Мектепте киелі сан есімді оқытудың тиімді әдістері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4 бет
І ТАРАУ САН ЕСІМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ. КИЕЛІ САНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1. 1 Сан есімдердің зерттелу тарихы мен олардың мағыналық формалары . . . 5-13 бет
1. 2 Киелі сандардың танымдық ерекшеліктері . . . 13-18 бет
ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ КИЕЛІ САН ЕСІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
2. 1 Қазақ тілі сабағында киелі сан есімдерді оқытудың тиімділіктері . . . 19-22 бет
2. 2 Сан есімдердің сөйлемдегі қызметіне қарай жаттығу тәсілдері . . . 22-26 бет
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28 бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ана тіліміз бай әрі көп салалы. Оны зерттеу бір басқа да, меңгерту тіптен бөлек. Қазақ тілінің грамматика саласындағы сөз таптарын меңгерту - «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі мәселелерінің бірі. Әсіресе, сөз таптары ішіндегі сан есімді оқыту мәселесі ерекше. Сан есім - оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Сан есімге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар, яғни олар заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіреді . Олай болса, сан есім -сөздерді топтастырудың бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан сандық, мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер. Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркеспей жеке айтылғанда, абстракт сан атауы ретінде қолданылады, ал зат есіммен тіркескенде заттың нақты сандық мөлшерін көрсетеді. Сан есімдер - тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімдердің өзіндік зерттеу тарихы бар. Н. И. Ильминскийдің, М. Терентьевтің, П. М. Мелиоранскийдің, Н. Ф. Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде қарастырылған.
Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Ч. Темпл, К. Мередит, Д. Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының оқушының танымдық қабілеті мен ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды.
Бүгінгі таңда, мектеп оқушыларына қазақтың киелі деп санайтын сан есімдерді бойларына сабақ пен тәрбие арқылы дарытып, олардың негізгі ерекжеліктерін мен қасиеттерін таныту - әрбір мектеп мұғалімінің негізгі өзекті мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сөз табы ретінде сан есімдерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау, сан есімдерді зерттеген ғалымдардың еңбектерінің ерекшеліктері мен пікірлеріне сүйеніп, сан есімнің мағыналық түрлері мен жасалу жолдарын қарастыру, ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға сан есім тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Сан есім түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау;
4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-тәсілдерін айқындау.
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер сан есім түрлерін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе; білім берудегі инновациялық технологиялар мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені қазіргі заманғы жаңашыл тәжірибелер оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына жол ашады.
Курстық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ САН ЕСІМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ. КИЕЛІ САНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1. 1 Сан есімдердің зерттелу тарихы мен олардың мағыналық формалары
Сан атаулары өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық көне жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есімдер көнелігіне байланысты тілдегі барлық сан атауларының қалай жасалғаны анық көріне бермейді.
Н. А. Баскаков: «Сан есімдер - есімдерден бөлініп шыққан сөз табы, олар сын есім, үстеу сияқты белгілі мағынасын білдіреді» [1, 255] - деген.
Қазақ тілінде сан есімді зерттеген Ә. Хасенов осы пікірді қуаттай отырып: «Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттаналынған, яғни зат есімдерден шыққан» [2, 258] . Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттілігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі.
Сан есімдер де өзіндік сөзжасамдық жүйесі бар сөз табы және сан есімнің сөзжасамдық жүйесі өте ертеде қалыптасқан. Сан есімнің сөзжасам жүйесінің өзіндік сөзжасам элементтері, модельдері, типтері бар. Сан есім сөзжасамында тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің біразы қолданылады, бірақ бәрі емес. Мысалға сан есімде семантикалық тәсіл қолданылмайды, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз, ал сөзжасамның аналитика тәсілі сан есім сөзжасамында негізгі қызмет атқарады.
Сан есім сөзжасамдық элементтерінің қызметі белгілі заңдылықтарға негізделген. Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы белгілі қосымшалармен ғана байланысты. Сан есім - қосымшаға өте кедей сөз табы. Сан есімнің сөзжасам қосымшаларының қолданылуының тілде өзіндік заңдылығы қалыптасқан. Мысалы: сан есім жұрнақтары басқа сөз табына жалғанбай, тек сан есім сөздерге ғана жалғанады да, одан сан есімнің түрлі семантикалық топтарын жасайды.
Басқа сөз таптарының қосымшалары өз аясында тұйықталмайтын болса, сан есімде оның сөзжасамдық қосымшалары өз аясынан шықпайды. Сан есім қосымшалары жаңа сан атауларын жасай алмайды, тек сандық атауларды түрлендіріп, оған мағына үстейді.
Мысалы: Екінші, үшінші күндері ағаш отырғызушылардың тобы көбейе түсті. Иә, айтты, айтпады, өткен жылы төртінші бөлімше колхоз бойынша мемлекетке астық сату жоспарын бірінші болып орындады (Қ. Боранбаев) . Осындағы екінші, үшінші, төртінші, бірінші деген сан есімдердің құрамындағы -нші. -інші жұрнағы реттік сан есімдер жасайды, яғни сан есімнің бір семантикалық тобының жұрнағы. Мұнда осы сөздерге негіз болып тұрған сан атауларынан басқа сандық ұғым, атау жасалмаған. Негіз сөздің сандық ұғымының үстіне реттік мағына қосылған.
Сөзжасамдық элементтер тек қосымшалар ғана емес екені жоғарыда айтылған. Сан есім сөзжасамының тұтқасы қосымшаларда емес, түбір сөзде, сандық атауларда. Сан атауларына тіліміз өте бай. Қандай болмасын сандық ұғымды дәлме-дәл білдіруге тіл байлығымыз, сандық атауларымыз жеткілікті. Осы байлық негізінен бір сандық атау мен екінші сандық атаудың бір-біріне тіркесуі арқылы жасалған, яғни аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Басқаша айтқанда, сан есімде сөзжасамдық негізгі элементтер - сан атауларының өзі, өйткені сан есімде сан атауларын туғызу, жасау тек қана бір сандық атау мен екінші сандық атаудың тіркесі арқылы ғана жасалған. Олай болса, сан есімде жаңа сандық ұғым негізінен күрделі сан есімдер, күрделі сан атаулары арқылы ғана аталған. Сондықтан да сан есім сөзжасамының негізгі кілті сандық атау сөздерде, олардың тіркесінде деп санаймыз.
Сандық атаулардың негізгі жасалу жолы аналитикалық тәсілмен байланысты болғандықтан, бұл тәсіл арқылы сан есімдердің жасалуының өзіндік жолы, тіркесу реті модельдері бар.
Сан атауларын бір-бірімен тіркесетін морфемалар, жалғастырушы қосымшалар тілде жоқ. Сан есімнің жасалуы таза аналитикалық тәсілге жатады. Сондықтан сан есім сөзжасамының аналитикалық түрінде сөзжасамға қатынасатын компоненттердің орын тәртібінің маңызы өте зор. Мысалы: он бір, он бес, отыз алты, елу сегіз, тоқсан тоғыз т. б. осы сандық ұғымды білдіру үшін компоненттердің осы орны сақталуы керек. Олардың орнын өзгертуге болмайды. Мысалға, жоғарыдағы сандардың компоненттерінің орнын өзгертіп бір он, бес он, алты отыз, сегіз елу, тоғыз тоқсан түрінде алсақ, жоғарыдағы мағына сақталған жоқ, мүлдем басқа мағына туды. Бұдан сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалымында компоненттерінің орын тәртібі өте тұрақты, оның ерекше мәні бар [3, 25] .
Сан есім кез келген сандардың бір-бірімен тіркесуі арқылы жасалмайды. Мұнда қалыптасқан белгілі заңдылық бар. Ол заңдылық бойынша тілімізде сан атауларының қайсысының қалай тіркесуі қалыптасқан. Оны күрделі сандардың тіркесу модельдерінен көруге болады, ал сан есім сөзжасамдық модельдерге өте бай. Айталық, ондық пен бірлік аралас сандардың жасалу моделі мен жүздіктердің моделін салыстырып қарайық. Ондық пен бірлік аралас сандар он және бірлік компоненттерінен тұратын ондық + бірлік түріндегі модель арқылы жасалады да, мағына компоненттердің мағынасының қосындысынан туады: отыз бес, қырық жеті, елу алты, сексен жеті т. б. ал жүздік атаулар бірлік, жүздік моделімен жасалады да мағына компоненттердің мағынасының көбейтіндісінен туады.
Мысалы: екі жүз, бес жүз, алты жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз т. б. Әртүрлі сандық атаулардың түрлі-түрлі нақтылы модельдері бар. Ол модельдердің әрқайсысының белгілі құрамы бар, оған қатысатын компоненттер - тек сан есім сөздер ғана. Әр модель бір топ сандардың атауларын жасайды, яғни мұнда нақтылы сан атаулары жасалады. Ол модельдерге кейінірек арнайы тоқталамыз, өйткені сан есімнің сөзжасам модельдері ғылымда сөз болған емес.
Сан есім сөзжасамдық модельдері күрделі сан атауларының жасалуын көрсетеді, ал сан есім семантикалық топтары да аналитикалық тәсіл арқылы жасалады, бірақ мұнда компоненттердің тек қана сан есім болуы міндетті емес, өйткені оған басқа сөз табы, яғни шылаулар да қатыса береді. Мысалы, Оның құны көп болса, он-он бес сом (С. Мұқанов) [4, 58] . Айналасы отыз шақты ғана үйлік төрелер бірі мен бірі айнала құда (С. Мұқанов) [5, 36] . Осы мысалда сан есімнің болжалдық тобына жататын екі мысал бар. Оның біріншісі он және он бес сандарының қосарлануы арқылы жасалған, компоненттерінің екеуі де сан есімнен, ал екіншісі есептік санға шақты деген шылаудың тіркесі арқылы жасалған. Бұдан тағы да сан есімнің семантикалық тобының қатысы көрініп тұр.
Сан есімнің құрамында кездесетін көне қосымшалардың жағдайы басқашарақ. Олар: -ыз / -із (тоғыз, сегіз), -ты / -ті (алты, жеті) . Бұл морфемалардың этимологиясы белгісіз. Қосымша сөзде жиі кездесетін элемент, бірақ ол басқа сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздердің құрамында кездесетін басқа жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіреледі. Бұл заңды, өйткені сан есім сөзжасамының негізі - синтетикалық тәсіл емес, аналитикалық тәсіл. Оған дәлел ретінде құрамы күрделі морфемадан тұратын алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан атауларын келтіруге болады.
Н. К. Дмитриев кейбір жеке сөздердің этимологиясына келсек, алтмыш (алпыс), етмеш сөздері алты, ете (жеті) сөздерінен -мыш, -меш жұрнақтары арқылы жасалған, ал алғаш он дегенді білдірген болу керек. Мұндай сан формалары көптеген түркі тілдеріне қатысты дейді. Ол сексен, тоқсан сөздерін сегіз, тоғыз сөздерімен байланыстырады да, олардың құрамындағы екінші компонентті он сөзінің өзгерген түрі деп санайды [5, 36] .
Қ. Мұсаев та осы пікірді қуаттап, кейбір сан атаулары этимологиясы тұрғысынан күрделі сан есімдерден шыққан, мысалы: алты-мыш, иет(и) - миш, сексен (секиз он), тохсан (тоғуз-он) дейді [6, 26] .
Қазақ тілінің мамандарынан Ә. Хасенов осы пікірді қуаттай отырып былай дейді: «-мыш, -міш формаларын айқындауда еске алынуға тиісті бір жағдай бар. Ол қазіргі чуваш тіліндегі реттік сан аффиксі -меш. Мәселен чуваштарда бірінші, оныншы сияқты формалар, вунамеш түрінде қолданылады. Бұл форма түрік тілдерінің басқа ешбіреуінде жоқ. -мыш аффиксі өте көне аффикс. Дегенмен -мыш «он» ұғымын білдірген деген пікірді түркологияда толық дәлелденген пікір деуге тарихи дерек жоқ» [7, 59] .
Алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандарының жасалуы туралы пікір өте ертеден келе жатқаныман, Ә. Хасеновтың бұл мәселе әлі «толық дәлелденген деуге тарихи дерек жоқ» деген сөзіне қосылуға болады, өйткені осы пікір айтылғаннан бері қанша уақыт жоқ. Бірақ жоғарыдағы пікірлердің бәрі ондық атауларының жасалуын бірлік+ондық моделіне апаратыны анық. Көне түркі тілінде ондық атауларының жасалуында осы модельдің қолданылғаны ақиқат шындық.
С. Е. Малов Орхон жазбаларында ондықтардың бірліктермен тіркесте жиырма, отыз, елу, алпыс сияқты атаулары қолданылса, бірліксіз таза ондық түрінде ек он, үш он, төрт он, бес он, алты он сияқты атаулары қолданылғанын айтқан. Ондық атауларының алғашқысы қазіргі түркі тілдерінің көбінде сақталса, соңғысы аздаған тілдерде ғана сақталған. Олар: сары, ұйғыр, тофалар, тува, алтай, якут, хакас тілдері.
С. Е. Малов ондық атауларының жиырма, отыз, алпыс, жетпіс сияқты түрлері екі он, үш он, алты он, жетон атауларына қарағанда көне деп санаған. С. Е. Малов бұл пікірді алғашқылардың этимологиясының белгісіздігін, соңғылардың этимологиясының анықтығын негізге алған. Сөздердің морфемдік құрамының сақталмауы - оның көнелігіне көрнсеткіш бола алатыны тіл білімінде танылған қағида.
Сан есімнің мағыналық топтары . Сан есім сөздер заттың сандық мөлшерін түрліше атайтынына қарай, бірнеше мағыналық топқа жіктеле алады. Ғылыми грамматакаларда көрсетіліп жүргендей, сан есімдердің бір тобы зат есіміиен тіркесіп, оны анықгап, есебін, ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, бөлшектік үлесті, шамалық, болжалдық мағыналарды білдіреді. Осындай ерекшеліктеріне қарай, сан есім алты топқа бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім және бөлшектік сан есім.
Есептік сан есім. Есептік сан есім мағыналық топтардың ішіндегі саны жағынан ең көбі және бұлар заттың нақтылы санын және абстракт сандық ұғымды білдіреді. Мысалы, тоқсан бес жыл бұрын арқаға аға сұлтандық тәртіп орнады [8, 65] (X. Есенжанов) . Екі жауынгер салтаттылы арбаның артында келеді.
Осы сөйлемдердегі тоқсан бес, екі сан есімдері жыл, жауынгер сөздерін сан жағынан анықгап, есептік сан есім болады.
Есептік сан есімдер үнемі зат есіммен тіркесте қолданыла бермейді. Зат есімсіз қолданылғанда абстракт сандық ұғымды білдіреді: Үшке бесті қосқанда сегіз болады. Бұл сөйлемдегі сан есімдер зат есім тіркесінсіз, абстракт мәнде қолданылған.
А. Ысқақов «еселтік сандарға сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады» [9, 125], -дей келіп, ол сандарды дәрежесіне қарай бірлік сандар, ондық сандар, жүздік сандар және мыңдық сандар деп, төрт топқа жіктеген. Осы топтар құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдерге бірлік, ондық сан атаулар, жүз, мың сөздері жатады. Ал жеке сандардың тіркесуі арқылы күрделі есептік сан есімдер жасалады. Мысалы, сексен тоғыз, сегіз жүз тоқсан тоғыз т. б.
Есептік сан есімдер зат есіммен тіркесіп, оны анықтап тұрғанда, еш өзгеріске түспейді.
Есептік сан есімдер өзге сөз таптарынан жасалмайды. Ал есептік сан есіммен сөзжасамның әртүрлі тәсілдері арқылы жаңа сөздер жасалатындығы оқулықтарда қысқаша көрсетіліп жүр. Мысалы, А. Ысқақовтың оқулығында бесбармақ (ет), елубасы, алты бақан сияқты зат есім сөздер, екі ұшты, өкі ұдап, екі жүзді сияқты сын есім сөздер, үшеу ара, екі талап сияқты үстеу сөздердің сан есім арқылы жасалатындығы және бір сөзінің лексика-семантикалықжәне грамматикалық ерекшеліктері жайында айтылған.
Сондай-ақ академиялық грамматикада да есептік сан есімнің тұрақты тіркестер құрамында кездесетіндігі, бір сан есімінің қолданылу, стильдік ерекшеліктері сөз болған. Сан есім сөздердің мағынасының кеңуі арқылы жасалған туынды сөздер, олардың даму, қалыптасу жолдары, сан есім негізінде басқа сөз таптарына жататын туынды сөздердің жасалуы және оның себептері, олардың даму жолдары Г. Шаһарманның зерттеу еңбегінде жан- жақты қарастырылған.
Реттік сан есім. А. Байтұрсынов оқулығында реттік сан есімге «нәрселердің ретін көрсететін сан есімдер» деген анықтама берілген. Мысалы, бұдан гөрі маңыздырақ екінші мәселе бар [10, 25] (Н. Ғабдуллин) . Ол кезде Әділбек жасырақтау еді-жетінші класста оқитын (сонда) . Осы мысалдарда екінші, жетінші сан атаулары өздері тіркесетін зат есімдердің алдында келіп, мәселенің, кластың рет санын көрсетіп тұр.
Ә. Хасенов реттік сан есімге «реттік сандар заттың (яғни зат есімнің) ретін, тәртібін білдіреді» [11, 255], -деген анықтама берген. Кейінгі грамматикаларда да реттік сан есім жайындағы пікірлер осы бағытта айтылған: «Қазіргі қазақ тіліндегі реттік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын тәртібі, реттік жүйесін белгілеу үшін қолданылады. Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын тәртібін білдіріп, «нешінші?» деген сұраққа жауап береді де, есептік сан есімдерге дауыссыз дыбыстардан соң -ыншы, -інші, дауысты дыбыстардан соң - ншы/- нші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: бір-інші, екі-нші, алты-ншы, тоғыз-ыншы т. б.
Реттік сан есімдер де құрамына қарай дара, күрделі болып келеді. Мысалы, Серттескен үшінші түн де келіп жетті. Кәдімгі Жолмұқан жуытпай өзіне он бірінші жасақшы етіп алған сарысы (сонда) .
Осы мысалдардағы үшінші дара реттік сан есім болса, он бірінші екі санның тіркесуі арқылы жасалған күрделі реттік сан есім және оларға қосымша соңғысына жалғанған.
Реттік сан есімдер негізінен заттың рет санын, қатар санын білдіретіндіктен, олар үнемі зат есімнің алдынан келіп тіркеседі. Мысалы, бірінші жүлде, бесінші қабат, тоғызыншы үй, он сегізінші қатар т. б.
Реттік сан есім зат есімдерше түрленіп, заттық мағынада да қолданылады. Мысалы, Екіншісі де оның жанынан тізерлей отырып, шоққа қолын созды. Ол екі қойдың бірін қақпадан кіргеннен- ақ көрді, ал екіншісін көзіне түсіре алмады (сонда) .
Жинақтық сан есім. А. Байтұрсыновтың оқулығында, жоғарыда айтылғандай, есептік сан есімді жай және жадағай деп екіге бөліп, жадағай сан есімге - біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу сөздерін жатқызған және бұлардың басқа есімдерге қосарланып айтылмайтынына көңіл бөлінген. Сонда ғалымның жадағай есептік сан есімдері қазіргі жинақтық сан есімге сәйкес келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz