Зат есімдерді меңгертуде қазақтың салт-дәстүрлерінің алатын орны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3бет
І ТАРАУ ЗАТ ЕСІМ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ.ДӘСТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Зат есім туралы жалпы ерекшелігі мен лексико.грамматикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.11бет
1.2 Қазақ халқының әдет.ғұрпы мен салт.дәстүрлерінің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.17бет
ІІ ТАРАУ ЗАТ ЕСІМДЕРДІ МЕҢГЕРТУДЕ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ.ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Зат есімді өткендегі пайдаланылатын салт.дәстүрлер түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.21бет
2.2 Зат есім тақырыбын қазақтың салт.дәстүрлерімен байланыстыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.25бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 27бет

Тақырыптың өзектілігі:Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің ұлттық салт-дәстүрлермен байланыстыра отырудың алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Зат есімдң салт-дәстүрмен байланыстыра оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға зат есімнің қазақ салт-дәстүріне деген құрметінтанытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
1. Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік;
2. Ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылықтың артылуы;
Зат есім тақырыбындаұлттық салт-дәстүрге тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады.Әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.
Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқтымәселелер мақсат етіледі.
Зат есім тақырыбынұлттық салт-дәстүрге негіздеп оқыту принципі әдістеменің дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің ұлттық салт-дәстүрге оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі.
Мұғалім зат есімдіұлттық салт-дәстүрге негіздеп оқытуда оның мынадай екі жағына көңіл аударады:

1. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003ж.
2. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, «Қайнар» 1993ж.
3. Исаев С.М., Назарғалиев К., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі. 6-сынып, (оқулық) Алматы, «Атамұра» 2002ж.
4. Исаев С.М., Қасымова Г. Қазақ тілі. 7-сынып (оқулық), Алматы, «Атамұра» 2003ж.
5. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы, «Қазақ университеті» 1993ж.
6. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, «Рауан» 1992ж.
7. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының мәселелері. Алматы, 1996ж.
8. Қараев М.Ә. Қазақ тілі. Алматы, «Ана тілі» 1993ж.
9. Қойшыбаева А. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдістемесі. Алматы, «Рауан» 1996ж.
10. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Мектеп» 1988ж.
11. Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі (әдістемелік нұсқау) 6-сынып, Алматы, «Атамұра» 2002ж.
12. Исаев С., Қасымова Г., Назарғалиева К. Қазақ тілі (әдістемелік нұсқау) 7 сынып. Алматы, «Атамұра» 2003ж.
13. Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Ана тілі» 1991ж.
14. Исаев С.К., Назарғалиева К. Қазақ тілі. (әдістемелік нұсқау) 7-сынып, Алматы, «Рауан» 1995ж.
15. Білімдегі жаңалықтар. №4, 2004ж.
16. Қазақстан мектебі. №5, 2005ж.
17. Қазақстан мектебі. №3, 2005ж.
18. Қазақстан мектебі. №3, №4, 2004ж.
19. Қазақ тілі мен әдебиеті. №4, 2006ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3бет
І ТАРАУ ЗАТ ЕСІМ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Зат есім туралы жалпы ерекшелігі мен лексико-грамматикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-11бет
1.2 Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11- 17бет
ІІ ТАРАУ ЗАТ ЕСІМДЕРДІ МЕҢГЕРТУДЕ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Зат есімді өткендегі пайдаланылатын салт-дәстүрлер түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-21бет
2.2 Зат есім тақырыбын қазақтың салт-дәстүрлерімен байланыстыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-25бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...27бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің ұлттық салт-дәстүрлермен байланыстыра отырудың алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Зат есімдң салт-дәстүрмен байланыстыра оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға зат есімнің қазақ салт-дәстүріне деген құрметін танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
1. Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік;
2. Ұлттық салт-дәстүрге деген қызығушылықтың артылуы;
Зат есім тақырыбында ұлттық салт-дәстүрге тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады. Әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.
Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты мәселелер мақсат етіледі.
Зат есім тақырыбын ұлттық салт-дәстүрге негіздеп оқыту принципі әдістеменің дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің ұлттық салт-дәстүрге оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі.
Мұғалім зат есімді ұлттық салт-дәстүрге негіздеп оқытуда оның мынадай екі жағына көңіл аударады:
Бірінші, зат есім жіне қазақтың салт-дәстүрлері туралы жаңа тақырыпты бастамастан бұрын, оқушылардың бастауышта мектепте одан өткен материалдарын есіне түсіріп, соны 5-сынып көлемінде өтілетін материалды білгізуге жетек ете отырып түсіндіреді. Ол үшін бастауыш мектепте өтілетін зат есім түрленуінің бағдарламалық көлемін жақсы біліп, оны қандай жолдармен байланыстырудың тәсілдерін белгілеп қояды.Ондай тәсілдер әр түрлі болады:
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің негізгі ерекшеліктерін қамтитын сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылардың өздеріне жауап бергізіп, мысалдар келтіру жолымен қайталап барып, жаңа тақырыппен байланыстырады.
Кейбір мұғалімдер бастауышта өтілген зат есімнің грамматикалық категорияларының бағдарламалық көлемін қамтыған мәтіндерді талдатып айтқызып, соны салт-дәстүрі тақырыппен байланыстырады.
Екіншіден, мұғалім 5-сынып көлемінде оқылатын зат есімнің грамматикалық категорияларының ерекшеліктерін оқушыларға жүйелі және дәл түсіндіру үшін, тіліміздегі сөздердің құрамына, лексикалық мағынасына қарай алуан түрлі өзгеретіндігін байқатады.
Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады. Сондықтан да зат есімді меңгерту үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар түсіну үшін жағдай жасап қана қоймай, соған сәйкес балалардың жан-жақты дамуына әсер ететіндей болғаны жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тілі сабағында зат есімді оқытуда ұлттық салт-дәстүрлерді тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың ой-өрісін дамыту жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері: мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағында ұлттық ойындарды пайлануға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:
oo ұлттық салт-дәстүрлердің зат есімді оқытқанда қолданудың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
oo ұлттық салт-дәстүрлердің қазақ тілі сабағында оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
oo оқушыларға ұлттық ойындарды дұрыс қабылдай білуге үйрету;
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: зерттеу, жинақтау, жүйелеу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытуда, Зат есімді оқытқанда ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану әдістері тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептейміз.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Зат есім туралы жалпы ерекшелігі мен лексико-грамматикалық сипаты
Айналамызды қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен оқиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі - зат есімдер. Лексикалық тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына мағыналық дербестігі бар, заттық ұғымды білдіретін сөздер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (су, жылқы, айқай, тал, т.б.) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілеттерінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінетін түрлі абстракт ұғымның (наным, шама-шарық, тентектік, ырыс) аттарын да білдіреді.
Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды (А.Ысқақов) [1.258].
Лексикалық-семантикалық өрісі аса кең сөз таптарының бірі осы зат есімдер.
Зат есімнің жасалуы. Зат есім негізгі және туынды зат есімдер, күрделі зат есімдер болады. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой-шы, жақсы-лық, айт-ыс, т.б.
Күрделі зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы: өнеркәсіп, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, т.б.
Зат есім тудыратын жұрнақтар. Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердің көпшілігі қосымша арқылы жасалатын туынды сөздер болып табылады. Ондай жұрнақтар үлкен 2 топқа бөлініп жүр:
1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
-шы, -ші: ән-ші, аң-шы. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандық, бірдеңеге икемділікті білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лық, шебер-лік, дос-тық, т.б. Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық мән білдіреді. - шылық, -шілік құранды жұрнақтар: егін-шілік, айырма-шылық.
-ша, -ше: бөлім-ше, маңдай-ша.
-шық, -шік: ойын-шық, үй-шік, т.б.
-ыл, -іл, -л: тарс-ыл, гүр-іл, т.б. Бұл жұрнақтар көбінесе еліктеу сөздерге жалғанып, сол құбылыстардың атын білдіреді.
-хана, -стан, -кеш сияқты араб-парсы тілдерінен енген қосымшалар: дәрі-хана, Қазақ-стан, арба-кеш, т.б.
2) Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, мін-бе, кес-пе, т.б.
-ым, -ім, -м: бөл-ім, тый-ым, тоқта-м, т.б.
-қы, -кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы, сүз-гі, т.б.
-ыс, -іс, -с: жең-іс, айт-ыс, тала-с, т.б.
-ық, -ік, -қ, -к: қаз-ық, көр-ік, сұра-қ, тіле-к, т.б.
-ақ, -ек, -қ, -к: қон-ақ, тіре-к, жат-ақ, т.б.
-ғыш, -гіш, қыш, -кіш: бас-қыш, сүз-гіш, қыр-ғыш, т.б.
-ын, -ін: жау-ын, түй-ін, т.б.
-ыш, -іш, -ш: сүйен-іш, қуан-ыш, т.б.
-уыш, -уіш: тырна-уыш, түйре-уіш, т.б.
-ман, -мен: оқыр-ман, көрер-мен, т.б. [2,369].
Адамзат және ғаламзат есімдері. Тілдердің өзге жүйесінен, айталық, славян текті орыс тілінен түркі жүйелі тілдерді, соның ішінде қазақ тілінен ерекшелеп, даралап көрсетіп тұратын белгінің бірі- осы адамзат есімдері мен ғаламзат есімдеріне тән қасиеттер мен белгілер. Лексикалық мағына тек адамды, кісіні білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, ол, біз, сіз) предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімнің басқа түрлері болса, олар еш уақыт жіктеу есімдіктерінің бірінші, екінші жағымен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Солай болғандықтан да мағына жағынан адам деген жалпы ұғымның ішіне кіретін зат есімдерді 3 жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, зат есімнің қалған тобы І, ІІ жақта жіктелмей айтылады. Мысалға, ұстаз, көрші, адам, Арман деген секілді адамға қатысты зат есімдерді алатын болсақ, бұларды кез келген жіктеу есімдіктерімен қосып, мен ұстазбын, сен адамсың, ол көрші деген тәрізді ретпен І жақта да, ІІ жақта да, ІІІ жақта да айта беруге болады. Ал енді өзен, надандық, бұрылыс тәрізді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарға қатысты айтылатын зат есімдерге келсек, бұлардың жайы бір басқа. Мұндай зат есімдердің бірден-бірі өздерінің тура мағынасында жұмсалғанда, жіктік жалғауының І, ІІ жағын қабылдамайды.
Адам атулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндігіне байланысты және семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атаймыз. Ал, формальдық жағынан олар кім? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов).
Неше алуан нәрселер мен заттық ұғым атаулары тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нәрселердің атауларын түгел қамтитындықтан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне қарай ғаламзат есімдері деп атауға болады, Ал формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді (А.Ысқақов) [3,147].
Жалпы есімдер мен жалқы есімдер. Қазақ тіліндегі зат есімдер семантикалық сипаты жағынан жалпы есімдер және жалқы есімдер деп аталатын негізгі екі топқа бөлінеді. Жалпы есім деп бір-біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұмсалатын сөздерді атайды да, жалқы есім деп жеке адамдарға, дүниедегі жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздерді айтады.
Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер, әдетте, жалпы есімдер деп аталады (А.Ысқақов) [4,123].
Жеке я дара заттарға берілген белгі-ат ретінде ғана жұмсалатын зат есімдерді жалқы есімдер дейміз (А.Ысқақов) [5,148].
Жалпы есімдер мен жалқы есімдер арасындағы грамматикалық ерекшеліктер:
oo жалқы есімдер жекеше түрде айтылып, көптік жалғауын қабылдамайды;
oo Жалпы есімдер 2 бірдей тұлғада, әрі жекеше, әрі көпше түрде жұмсала береді.
Жалқы есімдерге көптік жалғауы мынадай түрде ғана жалғанады:
1. Армандар Астанадан келді. Абайлар заманы, т.б.
2. ағайынды Абдуллиндер, ерлі-зайыпты Әмірхановтар, т.б.
Көптік мәнді есімдер. Көптік жалғауы жалғанбаған сөздің ешбіреуі көптік мағынаны білдірмейді деген қорытынды жасауға болмайды. Жекеше тұлғада тұрған сөздің лексикалық мағынасына үңіліңкірей қарау - олардың бәрінің бірдей әркез жекешелік мәнді аңғарта берілмейтіндігін көрсетеді. Мысалы: Бұл жігіт- жігіттің төресі.
Затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп атаймыз (А.Ысқақов) [5,158].
Зат есімнің жекеше, көпше болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты болмай, сөздің ішкі лексикалық мағынасына байланысты болып келуін көптік мағына тудырудың лексикалық тәсілі дейді. Қазақ тілінде сөз тура мағынасында жұмсалғанда, көптік жалғаудың жалғануын қажет етпейтін біраз сөздер бар. Мұндай сөздердің бірқатары жалпылық мәнде жұмсалып, көптік, жекешелік мағынаға бейтарап болып келеді. Ондай сөздердің басты-басты лексикалық топтары төмендегіше:
1) Әлеуметтік кәсіп түрінің атауышы болып келетін сөздер. Мысалы: егіншілік, ақындық, т.б.
2) Жұрнақтар арқылы жасалатын мағына дерексіз зат есімдер де осы топқа кіреді: достық, сыйластық, жоқшылық.
3) Жұп нәрселердің атын білдіретін қолғап, етік, сырға, кебіс секілді сөздер.
4) Бір-бірімен жұптасып келетін егіз дене мүшелерінің атын білдіретін сөздердің кейбір контексте қолданылуында да ұқсастық бар. Мысалы: Аяғыңа етік ки. Көзі бақырайды.
5) Қимылдың, процестің, күй-жайдың атауышы болып келетін зат есімдер де көптік тұлғада жұмсала бермейді. Мысалы: күлкі, күйініш, реніш.
6) Ғылым салаларының аты да үнемі көптік жалғаусыз айтылады. Мысалы: физика, тарих, диалектология, т.б.
Көптік мағына тудырудың жоғарыда аталған амалдарының бірі - синтаксистік тәсіл. Көптік мағынаның сөз өз бойындағы морфологиялық, яки лексикалық белгілеріне байланысты болмай, оның басқа сөздермен синтаксистік қарым-қатынас арқылы көрінуі синтаксистік тәсіл деп аталады. Синтаксистік тәсіл арқылы пайда болатын көптік мағына бар есімдер:
1) Сан жағынан заттың біреу емес, бірнешеу екендігін білдіру үшін оның атауышы болып келетін сөздердің алдына септік сан есімдерді қойыпайту тәсілі. Мысалы: жүзге тарта адам, он шақты кітап, көп күн, аз кісі.
2) Есімдермен синтаксистік байланыста жиі айтылатын сөздердің бір парасы - біраз, бірқатар, бірталай, бірқыдыру, бірнеше, бірсыпыра тәрізді сөздер. Мысалы: біраз қой, бірталай жан, т.б.
3) Зат есімдер анықталушы сөз ретінде барлық, бар, бәрі, күллі, барша, һәмме секілді жалпылауыш есімдіктермен тіркесіп келгенде де көптік мағына білдіреді. Мысалы: барлық ұлт, барша мүлік, т.б.
4) Қос сөздер тұлғалы зат есімдер- а) мағына жағынан біріне-бірі жуық келетін 2 зет есімнің қосарлануы. Мысалы: ағайын-туған, құрал-сайман, т.б. б) мөлшер және бейнелеу мағынадағы зат есім түбірінің 2 дүркін қайталануы. Мысалы: үйір-үйір, қора-қора, т.б.
Көптік тұлға Көптік мағына
Көптік жалғауы арқылы - ағалар 2 бірдей грамматикалық мағына -
кітаптар, киімдер, т.б. жекеше, көпше. Мысалы:
он шақты бие, біраз қалам, т.б.
Реңдік және үстеулік мәнді зат есімдер. Заттың атауы ретінде жұмсалатын зат есімдер субстантты білдіретін сөздер. Ешқандай тұлғалық ен-таңбаның көмегінсіз-ақ олар сол түбір қалпында тұрып-ақ заттың атын білдіре алады.
Реңдік мәнді туынды зат есімдердің біразының пайда болуында есім сөздерге жалғанатын күрделі қосымша - -сымақ жұрнағының қызметі зор. Мысалы: батырсымақ, ақынсымақ, көлсымақ, т.б.
-сыз, -сіз, бей- : бейбақ, беймәлім, т.б.
Эмоция-экспрессия реңі бар есімдер. Зат есім құрамындағы эмоциялы-экспрессиялы сөздерді мынадай 2 топқа бөлуге болады:
1) Кісінің көңіл-күйінің кірбіңін танытатын сөздер: қайғы, ыза, намыс, зұлымдық, т.б.
2) Кісінің көтеріңкі көңіл-күйіне байланысты қолданылатын сөздер: қуаныш, күлкі, достық, құрмет.
Сол сияқты сыни реңі бар арамза, пәлекет, жексұрын, малғұн тәрізді кісінің біреуге деген кейістігін, наразылығын танытатын сөздер де І топтағы эмоция-экспрессия реңді есімдер қатарына жатады.
Тілімізде өзінен жасы кішілерге, жас балаларға мейірлене, ықыластан сөйлейтін кезде олардың атына - жан, -тай секілді морфологиялық элементтерді қосып айтатын дәстүр бар. Мысалы: Армантай, Маратжан, т.б.
-жан, -тай дегендердің бұлардан басқа үлкен кісілерге айтылатын аға, апа, көке, ата сияқты есімдерге қосылып, ізет, құрмет, кейде жалыныш мәнін білдіретін реттері көп: ағатай, атажан, апатай, т.б.
Қаратпа мәнінде қолданылатын сөздердің құрамы жиі ұшырайтын тәуелдіктің І жақ жекеше түріндегі қарағым, шырағым, айым, күнім, сонымен бірге - еке қосымшасымен келетін ағаеке, апеке, атеке дегендер де осы сияқты.
Есімдердің эмоциялы-экспрессиялы мәнінің айқындала, саралана түсуі олардың сөйлемде, контексте қалай қолданылуымен шарттас.
Көмекші есімдер. Көмекші есім дегеніміз- зат есімнің кеңістік ұғымын білдіретін бір тобы. Жеке алып қарастырғанда, олар морфологиялық тұрғыдан зат есімнің түрленуге бейімділігі бар дербес мағыналы сөздер. Көмекшілік қызметте жұмсалатын кезде бұл сөздер тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрып тәуелдеулі септіктің үлгісімен септеледі.
Көмекші есім де зат есім сияқты нақтылы 1 ұғымның аты, атауышы болатын сөздер. Зат есімдерден айырмашылығы мағына дерексіз болып келеді және семантикалық тұрғыдан алғанда нақтылы 1 ұғымды өзінен бұрын тұрған есім сөзге тіркесу арқылы, соның шылауында айтылу арқылы ғана көрсете алады.
1) Горизонталь бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: алды, арты, қасы, жаны, маңы, тұсы, шеті, жан-жағы, айналасы, төңірегі. Мысалы: Ахметтің алдына, үй артында, әкемнің қасына, қыстаудың жанында, т.б.
2) вертикаль бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: асты, үсті, беті, түбі. Мысалы: үстел үстіне, шаң астына, бергі беті, үйдің төбесі, арбаның түбі, т.б.
3) Көлемдік кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдер: іші, сырты, ортасы, арасы. Мысалы: бөлме ішіне, үй сыртында, ел арасында, т.б.
Ескерту (А.Ысқақов): І. Көмекші есім қайталанып та қолданылады, бірақ ондайда қайталану арқылы туған жаңа форма үстеу сөзге айналады да, дербес мүше болады. Мысалы: Зеңбірек снарядтары суға үсті-үстіне түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната бастады.
ІІ. Көмекші есімдердің кейбір лексикаланып та, идиомаланып та кеткен тіркестері кездеседі. Мысалы: Мал кешкі өрістен қайтар шақта, ат үсті жүрістер еленбейтін кезде аттанып кеткен [6,178].
Зат есімнің құрылымы. Морфологиялық құрамы жағынан қазақ тіліндегі зат есімдерді түбір сөзден, туынды сөзден, біріккен сөзден, қос сөзден, қысқарған сөзден, сондай-ақ күрделі құрылымнан тұратын зат есімдер деп бөлуге болады.
Түбір - сөздің морфологиялық тұрғыдан әрмен қарай бөлшектеуге келмейтін бөлшегі. Мысалы: естияр, есті, есуас, есалаң.
Туынды сөз - жұрнақтың түбірге жалғануы арқылы пайда болатын сөз. Мысалы: басшы, бастаңғы, бастық, басқарма.
Күрделі зат есімдерде тұтас 1 ұғымды білдіретін атау ең кем дегенде 2 сөзден тұрады, сырт белгілері жағынан мұндай күрделі есім сөздердің тіркесіне ұқсайды. Мысалы: шүрегей үйрек.
Зат есімнің түрлену жүйесі. Зат есімнің түрленімі дейтін түсінік оның жекеше, көпше түрде қолданылу, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында қолданылу жүйесін қамтиды.
Көптік жалғауы 6 түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, - тар, -тер сөзге үндестік заңы бойынша жалғанып, заттың көптігін білдіреді: оқушылар, үйлер, қыздар, т.б.
Көп, мол, бірнеше бірталай: көп адам, жиырма шақты оқушы, т.б.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншігі екенін білдіреді. Тәуелденген сөз 3 жақтың бірінде тәуелдене, меншіктеле айтылады. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Бір я бірнеше заттың 1 ғана адамға меншікті екенін білдіру- оңаша тәуелдеу, бір я бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру- ортақ тәуелдеу.
Септік жалғау зат есімге жалғанып, әртүрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар:
Атау септік: Кім? Не?
Ілік септік: Кімнің? Ненің?
Барыс септік: Кімге? Неге?
Табыс септік: Кімді? Нені?
Жатыс септік: Кімде? Неде?
Шығыс септік: Кімнен? Неден?
Көмектес септік: Кіммен? Немен?
Грамматикалық септіктер
(Атау, ілік, табыс)
Көлемдік септіктер
(Барыс, жатыс, шығыс, көмектес)
Тек заттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не оның объектісі (тура толықтауыш), не заттың меншіктік, қатыстық мәнін білдіреді.
Заттық мәннен яғни объективтік мәннен (толықтауыш) басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыныңқылық (пысықтауыш) мәнде де жұмсалады.
Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Әдетте І, ІІ жақтарда адамға байланысты зат есімдер жіктеледі де, ІІІ жақта кез келген зат есімдер бола береді [7,148].
Зат есімнің синтаксистік қызметі
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі оның қай септік жалғауында жұмсалуымен байланысты.
1) Бастауыш. Таулардан өзен ағар сарқыраған.
2) Баяндауыш - жіктеліп жұмсалады. Ақ басты Алатаудың Жамбылымын.
3) Анықтауыш - ілік септігі, түбір тұлғасында. Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді.
4) Толықтауыш - табыс септігі, барыс септігі, жатыс септігі, шығыс септігі, көмектес септігі. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
5) Пысықтауыш - барыс септігі, жатыс септігі, шығыс септігі, көмектес септігі, мезгіл, мақсат, мекен-бағыт, себеп шылаулармен тіркеседі. Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап.
Зат есімнің жасалу тәсілдері (А.Ысқақов)
1) Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тарылу, не ауысу арқылы туған зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады.
2) Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі 2 я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған зат есімдер жатады.
3) Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады. Мысалы: атшы, басшы, атшылық, басшылық, т.б. [8,156].
1.2 Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерінің классификациясы
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Киіз үйдің ішінде. Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет.
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады.
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін -- Қуыс үйден құр шығармайтын [9,147].
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын
Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.
Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай.
Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі -- асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы мен ынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік саналатын. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер салып алды.
Әрбір қазақ суға кетіп бара жатқан адамға жәрдем қолын созуға, қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге міндетті. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе іздеген. Дала тұрғыны өте-мөте мұқтаж, кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау қажеттігі туған жағдайда кез келген қазақтың жылқы қосынан ат ұстап мініп кете беруге құқықты болған. Бұл үшін ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлік беруден бас тартқан адамға ат-тон айып салынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасқан [10,157].
Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы. Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі жасы үлкеніне Ассаламағалейқұм! деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкен кісі оған Уағалайқұмассалам! деп жауап қатады. Тек содан кейін ғана егжей-тегжейлі аман-саулық сұрасады. Бұлай сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады.
Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық, кішіпейілділіктің бір көрінісі -- үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек -- Қазеке, Диқан -- Дәке, Бауыржан -- Бауке сияқты айтылады. Мұны XX ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек те байқаған: Қырғыздардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі -- жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін қосып айтуы.
Жас келіндер ер азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп атаған. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, жарқын, айнаш, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.
Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан.
Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ал ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын.
Алыс сапардан немесе жәрмеңкеден қайтып оралған адам өзінің жақын туыстары мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар - базарлық ала келетін. Ауыл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz