Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3бет
І ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі жазудың шығу тегі мен даму тарихнамасы . . . 4-13бет
1. 2 Мектепте қазақ тілі сабағында қолданылатын техналогиялардың тарихи даму ерекшеліктері . . . 14-16бет
ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХИ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҒАЛЫМДАР ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ОРНЫ
2. 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелу нәтижелері . . . 17-22бет
2. 2 Ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесін оқытуда қосқан еңбектерінің маңызы . . . 23-26бет
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27-28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл - халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі - тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз.
Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы - ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С. Жиенбаев, Ғ. Бегалиев, Х. Басымов, Ш. Сарыбаев т. б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне шолу;
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихының негізгі факторларын айқындау.
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер қазақ тілін оқыту әдістемесінің оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізіледі.
Курстық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі жазудың шығу тегі мен даму тарихнамасы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.
А. Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған. Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді . . . Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан».
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т. б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары - фонетика - дыбыс туралы ғылым, морфология - сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.
А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.
Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері.
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді . Жазуды мыңдаған жыл бойы дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды. Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді не ызыңды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбалық графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарлы, не жеке сөзді, не буынды, не дыбыстық белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу-адамның ой-пікірін, сөзін қашыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба таңбалардың жүйесі. Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Мыңдаған жылдар бойы дамып жетілумен қатар, оның принциптері де өзгеріп отырды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланған. Алғашқы адамдар жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, тағы да басқаларын пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Жазуға үйретудің маңызы. Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру. Жазу дағдысының психалогиялық негізі мидың үлекн жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір- бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ауызша сөйлеу есіту - кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады.
Ең алғашқы ерте дәуірде адамдар қандай, да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады . Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең - идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру ролін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген.
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы.
Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. Алфавитпен графиканы меңгеру - оқу мен жазудың ( сауат ашудың ) ең алғашқы ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді . Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияның ( немесе жазу, сауатты жазу ) игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым - қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін ( таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары ) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады . Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды . Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал кейін әріп бөліктері аса күш салмай - ақ қосып жаза алатын болады . Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады. Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде-ақ дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет - сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (басшы, башшы емес ) , сөз шекарасында да ( боз құнан, бозғұнан емес ) біріккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс-әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педагог т. б. ) бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке, клубтан т. с. с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі. Қысқасы жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.
Сауат ашу кезеңдерінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар.
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды - қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу.
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете ( 45 ) жазу;
в) әріптердің, сондай - ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап ( сөздер бір - бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс ) отыру.
г) бірте - бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:
а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;
б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см-дей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн;
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25- 30 см сақталуға тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір - екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан 3-5 минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды. Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы ( жазба таңбасы ) берілген. Сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі . Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.
Жазу сабағына қойылатын педагогикалық талаптар .
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білуі керек. Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде кушті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ, көлемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек . Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білуі, олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау ) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әнгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланатын ойын элементері, іс - әрекеттің нәтижелі түрлері, іс - әрекет формаларын жиі өзгерту - балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.
Алты жасарлардың қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар : олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Мұғалім тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру ескергені жөн. Мысалы: олар алғашқы сөз, буын, дыбыс терминдерін шатастырады; мұғалім бірте - бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын жыратып, мәнін аңғартуға үйретеді.
Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Оқыту үрдісінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүрлеген жөн. Өйткені қиындыққа кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Ал, екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше бұдан шығатын қорытынды - сабақтың түсінікті болуы шарты. Сабақтарда көрнекілікті қолданғанда да басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, аландатып зианын тигізуі мүмкін. Педагогиканың талабы бойынша, сауат ашудың бірінші күнінен бастап - ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т. б. арқылы жүзеге асырылады.
Жазу сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
Жазу жұмысына қажетті жағдайлар мен оған қойылатын талаптар. Жазудың айқын таза болуы үшін, ең әділі жазу дәптерінің қағазы сапалы ( ақ, сия сормайтын ) болуға тиіс. Оқушыға арнаулы қаламсаппен, айқын түсті сиямен жазу тәртібі ұсынылады. Жазу кезінде жарық сол жақтан түсіп тұруы қажет. Оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу, әрбір жаңа ойды абзацтан ( жаңа жолдан ) бастап жазу, дәптердің түп жағынан ( 10 - 15 мм ), оң жағынан ( 20 мм ) бос орын қалдыру, біркелкі көркем жазу талап етіледі.
Гигиеналық талап дегеніміз - оқу, жазу жұмыстарының атқарылатын физиологиялық шаралардың жиынтығы. Бұл шаралардың орындалуы оқушының психо - физиология дамып жетілуін қамтамасыз етеді.
1. Сынып бөлмесінде партаға дұрыс отыру ережелерінің ілініп тұруы.
2. Сынып бөлмесіне жарықтың сол жақтан түсуі .
3. Оқушының партаға кеудесін тік ұстап түзу отыруы.
4. Оқушының кеудесінен партаның арасындағы қашықтық 4 - 5 см сәйкес болуы керек.
5. Оқушының басы алды - артына аз солға қисаймай тік болуы және дәптердің бетімен оқушының арасындағы қашықтық 25 - 30 см сәйкес болуы керек.
6. Оқушының екі аяғы үшбұрышталып партаның кергішіне не төртбұрышталып еденге тиіп отыруы керек.
7. Оқушының 2-сыныптағы партасының бетінде болып дәптердің жоғары, төмен жылжуын сол қолдың ықпалымен жүзеге асады.
8. Оқушының қаламсап ұстаған жұдырығы оның көкірек тұсында болуы .
9. Оқушының жұмыс дәптері партасының бетінде көлбеу жатуы (есік жағы жоғары, терезе жағы төмен) .
10. Дәптердің жоғары немесе төмен жылжуы тек сол қолдың ықпалымен жүзеге асады.
11. Оқушы қаламсапты ұшынан 2 - 3 мм қашықтықта үш саусақтың көмегімен қатты қыспай еркін ұстап жазуы.
Сауат ашу кезеңіндегі жазудың мақсат міндеттері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz