Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3бет

І ТАРАУ ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі . . . 4-8бет

1. 2 Етістіктің шақтарын мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері . . . 8-10бет

ІІ ТАРАУ МЕКТЕПТЕ ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖОЛДАРЫ

2 . 1 Етістіктің шақтарын оқытудағы қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдері . . . 11-26бет

2. 2 Етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары . . . 26-27бет

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету - негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі - морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.

Курстық жұмыстың мақсаты: етістіктің категориясы ретінде шақтарды оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау, етістік шақтарын зерттеген ғалымдардың еңбектерінің ерекшеліктері мен пікірлеріне сүйеніп, сан есімнің мағыналық түрлері мен жасалу жолдарын қарастыру, ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.

2. Оқушыларға етістік шақтары тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.

3. Етістік шақтары түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау;

4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-тәсілдерін айқындау.

Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.

Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер етістік шақтарының түрлерін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе; білім берудегі инновациялық технологиялар мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені қазіргі заманғы жаңашыл тәжірибелер оқушының ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, жан-дүниесінің ұлттық рухта зерделенуіне, өзіндік жеке пікір қалыптастыруына жол ашады.

Курстық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі

Етістік - қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер - етістік.

Етістіктердің лексика - граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі. Түркі тіл білімінде етістік туралы зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады.

Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф-хас-Хадисиб Баласағұнның «Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі, есімшелі сөздер кездеседі» [1, 55] .

Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан ғалым Махмуд Қашқари «Диуани - лұғат ит - түркі сөздігі».

Тұңғыш тюрколы әрі энциклопедист М. Қашқари қалдырған мұралар әр жағынан алынып, тілдің белгілі салаларымен байланыстыра зерттеліп, ғылыми нәтижелері жарияланып келеді. Түркі тілдерінің қай - қайсысының болса да тарихымен байланыстырып, одан әрі қарай зерттей беру тіл мамандары үшін абыройлы да аса - жауапты міндеттерден саналады.

Бұдан 900 жыл бұрын жасап, артына түркі тілдермен өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы ғұлама М. Қашқари «Сөздігі» әрқашан да тюркологтардың тіліне тиек, объект болып келгені мәлім.

Күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған және алдағы уақытта да зерттеушілер қолынан түспейтін мол мұра, тарихи дерек, тілдік фактілер қалдырған М. Қашқари озық ойлы ғұлама болған.

М. Қашқари (толық аты - Махмуд ибн әл Хусейн ибн Мұхамед әл - Қашқари) Қарахан әулетінен шыққан. Орта Азияның Мәуренаһрда - «екі өзен арасын», яғни Сырдария мен Амударияның екі ортасын жаулап алған Боғрахан шөбересі.

Махмудтың әкесі Ыстық көл бойындағы барсыхан Баласағұн деп аталатын қаланың әміршісі болған. Махмуд кейінде Қашқар қаласына көшіп барыпты. Махмудтың дәл қай қалада туылғаны мәлім емес, бірақ өскен жері Қашқар аулы ықтимал. М. Қашқари өзінің кітабында: « . . . нам предок тот самый эмир, который отвоевал земли тюркские у самалидов» дап жазады [1, 258-259] (Мұталипов, 136 - 138, Конанов, 4 - 5) ;

Махмудтың ХІ ғасырда жасаған сөздігі ХХ ғасырдың басына дейін белгісіз болып келген. Ол қолжазба күйінде Стамбұл кітапханасында сақталып жатқан. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, қолжазба Махмудың өз жазуы емес, Абу Бакир әл - Дамаски дегенннің 1266 -жылы жасаған көшірмесі көрінеді. Қолжазбаны 1915 - 1917 жылдар ішінде ғана үш томдық кітап етіп, Стамбұлда басып шығарған. Осы басылым 1939 - 1943 жылдар ішінде түркі тіліне аударылып Анкарада басылып шығарылған. 1960 - 1963 жылдар ішінде оны өзбек тіліне аударылып, үш том етіп шығарды.

Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік деуге болады. Олай дейтін себебіміз, екінші том - түгелімен етістік және осы сөз табына қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.

Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері тап, теп, қаш, сын т. б. негізгі түбірлерден басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі әріптілер деп тоқтайды.

Одан әрі қарай екі буынды етістік түбірлері құрамына қарай біркелкі емес. сонымен бірге, түбір салдары - ік, іқ, ұқ, үк болып негіз және жұрнақ деп бөлуге келмейтін туынды түбірлер және етістік тұлғалар берілген.

Томның соңғы жарымы төрт әріптілермен бес әріптілерге арналады. Көлемі жағынан шұбалаңқы, құрамы жағынан күрделі болып келетін бұл етістіктер түгелімен дерлік туынды түбірлер.

М. Қашқаридың етістікке қатысты мұнымен шектелмейді. Онда, әсіресе өткен шақтың жедел түрі - ди, - ды, - ді афлексі негізге алынады. Олар жүйе «Сөздіктің» етістікке тиісті өн бойында қатаң сақталады.

Автор өз ережелерінде үнемі өткен шақта беріліп отырған етістіктердің тұйық райы -мақ, -мек, келер шағы -ар, -ер, -ыр, -ір екініне жан - жақты тоқтайды. Қимыл екендігінің аффиксі негізінен -мақ формасы дей тұра, қазіргі қазақ т. б. тілдердегі -у тұлғасының архетипті -г, -ғ, -қ, -к форматтары екенін де ескереді. Анық зармак тәрігі көр таз кäлігі барчігä (ІІ том, 47 - бет) деген сөйлемдерді кикестілерді иелектен қимыл есімдері деп көрсеткенінің ғылыми талдауын береді.

М. Қашқари өз еңбегінің классикалық әдеби араб тілінде жазып, араб лингвистикасына түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізіді.

Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің бірі - 1343 жылы египетте жазылған «Китаб мажму таржуман турки ва ғажали ва мағули» (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе, П. Мелиоранский «Араб - филолог о турецком языке» атты еңбегінде сөздіктің туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген [3, 255] . Үшінші бөлім етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.

Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп, болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.

Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі сөздері қыпшақ тіліне жатады. Н. А. Баскаков оларды «Кодекс кумаликусте» кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады.

Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр - ад - Дин Хайнан 1312 жылы Қанрде «Китаб - ал - идрак ли - лисан ал - атрак» (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба түрінде сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологс қолжазбаның басқа нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу Хайман еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда баспадан шығарылды.

Абу Хайман кітабында берілген граматикалық материалдарды қыпшақ тілінің тұңғыш граматикасы деуге болады деушілер де бар.

ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек ғалымы Жамал - Аддин Мухаммед ат Турки жазған «Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап» деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді. Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 - 1954 бастырып шығартқан поляк түркологы - Ананиаш Зайоновский.

Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім - есім; екінші бөлімінде - етістік сөздер.

Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында басталған.

Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін көрген тіл - мували тілі. Бұл еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында жазылып, Петербургта «Сояинения, принедлежающие к граматике чуволинского языка» деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва университетінің баспасынан Хольфиннің орын оқушыларына арналған «Азбука татарского языка» дейтін оқу құралы, 1776 жылы Петербургта «Турецкая граматика» атты еңбек шығарылды. 1701 жылы жазылған Гигоновтың «Граматика татарского языка», 1839 жылы жарияланған Қазамбектің «Общая граматика турецкого - татарского языка», 1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып басылған Мишаронскийдің «Краткая граматика казак - киргизского языка» деп аталатын еңбектер т. б. жарық көрді.

30 - 40 жылдардан бастап түркі тілдерінің граматикалары бірінен соң бірі үздіксіз жариялана бастады. 1935 жылы А. Доровковтың «Учебник уйгурского языка», 1938 жылы Ястроемскидің Бетлинг еңбегі негізінде жазған «Граматика якутского языка», 1940 жылы Н. К. Дмитриевтің «Граматика башкирсого языка», 1941 жылы А. Н. Кононовтың «Граматика турецкого языка», 1948 жылы «Граматика узбекского языка», атты еңбектері жарияланды [4, 254] .

А. Н. Кононовтың «Очерк истории изучения турецкого языка» деген 1973 жылы жарық көрген еңбегінде түркі тілдерінің зерттелуі. Батыс Европада, Ресейде, Түркияда, Америкада әр түрлі кездерінде болғаны айтылады [5, 258] .

1845 жылы М. А. Казембектің «Общая граматика турецкого - татарского языка» деген еңбегінің етістікке арналған бөлімінде түркі тілдеріндегі етістікке тән етіс, рай, шақ, түрік, татар, тілдеріндегі «де» етістігінің көсемше формаларының синтаксистік қызметіне көңіл аударды. Баяндауштың сөйлеміндегі орны туралы: «Глаголы в турецком языке вообще пологаются на конце предложения, потому что они излогая состояния и обстоятельства главного предмета, составляют сказуемое и в большие периодах всегда занимает последние место. Вот вторая эксиола фраезологии турецкого языка» (Казембек, 1893 493 - бет) - дейді [6, 589] .

Мұны ғалым Н. Длисенова: «Баяндауыш көпшілігінде сөйлемнің басында және ортасында келеді» [7, 45] , - деп толықтытрады.

Казамбек (1802-1870) - Әзірбайжан шығыс зерттеушісі, Қазан түркиология мектебін құрушы, филолог, тарихшы, педагог, шығыс филолгиясының докторы, Ресей Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі, көптеген шет ел шығыс тану қоғамының мүшесі. Ол бірсыпыра тілдерді білген, өз еңбегін әзірбайжан, араб, парсы, орыс тілдерінде жазған.

Филолгия саласында Казамбек «Араб тілі граматикасының тәжірибесі», «Түрік - татар тілінің граматикасы», «Түрік тілінің оқу құралы» атты еңбектері бар. Осылармен қатар түркі тілінің көне жазба ескерткіштерін оқу, жариялау істерімен айналысқан. Казамбектің «Түркі-татар тілінің граматикасы» атты салыстырмалы зерттеуі түркиология тарихында өте жоғары бағаланды. Бұл - Қазанда бірінші рет 1939 жылы басылған. Соңғы басылым «Общая граматика турецкого - татарскаого языка» деп аталады. Осы басылым 1948 жылы неміс тілінде шығарылған. Қазамбек граматикасында түркі тілдері материалдары бір-біріне салыстыра баяндалған.

Етістіктер туралы «Алтай тілінің граматикасында» да айтылады. Онда «жатыр, тұр, отыр, жүр» етістікретіне, етістіктің жоқ категориясында тоқталады.

Н. И. Ильминскийдің 1860-61 жылғы «материалы к изучению киргизского наречие» деген еңбегінде, А. Троянскйдің 1824 жылы шыққан «Краткая граматика татарского языка» кітабында етістіктің бес бес түрлі шығын көрсетсе, Л. Будагов 1869 жылы шыққан «Сравнительный словарь турецкого - татарский наречие» атты сөздігінде шағатай, түрік, әзірбайжан, қазақ, татар тілдеріндегі «де» етістіктің түрліше формаларын баяндаса, Н. В. Катанов 1869 жылғы «Урянхай тілінің зерттелу тәжірибиесі» еңбегінде тува, урянхай тіліндегі «де» етістігінің табыс, барыс септіктерін меңгеретіндігіне көсемше, есімше формаларының мағыналары мен сөйлемдегі қызметіне тоқаталса, З. А. Алексеев 1884 жылы Ташкентте басылып шыққан «Самоучитель сартовского языка» еңбегінде етістік формаларына байланысты үш жақты айтты.

В. В. Радлов «Опыт словаря тюркских наречий» деген еңбегінде «де» етістігі туралы: «В Восточных наречиях прямая речь начинается глаголом айт и кончается глаголом «та». Иногда такая речь кончается словами «так айтты».

Грамтикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі тілдеріндегі қалпы салыстырмалы - тарихи зерттеу объектісіне жатады. Мұнда да барлық граматикалық категориялардың түп - негізі ашылып, сыры анықталды деуге болмайды. Салыстырмалы тарихи зерттеулерде етістікке байланысты да көп мәселелер қарастырылады. Соның бірі етістіктің түбірі тұлғасы. Есімдер мен етістіктердің түбірі тұлғасы о баста мағына жағынан ажыратылмаған, яғни кейбір түбірлер әрі етістік, әрі есім мағынасында қолданылған деушілер бар. Бұл теорияны қолданушылар - Ж. Дени, К. Гриебек, К. Броккелман, кеңес ғалымдарынан Э. В. Севартен, Н. А. Баскалов, А. М. Щербак, Б. М. Юнусалиев т. б. Етістік катергорияларының салыстырмалы - тарихи зерттеулерде ең көп сөз болатын мәселе - шақ категориясы. Шақ категориясының бір де бір тіл жоқ. Бірақ олардың даму, өсу жолдары, мағына көлемі барлық туыс тілдерде бірдей емес.

Қазіргі түркі тілдерінің барлығы да үш шоққа (өткен, келер, осы) ие болса, көне түркі тілдерінде осы шақ пен келер шақтың ара жиегі онша айқын болмаған. Сондықтан да К. Фай, В. Баиг, А. П. Поцелуевский, М. Н. Хогдров, т. б. оқымыстылар осы шақ пен келер шақ мағына жағынан ХІІІ - ХІV ғасырларда ғана ажыратылған дейді. Көне түркі тілінде мәселен, А. Н. Кононов осы шарттың бір ғана ауыспалы осы шақ (ностоящее - будущее) түрін ғана атаса (4) 53, (186 - 187), Ғ. айдаорв екі түрі (ностоящее - конкретное, ностоящее - переходное) бар деген пікір айтады. А. М. Щербак Х-ХІІ ғасыр Шығыс Түркістан текстерінің тіліне сүйекне отырып нақ өткен шақ [ -ды//-ді, - дук//-дүк], келер шақ [ -ғай//-гей, - ға//-ге] ; ауыспалы осы шақ (ностоящее-будущее), белгісіз келер шақ [будущее неоределенное: -ар//-ар], ежелгі өткен шақ (давнопррошедшое: -мым//- міме), нәтижелі өткен шақ (прошедшое результативное) бар деп көрсеткен [8, 57] . Кейбір қосымшалардың түбір сөзден өобігендігін дәлелдеп бере алатын зерттеулер бар. Бірақ барлық қосымшалар түбір сөздермен этимологиялық байланысы бар деп үзілді - кесілді айтуға негіз жоқ сияқты. Мәселен, қазақ тіліндегі -ады//-еді қосымшалардың -а турур//-е турур аналиткалық формасынан -ыпты//-іпті қосымшасының -ып турур//-іп турур аналитикалық формасынан -атын//-етін қоысмшасының а тұрған//е тұрған аналитикалық формасынан пайда болғандығын ғылымда дәлелденген. Түркі тілдерінде көмекші етістік деп аталатын отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктеріның мағына, форма жағынан шақ қосымшалары қатарына- өткелдігін түркітануда ғалымдар мойындайды. Бірақ олардың граматикалану жолын, сөзден - қоысмшаға айналу эволюциясын тіл фактілері енгізгенде түгел анықталды деп айту қиын. Дәл осы проблеманың шешілуі тарихи - салыстырмалы әдіске тікелей байланысты.

1. 2 Етістіктің шақтарын мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері

Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы - өзіндік ой-тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс. Әсіресе, адам дүниетанымының кілті, ойлаудың формасы, қарым-қатынастың ең басты құралы ана тілі болғандықтан, мектеп пәндерінің ішінде қазақ тілінің атқарар қызметі ерекше болмақ. Сондықтан жаңа кезеңнің талабына сай «білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік компетенциясы, қарым-қатынас жасау біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» алға қойылды. Бұл кез келген грамматикалық ереже тек білім қоры қалпында қалмай, баланың өмірлік танымының, айналамен тіл табысуының басты базасына айналуы қажет екендігін көрсетеді. Тіл арқылы баланың логикалық ой жүйесін дамытудың жолдарын белгілеудің маңызын айқындайды. Тілдің ғылыми негізін меңгерту оның қоғамдық-әлеуметтік мәнімен, рухани құндылығымен қоса берілгенде ғана жас ұрпақ бойында пәнге деген шынайы құрмет сезімін тәрбиелеуге болатыны бағамдалған. Өз ана тілінің даралық ерекшеліктеріне көз жеткізу ғана тілдің эстетикалық талғамын арттыруға негіз қалайтыны дәйектелді. Тілдің адам болмысымен байланысы, санаға қатыстылығы туралы тұжырымдардың білім жүйесінен орын алуы - коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың тетігі.

Міне осы түйіндеулер қазақ тілін оқытудың тұғырнамалық негізі етіп алынған. Әрі олар қай сыныпта, қай саланы оқыту кезінде де ескерілуге тиіс. Сондықтан морфологияны оқыту, соның ішінде көсемшені оқыту етістік тарауын өткенде осыған сәйкестендіріле отырып анықталады. Жаңа бағдарламаға сәйкес морфологияның ғылыми негіздері 6 және 7-сыныптарға бөлініп берілген.

6-сыныпта сөздің түрлері мен сөз құрамы жайында мағлұмат берілгеннен кейін сөз таптары оқытылғанда етістік, оның түрлері және категориялары туралы тақырыптар оқытылады. Мұнда етістікті мағыналық жағынан қарастырса, ал 7-сыныпта оның түрлену жүйесі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі туралы білім беріледі.

Сонымен 6-7-сыныпта морфология тарауы бойынша білім берудің мақсаты - оқушыларға морфорлогияның үлкен бір күрделі де өте жиі қолданылатын саласы - етістік екенін, оның орны мен рөлін таныту, оның қазақ тіліндегі алатын орнын, етістіктің жасалу жолдарын, жіктелу ерекшелігін, сөйлемдегі қызметін айыруды үйрету және осы білімді оқушылардың қарым-қатынас қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде игерту.

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

- етістіктің және оның категорияларының өзара байланысы мен ерекшеліктерін таныту арқылы тілдік машықтарын арттыру;

- оқушыларға етістіктің жалпы тіл жүйесіндегі орнын таныта отырып, олардың лингвистикалық дүниетанымын кеңейту;

- етістікті оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау;

- етістіктен алған білімдерін күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білуге үйрету;

- етістіктен алған білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- оқушылардың әдеби тіл нормасына сай сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістік шақтарының тіл білімінде зерттелуі
Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Етістік формалары және оны оқытудың әдістері
Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Сыни ойлау технологиясымен етістікті оқыту
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz