Сөйлем мен сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3бет
І ТАРАУ СӨЗ ТІРКЕСІ МЕН СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Синтаксистік құрылысының даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ...4.7бет
1.2 Сөз тіркесінің даму тарихы мен зерттелу мұрасы ... ... ... ... ...7.17бет
ІІ ТАРАУ СӨЙЛЕМ МЕН СӨЗ ТІРКЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС.ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Сөз тіркестерін оқытудың тиімділіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.25бет
2.2 Сөйлемдерді оқытудың тиімді әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ..25.27бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 29бет

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақыт сұранысына орай күн тәртібінде тұрған мәселе – ғылымдар мен пәндердің тоғысуы нәтижесінде оқушыға ең қажет те пайдалы білім беру. Білім мен тәрбие беру жүйесінде оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп - тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын, жан-дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеуде қазақ тілінің маңызы ерекше.
Тіл-адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші. Тіл арқылы оймызды басқа адамға жеткіземіз. Тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне ісер етіп, оның қажеттілігі мен маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасын, қызығушылығын қалыптастырамыз. Тіл дамыту әрекетінің барлық сатысында қарым-қатынас жасау, пікір алысу болу керек.
Еліміз егемендік алып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғалы қазақ тілін үйрену, үйрету ісі өзекті мәселеге айналды.
Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол (оқушы) мектептен көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім керек», - деп тегін айтпаған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкір жанына нұр құя алады. Сабақты тиімді жұмыс түрлерінің жан-жақты орындалуы, ойластырылуы мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Мемлекеттік тілдің беделін түсірмеу – біздің қазақ тілі мамандарымыздың басты міндеті.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіліндегі сөйлемдер және сөз тіркестерді оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу;
2. Сөйлем мен сөз тіркестердің түрлерін, жіктелу тармақтарын анықтау.
3. Сөйлем мен сөз тіркестерді мектепте оқыту ерекшеліктерін сипаттау;
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.

1, А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы – қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері. -Алматы: Ана тілі, 1992. 154-300бет.
2. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғалым: 1999. 152- 390 бет.
3. С.Аманжолов. Қазақ әдеби жөніндегі синтаксисінің қысқаша курсы. -Алматы: Санат, 1994. 163-173бет.
4. Н.Сауранбаев. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясы, 1954. 410-503бет.
5. Т.Қордабаев. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі. -Алматы: Санат. 1995. 6-8бет.
6. Қазақ грамматикасы, 2002. 664-676бет.
7. М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. -Астана: Ер-Дәулет, 2007. 20-205бет.
8. Ж.А.Жақыпов. Сөйлеу синтаксисінің сипаттары. -Қарағанды, «ҚарМУ» баспасы, 1998. 60-91бет.
9. Р.С.Әміров.Жай сөйлем синтаксисі. -Алматы: Мектеп, 1983.82-95бет.
10. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы: Мектеп, 1965. 24-207бет.
11. Х.Арғынов. Қазақ тілі методикасының синтаксисі негіздері. -Алматы: 1969. 197-206бет.
12. И.Ұйықбаев. Қазақ тілі методикасының очерктері. -Алматы: Мектеп, 1969. 4-14бет.
13. Б. Құлмағамбетованың . Қазақ тілін оқыту методикасы. -Мектеп, 1988. 36-38бет.
14. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. –Астана: Елорда,- 2002.
15. Жалаң мен жайылма сөйлем.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы.-2007. №9. 30-31бет.
16. Жалаң мен жайылма сөйлем. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. -2006. №9. 11-15бет.
17. Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Ж.Дәулетбекова.–Алматы: Атамұра.- 2002ж. 18-19бет.
18. Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР МЖБС 2.3.4.01-2010
19. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жопары. – Астана: Елорда, 2002. 30-31бет.
20. Жай сөйлемді ізгілендіру технологиясы арқылы оқыту әдістемесі (8 сынып). Автореферат. Алматы: -2006. 16-20бет.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3бе т
І ТАРАУ СӨЗ ТІРКЕСІ МЕН СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Синтаксистік құрылысының даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .4-7бет
1.2 Сөз тіркесінің даму тарихы мен зерттелу мұрасы ... ... ... ... ...7-17бет
ІІ ТАРАУ СӨЙЛЕМ МЕН СӨЗ ТІРКЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Сөз тіркестерін оқытудың тиімділіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 18-25бет
2.2 Сөйлемдерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... .25-27бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...29бет
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақыт сұранысына орай күн тәртібінде тұрған мәселе - ғылымдар мен пәндердің тоғысуы нәтижесінде оқушыға ең қажет те пайдалы білім беру. Білім мен тәрбие беру жүйесінде оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп - тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын, жан-дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеуде қазақ тілінің маңызы ерекше.
Тіл-адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші. Тіл арқылы оймызды басқа адамға жеткіземіз. Тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне ісер етіп, оның қажеттілігі мен маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасын, қызығушылығын қалыптастырамыз. Тіл дамыту әрекетінің барлық сатысында қарым-қатынас жасау, пікір алысу болу керек.
Еліміз егемендік алып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғалы қазақ тілін үйрену, үйрету ісі өзекті мәселеге айналды.
Ахмет Байтұрсынұлы Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол (оқушы) мектептен көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім керек, - деп тегін айтпаған. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкір жанына нұр құя алады. Сабақты тиімді жұмыс түрлерінің жан-жақты орындалуы, ойластырылуы мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Мемлекеттік тілдің беделін түсірмеу - біздің қазақ тілі мамандарымыздың басты міндеті.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тіліндегі сөйлемдер және сөз тіркестерді оқыту ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу;
2. Сөйлем мен сөз тіркестердің түрлерін, жіктелу тармақтарын анықтау.
3. Сөйлем мен сөз тіркестерді мектепте оқыту ерекшеліктерін сипаттау;
Зерттеу әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер сөйлем мен сөз тіркесі түрлерін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; білім берудегі инновациялық технологиялар мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре, білім беру нәтижесі оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушының бойындағы өмірге қажетті іскерліктер мен дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Синтаксистік құрылысының даму ерекшеліктері
Синтаксис - (грекше syntaxis) - грамматиканың, морфология сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өз ара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының граматикалық мағыналары мен тұлғаларын зертейді; синтаксис сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді:
1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өз ара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да синтаксистен байланысын үзбейді.
Сөз тіркесі - сөйлем құраудың материалы да, сөйлем - кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде өзара байланысты бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық - синтаксистік категория ретінде тексереді.
Сөйтіп, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық сыр-сипатын зертейтін ілім синтаксис болады.
Сөйлемнің синтаксисі екі бөлініп қарастырылады: жай сөйлемнің синтаксисі; құрмалас сөйлемнің синтаксисі.
Синтаксистік байланыс тәсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы. Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек -- сөздердің байланысу формалары. Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады, етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы, шылаусыз болуы мүмкін).
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері туралы да ғалымдардың пікірлері әр түрлі. М.Балақаев сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсілдерге септік, тәуелдік, көптік, жіктік жалғауларын және шылауларды (септеуліктер, жалғаулықтар) сөздердің орын тәртібі мен интонацияны жатқызады да, сөздердің қосымшалар арқылы байланысуын синтетикалық тәсіл, ал қосымшаларсыз орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық тәсіл деп қарайды.
Р.Әміров синтетикалық тәсілге септік, жіктік, көптік жалғауларын, шылаулар (жалғаулық, септеулік), сөздердің орын тәртібі мен интонацияны аналитикалық тәсілге жатқызады.
О.С.Ахманова, Т.Сайрамбаевтар сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін синтетикалық, аналитикалық, аналитика-синтетикалық деп үшке бөледі.
Ал Қазіргі қазақ тілі оқулығының авторлары көптік және жіктік жалғауларының сөз тіркесінің байланысу тәсілдері қатарына ене алмайтындығын айтады. Олар: ...көптік жалғаулары әр уақытта сөз бен сөзді байланыстыра алмайды, тек өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейді. Қазақ тілінде көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғауымен қабаттасып келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады. Ал жіктік жалғаулары арқылы жасалған сөз тіркестері сөйлемнің қаңқасын құрайды, себебі жіктік жалғауы арқылы байланысқан сөздер көбінесе бастауыш және баяндауыштан тұрады, бір-бірімен қиыса байланысады. Сондықтан қиыса байланысқан сөз тіркестері сөйлемнің аясында қаралуы керек [1,125],- деп нақты атап көрсетеді . Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз.
Ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формаларына қиысу, матасу, қабысу, меңгеру, жанасуды жатқызады. М.Балақаев жанасуды қабысудың бір түрі ретінде береді.
Тіл ғылымында қиысуды сөз тіркесі аясында қару керек пе, не сөйлем ретінде қарастыру керек пе деген сұрақ төңірегінде айтыс-тартыс көп. Бір ғалымдар оны сөйлем аясында қарастырған жөн десе, енді біреулері оны сөз тіркесі аясында қарастыру керек деген тұжырымдар айтуда.
Мәселен, профессор С.Исаев - қиысу сөз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай сөз тіркесі жоқ, яғни қиысу сөз тіркесінің шеңберіне енбейді, сөйлем деп анықталады. Қиысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Қиыса байланысқан сөздер тобы сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, коммуникативтік қызмет атқарады [2,147] , - дейд. Бұған басқа да ғалымдар қосылады.
Матасудың екі мүшесі де қосымша арқылы жасалады. Матаса байланысқан сөз тіркесінің басқа байланысу формаларынан бір ерекшелігі - мұнда сөз тіркесінің екі мүшесі бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындығы, екеуі де септік жалғауында тұрғандығы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатындығы, екі жақты байланыста болатындығы. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бірінші мүшесіне септік жалғаулары жалғану арқылы жасалады.
Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқару үшін өз ара берік байланыста болулары керек. Мысалы: мен, жазба, ермек дегендер - бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына енгенде Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін..., (Абай) дегендей синтаксистік байланысқа еніп, өзара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда мен деген сөз жазбаймын деген сөзбен жіктік жалғауы арқылы байланысып, бір тіркес болса, өлеңді деген сөз табыс жалғауы арқылы жазбаймын деген сөзбен байланысып, екінші тіркес болады, ермек үшін деген сөздер жазбаймын деген сөзбен байланысып, үшінші тіркес жасалады.
Сөздер, осылай өз ара тіркесіп барып бір тұтас сөйлем болғанда, олар әр алуан синтаксистік тәсілдер арқылы байланысады. Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсілдер, негізінде мыналар: 1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік). Мысалы: Жастардың міндеті деген сөз тіркесіндегі екі сөздің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғауда айтылу арқылы байланысқан. 2. Шылаулар (демеулер, жалғаулықтар). Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан. 3. Сөздердің орын тәртібі: биік тау, темір күрек, хат жаз, білім ал деген сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы байланысқан. 4. Интонация. Бұл - кітап, Жақып - бригадир - интонация арқылы байланысқан.
Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы - синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады. Ал сөздердің әрі қосымша, әрі шылау арқылы байланысуы аналитика-синтетикалық байланыс деп аталады. Үйге қарай жүгірді.
Сонымен сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз.
Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары мыналар: қиысу; матасу; меңгеру; қабысу; жанасу.
Қиысу - синтаксистік байланыстың көп қолданылатын бір түрі. Қиысуда сөйлемдегі бағыныңқы мүше (баяндауыш) басыңқы мүшенің (бастауыштың) грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғаланады. Мысалы, Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай) деген сөйлемде мен көрдім - қиыса байланысқан сөздер. Онда мендеген бастауыштың I жақтың грамматикалық мағынасымен үйлесіп, көрдімдеген баяндауышта та бірінші жақтық жіктік жалғауда айтылған
Матасу - сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің басыңқыға және басыңқының бағыныңқыға қарай тұлғаланып байланысуы. Бірімен - бірі қарама - қарсы, матаса байланысатын сөздердің бірі ілік жалғауда, екіншісі тәуелдік жалғауда айтылады. Мысалы: ағаштың бұтағы, сенің кітабың, колхозшылардың табысы.
Меңгеру - сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқы мен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып байланысуы; меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да, меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Осыған қарап меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті меңгеру (терезені ашты, жайлауға шықты, түнімен жүрді), есімді меңгеру (қойдан жуас, оқуға ықыласты, қалада көп), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, сөзін мақұл көрдік, маған күлкі емес).
Қабысу - сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды. Мысалы: қызыл алма, алтын сағат.
Жанасу - бірқатар қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап та тұрады. Ондай алшақ байланыс жанасуға жатады. Мысалы: Отан үшін күресемін, оқу үшін келдім.
1.2 Сөз тіркесінің даму тарихы мен зерттелу мұрасы
1950 жылдарға дейін қазақ тіл білімінде сөз тіркесі мәселесі жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлем синтаксисі аясында қарастырылғаны болмаса өз алдына зерттеу нысаны болған емес.
1967 жылы шыққан Қазақ тілінің грамматикасында сөз тіркесіне мынадай анықтама берілген: ...синтаксистің басты, арнаулы объектісі екеу: бірі - сөз тіркесі, екіншісі - сөйлем... екі сөзді тіркестіріп жаңа сөз жасау үшін емес және де бір сөздің грамматикалық мағынасын дәлдеу, толықтыру үшін емес, қосымша, жаңа грамматикалық мағына тудыру үшін тіркескен сөздер тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі [3,158] Т.Қордабаев: Қазақ тіл білімінің тарихына шолу жасау екі кезңге бөлініп құралады: бірінші кезеңі - арғы ғасырлардан бастап 1917 жылға дейінгі, екіншісі - Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейінгі кезең, [4,58] - деп көрсетеді.
Ғалымның көрсеткен бірінші кезеңінде сөз тіркесі синтаксисі туралы айтылған ой-толғамдар, тұжырымдар кездеспейді. Синтаксис мәселелерінің кең көлемде зерттелуі 20-жылдардан басталады. Бұл кезеңдерде жарық көрген мақалалар мен оқулықтарда көбінесе жай сөйлем мен құрмалас сөйлемге қатысты нәрселер айтылған.
Орта мектепке арналған Қ.Жұбановтың авторлығымен 1936 жылы жарық көрген оқулықта ғалым жай сөйлемдерді мағынасы мен құрылысына қарай жіктейді. 1939 жылы шыққан С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың Қазақ тілінің грамматикасы оқулықтарында атаулы сөйлем туралы айтылып, сөздер тіркесі жөніндегі пікірлер де осы жылдардан бастап сөз бола бастады.
1940 жылдары Мәулен Балақаев жай сөйлем синтаксисімен терең айналысып, Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғалым тілдік материалдарға сүйене отырып, сөйлем мүшелерінің байланысы ретінде қарастырылап келген сөз тіркесін терең де жан-жақты зерттеп, оны синтаксистің негізгі нысандарының бірі ретінде көрсетті. Ол кезде сөйлемнің өзін сөз тіркесінің бір түрі деген пікірлер де бар болатын. Орыс тіл білімінің өкілі М.Петерсон синтаксистің негізгі нысаны сөз тіркесі, ал сөйлем сөз тіркестерінің бір түрі деп есептеген. Қазақ тіл білімінде бұл пікірді М.Балақаев қолдады. Қазақ тілі материалдарының негізінде арнайы еңбек жазған Мәулен Балақаев зерттеулерінде сөз тіркесі мәселесі кеңінен қарастырылып, онда сөз тіркесінің құрылысы, өзіне тән белгілері, ерекшеліктері, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары және олардың тіркесу қабілеттері ашып көрсетілді. Сөз тіркесіне толық мәнді ереже шығарып, осы ережеге сүйене отырып, оның негізгі қағидаларын ашып көрсетеді.
Сөз тіркесі синтаксисі М.Серғалиев, Ә.Аблақов, Т.Сайрамбаев, С.Исаев, Р.Әміров, Г.Жаркешова т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болды.
М.Серғалиев сөз тіркестерінің синонимиясын қарастырды. Сөз тіркестерінің синонимикасында басыңқы сыңарларды бір түбірлі болу керектігін ескерсек және бағыныңқы сыңар қызметіндегі сөздер де бір түбірлі болып, соңғыларының тұлғалары әр түрлі болатындығына көз жеткізсек, синонимдік қатар жасаушы сөз тіркестерінің мазмұн-мағынасы жақын болатындығы өзінен-өзі түсінікті [6,69],- деп атап көрсетіп, объектілік және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің синонимдігін мысалдар арқылы дәлелдеп береді.
Сөз тіркесі туралы құнды пікірлер, ой-тұжырымдар жасап жүрген Талғат Сайрамбаев өз еңбегінде күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолына жан-жақты тоқталады. Ғалым күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарының ара жігін ашып көрсетеді. Сөз тіркестерін құрауда сөз таптары басты элемент, бірақ сөз тіркестерінің түрлерін ажыратуда олардың да арақатынасы бірдей емес. Сөз тіркестерін құрауда зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер затқа қатысты өрбісе, үстеу, еліктеуіш сөз, көсемше, сын есім, сан есім т.б. сөздер қимылға қатысты, яғни солармен тіркесуге қабілетті болып келеді. Бұдан қай сөз табының қай сөз табына қатысты екені айқындалады. Жалпы алғанда сөз тіркестерінің әрбір сыңары арқылы жеке сөз табын, оның морфологиялық өзгерісін, құрылымдық жүйесін, тіркесу қабілетін дербес мағынасы бар сөз бен дербес мағынасы жоқ сөздің рөлін т.б. айқындауға мүмкіншілік туады. Мұның өзі морфология мен синтаксистің тығыз байланыстылығын көрсетеді [7,147],- деп, сөз тіркесі синтаксисінің морфологиямен өзара байланысын жіктеп көрсетеді.
Сөз тіркестерін диахрондық және синхрондық тұрғыдан зерттеп, әсіресе, меңгеру байланысын жан-жақты қарастырған - профессор Ә.Әбілақов. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің меңгеріле байланысқан етістікті тіркестерден өзіндік ерекшелігі барлығын, етістіктердің сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет ететінін, ал есімдердің ондайды қажет етпейтінін мысалдар арқылы дәлелдеп береді. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің меңгеріле байланысқан есімді тіркестерден бұрын пайда болғандығын көне ескерткіштер тіліне сүйене отырып дәлелдейді.
Сөз тіркесі синтаксисі туралы жинақталып, теориясы бір ізге түсіріліп, соңғы жаңалықтарды сараптап, сұрыптап берген еңбек - Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағмановтың авторлығымен 1997 жылы жарық көрген Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі атты тарихи-салыстырмалы негізде жазылған оқу құралы. Бұл оқу құралында ғалымдар сөз тіркесінің табиғатын ашып көрсетіп, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары жөнінде соны пікірлер айтады. Сөз тіркесі синтаксисі төңірегінде болып жүрген әр түрлі көзқарастар мен пікірлерді талдап, тіл фактілері негізінде дәлелдеп, саралайды. ...сөз тіркестері номинативтеніп, лексикалық бірліктер құрамына енуі де мүмкін, не болмаса предикативтеніп, аяқталған ойды білдірудің құралына айналуы мүмкін. Осылардың бәрі адамдар арасындағы қатынасты жақсарту мақсатымен және ойды барынша түсінікті, әсерлі жеткізу үшін тілдік мүмкіншілікті сарқа пайдалану қажеттігінен туындайды [8,12],- деп, сөз тіркестерінің дамуындағы басты тенденцияларды сұрыптап көрсетеді.
Сөз тіркесін зерттеген ғалымдардың бәрінің де сөз тіркесіне берген анықтамалары бір жерден шығып жатады да, ал оның байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларға келгенде пікір қайшылықтары кездесіп отырады. Бұл сөз тіркесі синтаксисінің кейінірек зерттелуіне және аталған тіркестердің үнемі даму үстінде болатындығынан болар.
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын - сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Ал сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі, кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондай-ақ тіркескен сөз топтары да әр түрлі ыңғайда қарастырылады.
Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика - грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойдың айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз. Сондықтан Ас - адамның арқауы дегендей, сөз - ой құраудың арқауы. Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздің өмірі сөйлемде болады. Ол үшін сөздер өз ара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өз ара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр алуан болады. Мысалы, екі, кейде одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады (ақ қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөз тіркесіп синтаксистік тізбек жасалады (қарлы тау, желсіз түн, жыл сайын көріну, саған бола келу).
Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер сөз тіркесі деген категорияға жатпайды. Лексика - грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне- брі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі. Өз ара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынадай белгілеріне қарау керек:
1) сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
2) ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
3) тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Сөйтіп, синтаксистік қарым - қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесіне байланысты мәселені оқыту үшін, ең алдымен, сөз тіркесінің табиғатын, өзіндік мәнін ашып алу қажеттігі бірінші орында тұрады. Осындай қажеттілікті шешу үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан атап айтқанда, сөйлемнен, атаулы сөйлемнен, атау мәнді тіркестерден, фразеологиялық тіркестерден, түйдекті тіркестерден, сондай-ақ, күрделі сөздерден бөліп алып, өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету қажет болса, екіншіден, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формаларын тілдік материалдардың негізінде айқындап алу керек.
Сөз тіркесі және номинативті тіркестер.Сөз тіркесі де сөйлем сияқты синтаксистік единица екендігіне ешкім талас туғызбайды, бірақ сөз тіркесі мен сөйлемнің арасында қандай айырмашылық бар деген сұрақ әлі де шешімін таба қойған жоқ. Бұл мәселе - тек түркі тіл білімінде ғана емес, тіпті орыс тіл білімінің өзінде де талас туғызып жүрген жайттардың бірі.
В.В.Бабайцева, В.В.Виноградов, А.С.Смирницкий, К.Аханов, Н.А.Баскаков сөз тіркесіне номинативті қасиет тән десе, Ю.В.Фоменко, А.Моисеев, М.Балақаев сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады.
В.В Виноградов: Сөйлем құрамына ғана және сөйлем арқылы сөз тіркестері коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті құралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының қатарына ене алады [9,78] - дейді.
К.Аханов бұл пікірді қуаттайды. Сөз тіркестері номинативті сипатқа бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдік грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады [10,41].
Біздің ойымызша, екі номинативті мәнге ие сөздердің тіркесуінен үшінші бір номинативті сөз алайық, ақылды қыз. Осы екеуінің тіркесінен үшінші бір номинативті мән пайда болып тұрған жоқ, жаңа грамматикалық мағына жасалып тұр. Ол - анықтауыштық қатынас.
М.Балақаев номинативтілік қасиет туралы өз еңбегінде анық көрсеткен. Ол сөз тіркесінің бәріне номинативтілік мән тән емес екендігін, тек олардың жұмсалуы орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті деп тануға болатындары бар деп, оған сөз тіркесі құрылысында пайда болған терминдік тұрақты атауларды (социалистік жарыс, қант қызылшасы, темір жол т.б.) жатқызады. Сол сияқты газет, журнал, кеңсе атауларын да да номинативті тіркестердің қатарында қарастырады.
Ғалым, профессор С.Исаев мұндай тіркестерді атаулық тіркестер деп атауды ұсынады. Тіл білімінде тіркес атаулы екі үлкен топқа бөлініп қарастырылатынын (еркін сөз тіркестері және фразеологиялық тіркестер немесе идиомалық тірекестер) айта келіп, осы екі топтан да айырмашылығы бар тіркестерге тоқталады. Олардың бір-бірінен айырмашылығын мысалдар арқылы салыстыра отырып дәлелдейді де, ...атаулық тіркестердің басыңқы немесе тіркес құрауға ұйтқы болған діңгек сөзі көрініп тұрады... Беретін мағынасы, негізінен, заттың я құбылыстың атауы болғандықтан, оларды атаулық тіркестер деп бөліп отырамыз,- дей келіп, ашық хат, аяқ киім, кәмелеттік аттестат, балалар бақшасы т.б. тәрізді тіркестерді атаулық тіркестердің қатарына жатқызады да, ... қазақ тіліндегі атаулық тіркестер жаңа сөз жасаудың да бір көрінісі болып есептелсе керек [11,161],- деп тұжырымдайды.
Сонымен, номинативті тіркестер немесе атаулық тіркестер - еркін тіркестер мен біріккен, кіріккен, сондай-ақ, күрделі сөздер аралығындағы, яғни белгілі бір атауға көшіп бара жатқан тіркестер. Мұндай тіркестерді тұрақталған атаулар деп те айтуға болады. Мысалы: Алматы қаласы, Арал теңізі, опера және балет театры т.б. Бұдан шығатын қорытынды - сөз тіркесіне номинативті қасиет тән емес, ол күрделі сөздерге тән қасиет.
Сөз тіркесі және сөйлем. Жалпы сөз тіркесі мен сөйлемнің арасында қандай айырмашылық бар, ол неден байқалады деген сұрақ - әлі де болса толық шешімін таба қоймаған мәселе.
Белгілі түркітанушы Н.К.Дмитриевтің сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану туралы айтқан пікірлері де тіл білімінде біраз талас тудырды. Әсіресе бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер табының бәрін сөз тіркесіне жатқызу, байымдауды (суждение) сөйлемнің сөз тіркесінен ажыратушы меже деп тануы біраз дәлелдеуді қажет етеді.
Байымдауды сөйлемді сөз тіркесінен ажыратушы меже деп тану туралы көзқарастар Н.А.Баскаков еңбектерінде де кездеседі. Ғалымның сонымен бірге аталған екі синтаксистік категорияны (сөз тіркесі мен сөйлем) ажыратуда басыңқы сыңардың грамматикалық формасын меже етіп алу керектігі туралы пікірі де бар. Автордың пікірінше, атқа мінді десек - сөйлем, ал, атқа мініп, атқа мінген десек - сөз тіркесі, дәлірек айтсақ, сөз тіркесі болу үшін оның басыңқы сыңары есімше, көсемше тұлғаларынан жасалуы керек.
Қазіргі қазақ тіл білімінде предикаттық емес (бастауыш-баяндауыштық) қатынаста тұрған тіркестерідің барлығы бірдей сөз тіркесі бола алмайтындығы, байымдаудың грамматикаға емес, логика ғылымына тән екендігі туралы пікірлер орныққан.
Сөз тіркесін жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі - Е.И.Убрятова якут тілі синтаксисіне қатысты еңбегінде сөз тіркесінің негізгі түрлерін синтаксистік байланысқа негіздей қарастырады. Ғалымның сөз тіркесін предикативті, предикативті емес деп қарастыруы және т.б. пікірлері, бір жағынан, сөз тіркесін грамматикалық тұрғыдан зерделеуінен туған болса, екінші жағынан, өзіндік қыр-сыры мол тіркес табиғатын тануда сол кезде үстемдік алған көзқарастардың ықпалынан екені айқын сезіледі. Ғалым ұсынған таптастыруды тек синтаксистік тіркестерге қатысты емес, жалпы бір-бірімен грамматикалық байланысқа түскен сөздер тобына қатысты алсақ дұрыс болар еді. Сөйтіп, тіліміздегі тіркеске түсуші сөздердің арасындағы синтаксистік қатынастарды предикативті және предикативті емес деп топтастырсақ, бастауыш пен баяндауыштың қатынасы - сөйлем предикативті қатынасқа, ал сөз тіркесіне тән анықтауыштық, толықтауыштық пысықтауыштық қатынастар предикативті емес қатынасқа негіз болатынын аңғару қиын емес.
Сөйлем, оның ішінде жай сөйлем мен сөз тіркесі өзара ұқсас, бірақ олардың елеулі айырмашылықтары бар. Сөйлем сөз тіркесінен коммуникативті қызметі жағынан ажыратылады. Мынадай мысалдар келтірейік: 1 Марат келді. 2ауылдан келді, қаламмен жазды. Біріншісі - сөйлем, екіншісі - сөз тіркесі.
Сөйлемнің өзіне тән құрылымдық үлгісі болады. Ол - бастауыш, баяндауыштық құрылым. Сөйлемге мұнан басқа мынадай белгілер тән: коммуникативтілік, предикативтілік, интонация, модальділік. Сонымен, сөйлем сөз тіркесінен коммуникативтілік қызметімен, предикативтілік қасиетімен, интонациялық, модальділік белгілермен ажыратылады. Ал мұндай ерекшеліктер сөз тіркесінде болмайды.
Сөз тіркесін өзге құбылыстардан ажыратуға негіз болатын бірнеше белгілер бар, соның ішінде ең негізгісі - бағыныңқы, басыңқылық қасиет. Осы тұрғыдан предикативтілік қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің қатарына жатқызамыз ба деген сұраққа тіл мамандары осы уақытқа дейін әр түрлі жауап беріп келеді. Бұл жайында О.С.Ахманова былай дейді: Байланыстың негізгі үш түрі - атрибутивті, комплективті және предикативті түрлерінің ішінен біріншісі әрқашан да сөз тіркесін тудырады; байланыстың екінші түрі өздерінің тығыз байланысты формаларында ғана сөз тіркесін туғызады, үшіншісі оны (сөз тіркесін) ешқашан да тудыра алмайды [12,143].
Мұндай пікірді жақтаушылар предикативті қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің қатарында қарамай, предикативті конструкция немесе предикативті тізбек деп есептеп, бұларды сөз тіркесінің синтаксисі емес, сөйлемнің синтаксисі деп тану керек дейді.
М.Балақаев мұндай көзқарасты құптамайды: Сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне қарап, сөз тіркестерін де өзіндік қасиеттеріне қарап танып, мысалы жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау керек [13,485], - дейді.
К.Аханов жоғарыда сөз болған белгілі түркітанушылардың көзқарасына сүйенген Балақаевтың пікірін теріске шығара келіп былай дейді: ...бір ғана құбылысты (атқа мінді) әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау сөйлем мен сөз тіркесінің жігін ажыратпауға, оларды бір-бірімен араластырып жіберуге әкеп соғады [14,189].
Біздің ойымызша, атқа мінді деген - сөйлем емес, сөз тіркесі. Өйткені мұнда сөйлемге тән бастауыш, баяндауыштық құрылымдық үлгі, предикативтілік, модальділік, интонациялық қасиет жоқ, меңгерудің бағыныңқы байланысына тән тәуелді септік тұлғасы бар.
Ал жоғарыдағы жазық дала тіркесі тек сөйлем ішінде ғана сөз тіркесі болады да, жеке тұрған кезде атаулы сөйлем болады. Мәселен, жазық дала типтес егіс даласы дегенді алалық. Егіс даласы. Жайқалған алқап көз тартады. Комбайндар егіс даласында сап түзеп барады деп алсақ, осындағы бірінші сөйлемдегі егіс даласы атаулы сөйлем, ал екіншісі - сөз тіркесі. Себебі, атаулы сөйлемдердің мазмұны осы шақтағы болмысты, құбылысты білдірумен байланысты болады. Атаулы сөйлем көбінесе мезгілді, айналамыздағы табиғат құбылыстарын, заттардың сол заттық бейнелі қалпын айтуға арналады. Ал сөз тіркесі сөйлемнен тыс қолданылмайды, ол тек сөйлем ішінде танылады.
Кез келген сөздер тіркесі атаулы сөйлем бола алмайды. Атаулы сөйлем болу үшін оның айтатын ойға қатысы болу керек. Өзінен кейін келетін атаулы емес сөйлеммен мезгілдес, сабақтас болуы шарт. Сондықтан газет-журналдың, мекеменің маңдайшасына жазылған атаулар атаулы сөйлем бола алмайды. Мұндай тіркестерді кейінгі кезде ғалымдар атаулық тіркестер деп атап жүргенін айтып кеттік.
Сөз тіркесі және фразеологиялық тіркестер. Сол сияқтя фразеологиялық тіркестер де еркін сөз тіркесінің қатарында жатпайды, өйткені фразеологиялық тіркестер грамматикалық мағынаны емес, басқа бір лексикалық мағынаны білдіреді, орны жағынан тұрақты, бір ғана сұраққа жауап береді, өзге тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді.
Еркін сөз тіркесі құрамындағы сөздер бірігіп келсе, басқа бір лексикалық мағынаны емес, грамматикалық мағынаны, яғни анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынасты білдіреді.
Сөз тірксінің әрбір сыңарларының арасындағы байланыс анағұрлым еркіндеу болады. Бірақ бұл еркіндіктің де шегі болады. Ал фразеологиялық тіркестің сыңарларының арасындағы байланыс бекем болады. Еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде жасалса, фразеологиялық тіркестер бұрыннан даяр тұрған қалпында қолданылады.
Сол сияқты фразеологиялық единицалардың бір қатарының негізі еркін сөз тіркестеріне келіп тіреледі, басқаша айтқанда, еркін тіркестер көптеген тұрақты тіркестердің жасалуына ұйтқы болады. Мұны көптеген тұрақты тіркестердің еркін сөз тіркестері модельдері негізінде жасалғандығы, әрі ондай құбылыстың осы уақытқа дейін сақталғандығы қуаттайды. Салыстырып көрелік: етпетінен жату - етпетінен түсу, зат көру -қол көру (ойын), жіп жалғау - жүрек жалғау т.б. Осылардың алдыңғылары - еркін сөз тіркестері де, соңғылары - тұрақты тіркестер, яғни тұрақты тіркестер, яғни тұрақты тіркестер еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалып тұр.
Күрделі сөздер тәрізді тұрақты сөз тіркестері де сөйлеу кезінде жасалмай, бұрыннан даяр тұрған қалпында сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына келіп енеді.
Тұрақты тіркестердің бір ерекшелігі - олардың тұтасымен бір ғана лексикалық мағынаны білдіретіндігі. Ал еркін сөз тіркестерінің әрбір сыңарлары дербес мағынаға ие.
Тұрақты тіркестердің тағы бір ерекшелігі - құрамындағы сөздердің орны жағынан тұрақты болып келуі. Сондықтан да тіркес сыңарларын басқа бір сөздермен ауыстыруға болмайды, ауыстырған жағдайда олар тұрақты тіркес болудан қалады. Ал еркін сөз тіркестерінің сыңарларын орны жағынан ауыстыруға болады, одан грамматикалық мағынаға нұқсан келмейді, мәселен, ақ қағаз тіркесін, сары қағаз, қара қағаз, жасыл қағаз т.б. деп алмастыра беруге болады, өйткені бұл тіркестерідің барлығы анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр. Бірақ кез келген сөзбен ауыстыра беруге болмайды, бұл жерде ескеретін бір жайт - тіркес негізге алынады. Сонымен бірге лексикалық тұрғыдан да байланыс қажет.
Синтаксистік сөз тіркесі болу үшін мағына дербестігі міндетті болса, ал фразеологиялық тіркес үшін мұның қажеті жоқ, өйткені тұрақты тіркес құрамындағы сөздер лексикалық мағынасы жағынан не солғындап, не айырылып, сол тобымен өзге бір лексикалық мағынаны білдіретіндей болып қалыптасқан. Тұрақты тіркестер тұтас қалпымен сөз тіркесінің бір сыңарының қызметін атқармаса, өзі дербес тұрып сөз тіркесі бола алмайды.
Сөз тіркесі және күрделі сөздер. Еркін сөз тіркестерінің сыңарлары белгілі бір сапаны, іс-әрекетті, белгіні, түрді, түсті білдіреді. Егер сөз тіркестерінің сыңарларының бірі сапаны немесе іс-әрекетті білдіру қасиетінен айырылып, лексикаланып, мағыналық тұрғыдан өзгеріске түссе, мұндай тіркестер сөз тіркестері болудан қалып, фразеологиялық тіркестердің немесе күрделі сөздердің қатарына қарай көшеді. Демек, бұл тіркестердің түпкі тегі - еркін сөз тіркестері. мысалға бозторғай, қараторғай деген сөздерді алайық. Бұлар тарихи тұрғыдан алғанда, еркін сөз тіркестері болған да, тілдің дамуы барысында лексикаланып, белгілі бір заттың атауына көшкен. Бірақ бозторғай сөзін боз кілем тіркесімен шатастыруға болмайды, боз кілем тіркесіндегі боз сөзі заттың түрін, түсін білдіру мәнінде жұмсалып, өзінің лексикалық мағынасын сақтап, соған орай кілем сөзін анықтап, анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр. Сондықтан да боз кілем тіркесінің құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап береді, сөйлемнің белгілі бір мүшесінің қызметін атқарады, ретіне қарай тіркес құрамындағы сөздердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz