторларды шығару;
- түзетуші, мақсаты білімдегі кемшіліктерді шығару.
А. И. Бочкин бақылауды мұғаліммен, компьютермен, жолдастарымен, өзін-өзі бақылау деп бөледі, жолдастарының бақылауына ерекше мән береді. Бақылаушы басқа адамның ойын түсіне алады, өзінің ойын айтып түсіндіреді, өзінің білімін ауызша береді.
Оқу үдерісінің ажырамас бөлігі бақылау үдерісі болып табылады. М. В. Гамезо бақылаудың мынадай анықтамасын береді: бақылау - ол тексеру, сонымен қатар әрқашан оқыту мақсатында тексеру мен бақылауды көздеу [2] .
П. И. Пидкасистыйдың ойынша бақылау оқу үдерісінің барлық кезеңінде орын алады, бірақ бақылау үдерісі белгілі бір тақырыптар немесе бір бөлімді өткен кезінде жоғарғы мәнге ие болады. П. И. Пидкасистыйдың айтуы бойынша бақылау үдерісінің мәні оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін және ол білім сол бағдарлама бойынша, сол пән бойынша мемлекеттік білім стандартымен сәйкес пе соны анықтау [1] .
Бақылау түрлерін классификациялай отырып, көптеген ғалымдардың оларды ағымдық, тематикалық (тақырыптық), периодтық (сатылық) және қорытынды бақылау деп бөледі.
Ағымдық бақылау ауызша сұрау, жазбаша бақылау жұмысы, сонымен бірге педагогикалық тест арқылы жүзеге асырылады. Ағымдық бақылаудың мақсаты - оқыту үдерісін бақылау. Ағымдық бақылауды өткізу мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдысы туралы жүйелі ақпарат алу мүмкіндігін береді. Бұл ақпарат оқушыларды білімді меңгеру үдерісін уақытылы түзетіп, оқыту үдерісін керек бағытқа қарай сілтеуге мүмкіндік береді.
Тематикалық (тақырыптық) бақылау бағдарламаның тақырыбының немесе бөлімінің меңгерілу дәрежесін анықтайды. Тақырыптық бақылау негізінде мұғалім басқару үдерісін өз қолына алады. Алынған мәліметтердің өңдеу нәтижесінде мұғалім, егер бақылау қорытындысы қанағаттанарлықсыз болса, тақырыпты қайта түсіндіруді немесе егер қанағаттанарлық болса келесі тақырыпқа көшу қажеттіліктігін шешеді. Тақырыптық бақылау кезінде оқушылардың бөлім материалдарын меңгеру динамикасы, алгоритмдер мен ойлау үдерістерінің рационалды дәрежесі туралы тест тапсырмаларын жасауға қолданылған ақпарат қызықты. Сондықтан тақырыптық бақылау үдерісінің тест тапсырмаларын жасау көбінесе ПЭЕМ көмегімен жұзеге асырылады.
Периодтық (сатылық) бақылаудың функционалды қажеттілігі - білім берудің белгілі бір сатысының нәтижесін шығару. Бұл үдерісте оқушылардың дайындық деңгейін бағалау бағдарлама бөлімдерінен сынақ, емтихан, тест алу арқылы орындалады.
Тақырыптық және сатылық бақылаудың толық көрсеткіші - оқушыларда өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасу дәрежесі және тапсырмаларды орындау кезінде оларды түзете алу мүмкіндігі [18] . Өкінішке орай, мұндай дағдыларды қалыптастыру мұғалімнің іс-әрекетінің деңгейін төмендетеді, өйткені мұғалім барлық күшін оқушыларды бақылау мен бағалауға жұмсайды. Сонымен бірге, өзін-өзі бақылау үдерісінің қалыптасуына, жетекші ролі оқушы емес мұғалім атқаратын, дәстүрлі әдістер кедергі болады.
Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін педагогикалық тестер ашады. Бағдарламалы-инструменталды құралдармен байланысқан, компьютерлік техникамен және өзін-өзі бағалау шкаласымен арнайы жасалған тест бағдарламалары мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оларға оқыту үдерістеріне жаңа көзқараспен қарап жаңа идея қосуларына мүмкіндік береді.
Негізінде өзін-өзі бақылауға арналған курстың әр тақырыбы бойынша дайындалған тестер қолданылады. Бұл тестер әмбебап бақылаушы орталарда сақталады, олар бақылаушыдан басқа, оқытушылық қызмет пен білім беру үдерісінде бақылаудың реттілігін өзгерту қызметін атқарады. Ортамен жұмыс жасау барысында оқушы тақырыпты, жұмыс жасау режимін және бақылау сұрақтарының санын өзі таңдайды. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жауаптар компьютерге енгізіледі, соның нәтижесінде жауап эталондары арқылы тексеріп және баға критерийлерін ескеріп компьютер оқушы бағасын шығарады. Қажеттілігі бойынша оқушы жіберген қателіктерін көре алады және оқытушы ортадан анықтамалық мәлімет ала алады.
Қорытынды бақылаудың мақсаты - толық оқыту курсын аяқтаған кезіндегі оқушылардың білім, білік және дағдысын тексеру. Қорытынды бақылаудың әдеттегі түрі ол емтихан немесе қорытынды тест тапсырмасы. Қорытынды бақылаудың көп қолданылатын орталарының бірі - орта білім беру ұйымдарының түлектерін аттестациялау болып табылады. Білім беру ортасында аттестациялау дегеніміз - түлектердің білімінің ортақ бекітілген, құжаттармен рәсімделген білім сапасына сәйкестігі.
Аттестациялаудың түрлілігі әртүрлі жүйелерді қолдануды талап етеді. Ортақ білім беру ұйымдарының түлектерін қорытынды аттестациялау кезінде білім беру стандартының, стандарт ролін атқаратын нормативті құжаттардың талаптары жоғарғы роль атқарады. Сонымен бірге, ЖОО-на түсу емтихандарын тапсыру кезінде де сол талаптар маңызды болып табылады [34] . Аттестациялау үдерісі бақылаудың әдістері мен формаларының әр түрлілігін қолданыға мүмкіншілік береді, соның ішінде ең маңызды орында тестілеу үдерісі болып тадылады. Тестер аттестациялау үдерісінің жаңа мүмкіншіліктерін ашады, өйткені олар бағалаудың барлық қажетті қасиеттерін ескереді: негізделуі, объективтілігі және салыстырмалылығы.
Тестілеу бағаларының негізделуі аттестациялаушы тестердің мазмұнын стандарт талаптарының репрезентативті көрінісі. Жаппай сұрау таңдаумен ауыстырылатын қарапайым емтиханнан айырмашылығы, тестер стандарт талаптарының басым бөлігін орындайды және соның нәтижесінде аттестациялаушы бағаны негіздейді.
Тест бағаларының объективтілігінен күмәндәну қиын. Оларды алу үдерісінде субъективизм мен дәстүрлі түрде тексеру арқылы қойылған бағамен салыстыру мүмкін емес екендігін анықтайтын моменттерді көру мүмкін емес. Түзетуші аттестациялау тестсіз өту кезінде дәстірлі бағалау үдерісінде салыстырмалықтың болмауы оның негізге кемшілігі болып саналады. Осыдан қай мектептің, қандай ұстаздардың білім беру үдерісі қаншалықты тиімді жүзеге асырылатынын аңғаруға болады. Бұл сұраққа жауапты тек ғана профессионалды жасалынған аттестациялау тесті арқылы алуға болады.
Авторлардың көпшілігі бақылау қызметтерінің негізгілеріне диагностикалық, бақылаушылық, оқытушылық, тәрбиелеушілік, дамытушылық және ынталандырушылық қызметтерін жатқызады. Бұл тізім дәстүрлі бақылау үдерісіне қатысты жасалғандықтан дәстүрлі болып келеді. Тест жүйесінің пайда болуы бұл тізімнің өзгеруіне себеп болды. Тестілеу нәтижесінде жаңа педагогикалық бақылау қызметі - болжамдық пайда болды. Бұл қызмет оқушының оқу материалын қаншалықты дәрежеде игергендігін болжап көрсетеді.
Жаңа материалды меңгеру қабілетілігі, сөзсіз, алдыңғы материалдың меңгеруінің нәтижесіне байланысты болады, сондықтан оны оқушыны бақылау нәтижесінде болжауға болады. Мұндағы негізгі көкейкесті мәселе, болжамды жүзеге асыратын құрал құрастыру. Әрине бізге тәжірибеден белгілі, оқушының білімінің мықтылығын дәстүрлі бақылау үдерісімен болжау қиын. Бірақ, егер тестілеу жүйесін қолдансақ, бұл мәселені шешуге болады. Бұл жағдайда тестілеу жұмысының нәтижесі оқушылардың материалды қабылдауының қорытындысы бола алады [32] .
Диагностикалық қызмет ағымдық бақылаудан шығады, ол оқушылардың дайындық кезіндегі қателіктерін жоюға және диагностикалау нәтижесінде оқыту басқарудағы кейбір мәселелерді шешуді мұғалімнің қолға алуына бағытталған. Қателіктерді анықтаумен қоса, ол қателіктердің жіберілу себептерін, жаңа сабақты меңгеру кезінде оқушылар тап болған қиыншылықтарын анықтауды орындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz