Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3 бет

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТІЛ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ДАМУ ТАРИХЫ

1. 1 Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілін дамыта оқытудың әдістемелік негіздері . . . 4-13 бет

1. 2 Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілін дамыта оқытудың әдістері мен амалдарының жүйесі . . . 13-18 бет

ІІ ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

2. 1 Тіл дамытудың негізгі мақсаты мен мазмұны . . . 19-26 бет

2. 2 Қазақ тілі сабағында тіл дамытуды грамматикамен байланыстыра оқытудың әдіс-тәсілдері . . . 26-28 бет

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30 бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тіл дамыту - оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізіге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда тіл дамыту - қазақ тілі оқушының қарым-қатынас құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрету мақсатымен толық сай келеді. Орыс тілінде оқытатын мектептерде оқушының қазақ тілін дамыту ұғымына қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру яғни қазақ тілінде сөйлеуге үйрету жатады; қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқушыда қалыптастыру, қаақша сауатты жазу дағдысын меңгерту де осы ұғымға кіреді; сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де тіл дамыту ұғымына жатады. Сөйтіп, тіл дамыту- мағынасы, көлемі кең ұғым.

Адам ойын ауызша, не жазбаша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушы тілін дамыту екі бағытта жүргіземін: ауызша мен жазбаша. Жалпы алғанда тілді оқытуда бұл екі бағыт қатар байланыста жүргізіледі. Бірақ қазақ тілін оқутыдуң ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ болады. Сөйлеу тілі кейінірек жазба тілді дамытуға негіз болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: қазақ тіліндегі тіл дамытудың қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты тіл дамыту жұмыстардың мақсат-мазмұынымен таныстыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. Ғылыми сын-зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.

2. Қазақ тіліндегі тіл дамыту әдістемесіне үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне шолу;

3. Мектепте тіл дамыту әдістемесінің даму тарихының негізгі факторларын айқындау.

Курстық жұмыстың әдістері: теориялық әдістер, баяндау, салыстыру, жүйелеу, талдау, сараптау, қорыту, бақылау және тәжірибеден өткізу.

Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Егер қазақ тілін оқыту әдістемесінің оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізіледі.

Курстық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТІЛ ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ДАМУ ТАРИХЫ

1. 1 Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілін дамыта оқытудың әдістемелік негіздері

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты.

Ұлы ұстаз қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсетіп, әдістеме ғылымының негізін салды, артына мол қалдырды. Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, ағартушы-ұстаз А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол - қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді. Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды. «Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т. б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің барлығы А. Байтұрсыновтікі. Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары - фонетика - дыбыс туралы ғылым, морфология - сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.

А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым, оныңеңбектеріқазақ тілі әдістемесін дамытудағы зор маңызы. Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу- ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі - Телжан Шонанов. Т. Шонанов - қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, 6 тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты [4, 147] .

Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі - Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты. 1920-1930 жылдар арасында қазақ өнері мен білімінің негізін салған абзал азаматтардың бірі - Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол - қазақ тіл білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор. Қ. Жұбановтың еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек қана 1966 жылы «Қазақ тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық көрді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым - Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш. Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» атты еңбегін жазып [5, 25], натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [6, 159] .

Ш. Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым кандидаты болды. Ғалым орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін салумен қатар, осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді. өз еңбегінде ғалым тілші сан әдісті қолданып, оқу материалдарын оқушының сапалы, жүйелі, тиянақты түрде меңгеруіне жол ашты. Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. С. Жиенбаев бірнеше оқулықтар мен әдістемелік кітаптардың авторы. 1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға арналған бағдарламалар да шығарылды. Ол жөнінде әдіскер-ғалым К. Жақсылықова нақтылы дерек береді: «Выявлено, что первые программы и разработки уроков по казахскому языку были составлены в 1930 годы видными учеными-языковедами С. Аманжоловым, Ш. Сарыбаевым, Т. Шонановым, и многими другими».

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар да жазыла бастады. Бұл ретте де алғаш ой-пікір білдірген ғалымдар - Ш. Сарыбаев, С. Жиенбаев. Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Т. Шонанов болды. Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т. Шонанов, Ш. Сарыбаев, С. Жиенбеав т. б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші-ғалымдардың бірі - М. С. Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан «Очерки по методике казахского языка в русской школе» деген еңбегінде жарық көрді [7, 158] .

Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т. с. с. бөлімдерді қамтиды. М. С. Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі. 1987 жылы Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы үкімет қаулысы қабылданып, 1990 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін қазақ тілін оқытуға көзқарас өзгере бастады. Қазақ тілін үйренуге көңіл бөлініп, бұл мәселенің зерттелуі, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазу қолға алынды. Оқу орындарының барлығында қазақ тілін оқыту мәселесі де қолға алынды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқулықтарды, оқу құралдарын, тілашарлар мен сөздіктерді, бағдарламалар шығару сексенінші жылдардың аяғынан бастап қоғамдық саяси сипатқа ие болды. Қазақ тілін дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады. Сонымен қатар қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған бірнеше бағдарламалар жарияланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор Н. Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тіліні үйрену курсының программасы» болып табылады [8, 154] .

Н. Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулық жарық көрді [9, 258] .

Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген Н. Оралбаева, К. Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен қатар мұнда тілдік материалды ғылыми принцип негізінде таңдау және сұрыптауда:

1) сөздердің қолдану жиілігі;

2) сөздердің жеңіл-қиындығы;

3) сөздердің синонимдік қасиеті;

4) сөздердің тақырып қажеттігіне сәйкестігі:

5) екі тілге ортақ сөздерді санатқа кіргізбеу;

6) сөздердің сөзжасамдық қабілеті;

7) сөздің тілдің дыбыстық ерекшелігін қамтуы;

8) сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі;

9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша практикалық және лабораториялық сабақтарды жүйелі топтастырудың алғашқы баспалдағы ретінде Т. Әбдікәрімова, Т. Әбдіғалиева, К. Шаймерденовалардың авторлығымен шыққан «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбегін атауға болады [10, 35] .

Практикалық және лабораториялық жұмыстар, сабақты ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-практикалық жағынан жан-жақты талданып көрсетілген еңбек оқытушыларға әдістемелік жағынан көмек беретін тұшымды жұмыс болып табылады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік ортаға байланысты тілді үйренушілердің өзі - бастауыш топ, жалғастырушы топ болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық - Ш. Бектұров пен А. Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы [11, 254] .

1998 жылы Т. Аяпованың «Қазақ тілі» деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі бойынша бойынша оқулық АҚШ-та басылған «70 қадам арқылы қазақ тілін үйреніңіз» атты оқулықтың жалғасы болып саналады. Кешенді оқулықтың мақсаты - «бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету» [12, 256] .

Сонымен, өз алдына дербес ғылым болып табылатын қазақ тілін оқыту әдістемесі - педагогика ғылымының бір саласы. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:

1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?) ;

2) мазмұны (нені оқыту керек?) ;

3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?) ;

4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?) ;

5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді.

Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т. с. с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Сатылай оқыту технологиясы
ЭТИМОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жоғары оқу орындарының экология бөлім студенттеріне қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі
Қазақ тіліндегі сөз мағынасының даму ерекшеліктері
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Сөздің лексика-семантикалық тобын дамыта оқу оқыту технологиясының дидактикалық тұғыры
Абай поэзиясының тілі
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz