Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4 бет

І ТАРАУ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1Тұрлаулы мүшелердің түрлері. Бастауыштың негізгі грамматикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.8 бет
1.2 Баяндауыштың зерттелуі мен жасалу жолдары ... ... ... ... ... ...8.14 бет

ІІ ТАРАУ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІ ЖАҢА ӘДІС.ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары және оны оқытуда кездесетін қиындықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.24 бет
2.2 Тұрлаулы мүшелерді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.26 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27.28 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ...29 бет
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп шығаруды және осы тілде еркін де жатық сөйлеуге үйретуді мақсат етеді. Тілден жүйелі білім беру оқушылардың дүниетанымын, пайымдауын жетілдіруге, өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде айқындалған мәселе. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсі – қазіргі кезеңдегі өмірдің өз талабы, өзекті ісі болып отыр. Қазір қазақ тілі пәні тереңдетіліп оқытылады.
Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады. Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Солардың ішіндегі тұрлаулы мүшелерді оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі синтаксисының оқушыларға білім – тәрбие берудегі маңызы ерекше. Тұрлаулы мүшелерді оқыта отырып оқушыларды сөйлем құрауға үйретіп, ойын толық жеткізуге машықтандырады. Бастауыш сыныптан тұрлаулы мүшелер туралы түсінік беріледі. Қазақ тілі пәні нақтылықты қажет ететін пән. Сондықтан тұрлаулы мүшелерді толық терең оқыту керек. Сонымен қатар ережені жатқа айтқызу керек емес, оқушы өзі сабақты түсініп айтса, болашақта білімі терең болады.
Мектептерде оқу жылы соңында міндетті диктант жазылады. Осы диктантты сауатты жазу үшін тұрлаулы мүшелердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білу керек. Синтаксис тарауын ары қарай оқытқанда тұрлаулы мүшелер әрдайым жүреді. Тұрлаулы мүшелерсіз сөйлем құрай алмаймыз. Сондықтан да күнделікті өмірде болсын, оқыту барысында, шығармашылықпен айналысқанда тұрлаулы мүшелердің атқаратын ролі мол.
1. Абылақов Ә.А. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің қалыптасуы, дамуы және қолданылу аясы. А., 1990.
2. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі А,. 1991.
3. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы А,. 1940.
4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері А,. 1977.
5. Әміров Р Жай сөйлем синтаксисі А,. 1983.
6. Балақаев М., Қордабаев Т Қазіргі қазақ тілі А,. 1966.
7. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі А,. 1987.
8. Баскаков Н.А. Структурные типы словосочетаний и предложений в современном турецком языке. АДД.Л., 1972.
9. Дмитриев Р.К. Граматика башкирского языка. М. – Л., 1948.
10. Есенов Қ. Предикаттық қатынас Қазақстан мектебі, 1985. 2
11. Жапаров А. Азыркы киргыз тили. Фрунзе, 1964.
12. Закиев М.З. Синтаксический строй татарского языка. Казань, 1969.
13. Исаев С.М. Қазіріг қазақ тіліндегі негізгі граматикалық ұғымдар. А., 1992.
14. Казем-Бек А. Общая грамматика турецко – татарского языка. К., 1846.
15. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. 2 бөлім А., 1967.
16. Мещаннинов И.И. Члены предложения и части речи. Л., 1978.
17. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. А., 1991.
18. Серғалиев М., Күлкенова О., Айғабылов А. Қазіргі қазақ әдеби тілі. А., 1991.
19. Төлегенов У. Выражение скозуемого и его основные типы в простом личном предложении современного казахского языка. АКД., А., 1955
20. Шәукенов Қ. Синтаксистік категориялардың семантикалық және функционалды байланысы. АДД. А., 1995
21. Убрятова Е.И. Согласование в якутском языке //исследование по синтаксису тюрских языков. М., 1962.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .3-4 бет

І ТАРАУ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1Тұрлаулы мүшелердің түрлері. Бастауыштың негізгі грамматикалық
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5-8 бет
1.2 Баяндауыштың зерттелуі мен жасалу жолдары ... ... ... ... ... ...8-
14 бет

ІІ ТАРАУ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары және оны оқытуда кездесетін
қиындықтар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 15-24 бет
2.2 Тұрлаулы мүшелерді оқытуда жаңа технологияларды
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 24- 26 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 27-28 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..29 бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тілі пәні оқушыларды жазбаша сауатты етіп
шығаруды және осы тілде еркін де жатық сөйлеуге үйретуді мақсат етеді.
Тілден жүйелі білім беру оқушылардың дүниетанымын, пайымдауын жетілдіруге,
өзге пәндерді жақсы меңгеруге негіз болатындығы ғылым мен тәжірибеде
айқындалған мәселе. Сондықтан мектепте қазақ тілін оқытуды жақсарта түсі –
қазіргі кезеңдегі өмірдің өз талабы, өзекті ісі болып отыр. Қазір қазақ
тілі пәні тереңдетіліп оқытылады.
Қазақ тілінің асыл мұрасы – сөз байлығы, шебер сөйлеудің озық
үлгілерін игерту жолындағы осындай үлкен мақсатты дұрыс түсінген қазақ
тілі мұғалімінің алдында көптеген міндеттер тұратыны белгілі. Қазақ
тіліндегі әр тақырыптарға белгілі сағат беріліп тереңдетіліп оқытылады.
Оларды оқытуда көзделетін мақсат берілген тақырыпты дұрыс меңгеретін
оқушылардың білімін, ой - өрісін дамыту. Солардың ішіндегі тұрлаулы
мүшелерді оқытуға тоқталып өтсек. Мектептерімізде оқытылатын қазақ тілі
синтаксисының оқушыларға білім – тәрбие берудегі маңызы ерекше. Тұрлаулы
мүшелерді оқыта отырып оқушыларды сөйлем құрауға үйретіп, ойын толық
жеткізуге машықтандырады. Бастауыш сыныптан тұрлаулы мүшелер туралы түсінік
беріледі. Қазақ тілі пәні нақтылықты қажет ететін пән. Сондықтан тұрлаулы
мүшелерді толық терең оқыту керек. Сонымен қатар ережені жатқа айтқызу
керек емес, оқушы өзі сабақты түсініп айтса, болашақта білімі терең болады.

Мектептерде оқу жылы соңында міндетті диктант жазылады. Осы
диктантты сауатты жазу үшін тұрлаулы мүшелердің тыныс белгілерін дұрыс қоя
білу керек. Синтаксис тарауын ары қарай оқытқанда тұрлаулы мүшелер әрдайым
жүреді. Тұрлаулы мүшелерсіз сөйлем құрай алмаймыз. Сондықтан да күнделікті
өмірде болсын, оқыту барысында, шығармашылықпен айналысқанда тұрлаулы
мүшелердің атқаратын ролі мол.
Курстық жұмыстың мақсаты: тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдермен
оқытуда, оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы
белсенділіктерін арттыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық
сипатын ашу;
2. Оқушыларға тұрлаулы мүшелер тақырыбы бойынша берілетін білім
көлемін анықтау.
3. Тұрлаулы мүшелер түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық
технология түрлерін саралау;
4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-
тәсілдерін айқындау.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: зерттеу, жинақтау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: тұрлаулы мүшелердің де оқушының
тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, иұрлаулы мүшелердің
ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу
дағдысын қалыптастыру. Оқушы білімін тиянақтауда жаттығу жұмыстарын
жүргізу, жазба жұмыстарын алу кезінде оқушы жағдайын байқау.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Тұрлаулы мүшелердің түрлері. Бастауыштың негізгі грамматикалық
ерекшеліктері

Сөйлем – адам ойын білдірудің негізгі құралы. Айналадағы нақты өмір
құбылыстары негізінен зат және оның қимыл – қозғалыстары мен іс -
әрекеттерінен тұратыны мәлім.
Сөйлем жасалуы үшін алдымен сөздер бір – бірімен тіркеседі. Ол
тіркестердің тілдік жүйесі, заңдылықтары арқылы іске асады. Жай сөйлем, оны
құрайтын тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер, осы қиыса байланысқан сөз
тіркестері негізінде жасалады. Сөз тіркестері сөздердің синтаксистік
байланысуы деп аталса, жай сөйлем синтаксисінде бұлар предикативті
қатынастарға жатқызылады.
Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыми ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі
логикалық зерттеулерден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем – пікірге,
бастауыш – субъектіге, баяндауыш – предикатқа негізделді. Сондықтан да тіл
туралы зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты предикат деп қолдану
дәстүрі де сақталған. Сөйлемнің негізі болып табылатын предикативтілік осы
атаудан пайда болған.
Тұрлаулы мүшелер тек қана зат есім мен етістіктен жасалмайды. Бастауыш
зат есім мәніндегі басқа сөз таптарынан, ал баяндауыш өзге де есім сөз
таптарынан жасала береді.
Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелерді
айтамыз.
Қазақ тілі білімінде болсын, басқа да түкітану саласындағы еңбектерде
болсын тұрлаулы мүшелерге негізінен бастауыш пен баяндауышты жатқызатыны
белгілі.
Алайда, кейбір еңбектерге көз жүгіртсек тұрлаулы мүшелерге тек
бастауыш пен баяндауышты ғана емес, басқа да сөйлем мүшелерін жатқызушылық
кездеседі.
Осы тіл білімінің өзінде баяндауышты арнайы сөйлем мүшесі дейді де, ал
бастауышты толықтауыштың бір түрі дейді. Кейде тұрлаулы мүшелерге бастауыш
пен баяндауышты жатқыза келіп, тіпті, оның аясын кеңейтіп те жібереді.
Сондықтан да кейде тұрлаулы мүшелердің құрамына толықтауыштың кейбір түрін,
тіпті, пысықтауыштың да кейбір түрін қосып жіберетіні кездеседі. Міне, осы
сияқты талас пікірлерді түркітану еңбектерінен де байқауға болады.
В.Насилов Роль сказуемого в уйгурском предложении деген мақаласында
тұрлаулы мүшелерге тек баяндауышты ғана қатысты деп біледі. Автор сөйлемді
тиянақтау жағынан келгенде тек баяндауыш қана басты тұлға деп ұғады да,
оған ерекше мән береді. Сол сияқты екінші бір көзқарас бойынша тұрлаулы
мүшелерге, яғни бастауыш пен баяндауышқа тура толықтауышты да қоса
қарайды.Әрине, бұл сияқты тұрлаулы мүшелер туралы әр түрлі пікірлер
болғанымен, қазіргі кезде тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауышты
жатқызу орынды деп білеміз. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз
болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі
(иесі) болады.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі – бастауыш. Сөйлемде бастауыш екі
түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, сөйлемде арнайы түрде бастауыш
болады, екіншіден, сөйлемде бастауыш жасырын келуі де мүмкін. Бірақ ол
жасырын келгенімен, бәрібір баяндауыш арқылы оны тауып алуға болады.
Сонымен бірге бастауыш: зерттелу, оның ережесі, сұраулары, тұлғасы,
жасалуы, құрамы, сөйлемдегі орны және оның мағынасына қарай бөліну
бағытында қаралуы тиіс. Енді осыларды жеке-жеке көрсетелік. Бастауыш туралы
қазақ тіл білімінде көптеген оқу кітаптары, методикалық құралдар және
мақалалар жарық көрді. Бастауыш туралы еңбектердің біразында негізгі
мәселелерінен гөрі, олардағы кейбір жанама мәселелеріне де баса назар
аударылған. Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі бастауыштарды басқа тілдермен
салыстыру, орын тәртібі және стильдік қызметтері сөз болады.
Бастауыштың ережесі. Бастауыштың ережесі әр түрлі оқулықта әр түрлі
беріліп жүр. Х.Басымов Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі
ой іргесінің иесі болады [1,366], - десе, С.Аманжолов Сөйлемегі айтылған
ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш дейміз,-дейді.
М.Балақаев Сөйлемнің кім? не? туралы екенін білдіретін, айтылған ойға
негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз,-деп келсе, Р.Әміров
Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы
айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін
бастауыш дейміз [2,158],- деген ережені айтады.
С.Аманжолова, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаевтардың мектеп грамматикасында,
Сөйлемде атау септігінде тұрып басқа мүшелерге бағынбайтын тұрлаулы мүшені
бастауыш дейміз [3,25]- делінген. Қазақ тіл білімі мен түркітану
әдебиеттеріндегі бастауыштың ережелері туралы мына жайттардың айтылатынын
көруге болады.
Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы.Екіншіден, ең алдымен, оның
қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орынға, ал ойдың иесі болуы
екінші орынға қойылуы. Үшіншіден, ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш
арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысы, басты нәрсе болуы.
Төртіншіден, бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы. Бесіншіден,
бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни, атау септікте
келетіндігі.Алтыншыдан, сөйлемдегі басқа сөздермен, яғни, баяндауыштармен
синтаксистік қатынастары, т.б.
Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар
арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде
арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болуы да мүмкін, ал баяндауышсыз толымсыз
сөйлемдер өте сирек кездеседі. Әсіресе диалогта, мақал-мәтелде (қой баласы
– қозыдан сияқты) баяндауыштың түсіп қалуы ықшамдылықпен байланысты.
Осындай, баяндауыштың синтаксистік қызметі бастауыштан басым болғанына
қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды. Шынында, ол
екеуі де – сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді айналасына үйіріп
тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы – бас мүшелер.
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы – сөздің атау тұлғасы. Басқаша
айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде
тұрады.
Ескерту:
Бастауыштар кейде формаланбаған ілік септігінде де айылады; ондай ілік
септікті бастауышы бар сөйлемнің баяндауышы не тәуелдік жалғаулы сөз
күрделі баяндауыштың құрамында болып келеді:
Шығанақ почта конторындағы радиоға құлағын төсеп отырғаны
(Ғ.Мұстафин). Тас түсіріп тұрсам, мына біреулер жанжал шығарып тұрғаны
(Қ.Әбдіқадыров).
Біз суды осы Мырзашөлге жеткізуіміз керек. (С.Мұқанов). Мен
Гүлжаһанмен әлі жөнді әңгімелескенім жоқ (Ә.Әбішев).
Бастауыштарға қойылатын негізгі сұрақтар кім?,не? Бастауыш қызметінде
жұмсалатын сөздердің көптік, тәуелдік жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл
сұрақтар сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге жалаң күйін де қойылмайды,
баяндауыштармен қабаттаса қойылады. Мысалы: Ажар баяндама жасады (Кім
баяндама жасады? – Ажар...) (Айту оңай, істеу қиын) ( Не оңай? Айту... не
қиын? – Істеу...). Еріншектің ертеңі бітпес (Несі бітпес? – Ертеңі...)
[4,239].
Ескерту: Жалпы алғанда, бастауыш бола алмайтын сөз жоқ . Белгілі
жағдайда ( субстантивтеніп қолданылғанда), тіпті, өз алдына сөйлем мүшесі
болмайды дейтін шылау сөздер де, сөз емес, сөз құрау үшін жұмсалатын жеке
дыбыстар да сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалуы мүмкін.
Дегенмен, сөйлемде бастауыштық негізгі қызмет атқаратын сөздер – зат
есімдер мен олардың орнына жүретін есімдіктер.
Олар түбір тұлғада да, көптік, тәуелдік қалпында да бастауыш болады:
Салиқа қырман басына келді. Колхозшылар астықты элеваторға жөнелтіп
жатыр. Біздің партиямыз, қаһарман халқымыз ұлы табыстарға жетті.Біз жүріп
келеміз. Аттар әлденеге құлақ тіге қалды. Анадайдан бірдеңе қараңдағандай
болды.
Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің енді бір тобы – сапалық
есімдер - сын есім, сан есім, есімше:
Қорқақ бұрын жұдырықтар. Алтау ала болса, ауыздағы кетер... Еккен орар
(Мақал).
Бастауыштар жеке сөзден болған – жалаң, көп сөзден құралған – күрделі
не үйірлі болуы мүмкін. Күрделі, үйірлі басауыштарға мысалдар; Күрделіге:
Сөз қуған бәлеге жолығар. Жақсы жұмыс – жанға тыны. Ырыс алды – ынтымақ
(Мақал). Үйірлерге: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. Аузы
күйген үріп ішер ( Мақал).

1.2 Баяндауыштың зерттелуі мен жасалу жолдары

Баяндауыш туралы сөз қозғамастан бұрын оның сөйлемде атқарар жүгін
айқындап алған жөн. Бұл – аса күрделі де маңызды мәселе. Мәселеге осы
тұрғыдан келу зерттеу объектісінің қаншалықты маңыздылығын көрсетіп қана
қоймайды, тіл білімінде әлі де болса шешімін таппай жүрген мәселе
төңірегінде теориялық нақты тұжырым жасауға жетелейді.
Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп. Сондықтан да біраз
ережелерді келтіріп, сонан кейін оны талдап көрейік. Х.Басымов: баяндауыш
мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не
екендігін айқын білдіреді – дейді.
І.Бәйтенов а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе тістіктен кейін
тұрған сөзді баяндауыш - дейміз, ә) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің
түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді баяндауыш дейміз; б) бастауыштың
күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз баяндауыш болады, - деп
талдайды [5,26]. С.Аманжолов: бастауыштың ісін, қимылын білдіріп,
сөйлемдегі ойдытиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш дейміз және
бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіпайтылатын
тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз, дейді [6,256]. М.Балақаев: бастауыштың
жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесі десе, Х.Арғынов: баяндауыш бастауыштың
қимылын, ісін, жайын, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін,
мекенін, мезгілін білдіреді, - деген тұжырым айтады [7,265], Р.Әміров:
Предикативтілік іс - әрекетті, сапаны білдіретін сөйлеммүшесін айтамыз
десе, М.Серғалиев: бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін
сөйлем мүшесі – деп қорытады.Ал, Ә.Нұрмаханова: Ол бастауышпен предикаттық
байланысқа түсіп, оның қимылын, іс - әрекетін, күйін ілдіреді, - дейді. Сол
сияқты кейбір түркітанушы – ғалымдардың да баяндауыш туралы мына пікірлерін
келтірейік: Н.А.Кононов: баяндауыш грамматикалық жағынан бастауышқа
бағынышты екі құрамды сөйлемнің бас мүшесі [8,268]; А.Жапаров: сөйлем
бастауышына грамматикалық жағынан бағынышты болып, оның қимыл - әрекетін,
амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін тағы солар сияқты қасиетін
баяндап тұрған бас мүшесінің бірі – деген тұжырым жасаған [9,165].
Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да ережелерді беруге болады. Біз енді
осы ережелердегі көтерілген мәселелер, олардың қайсысына өзіндік пікір
айтуға болатынына назар аударалық:
Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарттар барын көрейік:
1. Баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі;
2. Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтайтындығы;
3. Баяндауыш бастауыштың әр түрлі қасиетін көрсетеді: а) ісін, қимылын,
ә) оған қоса жайын,күйін, заттық, сындық сапасын, мөлшерін, мекенін,
мезгілін; б) іс - әрекетті сапасын; в) қасиетін; г) амалын; д) кім
екендігін, белгісі мен сапа ретін, т.б.
4. Баяндауыштың бастауышпен жақ , жекеше, көпше түрде үйлесуі;
5. Предикативтілік білдіруі;
6. Олардың екі құрамда болатындығына байланысты;
7. Сөйлемнің бас мүшесі екендігі;
Баяндауыш астауышқа бағынышты бола отырып, оның әр түрлі қасиетін
көрсететіндігі туралы пікір әр қилы. Соның бәрін жинақтай келгенде,
баяндауыш бастауыштың жоғарыдағыдай қасиетін көрсетеді деп білеміз.
Әрине, баяндауыштың бастауыштың мұндай қасиетін көрсетуі, шындап
келгенде, ол оның қай сөз табынан жасалғанымен, бәрібір бастауыштың әр
түрлі қасиетін айқындауда басты тұлға.
Бір етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын, іс -
әрекетін, жайын, күйін, амалын, т.б. білдіреді. Түптеп келгенде, осылардың
бәрі қимылға қатысты айтылатын сөздер. Осылардың ішінде етістік баяндауышқа
тікелей қатысты, яғни етістіктен болған баяндауыш туралы ісін, қимылын,
іс-әрекетін деген сөздер нақты дәлелдесе керек. Ал жайын, күйін, амалын
сияқты сөздерді қолдану мәселесі абстрактылау ма деген пікірге
келеміз.Баяндауыш ережесіне жайын, күін, т.б. сөздерді қолдану мағыналық
та, стильдік те жағынан келе бермесе керек. Зат есімнің баяндауыш болуы
арқылы бастауыштың кім, не екендігін, заттың мекенін, т.б. білдіреді дейтін
де сөздерді кездестіреміз. Әрине, зат есімнен болған баяндауыштардың
мағыналық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдердің
қолданылуына байланысты.
Зат есімдер жалқы есім, күрделі атаулар болып қандай тұлғаларда
келуіне байланысты олар әр түрлі мағынаны білдіреді. Мысалы: Отаным – алтын
бесігім.(Социалистік қазақстан) дегендегі баяндауыш заттық мағынаға ие
болса, ал колхозшылар – Бірлік колхозында. (Лениншіл жас) дегенде
баяндауыш мекендік қасиетке ие болып отыр.Біздіңше, зат есімнен болған
баяндауыштар бастауыштар заттық қасиетін білдіреді дей келіп, оның енді
өзін іштей зат есімнің баяндауыш болу кезіндегі тұлғалық ерекшелігіне
байланысты да, іштей қандай-қандай мағыналарда қолданылуы екінші дәрежелі
мәселе демекпіз.Мәселен: Ол – студент,ол – Асан дегенде оның кім екенін,
Мынау – қант дегенде заттықты, Олар ауылда дегенде мекенді білдіруі, т.б.
олардың баяндауыш болу кезіндегі, біріншіден, ол сөздердің семантикасына да
байланысты. Зат есімдердегі осы сияқты өзгеріс, шындап келгенде, әр түрлі
заттану процесінде сын есім, сан есім, есімше де болатыны айқын.
Сонымен, баяндауыш бастауышқа бағынып, оның қимылын, іс - әрекетін,
кім, не екенін, заттық, мекендік, сындық, қасиеттерін білдіретін сөйлемнің
тұрлаулы мүшесі.
Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуы. Қай сөздің болса да сөйлемде
баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субъектілік, предикаттық
қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен,
әсіресе бастауышпен, қатар қойып айтқанда айқын болады: қара,керек сөздерін
сен малға қара, мысыққа ойын керек дегендей тіркесте айтқанда болмаса,
олардың баяндауыш екендігі белгілі болмайды.
Сондай дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болатын сөздер –
етістіктер. Олардың түбір күйінде баяндауыш бола кетуінің себебі олардың ІІ
жақтық грамматикалық мағынаны да білдіруімен байланысты болу керек. Сондай
сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың айтылу жағдайымен де
байланысты. Жападан жалғыз жайбарақаттанып отырған кісі қоңыр дауыспен
өзінен-өзі шық, түс десе,сырттан тыңдаған кісі не айтып отырғанын түсінбес
еді, айтып отырғаны қай шық, қай түс, - етістік мағынасындағы шық, түс пе
не зат есім мағынасындағы шық, түс пе? Ал бір кісі екіншісіне есік жаққа
бас изеп шық десе, не атты кісіге қарап жерде тұрған кісі түс десе, онда
жоғарғы сөздердің баяндауыштық мағынасы айқын болады. Мен, рас деген сөздер
жеке айтылса, баяндауыш болмас еді.ал Мені шақырған кім?дегенде: - Мен
десе,осы айтып отырғаның рас па? дегенде: - Рас десе, олар толық мағыналы
баяндауыш болар еді.
Есім сөздер де түбір күйінде, ешқандай баяндауыштық жалғау жалғанбай –
ақ баяндауыш бола береді. Бірақ ол үшін бастауыш пен баяндауыш қатар айтылу
керек. Сонда олардың сол қызметте жұмсалуына себеп болатын жағдай олардың
сөйлемде белгілі орында тұруы болады. Жамал отызда. Ол тәртіпті. Сапар –
доктор,т.б.
Етістіктің кел, ал, бер, отыр сияқты түбір күйі де сол қалпында,
жіктік жалғауынсыз-ақ, сөйлемдер тұрған орнына қарай баяндауыш бола береді
дедік. Бірақ олар ІІ жақтық мағынада айтылып қалыптасқандықтан, кейде
бастауышсыз да жұмсалады, бастауышпен орын ауысып та айтылады: Кел,
балалар, оқылық (Ы.Алтынсарин). Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл) [10,26].
Түбір етістіктердің ішінде жақтық мағынасы екі түрлі болып
келетіндері: тұр,отыр,жатыр,жүр.Бұлар осы қалпында дара тұрып ІІ жақтық та,
ІІІ жақтық та баяндауыш болуы мүмкін.
Сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы баяндауыш болуы.
Баяндауыштардың морфология – синтаксистік тұлғасы – жіктік жалғаулары.
Жіктік жалғаулар әрі баяндауыштық тұлға, әрі бастауыш пен баяндауышты
өзара байланыстыратын синтаксистік тұлға. Олар тек етістікке ғана емес,
баяндауыш қызметіндегі I, II жақтық есімдерге де жалғанады. Егер жіктік
жалғаулар етістіктердің отыр, тұр, жүр, жатыр деген төрт етістіктен
басқаларының түбіріне тікелей жалғанбай, көсемше, тұйық рай қосымшаларынан
кейін ғана жалғанатын болса, есімдердің негізгі, туынды түбірлеріне де,
тіпті, жатыс, шығыс септіктеріндегі сөздерге де жалғана береді: Мен
қырықтамын; Біз бәріміз колхозданбыз.
Бұдан жіктік жалғаудың сөздерге жалғаудың мүмкіншілігі үлкен,
синтаксистік қызметі әрі орнықты екенін әрі бастауыштың тұлғасын
бастауыштан көруге мүмкіндік беретін грамматикалық форма екенін аңғарамыз.
Түркі тілдерінің бір қатарларында ( мысалы: өзбек, құмық, т.б.)
есімдерден болған баяндауыштарға кейде дүр, дир, дыр, тұр тұлғасы
жалғанады. Қазақтың қазіргі әдеби тілінде ол баяндауыштық тұлға жұмсалмайды
десе де болады. Оны фольклордан, өткен ғасырлардағы әдебиеттен ғана
кездестіруге болады.
Жақсылыққа жамандық –
Әр кісінің ісі дүр.
Жамандыққа жақсылық
Ер кісінің ісі дүр
(Мақал)
[11,66].
Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі –баяндауыш болу. Олардың
баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдерді
баяндауыштарының дені –етістікті баяндауыштар. Айттым, болды. Кестім,
үзілді!.. Тараңдар!.. Жүр ( Ғ.Мүсірепов) дегендегідей олар дара күйінде-ақ
баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді немесе
Тереңге мені сал, биікке мені жұмса (Ғ.Мүсірепов) дегендегідей, өзіне басқа
сөйлем мүшелерін ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі болып та кездесе
береді [12,265].
Етістіктердің сөйдемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде
жұмсалуынан олардың өздеріне тән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері
айқын көрінеді. Мысалы, салт, сабақты етістіктердің баяндауыш болу амалы
бірдей, бірақ олар қатысқан сөйлемнің құрамы бірдей емес. Мысалы:
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты, жылы жүзбен Терекке амандасты (Абай).
Амантайдың жүрегі аттай тулады... Ол түтіннің исі жерге жоламайды
(С.Мұқанов).
Осы мысалдардағыдай, салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура
толықтауыш болмайды ( мысалы: ... амандасты, ... тулады), ал сабақты
етістікті онымен байланысты тура толықтауыш болуға тиіс ( мысалы: көзін
ашты) [13,26].
Етістіктің сабақты және салт болуы сияқты, брлымды және болымсыз
болуы да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде
жұмсалуында да ерекшелігі жоқ. Дегенмен солар арқылы болымды, болымсыз
сөйлемдер жасалатындықтан, олардың баяндауыш болуын ерекше атау керек
болады. Оның үстіне айтпаймын, жазбаймын деген сияқты, ашық райлы болымсыз
етістікті баяндауыштың кейде айтпан, жазбан болып айтылуында стильдік
айырмашылық болады.Мысалы, бір істі істеуден үзілді – кесілді бас
тартқанда, соңғы формалар қолданылады. Бұл көбінесе ауыз әдебиетінде жиі
ұшырасады:
Тәуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да, тайынбан (Ғ.Мұстафин).
Өлеңім – оқ, ол алдымда. Мен де жаудан шегінбен (Жамбыл).
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар-намысымды қашырман
Бұлтқа жетпей шартсынбан,
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман
(Махамбет) [14,156].
Етістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола
береді.
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай). Бізді ешкім таныстырмады,
өзіміз танысайық (Ғ.Мұстафин). Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге
ықыласпен тоқылық ( Ы.Алтынсарин). Етістіктер етіс тұлғаларына да баяндауыш
қызметінде жұмсалады:
Өнер – білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды (Ы.Алтынсарин).
Қаптады қол, салынды жол, бұзылды тау, кесілді шөл.(А.Тоқмағамбетов).
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып (Абай).
Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрмалас сөйлемдердің
баяндауыштары болып келе береді. (Жаңбыр жауып, жер көгерді), бірақ кейбір
өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышты бола алмайды.
Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: І, ІІ
жақта баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, ІІІ
жақта жіктік жалғау жалғанбайды.
Күрделі етістікті баяндауыштың құрамы. Қазақ тілінде де әлденеше
етістіктер түйдекті топ құрып, баяндауыш қызметінде жиі кездесетіні
белгілі. Олардың көп құрамды болудағы баяндауыштық негізгі қызметі – қимыл
процесінің құбылмалы нәзік реңктерін білдіру.
Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп, олар аса жиі қолданылады:
арнаулы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктердің де бірталайы
көмекші болып жұмсала береді. Олардың өзара көсемше, есімше тұлғалар арқылы
байланысқан түйдекті тобының құрамы екі я үш, кеде төрт я бес етістікті
болып та келеді.
Кітап оқып кетіп бара жатыр едім, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздадым
деген бір құрмалас сөйлемнің ішіндегі он бір сөздің кітап дегеннен
басқалары – түгелімен етістіктер. Олардың алдыңғы сөйлемдегі оқып кетіп
бара жатыр едім деген бесеуі біріне бірі ұласқан бір істің жайын
хабарлайтын бір мүше (баяндауыш) болып тұр. Екінші сөйлемде бес етістік
бар. Оның алдыңғы екеуі ( сүрініп кетіп) пысықтауыш қызметінде де,
соңғылары ( жығылып қала жаздадым) баяндауыш қызметінде жұмсалып тұр. Соңғы
үш етістік аяқталмаған қимыл процесін білдіреді.
Күрделі баяндауыш құрамындағы етістіктердің қызметі. Көмекші
етістіктер жоғарғыдай синтаксистік тіркеске түсіп, баяндауыштың ш а қ т
ы қ, тұрпаттық (видтік), модальдық, т.б. мағынасын түрлендіріп, кейде бір
қалыптан екінші қалыпқа түседі. Ондайда кез келген етістік қатар қойылып,
оның алдыңғысы негізгі, соңғысы көмекші қызметте жұмсала берілмейді,
олардың біріне – бірі үйлес келетін, бірін – бірі толықтыратын, кейде
біріне екіншісінің мағынасына қарсы келетін етістіктерден құралып,
синтаксистік бірлік жасалады.
Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сан есім,сын есім,
есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл
үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Сонымен қатар
есімді сөйлемдердің қазақ тілінің өзіне тән ерекшеліктері де бар. Оларды
басқа тілдердің, мысалы, орыс тілінің фактілерімен салыстырғанда, дұрыс
түсінуге болады.
Мен студентпін – Я есть студент. Бұл сөйлемдердің сыртқы тұлғалық
белгілеріне қарасақ та, сөйлемге бас мүшелердің өзара байланысу амалдарына
қарасақ та елеулі айырмашылығы барлығы байқалады. Егер Мен студнтпін
дегенді Я – студент деп аударсақ, ондағы айырмашылық баяндауышқа қазақшада
жіктік жалғаудың жалғануында ғана емес, сол арқылы баяндауыштың
баяндауыштық мүшелік дербестігі сақталып, сөйлемдік құрылысының берік
болуында.
Қазақ тілінде зат есімді, сол сияқты басқа есімдерді түбір күйінде
баяндауыш қызметінде қолдану үшін, бастауыш пен баяндауыш белгілі орындарда
тұрады: баяндауыш бастауыштан кейін тұруы керек: Ол – студент, Рәбиға –
инженер, Абай – ақын, т.б. Бірақ ондайда қатар айтылған тұрлаулы мүшелерді
өзара байланыстырып, олардың мүшелік қызметін айқындауға себеп болатын –
дауыс ырғағы.
Зат есімдер түрлі тұлғада, тіпті кейбір септік жалғауларында тұрып та,
баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Ондай зат есімдерден болған
баяндауыштар бастауыштың негізінде, з а т т ы қ с а п а с ы н к і м, н е
е к е н і н білдіреді:
Түнергенде – түнмін, күлгенде – күнмін. Сөзім – шекер, тілім – бал,
лебізімнен алған нәр (Ғ.Мұстафин).
Зат есімдер көлемдік септіктерде, әсіресе жатыс, шығыс жалғауларында
бяндауыш қызметінде айтылады;
Вагонда ояу тірі жан жоқ, бәрі де шырт ұйқыда. Оның ұғымында дүниедегі
ең зор байлық суда (С.Мұқанов). Қой баласы қозыдан (Мақал). Бұл ауыл қазір
Ойқұдықта (М.Әуезов).
Жатыс жалғауда тұрған баяндауыш шығыс, барыс жалғаулардағыдан гөрі жиі
ұшырайды. Сонда жатыс жалғаудағы баяндауыш қай сөзден болғанына қарай
бастауыштың мекенін, орнын қалыпты күйін, қимылдың дүркінділігін білдіреді.
Тәуелді жалғаулы зат есімдер басқа жағдайда өзі ілік септікті заттың
меншігі болып тұратын болса, баяндауыш қызметінде ол екеуі не тәуелдеулі
сөздің бір өзі баяндауышты өзіне меншіктеп тұрады (Мысалы: Алматы –
астанам, Райхан – қарындасым). Ал бастауыш та, баяндауыш та тәуелдеулі
сөздер болса, ол екеуінің бұл айтылғандай мағыналық қатынасы болмайды.
Сапалық есімдер мен есімдіктердің бәрі де баяндауыш қызметінде жұмсала
береді. Бірақ олардың баяндауыш болу дәрежесі де, баяндауыштық қызметі де
бірдей емес.
Сапалық есімдер (сын есім, сан есім) әдетте зат есімдердің әр алуан
сындық, сандық сапасын білдіріп, көбінше анықтауыш болумен қатар,
баяндауыштық та қызметте көп айтылады. Олар анықтауыш болғанда, анықтайтын
зат есімнің алдында келсе, баяндауыш болғанда, бастауыштан соң тұрады, оның
қандай, қанша екенін, қандай күйде екенін білдіреді. Ай жарық; Қар қалың;
Ауа райы жақсы; Оқушылар тәртіпті. Білгенің –бір тоғыз, білмегенің –
тоқсан тоғыз.
Сапалық есім баяндауыштар бастауыштардан оқшауланып, айырым
интонациямен айтылады. Ондайда бастауыштардың айтылу әуені көтеріңкі болады
да, баяндауыштардың айтылу әуені одан төмен болады.
Сапалық есімдерден болған баяндауыштар І, ІІ жақтық жіктік жалғауларда
айтылғанда олар бастауыштан онша оқшауланбайды, мұндайда екі бас мүше бір
сыдырғы әуенмен айтылады:
Біз бақыттымыз. Сен әдептісің. Сіз еріншексіз. Біз жиырма төртпіз.
Сапалық есімдер тәуелдеулі зат есімнен бастауышы бар сөйлемдердің
баяндауышы болып жиі кездеседі:
Кіре берістегі әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа (Ғ.Мұстафин). Оның
бойы зор, бас бітімі ірі келген, келбетті (М.Әуезов).
Есімдіктер қай сөз табына қатысты сөздердің орнына жүрсе, сол сөзге
тән синтаксистік қызмет атқарады. Солай болатындықтан, есімдіктердің бәрі
де баяндауыш бола алады. Дегенмен бұл қызметте жіктеу, сілтеу, сұрау
есімдіктері жиі кездеседі:
 Бұл кім өзі? (Ғ.Мұстафин). – Ол сенсің ғой, Абай! Жидебайдағы
қыстаудың ең үлкен бөлмесі – осы (М.Әуезов).

ІІ ТАРАУ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДІ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жолдары және оны оқытуда кездесетін
қиындықтар

Тұрлаулы мүшелер бастауыштан бастап оқытылады. Бастауыш сөйлем мүшесі
ретінде ұғынуға оңай тәрізді, сөйлемнің ішінен де тез – ақ тауып алатын
сияқты сезіледі. Шын мәнінде сөйлеудегі жіберілетін логикалық қателер,
ұғымдағы түсініксіздік, жазудағы стильдік қателер мен тыныс белгілердің
дұрыс қойылмауы бастауышты анық айыра алмаудан туындап жатады. Оқушыларды
сөйлемнен бастауышты жалаң сыртқы белгісіне қарай, яғни кім? не?
сұрақтарына жауап беретіндігіне қарай ажыратып қоймай, ішкі белгісіне, яғни
не жайында сөйлесіп тұрғанына қарай алуға машықтандыру керек.
Мысалы, жеті атасын білмеген жетесіз. Мұнда жеті атасын білмеген адам
жайында сөз болып тұр. Осы сөйлемде былайша қате талдау кездесіп жатады:
бастауыш (кім?) - білмеген, баяндауыш (кім?) – жетім, толықтауыш (нені
білмеген?) – жеті атасын. Дұрыс емес, бұл жерде білмеген сөзі тек
көмекшілік қана қызмет атқарып, жеті атасын білмеген дейтін күрделі
бастауыштың құрамына еніп тұр. Ойдың иесі – жеті атасын білмегендік.
Мен, сен – екеуіміз барамыз деген тәрізді сөйлемде де бастауыш біреу
емес, үш сөз, (мен, сен, екеуіміз). Осындай мысалдарға да көбірек көңіл
бөлініп, бастауыштар дара, күрделі, үйірлі, бірыңғай бастауыштар
болатындығы ескерітіледі.
Бастауыш жайында түсінік бергенде, оның дара, күрделі, бірыңғай
түрлері бары ескеріледі. Ал оларды арнайы оқытқанда, оқушыларға бұлардың
әрқайсысының өзіндік ерекшелігін таныту мақсаты көзделеді. Оқушыларға
сөйлем мүшесі жайында білім берілгенде, қандай мүшенің дара, күрделі,
бірыңғай мүше деп аталатыны түсіндіріледі. Сондықтан да оқушыларға
бастауыштың дара, күрделі, бірыңғай түрерінің анықтамасын білу онша қиынға
соқпайды.
Ал, шын мәнінде, оқушылардың түсінуіне қиындау тиетін - күрделі
бастауыштың жасалу жолдары. Мұғалім күрделі бастауыштың жасалу жолдарын
оқушыларға саналы түсіндіру үшін таблицаны тақтаға іліп, әр сөйлемдегі
бастауыштың құрамын және олардың сөз таптарынан жасалғанын айтуды талап
еткен жөн:

Күрделі бастауыш Жасалу жолдары
Ертең канал қазу жұмысы басталады. Тәуелдік жалғаулы күрделі сөздер.
Үй – іші ұзақ жым – жырт болды. Ілік жалғаулы зат есім мен көмекші
есім.
Егіннің үштен екісі жиналды. Сан есім.
Дене шынықтыру денсаулық үшін өте Есім мен тұйық етістік.
пайдалы.
Менің айтып отырғаным – ақыл. Көсемше мен есімше.
Еңбек еткен ер атанады. Зат есім мен есімше
Білегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі мектепте тұрлаусыз мүшелерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Тұрлаулы мүшелерді оқыту.
Бастауыш сыныптардың 4-сыныбында синтаксистік материалдарды оқыту
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
12 жылдық білім беру бағдарламасы
Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүше
Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Пәндер